Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 »Тарих
Viewing all 132 articles
Browse latest View live

Дала заңы

$
0
0

Дала заңы

TБүгін

Дала перзенті болу бар да, сол дала перзентінің атына кір түсірмей, өткенінен өнеге түйіп, бүгінінен берекет тауып, келешегіне кемелдік жасау қамына бел шеше кірісу бар. Бағзы бабаларымыз, міне, осы шешімнен, осы бағдардан таймай өткені хатқа түсірмесе де, жадыға сіңіріп далалықтардың «Конституциясын» – Ата Заңдарына әйдіктеді. Ұлан- байтақ мекеннің қай түкпіріне барсаңыз да қазыналы қариялары әдіптеп қалдырған ізгі де өнегелі өмір тәжірибелеріне кәріқұлақ уақыттың сыбызғысының сыңсыған үніндей нәзік иірімдер арқылы жолығасыз.

Ия, қазақ тарихы – қатталмаған, шотталмаған тарих. Әйткенмен, ұлттың рухы, ұлттың құпия жады бәрін есте сақтаған. Қазақ заң шығармаған. Бірақ, заң шығарғандардан, қағазға түсіргендерден де артық, әділетті, ізгілікті кесім айта білген.

Оның сыры – әуелден қанға дарыған қадірлі қасиет, сөзге деген құрмет, айтқанында тұру, уәдесінен, сертінен таймау сынды бірегей байламдарда. Қазақ заңы – ар заңы. Қазақ заңы – жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, әлдіге зорлатпаған, әлсізін қорлатпаған Дала заңы. «Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы» болатыны сондықтан.

Әр халық өзіне заң жасаған. Бірақ әр заңның да өзіндік соқпағы бар. Біреу заңды билік үшін жасаса, біреу заңды бірлік үшін жасаған. Қазақ заңы бірліктің негізгі баламасы. «Малымды алсаң ал Құдай, бірлігімді алма» деп әр таңына шүкірлік айтатын жұрттың негізгі түйіндемесі де осыған сайған.

Ата Заңы, Ата Жолы, Ата Сөзі, Ата Кесімі, Ата Өсиеті. Осы ұғымдардың қай-қайсысын тарқатсаңыз да бір-бір қаттамалы құжатқа пара-пар ізгілік иірімдеріне кезігетініңіз шүбәсіз. Қазақ малдан безсе де, жаннан безсе де, ардан безбеген. Ата Заңын таптаған емес. Ата жолын аттаған емес. Ата сөзін тастаған емес. Ата кесімін өзгерткен емес. Ата өсиетін бұра тартып, орындаусыз қалдырған емес. Себебі, Атаны құрметтеу – тұтас халықтың сан ғасырлық сүзгіден өткен рухани тұғырнамасын, түп қазығын, ұйытқысын құрметтеу, соған ізет көрсету. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», мұның бәрі – Дала заңдарының алтын зерделі жаһұттары. Темір қазығы. Сол темір қазық – бізді өкпекті ғасырлардың қойнауларынан осы күнге жеткізген.

Сол темір қазық – айсыз түндерде иенде қалған жанның адаспағанындай, түнек заманалардан аман алып өткен. Егер сол атаның қорытқан заңдарын баланың бұлжытпай орындауы болмаған да, баланың озық ойын даналық деп қабылдар қариялар болмағанда, дала демократиясы да болмас еді. Дала демократиясы! Осы сөзді айтқанда әлдебір сырттағылардың миықтарынан мысқылдай күлетіні де кездеседі. Шындығында, би-шешендердің кесім айтуы, кесім айтқанда кесіп айтуы, екі жақтың да куәгері мен ақтаушысын, ойы мен ісін талдай отырып шешім шығаруы – біздің даланың демократиялық үдерістерге ертеден орын бергендігінің көрінісі. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ!» деген кесімді сөзді біздің халықтың ақиқи әділетке шынайы жақындығының белгісі демей көріңіз! Бұл өлшем – қай халықтың пәруәрдігер ғұламасына айтсаңыз да, шексіз иландыра алатын өлшем.

Сол үшін де Дала заңдары – ізгілік пен мейірімділіктің, адамгершілік пен сүйіспеншіліктің жиынтығы. Сол үшін де Дала заңы – жұпар ауамен тыныстаған Кеңістікте ен жайлаған, рухани тұрғыдан бірегей кемелдікке ұмтылған халықтың, тағдыры арқылы тағлымын, тағлымы арқылы тағдырын белгілеген елдің саяси тұрақтылығын ғана емес, рухани тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын нығайтқан пәлсафалық тұжырым.

Ұлт руханиятының тарихында елге билік айтып, қара қылды қақ жара білген, асқан көрегендігімен, дала философиясының негізін қалауымен қалған билер мен шешендер жетерлік. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы биден» бастап, кесімін Шыңғыс хан да тыңдаған, Ақтамберді жырау «Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда» деп емірене еске алған би Кетбұға, Аяз би Жаманұлы, Мөңке би, Едіге би, Бәйдібек би, Жиренше шешен, Шоған би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің дені қазақ тарихында аттары айрықша құрметпен аталатыны да сол билік жүйесінің әділдігінің негізгі жемісі. Тіпті қазақ билерінің есімі мен кесімін тізер болсаңыз атан белі қайысар томдықтарға жүк болары даусыз. Олардың әр сөзінің астарында мың қатпар тылсым құпиялар мен салмақ жататыны сол үшін.

Кейде… Кейде осындай ұлы халықтың тарихи заңдарын оқып отырып, біртүрлі тіксіне қарайтын да кезіміз жоқ емес. Себеп? Ия, түсінікті… Дала заңы – қаншалықты әділетті, мейірімді болса, қаталдығы да соншалықты. Даласына түрме тұрғызбаған жұрттың заңы да қатал болмайынша, мамыражай күн жоқ екенін түсінгендіктен де, жер дауы мен жесір дауының алдын алуға ұмтылғандықтан да, уыздай ұйыған елдің береке-тынысын қашыратын келешектік кесапат бұзақылықтардан, ел іргесін ірітетін іріңді жаралардан сақтану үшін де, айдарлысын құл, бұрымдысын күң етпеуді көксегендіктен де, жетімін жетесіз өсірмеуді ойлағандықтан да, олар Дала заңын – Ар заңына айналдырған. Ал, Ар заңы – керек жерінде иненің жасуынан да майда, кей жерде найзаның жүзінен де өткір болмақ керек.

Ертеде қазақ сахарасын аралаған өзге елдің саяхатшылары есігін бекітпей иен-тегін қалдырып, малына қарауыл қоймай – далаға тапсырып, шегарасына күзет қоймай – көршісіне сеніп, суыт келген жаттардан суық тартпай – құдайы қонақ деп сыйлап, алдына барын салатын, жұртты көріп: «Бұл бір иманы шалқыған, берекесі берекетіне айналған жұрт екен» деп тамсанған деседі. Иманды жұрттың заңы да имани принциптермен тәпсірленгенін дала оғландарының сан ғасырлық өмір тәжірибесінен білу оңай…

«Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі», «кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады» – бұл кесімдердің арғы өзегінде ұлтымыздың тұтас болмысы, ғасырлық ой қорытындысы жатқандай… Дала заңының қасиеті де сонда…

Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ


Таңжарық:

$
0
0

“Белгілі алты Алашқа жазған хатым”

 

 

2013 жылдың 24 мамыр күні сағат 10.00-16.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» рухани-мәдени даму иниституты мен «Жас азамат» жастар ұйымының ұйытқы болуымен Таңжарық Жолдыұлының дүниеге келгеніне 110 жыл толуына орай «Алаш идеясы және Таңжарық Жолдыұлы мұрасы» атты халқаралық ғылми тажірибелік конференция және ақын шығармашылығынан «Белгілі алты алашқа жазған хатым» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
Таңжарық – халқына лирика, толғау, мысал өлеңдер, дастан, қисса, айтыс өлеңдерден тұратын отыз мың жолдай мұра қалдырған ақын, ағартушы, сазгер. Халқын теңдікке, азаттықа жекізу үшін жан аямай күрескен қоғам қайраткері. Сонымен бірге Қытай қазақтарындағы тұңғыш баспасөз саналатын «Іле өзені» газетінің шығарушысы һәм «Шұға» пьесасын сахналаған алғашқы театр ұйымдастырушысы. Жазушы Қалдарбек Найманбаевтың сөзімен айтқанда «Абайдың, Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандардың Қытайдағы қазақ бауырлар арасынан көктеген рухани жалғасы, салалы бұтағы. Қытайдағы қазақтардың жазба әдебеитінің негізін қаласып, көш бастаған аймүйіз серкесі».
1903 жылы Іле алқабындағы Күнес топырағында дүниеге келген ол алғашқы білімді ауылындағы шығыс мәдениеті мен ислам құндылықтарының білгірі және қазақтың ескі әдебиет үлгілеріне жетік Мыңбай молдадан алады. Таңжарықтың азаматтық көзқарасының қалыптасуына бүкіл Қытай қазақтарына беделді Сасан ауылына үзбей келіп тұрған «Қазақ», «Айқап» басылымдарын оқып ержетуі де үлкен ықпал жасады. Жолдыұлының араб, парсы мәдениетімен қоса қытай тілі мен әдебиетін де меңгеріп, білім көкжиегінің кеңейе түсуіне «Күре шуетаңы» аталатын сол тұста Іледегі ең іргелі жоғары оқу орнында тәлім алуы да айтарлықтай әсерін тигізді. Ат жалын тартып мінген ол 1923 жылы Қазақстан топырағына табан тірейді. Мұнда орыс-қазақ мектебінде білім алып, елдің жағдайымен танысады. Осы сапарында Қарқара өңірінің Қойдым атты әйгілі ақын қызымен айтысып, қазақ ауыз әдебиетіндегі айтыстың тамаша үлгілерінің бірін жасады.
Ілім-білімге сусындап қайтқан ол Қытай қазақтарындағы кенже қалған мәдени-ағарту ісіне белсене кіріседі. Газет шығарып, театр ісін жолға қояды. Мектептер ашылуына ұйтқы болып, оқытушылық ісіне де жігерін жұмсайды. «Қазақ-қырғыз мәдени ағарту ұйышмасының» белді ұйымдастырушыларының бірі болған Таңжарық Қытай асқан Алашорда қайраткерлері Райымжан Мәрсеков, Ыбырайым Жайнақовтармен тізе қосып, Қытай отаршылдығына қарсы құпия күрестер жүргізді. Алаш идеясын ел жүрегіне терең ұялатуға қайрат-күшін сарп етті. Елшілдік, ұлтшылдық күрескерлігінен сескенген отаршыл Қытай үкіметі 1940 жылы оны екінші мәрте тұтқынға алады. Ақын түрмедегі жан төзгісіз қорлық пен жүйкесін шабақтаған құқайға сағын сындырмай, рухы тасқындаған мәңгі өлмес туындыларының басым бөлігін түрмеде жазды. 44 жыл өмір сүрген Таңжарық Жолдыұлы Шығыс Түркістан Ұлттық үкіметі мен Қытай билігі арасындағы 11 тармақты келісімге сай түрмеден босап шыққанымен, жарты жылға жетер-жетпес өмір сүріп, 1947 жылы дүниеден озды.
Іс-шараның мақсаты алашорда қайраткерлерінен ұрпаққа аманат болып жеткен ұлтшылдық, елшілдік өнегенің жарқын үлгісі Таңжарық Жолдыұлының рухани мұраларын зерттеп, саяи күрескерлігін жас ұрпақ зердесіне ұялату.
Конференция мен әдеби сазды кешке белгілі алаштанушы, таңжарықтанушы ғалымдар, мәдениет-қоғам қайраткерлері, шетелдегі, еліміздегі ресми ұйым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ, зиялы қауым мен студент жастар қатысады. Конференция қортындысы бойынша арнайы қарар қабылданып, оқылған баяндамалар мен ұсынылған материялдар негізінде жинақ құрастырылады деп жоспарланып отыр.
Жинаққа Таңжарықтану мәселелері бойынша зерттеулер мен мақалалар, өлеңдер қабылданады. Шығармалар мен ұсыныс пікірлеріңізді төмендегі көрсетілген електронды адреске жолдауларыңызға болады.
Таnjarikalash@gmail.com

Тарихи жадыны сақтап қалу

$
0
0

«Тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы»

6-Маусым, 2013   Елбасы және ел мұраты   91 рет оқылды   1 пікір
«Тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы»«Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұл­дыр. Жер шарында мән-мағына мен құн­дылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақ­тап қалудың жалғыз жолы». Иә, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің бұл тұжырымымен келіспеуге болмас. Расында тарих – өркениеттің, мәдениеттің, руханияттың, діннің өлшемі екені даусыз.
Осы орайда Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Оған ҚР Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, жоғары лауазымды билік өкілдері, тарихшылар, танымал журналистер мен ғалымдар, жазушылар, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынның негізгі баяндамасын Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жасады.

– Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегия­сы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді. Кеңінен қамтып айтсақ, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр, – деп бас­тады сөзін ­Марат Мұханбетқазыұлы. Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиіс. Сосын жаһанданып, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға, ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. «Мәселенің бұлайша қойылуы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде шоғырландырады» деді Мемлекеттік хатшы бұл орайда. Одан әрі сөзінде еліміздің бас идеологы уақыт тарих ғылымының алдына мүлдем жаңа талаптар қойып отырғанын айқын көріп, ұғынуға тиіс екендігімізді атады. Сөз арасында Мемлекеттік хатшы Елбасы тапсырмасы бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасы жасалатынын атап өтті. «Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» деп түйді сөзін бұл ретте ол. Сондықтан еліміздің ұлттық тарихының біртұтас бейнесі қалыптасуы керек. Мемлекеттік хатшының пайымынша, қазіргі күні мемлекетіміздің қалыптасқан белесінде біз өз тарихымызды осы заманғы ғылымның биігінен пайымдауға және ұлттық тарихтың бөлінбейтін бейнесін қалыптастыруға тиіспіз. Кеңес барысында Мемлекеттік хатшының өкінішпен атаған мәселесі, ол талай мыңжылдықтарға созылған қазақ этносының қалыптасуы үдерісінің жет­кілікті деңгейде зерттелмеуі.

«Тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы»

Оның айтуынша, ға­лымдарымыз әлі күнге дейін көне түркілік Деш­ті Қыпшақ даласындағы ертедегі мемлекеттік құ­рылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия то­понимикасының тарихы сияқты көптеген аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіс­намалық тұрғыдан қарастырмаған. Мемлекеттік хатшының атағанындай, біз тарихтың нақты тетіктерін дәлме-дәл түсінуге тиіспіз.

Екіншіден, өткен күнге объективті қарауы­мыз қажет. Жиын ба­рысында М.Тәжин ұлт­тық тарихқа қатысты таяу болашақтағы ба­сымдықтарды бағамдап берді. Атап айтқанда, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделі мен Мемлекет басшысының ұлттық тарихтың жаңа белесіндегі рөлі ғылыми тұрғыдан байсалды пайымдауды қажет етеді. Пәнаралық зерттеулерді жүзеге асыруда сілкініс жасау қажет. М.Тәжин сондай-ақ бұған дейін ұлттық тарихта шешілмей келген ауқымы жағынан аса үлкен міндеттерді де жеке-жеке нақтылады. Сосын Елбасы қызметінің бірқатар қырларына ғылыми талдаулар жасалуы қажеттігін сөз етті. Елдің даму Стратегиясын ондаған жылдарға алдын ала айқындап және оған болжам жасап қана қоймай, сол жоспарды іске асыра білу – бұл стратегиялық пайымдай алатын саясаткерге тән қасиет. Бұл Мемлекет басшысының алғашқы қыры. Мемлекеттік хатшы маңыз берген Елбасының екінші қыры – айқындылық. Бұл ретте М.Тәжин көшбасшылардың барлығы дерлік мұндай қасиетке ие емес екенін, олардың көпшілігі оны сайлауалды науқан кезінде берілетін жалаң уәделермен шатастыратынын атап өтті. Үшінші қыры ретінде басқарудың инновациялық стилі сөз болды. Бұл орайда Қазақстан Президентінің күш-жігерді инновациялық дамуға, технологиялық үдеріске бағыттап келе жатқанын атады. Ал соңғы төртінші қыры, интеллектуалдық ауқым. АӨІСШК-тен Әлемдік діндер форумына дейінгі, ЕҚЫҰ саммитінен «ЭКСПО-2017»-ге дейінгі, елорданы көшіруден «2030» және «2050» Стратегияларына дейінгі ішкі және сыртқы сипаттағы барлық ірі жобалардың негізінде нақ Елбасының интеллектуалдық күш-қуаты жатыр. Осы деректер, идеялар, оқиғалар жүйелі әрі объективті бағаға ие болуы тиіс. Бірақ бұл әдеттегі кезекті баяндауды емес, байыпты ғылыми талдауды қажет етеді және бұл біздің тарихшыларымыздың алдында тұрған міндеттің маңызды бөлігі болмақ.
Бұдан кейін мінберге Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған шықты. Ол өз сөзінде, еліміз тәуелсіздігін алған­нан бергі жылдардағы тарих ғылымындағы жетістіктерді сөз ете отырып, егемендік жылдарында Елбасының араласуымен «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы», «Мә­дени мұра», «Ғылыми қатынас» сияқты мем­лекеттік бағдарламалардың өмірге келгенін атады. Алғашқы сындарлы он жыл мен кейінгі бей­бітшілік жылдары халқымыздың жаңаша тарихы ғылыми айналысқа енгенін тілге тиек етті. Б.Аяған Мемлекеттік хатшы алдына бірқатар ұсы­ныстар айтты. «Атақты ойшылдардың пайым­дауынша, бұл дүниедегі ең бір қиын нәрсенің бірі адамның санасын өзгерту болған. Бұл ұлттық сананы жаңғыртуға қоғам болып атсалысуымыз керек деген сөз. Тарихшылар қауымы, өнер адамдары және архив қызметкерлерімен бірігіп мемлекеттік маңызы бар кешенді жұмыстарды қолға алсақ, алынбайтын асу жоқ. Сол кезде тарих оқулықтарының мазмұны мен пішіні өздігінен өзгереді» деді ол. Алматы мен Астана қала­ларындағы Қазақ мемлекеттілігін ай­қындайтын тарихи ескерткіштерге хроноло­гия­лық жағынан келіп, Алматыдағы Тәуелсіздік монументі мен Астанадағы Керей мен Жәнібек хандар ескерткіштерін сабақтастыратын Алтын Орда заманынан бірде-бір ескерткіш жоқ екенін атады. Бұдан кейін мінберде Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері Александр Гаркавецтер баяндама жасады.
Алқалы кеңес соңында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жиынды қорытындылап, еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен тарихшылар қауымына нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы тарихты оқытудың осы заманғы және шын мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандартын жасау керек. Ол стандарт осы заманғы зерттеу тәсілдері мен оқыту әдістеріне негізделуге тиіс.
Біріншіден, Ұлттық тарих қоғамдық ғылым­дардың арасында орталық буынға айналуға керек.
Екіншіден, сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығу қажет. Ол тұжырымдама бүкіләлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс.
Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлінуі тиіс.
Төртіншіден, орталықазиялық номадтық өркениетті зерттеу маңызды. Себебі қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Бұл ретте, қазақ этносының архео­логиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауға тапсырма берілді.
Бесіншіден, тарих бойынша сапалы оқулықтар даярлау мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сондықтан Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлуге тиіспіз.
Біз тарихи артефактілердің (бұл қазіргі заман тарихына да қатысты) барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеуге, сондай-ақ ол тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарауға тиіспіз. Ал егер ондай мүмкіндік болмаса, олардың көшірмесін жасатып, болашақта зерттеушілер мен жалпы жұртшылық үшін қолжетімді етуіміз керек» деді Марат Тәжин. Сосын ұлттық тарихты зерделеу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастыру үшін ғылыми тұғырнама құру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмысқа қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар тартылады. Мұнымен қатар «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» ғылыми журналын ашу қажет. Ол онлайн және баспа нұсқасында шығарылады. Бұл өз кезегінде талқылау алаңын құруға мүмкіндік береді.Аталған мәселелердің барлығы бойынша енді ведомствоаралық жұмыс тобының аясында тығыз бірлесе әрекет ететін болады. «Біз өзіміздің тарихымызды жаңғырту үшін жағдай жасай аламыз деп ойлаймын. Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы биылғы жылдың бірінші желтоқсанына дейін бүкіл проблемаларға негіздік талдау жасап, жаңа көзқарастар мен талдаулар бойынша кең көлемді баяндама дайындап, Мемлекет басшысына ұсынады» деп қорытындылады жиынды Мемлекеттік хатшы М.Тәжин.

Мақалаға орай:

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Ескі тұжырымнан арылатын кез жетті
– Мемлекеттік хатшы бүгін отандық тарихты зерттеу мен оқытудың іргелі мәселелерін қозғады деп санаймын. Ол тарихты зерттеудің әдіснамасымен бірге оның тілі де өзгеруі тиістігін айтты. Дұрыс қойылған мәселе.  Сонымен қатар ұлт тарихын соңғы бес ғасырмен шектеу дұрыс еместігін, ұлттық тарихтың тамыры ар жақта жатқанын айтып, оған әлемдік контексте қарау, жасық ойлар мен қате тұжырымдардан арылту қажеттігін алға тартты. Өкінішке қарай, біздің ұлттық тарихымызда жасық ойлар мен тұжырымдар қаптап жүр. Біз көп жағдайда ресейлік әдіснамаға, еуроцентристік көзқарасқа тәуелді болып келдік. Мұндай ескі тұжырым, ұстаныммен біз жаңа тарихты жаза алмаймыз.

Нәбижан Мұхамедханұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Тарих ғылымының жаңа көкжиегі

– Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің тарихшылардың қазіргі міндеті, болашақта не істеуі керек, тарихты қандай тұжырымдамада қарастырып, қандай әдіснама қолдануы қажет деген бағытта айтқан пікірлерінің барлығы біздер үшін тарихты зерттеуде басшылыққа алатын ұстанымдар деп есептеймін. Демек, бұл жиын тарихшыларға тың шабыт береді. Біздің ұлттық тарихымыз жаңа деңгейде, халықаралық өреде қазіргі өркениет, мәдениет тұрғысынан жазылады деп сенемін. Оған тарихшылардың мүмкіндігі де, материалдық-кадрлық даярлықтары да бар. Сондықтан мемлекет тұрғысынан бүгінгідей қолдау тарих ғылымының жаңа көкжиегін ашып отыр.

Бейбітгүл ИСАЕВА, АСТАНА

Қаңлы қолөнері

$
0
0

Оңтүстікте Қаңлы мемлекетінің қолөнер туындылары табылды

11 Маусым 2013, 18:3090

Астана. 11 маусым. Baq.kz – Оңтүстік Қазақстанда Қаңлы мемлекетінің қолөнер туындылары табылды. Ғалымдар мұны тың жаңалыққа балап отыр.

Табылған заттар біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасырда өмір сүрген Қаңлы мемлекетінің зерттелмеген дәуіріне тиесілі. Археологтар бұл табылған заттар тарихты қайта қарап шығуға итермелейді деп мәлімдеді.

Ең бағалы заттардың бірі ежелгі жазу тәсілінің фрагменті. Соңғы 12 жыл ішінде «Күлтөбе» қалашығында ғалымдар қаңлы тәсілімен жазылған 15 кестені тапқан. Кірпіштегі бір белгі бүтін бір сөз тіркесін білдіруі мүмкін, дейді археологтар. Олар ежелгі жазбаны оқуды үйренді.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкин: «Мұнда мемлекетіміздің тарихы үшін өте маңызды ақпарат бар. Бұл заттар ежелгі дәуірдегі дамыған орталықтар: Самарқан, Бұқара, Шаш, Кеш қалаларын және басқа да лауазымды адамдар мен билеушілерді зерттеуге жол ашады. Бұл біздің тарихымызды қайта қарап шығуға, толықтыруға және көкжиегімізді кеңейтуге мүмкіндік беретін өте маңызды ақпарат.

Мәскеудің орталық мемлекеттік мұражайы мен ОҚМПИ студенттерінің халықаралық экспедициясы аясында «Күлтөбе» қалашығынан басқа да көптеген қолөнер туындылары табылды. Ғалымдар мен студенттер қазба жұмыстары кезінде ойын асықтарын, сармат белгілері бар керамика бұйымдарын, тіпті лай жағылған бағананың қасбет құрылысы табылды.

«Күлтөбе» қалашығындағы қазба жұмыстары енді ғана басталды. Сондықтан, ғалымдар жаз соңына дейін көптеген бағалы қолөнер бұйымдарын табарына сенімді.

Шүйінші!«Үржар ханшайымы»!

$
0
0

«Үржар ханшайымы» б.з.д. IV-ІІІ ғасырларда жерленген

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Үржар экспедициясын бастап, үлкен олжаға кенелді. Зерттеуші ғалымдар Таскескен – Бақты жолындағы қорғаннан сақ заманындағы патша қыздың мүрдесін тапты. Ғалымдар оған «Ұржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының бұзылмай жақсы сақталуын үлкен сәттілік дейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. 

434_248243362f1ffcbfca99e2cc0ff2bbbdЕлімізге танымал археолог Темір Смағұлов басқарған экспедицияның мүшелері Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) профессоры, белгілі тарихшы Амантай Исин, археолог, суретші Георгий Пересветов, археолог Талғат Айлыбаев, сонымен қатар, СМПИ және ПМПИ (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты) студенттері, Семей қаласының Жас Ұлан лицейінің оқушылары болды.

Профессор Амантай Исиннің басқаруындағы СМПИ тарих-филология факультетінің 3 курс студенттері Абылхайдаров Сырым, Арғынбаев Мансұр, Бектұрыс Мереке, Бықышқызы Гүлгина, Дауконова Раушан, Исабай Айқын, Касимова Меруерт, Құрманғалиев Арман, Қызырхан Ерлік, Нұрмұханов Жұлдыз, Ысқақов Алмас және «Жас Ұлан» лицейінің оқушылары Ахметов Әли, Тәуірбаев Дәуреннің еңбектері үлкен. Жас археологтар қорған құрылысын қазу кезінде зерттеу әдістерімен танысып, ханшайымды тазалау жұмыстарына белсене қатысып қайтты. Осындай тарихи оқиғаға қатысып отырған студенттер қазба жұмыстарын таңсәріден қас қарайғанша жүргізді. Олар белгілі реставратор Қырым Алтынбаев келген соң шұңқыр қабырғаларын жан-жағынан көлемдетіп кеңейтті.

Айта кетсек, зерттеуші ғалымдар Таскескен – Бақты жолындағы қорғаннан сақ заманындағы патша қыздың мүрдесін тапты. Ғалымдар оған «Ұржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының бұзылмай жақсы сақталуын үлкен сәттілік дейді. Бұл үлкен олжа әйгілі Есік қорғанындағы Алтын адамнан кейінгі екінші соған ұқсас ескерткіш болып отыр.

Сондай-ақ, археологтар қорғанның жоғарғы тұсынан тағы бір адамның мүрдесін тапты, олардың пайымдауынша ол ханшайымның қызметші құлы не болмаса құрылыс аяқталғаннан кейін құрбандыққа шалынған адам болуы мүмкін дейді.

«Үржар ханшайымы» табылған ескерткіш біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларға жатады. Салтанатты киімімен жерленген жас әйел сол кездегі патшаның зайыбы, бәлкім қызы болуы да мүмкін. Ханшайымның сол аяқ жағындағы шұңқыр бұрышында ағаш табақ, ішінде қой жамбасы салынған керамикалық қазан, тағы бір керамикалық ыдыс табылып отыр. Әшекейлердің ішіндегі ең маңыздысы – бас киімі. Жас әйелдің ханшайым болғаны туралы тұжырымды ғалымдар негізінен соған сүйеніп жасап отыр. Ол алтынды «мүйіз» ою-өрнегімен безендіріліп, алтын және бағалы тастар мен көмкерілген. Келбеті мен өрнегі жағынан сәукелеге ұқсас. Сонымен қатар, алтыннан жасалған сым сырға, салпыншақтары да бар. Археологтар бұл жәдігерлердің барлығы өткен тарихтан мол мәлімет беретінін айтып отыр.

Бұл күндері зерттеушілер мен жас археологтар «Үржар ханшайымын» киім қалдықтарымен монолит түрінде тұтас алу жұмыстарын жүзеге асырды.

Анар Қуанғалиева 

Шоқанның Аягөзде ізі қалған

$
0
0

Шоқанның Аягөзде ізі қалған

«Біз 18 сәуірде Семейден Аягөзге аттандық».
(Ш.Уәлиханов. «Ыстықкөл
сапарының күнделігінен»).

Бір қарағанда Шоқан туралы көп нәр­се бел­­гілі сияқты. Ол бар-жоғы отыз жылдық өмі­рінде Орта Азия мен Қазақстан халық­та­рының өмірін, тарихын, тұрмысын зерттеу ісінде баға жетпес құнды еңбектер қалдыр­ғаны аян. Олар бүгінде өзінің тарихи мәнін әлі жойған жоқ. Сондықтан да болар Шо­қан­ның қалдырған мұралары табылып, біз­ге жеткендері кейінгі елу жыл ішінде ғана екі рет бес томдық шығармалары орыс ті­лін­де жарық көрді. Шоқантанудағы тағы бір аса елеулі жаңалық – бұл, ғалымның бұдан екі жыл бұрын шығармаларының алты томдығы төл тілімізде шығарылғандығы болса керек.

Шоқанның жан-жақты өнер иесі екен­дігін оның кез келген еңбегінен оңай аң­ғару­­ға бо­лады. Соның бірі – жинақы да шымыр шы­ғар­­масы – «Ыстықкөл сапарының күн­­делігі».

Шоқан бұл еңбегін жазғанда бар-жоғы 21 жас­та екен. Егер Ш.Уәлихановтың ғы­лыми өмір­баянын жазып кеткен академик Әл­кей Мар­ғұлан  дерегіне сүйенсек, бұл жас­та Шо­қан Омбыдағы Батыс Сібір гене­рал-гу­бер­на­торлығын басқаратын генерал Г.Х.Гасфордтың адъютанты, яғни жеке тап­сырмаларын орындаушы болған.

Баршаға аян, Ұлы жүз қазақтары ХІХ ға­сыр­дың ортасына таман Ресейге кешірек ба­­ғына бастады. Міне, осы мемлекеттік ма­ңы­зы басым бұл істе патша үкіметі сақ сая­сат жүр­гізуі қажет болды. Өйткені, ол кез­де бұл аймаққа Қоқан хандығының да ық­палы күшті болатын. Әсіресе, оңтүстікпен ір­гелес Іле сыр­ты, Ыстықкөл маңында үлкен де күрделі істер өз шешімін күтіп тұрды.

Бұл жауапты жұмыстың басын ертелі-кеш қа­йыра беру мақсатымен Батыс Сібір ге­не­рал-губернаторы Г.Х. Гасфорд 1856 жы­­­лы көк­темде патша үкіметінің ұйғары­мы­на орай, Ыстықкөл аймағына ғылыми-әс­­кери экспедиция шығаруға бұйрық берді. Экс­педиция же­текшілігіне Ұлы жүз қазақ­тарының сол кез­дегі приставы және Алатау ок­­ругінің бас­тығы, полковник М.М.­Хо­ментовский тағайын­далды. Экспе­дицияның мақсаты – қырғыз халқымен жа­қы­нырақ болса да танысу және Ыс­тықкөл ай­мағын картаға түсіру еді. Құра­мы жүзге тарта адамдардан тұратын экс­пе­дицияға Шоқан да енгізілді.

Шоқанның бұл экспедицияға енгізілуінің де салмақты себебі бар. Жас офицер бұдан бір жыл бұрын ғана, яғни 1855 жылы сол ге­­­нерал Гасфордпен бірге Орталық   Қа­зақ­с­­тан, Жетісу, Тарбағатай сапарына қатысып қайтқан еді. Осы сапар кезінде ол генерал Гас­­фордтың назарына ерекше ілініп, бола­шақ Ыстықкөл экспедициясы үшін жергілікті адамдардың ішінен оңайшылықпен табылмас маман деген тұжырым қалыптасқан еді.

Шынында солай болды да. Сібірдің сол кездегі ең жоғарғы әскери оқу орны деп ата­латын Сібір кадет корпусын сегіз жылдық оқу бағ­дарламасы бойынша үздік бітірген Шоқан білімімен, әдеттен тыс зеректігімен маңайын­дағылардың назарын өзіне аудара білді. Сон­дықтан да болар, Гасфордтың жеке жар­лығы бойынша Омбыдан Семейге, одан әрі Аягөз арқылы 1856 жылдың сәуірінде Шо­қан сол заманның ең жүрдек көлігі – та­ран­тас ар­қылы үш апта ішінде Верный бе­кінісіне же­дел жеткізіліп, экспедицияға қо­сылды.

Әрине, бүгінгі біздер үшін ұлы ғалым күн­де­лігіндегі сол кездердегі деректер аса қым­бат. Бұл орайда ескерер бір жай, Шоқан Ом­быдан Семейге дейінгі жол жүрісін қа­ғаз­ға түсірмеген. Ол Семейден шыққан сәт­тен ба­стап күнделік жазуды қолға алған. Күн­де­ліктегі Семей мен Аягөз аралығындағы жол­дың суреттелуі тым қысқа болса да ба­рын­ша нұсқа.

Шоқан 20 сәуір күні түнде Аягөзге же­те­ді. «Ая­гөз шағын станица, онда Найман ру­ла­рын басқаратын округтік пристав бар». Сая­хатшының үш ай бойы жүргізген күн­де­лігінің желі тартып, өрлеуі де дәл осы сөй­лем­дерден кейін басталады. Шоқан си­паттаған Аягөз ол кезде қазіргі Аягөз қа­ла­с­ынан сегіз шақырым жердегі қазіргі Ма­мырсу ауылының орнында болған. Ірге­сінен Аягөз өзені ағып жатқан осы жерде 1831 жылы кішкентай қыстақтың  орны қа­ланып жаңадан құрылған округтің орта­лығы болды.

Аягөз 1860 жылы Сергиополь деп өз­гер­тіл­ді де, содан Кеңес өкіметі тұсында ғана Түрк­сіб темір жолының бойында ірге тепкен жа­ңа қаланың атауы болып өмірге қай­та орал­ды. Сергиополь кезінде сауда кер­уен  жолдарының өтінде тұрғандықтан біраз өсіп, ұлғаяды. Теріскейінде Семей, түстігінде Орта Азия шаһарлары, шығысында Шәуешек, Құл­жа қалалары, батысында атақты Қоянды жәр­меңкесінен тартылған сауда жолдарының нағыз түйіскен тұсында орналасқан оған сан бұйымдар артқан керуендер келіп-кетіп жататын.

Шоқан Семейден бері қарай сусыз, жа­ла­ңаш даламен жүріп келген ол, Аягөз ай­ма­ғында табиғат көрінісінің бірден өзгер­генін бай­қайды. «Шынында да маңайдағы шө­лейт­ті сусыз даламен салыстырғанда Ая­­гөз жерұйық секілді» – деп тегін жазбаса керек. Әділінде Шоқан бұл жерден таби­ғат­­тың дүр сілкініп, жаңғырар шағы көктемде өт­­кен-ді. Ол бүкіл жол бойы масаты көкке қым­­танған далаға, енді ғана жапы­рақ жар­ған тал, тобылғы, қарағандарға сүй­сіне көз салу­­мен болған.

Шоқан Аягөзден Верныйға қарай қайта жолға шыққаннан-ақ, одан 90 шақырымдай жер­­де осы аттас өзеннің ар жағында ор­на­лас­қан халқымыздың тамаша махаббат дас­танының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың зиратын көруге мықтап бе­кін­ген екен. Сондықтан Шоқан күнделігінің ал­ғашқы беттерінде-ақ: «Мен Аягөзді мей­лін­ше сүйіп, оған таңданамын. Мүмкін, бұл жа­йында осы өзен жағасында дү­ние­ге кел­­ген сұлу Баянның алтын айдарлы Қо­зы Көр­пешке ғашық болуы жайын­дағы поэ­­ти­калық ғажап аңыздың да себебі бар шығар. Біз бұл дастанмен жақсы танысып, зерттеген едік. Ендігі ойымыз – ол жер­ге таң алдында, ертеңгі таң шапағы теректер мен су­ды нұр­ға малындырып, боз­тор­­ғайлар әндеріне бас­қан­да, зират қасында тәтті ой­лар­ға бе­ріле отырып шай ішу еді» – деп жазуы тегін емес.

Бірақ ат басын әдейі бұр­ғыз­ғанымен көк­темгі өзен суы­ның қатты тасуынан Шо­қан зират басына жете алмағандығы да бел­гілі. Оны да Шоқан күн­де­лі­гінің өзі баян­дай­ды. Ендеше, та­ғы да күнделікке көз жү­гір­те­лік.

«Адам жобаласа да, Құдай шешеді. Түні бойы жаңбырдың ірі тамшылары таран­тас­тың ша­­тырына тарсылдаудан
ты­н­­бады. Батпаққа толарсақ­та­­ған аттар аяңға  әрең жа­рап ке­леді. Сор­ғала­ған жа­уын­­­ның дыбысын тек шы­­бырт­қының ысы­лы мен қал­­жы­раған аттардың пысқы­рынуы, кө­шір­дің жеки шыққан дауысы ғана бөле­ді.

Түн, тіптен нашар болды, жүріс те оң­­ба­­ды. Ойлаған жоспарымыз жүзеге ас­пай қа­­ла­ма деп қауіптенемін. Кө­шір­ден әл­денеше рет: – Күн ашылар түрі бар ма? – деп сұра­дым. Қара бақайына дейін мал­шынған кө­шір мұндайда «жоқ» деп қоңқ ете қалады да етегіне жинал­ған суды сіл­кіп тастап: «Құ­дай­дың күні-ай!», – деп тағ­­ды­рына наразы бол­ғандай үн қатады. Егер ­де жылдам жүр­ген­де бе­кеттің пеші­не шы­ғып, әлдеқашан ұйық­тап жататын кө­шір­ді аяймын. Бі­рақ сұлу Баянның да аруа­ғын қия алмаймын.

Осылайша біз бір сағаттай жүрдік.

– Мәртебелім, – деді көшір. – Мола әне тұр! Мен басымды тарантастан шы­ғар­дым. Күн түнеріңкі бұлттың ар жа­ғы­нан әзер бай­қа­лады. Аспанды түгел­дей был­ғаныш бұлт­тар қаптап алыпты. Жаң­быр бұрынғыша тө­гіп тұр. Ақ көбік болған ат­тар сортаң лаймен әзер жылжиды, ол жақтағы өзеннің ар­ғы бетіндегі теректер­дің бастарынан асып бейіттің сүйір мұ­на­расы көрінеді, жы­рақтан ол қызыл қыш­тан қаланғандай бай­қалады. Мұндай ауа-райында шай ішу, қа­зақтың көне ескерт­кі­шін мұқияттап қарау жай­лы ойлаудың қа­жеті жоқ еді.

– Шамасы, өзен тасып жатқан се­кіл­ді, мәр­тебелім, өткел бере қоймас, – деді кө­шір менің ойымды жорамал­да­ған­дай.

– Ілгері тарта бер, қайтар жолда қа­рай­­­мыз, – дедім де мен тонымды қымта­нып, қалғып алу мақсатымен оң жағыма қисая кеттім...»

Шоқан күнделігінен бұл ұзақ үзіндіні әдейі беріп отыруымыздың да өз сыры бар.  Оның қаламынан орысша шыққан осы жолдарды оқып отырғанда, бізге нақ бір ХІХ ға­сырдағы орыс прозасының үздік үлгілері көлденең тартылғандай әсер беретіні анық. Бұл салиқалы суреттерді жазған кезде ол не­бәрі жиырмадан жаңа ғана асқан жігіт бо­латын. Және бұған сіз осыдан тоғыз жыл бұ­­рын ғана оның бір ауыз орысша білме­ген­дігін қосыңыз.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу бейітін бұл жо­лы жақыннан көре алмағанымен, Шоқан ша­­масы оған сол жылы күзде Құлжаға бар­ған сапарынан қайтар жолда соққан болуы ке­­рек. Мұны 1856 жылы бейіт жанында тұр­ған төрт тас мүсінді бейнелеген суреті дә­лел­дейді.

Бүгінгі күндері ғалымдарымыздың Қа­зақ­стандағы ислам дәуіріне дейінгі V–Х ға­сыр­ларында сәулет өнерінің бір үлгісі ре­тінде атап жүрген Қозы Көрпеш – Баян сұлу бе­йіті ғы­лым әлемінде талайдан бе­рі бел­гілі болып келеді. Бұл ретте  генерал В.Б.Бро­невский жазған мәлімет аса құн­ды. Бейітті 1825 жылы көрген Броневский ол туралы: «Бал­қаш көліне құятын Ая­гөз өзенінің жаға­сын­да қазірдің өзінде жақ­пар тастардан қа­ланған пирамида аман тұр. Онда тастан қа­шалған бір еркек, үш әйел мүсіні бар» дегенді айтқан.

Ал 1858 жылы Қапалға бара жатқан жо­лын­да осы бейітке соққан, Қозы мен Баян жайлы дастанды ел аузынан жазып ал­ған Сі­бір генерал-губернаторлығының чи­новнигі Н.Абрамов оны «Мазардың биік­тігі алты саржын, төрт бұрышты, есігі түс­тік­тен, тере­зе­сі бар, өзі тастан қаланған. Қа­сын­да ақ тас­тан қашалған төрт сурет жатыр. Бірі – Баян, бірі – Қозы, бірі – Айғыз, енді бірі – қыз жеңгесі», – деп жазған.

Осы жазбадағы мүсіндер жайлы сөздің шын­­дыққа жақындығы бар. Оны біз Шоқан сал­ған суреттен де анық байқаймыз. Суретте үш әйелдің және бір еркектің (басы жоқ) бей­несі бар.

Ал енді, осы тас мүсіндердің кейінгі тағ­ды­ры қалай? Кезінде көптеген ғалымдар олар­дың көне қазақ рулары өнерінің мұра­сы екенін ұғып, оны орталық қалалардағы мұ­ражайларға жеткізуге ықыластанады. Әйт­се де бұл ой жүзеге аса алмай жатқан. Мә­селен, оларды ХІХ ғасырдың ортасында Мос­кваның тарихи мұражайына жеткізуге тал­пынған граф А.С.Уваров өкімет тарапынан көмек алмаған көрінеді. 1898 жылы бейіт­ті зерттеген Түркістан өлкесі археологтар  үйірмесінің мүшесі Н.Пантусов ол мүсін­дер­­дің тек біреуі ғана  сынбай бүтін тұрғанын ай­­тады. Шоқанның төлқұрдасы Г.Н.По­­таниннің тапсыруымен оларды соңғы рет зерттеген А.Н.Белослюдов: «Қо­зы Көрпеш ескерт­кіші­нің қасында екі рет болдым. Бірақ мен еш­қан­дай тас мүсіндерді көре алмадым... олар­дың екеуін Германияға алып кетіпті», – деп жазады. Осы сөз шынында да рас болуы керек. Бір деректе оларды сол  ХІХ ғасырдың соң­ғы кезінде Африкадағы герман губерна­торы Виссаман әкеткен деген де әңгіме бар.

Ал Шоқан күнделігіндегі «Біз дастанмен жақ­сы таныс едік», – дейтіннің де өзіндік се­бебі бар. Халқымыздың жәуһар жәдігері  бо­лып табылатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жы­рымен Шоқан сонау кадет корпусында оқып жүргенде-ақ танысса керек. 1851 жы­лы (бұл кезде Шоқан 16 жаста) өз әкесі Шың­ғыспен Құсмұрында  осы жырдың өз­дері есті­ген нұсқасын тұңғыш рет қағазға тү­сір­ген. Ал бұдан кейін де Шоқан белгілі жыр­шы Жанақтан осы жырдың екінші нұс­қасын жа­зып алған. Сондай-ақ, 1864 жылы Шоқан Чер­няевтің экспедициясына аттанар алдында бұл аңыздың тағы бір үшінші нұсқасын ақын Шөженің айтуы бойынша жазып алуға мүм­кіндік тапқан.

Шоқан Ыстықкөл сапарында үш жарым ай болды. Осы қысқа мерзім ішінде ол Ыс­тық­­көл мен Жетісу табиғатын, жерінің ойы-қы­­рын, өсімдіктері мен хайуанаттарын сын­дар­лы суреттеп жазып қалдырды.

Орайы келгенде ажыратып айта кеткен жөн. Шоқан Аягөзде өзінің қысқа өмірінде бір емес, үш рет болған. Мұның біріншісі жо­ға­рыда толық баяндалды. Ал Шоқанның бұ­дан кейін де Аягөзде екі рет болуын біреу білсе, енді біреулер біле бермейді. Екінші рет Шоқан Аягөзден 1858 жылы Батыс Қы­тай аймағындағы Қашқарияны зерттеу жа­­сырын жүргізілетіндіктен сол жаққа баратын сауда керуенінде Әлімбай деген атпен өткен. Соңғы рет Шоқан Аягөзде 1864 жылы болған. Дәл осы жылдың көктемінде Шоқан Қазақстанның оңтүстік аймағын Ресейге түбегейлі қосу үшін әскери қимыл­дар жасап жатқан генерал Чер­няевтың экспедициясындағы тілмаштық мәмлегер тобын басқару үшін тағы да Омбы-Семей-Ая­гөз-Верный арқылы Әулиеатаға жет­кізіл­ген. Бұл туралы  дерек Шоқанның  1864 жы­лы   23 наурызда  өзінің досы
К.К.Гут­ковскийге жол­даған хатында анық баяндалған (Қа­раңыз: Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пя­ти томах. Том 5. А-Ата, из-во «Наука», 1985, стр 161).

Ашып айтарымыз – бүгінгі Аягөз ауда­ны­ның орталығы Аягөз қаласында Шоқан Уә­ли­хановтың осы өңірде болуын әрқашан ха­бар­дар етер бір белгі-ескерткіш тұғыр ор­натылса де­ген ұсынысты көпшіліктің есі­не салу.

 

Ғабит ЗҰЛХАРОВ,
бұрынғы мұрағат қызметкері,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Аягөз қаласы.

"Үйсіннама" (Ежелгі ұлыс тарихы)

$
0
0

"Үйсіннама"

"Ежелгі ұлыс тарихы"

С.ЖАНБОЛАТОВтың ежелгі Үйсін мелекетінің тарихын баяндаған зерттеуі

Кітап жуықта ДҚҚ тарапынан жарық көрді. Автор өзінің 30 неше жылдық мұқият зерттеуіне негізделе отырып, Үйсін мелекеті жайлы дұрыс пікірлерді қуаттау мен қате ойларды тойтаруды аса ғылыми да деректі жолмен сәтті жүргізген. Оның төте жазуша және қытайшалары алда жарық көрмек.

«Үржар ханшайымы»!

$
0
0

«Үржар ханшайымы» Тарбағатайдың тамыры тереңде екенін танытты

Сәрсенбі, 19 маусым 2013 2:20

ЛоготипКүн шығыстан шығады. Өркениеттің ақ таңы да шығыстан бастау алған. Қынжылатынымыз, сөзімізге өре түрегеліп, дәлел сұрайтындар табылады. Құр лепес емес, дәлел дегеніңіз соқырға таяқ ұстатқандай, дала төсінде шашылып жатыр. Әсіресе, шығыс өңірінде. Тек жинап алу керек. Әредік жақпартастарда, тау қойнауларында көзге шалынғаны бар, жер қыртысында жасырынып жатқаны қаншама?! Білгенге, шығыс – көне түркі мәдениетінің темірқазығы. Алғашқы көшпенділер дәуірінің от жаққан ошағы.

Уржар

«Алтын шыққан жерді белден қаз»

«Бір жоқ бір жоқты табады», деген тегі рас. Осыдан екі-үш жыл бұрын Үржар ауданындағы Таскескен – Бақты автожолы күрделі жөндеуден өте бастады. Осыған орай, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми экспедициясы жол бойында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес, кім-кімге болсын құрылыс кезінде табылған ескерткіштерді сақтау, бүлдірмеу міндетті һәм тиісті мекемелер мен архео­логтарға хабарлануы қажет. Ерте замандардағы көптеген ескерткіштер туралы ешқандай жазба деректер болмайды. Археологиялық барлау арқылы анықталған ескерткіштер тізімге алынып отырады. Үржар ау­да­нын­дағы қазба жұмыстары жолды кеңейту кезінде бүліну қаупі бар ескерткіштерді зерттеу­ден басталған еді. Жол жөндеушілерге тіркеуге алынған ар­хеологиялық ес­керткіштерге зақым келтірмеу туралы ал­дын ала ескертілген болатын.

Ұлттық Ғылым академиясының кор­­респондент-мүшесі, тарих ғылым­дарының докторы Бауыржан Байтанаев басқаратын Ә.Марғұлан атындағы Ар­хеология институтының ғылыми экспедиция­сы жүргізген жоспарлы зерттеулер нәти­жесінде аталған жол бойында екі қорған табылды. Оның бірі жерге көмілген, бірі таспен жабылған екен. Алғашқы қорғаннан жартымды дүние кездеспеген соң археологтар екінші қорғанға ауы­сыпты. Екеуінің арасы шамамен жеті шақырымдай болады. Биыл осы ескерт­кіштерді қазу жұмыстарының екінші кезеңінде отандық ғылым қоржыны үлкен олжамен толықты.

Жалпы, Үржар өңірі археологиялық зерттеулерден мүлде тыс қалмаса да кен­желеп келе жатқаны рас. Осы жайттарды ескерген болуы керек, еліміздің Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаевтың басқаруымен арнайы экспедиция жасақталды.

Елеусіз, топырақ қабатынан көрінер-көрінбес болып жатқан тас қорғанды 2011 жылы керекулік археолог Тимур Смағұлов тізімге алып, тіркеген болатын. Биыл Ә.Марғұлан атындағы Археология институты құрған экспедицияға да осы ғалым жетекшілік етіп келеді. Зерт­теуші-ғалымдар мен археологтардың аптап ыстық астында, суық жел өтінде жүргізген қажырлы еңбегі еш кеткен жоқ. Мамыр айында жасақталған экспедиция жұмыстарының арқасында тас жолдың бойындағы Лайбұлақ және Жаңатілек ауылдарының орта тұсындағы қорғаннан жас қыздың мүрдесі табылды. Қазба жұмыстарының дәл осы жерден басталуы біріншіден, тыңғылықты  археологиялық барлау арқылы мүмкін болса, екіншіден, аталған ескерткішке жол жөндеу жұмыстары кезінде тех­ногендік қауіп төнген болатын. Сондық­тан, қорған кезек күттірмейтін қатардағы ескерткіш ретінде қазыла бастады. Нәтижесі барша халықты таңғалдырып отыр. Дәлірек айтқанда, қорғанның 1,7 метр тереңдігінен жас қыздың мүрдесі қойылған тас саркофаг шықты. Ең қызығы, мықты тас қабырғалармен қоршалған қорғаннан жас қызбен бірге қойылған керамикалық және ағаш ыдыс­тармен, қой сүйегімен қатар алтын әшекейлі бас киімнің табылуы бол­ды. Сақ көсемдерінің салтанатты сәу­келесіне ұқсас жәдігер қыз мүрдесінің билеушілер әулетінен екенін айғақтайды. Бұл ерте замандағы жерлеу, әдет-ғұрып дәстүрінен, киім мәдениетінен, діни наным-сенім жайынан құнды деректерге кенелтіп тастағаны даусыз.

Қазір барлық баспасөз осы жаңа­лықты жар салып, ғылыми әлеуметтен сүйінші сұрап жазуда. Дегенмен, бірқатар басылымда «Үржар ханшайымы» атанған археологиялық олжаның өмір сүрген кезеңін айтуда үлкен қателік кеткенін аңдадық. Әрине, ақпараттың жарық жыл­дамдығындай жедел жүйткіген заманында асығыстыққа бой алдырған әріптестерімізді кінәлаудан аулақпыз. Бірақ, бәзбіреулер тарихымыздың қайнар көзін келте қыларға кінәрат таппай отырғанында, біздің заманымызға дейінгі IV – III ғасырларда ғұмыр кешкен хан­шайым­ның жасын миләди дәуірге телі­гені­міз тарихтың құнды парағын ғасыр­лар­мен қоса жыртып тастағандай әсер етті.

«Ештен кеш жақсы». Біз әңгімелес­кен, аталған қазба жұмыстарының басы-қасында болған тарихшы Амантай Исин:

– Қазақ баспасөзінде ханшайым өмір сүрген дәуірдің қате көрсетілгеніне қын­жыл­дық. Оның үстіне жаңылыс дерек­ті менің сөзім қылып келтіргені жауап­сыздық деп есептеймін. Мұнда мек­теп қабырғасында қалыптасатын уақыт­намалық түсінікті еске алса да жетер еді. Қола ғасыры – б.з.д. үш мың­жыл­дықтың екінші жартысы – б.з.д. бір мың­жыл­дықтың басы. Ал, Үржар ескерткіші б.з.д. IV-III ғасырларға жатады деп ал­дын ала болжадық. Бұл – ерте темір зама­нының соңы. «Үржар ханшайымы» – ғұн-үйсін заманының өкілі болып шы­ғуы да ықтимал. Осы ойларымызды әу баста қазба жұмыстары басталғанда айтып едік. Сондықтан, тарихи уақыттың баспасөзде бұрмаланып кеткенін ауыр қабылдадық. Керек десеңіз, мұның бәрі қазақ баспасөзінің беделіне, ақпаратты дәл жеткізу қабілетіне нұқсан келтіретін дүние, – деді.

Қош. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды». Басылымдарда бұл жайт қайталанбайды деп ойлаймыз.

«Тас саркофагтың бетіндегі тақта тастары алынып, биік төбелі бас киім көрінгенде қазақтың мүйіз бедерлі ою-өрнегінен аумай қалған алтын жапсырмалар көзге ыстық тартып, жарқырап шыға келді. Бәрі өз орнында, қозғалмаған десе болады. Бас сүйегінде тас орнатылған сым сырға, бас киімінен төмен қарай салбыраған алтын салпыншақтар – бәрі ғажап та әдемі көне әлемді елестетті. Ауыр салмақты алтын әшекейлер тіпті ертеде, ерте темір заманының бас кезеңіне тиесілі. Кейінірек, мына «Үржар ханшайымы» заманында жеңіл, қаңылтыр алтын қолданылған. Себебі, алтын бұл замандарда алтын ақша үшін мол қолданыла бастайды», дейді алғашқы әсерінен әлі арыла алмай жүрген ғалым.

Қазба орнынан сегіз шақырым жерде Алтыншоқы атты ауыл бар. Экспе­ди­ция мүшелері қазба жұмыстары ке­зінде аталған ауылда тұрған екен. Елді­ ме­кеннің Алтыншоқы аталуында да бір гәп бар сияқты. Қайбір замандарда алтын табылғандықтан аталуы да мүмкін. Қалай болғанда да, Алтыншоқының өз атын дәлелдеп шыққанына таңданбасқа болмайды.

Қазіргі кезде «Үржар ханшайымын» елімізде табылған бесінші «алтын адам» деп әспеттеушілер көп. Өйт­кені, бұған дейін Есік, Аралтөбе, Шілікті, Талдыдан табылған «алтын адамдар» легі Лайбұлаққа келіп тоқтады. Амантай Исин­нің сөзіне сүйенсек, мұндай тұжы­рыммен келісуге де, келіспеуге де болады. Өйткені, ғылыми ортада мұның бірін «алтын адам» ұғымына жатқызса, екіншісін жатқызбайды. Мысалы, Шілікті мен Талдыда адам сүйектері шашыранды түрде кезіккен еді.

Тағы бір айта кетерлігі, патша әу­ле­тіне жататын билік белгісімен Есікте табылған әйгілі «алтын адам» мен «Үр­жар ханшайымы» өте ұқсас. Ал, Үржар ханшайымының заманы Тұмар патшайымның уақытынан кейінге жатады. Ханшайым жерленген жерде ағаштан жасалған ыдыс және табақ сақталған. Бұл – радиокөміртегі әдісімен ханшайымның өмір сүрген уақытын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Кемел Ақышевтан кейін Есік қор­ғанындағы алтын адамның 20 пайызға жуығын, Берел қорғанындағы жыл­қы­­ларды түгелімен, Ресейдің Аржан қор­ғанындағы жолбарыс терісін жамылған киімді жаңғыртқан белгілі археолог-рес­тавратор Қырым Алтынбеков қор­ғаннан алтын бас киімді мүрде табылған заматта жеткен болатын. Ол қазба жұмыстары басында бірнеше күн болып, мүрдені консервациялау және тұтас күйінде топырағымен бірге қиып алу жұмыстарына басшылық жасады. «Үржар ханшайымы» Алматыға жеткізілген соң, белгілі реставратор зертхана жұмыстарына кірісті.

Бүгінде Үржар ханшайымының дене­сін ғылыми сараптаудан өткізуге көз тігіп отырғандар жетерлік. Бұл жұмыстар кезек-кезегімен жүзеге асырылады дейді мамандар. Жаратылыстану ғылымдары да өз тұжырымдарын жасамақ. Жалпы, көпшілікті ханшайым мүрдесінің зерттеу жұмыстарынан соң қайтадан жер қойнына тапсырылатындығы немесе мұражайда сақталатындығы мазалайды.

– Отандық археологияда, оның тегі болып табылатын кеңестік, одан арғы патшалық заманның археологиясында қазып алып, зерттеуге әкетілген  сүйекті қайта жерлеу дәстүрі жоқ. Негізінде, бұл – өзекті мәселе. Зерттеліп болған соң мұражайға қойылмаса, ерте замандардың болса да, адам сүйектері алынған жеріне қайтадан табысталса дейсің. Алайда, оған қалыптасқан ғылым дәстүрі бөгет, – дейді Амантай Исин.

Тарихшыдан «Үржар өңірінде табиғат райы бұзылды деп жатыр. Мұның шынымен осы оқиғаға қатысы бар ма?» деп сұраған едік.

– Біз ғылыми көзқарастағы адамдармыз. Ондай байланыс жоқ. Археологтар далада еңбек етеді ғой. Дауыл да, қалың нөсер де жұмысқа бөгет болып жатады. Қажыған кезде ойға әр нәрсе келе береді. Журналистер мұндайда әсірелеп жеткізуге шебер, – деді ол күліп.

Амантай Исиннің айтуынша, Лай­бұлақ ауылы маңындағы қазба жұ­мыс­та­ры аяқталып, бұл күнде Үржар ауда­ны­ның басқа да ескерткіштері зерттеле бас­тады. Қазір археологтар Тамды өзенінің бойында зерттеулер жүргізіп жатыр.

Осы ретте қазба жұмыстарының қаһармандарын атап өту орынды сияқты. Экспедиция жетекшісі Тимур Смағұлов пен тарихшы Амантай Исиннен өзге ғылыми қызметкерлер қатарында архео­лог әрі суретші Георгий Пересветов, жас археолог Талғат Айлыбаев, қазушы археологтар ретінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 11 сту­денті, Семейдегі «Жас Ұлан» лицей-ин­тернатының 2 оқушысы жұ­мыс­тардың бар ауыртпалығына төтеп берді. «Үржар ханшайымы» архео­логиялық жаңалығы ашылған соң Павлодардан 3 жас археолог келіп қосылды. Еміл өзені бойы мен Елтай ауылы маңындағы ескерткіштерді барлауға Семейден Құсмілия Нұрқасымов, Үржардан Оразамбай Бекбаев қатысты. Экспедицияның көлік жүргізушілері – Борис және Сағидолла. Ғылым жүгін арқалаған осындай ерлердің толайым еңбегіне сүйсіне білсек, қанеки?!

 

Көне жазулар мен қорғандар ордасы

Біз туған өлкенің әр тасының кө­лең­кесінде тұнған тарих таспасы жатқанын түйсіне білетін кез келді. Әйтпесе, өр­кениетті өзі көтеріп әкелгендей мем­лекеттік тарихымызды білместік, білуге ынтасы жоқтық һәм ұлттық ұйысуымызға сына қаққысы келер әрекеттер байқалмай қалған емес.

Үржар ханшайымы туралы сүйінші хабарды естігенде ортамызда жоқ, көрнекті түрколог Алтай Аманжоловпен осыдан үш жыл бұрын кең әңгімелескеніміз еске түсті. Тіл ғылымының білгірі Сәр­сен Аманжоловтың өзі баулыған бел баласы – Алтай Аманжолов түрко­логия ғылымына өзіндік қолтаңба қал­дырды. Әкелі-балалы түркологтар 1956 жылы Шығыс Қазақстанды аралап, Тарбағатайдағы Ласты өзенінің бойындағы Бұғытасқа келіпті. Бұғытаста бедерленген петроглифтер, аңдардың түрлі суреттері Мәскеу мемлекеттік университеті филология факультетінің үшінші курсында оқып жүрген жас Аман­жоловтың жүрегіне от жақса керек. Бабалар өркениетіне іңкәрлігі ерте оянған көрнекті ғалымның оқыған көне түрік сөздері өте көп. Ойлап отырсақ, соның басым бөлігі шығыс өңіріндегі балбал тастарға, түрлі бұйымдарға қашап жазылған екен.

Мәселен, Марқакөлден «Ай елик юрты» деген көне түрік сөзі табылыпты. Алтай Аманжоловтың оқыған сөздеріне келсек, «Елик» – хан немесе билеуші деген мағынаны береді. «Юрты» – тұрағы, жұрты дегенге келеді. Көне түрік сөзінен қазақшаға аударғанда «Ай билеушінің жұрты» деген мағынаны білдіреді.

Сол сияқты Жарма ауданынан та­был­ған «абам» сөзі «атам» мағынасына жақын. Бұл қазіргі «бабам» сөзінің түр­ленуге дейінгі түрі болуы да мүмкін.

Ертіс өзені бойынан да осы сияқты бір­неше көне жазу кезіккен екен. 1969 жы­лы археолог Ф.Арсланова Шемонайха ау­данындағы қорымдардың бірінен қы­тайдың қола айнасын тапқан болатын. Қа­зіргі кезде Өскемендегі мұражайда сақтаулы тұрған айнада көне түркі жазуы жазылған. Мұны Алтай Аманжоловтың алдында екі-үш ғалым оқыған екен. Ғалым сәл түзетулер енгізіпті. Айнаның ішкі жиегінде «йебчі йегрен арлу» деп жазылған, мұны аударғанда «жебеуші жирен қызыл күрең айдаһар» деген сөз шығады. Бұл сол замандағы іргелес отырған түркілер мен қытай ұлысының қоян-қолтық қарым-қатынасынан хабар беретін сияқты. Өйткені, қытай жұрты айдаһарды қастерлейтіні белгілі. Ал айнаның сыртқы жиегінде «іші күнісін есер, құты басар» делінген. Бұл – «әйел күншілдігін азайтса, құты қонады» деген мағынаны береді. Бүгінгі «әйел – үйдің құты» деген қазақ мақалымен үндес.

Күршім ауданынан Жүнісов есімді мұғалім өзі тапқан тасмөрді ғалым Ақселеу Сейдімбеккке әкеліп көрсетіпті. Сол кезеңде «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының редакторы болған Ақселеу ағамыз тасмөрді Алтекеңе көрсетіпті. Оны оқығанда «сэч авын» деп жазылғаны белгілі болады. Қазіргі тілге аударса: «таңда да уан» деген сөз шығады. Демек, көне түрік сөзі «өмірден әр нәрсені тап та, соған қуан, мейірлен» дегенді меңзейді. Алтай Аманжоловпен Мәскеуде қатар оқыған көрнекті сәулетші Шота Уәлиханов аталған сөздерді Алматыдағы Республика алаңында тұрған Тәуелсіздік монументінің қасындағы мәрмәр тастарға қашап жаздырғанын білеміз.

Алтай мен Тарбағатайдың арасы қай­наған тіршілік ордасы болғанына Үржар ханшайымы, Бұғытас петроглифтерімен бірге тағы бір көне түркі жазуы дәлел бола алады. 1935 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының экспедициясы Үржар ауданындағы Сасықбастау деген жерде қорым жанынан арық қазғанда қытайдың бүтіндей қола айнасын тапқан екен. Сол жылы Ленинградта өткен Қазақстан көрмесінен қайтарылмай, Эрмитаждың шығыс бөлімінің қорында сақтаулы тұрған айнада «ер сучук осіз өлуг» деген көне түркі жазуы жазылған. 1948 жылы Ленинградта шығатын «Эпиграфия востока» атты журналда қазақ пен қырғыз жерін көп зерттеген археолог А.Бернштам осы сөзді жариялағанымен, өзі оқи алмапты. Аталған сөзді алғаш рет оқыған Алтай Аманжолов сөздің «ер-азамат шарап (ішу) – мезгілсіз өлім (өлу)» дегенді білдіретінін жеткізеді. Бұл – ежелгі қағида, ұрпаққа мирас болып қалған сөз, өсиет сияқты. Шарапқа қарсы күрестің ертеректе болғанын, ата-бабаларымыз Қытайдан келген арақ-шарап, есірткі сияқты зиянды заттарды тұтынбауға шақырғанын білдіреді.

Іле өзенінен, Есік қаласы жанында «алтын адаммен» бірге табылған күміс тостаған сыртындағы жазулардың барлығы б.з.д. VII-V ғасырларға жатады. Яғни балбал тастарда, тау-таста, тұрмыстық бұйымдарда көрініс тапқан көне түрік әліпбиі көне грек, көне финикин әліпбилерімен аталас, тамырлас болып келеді.

Кезінде одақтық экспедицияны бас­қарған Сергей Черников Шығыс Қазақ­стан өлкесін зерттеуге көп еңбек сіңірді. Қалбатау жартастарына бейнеленген аңдар мен хайуанаттар, салт аттылы мен жаяу адамдар бейнесін жүйелі зерттеген С. Черников бұл суреттер мен таңбаларды қола дәуірінің соңғы кезі мен б.з.д. VI-І ғасырларға жатқызады. Оның «Қола заманындағы Шығыс Қазақстан» атты еңбегі де бар. Міне, осындай көне өркениеттің іздері суымайтындай тасқа қашалып тұрғанда, мәдениетіміздің мәйегін парсы, иран әлемінен іздейтіндерге, көңіліне жақпаса ұлттың тарихи бастауын жаздың қысқа таңындай шолақ қайыру білімсіздік. Ол – сананы құл етеді.

Көрнекті тарихшы, археолог Зейнолла Самашевтың еңбектерімен жұртшылық таныс. Шығыстың Берелін, батыстың Сарайшығын қайта оралтқан білікті ғалым бірде орта ғасырлық араб тарихшысы Әл-Гардизидiң жазуы бойынша, Ертіс өзенінің бойында IХ-ХI ғасырларда Қимақ мемлекетiнiң үлкен қаласы болғанын айтқанын жадыға түйіп қойғанбыз. Бұл туралы академик Болат Көмековтiң «Государство кимаков IХ-ХI вв.» деген iргелi кiтабы да жарық көрген.

Алтайдың табиғи байлықтары әлемге 3, 5-4 мың жыл бұрын танылды. Алтайдан табылған Берел, Тарбағатайдан табылған Шiлiктi мәдениетi осының көрiнiсi. Б.з.д. VIII-VI ғасырларда Шiлiктiде үлкен патшалық болыпты. Оның қорғандары табылып жатыр. Ал Берел – өте озық мәдениет. Технологиясы жоғары, металл қорыту, өндiрiс ұйымдастыруды игерген.

Бірде Зейнолла ағамызбен әңгі­ме­лескенімізде, Германияның Бохум қаласындағы Тау-кен мұражайының ғалымдарымен бiрге 5 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргiзгенін айтқан еді. Шығыс Қазақстандағы Қызылсу өзенiнiң бойында Кiшi Қарасу атты ауылда осыдан үш жарым мың жыл бұрын болған шахталарға қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізген Зейнолла Самашев тереңдiгi 10 метрге кететiн үл­кен тау-кен шахталары, қоныстары, ме­талды қорытатын орындары табыл­ғанын айтқан. Бір таңғаларлығы, шах­тадағылардың қоныстарымен бірге қайтыс болғандардың жерленген орнында тас­тан жасалған барлық құрал-саймандары бiрге табылыпты. Мiне, өркениет қайда жатыр?!

Әйгілі қос өзен арасындағы Месо­потамиядан табылған қалайының құрамы Ертiстiң бойынан шығарылған қалайының құрамымен бiрдей болатындығы да бү­гінде біраз ғалымның басын қатырып отыр. Қалайысыз қола жасалмайды. Қо­ла болмаса, мыстан жасалған мұқым құ­рал мұқалып қалады… Ендеше, күллі өркениеттің көне ошақтарына металл илеп, құрал жасауды үйретуді өткен біздің бабалар болып шығады ғой.

Көне алтайлықтар адамды бальзам­дап жерлеу технологиясын да жетік меңгерген. Яғни бұл – Мысыр пер­ғау­ындарына ғана тән дүние емес. Ал­тайдан өндірілетін бір минералды екіге айырғанда, бір жағынан қызыл бояу, бір жағынан сынап бөлінеді екен. Осы сынап арқылы түркі жұртының қаһарлы қағандарын бальзамдағаны белгілі болып жатыр. Берел қорғанынан табылған денелерді зерттеген микробиологтар, полигенетиктер де бұл жайттарды анықтады.

Әлбетте, көне Алтайдың тарих, адамзат дамуындағы ойып алар орны туралы тарихшылар, әдебиетшiлер, мәдениеттанушылар, лингвистер, тағы басқа сала өкілдері көп жазды. Олардың басым бөлігі, бұл мекеннің барша ұлысты құшағына алған үлкен орталық болғанын айтады. Күллі түркі ұлыстарының глоттогенездік, этногенездік даму барысы мыңдаған жылдар бойы жүрген атажұрт – Алтай. Тіпті, жапондар мен корейлер де өзінің түп мекені осы өңірден тарағанын айта бастады. Тувадағы – Аржан, Моңғол жеріндегі – Орхон, Алтайдағы – Берел, Тарбағатайдағы – Шілікті, Үржардағы – алтын сәукелелі ханшайым… Ғажап қой!

Шығыстан басталып, мың­жыл­дық­тарға жалғасқан мәдениеттер жалғасы көп­теген түрік халықтарының тарих сах­насына шығуына жәрдем бердi. Моң­ғол өлкесінен Қара теңізге дейін ұлан-ғайыр қиырды алып жатқан түркі ұлыс­тарының байтақ кеңістігі қаншама қоғамдық-әлеуметтік катаклизмдерге ұшыраса да түп мәдениетінің тамаша үлгілерімен таңдандырып келеді. Әлі де таңдандырады.

«Үржар ханшайымы» табылғанда ойға оралған осынау дүниелер санамыздағы рухы биік тауарихты жаңғыртып, жан-дүниемізді тағы бір сілкінтіп тастады.

Думан АНАШ,

журналист.

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы.


Бүгін - Қожанасырдың қайтыс болған күні

$
0
0

Бүгін Қожанасырдың қайтыс болған күні

22 Маусым 2013, 14:371050

  Астана. 22 маусым. Baq.kz – Бүгін түркі халықтары арасына орта ғасырда кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері Қожанасырдың дүниеден өткен күні.

 Қожанасыр қазіргі Түркияның Ескішехір қаласының Сиврихисар бөлігіндегі Хорту деген ауылда туған (Бір аңыздарда Бұқарада туылғаны туралы айтылады). Қожа алғашқы сабақтарын ауыл имамы болған өз әкесінен алған екен. Содан кейін оқуын Кония медресесінде тәмәмдап, осы маңайда имам болған.
Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.
Қожанасыр 1284 жылы 22 маусым күні дүниеден өткен. Қожанасырдың кесенесі Ақшехирде. Қазақстанда "Қожанасыр" деген атпен танымал болған бұл кісі жай ғана ойдан шығарылған кейіпкер емес. Қожа Насреддин - адамдарға тура жолды көрсетумен өмірін өткізген, нақыл мен даналыққа толы насихаттар жүргізген адам. Өзі әулие, ғалым болған адам. Оның сөздері ауыздан-ауызға өтіп, қазірге дейін сақталған. Оған тағылған қазір айтылып жүрген дінге, адамгершілікке және этикаға жат әзіл әңгімелер оның сөздері емес. Оның сөздері даналыққа толы, сабақ аларлық. Оның қызықты әңгімелері мен хикаяларынң таралғаны соншалық, шығыс Түркістаннан Балкандарға дейінгі халықтар ауыз әдебиетінен орын алған.
Жыл сайын Акшехирде 1959 жылдан бері 5-10 шілде күндері арасында Қожанасыр фестивалі ұйымдастырылады. Осы фестиваль аясында 1973 жылдан бері халықаралық деңгейде Қожанасыр карикатура сайысы да өтеді. Сол фестиваль аясында 1976 жылдан бері де Қожанасыр күлдіргі хикая сайысы да ұйымдастырылуда.

Ұлы даланың иесі де, киесі де көшпенділер

$
0
0

Ұлы даланың иесі де, киесі де көшпенділер

20-Маусым, 2013
Бүркіт АЯҒАН, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессорБүркіт АЯҒАН, 
Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде жазылғандай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Дүниежүзіндегі 4 мыңға жуық этникалық топтар мемлекеттілігі бар және мемлекеттілігі жоқ деп екіге бөлінсе, соның ішінде қазақтар мемлекеттілігі бар топтың алдыңғы қатарынан орын алады.

«Ұлы Даладағы көшпелі өмір – салт әрі қарай шыңдауға болмайтын биікке көтерілген» 
Л.Н.Гумилев

Тәуелсіздік жылдарында «Қазақтың ауызша тарихын» терең зерттеген Ақселеу Сейдімбек: «табиғатпен санасуды өмір сүрудің кепіліне айналдырған көшпелілердің әлеуметтік өмірі ұдайы қатал сұрыптаулардан өтіп отырғанын, нәтижесінде соңғы екі-үш мың жыл аясында Қазақ даласынан жиырмаға тарта мемлекеттік жаралымның бой көтергенін» айта келіп, «Сақ, Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түркі, Ұйғыр, Қырғыз, Хазар, Бұлғар, Ауар, Түркеш, Қарлық, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, Салжұқ, Керей, Найман, Моғол, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы сияқты дәулет, ұлыс, қағанат, ел, хандық, сұлтандық, орда, әулет деп аталған мемлекеттік жаралымдар Қазақ даласындағы этносаяси, этноәлеуметтік және этномәдени үдерістердің мыңдаған жылдарға созылған сабақтас тарихын құрағанын» шежірелік деректермен негіздеп берді. Сонымен бірге қазақ халқының тарихы ең алдымен рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы ғана түсіндірілетінін, ал Қазақ хандығының (мемлекеттігінің) тарихы рулар мен тайпалардың өзара кірігуі барысында қалыптасқан ішкі және сыртқы саяси-әлеуметтік үдерістердің нәтижесі болып шығатынын» айтып та, жазып та кетті.
Мамандардың тұжырымдауынша, қа­зақтың ру-тайпалар тарихы көне дәуірден Түркі қағанатына дейінгі кезең; Шыңғыс хан тұсындағы кезең; Алтын Орда кезеңі және оның ыдырауынан кейінгі кезең; Қазақ хандығынан осы заманға дейінгі аралықпен кезеңделеді. Әсіресе Алтын Орда ыдырағанннан кейін түркі тектес халықтар қыпшақ, қыпшақ-ноғай, қыпшақ-қырғыз, оғыз, қарлұқ, шуаш, саха тілдік-этникалық топтарға бөлінген.
Соңғы тарихи зерттеулерде Қазақ мемле­кеттілігінің алғашқы кезеңдері Сақ конфедера­циясы (Страбон), Үйсін, Қаңлыдан Оғыз мемлекетіне дейін Протоқазақтық Қимақ, Қыпшақ мемлекеті, одан кейін Моңғол ұлыстары билігі дәуіріндегі қазақ мем­лекеті, Жошы-Қыпшақ державасы, Ақ Орда мемлекетін қамтиды. Ақордалық кезең Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпа­ларының шапқыншылығы және Алтын Орда империясының салтанат құруымен аяқталады. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап Ұлы Дала ғана емес, бүкіл Шығыс барлық саладан алғанда Батыстан артта қала бастады.
Қазақ хандығының құрылуы мен отарлау кезеңіндегі қазақ мемлекеті, ал оның соңғы тәуелсіздік кезеңі мемлекеттік өркендеудің жаңа белесі ретінде көрініс тапқан. Осы уақыт кеңістігінде қазақ халқы үш мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениеттегі бай рухани және мәдени мұраны өзіне мирас етті.
Л.Н.Гумилевтің пайымдауынша, «бұл континент тарихқа белгілі уақытта үш мәрте біріккен. Бастапқыда оны Сары теңізден Қара теңізге дейінгі жерді қамтыған қағанат құрған түркілер біріктірді. Сібірден келген моңғолдар түркілердің орнын басты. Сонан соң толық ыдырау мен дезинтеграция кезеңінен кейін бастаманы Ресей өз қолына алды… Жаңа держава осылайша «Түркі қағанаты» мен «Моңғол ұлысының» «мұрагері» ретінде көрінді».
Ал Шыңғыс хан тұсында моңғолдар түріктене бастады, тарих сахнасына түркі-моң­ғол халқы шықты. Шыңғыс хан империя­сы­ның құрамындағы Дешті Қыпшақ жерінде құрылған Алтын Орда мемлекеті – түркі халықтары тарихындағы шарықтау кезең болып саналады.
Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық бөлігі, Балтық теңізінің шығысын­дағы өлкелер… Булгария, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді. Бату хан Мәскеу, Киев, Краков, Буда­пешт қалаларын алып, Орталық Еуропа, Түркия, Авст­рия, Чехия, Словакия жерін бағын­­дыр­ды. Алтын Орда халқы кейіннен қазақ халқы құ­ра­мына енген қыпшақ, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен бірге Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақ­тарынан… славяндардан құралды. Кейбір деректерде Бейбарыс пен Кетбұғаның бір-бірімен қыпшақ тілінде түсініскені туралы айтылады.
Жеті ғасырлық тарихы бар Осман империясы да Шығыс Еуропа мен Кіші Азиядағы қуатты күшке айналды. Ол Еуропада Балкан елдері, Молдавия, Малахия, Армения, Күрдістан, солтүстігінде Месопатамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджаз, Мекке, Медина, Белград, Грузияның батысы, Кипр, Тунис, Алжир, Триполи, Крит, Украинаның бір бөлігін бағындырғаны тарихтан белгілі. Ал оның жер аумағы Еуропа, Азия және Африка құрлығында 8 млн. шаршы метрді құрайтын ұланғайыр жерді алып жатты.
Әлемдік ой-сана тұжырымдарына қара­саңыз, мемлекеттілік туралы алғашқы қағидалар М.Цицероннан басталады Ал, бұл қағидалардың орнығуы Еуропадағы ағартушылық кезеңге сәйкес келеді. Жалпы еуропалықтардың көпке дейін көшпенділердің өмірінен мақрұм қалғаны баршамызға мәлім.
«Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты іргелі ғылыми зерттеуде жазылғандай, «көшпен­ділердің мемлекеттілігі туралы еуроцентристік ілімнің қайнары немістің таңдаулы философтары Ф.Гегель, И.Канттың философиялық көзқарасында жатыр. Олар көшпенді мал шаруашылығының табиғатын, динамикасын түсіне алмады. Көшпенділерді «малымен бірге өріп, бірге жусап күнелтіп, ат жалында жүрген жаугершілер» деп таныған олар көшпенділерді адамзат өркениетінің тарихқа дейінгі ІІ кезеңіне жатқызады да «Көшпенділер мемлекет деңгейіне көтеріле қоймаған жұрт, олар тек өркениетке жетілген еуропалықтардың ықпалында немесе отырықшы мәдениетпен ұштасқанда ғана мемлекет деңгейіне көтеріле алады» деген қорытынды жасалады. Бұл іс жүзінде еуропалықтардың Азияны отарлау саясатының идеологиясы болды.
Ал Шыңғыс хан құрған нағыз көшпенді империя Еуразия кеңістігінде шыңдалып, сыннан өткен мемлекеттік бірнеше құрылымдарды қалдырып, 240 жыл салтанат құрғанын ескерсек, мемлекеттік жайлы еуроцентристік қағи­даның өміршең еместігіне көз жеткізе алатын сияқтымыз».
Жалпыұлттық кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин тарихшыларға мемлекеттік маңызы бар осындай күрделі тақырыптарды қайта зерделеу қажеттігін атап өтті. Ол «Қазақ­станның қазіргі аумағы негізінен қазақ этносын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәйкес келетінін алға тартып, ол тайпалардың XV ғасырда аяқастынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмегенін» тағы айтты.
«Ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түр­кілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мем­лекеттік құрылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ.
Бұл құрылымдардың қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түркілік) антропологиялық тип пен арғы түркілік тілдік топты қалыптастырудағы рөлі қандай?
Олардың Қытай, Рим, Кушан империяларымен, Парфиямен және басқалармен өзара қаты­насының (саяси, экономикалық және мәде­ни байланыстарының) жүйесі қандай болған?
Сонымен қатар Ұлы Жібек жолының, әсіресе оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің – Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кірігуі мен бірін-бірі байытуына, Орталық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекеттерінің, әсіресе Шығыс елдерінің мәдени-өркениеттік қарым-қатынасына қалайша септескен?» деген сауалдарды ортаға тастады.
Өкінішке орай, қазіргі тарихнамада еуроцентризмнің ықпалымен бір-бірімен кереғар күштер – көшпелілер («варварлар») мен отырықшы халықтар («өркениеттілер») күресумен өткен деген түсінік басым. Алайда уақыт өте келе зерттеушілер мұндай түсініктің дұрыстығына барған сайын көбірек күдік келтіре бастауда.
Түркі-славян өзара байланыстарының тарихы тек қана соғыстардан, әскери жеңістер мен жеңілістерден тұрмайды. Бұл ең алдымен санқырлы сауда, саяси, әскери, мәдени өзара байланыстардың тарихы екендігі естен шығарыла береді».
Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің сөзімен айтқанда, «көшпенділер мен егіншілік көне замандардан әлемдік бірлікке тартылып отырылды, көшпенді бұл бірлікті «әлемге кіру» деп түсінсе, егіншілер «әлемді өзіне сіңіріп салуға» ұмтылады. Ежелгі көшпендінің «мәңгілік көкке сыйынуы» егіншілерді Көктің ылғал-жауынынан айырып, көшпендінің егіншілерге деген жаулық қатынастарын білдірді». Бір замандардағы осы соғыс пен жаугершілік енді бізге жат болуы тиіс, сонда ғана біз өркениетті елдер қатарына қосыла аламыз.
Дәстүрлі экстенсивті мал шаруашылығының созылмалы дағдарысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында шарықтау шегіне жетті. Жартылай көшпелі экстенсивті мал шаруашылығы ХХ ғасырда экономикалық жағынан тиімсіз болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлттық апатты өндіріс тәсілі болды.
Ұлттық тарихымызды жаңғыртуға байланысты жалпыұлттық кеңесте көтерілген тақы­рыптарға байланысты мынадай мәселелерге де көңіл аударғанымыз жөн болар еді. Елі­мізде Қазақ мемлекеттілігін айқындайтын ес­керткіштердің бірі – Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік монументі», оның ұшар басындағы Сақ жауынгерінің бейнесі көне тарихтан сыр шертеді. Ал Астана қаласындағы «Керей мен Жәнібек хандарға» арналған ескерткіш – хандық биліктің жарқын бір көрінісі. Егер хро­нологиялық жағынан келсек, бізде осы екеуін сабақтастыратын түркілік дәуір мен Алтын Орда заманынан бірде-бір ескерткіш жоқ. Түркі халықтарына ортақ тотем «Көк бөрі», ол тәңіршілдік пен қаһармандықтың белгісі. Әлекеңдер (Бөкейхан) жаңғыртқан Алаштың сим­волы. Италиядағы ағайынды Ромул мен Ремді құтқарған Капитолий қасқырын қасиет тұтқан ежелгі римдіктер сияқты, біз неге «Көк бөрі» бейнесін сомдайтын тарихи ескерткіш орнатпаймыз?!
Бүгінде Қазақстан құрамына 4 мемлекет кіретін Түркі кеңесінің мүшесі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, әлемдегі түркі халықтарының ұрпақтары 42 ұлтқа бөлінген. 250 миллионға жуық түркі халықтарының 75 миллионы Түркияда шоғырланған. Дегенмен, Түркі әлемінің көшбасында Қазақстан тұр. Мұның өзі бүгінгі ұрпақты зор мақтаныш сезімге бөлейтіні сөзсіз.

Таңбалы

$
0
0
ТАҢҒАЖАЙЫП «ТАҢБАЛЫ»
10.07.2013 21:24 Тәшенов Төреғали
063
Есте жоқ ескі замандағы адамзат тарихының бедерлері – тау мен тасқа қашалып жазылған суреттер екені белгілі. 
Сондай ғажайып археологиялық мекеннің бірі – бұдан он жыл бұрын құрылып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енген «Таңбалы» қорық кешені. Өткен аптада Алматы облысы Жамбыл ауданының солтүстік батысындағы Мәтібұлақ селолық округі аумағында орналасқан ашық аспан астындағы ғажайып музей қорыққа жолымыз түсті. Алматы қаласынан шамамен екі жүз шақырымдай жердегі қорыққа баратын автокөлік жолының біраз бөлігі жақсы болғанымен, қалғаны кедір-бұдырлау екен, үш сағаттай жол жүрдік. Мидай далада орналасқан Қарабастау ауылы бар-жоғы он сегіз үйден тұратын шағын ауыл екен. Кеңес заманында қой совхозының бір фермасы болған ауылда қазір бастауыш мектеп те қалмапты. Оның орнына әр үйден отарлы қой өретінге ұқсайды. 

Есте жоқ ескі замандағы адамзат тарихының бедерлері – тау мен тасқа қашалып жазылған суреттер екені белгілі. Сондай ғажайып археологиялық мекеннің бірі – бұдан он жыл бұрын құрылып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енген «Таңбалы» қорық кешені. Өткен аптада Алматы облысы Жамбыл ауданының солтүстік ба­тысындағы Мәтібұлақ селолық ок­ругі аумағында орналасқан ашық аспан астындағы ғажайып му­зей қорыққа жолымыз түсті. Алматы қаласынан шамамен екі жүз шақырымдай жердегі қорыққа баратын автокөлік жолының біраз бөлігі жақсы болғанымен, қалға­ны кедір-бұдырлау екен, үш са­ғаттай жол жүрдік. Мидай далада орналасқан Қарабастау ауылы бар-жоғы он сегіз үйден тұратын шағын ауыл екен. Кеңес зама­нын­да қой совхозының бір фер­масы болған ауылда қазір бас­тауыш мектеп те қалмапты. Оның орнына әр үйден отарлы қой өре­тінге ұқсайды. Осы ауылдың шет жағында орналасқан, сыртында «Қазақстан Республикасының Мә­дениет және ақпарат минис­трлігі Мәдениет Комитетінің «Таң­балы» Мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи қорық мұра­жайы Республикалық мемлекеттік мекемесі» деген жазуы бар ғи­маратқа ат басын тіредік. Мұндағы қорық кеңсесі осы. Бізді аталмыш қорық мұражайдың жақында ғана тағайындалған директоры Ерлік Әлімқұлов қарсы алды. Астана қаласының он бес жылдық мере­кесіне орай арнайы шақырылған баспасөз өкілдері мен құрметті қонақтарға ашық аспан астындағы қорық мұражайды таныстыру мақ­сатында ұйымдастырылған шараның беташары осы жерде өтті. Шөлейт дала, өкпек желдің өті болса да, музейдің айналасын жап-жасыл баққа айналдырып қойыпты. Музей ішіндегі тастағы суреттердің көшірмесі, қыш құ­мы­ралар мен тұрмыстық бұйым­дарды, тағы басқа жәдігерлерді та­машаладық. Ашық аспан астын­дағы қорық мұражай осы жерден төрт шақырымдай жерде екен, тарихи аңғардың кірер аузына дейінгі жазыққа көлікпен барып, ары қарай жаяу тарттық. Авто­көлікпен кіруге тыйым салынған. Әне-міне дегенше жаяу соқпақпен қошқыл түсті жақпар тастар көм­керген қасиетті шатқалға да келіп жеттік. Бұлақ суы жылтырап жат­қан сай табанында шеңгел мен қамыс ұйыса өсіпті. Ежелгі адам­дардың тұрмысынан, өмір тіршілі­гінен хабар беретін жәдігерлер бе­дерленген қой тастарды айна­лып қарап, қолмен ұстап, көзбен тінтудеміз. Қорық мұражайдың жол бастаушы ғылыми қызметкері тастағы әрбір тарихтан мағлұмат беріп, әсерлі етіп түсіндіруде. Қола дәуірінің суреттері өте ірі, терең және мұқият қашалып іс­телген екен. Жартасқа ойып са­лын­ған суреттер уақыттың то­заңымен бірте-бірте бітеліп, тас­пен бірдей болып кеткеніне қарамастан, сарғыш түспен көзге ерекше шалынады. Ең ежелгі әрі ең құнды ескерткіштер де осылар. Кейінгі темір дәуірі, сақ және орта ғасырларда толықтырылып салынған бедерлер ақшыл тартып тұр. Жалпы, жартастағы суреттер­ді төрт топқа бөліп қарастырады екен. Бәрін қосқанда, жалпы саны бес мыңдай петроглиптерді, түрлі эскиздерді тамашалауға бо­лады. Садақ ұстаған аңшы, қос дөңгелекті арба, аңшы ит, аша тұяқты жануарлар: түйе, арқар, жылқы, бұғы, марал, қос ұзын мүйізді өгіз бейнелері әр тұстан андыздайды. Тағы бір тұстан «Азия дауысы» фестивалінің эм­бле­масы – «Күн шашақты Тәңір» таңбасы көзімізге оттай басылды. «Күн құдайы» мен «Ай құдайын» он екі жанның қоршап, билеп жүргеніне қарағанда сол заманда-ақ адамдар бір жылдың он екі айдан тұратынын анық білген бе дейсің. Күн құдайына арнап құрбандық шалған орынды сол жердің ыс басқан топырағының өзі айтып тұр.
Елсіз қуыста орналасқан жырадағы петроглифтер алғаш 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Оңтүстік Қазақ­стан Жетісу экспедициясының күшімен, тұңғыш кәсіпқой архео­лог Анна Георгиевна Макси­мо­ваның жетекшілігімен ашылыпты. Одан кейін көптеген ғалымдар ғылыми-зерттеулер жүргізіп, бір­неше монографиялар жарық көр­ген. «Таңбалының» бағын шын мәнінде, Тәуелсіздік ашты. Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің №1052 қаулысымен 2003 жылы қазан айында «Таңбалы» мемле­кеттік тарихи-мәдени және таби­ғи қорық-мұражайы болып ұй­ымдастырылып, келесі жылы ЮНЕСКО-ның қорғауына алын­ған.
Біз барған кезде Таңбалыда ғылыми-зерттеу жұмыстары жал­ғасуда екен. Алматыдағы «Остров Крым» ғылыми-зерттеу лабор­о­ториясының қызметкерлері ар­найы келісімшартпен геологиялық зерттеулер жүргізу үстінде. Топ жетекшісі Қырым Алтынбековтің айтуынша, ежелгі қола дәуіріндегі суреттердің үстіне кейбір жүгенсіз туристердің өз аттарын шимайлап, жартасқа басқа да белгілер қалды­рып кеткен тұстары аз ұшырас­пайды. Сондай бүлінген жерлерді тазарту үшін әлгі тастың өзінен арнайы химиялық ұнтақ дайын­дап, оны бүлінген жерге еппен жағу арқылы бұрынғы қалпына келтіреді екен. Адамды айтпаған­да, уақыт шіркін қаншама ғасыр­лардан бері өз таңбасын салғаны айқын аңғарылады: тау жыныс­тары әбден шөккен, алып тастар жарылып, қабыршықтары түсіп, кей жерлері үгітіліп тұр. Ежелгі суреттер салынған сондай тастар­дың бірінің қақ бөлінген тұстарын қайта біріктіріп, қатырып қойыпты. Әрине, бұл күнде тас­тағы суреттердің бәрінің көшір­мелері жасалып қойылған. Бірақ түпнұсқаның мәңгілік сақталға­нына не жетсін. Кезінде «Отар» әскери полигонының елу тонна­лық шынжыр табанды танктері қасиетті шатқал маңайын аяусыз таптағанға ұқсайды, соның да әсерінен тастардың құлап, жермен жексен болуы ғажап емес.Қола дәуіріне жататын жас босанған әйел мен дұғаға қолдарын жайып отырған адамдар бейнеленген суреттер көмескі тартып, тастың сыртқы қабыршағы опырыла бастаған. Біз тамашалап отырған осы ғажайып бейнелерді енді бір елу жылдан соң келетіндер анық көре алмайтын шығар. Түпнұс­қаны сақтау үшін тастың қабығын сыдырып алу керек, ол мүмкін емес, қырық бөлшек болып бөлі­ніп кетері анық. Ашық аспан ас­тындағы музей болған соң, тауды әйнекпен тағы қоршап қоя алмай­сың. Болашақ ұрпақ тек көшірме суретін тамашалауы мүмкін. Оған дейін түпнұсқаны сақтап қалатын жаңа технология да табылып қалар бәлкім, деп өзіңді жұбат­қан­нан басқа амал кем.
Ғажайып таңбаларға толы шат­қалды аралап шығу аумағы ша­мамен бір жарым, екі шақы­рымды құрайды екен, соның өзі үш сағаттай уақытымызды алды. Осы үш сағаттың ішінде ойша қола дәуірге барып, ежелгі қауым­ның тыныс-тіршілігінен толық хабардар боласыз. «Таңбалыға» өз қазағымыздың қызығушылық біл­діруі аздау, есесіне АҚШ, Жа­пония мен Еуропа елдерінен ат басын бұратын туристер көп. Сол үшін ағылшын тілін де меңгеріп алдым» дейді сөз арасында бізге гид болып жүрген Қарабастау ауылының тұрғыны. Биылғы алты айдың өзінде мұнда 312 шетелдік саяхатшы келіп кетіпті. Ал өз елімізден барғандар саны жарты жылда екі мыңдай адамды құрап­ты. Жалпы, қорыққа мамандар, қорықшылар мен гидтар жер­гілікті ауыл тұрғындарынан оқы­тып үйрету арқылы тартылады екен.
Сапар барысында көзіміз жет­кеніндей, жартас басындағы үш мың жыл бұрынғы суреттерді та­машалау үшін балалар мен қарт кісілердің түсіп-шығуы қиындау. Сол үшін арнайы жолдар қаша­лып, баспалдақтар жасап қоюға болар еді. Шіркін-ай, дейсің, егер де осында қола дәуіріндегі қонақ үйлер, яғни тас үңгірлер салынып, жабайы аңның терісін жамылған күтушілер қол қусырып қызмет көрсетсе, шетелдік туристер есте жоқ ескі заманның тыныс-тірші­лігімен тыныстап, қона жатып, қызыққа батар еді. Оны айтпа­ғанда этноауыл тұрғызу, мини хайуанбақ ашу, атпен серуендеуді ұйымдастыру жұмыстары сұра­нып-ақ тұр. Бұл орайда Қарабастау ауылының тұрғындарын еңбекпен қамту мәселесі де өз-өзінен ше­шілері хақ. Бұл шаруалардың бар­лығын үйлестіру – жақында қо­рық музейдің басшылық тізгінін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елеусіз Жанпейіс­ұлынан қабылдап алған Ауған соғысының ардагері, облысқа белгілі қайраткер азамат Ерлік Әлімқұловтың мойнында. Ең басты міндет – біздің заманымызға дейін жеткен дүниежүзілік мәнді мұрағатты ары қарай да аялап сақтау. Бізбен бірге болған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының орынба­сары Балтабек Досмұхамбетов бастаған, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер теа­тры­ның режиссері Балтабай Сейіт­мамытұлы қоштаған, Алма­ты облыстық «Жетісу» газетінің қызметкері Қуат Қайранбаев, «Ал­маты ақшамы» газетінің қыз­меткері Ермек Зәңгіров сынды журналистер бар қонақтар музей қызметкерлеріне толайым табыс тілеп, адамзаттың тарихи мәдени мұрасын мәңгілік сақтауға қатыс­ты ойларын білдірді. Алдағы жылдары Астана қаласындағы «ЭКСПО-ға» жиналатын мил­лион­даған адамның ішінен осы «Таңбалыға» қарай тартып кете­тін­дері аз болмаса керек. Ендеше, таңғажайып сырға толы «Таңба­лыны» әлемге танытып, халық­аралық туризмді дамытатын тұс таяу деген сөз, оған дайындықты да дәл осы кезден бастау керек емес пе?!.

АЛАШТЫҢ ОРТАҚ БАТЫРЫ

$
0
0

АЛАШТЫҢ ОРТАҚ БАТЫРЫ

 

 

 

Берекет КӘРІБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ТҰРАҚТЫ ӘСКЕР БОҒАН ЖОҚ

Бөгенбай батырдың заманындағы қандай батырларды ерекше атар едіңіз?

Қай заманда болмасын, әрбір мемлекет дербес өмір сүру үшін ең алдымен өз-өзін қорғай білетін әскері болуы керек. Елді қорғау, азат ету міндеті негізінен батырларға жүктеліп отырды. Сондықтан да қай кезде де елде, қоғамда батырлардың маңызы жоғары болып отырған. Қазақ халқының ең қиын қыстау кезеңі ол XVIII ғасыр. Әсіресе қазақ-жоңғар қатынастарының проблемасы. Тіпті XVIII ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқы үшін өте қиын болды. Жеке мемлекет болып сақталып қалудың өзі мұңға айналған кездер болған. Міне осындай кезде қазақ елінде батырлардың ролі бірінші орынға көтерілді. Халықтың санасында, халықтың жадында сақталып қалған кез ол – XVIII ғасыр. Қазақта «тақыр жерге шөп шықпайды» деген мақал бар. Сол сияқты батыр болған жерде ол жалғыз болмайды. Әр дәуірдің өз батыры бар. Нақтырақ айтатын болсақ, XVIII ғасырдың 20-жылдарынан бастап XVIII ғасырыдың екінші жартысына дейінгі аралықта Бөгенбай батырдың алатын орны ерекше. Әрине ол жалғыз емес. Бөгенбай батырдың тұсында жиі айтылатын, онымен үзеңгілес болған, серіктес болған, қарулас болған батырлардың қатарына Қаракерей Қабанбай батыр, Шапырашты Наурызбай батыр, Олжабай батыр, Малайсары батыр, Табын Бөгенбай, Керей Бөгенбай, Шақшақ Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет сияқты көптеген батырлар болған. Кейбір батырлар бар, мәселен мың адамды, жүз адамды басқарған. Ал үлкен батырлар түменді басқарған.

Біздің ел болып, халық болып, жеке мемлекет болып өмір сүріп жатқанымыз XVIII ғасырдағы осындай батырлардың ерен ерлігі арқасында болып отыр.

Бөгенбай батырдың батырлығынан бөлек қандай қасиеттері болған?

Бөгенбайдың батырлығынан бөлек көріпкелдік қасиеті болған. Осындай қасиеттерінің арқасында Бөгенбай батыр халық жадында әлі күнге дейін ұмытылмай айтылып келеді. Кіші жүздің Әлім руының ішінде Ақтам батыр деген болған. Тіпті халық жадында «Ақша бұлтты Ақтам батыр» деген сөз қалған. Хиуаның әкімі Баба ханмен болған соғыста Хиуа әскері білтелі мылтықпен Ақтам батырдың қолын қалаға жақындатпай қояды. Сөйтіп Ақтам батыр құран оқып, әруақтарын шақырады. Сол кезде аспанға ақша бұлт үйріліп, бірден жауын жауып кетіп Хиуа әскерінің мылтықтарына су кіріп атылмай қалады. Екінші рет қайтара шабуыл жасаған кезде Ақтам батырдың әскері қамалдың ішіне кіріп хиуалықтарды қырып тастаған деген деректер бар. Сөйтіп Ақтам батыр Сыр бойындағы Хиуаның ықпалын әлсіреткен. Қазақтың әр батыры өзінің ерекше қабілеті арқылы кейіннен есімі ұранға айналған. Бөгенбайдың басқа батырлардан ерекшелігі, оның батырлығы бір бөлек, сонымен қатар орақ тілді шешендеп сөйлейтін болған. Осы қасиетінің арқасында кейіннен Бөгенбай батыр жасы келгенде елшілік қызметті атқарған. Абылай ханның сыртқы елдермен қарым-қатынасында әсіресе, Қытаймен, Орта Азия, Қырғыз елімен байланысты, былайша айтқанда сыртқы саясаттың негізгі принциптерін анықтап беріп, маңызды істерде Бөгенбай елшілікті басқарып жүрген. Жай адам елші бола алмайды. Дипломат болу үшін тарихты білу керек, болашақты болжай білу керек. Сөйтіп екі ортада екі жаққа тиімді мәмілеге келу керек. Мұндай іс әрбір адамның қолынан келе бермейді. Ерекше дарынды адамдардың ғана қолынан келеді. Сондай дарындылық Бөгенбай батырда болған.

Бөгенбай батыр қандай ірі соғыстарға қатысқан және солардың қайсысында қазақ қолын жеңіске бастап, шешуші рөл атқарған?

Аңызға сүйенген ауызша тарихымызда Бөгенбай есімді 4-5 адам бар. Және бір ерекшелігі бір Бөгенбайдың ерлігі қалған Бөгенбайлардың барлығында дерлік кездеседі. Біздің тарихшылардың міндеті осыларды нақтылауымыз керек. Ол кезде бірін-бірі шатастырмауы үшін атымен қоса рудың да атын атаған. Мысалы, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Табын Бөгенбай, Керей Бөгенбай. Кейбір жазбаларда Бөкенбай деп жазылса, кейбір деректерде Бөгенбай деп жазылады. Соңғы зерттеулерге қарайтын болсақ, біз әңгіме етіп отырған Қанжығалы Бөгенбай туып өскен жеріне байланысты, Қаратау тауының етегіндегі Бөген өзенінің жағасында деректер бойынша 1680 жылы дүниеге келген. Ал батырдың кейінгі өміріндегі бүкіл іс-әрекеті Орталық Қазақстан территориясындағы арғын тайпаларының жайлауы болған жерлерде өтеді.

Үмбетейдің жырларында Бөгенбай көп айтыла бастады. Ең алдымен ең ірі жеңісі Тәуке ханның жарлығы бойынша қазақ қолын басқарып Еділ қалмақтарымен соғысқан. XVIII ғасырдың алғашқы жылдары қазақ қолын басқарған Бөгенбай Еділ қалмақтарын талқандап, сонау Еділ өзенінен асырып тастаған. Ұлы Отан соғысындағы шайқастарға қарасақ, Мәскеу түбіндегі, Сталинград, Курск түбінде болған шайқастар өте маңызды болса, дәл осы Еділ бойындағы қалмақтармен болған шайқастың да қазақ халқы үшін маңызы зор еді. Бөгенбай батырдың екінші басшылығымен болған жеңістеірінің бірі Бұланты өзені бойындағы болған ірі шайқас жатады. Бұл да «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадағы» алғашқы жеңістерінің бірі болды. Бұл жеңістен кейін Бөгенбайдың тек қана Орта жүздің емес, бүкіл қазақ қазақ тарихындағы ролі асқақтайды. Одан кейінгі ірі жеңіс Ордабасы жиынынан кейін болған Аңырақай шайқасы. Бұл шайқаста қазақтың барлық белді батырлары қатысты. Сондықтан да жеңіс бүкіл қазаққа, бүкіл батырға ортақ. Бірақ тарихшылар нақты кейіпкерді айтып отырса, бүкіл жұмысты соған түйрей салады. Яғни біреулер бұл шайқаста Қабанбай басшылық жасады дейді. Ал біреулер Бөгенбай басшылық жасады деседі. Тіпті кейбір  ғалымдар Наурызбай батыр басшылық жасады деп жүр. Менің ойымша нақты қай батыр болса да, қазақтың барлық батырының қосқан үлесі бірдей болды. Осы шайқастардан кейін Бөгенбай батырдың мемлекеттілік қайраткерлігі арта түседі. Яғни ол тек қана соғыста ғана емес, сонымен қатар екі елді татуластыру, қатынастар секілді істерге араласа бастаған. Деректерге сүйенетін болсақ Бөгенбайдың қатысуымен болған ірі-ірі оқиғалар жоңғар мемлекетін толық талқандап, Қытаймен болған қарым-қатынас бар. Бір зерттеулерде 1756 жылы қазіргі Шығыс Түркістан аймағында Бөгенбайдың қатысуымен шүршіттерді талқандады делінеді. Осыдан кейін Шүршіттердің қазақ жеріне кіруі тоқтатылады дейді.

XVIII ғасырдың 50-жылдары Әбілқайыр дүниеден өткенде Абылай ханның тарих аренасына көтерілген сәті. Абылайдың кеңесшісі, ақылшысы, батыры және сыртқы саясатты жүргізетін бағыт берушісі болды. Өкінішке орай нақты жазба дерек болмағандықтан, амалсыздан ауыз әдебиетіне сүйенеміз.

Шақшақ Жәнібек батырдың, Баян батырдың, Есет батырдың, Малайсарының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте атқарған ролі қандай (әрқайсысына жеке-жеке тоқтап айтып берсеңіз)?

Қазақ қоғамында тұрақты әскер болған жоқ. Ал тұрақты әскер болмағандықтан, қазіргі кездегідей әскердің құрылымдық жүйесі болған жоқ. Ол кезде жасақтар болған. Тек соғыс уақытында ғана жиналып, бейбіт заманда таралып кететін. Сонымен қатар қазақ жасақтары рулық, тайпалық, жүздік принцип бойынша құрылған. Яғни жау келіп қалатын болса, әр рудың, әр тайпаның ішінен шыққан батырлар қол жинаған. Рулық, тайпалық батырлар және халықтық батырлар болған. Орыс деректеріне қарайтын болсақ, Шақшақ Жәнібектің есімі Әбілқайырмен, Табын Бөгенбаймен қатар жүреді. Яғни ол кезде Шақшақ Жәнібек рулық, тайпалық деңгейден өтіп, бүкіл халықтық деңгейдегі тұлғаға жеткен. XVIII ғасырдың 30-жылдары Тевкелевтің Әбілқайырдың ордасына келгенде, оған қарсы қазақ қоғамында екі пікірге бөлінеді. Бірі орыс елшісін өлтіру керектігін айтса, екінші жақ оны аман қалдыруды ойлайды. Осы кезде Әбілқайырды қолдаған екі үш батыр болды. Олар Табын Бөгенбай, Тама Есет батыр және Шақшақ Жәнібек батырлар болды.

XVIII ғасырдың 30-40-жылдарына қарай қазақ жеріне ақырын кіре бастаған Патшалық Ресей кейбір батыр, сұлтандарға жеңілдіктер жасайды. Соның арқасында олар салықтан босатылатын. Жәнібек батыр қазақта алғашқылардың бірі болып Ресейден «тархан» атағын алады. Тіпті қазақ қоғамындағы ішкі-саяси жағдайды тұрақтандыру үшін 1748 жылы Әбілқайыр қайтыс болғанда, ары қарай Кіші жүзде таққа отыру мәселесіне келгенде үлкен жиын болып, ақырында Әбілқайырдың баласы Нұралы хан сайланады. Нұралының хан болып сайлануы үшін орыс императорлығының рұқсатын алу керек болды. Сол мәселемен Шақшақ Жәнібек батыр Петерборға барып келеді. Императордың қабылдауында болып, Әбілқайырдың орнына үлкен ұлы Нұралының хан болатындығы туралы жарлық алып келеді. Кейін Орынбордан Нұралыны жергілікті әкімшілік ресми түрде хан сайлайды.

Аңыз бойынша тарихта Әбілқайыр хан әулетінен болса да, әкесі жастай қайтыс болып шамалы жетімдік көрген екен. Бір күні Шақшақ Жәнібек бір сапармен жолда келе жатып алыстан өсіп тұрған жалғыз ағашты көреді. Жақындаған кезде ағаштың жанында бір ат байлаулы тұр екен. Көлеңкеде 16-17 жасар жас жігіт ұйықтап жатады. Батырдың жанындағылар баланы неге сәлем бермеді деп ойлайды. Бірақ жігіт оянбастан екі қолын екі жақа жайып тастап ұйықтап жатыр екен. Оның жатысына қарап Жәнібек батыр мына бала ертең бүкіл елді басқаратын адам болады екен, тегін адам емес екен деп ойлайды. Соған қарамастан жанындағы көмекшілері найзасымен баланы түртіп оятады. «Бүкіл елге танымал батырға неге сәлем бермейсің?»-дегенде сонда жас бала беліндегі қанжарын суырып алып, адамдардың көптігіне қарамастан айбат шегіп тұрады. Сөйтіп жөн сұраса келе ол Қажы сұлтанның баласы Әбілқайыр екен. Бірақ кедейшілікте жүрген екен. Кейін Шақшақ Жәнібектің қолдауымен 1710 жылы Әбілқайырды хан сайлайды. Сол кезде Әбілқайыр шамамен жиырманың үстіндегі жас бала болуы керек.

                   Әңгімелескен Руслан БАҚЫТЖАН, «Аңыз адам» журналы 

ШӘКӘРІМ ҚАЖЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБАСЫ ТАБЫЛДЫ!

$
0
0
БАСТЫ АҚПАРАТҚОҒАМ— 08 шілде 2013 - 234 рет оқылды

«80 жылдай сақталып келе жатқан бұл тарихи құндылықтың мәнін  Иманғалидай ағаларымыз  ғана     түсінер деп ойлаймын…»

 




 

 Қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи қолжазбасы табылғаны туралы кезінде «Жас қазақ үні» газетінің 2008 жылғы № 19, 20, 22, 23-і сандарында жарияланған болатын. Онда Қытайдағы белгілі жазушы Көбен Асқарұлының   «Қытай қазақтарына екі алыптың ерекше әсері» атты көлемді мақаласында бұл туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Енді бүгінде тарихымызға басқаша қарап,  өткенімізді  шынайы бағамдайтын кезең келгені анық.  Бұл туралы 5 маусымда мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің  өткізген жиыны қоғамымызды бір серпілтіп тастады. Осындай жағдайда кезінде газетімізде көтерілсе де, ел елеңдей қоймаған  Шәкәрім қажының  80 жылдай жасырынып келіп, енді  табылған қолжазбасы туралы мәселені қайта көтеру сұранып тұрған секілді… Ендеше осы тақырыпты  енді Көбен ақсақалдың ұлы Ерлан  қозғайды.

 

 

-Ерлан, сенің қолыңдағы қолжазбаның Шәкәрім қажының қолжазбасы екеніне сенімдісің бе?

 

-Сенімдімін. Десе де, ғалымдардың зерттеуінен өткені дұрыс болар еді.

 

-Бұндай құнды дүние туралы бұрын да біздің газетіміз арқылы  «Шәкәрім қолжазбасы елеусіз қала бере ме?» атты сұхбат берген едің. Қолжазбаны сұрап, өзіңді іздеген адам болды ма?

 

-Жоқ. Ешкім сұрастырмады. Байқасам, сіздердің редакцияға да хабарласып, қолжазба туралы сұрасқан адам шамалы сияқты.

 

Асқар Татанайұлы мен ұлы Көбен

 

-Шәкәрім қолжазбасы  Қытайға белгілі ақын, қайраткер, анабір жылы 100 жылдығы  Қазақстанда да тойланған  Асқар Татанайұлы атаңның қолына қалай тигені туралы қайталап,  нақты айтып берсең?

-Бұл туралы әкем Көбен Асқарұлының сіздердің «Жас қазақ үні» газеттеріңіздің 2008 жылғы № 19, 20, 22, 23-і сандарында жарияланған «Қытай қазақтарына екі алыптың ерекше әсері» атты көлемді мақаласында толық айтылған. Атам Асқар Татанайұлы 1935 жылы «Шыңжаң Алтай» газетінде жұмыс істеп жүргенде Кеңес одағынан қашып келген Шәкәрімнің ұлы Зиятпен танысады. Газетке Зияттың өлеңдерін жариялайды. Осылайша екі ақын жақын араласып, танысады. 1936 жылы Зият қайын атасы Сейітқазы Нұртаевке еріп, Үрімжіге кетерінде атамның ұстазы, «Алашорда» партиясының мүшесі, Кеңес одағынан қашып келген Кәрім Дүйсебаевке: «Мынау әкемнің қолжазбасы, көзіңіздей көріп сақтаңыз. Мен Үрімжіге кетіп барамын. Мынау заман қай қырына аларын кім білсін. Сіз қазақтардың арасында жүрсіз ғой» деп қалдырып кетіпті. Кейін 1938 жылы Кәрім Дүйсебаев түнделетіп атамды үйіне шақырып алып: «Мынау Шахкәрім қажының қолжазбасы, баласы Зият Үрімжіге кетерінде қалдырып кетіп еді. Енді мені де сол Үрімжіге әкетіп барады. Ол жақта тағдырымның не боларын бір құдай біледі… Бірер іске тап болсам, бұл құнды қолжазбаны кімге қалдырармын? Сен қазақтардың арасында жүрсің ғой. Зият: «Көзіңіздей көріп сақтаңыз» деп еді, енді мен саған қалдырамын. Көзіңдей көріп сақта!»- деп табыстапты. Ал Зият пен Кәрім сол кеткеннен хабарсыз кетіпті. Қолжазба атамыздың қолына осылай келген екен.

-Шәкәрім қажы 1930 жылы атып өлтірілсе, соған дейін ол кісі кенже ұлы Зиятты Қытай асырып жіберген екен… Яғни бұл қолжазба сол кезден бері келе жатқан анық шын Шәкірім қажының қолжазбасы болса, онда құпия жасырылып жатқанына 83 жылдай болған екен ғой…

 

-Иә. Дұрыс айтасыз. Бірақ, Шәкәрімнің бұл қолжазбасы туралы  алғаш сіздердің «Жас қазақ үні» газетінде 2008 жылы жазылғанын жоғарыда айтып өттім. Сонда алғашқы мәлімет 2008 жылы жарық көрді деп есептесек, қолжазбаның бар екені 78 жылдан соң жарияланды деуге болады…

 

Белгілі ғалым Мырзагелді Кемелдің  2010 жылы шыққан «Шәкәрімнің ар ілімі» кітабындағы  «Шәкәрім өлімінің сыры» атты бөлімінде Зияттың кенже ұлы Мереке Зиятов былай дейді: «…Шәкәрім атамыздың ең кенже ұлы Зиятты Қарасартов қайта-қайта аузына алып отырады. Өкінішпен, Қытайға жіберіп алғанына қандай да бір қапамен әңгіме етеді. Зияттан екеу едік. Ағам жастай шетінепті. Мен 1937 жылы дүниеге келіппін. Ал әкем сол 1937 жылы Қытайдан жиырма шақты қайраткерлермен бірге алдырылып, атып өлтірілген. Атамыздың Зият әкеткен қолжазбалары осы күнге дейін Қытайда басылым көріп жатыр деп естимін… Шәкәрім Зиятты Қытай асырып жіберуге мойын ұсынған. Қытай елінде Зият қайраткерлігімен, айтулы ақындығымен көзге түскен. Қазақ тілінде алғаш газет шығарушылардың бірі болған. Таңжарық ақынмен бірге түрмеде де жатқан. Осындай енді бой көтеріп келе жатқан ірі тұлғаны Қарасартовтың жала жазбалары бойынша, кейінде біздің елге алдырып, «халық жауының баласы», «өзі де халық жауы» ретінде өлтірткен.»

Яғни, Зияттың әкесінің қолжазбасын Қытайға алып өткені де, онда қазақ газеттерінде істегені де белгілі жайт…

 

-Ой, мынау бір жақсы жаңалық екен. Біз де бұл жақта осындай әңгіме бар екенін шет жағалап естіген едік…

 

-Өзің қолжазбаны алып, тиісті орындарға кірмедің бе?

-Мен қолжазбаны алып, Алматыдағы ғылыми зерттеу орындарына бардым. Бірақ, ол жердегі ғылыммен айналысып отырған ғалымдарымыз: «кітапты сіз біз зерттеп болған соң алып кетесіз де, біздің еңбегіміз еш кетеді» деді. Аттарын атамай-ақ қояйын, бір ғалым ағамыз, кітапты тексеріп көріп:  «бұл кітаптағы жазу сол кезде жазылғаны анық, бірақ, Шәкәрім қажыныкі деп дәл басып айта алмаймын. Себебі, ол үшін бұнымен салыстырып дәлелдейтіндей қажының қолжазбасы болу керек» деді. Тағы  бір ағамыз: «бұл кітаптың ішінде «Үш анық» бар ма?» деп сұрады. Мен ол кісінің өзіне сұрақ беріп: «Шахкәрім қажының қолжазбаларын ұлы Зияттың өзімен бірге Қытайға алып өткені рас па?» деп сұрадым. Ол кісі «ол рас, Зият өзімен алып кеткен» деп жауап берді.

-Өзің Шәкәрім қажы қолжазбасын сексен жылдай сақтап келе жатқан шаңырақ өкілі ретінде данышпан абызымыздың шығармаларымен жақсы таныс шығарсың?

-Мен көз–құлақты оқырман ретінде Шахкәрім ақынның ұлтымыздың тарихы туралы сіңірген еңбегі бір төбе, әдеби шығармалары бір төбе деп ойлаймын. Ерекше атап өтуге тисті тағы бір артықшылығы, абыз ақынымыз Еуропа философиясында осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан, философтардың үлкен таласына айналған дүниенің пайда болуы, болмыс туралы да қалам тербеген қазақ зиялыларының ішінде өз дәуіріндегі жалғыз адам дер едім. Өз басым Шахкәрім қажыны философ деп танимын. Қажының философиялық шығармашылығында ақылгөйсу жоқ, таза болмыс пен құбылысты түсіндіру мақсатында тереңге ой жіберіледі. Оған дәлел қажының жазушы Сәбит Мұқановқа жазған бір беттік хатының өзінде қаншама ой жатыр.

-Қолжазба қазір өзіңнің қолыңда ма?

-Я, өзімнің қолымда. Ғалым ағаларымызға көрсетеміз деп жүргенде, бір парағын жыртып та алдық. Мен негізі, әкемнің үлкен ұлымын. Інім Қуандық Көбенұлы Үрімжіде Шыңжан телеарнасының қазақ редакциясында  редактор болып істейді. Мен үйдің үлкені болғандықтан, қазақы дәстүрге сай  атам Асқар Татанайүлының
қолында өстім. Сондықтан, атамнан қалған құнды мұраны атам: «Атамекенге барып, Тәуелсіз елімізде оқып, қызмет етіп жатырсың.     Бұл қолжазбаның ендігі болашағы  сенің қолыңда, иесі енді сенсің!»- деп маған табыстады.

  -Енді не істемек ойың бар? Руханиятқа қамқор, тарихи мұралардың құнын білетін қайраткер ағаларыңа хабарластың  ба?

-Иә, осындай оймен сіздерге тағы бір хабарласып, өзіңізге сұхбат беріп отырмын. Алматыда да, өзге өңірлерде де мен жолыққан    зиялы қауым «бұның қадірін бір      білсе, көрнекті мемлекет қайраткері, әдеби-мәдени дүниелердің жанашыры, қөлөнер бұйымдарын   зерттеуші Иманғали Тасмағамбетов  біледі» деп жатыр. Сол      кісі қамқор бола алады дейді. Үнемі мәдениетке қолдау көрсетіп    жүретін қайраткер ағамыз Ислам Әбішевтің   де атын  айтушылар көп. Сол кісілерге жолықсам   ба деп, ешбір ретін келтіре алмай  қойған соң, қалың қазақтың сөзін сөйлеп келе жатқан «Қазақ үні» газеті арқылы қайраткер азаматтарға үн қатуға тура келді… 80      жылдай сақталып келе жатқан бұл тарихи құндылықтың мәнін  Иманғалидай ағаларымыз  ғана     түсінер деп ойлаймын…

Қазыбек ИСА,

www.qazaquni.kz

  Редакциядан: Рухани дамыған шет елдерде, мәдениетін мәйек еткен мемлекеттерде  белгілі тұлғалардың қай  жерде  болып кетсе де, қалдырған бір жапырақ жазбасы табыла қалса, оның өзін көздерінің қарашығындай қастерлеп,    жоғары бағалап жатады. Ал әлемдік әдеби әлемде де ешкімнен кемдігі жоқ, қазақтың ұлы ақыны һәм ойшылы Шәкәрім   Құдайбердіүлының бір парақ емес, бір бума тұтас қолжазбасы табылып жатса, ол тарихи оқиға болуы тиіс!  Жалпы,  есін жиып, етегін жауып, қарыштап  келе  жатқан егемен елміз ғой, асылдың бағасын айыра алар асқаралы азаматтарымыз бар,  тарихи құнды қолжазба өз бағасын алып, құтты орнын табатынына сеніміміз мол.

Қазақ мемлекеттігінің тарихын қазақ хандығымен шектеуге болмайды

$
0
0

Қазақ мемлекеттігінің тарихын қазақ хандығымен шектеуге болмайды

13 Шілде 2013, 14:15801

 АСТАНА. 13 шілде. Baq.kz - Бүгін Алматыда «Көшпенділер мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының құрылғанына 2 жыл толуына арналған құрылтай-конференция өтіп жатыр.

 

 Қор қағаны (президенті) Сейдомар Батыржанның айтуынша, олардың басты мақсаты - қазақ халқының мәдениетін, тілін дамытуға атсалысу. «11-12 шілде күндері атап өтетін ұлттық мейрамын Моңғолия елі биыл Ғұн империясының құрылғанының 2222 жылдығына арнады. Эдуард Паркер деген ағылшын түркологының: «скифтер, ғұндар және түркілер бір ғана тайпаның әр замандағы әртүрлі атауы» деген сөзі бар. Сондықтан қазақ мемлекеттігінің тарихын Қазақ хандығымен шектеуге болмайды», - дейді С.Батыржан. Оның айтуынша, қазақ хандығының құрамындағы арғын, керей, найман, қыпшақ, үйсін сияқты тағы басқа да тайпалардың сонау ерте заманда өз алдына жеке мемлекеттері болған. Еркіндіктің атауындай болған «Қазақ» сөзінің тарихы Қазақ хандығының құрылуынан бұрын пайда болған. Қазақ жеріндегі мемлекеттіктің тарихы өте тереңде жатыр. Ол әлі толық ашылған жоқ.

Есік қорғанынан табылған күміс тостаған

$
0
0

Есік қорғанынан табылған күміс тостаған (фото)

11 Шілде 2013, 12:052560

Астана. 11 шілде. Baq.kz- Алғашқы «Алтын адам» Алматы қаласынан 50 км шақырым жердегі Есік өзенінің бойынан 1970 жылы археологиялық қазба кезінде көне қорымнан табылғанын білеміз. Қазір «Алтын адамдардың» саны алтауға жетіпті. Құдай, қазаққа амандығын берсе, әлі «алтын адамдардың» саны 16-ға жете ме, 26-ға жете ме, белгісіз? Өйткені, біз – жер-дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен, тарихы алтын әріптермен жазылған ұлы көшпенділердің ұрпағымыз.


Есік қорымынан алтын киімді сақ жауынгерімен бірге оның дуылғасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқтар және осы жазуы бар күміс тостаған табылды. Тостаған «Назарбаев Орталығында» сақтаулы тұр. Жасы б.з.д IV-V ғ.ғ деп есептеледі. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба орналасқан. Белгілі түркітанушы-ғалым Алтай Аманжолов оны «Аға, саңа очкуқ! Без чөк! Букун ічре (р?) азуқ і» деп оқыған. Мағынасы: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк!Халықта азық-түлік мол болғай!»

  • 234
  • 234
  • 234


Шәкәрім өмірбаяны

$
0
0

Шәкәрім өмірбаяны

Сәрсенбі, 26 маусым 2013 2:20

Шакарим омирбаяны-4

Шакерим-3

Төменде сөз етпегіміз – бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған архивтік деректер. Олар – Шәкәрімнің, басқа да Құнанбай ұрпақтарының болыс, би болып сайлану және марапатталу қағаздары. Ғұлама Шәкәрімнің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында оның ел жұмысына, билікке араласуы жайлы дәлел-дәйектер қолымызға көп түспей, тек тұспалмен ғана жазуға мәжбүр болдық. Ауызша естеліктер бойынша жасалған болжам-долбарды қанағат тұттық. Содан бері бес жыл зымырап өтіпті. Енді, міне, аса құнды архивтік айғақтар алдымызда жатқанда қалай қуанбасқа!

Ол кездегі қазақ даласына өкімін жүргізген генерал-губернатордың канцеляриясы Ресейдің Омбы қаласында орналасты емес пе. Мына соны деректер сонда шығып тұрған ресми басылым – «Киргизская степная газета» апталығынан алынып отыр. Аталмыш газет Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына жергілікті жандарал кеңсесі шығаратын «Акмолинские областные ведомости», «Семипалатинские областные ведомости» деген арнайы қосымша парақтармен таратылып отырған.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабында былай деп жазады: «Баймағамбет Абайдан Михайловқа (Михаэлиске деп оқыңыз -А.О.) хат апарған еді. Қоржын толы жаңа кітаптардан басқа Семейдің жандарал кеңсесі шығаратын «Облыстық мәлімдеме» атты газеті және Михайловтың Абайға жазған хатын берді» («Абай жолы», Алматы, 1989, 491-бет). Бұл арада жазушының ресми басылым «Семипалатинские областные ведомости» газетін «Облыстық мәлімдеме» деп сәл-пәл өзгерте, қысқарта атап отырғаны сөзсіз.

Сонымен, «Киргизская степная газетаның» қосымшасындағы 1897-1905 жылдар арасын қамтитын деректерге көз тігелік. Біздің қолымызда бұл басылымның төрт саны бар. Соның әуелгісі 1897-1898 жылдардағы жарлықтарды жариялапты. Олардың арасында Абайдың інісі Ысқақтың жарты жылдай істі болып, онан соң ақталып, қайтадан бұрынғы қызметіне (№4 ауылдың биі) оралғаны, ал баласы Ақылбайдың сырқатына байланысты болыстық қызметін інісі Мағауия қолына бергені жөнінде бұйрықтар бар. Екінші газеттегі дүниелер 1900 жылдың 20 ақпанында жарық көрген жарлықтар. Солардың бірі – болыстың кандидаты қызметіне (Мағауияның орынбасары) Тұрағұл Ибрагимов сайланды деп дерек береді. Келтірілген мәліметтерді екшеп, саралау өз алдына бөлек тақырып. Ал біздің мақсатымыз – Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты бұйрықтармен таныстыру. Олар қолымыздағы ескі газеттердің үшінші, төртіншісінде тұр екен.

 

«КИРГИЗСКАЯ СТЕПНАЯ ГАЗЕТА» №42

г.Омск. 21 октября 1901 года.

Утверждаются согласно выбора общества в должностях на трехлетие с 1902 по 1905 года.

 Чингизской волости: Управитель – Шакерим Худайбердин, кандидат на управителя – Рызыкпай Худайбердин, народных судей в старшинские аулы:

 №1-й Мухамеджан Майбасаров. №2-й Орынбасар Муратаев. №3-й Кыздар Мамбетеев. №4-й Азимбай Танирбердин.

 

1901 жылдың 21 қазанында Омбы қаласында басылған «Киргизская степная газетаның» №42 санында жарияланған жарлықтардың бірі осы. Көріп отырсыздар, көпшіліктің дауыс беруімен («согласно выбора общества») Шәкәрім Құдайбердіұлы болыс, ал оның кенже інісі Ырызықпай (1866-1919 ж.ж.) болыстыққа кандидат болып сайланған. Сол сияқты, жарлықта Шыңғыс болысының жиыны 11 ауылының (біз тек 4 ауылдікін ғана алып отырмыз) халық билері аталыпты. Байқап қарасақ, №4 ауылдың биіне Ысқақтың орнына Тәңірбердінің Әзімбайы сайланған. Неге? Себебі, күллі саналы ғұмырын ат үстінде өткерген ел ағасы Ысқақ 1901 жылы тосыннан қайтыс болады.

Сонымен, 1901 жылдың 21 қазанында Шыңғыс болысы сайлауы қорытындысы бойынша жарияланған жарлықпен таныстық (Жарлықтар соңына: «Степной генерал-губернатор генерал-лейтанант Сухотин» деп қол қойылған).

Қарастырылған деректер 1902-1905 жылдары Шәкәрімнің Шыңғыс болысы тізгінін ұстағанын дәйектейді. Ойшыл ақынның екі мәрте болыс (1878-1880 және 1887-1888 ж.ж.) сайланғаны бұрыннан мәлім, енді міне, үшінші мәрте болыс болғандығының куәсіміз.

Енді ескі газеттердің төртіншісіне ауысалық. Ол «Семипалатинские областные ведомости» атты басылымның 1902 жылдың 24 шілдесіндегі саны. Онда генерал-губернатордың жарлығына сәйкес әртүрлі марапат (шапан, күміс сағат, мақтау қағаз) алған оннан астам адамдардың арасында болыс Шәкәрім Құдайбердіұлы да бар. Жарлық шыққанда ақынның болыстық қызметіне кіріскеніне жарты жыл ғана толғанын ескергенде, сол өлшеулі уақытта әділетті билігімен бедел жинап үлгергенінің куәсіміз. Ахат Шәкәрімұлы өзінің естелігінде әкесінің болыстық пен би қызметіне көп жылдар араласқанын айта келіп, үлкендерден естіген мына сөзді келтіре кетеді: «Шәкәрім кісі қағуға жүйрік еді. Ұры мен айтушыны қаққаны ешбір билердің қаққанына ұқсамайтын. Айтушысы жоқ жұмысты тексергенде, демек, жеке ұрының, айыпкердің өзін қаққанда да шындығын табатын. Және Шәкәрімге келген адамдардың наразы болып кеткенін көргеміз жоқ».

Мінеки: «Шәкәрім адал, әділ еді», дейтін пікірді растай түсетін құжаттың бірін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Семипалатинские Областные Ведомости

П Р И К А З Ы

по Степному генерал-губернаторству,

г. Омск. 24 июля 1902 года №67

По засвидетельствованию Военного губернатора Семипалатинской области об отличной усердной службе и общеполезной деятельности мною награждаются:

1. Халатами ІІ разряда (бұл арада «халат» деп зерлі шапан, оқалы тонды айтқан – А.О.).

Управитель Бегеневской волости, Семипалатинского уезда Касен Узеханов и кандидат в управителя Коконской волости, того же уезда, Ермухамет Аймухаметов, за деятельность по искоренению коно и скотокрадства.

2. Халатами ІІІ разряда.

Рассыльный Семипалатинского уездного управления, киргиз Чаганской волости Кудайберген Мусабаев.

3. Серебряными часами.

Писарь Карамолинской волости, Павлодарского уезда Степан Размазин.

 Писарь Аккелинской волости, того же уезда, Бабабек Раимбеков.

4. Похвальными листами

Медицинский фелдьшер 3 участка Зайсанского уезда киргиз Базаровской волости Рахмет Талтаков.

 Управитель Чингизской волости, Семипалатинского уезда Шакирим Худайбердин.

 Управитель Бугулинской волости, Семипалатинского уезда Медеу Оразбаев.

 Управитель Бугулинской волости, Семи­палатинского уезда Рахманкул Джар­кинбаев.

 Киргиз Кызылмулинской волости, Се­ми­па­латинского уезда Туматай Байго­танов.

Подписал: Степной генерал-губернатор,

генерал-лейтенант Сухотин.

 

Алдарыңыздағы құжат Шыңғыс бо­лы­сының болысы «Шәкәрім Құдайбердиннің Мақтау парағымен («Похвальный лист») марапатталу фактісі. Не үшін екендігі де тайға таңба басқандай анық: «Об отличной, усердной службе и общеполезной деятельности», делінген. Семей облысы бойынша бірнеше жүз болыстардың арасынан биліктің көзіне түсу оңайшылық емес, әрине. Ол үшін ел ішін кеулеген барымтаның, жер мен жесір дауының жөн-жосығын тауып, дер кезінде шешіп отыру шарт. Сонда ғана халыққа жағасың, билік алдында беделді боласың. Мақтау қағазы бізге осыдан хабар береді.

Бұл тұста ұлы Мұхаң «Абай жолы» эпопеясында суреттеген Шұбар-Шәкәрім еске түседі. Ол атқамінерлер делінетін дала элитасы немесе осы деңгейге жақын жүрген топтан жырылып шыққан, мойны қатты шүу асаудай өр мінезді дарын иесі еді ғой. Мәселен, эпопеяның «Қастықта» тарауында жазушы Шұбардың бейнесін былайша айшықтап береді: «Бұл Абай өлеңінің бәрін біледі. Жатқа айту керек болса, Абай отырған жерлерде ағызып, судыратып айтып та бере алады. Әзімбай, Тәкежандар болса, әрине, «Абайдың сөзі» деген жалғыз ауыз сөзді жаттап көрген емес. Ал Шұбар болса, Абайдың бар қоймасын білетін, ол көргенді қоса көріп, ол білгенді бірге біліп, одан «қалыспай жүріп қарасамын» дейтін адам».

Бір қарағанда суреткер Шұбарды жамандаған сияқты, шындап келгенде, оқырман санасына ол ішкі дүниесі жағынан өзгелерден оқ бойы ойқастап озған хас жүйрік деген ойды шөктіреді. Абайдың бас шәкірті қандай болғанын астарлап жеткізудің ғажайып үлгісі емес пе. Ел тану ісінде Шәкәрім атасы Құнанбай мен ағалары Абай, Ысқақтың басқаруын көріп өскен зерек жан. Бұл жайлы: «Құдайберді баласы Шәкәрім 19 жаста атқа мініп, Абай мен Ысқаққа еріп, ел басқару жұмысына көзі қанған екен», – деп жазады Әрхам Кәкітайұлы (Ұлы Абайға адалдық. Әрхамның естелігі. Семей, 2005 жыл).

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы Мақтау парағы мен естелік сөздер қазақтың Шәкәрімі, әсіресе, жасы 40 жастан асқанда, немістің ұлы Гетесі сынды әділетті, халыққа сүйкімді билік иесі болған деп түйіндеуге мүмкіндік беретін сияқты. Осы арада жігіт ағасы Шәкәрімнің 1902-1905 жылдардағы Шыңғыс болысының болысы сайланғаны жайлы фактіге қайтып оралайық. Ол біраз жайдың бетін ашады. Үш туысы Мағауия, Абай, Ақылбай қайтыс болғанда бұл науқандарды тікелей Шәкәрімнің өзі басқарғаны ауызекі сөздерден мәлім. Оған болыстық қызметі қосылған кезде әбден иланымды. Сол сияқты, ойшыл ақынның Мекке сапарына неліктен 1905 жылдың күзінде аттанғандығына да сәуле түседі. Өйткені, үш жыл болыстық қызметтің (1902 жылдың қаңтарынан 1905 жылдың қаңтарына дейін) қажылық сапарға керекті қаржы жинауға мүмкіндік бергені құпия емес. Өйткені, ол кездері болыстың айлық жалақысы болды. Екінші жағынан, кесікті мерзімі толық аяқталған соң Шәкәрім болыстық қызметін дос інісі Тұрағұл Абайұлы қолына тапсырып, Мекке сапарына алаңдамай аттанады.

Айта кеткіміз келетін ендігі бір жайт, Абайдың тұңғыш жинағы бетінде шығарушылар ретінде Кәкітай мен Тұрағұлдың ғана есімдері таңбаланған. Шәкәрімдікі неге жоқ? Әлде ол бұл іске белсене атсалыспаған ба? Осынау күмән-күдіктің, әлбетте, шәкәрімтанушы ғалымдардың көкей түкпірінде жататыны бар.  Шәкәрімнің қыстауы Қарашоқыда. Ол жерден Бауырда орналасқан Жидебай және тағы басқа Абай ауылдарына жиі қатынау қиынға соғады. Себебі, жол мойны қашық. Екіншіден, Шәкәрім Абайдың орнын басқан зор шығармашылық иесі, інілерінің қолынан келетін іске несіне ұмтылсын. Осы уәждерден Кәкітай мен Тұрағұл Шәкәрімді Абай мұрасын жинас­тыру ісінен, сірә да, өздері босатқан деген болжам туады. Осылай жорамалдаған кездерде Шәкәрімнің болыстық қызметті атқарғаны бізге беймәлім еді. Енді осы факт болжамымызды бекіте түсті.

Бірақ Абайдың мұрасын жинастыруға қатыса алмаса да, Шәкәрімнің бұл істің жанашыры ретінде өлеңдерді жүйелеуге араласып, одан соң кітапты бастыруға қаржы жинау мәселесінде аянып қалмағаны шүбәсіз. Осыған мәнді деректерге толы Әрхамқызы Мінәш апайдың «Кәкітай» атты мақаласы («Абай» журналы. 1995. №1-2. 168-б.) айғақ. Онда Кәкітайдың әйелі Бибі әжей Абайдың тұңғыш жинағына енген өлеңдерді бірлесе қарап, бір жүйеге салу үшін Шыңғыстаудан Шәкәрім, Кәкітай, Тұрағұл үшеуі Семейге жетіп, қалада Ә.Бөкейхановпен кездесіп, бір күн, бір түн келелі мәслихат құрғаны жайлы құнды естелік айтады. Әлекеңді тани алмай: «Бұл кісі кім?» деп сұрағанымда: «Оқыған ақылды кісі, Абай ағамның өлеңдерін қараттық деген», – дейді Бибі әжей. Және, сол күні: «Достар таң атқанша әкемнің (Абай атам) өлеңдерін оқып, ән салып отырды. Таң қылаң бергенде ғана қонақты үшеуі шығарып салды».

Осы мәліметке және өзге де жанама деректерге сүйене отырып, Абай өлеңдерін жинастыруды Кәкітай мен Тұрағұл атқарған, бірақ Әлихан Бөкейханов сияқты Шәкәрім де бұл іске бас-көз болып, жан-жақты көмек көрсеткен деген қорытындыға келеміз. Табылған тың деректерді қалың оқырманға таныстыру және түсініктемелеу қамында айтпақ ой-пікірлеріміз әзірге осы.

 Асан ОМАРОВ,
зерттеуші ғалым.

Сандықтау ауданынан құнды жәдігерлер табылды

$
0
0

Сандықтау ауданынан құнды жәдігерлер табылды

TКеше

Сандықтау ауданынан құнды жәдігерлер табылды

 

Археологиялық экспедиция мүшелері жақында Ақмола облысының Сандықтау өңіріндегі Сарқырама өзенінің жағасындағы қорымдардың бірінен әйел адамның мүрдесін тапты. Бұл туралы "Мәдениет" телеарнасы хабарлады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 8 мың жыл бұрын өмір сүрген тайпаларды ғалымдар Петров дәуіріне жатқызып отыр.
Әйел адамның қолында болған білезік, бойтұмарлар мен аяғына тағылған әшекейлері қоладан жасалған. Аздап бұзылғаны болмаса, білезіктер шірімеген. Сондай-ақ, ине, пышақ, шеге сияқты заттардың да сынған қалдықтары бар. Сүйектен жасалған алқалар да сол қалпында сақталған.
Мұрат   Жақыпбекұлы,   Ақмола   облысы   тарихи-өлкетану   мұражайының   ғылыми   қызметкері:
Бұл алқаларды аң стилінде жасаған. Грефоның тырнағынан немесе жыртқыш аңдардың тістерін алып мойындарына іліп алған.
Ал мына заттарды археологтар тігінші құралы оймақ және оттық болуы мүмкін деп топшылауда. Бұл жәдігерлердің қола дәуірінен жеткенін түсіне қарап ажыратуға болады, дейді олар. Қыш құмыралар мен ас үйге қажетті ыдыс-аяқтардың 10-ы осы Сандықтау өңіріндегі Жабай және Сарқырама өзендерінің бойынан табылған.
 
Талғат   Ыбыраев,   Тарихи-мәдени мұраны   қорғау   және   пайдалану   орталығының   директоры:
Жалпы, Сандықтау ауданы бойынша 87 ескерткіш табылды. Соның бәрін біз тізімге кіргізіп, қорғау керектігі турасында бүкіл жергілікті комитеттерге хат жіберілген, енді ол жерлер ешкімге берілмейді.Ол енді мемлекеттің қорғауында болады.
 
Сандықтау ауданы бойынша әлі де болса зерттелмей жатқан қорымдар мен қорықтар көп. Көпшілігі тың игеру жылдары жермен жексен етілсе, енді бір бөлігі өзен суына шайылып, мал тұяғының астына тапталған.

Ескендір Зұлқарнайынды білесің бе ?

$
0
0

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Б.з.д 356 жылдың 21 шілдесінде әлемді жаулаушы, ер мінезді Александр Македонский дүниеге келген. Есейе келе даңқты қолбасшы болып, ерте заманда ерекше гүлденген Рим империясы секілді мемлекет құрды. Әкесі Византия елін бағындырып жатқанда, 16 жастағы бозбала фракиялықтарды өзіне тәуелді етеді. Ал 21 жасында Македония ханзадасы қол астына толықтай Фиваны  алып, парсылық сатраптармен айқасқа түседі. Александр сол кездің өзінде-ақ санмен сапаны алмастыруға болмайтындығын түсініп, қарулы әскеріне жағдай жасап, көп көңіл бөлген. Жоғары ұйымдасушылық пен тәртіп, оңтайлы соғыс тәсілдері мен жаулаудағы тың әдістер Македонскийге Дарийдің өзінен саны жағынан 3 есе көп әскерін жеңуіне көмектесті. Бұдан кейінгі Азияны жаулау әрекеті жеңіл болды: бұған дейін парсылықтардан зәбір көрген елдер ержүрек те батыл жас ханзадаға үлкен сенім артып ешбір соғыссыз бірден беріліп жатты.

Әлемді дүр сілкіндірген атақты қолбасшы жайында мына мәліметтерді білесіз бе?

1. Александр Македонский 30000 жаяу әскерінің әрбір мүшесін жазбай танитын болған. Шамамен миының 10 ℅-нан көбі жұмыс істеген болар.

2. Ұлы қолбасшы сол кездің өзінде экзотикалық болып есептелген «линоторакс» қаруын пайдаланған. Ол бірнеше қабат зығыр желімімен көмкерілген. Бұл қару-жарақтың түрі оқтан да, суық қарудан да өте жақсы қорғайды.

3. Александр қолбасшы әйелдер қауымына салқынқандылық танытқанмен, ақылды әйелдерді қатты жақсы көрген. Оны жұртшылық пікір еш алаңдатпаған. Міне, осы себепті жалындаған жас Александр өзінің досы Птоломей таныстырған атақты грек гетерасы Таис Афинскаямен жақсы қарым-қатынаста болған. Ол қыз үшін ішкен асын жерге қойған, алайда назары соғыста болып көп көңіл бөле алмай аралары суып кетеді.

4. Гордиев түйіні естеріңізде ме? Оракулдың айтуынша, сол түйінді шешкен адам әлемді билейді. Кейбіреулері оны тарқату мүмкін емес, кесіп ғана тарқата алады деген. Ал Александр кесуге арналған құралды пайдаланбай сол түйінді шешкен екен.

5. Осы күндері бизнес-тренингтерде үйрететін «бөліп ал да билей бер» ұстанымын ұлы қолбасшы сол кездің өзінде-ақ пайдаланған. Бір мәселе – байтақ жерлерді жаулау болса, екінші мәселе – оларды қарамағыңда ұстай білу. Бұл оның қолынан қалай келгендігін білесіз бе? Ол бар болғаны қарама-қарсы жақтың басшысын сол жерге тағайындаған.

6. Александрдың табыстылығының құпиясы тек жоғары сезгіштігінде емес, мұнымен қатар айналасына сенімді адамдарды жия білуінде. Оның достары (Клит, Птоломей, Гефестион) бала күнінен бастап жанында бірге өсіп, қажет кезде көмек қолын созып, айтпақ ойын сөзсіз түсінген.

7. Және арыстан мінезді батырымыз сатқындарды ешуақытта кешірмеген. Піл мен тақтайшаның құпиясын парсылық қашқын әкеліп берген. Ақырында сатқынды өзінің ойлап тапқан әдісімен жазалаған. Сатқынды өлтірсе де, оның идеясын жүзеге асырды.

Александрдың қайтыс болуы оқыс жағдай болды: бір қарағанда оңай болып көрінген жарақаттың арты лихорадкаға айналып, жас ханзада 10 күнге жеткізбей өлім құшады. Ол небары 33 жаста болатын.

Александр басшы болудың қыр-сырын асықпай меңгеріп, соған бар уақытын арнаған жоқ. Керсінше, жылдам әрі дұрыс шешімдер қабылдап отырды. Ол бірінші кезекте – жаулаушы. Ақылды, жолы болғыш және батыл. Артынан көпшілікті ертіп, жаулаған елдердің де сүйіспеншілігіне бөлене білген - өз заманының батыры. Оның ерліктерін айтып тауысуға уақыт жетпейді.

«Александр» есімі сол кезде сәнге айналды. Ата-аналары балаларынан үлкен үміт күтіп, болашақта ақылды да батыл болсын, бізге қамқорлық көрсетсін деген ниетпен солай есім беретін болған. Александр Македонский дұшпандарына қаталдық танытса да, ата-анасын ерекше жақсы көріп, сыйлаған.

Александр соғыс тәсілдерін жетік меңгерумен қатар, өнегелі білім алған. Бір ұстазы атақты Диоген, екіншісі тарихшы Аристотель болған. Мұнымен қатар жаулаушы ұрпағына нақыл сөздер қалдырып кеткен. Солардың ең таңдаулысын ұсынып отырмыз:

1. Аспанда екі күн, жерде екі әмірші болуы мүмкін емес.

2. Сенімге ие болған өтірік, шындыққа айналады.

3. Ғаламда жер есепсіз көп, ал мен болсам, біреуін де жауламадым.

4. Сенде көп болған сайын ашкөз боласың.

5. Филиппке өмірім үшін, ал Аристотельге адам деген атқа лайық өмір сүріп жүргенім үшін қарыздармын.

6. Мен жеңісті ұрламаймын.

7. Афиналықтар, сендердің көңілдеріңді табу үшін нар тәуекелге баратынымды білесіңдер ме?

8. Патшалар нәсібі – жақсылық жасап, жаман атқа ие болу.

9. Ұйқыларың тыныш болсын деп, түні бойы мызғымадым.

10. Қабірімнің үстінде үлкен шайқас болатынын көріп тұрмын.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: www.rudata.ru

Қола айнаның тарихы қазақ жеріндегі өркениетті тереңге тартады

$
0
0

Қола айнаның тарихы қазақ жеріндегі өркениетті тереңге тартады

29 Шілде 2013, 16:481400

 Астана. 29 шілде. Baq.kz – Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Лебедевка-ІІ қорымының 6-обасынан табылған қоладан жасалған мына айна қазақ жеріндегі өркениеттің тарихын бірнеше ғасырларға тереңдете түседі.

Обада жерленген әйел текті тұқымнан болуы әбден ықтимал, оған қабірден табылған арнайы бұйымдар дәлел. Мүрденің бас жағынан қымбат бас киім қалдықтары, алтын әшекей бұйымдар, шыны ыдыс, түрлі түсті бояулар және т.б. табылған. Шамамен б.д.д 6-5 ғасырларға жататын бұл заттарды абыз-бекзаданың белгісі ретінде қарастыруға болады дейді Батыс Қазақстан облыстық музейінің қызметкерлері.
Өлкентанушылардың бұл сөзіне дәлел обадан табылған осы қола айна болып отыр. Қолай айнаның үш қола шеге көмегімен жұқа дискіге бекітілген тұтқасы бар. Тұтқа түбінде қабан мен ит, ал тұтқаның дискіге жабысқан жерінде иттің басы бейнеленген.
Әуелі сұрақты Батыс Қазақстан жеріне бұл қола айна қайдан келді дегенен бастасақ. Қола айнаның жасы қола дәуіріне сәйкес келіп тұр. Дәл осы тұста Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродоттың жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті. Демек, сауда жолы дамыған жерде өркениеттің болатыны белгілі. Қола дәуіріндегі өркениет қола метталымен тығыз байланысты. Орталық Қазақстан өңірінде өндіріске көптеп енген қоланың Батыс Қазақстан өңіріне жоғарыдағы атаған сауда жолы арқылы жетуі де мүмкін. Қоламен қатар, жібектен және жүннен жасалған бұйымдар да Оңтүстік және Батыс Еуропа жерлерінен б.з.д. ҮІ – Ү ғасырларға жататын қабірлерден табылған. Бұдан сақтар мен скифтердің Батыс пен Шығыс аралығында байланыстыру ерекше рөл атқарғандығы көрінеді.
Қола айнадағы аңдар бейнесі нені білдіреді деген сұраққа жауап беретін болсақ: Сақтардың дәуірінде аң стилі жақсы дамығанын білеміз. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі 3-ке бөлінеді: архаикалық кезең (б.з.д 8-7 ғасылар), классикалық кезең (б.з.д 6-4 ғасырлар) және құлдырау кезеңі (б.з.д 3-1 ғасырлар). Бұл қола айна аң стилінің классикалық кезеңіне жатады. Қола айнаны классикалық кезеңге жатқызатын себебіміз бар.Себебі, айнада жануарлар бейнесі бар екенін сөз басында атап өттік. Дәл осы классикалық кезеңде жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыста, реалистік түрде бейнелерді заттарға салу басталған болатын. Міне, бұл суреттер осы кезеңнің жемісі. Сақтар қола айнадағы қабанды күн күркіреу құдайы деп сенді. Ал, итті де бейнелеуіне себеп бар. Ит бағзы заман аңшыларына мезолит дәуірінде (б.з.д. 13-7 мыңжылдықтар) серік болған. Қола айна болса мезолиттің соңына тұспа-тұс келеді. Ит жалпы алғанда матриархат (аналық билік) кезеңінің культі. Біздің дәуірімізге дейінгі IV-VI ғасырларда ғұндар келгенге дейін ит бүкіл сақ, массагет тайпаларының, Орта Азия халықтарының зороастризмге дейінгі культі болды.
Міне, кішкене ғана қола айна қазақ жеріндегі өркениеттің жасын бірнеше мыңжылдықтардың тереңіне алып барды. Сонымен қатар, еліміз Батыс пен Шығыстың арасындағы алтын көпір болғанын дәлелдей түсті.

Сурет Батыс Қазақстан облыстық музейінің қорынан алынған.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бопай ханым

$
0
0

Қайран, шіркін, дүние-ай, –  десеңізші!...
Заманында азуын айға білеген қарқарадай ханның сүйікті жары болуымен ғана емес, зерек зердесімен,қайраткерлік,мәмілегерлік қадір-қасиеттерімен абырой - беделі Алты Алаштан әрі асып, орыс билеушілерін, патша сарайы қызметкерлерін, ғалымдарын, тіпті, мұхит асып келген саяхатшылардың да айрықша назарын аударған Бопай ханым бейнесі зымыран ғасырлардың аумалы-төкпелі қилы кезеңдерінен кейін ұрпақ санасында көмескіленіп, ұмытыла бастайды  деп кім ойлаған....
Рас, Әбілхайыр ханның көзі тірісінде де,1748 жылы бақталастарының  қолынан қаза тапқаннан  кейін де ұзақ жылдар ел басқару ісіне белсене араласып, Орта Орда  мен Кіші Ордадағы рулық бірлестіктердің арасында ынтымақ, бірлік,түсіністік орнауына оң өзгерістер жасауға күш-жігері мен білік-қабілетін аямай жұсаған Бопай ханым сол бір алмағайып, дүрбелең кезеңде ел арасында  жарқын тұлғаға айналғандығын бүгінде екінің бірі біле бермейтіндігі анық. Әсіресе, ханымныңхалқымыздың игі жақсыларының, батырлар мен билердің арасында, Қазақ-Ресей қатынастарында орасан зор ықпалы болғандығын айғақтайтын құжаттар көне мұрағаттардан алынып, жарыққа шығып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, біз  оқыған құжаттар мен зерттеулер Бопай ханымның соңғы үш ғасыр көлеміндегі Қазақстандағы билікке араласқан қайраткер  қазақ әйелдерінің арасында көшбастаушы болғандығына көз жеткізеді. Көне тарихтың тасқа түскен жазулары осылай дейді.
Олай болса,бірінші кезекте Бопай ханымның шыққан тегіне назар аударайық. Ә.Атшыбаевтың «Кіші жүз шежіресінде»(Алматы, 1966 жыл)  Адай Табынай батырдың қызы делінсе, қайсыбір авторлар Еділ қалмақтарына қарсы жорықтарда қолбасшылығымен танылған Сүйіндік батырдың қызы дейді.
Ол қай Сүйіндік?Адайдың Қосай атасынан тарайтын, лақап аты Жаманадай болған Сүйіндік пе, әлде,Тобыш атадан тарайтын Табынай руының Сүйіндік батырының  қызы ма? Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы «Елең-алаң» романында Қосай  Сүйіндік батырдың қызы деп жазады. Роман көп жауҺарларымыз ашылмай жатқан Кеңес Өкіметі тұсында, алғаш рет 1984 жылы жарық көргенін назарда ұстаған жөн.Тәуелсіздік жылдары тарихи құжаттар мен шежірелер көптеп табылып жатыр. Әбіш ағамыз да апамыз Табынай Сүйіндіктің қызы екендігін айтып жүр. Сонымен қатар,көнекөз қариялардан алынған әңгімелерде Қосай Сүйіндік Бопайдың сіңлісі Қанайға үйленген, Әбілхайырмен бажа болғандығы айтылады. Әбілхайыр мен оның заманын көп зерттеген ғалым С.Өтениязов Бопай – Адай қызы деген тұжырымнан айнымайды. Ал тарихшы ғалым, Әбілхайыр мен қазақ-орыс қатынастарын көп зерттеген Қ.Есламғалиұлы төре тұғымынан деп жазған («Ана тілі»,18.11.2009 жыл). «Батыс Қазақ энциклопедиясына» (Алматы, Арыс, 2010) да осы дерек енгізілген (194-бет).
Ал Сүйіндіктің баласы Мырзатай батырдың есімі Ресей сыртқы саясатының мұрағатында жиі кездеседі және оны Адай батыры деп жазады.1734 жылдың 24 қазанында Орынбор экспедициясының бастығы И.Кириллов пен қазақ қауымына есімі елші ретінде танымал А.Тевкелевтің хабарламасында Уфаға келген Кіші Орда елшілігінің құрамында Әбілхайыр ханның туған балдызы Мырзатай батырдың («родной шурин Мурзатай батыр») болғандығы да жазылған.
Қазақ елін көп аралаған тілмәш Я.Гуляев Мырзатай батырдың Әбілхайырдың Бопайдан туған үлкен баласы Нұралыға «дядя» болып келетінін айтыпты. Бопайдың Адай руынан   екенін тарихшы Витебский «И.Неплюев пен Орынбор губерниясы» атты кітабында ашық жазыпты. Адай шежіресі негізінде дүниеге келген дарынды ақын Светқали Нұржановтың «Хан кегі» атты поэмасында Бопай шыққан әулеттің адамдары түгелдей аттары аталып,түстеліп жазылған.  Бұл дастанды оқыған адам Бопайдың Табынай Сүйіндік батырдың қызы болғандығына шек келтірмейді.
Маңғыстаулық жазушы, өлкетанушы Әбілхайыр Спан өзінің жеке мұрағатында Адай ақсақалдарының НКВД-нің қуғынына түскен Құрмаш батырға араша сұрап, Бақытжан Қаратаевқа жолдаған хаты сақтаулы тұрғандығын, хат «Ардақты жиен Бақытжан!» деп басталатынын айтады. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан төреге «жиен» деп Бопай әжесін меңзеп отырғандығы түсінікті. Ә.Спан осы хаттың толық мазмұнын «Адай қасіреті» атты кітабына (Алматы, Нұрлы әлем, 2011 жыл) енгізген.
Осы орайда дәлел әрі дәйек ретінде айрықша тоқтала кететін жағдай сол, Әбілхайыр хан қазасынан кейін Бопайдың інісі Мырзатай батыр Барақ пен оның қасындағылардан кек алуға белсене қатысқандығы. Осыншалықты жақын туыс болмаса мұндай оқиғаға қатыспауы да мүмкін емес пе?Адай Мырзатай батыр Әбілхайыр ханның қастандықпен өлтірілгендігі туралы Орынбор әкімшілігіне бірнеше хаттар да жолдаған. Орыс ғалымы И.В.Ерофеевтың мынадай жазбасы көп шындықты айғақтайды: «Информацию Мырзатая об убийстве султаном Ералы батыра Сырымбета, как о заверщающей акциу  кровной мести семейства покойного хана, полностью подтвердил и уточнил три года спустя сам Нуралы сообщивший о поступке своего брата в личной письме к А.И.Тевкелеву от 3 января 1753 года». Одан әрі Нұралы: «Султан Ералы совершил ночью с дружиной своих батыров военный набег в ставку фамильного врага, где убил батыра  Сырымбета и его жену, а семью Барака и все имение служителей служанок и верблюдов их ... в добычу получил.Через одну дочь ... всех трех злодеев». (С.Өтениязов, «Әбілхайыр мен Бопай», «Адай Ата», 3 – том, 458 – бет, Алматы, Арыс, 2007)
Немесе Абыл жыраудың Баймағанбет сұлтанға айтқан жолдарды еске түсірейік. «Апамнан (Бопайдан) туған әкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан»...
Бұл деректер Бопай апамыздың тегі Маңғыстау жырауларының ақпа-төкпе  тілімен айтқанда, «әруағы бұлттай торланған» Адай қызы екенін айна қатесіз айғақтайды.
Ол заманда туыстық  арасы өте жақын Пір Бекет Атаның Бопай ханым апасымен  аралас-құралас болғандығы  туралы  деректер ХІХ  ғасырдың алғашқы он жылдықтарында Бөкей ордасында болып,  өлке  тарихын зерттеген неміс саяхатшысы Шульцтың жазбаларында бар екендігін білетіндер бар. Бұл туралы Атырау облысындағы Жылыой ауданының тұрғыны Жолдасқали  Сүйесінов  «Еділ қалмақтарымен болған соғыста Бекет 20 жастағы жігіт болса керек. Қалмақ әскерлеріне қарсы Бекет  жалғыз өзі ту көтеріп шыққанда жау быт-шыт болып, жан-жаққа қашады. Осы жеңісі үшін ханның әйелі  Бопай Бекеттің бетінен сүйіпті», - дейді.
Ия, тарихшылар 1771 жылдың басында Еділ жағасынан Жоңғарияға қарай үдере  көшкен Убаши  бастаған қалмақтар мен қазақтар арасында  атышулы айқастар болғандығын растайды.  Бұл кезең келешегінде «Пір», «Машайық», әулиеліктің ең биік жетінші сатысы – Гаус  дәрежесіне көтерілетін  Бекет батырдың 20-21 жасына сәйкес келеді. Сонымен қатар,  ханымның үлкен бабасы Табынай Бекет Атамен нағашы жағынан туыстас деген шежіре сүрлеуінің мәні бар. Айта кететін бір жағдай, тарихшылар арасында Әбілхайырдың тарихтағы рөлі сияқты Бопай- Бәтимәның тегі туралы да пікірталастар баршылық.
Әбілхайыр мен Бопайдың алғаш танысқан кездеріндегі шынайы сезімдерін халық аузындағы аңыз желісімен тарихшы С.Өтениязов былайша суреттейді:
« ...Кіші жүздегі әйгілі батыр Жәнібек пен Әбілхайыр жол жүріп келе жатып күн батар алдында бір ауылға түседі. Ауыл иесі аса бай,жасы үлкен кісі екен. Оның бой жетіп отырған  қызы Бопай сұлуды көрген Әбілхайыр ес-ақылы кетіп ғашық болады. Келесі күні жолға шыққан Әбілхайыр күтпеген жерден сол ауылда қалатынын айтады да, Жәнібек батырға өз жөнімен кетуге тура келеді. «Қайтсем Бопай сұлуды алмай тынбаймын» деп Әбілхайыр қалады. Ол өзінің кім екенін жасырып, Бопайдың әкесінің малын бағуға жалданады. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы,  жігіттің сұлтаны  Әбілхайыр батыр жылқышы болып жүрсе де, аз уақыттың ішінде ауыл адамдарына  жақсы қырынан танылып, құрметке ие болады. Әрине, көп ұзамай Бопай сұлуға да ұнап қалады. Сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да жан-тәнімен ұнатып, ғашық болады. Ғашықтар ажырамастай дәрежеге жеткенде Әбілхайыр Бопай сұлудың әкесінің рұқсатын сұрайды. Әкесі сұлтан деген аты болғанымен, жалғыз атты кедей жігітке қызын бергісі келмей,түрлі айла-шарғы ойлап табады. Соның бірі ретінде «қалыңмалға ала аяқты 90 күрең және 60 ақсұр ат әкелесің, әйтпесе, қызымды бермеймін» деп шарт қояды. Осындай ауыр шартқа амалсыз келіскен жас батыр «бір айдың ішінде айтқан қалың малыңызды әкелемін» деп аттанып кетеді.Бопай сұлудың әкесі «кедей  жігіт бұл шартымды орындай алмас»деп үміттенген еді. Әбілхайыр әлгі айтқан жылқыны таныс-тамыры, ағайын-туысы, бәрінен сұрағанымен, ешқандай нәтиже шықпайды. Шарқ ұрған жас батырдың аянышты күйін естіген Жәнібек батыр Әбілхайырға керекті 150  айғырды өз жылқысынан шығарып береді. Оған қоса,ол өзі барып, Бопай сұлудың әкесіне барып, қазақтың әдет-ғұрпы бойынша құда түседі». (С.Өтенияз, Ш.Өтенияз. «Әбілхайыр хан, «Арыс», 2010жыл)
Әрине, Әбілхайыр мен Бопайдың алғашқы кездесулері  туралы басқаша мазмұндағы әпсаналар да  жеткілікті. Бір әңгімеде жас кезінен әруақ қонып, адам емдейтін қасиет дарыған Сүйіндік  байдың қызы ағасы Мырзатай ауыл шетінде жараланып, ес-түссіз жатқан аңшы жігітті алып келіп, қарындасына емдетеді. Сырқатынан айығып, аяғынан тік тұрып кеткен батыр бірнеше жылдан кейін арнайы  келіп, өзін ажалдан аман қалған қасиетті қызға құда түстіріп, үйленеді дейді.
Шын есімі Бәтима болған апамызды орыс жазбаларында неліктен Попай, (кейбір жазбаларда  Пупай)  деп аталғандығы туралы әзірше қолымызда нақтылы деректер жоқ. Халқымыздың ұл-қыздарына сәби кезінен еркелетіп жанама есім беретін үрдістері күні бүгінге дейін сақталып отыр.Тарихшылар зерттеулерінде анық дәлелденгені – Әбілхайырдың Бопайдан өрбіген ұл перзенттері бесеу – Нұралы (1710/11-1790), Ералы, Айшуақ, Қожахмет, Әділ. Әбілхайыр хан дүниеден өткеннен кейін  Елизавета  патшайымның жарлығымен Нұралы Кіші орданың  хан тағына отырады. Оның хандық дәуірі 1748 – 1786 жылдар аралығы. Ералы – (1720 – 1794) 1791 – 1794 жылдары, Айшуақ – (1723 – 1810)1797 – 1805 жылдары Кіші жүз хандары болған. Құпия кеңесші дәрежесі бар және Орынбор губернаторы И.И.Неплюев 1748  жылғы хабарламаларының бірінде «Кіші ордада Әбілхайыр ханның 5 ұлы бар, ал, Орта Ордада Барақ, Абылай туысыбар» деп көрсеткен. Назар аударарлық жағдай сол, Әбілхайырдың, қалмақ, башқұрт әйелдерінің есімдері  аталмайды. Демек, Хан шаңырағындағы бәйбіше Бопайдың абырой-беделі де, ықпалы да, танымалдылығы да басқа әйелдерден  жоғары болды деген сөз. Бопайдан туған Ералының ұлы Қасымхан қызының атын жақсы ырыммен Бопай (Кенесарының апасы) қойғандығын да еске ала кетейік.
Бір  жағдайға  ерекше мән беру керек. Нұралы хан тағына тағайындалар кезеңде Бопай  ханымның сұңғыла саясаткерлігі, қайраткерлігі, дипломатиялық өнері айрықша көзге түседі. Себебі, Әбілхайырдың түпкілікті мақсаты – Жайық казактарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ  жеріне ентелей енуіне жол бермей, жоңғарларды түпкілікті талқандап,ел тыныштығын орнату екендігін терең сезінген ханым Ресей империясының құрамына енбей, мұндай аса күрделі проблемаларды шешу мүмкін еместігін жақсы  білетіндігі оның орыс патшайымы Анна Ивановнаға (22.11.1731ж), Елизавета  Петровнаға (05.10.1748 ж) жолдаған хаттарында анық байқалады.
Ресей билеушісі Елизавета ханшайымның алдында зор сый-құрметке  ие болғандығына куә ретінде мына бір хатқа назар аударғымыз  келеді. «Аса құрметті бәйбіше Пупай ханшаға, Сіздің күйеу балаңыз Жәнібек сұлтан арқылы ұлы мәртебелі  тақсыр  императордың атына  жіберген хабарламаңызды алдық. Сіздің хатыңыздың мағынасын императордың ұлылығына жеткіздім. Сіздің күйеу балаңыз Жәнібек сұлтан старшынымен ұлы императорға кіргізілді. Император сіздің  тілегіңізді қабылдады. Сізге, сұлтандарға, билерге, старшындарға, күллі қырғыз-қайсақтарға өтініштеріңіздің  қабылданғаны туралы жарлық қабылданып  жіберілді. Сіздердің алдағы жылдарда бізге адалдықтарыңызға сенім білдіреміз, сізге  жалақы ретінде императордың атынан зерлі жібек беріледі.
Императордың ұлылығы атынан канцлер, толық  құпия кеңесші, сенатор және кавалеръ. Түп нұсқасына қол қойған:
Графъ Алексей Бестюжев Рюмин. Мәскеуден 1749жыл 2 мамыр».

( Б.Нәсеновтың аудармасы. «Әбілхайыр хан», 1-тарау, Новосибирск, 2011жыл)
Бопай ханым жиі-жиі Орынбор губерниясының басшыларымен хат-хабар алмасып отырған.Үлкен ұлы Нұралы жазған хаттарда да Бопай ханымның мөрі қатар басылған деректер кездеседі. Ханымның өзінің жеке вензелі (мөрі) болғандығы орыс жазбаларында нақтылы  көрсетілген. Мәселен, орыс ғалымы А.Левшин  (1879-1979) Бопай ханымның көрнекті тұлға екендігін айрықша атап көрсетіп, оның жеке мөрі болғандығын жазады.
Ханымның сұңғыла саясаткерлігі мен адам жанын баурап алатын нәзік сезімді қайраткерлігі елші Құтылымұхаммед Тевкелев мырзаға жолдаған хатындағы мынадай сөздерден айқын көрінеді: «Будешь хорошим другом хану. А хороший  друг как известно дороже брата»
(22.11.1731ж). Мұның алдында Уфадағы әскери басшы  Батурлинге (26.08.1731жыл) Кіші  орданы  Ресейге қосу туралы келіссөздерді бастайтын  уақыт жеткендігі туралы ұсыныс хат жолдаған.
Бұдан үш ғасырға жуық бұрын , яғни, ол замандағы қазақ  билеушілерінің үрдісінде кездесе бермейтін  таңқаларлық бір зиялылықты Әбілхайыр ханның ресми қабылдауларға  Бопай ханыммен бірге баратындығынан  байқауға болады. Орыстың зерттеуші  ғалымы И.Ерофеев  «счастливый союз Бопай и Абилхаира был весьма гармоничный»  деп баға берген.
Әбілхайыр ханның саясаткерлігі мен  қайраткерлігі туралы зерттеуші тарихшылардың, саясатшылардың, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің кейбір мәселелер бойынша көзқарастары мен тұжырымдары келіспейтін тұстары баршылық болғанымен, Бопай ханым туралы жаман пікірлер айтылмайтындығын айрықша айтып өткіміз келеді. Қазақ елінің Кіші Орда тарихындағы 1731-1758  жылдарды Бопай ханымның  Қазақ-Ресей саясатына, ел билігі мен бірлігіне өте белсенді араласқан қайраткерлік, саясаткерлік, дипломатиялық  қабілетін айрықша көрсете білген кезең болды деп айтуымызға толық негіздер бар.
Енді бірер сөз Бопай ханым жерленген аймақ туралы. Бұл тақырыпта ең соңғы жазылған құнды дерек ретінде «Актюбинский вестник» газетінің 4 желтоқсан 2008 жылғы нөмірінде жарияланған Зада Мұқашеваның «Правительница степи Бопай» атты мақала мен «Жас Алаш газетіндегі (15.05.2009 жыл) Баян Сәрсенбинаның «Бопай Ханым» атты З.Мұқашевамен болған сұхбатын  атап көрсетеміз. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы қор жетекшісі Зада Мұқашева «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Орынбор облысына жасаған экспедицияның іссапарынан жинақталған дерек көздерін баяндайды. Ресейде қазір өмір сүріп жатқан қандастарымыз – Жұмағали Баянасов,Ұлықпан Есжанов ханымның жерленген жерін анық білетін көрінеді. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарымен  шектесетін Орынбор облысының Елек ауданындағы Димитров селосы маңындағы бұрын Мешіт аталатын төбе  кем дегенде 90 жыл жасаған апамыздың мәңгілік дамылдаған бақилық қонысы  деседі. Кезінде мұнда төбесінде айшығы бар кесене болған.Орыстар бұл жерді «Мечетка» деп атайды екен. Орыс жазбаларында Бопай 1780 жылы 31 мамырда дүниеден өткені жазылыпты.
Тарихшы К.Есмағамбетұлы Бопай 1689 -90 жылдары дүниеге келген болуы мүмкін деп топшылайды. Ал, Әбілхайыр кейбір тарихшылардың деректерінде көрсетілгендей 1693 жылы емес, 1684 – 85 жылдарда туған сияқты дейді. Себебі, үлкен ұлы Нұралы 1711 жылы туған және Абылайханмен құрдас және бір – бірімен дос – жаранды болған.
Өкінішке қарай, атақты Әбілхайыр ханның жұбайының басында бүгінгі таңда ешқандай белгі жоқ. Бауырынан өрбіген үш перзенті - Нұралы, Ералы, Айшуақ сияқты есімдері өшпестей болып тарихымызда таңбаланып қалған хандар  Анасының басына кесене салынбауы, әрине, мүмкін емес.1929 жылы мұнда Ресейдің әскери полигоны орналасқан, сол себепті бұл қорымға өлген кісіні жерлеуге тыйым салынған. Оны айтасыз, Мешіт аталған жерден 35 шақырымдық радиуста адамдар қоныстануға да рұқсат болмаған екен.
– Енді не істеу керек?–деген сұраққа Орынбор ғылыми-мұрағаттық комиссиясының еңбектеріндегі жазбалар жауап беретіндігін көңілге медет қылуға болатын сияқты. Осы  комиссияның «ХҮІІ шығарылым» атты жинағы 1906-1907  жылдары Ресей императорының геологиялық комитетінің мүшесі Д.Н.Соколовтың редакциясымен жарыққа шығыпты. Ол өзінің «Кузнецк тауындағы Красногор қамалындағы қазбалар» атты мақаласында «Елек пен Урал өзендерінің (Жайық өзені) бір  қапталындағы Қара өзеннің бойындағы аршылған жерден темір заттар мен жібек киімдер табылды» деп жазыпты. Әрмен қарай Соколов Орынбор топографиялық картасында осы өзеннің сол жағалауындағы  биік төбеде «Попай ханымның қабірі» деп жазылған белгі бар екендігін жазады. «Орынбор тарихы» атты кітапта «Бұл ханша дегеніміз – орыс бодандығын алған Әбілхайыр ханның әйелі  Попай» деп көрсетілген екен.
Сонымен  апамыздың жатқан жері белгілі болды. Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы 1995 жылы  сол кездегі Батыс Қазақстан облысының әкімі, қазіргі Парламент Мәжілісінің вице-спикері Қабиболла Жақыповпен  бірге қабір басына барғанын айтады.
Әбіш Кекілбайұлы Бопай ханымның ел билігіне араласқан,Әбілхайыр Ханмен бірге мәслихат-жиын қызған бір сәттегі сұлу да көркем бейнесін былай бейнелейді: «Бопай да ақ- қарасы аймаласа жайнаған әдемі көзін ибамен жүгіртіп, алаулап қан тебінген жұмыр мойнымен кербездене қиғаш бұрып: «Айыздары қыза түссін.Тыңдап алайық, ханием», – деп емеурін танытады.
Хан: «Жә, оған бола қысылма! Үндегелі отырған өзім де жоқ», - дегендей кеу-кеуіне құлықтана құлақ тосып, бүлк-бүлк күліп қояды. («Үркер»,112-бет,Алматы, «Жазушы» баспасы,1984 жыл)

Әбілхайыр хан өмір сүрген он сегізінші ғасырдың алғашқы жартысында қазақ-орыс қатынастары туралы қазақ әдебиетінің алтын қорына енетін өшпес мұралар қалдырған халық жазушысының тарихи тақырыпқа арналған шығармаларында  Бопай Ханымның ел билігі ісінде Әбілхайыр ханға ақылшы, кеңесші болған бейнесін айнақатесіз айшықтап көркем бейнелеген тұстары  көптеп  кездеседі.
Ханымның көз тартар көркі 1736 жылы Хан Ордасында болып қайтқан ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің де ерекше назарын аударған.Қазір біздің қолымызда  «Тұманды Альбион» елі суретшісінің Бопай ханымды ұлы Әділмен бейнелеген нұсқасы ғана бар.
Қазір зейнет демалысындағы, ұзақ  жылдар Бопай ханым туралы деректер мен жәдігерлер жинаған  ақтөбелік Зада Мұқашева апаймен осы наурыз айында  екі рет хабарластық. Зада апай:
–  Бір таныс кісінің үйінде Сүйіндік батырдың белдігі сақтаулы тұр. Әбілхайыр ханның тікелей ұрпағы Нұралы ханның немересі  болып келетін әйгілі заңгер, Мемлекеттік думаның депутаты  болған  Бақытжан Қаратаевтың ұрпағы -  София апаймен  көзі тірісінде кездесіп тұрдық. Апайдың немере келіні Бибажардан «Бопай  әжемнің жүзігі»еді деп көрсеткен баға жеткісіз бұйымды облыстық өлкетану музейіне өз қолыммен тапсырған едім. Бопай ханымның терезесіне ұстаған пердесі де осы мұрағат қорында, – деп біз күтпеген жаңалықтармен қуантып тастады.
Халқымыздың ауыз әдебиетінде  де, жазу, сызу өнері пайда болған кездерден күні бүгінге дейін  де қазақ әйелдері қапияда  жол тапқан, қысылғанда ой шолған, ақылына көркі сай, ер жүрек, батыр бейнелерінде халық санасында ғасырлар бойы сомдалып келе жатқандығы бәрімізге белгілі. Тұмар ханым, Құртқа, Қарашаш, Гүлбаршын, Жібек, Баян сұлу,  Ұлы Абайдың әжесі Зере мен  анасы Ұлжан, ҒабитМүсірепов бейнелеген Ұлпан, кешегі Ұлы Отан соғысында ғажайып ерлік үлгілерін көрсеткен Әлия, Мәншүк, Хиуаздарға дейін,басқа да көптеген аналардың, әйел-қыздарымыздың есімдері тарихымызда өшпейтін болып жазылып қалған.  Маңғыстауда, Оңды ауылына кіре берістегі күре жолдың бойында біртуар дарын, мемлекет, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты дүниеге әкелген, ғасыр жасаған аяулы  Айсәуле ананың көзі тірісіндегідей сабырлы мейіріммен бауырына тартып тұратын зәулім ескерткіші тұр. Тәуелсіз қазақ елінде уақыт алға жылжыған сайын әйел – аналарға деген шексіз құрмет жалғаса беретіндігі сөзсіз.Олардың бірі әрі бірегейі, сөз жоқ, Бопай Ханым!
Шын мәніндегі халық жанашыры болған, ел,  жер тұтастығы үшін күреске бүкіл саналы ғұмырын арнаған, қайраткерлік, саясаткерлік, дипломатиялық қадір-қасиеттері арада екі жарым ғасыр өтсе де, әлі күнге толық зерттеліп, зерделене қоймаған Бопай Ханым жоғарыда аталған тарихи тұлғалардың арасынан ойып тұрып орын алуға әбден лайықты. Әзірге  Жаңа Өзен-Түрікменстан темір жолының бір бекетін «Бопай» деп атаған, Бейнеу ауданының орталығындағы бір көшеге есімін берген  маңғыстаулық ағайынның риясыз ықыласына риза боламыз.  Бұлар, Бопай ханымды мәңгілік есте қалдыру, ұлықтау жұмыстарының бастауы болар деп білеміз.
Дегенмен, қынжыларлығы сол, қазақ қауымы үшін бетбұрысты, дүбірлі кезеңдегі елтұтқасына айналған тұлғаның бейнесі көркем әдебиетімізде де, кино өнерінде де бар айшығымен кемел сомдала қойған жоқ.Тарихшы зерттеушілеріміздің жазбалары да некен саяқ. Ол заманнан қалған аңыз-әпсаналар да естір құлақ,ұғынар зерде азайған бүгінгі күні   көп айтылмайды. Жауһар тарих көздері көмескі тартып,аршылмай жатыр. Бопай ханымның өмірдеректері мен қайраткерлік, саясаткерлік ғұмырнамасын түбегейлі, түбірлі зерттеу жұмыстары Кеңес Одағы кезінде түрен тимеген түрінде қалса,Тәуелсіздік жылдары да шүкіршілік жасап,тәу етерлік шаруалар жасалмағанына тірі куәгерміз. Бәлкім, үлгере алмай жатқан шығармыз. Ел азаматтары бұл олқылықтың орнын толтыруға қамданар,қалыс қалмас,ең болмағанда кесенесін тұрғызып, ұрпақ парызын жоғары парасат-пайыммен орындап шығуға жұмылар деген үміттеміз. Бір сөзбен айтқанда, Бопай  апамыздың әруағы бауырларының қамқорлығына зәру болып жатқандығы талас тудырмайды.
Бопай  әруағы бауырларының қамқорлығына зәру болып жатқандығын сезінген ішкі түйсігіміз мазалай береді. Апамыз Орынбор әкімшілігіне жазған бір  хатында Әбілхайыр ханның басына күмбезді кесене орнатылмаса күйеуімнің сүйегін Түркістанға алып кетемін деп қыр көрсетіп, қорқытқан екен.  Бұл, сірә, Әбілхайырдың  Түркістанда туғанын  меңзеген саясаткерлік амалы болса керек. Біз де қасиетті Әзірет Сұлтан жатқан жерден бір айналып өтіп,іштей тілек тілеп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тәу етіп, құран бағыштап, жүзімізді құбылаға қарай ізгі мақсатпен із кесуді мақсат тұтып  барамыз.
Жұмабек Мұқанов,
Қазақстанның Құрметті журналисі,
ҚР Мәдениет Қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Viewing all 132 articles
Browse latest View live