Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 »Тарих
Viewing all 132 articles
Browse latest View live

Халық Кенесарының басын неге іздейді?

$
0
0

Халық Кенесарының басын неге іздейді?

15 Тамыз 2013, 10:047478

Астана. 15 тамыз. Baq.kz- Қазақ қоғамында Ресей мұражайларының қайсында «тығылып» жатқаны белгісіз Кенесары ханның басын елге қайтару туралы мәселе жиі-жиі көтеріліп жүр. Бұл, әсіресе, ел тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Ол түсінікті де. Ырымшыл қазақ халқымыздың соңғы ханының басы туған топыраққа қайтып оралса, ұлт рухы дүр сілкініп, Қазақстанның жаңғыру дәуірі басталатынына анық сенеді. Ал бұл дүниеде халықтың сенімінен асқан күш жоқ. Сенім – алынбас қамалдарды да алады, асуы жоқ биіктерден де өткізеді.

Тәуелсіздік жылдарында бабамыздың басын іздеушілер аз болмады. Осы іздеушілердің бірі – 8 жыл бұрын ғалымдардың бір тобы Ресей Федерациясының мұражайларын бір шетінен бастап аралап шықты. Ресей даласында орын тепкен мұражайлардың 70-80 пайызы сүзгіден өтті. Бірақ қазаққа арманды болған Бас табылмады. Осы жерде бір ой туады: орыс елі (қаратабан, қарашекпендерін айтпаймын, мамандарын, құзырлы қызметтерін айтам) бүкіл қазақтың Кене ханның басын сабылып іздеп жатқанын жақсы біледі, қазақтың іздегенін тауып берсе үлкен құрметке, үлкен сыйға бөлетіндерін де жақсы түсінеді. Бірақ, сөйте тұра, бабамыздың басы табылмай тұр. Соған қарағанда Кенесары ханның басын тауып, оны елге қайтару үшін біздің жоғарғы биліктің тарапынан ресми сұрау, Ресейдің жоғарғы билігінің тарапынан оны ресми бекіту жағы жетіспей жатқан сияқты. Мәселенің мәнісі соған тіреліп тұр.
«Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д, профессор Зиябек Қабылдинов осыған байланысты былай деп ой түйеді:
– Кенесарының басы міндетті түрде елге қайтарылуы тиіс. Ол мақсатқа қол жеткізетінімізге де сенімдімін.Ол үшін Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат минстрлігі және т.б мүдделі органдардың саяси жігері, барынша қызу әрі жан-жақты қолдауы керек. Ресей бізбен достық қатынастағы ел болғандықтан Кенесары ханның басы елге қайтарылуына барынша жағдай жасауға тиіс,– деді.
Ғалым оған дейін Кенесарының Омбы мұражайында қалған мылтығын елге алдырту керектігін айтады. Ол кісі ханның патша басқыншыларына қарсы күресте қолданған қаруын осыдан 5 жыл бұрын мұражайда тұрған жерінен суретке де түсіріп алыпты. Зиябек Ермұханұлы Кенесары мұраларын түгендеуді нақ осы қара мылтықты елге алдыртудан бастаған жөн деп санайды.
Дәулетқали АСАУОВ


ТАРБАҒАТАЙ ТАСЫНДАҒЫ ТАҢБА

$
0
0
ТАРБАҒАТАЙ ТАСЫНДАҒЫ ТАҢБА
20.08.2013 17:32 Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
050
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары талай рет әкеме ілесіп Тарбағатайда жайлауға барғанмын. Ол кезде 7-8-сыныпта оқып жүрген баламыз. Көп нәрсенің парқын біле бермейміз. 
Қойды  айдап салып, тау-тас кезіп қаңғып  жүрген  кез. Әлі  есімде,  сол  кезде  жақпар  тастарға  шекілген  аңдардың,  белгісіз  таңбалардың  суретіне  талай  мәрте  кез  болған  едік. Бала  көңілмен  қызыға  қарайтынбыз. Көргендерімді  әкеме айтқанда: «Е, ол  ес білмес  ескі  заманда  ата-бабаларымыз  қалдырған  таңбалар  ғой»  деп  қана  жауап  беретін.  Тереңдеп  жауап  беруге әкемнің  де  сауаты  жете  бермейтін. Кейіннен студент  болған  жылдары Қапшағайдың  арғы  бетіндегі  Тамғалы  тасқа  талай  мәрте  бардық. Ондағы  таңбаларды  көрдік.  Тарбағатай  тауында  көрген  таңбалармен  ойша  салыстырып  көрсек, өте  бір  ұқсастық  бар.

Тамғалы  таста  бәдізделген аңның  суреттері,  таңбалар бәрі сол  Тарбағатайда  көрген жартастардағы  кескінге ұқсап қалған. Өкінішке  қарай,  археологтар,  ғалымдар  еліміздің оңтүстігін шиырлай  бергенше,  бір уақ осы  Тарбағатай тауын  бір  кезіп  шықса, түркі  жұртының  арғы  тарихынан  хабар  беретін талай жәдігерге  кезігер  еді. Амал  қанша, ондай  қадамға  барып  жатқан  ешкім  жоқ. Әрине,  тарихы  жақсы  зерттелген  Тамғалы  тастың  орны  бөлек.  Ол жөнінде  түрлі әңгіме де жетеді. Енді сыры  беймәлім Тарбағатай  тауындағы  таңбаларды  қоя  тұрып, Тамғалы  тасқа  байланысты әңгімемізді  өрбітейік. Ресей уфологтары адамзат дамуында ерекше орын алатынеліміздегі Тамғалы археологиялық кешеніне байланысты қызықты пікір айтып отыр. Олардың айтуынша, жартасқа шекілген «күн басты» бейнелер өзге ғаламшардан  келген жатжұрттықтардың суреті. Шындығында, жартасқа бәдізделген «күн басты» пішіндер жекелеген және көп пішінді композиция түрінде берілген. Уфологтар осы аймақты мекен еткен көне түркі жұрты жатжұрттықтармен байланысқа түскен деген пікірде. Соның әсері түркі суретшілерінің осындай кейіпте тасқа суреттер қашауына түрткі болған. «Түркілердің адамзат дамуының алғашқы кезеңінде бірінші болып, темір өндіріп, оны өңдеп, тұрмыстық құралдар жасауына да сол көктен түскендердің ықпалы болуы әбден мүмкін» деседі уфологтар. «Тасқа шекілген спиральға ұқсас таңбаларға қарап отырып Құс жолын байқауға болады. Қазіргі құс жолына байланысты жасалған картамен әлгі суреттердің арасында өте ұқсастық бар. Демек аспан әлемін зерттеуді түркілер бірінші қолға алған», – дейді АҚШ зерттеушісі Джозеф П. Скиппер. Енді осы «Тамғалы тас» деген атқа ие болған кешенге байланысты бұған дейін айтылып, қатталған деректерге көз салайық.

Тамғалы – Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде, Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылында Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1957 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының экспедициясы «Қазақстанның археологиялық картасы» бағдарламасы аясындағы барлау жұмыстарының барысында ашылған. Қола дәуіріне тән бейнелер мен сюжеттер негізінен «күн басты» және «дәстүрлі киім» үлгісі сипатында. Таңбалы археологиялық кешені Орта Азияда кең тараған антроморфты бейне күн шапақты бетперде киген пішіндердің көптігімен ерекшеленеді. Суреттердің толық бір топтамасы антроморфты бейнеде жануарлар кейпіндегі бетперде киіп, аң терісін жамылған. Дәстүрлі және ғұрыптық үлгідегі киіну салтының бейнеленуі Орта Азия бойынша мерзімделу шеңбері б.з.б. ІІІ-мыңжылдықтың басы мен 2-мыңжылдықтың ортасына сәйкес келеді. Олар ерте темір дәуірінің афанасьев, окунев мәдениеттеріне де жақындығымен, Солтүстік және Орта Азияның далалық аймақтарының мәдениеттерімен (андрон мәдениеті, қарасұқ мәдениеті, т.б.) ұқсастығымен ерекшеленеді.

Тамғалы археологиялық кешенінде қола және ерте темір дәуірлеріне, ортағасырлар мен «жаңа заманға жататын қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары және петроглифтер» сияқты 100-ге тарта ескерткіш орыны бар. Шағын аумаққа шоғырланған ескерткіштер осы өңірді мекендеген көптеген көне тайпалардың 3 мыңжылдық тарихын қамтиды. Кешеннің негізгі өзегі шатқалдағы 3000-ға жуық петроглифтер. Кей зерттеушілер петроглифтердің ең көнелері б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ортасында, кейбірі ерте темір дәуірінің басында, сондай-ақ қола дәуірінде пайда болған деген тұжырымдар айтады. Бұл суреттер осы тауды киелі санап, мәдени ғұрыптық орынға айналдырған қауымдарға тәу ету, ғұрыптық жоралғылар өткізу кезінде алыстан көрінуі үшін таң атқаннан күн батқанға дейін күн сәулесі түсетін жартастардың ұшар биігіне салынған.

Тамғалы археологиялық кешені – 2004 жылы өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени-археологиялық және табиғи мұра комитетінің 28-сессиясында ЮНЕСКО-ның комитет мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген Орта Азиядағы жартастағы өнердің бірінші ескерткіші.

Міне, нақты деректер осылай сыр шертеді. Ал Ресей уфологтары мен АҚШ зерттеушісі жоғарыдағыдай пікір айтады. Әрине, көне заман суретшілері қиялында көрініс тауып, тасқа қашалған бейнелер анықтап қараған адамға скафандр киген ғарышкерлерге ұқсайтыны рас. Осыған қарап уфологтар айтқан пікірде жан бар ма деп те қаласың. Сондай-ақ оқымыстылар Тамғалы кешенінен басқа, Алтайдан табылған, зерттеу бойынша 4-5 мың жыл бұрын тасқа қашалған скафандр киген пішіндер мен бұдан үш мың жыл бұрын Тибет тауларындағы жартастарға салынған ұшатын табақшаға ұқсас суреттер және бұдан мың жарым жыл бұрын Америка құрлығында өмір сүрген мая тайпасы адамдары жерленген табыттардағы ғарыш кемесіне ұқсас сызбалар, сондай-ақ Сахарадан табылған бес мыңжылдық тарихы бар көне суреттегі скафандр киген адам пішіндес суреттердің барлығының түбі бір деседі. Бұған  Тарбағатай  тауындағы  таңбаларды  да  қосуға  әбден  болатын  сияқты.

Жалғыз қайың

$
0
0

Жалғыз қайың

 

 

Жалғыз қайың 

 

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай...

 

Осылайша Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар бейнесін тамсана суреттеген. „Қамар сұлу„ романын жазуға оны баянсыз махаббат итермелегенін және де атақты туындыны Ақбас Алтайдың баурайында қоныс тепкен Шыңғыстай ауылындағы жалғыз қайыңның түбінде отырып жазған деуші еді көпті көрген көнекөз қазыналы қарттарымыз. Ауылдан тысқары тұрған сол бір қайың өткеннің куәсі іспетті.

 

Халқымыздың белгілі ақын-жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыров та романның кейіпкері Ахмет сияқты бай адамның қызына ғашық болған екен. Махаббатының баянсыз, үмітсіз болғанын ақынның кейбір өлең жолдарынан да ұғынуға болады:

 

 

Бәрі де қолдың қысқасы –

 

Бір күнді мойынға алмауым.

Тағдырдың шебер ұстасы,

Көрдім мен жоқ қып қарғауын,- деген өлең жолдарында ақынның шарасыздығы, қолының қысқалығы оның еркін байлап тұрғанын аңғара аламыз.

 

Ал, енді шежіреге тереңірек үңілейік... Социалистік Еңбек Ері, соғыс ардагері, атақты атгер Бошай Кітапбайұлының "Тоғыз таңбалы Найман" атты шежіресінің 1-кітабында ақынның ғашығы туралы деректерге сүйендік.
Қаратай еліндегі Әбдікерім болыстың Бағила, Бағдат атты екі қызы болыпты. Бағиланы бала кезінде атасы Ережеп қажы Шыңғыстай болысына қарасты Шүй бойындағы Уақ Бұқабай деген ірі саудагердің баласы Ақсолтанға бермек болып құдаласып қойған екен. Өзі сұлу, өзі әнші Бағила Сұлтанмахмұт Алтайға келгенде 17-ге шығып, толықсып отырған кезі. Қыздың ақыл-ойы мен көркі ақынның жүрегін бірден жаулаған.

 

Бозбала ғашықтығын жасырмаған да. Сол тұстағы ғашықтық өлеңдері түгелдей Бағилаға арналған. Бағиланың да Сұлтанмахмұттан көңілі болған дейді. Алайда, қатал тағдыр бір болуға жазбаған еді... Қыздың ұзатыларда қоштасу ретінде, әрі ақынға арнап айтқаны күні бүгінге дейін ел аузында екен. Елін, жерін сағынып ішқұсамен күн кешкен Бағила екінші баласына босана алмай, дүниеден қайтыпты.
Міне, осылай өз басынан кешкен оқиға "Қамар сұлу" романының тууына себепші болған екен. Ғашығынан қол үзген Сұлтанмахмұт Шыңғыстай ауылына кіре берісте өсіп тұрған жалғыз қайыңның түбіне жиі келіп, ішінде беріш болып қатқан мұңын тарқататын. Заманның ащы шындығын әшкерелейтін шығарманың жазылуына осы қайың куә деседі жергілікті жұрт.
"Ол кезден бері қаншама уақыт өтті. Қайың ендігі қурап қалар еді", - деп сенбейтіндер де бар көрінеді. Алайда, қайың ағашының өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл екенін ескерсек, бәрі де мүмкін...
Біздің білгеніміз
"Тоғыз таңбалы Найман" шежіресінде тағы мынандай қызықты деректі ескермей кете алмадық. Әбдікерім болыстың екінші қызы Бағдат та көрікті болыпты. Бозбала кезінде Сәрсен Аманжолов бойжеткенге сезімін білдірген екен. Бірақ Бағдат Петербург университетінің заң факультетін бітірген адвокат Ғазиз Қалбановқа деген уағдасынан қайта алмапты.

 

Мадина ҚАЙНАРОВА

Ұлт порталы

Фотосуретте: Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылына кіреберістегі жалғыз қайың

Сұлтан Жанболатовтың қыстырмасы:

Ауыр қысым Ғазез бен Бағдатты Қытайға әкеледі. Ғазез 40-жылдарда Ресей мен Шың Шысай жендеттерінің қолынан қаза табады. Бағдат бертінде қайтыс болған. Оның Қабылхақ, Сәкен сықылды ұлдары да о дүниелік болды. Қабылхақтың үлкен ұлы Әніуәр Үрімжіде. Екінші ұлы Қасым АҚШта, үлкен ғалым. Әбдікәрім болыс та сол 40-жылдары Қытайдағы Алтайда тұрған ССРО консулінің қолынан қаза тапқан екен.....

 

Найман-моңғол жазуы

$
0
0

Ұйғыр жазуы емес найман-моңғол жазуы

29 Тамыз 2013, 15:373562

 Астана. 29 тамыз. Baq.kz – «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде оқырмандармен кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбай ел тарихын зерттеуге қатысты пікірін білдірді.

 Ғалым кездесу барысында халқымыз қолданған әліпбилер жайлы айта келе: «Бізде тарихты оқыту кезінде «ұйғыр жазуы» деп оқытады. Тарихта ұйғыр жазуы деген мүлде жоқ. Дұрысы «найман-моңғол жазуы». Өйткені, дәл осы жазу шыққан тұста наймандардың тарих сахнасында салтанат құрғаны белгілі. Ал, жазулардың барлығы наймандар мекендеген аумақтардан табылды. Енді неге біз оны «ұйғыр жазуы» деп атауымыз керек?! Бұл мен ұсынған бір ғана дерек. Оның найман-моңғол жазуы екенін дәлелдейтін деректер жетіп артылады. Ұйғыр жазуы деп атап жүрген орыс зерттеушілері. Кеңестік идеология мұны санамызға әбден сіңірді. Қазақта бұрын жазу, өркениет болмаған деп, ұлттық құндылықтарымызды өзгелердің қоржынына салып берді» деп өз пікірімен бөлісті.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

«Үржар ханшайымы»

$
0
0

«Үржар ханшайымы» б.з.д. IV-ІІІ ғасырларда жерленген

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Үржар экспедициясын бастап, үлкен олжаға кенелді. Зерттеуші ғалымдар Таскескен – Бақты жолындағы қорғаннан сақ заманындағы патша қыздың мүрдесін тапты. Ғалымдар оған «Ұржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының бұзылмай жақсы сақталуын үлкен сәттілік дейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. 

434_248243362f1ffcbfca99e2cc0ff2bbbdЕлімізге танымал археолог Темір Смағұлов басқарған экспедицияның мүшелері Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) профессоры, белгілі тарихшы Амантай Исин, археолог, суретші Георгий Пересветов, археолог Талғат Айлыбаев, сонымен қатар, СМПИ және ПМПИ (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты) студенттері, Семей қаласының Жас Ұлан лицейінің оқушылары болды.

Профессор Амантай Исиннің басқаруындағы СМПИ тарих-филология факультетінің 3 курс студенттері Абылхайдаров Сырым, Арғынбаев Мансұр, Бектұрыс Мереке, Бықышқызы Гүлгина, Дауконова Раушан, Исабай Айқын, Касимова Меруерт, Құрманғалиев Арман, Қызырхан Ерлік, Нұрмұханов Жұлдыз, Ысқақов Алмас және «Жас Ұлан» лицейінің оқушылары Ахметов Әли, Тәуірбаев Дәуреннің еңбектері үлкен. Жас археологтар қорған құрылысын қазу кезінде зерттеу әдістерімен танысып, ханшайымды тазалау жұмыстарына белсене қатысып қайтты. Осындай тарихи оқиғаға қатысып отырған студенттер қазба жұмыстарын таңсәріден қас қарайғанша жүргізді. Олар белгілі реставратор Қырым Алтынбаев келген соң шұңқыр қабырғаларын жан-жағынан көлемдетіп кеңейтті.

Айта кетсек, зерттеуші ғалымдар Таскескен – Бақты жолындағы қорғаннан сақ заманындағы патша қыздың мүрдесін тапты. Ғалымдар оған «Ұржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының бұзылмай жақсы сақталуын үлкен сәттілік дейді. Бұл үлкен олжа әйгілі Есік қорғанындағы Алтын адамнан кейінгі екінші соған ұқсас ескерткіш болып отыр.

Сондай-ақ, археологтар қорғанның жоғарғы тұсынан тағы бір адамның мүрдесін тапты, олардың пайымдауынша ол ханшайымның қызметші құлы не болмаса құрылыс аяқталғаннан кейін құрбандыққа шалынған адам болуы мүмкін дейді.

«Үржар ханшайымы» табылған ескерткіш біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларға жатады. Салтанатты киімімен жерленген жас әйел сол кездегі патшаның зайыбы, бәлкім қызы болуы да мүмкін. Ханшайымның сол аяқ жағындағы шұңқыр бұрышында ағаш табақ, ішінде қой жамбасы салынған керамикалық қазан, тағы бір керамикалық ыдыс табылып отыр. Әшекейлердің ішіндегі ең маңыздысы – бас киімі. Жас әйелдің ханшайым болғаны туралы тұжырымды ғалымдар негізінен соған сүйеніп жасап отыр. Ол алтынды «мүйіз» ою-өрнегімен безендіріліп, алтын және бағалы тастар мен көмкерілген. Келбеті мен өрнегі жағынан сәукелеге ұқсас. Сонымен қатар, алтыннан жасалған сым сырға, салпыншақтары да бар. Археологтар бұл жәдігерлердің барлығы өткен тарихтан мол мәлімет беретінін айтып отыр.

Бұл күндері зерттеушілер мен жас археологтар «Үржар ханшайымын» киім қалдықтарымен монолит түрінде тұтас алу жұмыстарын жүзеге асырды.

Анар Қуанғалиева 

Тезек Төренің жоқтаушылары бар екен

$
0
0

Тезек Төренің жоқтаушылары бар екен

03.09.2013, 13:07 0 пікір 132

         Тезек төре - Жетісу тарихында, қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған ірі тұлғалардың бірі. Кішкентайымыздан ата-әжелерімізден ол кісі туралы, әсіресе біз, Алтынемел өңірінің Күнгей-Теріскейінің адамдары, әңгімелерге қанып өстік. Марқұмдар Тезек төре туралы ешқандай жаманаттар айтпаушы еді.

Ал енді сол атақты адамның күмбезінің құлап, қараусыз жатқаны барлық елдің жанына батушы еді. Бұдан жиырма жылдай бұрын мен «Тезек төренің жоқтаушылары бар ма?» деген мақала жазып, осы өңірдің бар үлкендері сол атақты ханның қарашасы едік дейтіндерін алға тартып, елге күмбезді түзеу туралы мәселе көтерушілердің бірі болдым.

«Тезек Төре» атты арнайы Халықаралық қайырымдылық қоры құрылып, басшысына Ұлы Абылайханның Жетісу-Түркістан өңірін басқаруға жіберген ұлы Әділдің ұрпағы, белгілі ғалым, профессор Аман Шотаев сайланды. Жалпы, бұл өңірдегі барлық Әділдің ұрпақтары және басқа Абылай ұрпақтары да, қазір өздерін Тезек төренің ұрпағымыз деп атайды, ал біз сияқты басқа рулардың өкілдері, аталарымыз хан атаған Тезек төрені ерекше қадыр тұтатынымыз еш жасырын емес.

Ақыры, осы мәселе оңынан келіп, 2010 жылы Алтынемел тауының етегінде мемлекеттік «Мәдени Мұра» бағдарламасының аясында, Тезек төре мен Бөлтірік шешеннің елді бірлікке шақырған оқиғасына орай ескерткіш ашылды, Тезек төренің ұрпақтары, басқа да көптеген тұрғындардың қатысуымен төренің басына ескерткіш қойылып, қабірі қоршалды.

Осы айтулы оқиға кезінде Тезек төреге арнап барлық деректерді жинақтап, тарихи еңбек арнау қажеттігі көтеріліп, ағайындар маған қолқа салғанда, өзімнің «жастармен жағаласпай, ақсақал ретінде ақыл айтып, жөн сілтегенім дұрыс болар» деп бас тартқан едім. Олай болған соң бұл жұмыс төренің ұрпағы, өлең-мақалалары аз-аздап басылып жүретін Азамат Ақылбековке, «өзінің үлкен шығарма жазып көрмегенін» айтып қашқақтағанымен, ағаларының атынан тапсырылған еді.

Жуырда, Талдықорған қаласындағы өлкетану мұражайында Азамат Ақылбековтың, бұрын жұртшылық көп біле бермейтін тарихи деректерге толы, сондықтан да танымдық мәні мол, бағалы кітаптың тұсаукесері өтті.

Оқырмандардың халық шаруашылығындағы әдебиетке, тарихқа қатысы жоқ мамандық иесінің, қазіргі қатардағы ғана мемлекеттік қызметкердің жазуда несі бар деп ойлауы мүмкін. Басында мен де сондай пиғылда едім, алайда шығарманы оқып шыққан соң пікіріңіз мүлде өзгереді. Тарихқа арналған еңбектерді, осы тақырыпта жазған бұрынғы-соңғы авторлардың көбінің шығармаларын аударып-төңкеріп оқығаны байқалып тұрған, өзінің де ойлау өрісі кең, білімді, ізденімпаз, дарынды азаматтың қолтаңбасы мен мұндалайды.

Бес бөлімнен тұратын кітап, кеңестік насихат үстем тап өкілі, шынжыр балақ шұбар төс, қанаушы қанішер, зорлықшыл, барымташы, ұрылар ұстаған «елден жылқы қоймаған кезеп төре» деп құлағымызға құйғандықтан кейінгі ұрпақ қай сөзге сенерін білмей, қандай адам, қандай билеуші болғанын анық ажырата алмай дал болып жүрген Тезек төренің шынайы бейнесін ашқан тәрізді.

Тезек төре ғұмыр сүрген кезең Қазақ елінің, оның ішінде Ұлы Жүз жұртының өміріндегі бір жағынан Қытай, екінші жағынан Ресей, үшінші жағынан Қоқан хандығы анталап, боданы етуге ұмтылған алмағайып, қиын-қыспақты заман еді.

Әсіресе, Кіші Жүз бен Орта Жүз жеріне аяқ басқан отты қаруы мол, тәртібі күшті, тұрақты әскері сай Ресей басқыншыларының тегеурініне қарсы тұру мүмкін болмай қалған кез еді.  Жетісуды мекендейтін қалың қазақтың да, оның басқарушылары Абылай ханның ұрпағы – төрелердің де басына еркіндігінен, тәуелсіздігінен айрылу қаупі төніп, одан құтылар мүмкіндік қалмай, шарасыздық жайлаған уақыт жеткен.

Бірінші (тарихи) бөлімде отарлаушылардың Жетісуға тұмсық тығып кіруінің басталуы, 1825 жылы алғаш рет олардың әскери отрядының, оның ішінде дәрігер Зибберштейн сияқты барлаушы-жансыздарының Қаратал, Көксу, Іле өзендерінен өтіп, Алатау қойнауларын аралап, Ыстықкөл маңындағы Қырғыздарға дейін жетіп, жер-сулардың, өзен-өткелдердің жағдайын, оған апаратын жолдар мен асулардың мүмкіндігін, рулардың (Дулат, Жалайыр, Шапырашты, Суан, Албан т.б.) орналасу тәртібін, сұлтандарын (Әділ ұрпақтары мен Сөк Абылайханов ұрпақтары), Қытайдың шекаралық қарауылдарының тұрған тұстарын – бәрін тәптіштеп жазып, бастықтарына жеткізген баяндамалары деректі құжаттар түрінде келтіріліп, авторлық түсініктемелер арқылы берілуі оқырмандар көкейіне нанымды шыққан. 

А. Ақылбеков орыс отряды жүріп өткен керуен жолының бойында кездескенЫқылас өзенін – қазіргі Мұқыры өзені, ал Ықылас тауын – Шаған, Құрымбет даласы дегенді қазіргі Алғабас, Айнабұлақ ауылдарының маңы деп топшылайды.

Одан әрі дәрігер: «Ықылас таулары мен Жаман Алтын Емел тауларының аралығын Құранқай жазығы алып жатыр. Осы жазыққа сұлтан Аблай (Құлан) Әділовке бағынатын Сегіз Сары, Қызыл Бөрік, Айт, Бозым болыстарының қырғыздары малдарын жайып, семіртуге қонады. Айт, Бозым болыстары осы жерлерді түпкілікті мекендейді»,- деп жазған. Бұл жер, әрине, автор айтқандай,Күреңбел екені даусыз. Соңғы аталғандардың бәрі Албан тайпасының рулары.

Міне, қызық, бұрын Албан рулары негізінен Іленің сол жағына қоныстанған деген ұғым болатын. Сондықтан олардың аға сұлтаны Тезек төре неге Күреңбел-Басши өңірін мекендеп жүр деген сұрақ туындай беретін. Сөйтсек, Албандардың жартысына жуығы Күреңбелді жайлаған екен. Мұны, «Ыстықкөл сапарындағы күнделік» еңбегінде Шоқан Уәлихановта растайды.

Автор осы жазбаларда кездесетін қазір есте қалмаған жер, су атауларынқалпына келтірсек, бұл жерлерді қалмақ келмей тұрып та өз ата-бабаларымыздың тұрғанын дәлелдейтін едік деп көпшілікке ой тастайды.

Екінші (тарихи) бөлімде Тезек төренің өмірі мен қызметіне, тіршілік-тұрмысына, қазақ руларының жағдайына байланысты әртүрлі мұрағаттардан алынған көптеген құжаттар екі ғасырға жуық уақытты қамтып, бізге бейтаныс мезгіл мен оқиғаларды жақындата түскен.

Жетісуды отарлауға кіріскен орыстар бұл өңірдің тұрғындары арасында жас болса да (отызға толмаған) Тезек төренің беделді екендігін байқаған. Сондықтан оны іштеріне тартып, шен-шекпен беріп, өз мақсаттарына пайдалануға тырысып, аға сұлтандық дәрежеге көтерген.

Оның жеке басының ерекше қасиеттері туралы ғалым-саяхатшы Семенов-Тяншанскийдің, генерал-губернатор Гасфорттың, т.б. пікірлері соны байқатады. Олар Тезекті «ақылды, алғыр, батыл, айлакер» деп бағалайды.

Ал Гейнс оны «жарқылдаған ұшқынды көзді, қарағанда өңменіңнен өткендей, тесіле, тінте қарайды. Бетіне тіке қарай алмай, жүзіне көз сала алмайсың» деп суреттейді. Бұл, әрине жай адамда кездесе бермейтін, батыл да зерек адамның бейнесін көрсетіп тұр.

Отарлаушыларға амалсыз бағынғанымен  Тезек төре оларға бар ниетімен қызмет етпеген. Бабасы Абылай ханның әдісіне салып, Қытайлармен де, Орыстармен де іскерлік қарым-қатынаста болғанымен, түптеп келгенде елі мен өзінің пайдасын көздегені айқын.

Мұны «Тойшыбек» қамалына орыс әскерлеріне ат көліктерін бермегендігі, Колпаковский Ұзынағаш түбінде қоқандықтармен соғысқанда шақырғанына бармай, аз адаммен ұрыс біткенде ғана келуі, т.б. көптеген әрекеттері көрсетеді.

Тезек төренің және кейбір сұлтандар мен ру басыларының мұндай ниетін отаршыл өкімет те сезіп, біліп отырған. Сондықтан, 1865 жылы бүкіл Ұлы Жүзді бағындырып, өз мақсатына жеткен соң-ақ, алғашқы кездердегі жымысқы, алдаусыратқан саясатын қойып, дөрекі өктемдікке көшіп, отарлаушылардың шын жыртқыштық кейпін таныта бастаған.

Тіпті 1871 жылы Тезек төре бастаған Ұлы Жүздің 60 адамын тұтқынға алып, Қапал түрмесіне жауып, сұраққа алыпты. Мұндағы мақсаттары да айқын, оларға қысым көрсетіп, қорқытып, мысын басып, басынып, кіріптарлықта ұстауға тырысу, кім қожайын екенін көрсетіп қою.

Бұл бөлімде Тезек төренің жеке басының, саясаттағы Жетісулық қазақтардың - Орыс, Қытай, Қырғыз, Қоқан елдерімен қатынастардағы ролін, біз секілді аға буын өкілдерінің де біле бермейтін мәліметтерді, авторлық пайымдауларды көптеп кездестірдік.

Үшінші (этнографиялық) бөлімде  автор ел аузынан жинаған, Тезек төренің әртүрлі жағдайда өзіне көмек сұрап келген Жалайыр, Албан, Суан, Қарақалпақ, Түрікпен, Қаңлы, Керей, Жағалбайлы, Арғын, Найман т.б. елдеріне Алтынемелден жер беріп қоныстандырып, қамқорлық көрсеткен әңгімелерін және көршілес қоныстанған кей руларының арасындағы жер дауларын шешіп, меже белгілеп, татуластырғаны туралы әңгімелерді, ел аузындағы шешендік сөздерді көптеп келтіреді. Ел әңгімелерінен оның өз халқының қамын ойлаған билік иесі екендігі көріне түседі.

Автордың бұндай ел аузынан жинаған әңгіме-аңыздардағы өз атасына тиетін кездерін де жасырмай келтіріп отырғаны өте құптарлық.

Төртінші (шығармашылық) бөлімде автордың біраз әр кездерде БАҚ, интернет басылымдарында жазған мақала, өлең-жырлары келтірілген. Автор кейбір бұл жаққа келмеген, ел тарихынан, әдебиетінен хабарсыз адамдардың пікірлеріне өткір сындар айтады.

Бесінші (шежіре) бөлімде профессор Аман Шотаевтың жинақтаған Әділ ұрпақтарының шежірелері берілуі кітаптың құндылығын арттыра түскендей.

Қорыта айтқанда, жинақ Тезек төренің ақылы мен айласын, мінез-құлқы мен іс-әрекетін, жалпы адамдық қасиеттері мен кісілік келбетін танытатын, Жетісу жерінің отарлануы жайындағы көптеген деректерді қамтыған, тарихымызды жан-жақты тануға көмектесетін – құнды еңбек.

Кітап тілі терминологияларға аса көп бармай түсінікті тілде жазылған. Автор әлденеше рет сыпайылықпен азғантай еңбегім дегенімен көптеген сырларға қанықтық. Тезек төре туралы тың деректер білетіндер болса, хабарласа жатар.

Тұсаукесерге қатыса отырып, елдің Тезек төре туралы пікірлерін естіп, жоғалып кетіп, қайта табылған «Абылайдың Ақиығы» атты күйін (табушы - Таңатар Алшабеков; орындаушы – Талғат Оразаев) тыңдай отырып, алдында айтқанымдай «Тезек төренің жоқтаушылары бар ма?» деген сұрағыма жауапты толық таптым деуіме әбден болады. Ол – Тезек Төренің жоқтаушылары бүткіл халық екен.

Ерғали Ахмет

Еңбек ардагері,

ҚР журналистер одағының мүшесі

Ұлт порталы

Атақты Темірлан кім ?!

$
0
0
ТЕМІРДЕЙ БОЛҒАН ТЕМІРЛАН
11.09.2013 20:17 Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысы
032
Атақты Темірланды осы кезге дейін кім деп келдік?!
Екі құрлықты және бүкіл Кавказ бен Қырымды жаулап алып, өз билігін орнатқан, Ортаазиялық қала Самарқанды билік орталығына айналдырған түркі елінің, соның ішінде қыпшақтың көшпелі жұртынан шыққан даңқты император Темірлан (әмір) қаншама жорыққа шыққанымен ешуақытта жеңіліс дегенді білмеген. Әскери шеберлігі оны тарихта ұлы тұлға дәрежесіне көтерді. Дүние дөңгелек деген сол ғой, Шыңғыс хан аса ірі тайпа наймандарды жеңіп барып (оның өзінде де Жамуғаның сатқындығы болмағанда) бүкіл жер бетінің үштен екі бөлігін жаулап алды. Наймандарды жеңе алмағанда не болар еді? Ол әрине, бір Аллаға аян!

Кейіннен бірнеше ғасыр өткен соң, сол найманның барлас руынан шыққан Темірлан Шыңғыс ханның немересі Батыл (Бату) орнатқан Алтын орданы бірнеше рет күйрете жеңді және күйретіп тынды десек артық айтпағандық болар еді. Зерттеуші ғалым әрі жазушысы Хилда Хукхэмнің  «Темирлан –повелитель тюрков» атты құжатты тарихи повесін оқып отырып, оның әскери құрылымы Шыңғыс хан әскерінің құрылымынан аумай қалғандығын және кем түспегендігін, сондай-ақ негізгі әскери күші тек көшпелі халықтан тұрғандығын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізесің. Орыс жазушысы С.Дёминнің «Баязит» романын толықтай оқып шықсаң да Темірланның кім екенін анық түсінесің. Тіпті Хилда Хукхэм жазып отырып былай дейді:
– «Военная сила, которую создала централизованное государство и  которая служила инструментом деспотизма Тимура, основывалось сначала на кочевниках – это были главным образом всадники, искусные стрелки из лука. Это была военная сила, основанная на организации и традициях орд Чингиз хана и ни в каком отношении не уступала им. Многие свидетели описания главных черт новой военной организации, среди них католические послы подобно Карпинин Рабруку, венецианские торговцы Поло, Джувэйни, шейх и Танжера Ибн Батута и другие».
« –  Орды Темрлана,  тюркские по своему происхождению, хотя отнюдь не чингизского клона- составляли главную силу Тимура, а сердцевину и руководящее ядро составляли представители его собственного племени найманов из его рода Барласов.»
«После  обоза шли семьи кочевников с их стадами, телегами и кибитками.
В перерывах между службой или сражениями кочевники – войны присоединялись к своим хозяйствам и продолжали свою семейную жизнь, как обычно».
– Осыны осылай оқи отырып, Темірланның ең негізгі күші көшпелі елдің сарбаздарынан тұрғандығын білесің және әскери құрылымның дәстүрі де, ұстанымы да, тәртібі де Шыңғыс хан жасағынан аумай қалғандығын, сондай-ақ әскері тек түркілерден әсіресе, соның ішінде қыпшақтардан тұрғандығын ұғынасың.Тек орталығы етіп  Ортаазиялық Самарқандты таңдап алды демесең, нағыз көшпелі елдің империясы.
Когда Тимур призвал свой народ к войне, писал Клавихо собирались все, включая жен и детей, и выступали с ним, окруженные стадами.
«Никто никогда не отделяется от своих стад. Эти идут с ними вместе на войну, перемещаясь с одно места на другое. При этом женщины, которые имеют маленьких детей, везут их в маленьких колыбелях, а когда женщины едет на лощади, она кладет ребенка на переднюю луку седла. Имелись также в его (Тимура) армии много женщин, которые вмешивались в рукопошные схватки в самых жестоких боях и боролись с мужчинами и сражались с храбрыми войнами, одолевали мощные орды в сражениях ударами пик, собель и стрельбой стрелами».
Атқа мініп үйренген, ерлерімен тізе қосып соғысып жаттыққан, көнбіс қазақтың қыздары мен әйелдері болмаса, қай халықтың соның ішінде отырықшы елдердің (оседлых) әйелдері мұндай жорықтарға төзер ме еді? Ешуақытта! Темірлан қаншама жорыққа шықса да, ешбір елдің әскерінен жеңілмеген. Үйретілген сарбаздар мен олардың әйелдері қарсы жауға бой бермеген ғой. Әрі Темірланның соғыс тәсілі мен оған асқан соғыс шеберлігін, дәлдігін  қосыңыз.
Бірақ осы ұлы  империяның қате басқан, соғысты кімге қарай бағыштағанын да бізге дұрыс талдай білуіміз қажет-ақ.
Ең бірінші Темірлан империясы өзінің қандастары құрған Алтын орданы үш рет соғысып жеңіп, қиратып тынды. Русь пен Еуропаның біраз бөлігін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған, қаншама ғасыр бодан болып келген елдер азаттығын алып кетті. Әрі олар мемлекет болуды үйреніп бір орталыққа, бір патшаға бағынуды түсінген еді. Онсыз күндері қараң болатынын білген.
Русь, Алтын орданың басып алған бүкіл жерін иеленіп кетті. Ілдірім  Баязит үстемдік жүргізіп тұрған  Түрік империясын (Молнияносный Баязит) бір жорығында тас-талқанын шығарды. Соққының қатты болғаны сондай қанды қырғыннан бүкіл әскерінен айырылып қалған Ұлы түрік қағанаты 50-60 жыл көтеріле алмады.
Кәрі құрлық іштей терең демалып бостандыққа шығып кетті. Бірақ жарты ғасыр салып бар Осман түріктері қайтадан етек-жеңін жиып, күшейіп, айналасын басып ала бастады. Дүниенің үштен екі бөлігін билеп тұрған қайран түркілер, жер шарында бір билеуші болуы керек деп, бірін-бірі алып ұрды. Неткен саяси қателік десеңші! Тілі бөлек, діні жат, дәстүрі басқа ел есебінен өсіріп алып, қалай билік жүргізуді, әскерді қайтіп құруды, соғысты қандай әдіс-тәсілмен іске асыруды үйреніп алып, Алтын орданың қайта  тұруына ерік бермеді.  Кейіннен Осман империясының да іргетасын босатып, әлсіретіп құлатты. Түркі империялары  (Алтын орда болсын, Шыңғыс хан немесе Осман түріктерінің империясы болсын) басып алған халықтарды қырмай, тек алым-салық жинап отырса, билікке шыққан діні бөлек басқа жұрттар, бұларды өсірмей жүйелі түрде қырып келді. Табанға салып, мемлекет бола алмайтындай жағдайға жеткізді. Құлдық тіршіліктіктің қамытын мойындарына  ілді. Сол кезеңдерден кейін, бүкіл түркілерден тек түріктер ғана мемлекет құра алды. Екі империяны ұрып жыққан және Үндістанды, басқа да араб елдерін, көптеген жұрттар мен ұлыстарды жаулап алған Ұлы Темірлан енді саны өсіп, жерін кеңейте бастаған Қытайды талқандауды межеге алды. Бірақ бұл мақсатына жете алмады. Кезінде ата-бабалары қазақ жерінен келген, найманның барлас руынан шыққан ұлы император шүршіттерге жорыққа аттанып бара жатып, Отырардың түбіне келіп көктемгі суықтан өкпесі қабынып мерт болды. Империяны таратпай ұстап тұратындай, Шыңғыс хан сияқты артына өсиетнама жазып қалдыра алмады. Сол замандарда алмас қылыштары жарқырап тұрған қыпшақ – қазақтың ержүрек азаматтары-ай дейсің ішіңнен өкініп.
Ел-жұртты қамшының тасбауындай өріп, ұйымдастыра білген, білікті, соғыстың сан түрлі қырын жетік түсінген ұлы қайраткер Темірлан, осы империяларды құрған бір тіл, бір әдеп-ғұрыптағы ел екенін түсіне алмай кетті- ау. Алла тағалам жар болып, кейінгі ұрпақтары қазақтардың  сондай-ақ түркі елдерінің дүниеге келтірген мемлекеттерін сақтап қалсын дейміз.

Монголией мавзолей древнетюркского императора

$
0
0

ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора

пятница, 28.10.2011, 15:05
 Комментарии (16)
0
Вперед
Назад
1/14
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
"Терракотовые" фигурки символизируют обряд захоронения. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Директор научно-исследовательского центра "Тюркология и алтаистика" при ЕНУ имени Гумилева Каржаубай Сарткожаулы в коридоре мавзолея. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Уникальная находка казахстанских и монгольских археологов - подземный мавзолей древнетюркского императора. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Археолог Жантегин Каржаубайулы у входа в коридор длиною 42 метра. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Расписные стены вдоль 42-метрового коридора мавзолея древнетюркского императора. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Настенные рисунки VII века. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Сооружение и снаряжение подземного мавзолея Майхан-уула в Центральной Монголии характерно только для местных тюркских народов.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
В мавзолее было найдено порядка 352 экспонатов. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Раскопки длились два месяца, после чего еще месяц потребовался для консервации найденных объектов. Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Влияние китайской, восточной культуры не исключается, но историко-культурные ценности, найденные в подземном мавзолее, принадлежат тюркам, считает профессор.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Фото предоставлено Сарткожаулы.
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
Находка свидетельствует, что уже в VI-VII веке этот вид искусства существовал у древних тюрков, которые, возможно, стали первыми, кто его использовал
ФОТО: Ученые Казахстана нашли под Монголией мавзолей древнетюркского императора
"Терракотовая" скульптура боевого коня подлежит консервации
В Монголии казахстанские и монгольские археологи обнаружили мавзолей древнетюркского императора, передает корреспондент Tengrinews.kz. Сама находка, датируемая VII веком, является сенсационной, утверждают ученые мира. Мавзолей сохранился в первозданном виде и не разрушился во время раскопок во многом благодаря придуманному совместно с монгольскими археологами новому методу. Это ноу-хау ученых двух стран, рассказал в ходе беседы доктор филологических наук, профессор, директор научно-исследовательского центра "Тюркология и алтаистика" при ЕНУ имени Гумилева Каржаубай Сарткожаулы.

"Тюркская культура не сильно изменилась за века. Как вы знаете, наши предки устанавливали юрты таким образом, чтобы дверь "смотрела" на юго-восток. Дверь коридора, который ведет к мавзолею, также выходила на юго-восток. Когда мы начали проводить исследования, стало понятно, каким образом древние тюрки 1300 лет назад раскапывали и закапывали заново подземный объект. Отмечу, что археологи Жантегин Каржаубайулы (Казахстан) и Эрдэнболд (Монголия) полностью сохранили облик, архитектурную структуру мавзолея раннесредневековых древних тюрков. Это долгий процесс и кропотливая работа всей группы, которая состояла из 34 человек", - пояснил Сарткожаулы.

В коридоре длиною 42 метра не было ступеней, зато на стенах по обе стороны начерчены рисунки и расположены четыре арки толщиною в 100-150 сантиметров. Это редкий уникальный объект, уточняет художник-реставратор, основатель научно-реставрационной лаборатории "Остров Крым" Кырым Алтынбеков.

Раскопки длились два месяца, после чего еще месяц потребовался для консервации найденных объектов. В мавзолее было найдено порядка 352 экспонатов. Среди них - драгоценные украшения, живопись, предметы быта. Особый интерес представляют "терракотовые" фигурки и их расположение в одной из камер мавзолея. "Когда мы зашли в одно из помещений, то увидели около 90 маленьких скульптур, они стояли в четыре ряда. Они символизировали обряд захоронения. Однако это еще нужно тщательно изучать. Но сама находка свидетельствует о том, что уже в VI-VII веке этот вид искусства (изготовление "терракотовых" скульптур. - Прим. автора) существовал у древних тюрков, которые, возможно, стали первыми, кто его использовал", - рассказывает Алтынбеков.

Как отмечает Сарткожаулы, сооружение и снаряжение подземного мавзолея Майхан-уула в Центральной Монголии характерно только для местных тюркских народов. И к нему не имеют никакого отношения китайские и согдийские мастера. Об этом говорит особенность чертежей, скульптур, рисунков, узоров и украшений мастеров. "Китайские настенные рисунки сохранились только в городах, расположенных к западу от Дун-Хуанна. Рисунки Западного Китая относятся к IX-XIII векам нашей эры. А мавзолей Майхан-уула установлен в VII веке, поэтому настенные рисунки - наследие Великой степи. Конечно же, влияние китайской, восточной культуры не исключается и, я бы даже сказал, неизбежно. Но историко-культурные ценности, найденные в подземном мавзолее, принадлежат нам и являются национальным, культурным достоянием всего тюркского мира", - заключает ученый.

Самое интересное, что тюркским мавзолеем в первую очередь заинтересовались иностранцы: любопытные ученые Германии, Китая, США и другие, как только узнали об историческом объекте, сразу же приехали и даже позавидовали столь древней находке. "В Монголии сейчас параллельно работает 30 экспедиций из разных стран, и все отмечают уникальность и сенсационность найденного объекта. Но чтобы теперь его сохранить, необходимо построить музей, создать все необходимые условия. Власти Казахстана должны заняться этим вопросом уже сейчас", - говорит Сарткожаулы.

Автор: Жулдыз Сейсенбекова

Подробнее:http://tengrinews.kz/picture_art/foto-uchenyie-kazahstana-nashli-mongoliey-mavzoley-drevnetyurkskogo-imperatora-200227/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz


Күмбезді архитектура үлгісі Сақ тайпасына тиесілі

$
0
0

Күмбезді архитектура үлгісі Сақ тайпасына тиесілі

17 Қыркүйек 2013, 10:131080

Астана. 17 қыркүйек. Baq. kz – Қызылорда облысы Қармақшы ауданында біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың орта кезеңінде Сақ тайпаларының мекені болған Шірік-Рабат қаласы бар.

 

Жаңадария арнасының сол жағалауындағы тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеген. Алайда 90 жылдардағы тоқырауда бұл жұмыс тұралап, аяқсыз қалған. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстары қайта басталды. Құм суырған жапан түзде тарихи жәдігер жинаған археологтердің еңбегі өлшеусіз. Сан ғасырлар бедеріндегі тіршіліктің тінін ақтарып, қазақ даласындағы қилы оқиғалар хронологиясын жасауды көздеген ғалымдар 8-маусым қатарынан Шірік-Рабат қалашығының орнын қазуда. Көне шаһарды мекендеушілердің тұрмысы мен ғұрпын танытатын жәдігерлер жеткілікті. Қаланың қамалы, бекініс үйлері, әскербасылар мен абыз-ақсүйектер жерленген биіктігі 6-8 метрлік қабірлер табылған.
Жолдасбек Құрманқұлов, Шірік-Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясының жетекшісі:
- Семсермен жатқан кісінің киімі өте қымбат, паршаға оралып жерленген. Бас жағынан бір ыдыс табылды. Ыдыста көне жазумен «Бұл Тир құдайының шапағатына ие болған адам» деген жазу бар екен. Көне парсы тіліндегі жазуда. Ал «Тир құдайы»«әскер, қару-жарақ құдайы» деген мағынада.
Жаңадарияның жағалауын қоныстанған Сақ тайпалары негізінен егінмен күнелткен. Бірақ біздің заманамызға дейінгі ІІ ғасырда өзен арнасы тартылып, қалада тіршілік тоқтайды. Тек ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында арна суы қайта толысып, қала тағы жандана түседі. Ортағасырлық қоныстан табылған тұрмыстық заттар мен қолөнер бұйымдары осының дәлелі.
Жанболат Утубаев, Шірік-Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясының мүшесі:
- Қазба жұмыстары барысында ортағасырлық цитадельдің, үй-жай қабырғасының етегінен үлкен бөлме табылды. Бөлменің ішінен әйел мүсінінің қалдықтары табылды. Алебастрдан денені жабыстырып-жабыстырып жасаған.
Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдары бірлесіп Бұланды ескерткіштерін де зерттеуде. Археологтер Сақ дәуіріне жататын 8 бөлмелік шеңберлі нысан архитектуралық қолданыс бойынша жер бетіндегі ең көне күмбезді құрылысқа жататындығын айтады.
Әзілхан Тәжікеев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ Археология және этнография ҒЗО жетекшісі:
- Академик Толстов мақаласында алғашқы біз күмбезді архитектураны Рим империясының Рим архитектурасына жатқызсақ, ол біздің дәуіріміздің I ғасыры, ал дала Сақтары, яғни Арал маңын мекендеген Сақ тайпалары оған дейін 400 жыл бұрын керемет күмбезді архитектураның үлгілерін көрсеткен деп айтады.
Шірік-Рабат – қазақ жеріндегі құнды жәдігерлерге бай ескерткіш. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарын кідіріссіз, жүйелі жүргізу үшін бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, кешенді зерттеу ауқымын кеңейте түсу маңызды.

Қаражаубай Сартқожа: сақ дәуірінің жазу үлгісі табылды

$
0
0

Моңғол Алтай жотасының тау сілемдерінен ежелгі сақ дәуірінің жазу үлгісі табылды

Кеше, 15:20 1 пікір 161

Сақ жазуы байырғы түрік бітіг (руна) жазуының алғашқы үлгісі екені анықталды. Бұл «Мыңжылдық көкжиек» бағдарламасы бойынша түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының Моңғолия Республикасына жасаған ғылыми іс-сапары кезінде анықталды.

«Моңғол Алтай жотасының тау сілемдерінен ежелгі сақ (скиф) дәуірінің 3 дана жазу үлгісін тауып әкелдік. Бұл артефакт - әлемде бірінші мәрте табылып отырған құндылық. Бұған дейін Сақ, Ғұндардың жазуы болғаны туралы тарихи құжаттарда ақпарат сақталғанымен қандай жазу екені анықталмаған еді.

Енді міне байырғы түрік бітіг (руна) жазуының алғашқы үлгісі екені анықталып, Сақ (Скиф) дәуіріндегі жалғасқан рухани сабақтастық Көк түріктерге жалғасқаны дәлелденіп отыр», - дейді Еуразия ұлттық университтінің профессоры Қ.Сартқожаұлы. Ғалымның айтуынша, 76 күнге созылған бұл сапардың мақсаты - моңғол мұрағаттарынан қазақтың тарихына қатысты деректеме құжаттарды қолға түсіру, көшірмелерін жасап жинақтау еді.

Нәтижесінде Моңғолия Республикасының Орталық мұрағаты, Тарих институтының мұрағаты және Баян-Өлгей аймағының мұрағатынан көптеген құндылығы жоғары, деректерге бай 320 беттік тарихи құжаттардың көшірмелері жасалып әкелінді.

Оның ішінде ерекше атап көрсетер құндылықтар мыналар: Моңғолия Орталық архивінен Абылай ханға байланысты 1756 жылғы тарихи құжат (30 бет), Моңғолияда өмір сүрген қазақтар 1911-1914 жылдар аралығында Моңғолия автономиясының қол астына кіру үшін берген арыздары, Боғда хан тарапынан қабылдаған құжаттар (10 бет), Шығыс Түркістанның Алтай жотасының оңтүстік бетінде өмір сүрген қазақтардың 1836 жылы бекіткен «Қазақ заңының» толық нұсқасы. Сондай-ақ ежелгі Хунну (Ғұн), Моңғол империясының тарихына байланысты 20-ға жуық кітаптар алып келдік.

Моңғол - Француз, Моңғол - Корей, Моңғол - Герман, Моңғол -Ресей археологтарының жүргізген Хунну (Ғұн) көмбелерінің қазба жұмысына байланысты баспа бетін көрген ғылыми есептерін алып келген. Ал далалық экспедиция кезінде сақ жазу үлгісінен бөлек, түрік дүниесінің ең көне жәдігерлерінің бірі, әрі бірегейі деп бағаланған біздің жыл санаудан бұрынғы 30-25 мың жыл бұрын сызылған (ежелгі тас дәуірі) Хойт-Цэнхэр үңгірінің суреттері фотоға түсірілді.

Қазір Моңғол Алтай тауларынан түсірілген 1000 дана петроглифтердің де ғылыми сипаттамасы жасалынып жатыр. Мұндағы суреттер Сақ, Ғұн, Түрік дәуірінің сурет өнерінің жетістігін, шеберлігін көрсетумен қатар сол дәуірде өмір сүрген ежелгі түріктердің дүниетанымы, өмір сүру ритмі, шаруашылығы, дәстүр-салтынан нақты деректер береді. Сондай-ақ бұған дейін табылып, толық зерттелмеген Яман-ус, Ханан-хад сияқты 12 жердегі байырғы түрік бітіг (руна) жазбалары да қайта қаралып фотоға түсірілген.

Ерлік Ержанұлы
Қазақпарат

Ясын Құмар:Ғұндар қаражорғаға билеген

$
0
0

Қытайдың батыс терістігінен Тарым мен Тәңіртау алабына енетін жол Хыши дәзілінің батыс қақпасына орналасқан Қаратау петроглифтеріндегі осыдан 2000 жыл ілгері қашалған топтық би көрінісін байырғы сақтардан, үйсіндерден, иүзлерден, ғұндардан қалған қаражорға биі (қазіргі қазақтың қаражорғасы) деген байқауым мен көзқарасымды осыдан бұрынғы мақалаларымда баяндаған болатынмын.

Қаратау петроглифтеріндегі билерді қаражорға биі деуде кем дегенде мынадай төрт негізге сүйенген едім:

Бірінші, бидің көрінісі дәл қазақтың қаражорға биінің өзі;

Екінші, би кескіндерінің тасқа қашалған уақыты (б.з.б. 5ғ - б.з.б.1ғ ) қазақтың ең басты этникалық тегі саналып келе жатқан сақ, иүз, үйсін, ғұндар осы өңірде бірінен соң бірі мекендеген делінген тарихи жазбаларда кезігетін мезгілге сәйкес келеді, сондай-ақ ғалымдар бұл туындыны да соларға және сол мезгілге тәуелдеген.

Үшіншіден, археологиялық және антропологиялық зерттеу нәтижесіне сай, сақ тайпалары қола (бронза) дәуірінде немесе одан да бұрын осы өңірлерге немесе одан да ішкерілеп сары өзен бойына дейін жеткен, мәдениет таратқан, кейінгі иүз, үйсін этностары осы сақтармен байланысты деп қаралады;

Төртіншіден, биге қатысқан адамдардың киімі, әсіресе шошақ әрі биік бас киімі мен оған таққан үкісі ары сақтардан, берісі қазақтан ғана табылады, т.б.

Бұл мақаламызда, Қаратауда қашалған қаражорға биінің көрінісі біздің арғы аталарымыздан болған сақтарға (тарихтағы үйсіндер мен иүзлер де сақтардың тармағы ретінде қаралады, оның үстіне сақтар мен үйсіндердің молаларынан олардың жерлеу салты мен басқа да мәдениет деректерінен ғалымдар айрықша айырмашылықты байқай алмаған) тәуелді екендігінің дәлелін тіпті де бекемдей түсетін, Хыши дәзілінің Тәңіртау мен Тарымға кіретін қақпасындағы қартау петроглифі, Еренқабырғаның (Тәңіртаудың Үрімжіден батысқа қарайғы орта бөлегі) терістік қапталындағы таңғажайып топтық би көріністерін өрнектеген атақты Құтыби Қызылқысаң петроглифі және әйгілі Есік сақ алтын адамы үшеуінің арасындағы ортақтықты қарастырамыз. Өйткені, бұлардың пайда болған дәуірлері қарайлас, авторлары түгелдей сақтарға байланысты деп қарастырылады.

Құтыби Қызылқысаң топтық би петроглифі дүниедегі петроглифтердің ішіндегі ең әйгілілері қатарында деп айтуға болады. Ол Үрімжінің батысындағы Құтыби аудан қалашығының батыс оңтүстігінде 70 км қашықтықтағы Еренқабырға (Тәңіртаудың Үрімжіден батысқа қарайғы сілемі) тауының теріскей қапталындағы теңіз деңгейінен 1500 метр биіктіктегі жартаста орналасқан. Орны шығыс бойлық 86°19′20″, солтүстік ендік 43°51′.

Қызылқысаң петроглифтеріне жасалған талдаулар арқылы, ондағы адамның өсіп-өрбуіне байланысты танымға, әсіресе ерлердің жыныс мүшесін көрнектілендіру ерекшелігіне сай петроглифтің қашалған уақытын қауымдық қоғамның соңғы мезгілі, аталық рулық қоғам сатысында деп тұжырымдалған. Шыңжаңнан байқалған археологиялық деректерден әдетте Шыңжаң өңірі б.з.б.3 ғасырдан ілгері таптық қоғамға еніп, мәдениетті дәуірге қадам қойған делінеді. Оның үстіне суреттің бір бөлегі қызыл реңмен боялған. Бұл да оның арғы заман туындысы екендігін ұғындырады. Сондықтан Құтыби Қызылқысаң петроглифі б.з.б.3 ғасырдан ілгері қашалған деп қаралады.

Құтыби, Манас өңірі ең ертеде сақтардың қонысы болған. Үйсіндер шығыстағы Хыши дәзілі маңынан б.з.б. 2 ғасырдың басқы мезгілдерінде Іле аңғарына ауып келгеннен кейін, бұл ара негізінен сақтардың байырғы бір тайпасы саналатын Касилердің қонысы болды. Ал хан ордасы мен ғұндар Каси өңіріне таласқан аласапыран мезгілде, бұл араны бір мезет ғұндардың шығыс Барыс елінің ханы Езлікшенің тайпасы қоныстанған. «ханнамада»: «Осы кезде (Юанди кезі: б.з.б.75 жыл - б.з.б. 3 жыл) ғұндардың шығыс Барыс елінің ханы Езлікше басқаққа 1700 ден астам адамымен келіп тізе бүкті. Басқақ оларды артқы Касидың батысындағы Етімзелә деген жерге қоныстандырды» делінеді. Етімзелә елінің батысы Үйсіндермен шекараласады. «Соңғы ханнамада»: «Каси елі Үлепсе, Занғуан, Ғаға, Етімзелә елдерін жойды. Кейінірек ол елдер қайта шаңырақ көтерді» делінген. Бұлардан үйсін, каси, ғұндардан бұрын бұл өңірде сақтардың болғандығын білеміз. Осылар және басқа да көптеген тарихи, мәдени деректер Қызылқысаң петроглифінің авторы сақтар екендігін ұғындырады.

Қаратау байырғы Қытайдың Орта жазығынан Тәңіртау және Тарым алабына енетін жолы Хыши дәзілінің батыс қақпасы Жаюгуан қаласының терістігінде 20 километр қашықтықта жайғасқан. Қаратау мен әйгілі Шилантау арасын кең аңғар бөліп жатады, оңтүстігі алып Шилантау, ортада Жаюгуән қаласы. Қаратауды Шилантаудың тармағы деп қарауға да болады. Ал, Шилантау деген ат көне түркі тіліндегі «tengri» сөзінің дыбыстық аудармасынан келген деп қарайтын мамандар да бар. Дәл осы байырғы көшпелілер қонысынан өткен ғасырдың 70-жылдары мамандар көптеген петроглифтерді байқап, тіркеуге алып, зерттей бастайды. Бұл петроглифтер Қаратаудың үш сайына бес орынға жайласқан. Жанго дәуірінен миң дәуіріне дейінгі туынды деп қаралған 153 сурет байқалған. Қытайдың Гансу өлкелік өкіметі оларды 1981-жылы 10 қыркүйек күні өлке дәрежелі қорғалатын мәдени мұра деп белгілеген.

Қаратау петроглифтерін суретті тасқа егеп-қашап салу тәсіліне қарай ғалымдар үш топқа бөлген. Бірінші топтағылары тас немесе басқа қатты құралдармен егеп салған суреттер. Қаратаудағы би кескіндері негізінен осындай бірінші түрдегі тәсілмен салынған. Ғалымдар Қаратау петроглифтеріндегі осы би кескіндерінің төңірегіндегі археологиялық деректер, тарихи жазбалар және суретті тасқа қашап салу тәсілі және ондағы бейнеленген мәдениет үлгілері сияқтыларға сүйене отырып, оны жанго заманынан батыс хан династиясы дәуіріне (б.з.б. 5 ғасыр - б.з.б. 1 ғасыр) дейінгі сақтардың, иүзлердің (нүкіс), үйсіндердің немесе ғұндардың туындылары деп тұжырымдайды.  Байырғы Қытай тарихи жазбаларында жанго заманынан батыс хан дәуіріне дейінгі дәуірлерде осы өңірлерде жоғарыда аталған этностардың (сақтар, нүкістер, үйсіндер, ғұндар) ілгерінді-кейінді қоныстанғаны туралы тарихи жазба деректер жеткілікті.

Демек, кезінде осы өңірлерде сақтар болған, одан иүзлер ірге теуіп, олар үйсіндерді шапқан, кейін ғұндардың сүйемелімен үйсіндер ес жинап, елін құрап қайта нүкістерге тап беріп, оларды батысқа қуып тастаған. Оның соңынан үйсіндердің өзі батысқа Іле алқабына ауған. Одан бұл өңірге бір мезет ғұндар үстемдік еткен. Демек, осы өңірден сақтар, иүзлер, үйсіндер бірінен соң бірі батысқа Іле алқабына қарай қоныс аударған. «Ханнама»-да: «Үйсіндердің ішінде сақтардың да, ұлы иүзлердің де нәсілі бар еді» деп жазылуы осыны аңғартады. Шиланшан биік, қарлы салқын тау, ол жаз жайлауға бап келеді. Ал, оның терісітігіндегі бір әңғармен айырылып тұрған Қаратау Шилантауға қарағанда қары жұқа түсетін ой тау есепті. Ол Шилантауға жайлаған елдің жайлы қыстаулығы болғаны даусыз.

Бұлардан тыс, басына биік шошақ төбелі бас киім киіп, оған екі үкі қадаған адам бейнесі, Сібірдегі Нана өзені аңғарындағы петроглифтерден де байқалған. Ондағы адамның қашалған бейнесі Құтыби Қызылқысаң петроглифтегіге ұқсас, жоғарғы денесі төңкерілген үшбұрыш тәрізді, иықты, қына бел, биге басқан. Бас киіміне тегіс үкі қадаған. Археолог ғалым Окладников бұл туындыны б.з.б.1500 ж. - б.з.б.1300 ж. аралығындағы бронза дәуірінің туындысы деп білген. Америкалық оқымысты Есте Чокбосн да бұл сақтардың (Scythian - скиф) көшпелі тұрмысын бейнелеген туынды деп қарайды. Қытай ғалымдары осы Құтыби Қызылқысаң петроглифі мен Сібірдегі Нана өзені аңғарындағы биге басқан адамдар бейнеленген петроглифін салыстырып, бұларды түгелдей сақ мұрасы деп таныған.

Жетісудің Есік алтын адамы, орталық Тәңіртаудағы (Еренқабырғадағы) Құтыби Қызылқысаң топтық би петроглифі және Хыши дәзілінің батысындағы Қаратау топтық би петроглифі үшеуінің де авторы сақтарға байланысты, түгелдей б.з.б. 5ғ  мен б.з.б. 1ғ  аралығының туындысы деп қаралды. Сондықтан бұларды салыстыра зерттеудің тарихи-мәдени мән-маңызы аса зор әрі олардан айқын тамырластық пен желілестікті байқауға болады.

1. Қаратау петроглифі де, Құтыби Қызылқысаң петроглифі де басқа жерден ұшыратуға болмайтын көп адам қатынасқан ерекше әсем де, ойнақы, ритімді топтық би көрінісі жолығады. Алтын адам байқалған Есіктен тым шалғай болмаған таңбалы тас петроглифінде де топтық би суреті жолығады. Демек, осы өңірлердегі ерте заман сақ халықтары түгелдей ән, күй, биге бай халық әрі биі жетілген, көп адам бір уақытта бір түрлі қимылмен де, әсем де, ретті билей алады. Сондай-ақ наным-сенімін, көңіл-күйін бимен еркін бейнелуге әуес, оған әдеттенген халық болып табылады. Қытайдың тарихи жазбаларында («Ханнама батыс өңір баяны», «Соңғы Ханнама» және Жин Фуйуанның «Пипа мен өлең сөзге кіріс сөзі», т.б.) жазылуынша, хан патшалығы дәуірінде ғұндар, үйсіндер жаратқан дабыл, сыбызғы, боздауық, пипа, ғежек сияқты күй аспаптары Орта жазыққа таралған. Қытайдың Шижұн ханышасы үйсіндерге ұзатылғанда жол бойы ат үстінде ойнайтын күй аспаптарымен жүрген. Сол заманда ғұндардың, үйсіндердің, иүзлердің күй мен биі жетілген.

2. Қаратау петроглифі мен Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегі қашалған адам бейнесіндегі ең үлкен ұқсастық - әр екі орындағы петроглифте де адам денесі иығы кең белі жіңішке одан қайтадан бөксесі кең етіліп, белден жоғарғы бөлегі төңкерілген үлкендеу үшбұрыш болып келіп, белі барынша жіңішкеріп, төменгі денесі қайтадан төбесі жоғары қаратылған кішілеу үшбұрышқа айналады. Бұлардың барлығы кездейсоқ құбылыс емес, қайта сақ бейнелеу өнерінің ерекшелігі болған. Мысалы, Сібірдегі Нана өзені аңғарындағы сақ өнері деп танылған, тағы да биге басқан адамдар бейнеленген петроглифтегі адам бейнесінде, Іле аңғарының жоғарғы жағындағы Күнес бойынан табылған сақ қола жауынгерінің мүсінінде (6-сурет), Алтай Пазырық мәдениетіне тән сақ серісінің кілемге түсірілген көрінісінде түгелдей адамның белі жіңішке, мойнының жуандығымен қарайлас бейнеленген. Тіпті сақтардың Пазырық атты серісінің өзінің белінің жуандығы мойнымен бірдей болып қалмастан, атының бауыры да мойнымен бірдей ішке тартылып сызылған. Есте болары, Пазырық сарбазының жирен торы атының бүкіл денесінде тұяғы ғана қара, өз бет әлпетінде мұрны үлкен, шашы қара. Бұл суретте бейнеленген адам бейнесінің европойттық еместігінің, қайта сақтарға байланыстылығының айғағы.

Есік алтын адамы мен Қаратау және Қызылқысаң петроглифтерінің арасынан басқа да қыруар ортақтықтарды байқауға болады.

3. Қаратау петроглифі мен Құтыби Қызылқысаң петроглифі және Есік алтын адамының басына киген шошақ төбелі биік қалпағы мен оған таққан үкісі ұқсайды. Қаратау петроглифінде үкіні биік шошақ бас киімнің алдынан қадау да, төбесінен қадау да байқалады, Есік алтын адамында үкі бейнесі шошақ бас киімнің алдынғы жақ екі шекесінен шығарылған, Құтыби Қызылқысаң петроглифінде төбесіне немесе алдына қадалған. Ғұндар тарихта төбесіне екі жағынан екі үкі де қадаған, ортасынан топ үкі де қадаған. Ал біздің ғалымдарымыздың зерттеуінде Алтын адамның үкі таққаны туралы ауызға алынбайды. «Қазақ совет энциклопедиясында» ол «ұзын екі қос жапырақпен безендірілген» деп жазылады. Іс жүзінде ол екі жапырақ емес, қайта биік бас киімнің маңдайының екі жағына қадалған екі шоқ үкінің (құс қауырсынының) бейнесі. Дәл ғұндар тарихта төбесіне екі жағынан екі шоқ үкі де қадағандығы (кейде ортасынан топ үкі де қадаған) туралы анық жазба да, археологиялық та дерек бар.

4. Қаратау петроглифі мен Құтыби Қызылқысаң маңындағы петроглифтегі және парсы жерінде салынған сақ жауынгерінің бейнесіндегі киінулерде ұқсастық байқалады. Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегі адамдарды сурет салу және ондағы көзделген діни, мәдени мазмұндарға сай жалаңаш немесе жартылай жалаңаш бейнелеген. Іс жүзінде тау сағалап мал шаруашылығы мен аңшылықты кәсіп еткен дала көшпелілері ондай жеңіл-желпі киіммен жүре алмасы белгілі. Қызылқысаң петроглифінен тым алыс болмаған тағы сол Құтбидегі Кеңсай петроглифіндегі қолына садақ, найза ұстаған екі адамның бейнесіндегі киінген киім және киіну дәстүрі дәл Қаратау петроглифіндегі адам киімімен бірдей. Садақтың ең алғашқы жаяу аңшы қолданатын көне түрі түркі тайпаларында «қапшағай», тваларда «хавшахай», моңғұлдарда «хавтгай» аталып, Алтай төркіндес тілдерінде «жалпақ» деген мағына берген. Қапшағай көрінісі садаққа ұқсас, алайда садақтан үлкен болған. Аңшылар өз бойымен тең немесе одан да үлкен етіп жасаған. Оғы тебінді, алысқа жетеді. Демек, бұл суреттің жартасқа тым ерте – сақтар заманында қашалғандығынан дерек береді.

5. Қаратау петроглифі мен Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегі барысты бейнелеу ерекше ұқсас, ол алтын адамдағы бейнелеу үлгісіне де ұласып жатады.

Барысқа табыну сақтардың арыдан келген салты. Олардың алтын әшекейінде көбінде барыс бар, әрі ол жануар атаулының құдіреттісі түрінде жолығады. Құтыби Қызылқысаң петроглифіне жақын Үрімжінің Алғұй деген жеріндегі сақ моласынан 8 тал барыс бейнелі алтын әшекей, барыс бейнесі бар 4 тал алтын жапырақша табылған. Дәл осы Алғұйдан табылған алтын жапырақшадағы барыс бейнесі мен Есік алтын адамының бас киіміне жапсырмаланған барыс бейнесінің  ұқсастығына ғажаптанбай қалмайсыз.

Құтыби Қызылқысаң жартас топтық би петроглифімен Есік алтын адамының аралығындағы бейнелену жағындағы ендігі бір ұқсастық –  Құтыби Қызылқысаң жартас топтық би петроглифінде денесін тік көтеріп, екі алдыңғы аяғын бірі-біріне қарама қарсы тиістірген екі жылқының симметриялы көрінісі түсірілген. Ал, Есік алтын адамының биік те шошақ бас киімінің маңдайында дәл осындай бейнедегі тігінен алдынғы аяқтарын тиістірген қарама-қарсы барыстың симметриялы көрінісі түсірілген жапсырма бар. Оның үстіне симметриялы бейнеленген қос арыстан, қос жылқы, қос бұғы, тіпті қос адам бейнесі сақ өнерінде жиі ұшырайды.

Құтыби Қызылқысаң петроглифі мен Хыши дәзілінің батыс қақпасындағы Қаратау петроглифтеріндегі сондай-ақ Алтын адамды қамтыған сақтардың алтын, қола бұйымдарындағы ерекшілік – оларда түрлі геометриялық білімдер жанды пайдаланылған. Адамның дене тұрқының өлшемдері, үлкен-кішілігі, әр қырынан көрінісі, симметрия сияқтылары дұрыс берілген, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер және шеңбер доғасы, бұранда сызықтар, ромба, трапецияға бейім құрылымдар жиі жолығады. Сақтардың алтын, қола әшекейлерін, петроглифтерін геометриялық туынды деуге де болады. Құтыби мен Қаратаудағы топтық би суреттерін жай адам сала салмаған, алтын-күміс, қола құймаларды құйған, ағаш оймаларды ойған сияқты оларды да сол дәуірдің шеберлері салған.

Жоғарыдағыдай, Жетісудан Тәңіртауды қуалап Хыши дәзіліне дейін жеткен әр қоныстағы өнер туындыларындағы ұқсастықтар кездейсоқ құбылыс емес, белгілі тарихи-мәдени байланысы болмаған кез-келген екі туындының арасынан бұндай күрделі ұқсастықты табу мүмкін емес. Қола дәуірі мен б.з.б, бірінші мыңжылдық бойында оңтүстік Сібір мен Қазақстаннан шығысқа қарай жылжыған көшпелілер легі Алтай арқылы Қара ертісті бойлай шығыс Тияншанға, Жоңғар қақпасы арқылы Еренқабырғаны жағалай отырып, Үрімжі дәлізі арқылы Тұрпан шұратына (субашы мәдениеті), ал Жетісу мен Іленің жоғарғы аңғарынан Нарат асуы арқылы орталық Тияншанның оңтүстік қапталына (ча-уху мәдениеті) жеткенкендігі туралы археологиялық дәлелдер жеткілікті. Осылай сақ және сақ мәдениетінің батыс терістіктен Хыши дәзілі арқылы Сарөзен алабына дейін жеткендігінің тарихи, археологиялық деректері баршылық. Осыған әбден көзі жеткен кей ғалымдар сақтардың арғы ата мекені Сарөзен алабы болып, кейін батысқа жылжыған болуы мүмкін деген көзқарасты да ортаға қояды. Іс жүзінде сақтардың алдыңғы легі Хыши дәзіліне батыс терістіктен кем дегенде осыдан 3000 жыл ілгері келген. Егер Орта жазық жеріне алғашқы қола және жылқы, арба мәдениеттерін сақтардың жеткізгендігін ескерсек, онда оның уақыты ары қарай тағы да кем дегенде 1000 жылдан астамға созылары даусыз. Қытайдың осыдан 2 мың жылдың алдында жазбаға айналған тарихи аңызы «Мутиянзы»-да баяндалған Батыс жоу династиясының патшасы Жоу Мууаң: Мутиянзы деп те аталады, б.з.б. 10ғ ) мен барыс-келісі бар, құрым тауындағы көл бойында: бұл көлді де әр кім әр түрлі жориды) шарап ішісіп, жыр жырласқан Шиуаңмуды бірқыдыру ғалымдар сақтардың көсемі деп біледі.

Орта Азия – адамзат және адамзат мәдениетінің бесігінің бірі. Оның арғы заманғы қожасы сақтар көне тас дәуірінен жаңа тас дәуіріне дейінгі мәдениеттерден Орта Азия және оның терістігіндегі өңірлердегі мәдениеттерден Ано мәдениеті, Роразим мәдениеті, Афанасев мәдениеті, Андронов мәдениеті, Қарасүк мәдениеті, Тагар мәдениеті, Пазырық мәдениеті сияқты мәдениеттерді бастан кешірген. Олардың мәдениеті батыс Азиядағы Қосөзен алабы мәдениеттерімен және Жерорта теңізі жағалауларындағы Египет, Грек, Рим мәдениеттерімен, оңтүстік Азиядағы Үнді өзені алабындағы мәдениеттермен, сондай-ақ, шығыстағы Қытайдың батыс терістігіндегі дәл біз талқыға тартып отырған Шилантаудың тармағы Қаратау өңіріне қатысты Дахата мәдениеті, Жинша мәдениеті, Шанма: ат яғни ақталған жылқы), Сыба мәдениеті, одан да шығысқа беттеген Чижия мәдениетімен, тіпті Орта жазыққа бойлап Сарөзен алабына алғаш мәдениет ұшқынын жаққан Яңшау мәдениеті сияқты мәдениеттермен де байланысты.

Қорытып айтқанда, әуелі Жетісудағы Есік алтын адамы мен Тәңіртаудың орта бөлегіндегі Еренқабырғаның теріскей бетіне орналасқан Құтыби Қызылқысаң петроглифіндегі топтық би көріністерінің авторының қазақтың арғы аталарынан болған сақтар екендігі ғылымда дәлелденген. Ал, осы Есік алтын адамы мен Құтыби Қызылқысаңындағы топтық би көріністері бейнеленген петроглифтерімен, оның төңірегіндегі басқа да ерте заман петроглифтері, сондай-ақ сақтардың алтын, қола бұйымдарындағы бейнелеу үлгілері мен тарихи-мәдени келбеттерінің Хыши дәзілінің Тәңіртау және Тарым алабына кіретін қақпасына жайғасқан байырғы көшпелілер (сақтар, иүзлер, үйсіндер, ғұндар, т.б.) қонысы Қаратаудағы (Шилантаудың тармағы) топтық би бейнеленген петроглифтерімен көптеген ерекше ұқсастықтарға ие болуы; олардың қашалған уақытының жуық, авторының ортақ шығуы; Қаратауда қашалған топтық бидің қаражорға биіне, киімнің арғы сақ, қазіргі қазақ киіміне ерекше ұқсас болуы сияқтылардың барлығы «Қаратау петроглифіндегі бидің» нағыз қаражорға биі екендігін тіпті де дәлелдейді. Бұдан да маңыздысы Қаратау петроглифі мен Қызылқысаң петроглифі және Есік алтын адамы аралығындағы мұндай ұқсақтықтар тұтас қазақ мәдениетінің тарихи желілестігін, қазақ ұлтының арғы сақ, үйсін мәдениеттерінің шынайы мұрагері әрі олардың этникалық жалғасы екендігін растай түседі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1 Ясиын Құмарұлы. Қаратауда қаражорға // Шыңжаң газеті. 2011 жыл, 16-желтоқсан, 3 бет; Қаратауда қашалған қаражорға қазақ биі екендігінде талас жоқ // Егемен Қазақстан, 2011 жыл, 28 желтоқсан, 13 бет; Қаражорға және Қаратау петроглифтері // Шыңжаң қоғамдық ғылымы. 2012. 1-сан; Қаратаудағы қаражорға және қазақтың бас киімі мен үкісі // Қытай ұлттары. 2012. 1-сан.

2 «Ханнама» батыс өңір баяны.

3 «Соңғы ханнама» 88 бума 78 баян батыс өңір.

4 «Гансу Жияиүгуән Қаратау байырғы жартас суеттері», басылған: Жу Чиңбау бас құрастырған «Жібек жолындағы петроглиф әсемөнері» (Шыңжаң халық баспасы, 1997).

5 «Тарихи жазбалар», 123 бума, 63 баян, Дад-уан.

6 «Ханнама» 61 бума, 31 ғұмырнама, Жаң Чиян, Ли Гуәңли.

7 «Тарихи жазбалар», 110 бума, 50 баян, ғұн.

8 Esther Jacobson: «The scythian stag lmage», P 96-97, journal of Asian history, Volume 17 1983.

9 Өмірбек Биқұмарұлы. Көне түркінің садақшылық өнері. 3-реткі түркология конгресінің мақалалар жинағы // Түркістан, 2009 жылы, мамыр.

10 С. Сұңғатай. Шыңжаңның ерте темір дәуіріндегі этномәдени жағыдайы:Археологиялық және энтропологиялық аспектілері // Алаш. – 2011. –  № 1.

 

Я. Құмарұлы, Қытай,Үрімжі қаласы.

 

Шинжияң қазақтарының Түркияға аууы

$
0
0
Түркия қазақтарының еркіндік жолындағы ұлы көші
Түркияла тұратын қазақтардын ұзақ-салқар көш тарихына назар ауларғанда бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. Олар еркіндік үшін адам сенгісіз қандай да бір ауыр қиыншылықтарды бастан кешірген. 1930- жылдары Қытайға қарасты Шы ғыс Түркістан өлкесінде Гоминдаң үкіметінің губернаторы Шың-Ши-Сайдың  зомбылықтарына шыдай алмаған қазақтардың Елісхан Тәйжі мен Зайып Тәйжі сияқты көш көсемдерінің жетекшілігінде, баяғыдағы Бөке батыр сияқты, азаттықты туған тонырақтан тыс жерлерден іздеп шетке ауып кеткенін байқаймыз.
Екі көш
Түркия қазақтарының аталары өткен ғасырларда Шығыс Қазақстан мен Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан аймағында өмір сүрген. 1864 жылы Қытай мен Ресей патшалығы шекараны белгілегенде, олар Шығыс Түркістан жақта қалып қойған. Олардың аталары 1930 жылдардан кейін Шығыс Түркістандағы Қытай губернаторларының саяси қысымы мен қудалаулары салдарынан жалпы алғанда екі дүркін үдере көшті.
Бірінші көш – Елісхан және Зайып батырлардың жетекшілігінде 1938 жылы басталды. Арттарынан үдере қуған қытай әскерлерімен шайқасып, Тибет, Гималайды асып, 1941 жылы Үндістанға жеткен.
Екінші көш – бұдан он жылдан соң Мау Зыдұңның төңкерісінен кейін қозғалған. Бұл көшке Қалибек әкім, Сұлтан Шәріп Зуқа батыр ұлы, Құсайын Тәйжі, Дәлелхан Жаналтай сынды төрт адам басшылық жасады. Бұлар 1951 жылы Кәшмір қаласына келіп орналасты.
Осы екі көш бір мезгілде Түркияға қоныс аударды. Бірінші көштегілер Үндістан – Пәкістанда жүрген кезде "Шығыс Түркістан Қазақ босқындар қоғамын" құрып, соның атынан Түркияға қоныс аударуға арыз берген еді. Олардың бұл арызы 1952 наурыз айында қабылданды. Сөйтіп, соңынан жеткен көш алдыңғысына ілесіп, Түркияға жетті. Түркияға қазақтар көші 1952 жылдан 1954 жылға дейін созылды. Олардың жалпы саны – 2 мыңға тарта адам еді.
Көштің жолын салған Бөке Батыр
Негізінде жоғарыда айтылған осы екі көштің де ізін салған Шығыс қазақтарының әйгілі батыры Бөке батыр еді. Орта жүздегі керей руының молқы тармағынан шыққан Бөке батыр өздерін нақақ қырып салуға келген қытай әскерлерінің жаншып тастаған еді. Сонысы үшін қытайлар жан жолдасы Мыңбай екеуін тұтқындап түрмеге тықты да тастады. Ретін тауып, түрмеден қашып шыққан Бөке енді қайтып жау қолына түспеске, бағынбасқа бел буды. Саны жағынан өте көп жаумен жағаласып жеңіске жете алмайтынын білген соң, азамат бостандығы үшін туған жерін тәрк етуден басқа амалы қалмады. Сөйтіп, 1898 жылы Бөке батыр 1500 үйлік руластарын тік көтеріп, Алтайда әрекет бастады. 1903 жылы Тибеттің Нақша ауданына келгендеТибеттің биік таулы табиғатына көндіге алмай және ауа аздығынан пайда болған “ыс” ауруына шалдығып қайтыс болды. Міне оның салған көш жолы Алтай қазақтарында аңыз болып айтылып 1930- жылдараға дейін келді.
Алтай, Баркөл өңіріндегі барлық қазақтар сияқты Бөке батыр бүлігін Зайып Тәйжі де жақсы білетін. Гоминдаң басқарған Шынжаңдағы шырғалаң таусылады, зорлық-қорлық басылады дейтін үміт жоқ. Сондықтан ол да өз қауым- халқын бастап, тауқыметті көш жолына түсті. Тибетке келгенде Зайып Тәйжі де дауа қонбас дертке шалдығып  қайтыс болды. Демек, бұл көсемнің тағдыры да Бөке батыр тағдыры сияқты тиянақталды. Бір шүкірлігі — көш кідірмей, әрі қарай жалғаса берді. Көштің ендігі тізгінін Елісхан Тәйжі мен Оспан Зайыпұлы қолға алып, оны Түркияға дейін жеткізді.
Қазақтарға қысым жасаған губернатор Шың-Ши-Сайдың билікке келуі
Шынжаң ХІХ-ғасырдың екінші жартысында Қытай және Ресей империяларының «бөліп алып, билей беруге» жанталаса кіріскен өлкесі болды. Екі мемлекеттің шекарасы Шынжаңның батыс бөлігінде тоқайласты. Бұл шекара Қытай мен Ресейдің 1860 жылы Пекинде жүргізген келіссөзі және 1864 жылы Шәуешек хаттамасы (протоколы) арқылы белгіленді.
Осы келісімдерге сәйкес Шынжаңға Қытайдың Мәнжу үкіметі саяси билік жүргізе бастады. Бірақ, 1911 жылы Пекинде Сунь Ятсеннің буржуазиялық-демократиялық төңкерісі бұрқ ете қалды да, ол республика құрумен тынды. Бұл жағдай Шынжаңды орталықтан бөліп әкету көзқарастарын туғызды. Іле аймағында дербес өкімет құрыла бастады. Түркі халықтармен бір мезгілде Құмылдағы басқа мұсылман халықтар да орталық езгіге қарсы ту көтеріп шықты. Өлкені тұтас қамтыған жалпы халықтық бұл қимылды Ресей де барынша пайдаланып қалуға тырысып бақты.
Пекиннің республикалық режимі өлкенің бас уәлилігіне (генерал-губернаторлыққа) Яң-Зың-Шинді ұсынып отырып алды. Кейін Үрімжі қаласының уәлиі болған Яң-Зиң-Шин халыққа өзін жақсы көрсетуге тырысты. Ел ішіңегі кейбір ала-құла жағдайды пайдалана отырып, Іле көтерілісшілермен бір келіссөз өткізудің ретін келтірді. Құмыл дүрбелеңі біржақты бола қоймады, осы қым-қуыт хал, ақыры, өлкеде Гоминдаң әкімшілігін қайта сақтап қалуға алып келді. Сайқал саясаткер, әккі әкім Яң-Зың-Шин өзінің басты бағдарында жергілікті “Халыққа қиянат жасалмайды. Оларды түрмыстық тығырықтан алып шығатын зкономикалық шаралар жүзеге асырылады” деген сөздермеи алдарқатты.
Сірә, орыстар жағынан болды-ау деген қастандықпен 1928 жылы Яң-Зың-Шин атып өлтірілді. Оның орнына Жың-Шорын өзін өзі өлке өміршісі етіп жариялады. Бірақ, Жың-Шорын дәуірі де дүрілдеп кете қоймады, керісінше, Шынжаңда зұлымдықтың барынша асқындаған кезеңі болды. Болымсыз бірдеңе үшін адамдарды атып, асып елтіру, түрмеге тыға салу сияқты сойқандармен халықтың зәре-құтын ұшырды. Ол аз болғандай Орталық үкімет 1931 жылы Қытай босқындарын Құмыл аймағына әкеп қоныстандыруға өмір түсірді. Жергілікті халықтың жер-суын соларға үлестіріп берді. Жүрт наразылығы қайта күшейді. Ақыры, Құмыл халқы атқа қайта қонудың орайын күтті. Міне осындай жағдайда, қабақта араққа тойып алған бір қытай офицерінің Құмылдағы беделді адам Салық Дорғаның қызын зорлап, тартып әкеткені  жөніндегі хабар бүліктің бұрқ ете қалуына себеп болды.
Көш жетекшісі Елісханның әкесі Әліптің қиын тағдыры
Құмыл аймағы уәлиінің орынбасары Қожанияз бастаған ұйғырлар мен Әліп Тәйжі мен ЗайыпТәйжі бастаған қазақтар ашумен атқа қонды. Тұтқиыл басталған тегеурінді соққыға төтеп бере алмаған Гоминдаң әскерлері Құмылдан қашып шығуға мәжбур болды. Құмыл қаласы енді жергілікті халықтың қолына өтті. Бірақ Шыңжаңның жаңа билеушісі — Жың-Шорын бүлікшілерді біржола құртып тастау үшін әскери күшінің көбін осында әкеп төкті. Қала маңындағы Жасаңқызыл деген жерде болған жойқын шайқаста Әліп батыр 80 жасағымен бірге шәйіт болды. Әліптің інісі Қожақын мен ұлы Елісхан кекті шабуылға қайта шығып, жауды кері қуып тастады.
1933 жылдың тамыз айы келгенде Іле, Тарбағатай, Үрімші аймақтарында Гоминдаң үкіметі билік жүргізіп тұрды. Құмыл, Баркөл, Нори, Шонжы, Санжы, Алтай, Қашқар, Ақсу, Қарашәр, Жаркент жәнеХотан ұлттық күштердің қарамағына өтті. Бірақ олардың арасында үйлестіруші бір үйым болмады. Тек Қарашәрдегі Сәбит Дамолла ғана ұлттық аймақтардың біртүтас «Шығыс Түркістан Ислам Республикасы» туының астында біріктіру қамын қарастырып жүрген еді.
Сонымен, бүкіл өлкесін қозғалыс қамтыған Шынжаңды «көркейтуге» бағытталған Жың-Шорын бағдарламасы нағыз құлдырау түсқа келді. Жың-Шорын дел-сал күйде қалды. Ақыры Жың-Шорынның бір армиясының қолбасы Шың-Ши-Сай 1933 жылдың 14 мамыр күні оп-оңай үкімет басына шыға келлі. Шың-Ши-Сай да қазақты беделді адамдарың қамауға алып түрмеге салып жоқ қылудың амалдарын іздеді.
Көштің басталуы
Жағдайды ақылдасу үшін Зайып Тәйжі 1935 жылы тамыз айында Қөйсу деген жерде жиналыс шақырды. «Шын-Ши-Сайға қарсы шықпай болмайды. Ғансу мұсылмандарынан көмек сұрайық» — деп келісті. Жауға күдік тудырмау үшін жиналысқа елдің екінші дәрежелі басшыларын да шақырлы.
Үкімет әскерлері 1936 жылы көкек айында Құмылға жойқын бір жорық жасады. Елісхан мен Қожақын басқарған қазақ қолы бұл шабуылға Тасбұлақта тойтарыс берді. Солан бір апта кейін кытайлар әуекүштері және зеңбірекпен сүйемелленген екінші шабуылын жасады. Елісхан бастаған қазақтар дүшпанмен Шолпан Құдық деген жерде айқасты. Сұрапыл айқас үш күнге созылды. Зеңбірек қанша зіркілдесе де жау жағы ілгерілей алмады. Төртінші күні оларға орыс ұшақтары көмекке келіп, көтерілісшілерді төбеден төмпештеді. Ұшақ, бомба дегенді бұрын кормеген көтерілісшілер үрейленіп қалды. Сонан соң Елісхан жасақтарын орманға шегеріп әкетті. Неге екені белгісіз, қытайлар да өңмеңдемей, кейін қайтты...
Баркөл мен айналасындағы қазақтардың Ғансуға көшуі Алтай аймағы қазақтарын да дүр сілкінтті. Шың-Ши-Сайдын қанды тырнағы бұл тұста оларға тіпті қатты батып түрған-тын. Тұтқындалмаған басшы, жазаланбаған қазақ қалмаған. Соған орай олар да Шың-Ши-Сайға қарсы ту көтеріп шықты. Көтерілісшілер жауға қарсы алғашқы соққыны Бәйтік бөктерінде берді. Ертеңінде Монғолияның шекара әскерлеріне арқа сүйеп, қытайлар қайта шабуылдады. Қаруы әлсіз, саны аз қазақ бұл жолы тауға ығысып кетті. Гоминдаң қолдарының енді оларды Алтай аясында тыныш қоймайтынын білген ауылдар Баркөлге қарай босып берді. Баркөлге келгенде қытай әскерлері тағы да қоршауға алды. Бұл шеңберді бұзып шыға алмайтын болғасын, келісіп, аттары мен қаруларын тапсыру шартына еріксіз көнді.
1937 жылы қараша айында Нұрғали байдын үйінде Әйімбет, Құсайын Тәйжі, Сұлтаншәріптер бас қосып, қазіргі хал-ахуалға болжау жасады. Мұны біліп қалған үкімет әскерлері бүгін түнде-ақ бассалатыны туралы хабар жетті. Осыған байлаңысты тығулы мылтықтың бәрін шығарып, мұқият дайындық жасалды. Түн ортасында тарпа бассалған жауға бұлар да түтқиыл қарсы соққы берді де үдере көшіп жөнелді. Ертеңінде таңертең көшті ұшақпен қуып жетіп, төмпештеп ала жөнелді. Көтерілісшілер тауға барып тасаланды.
Қуғынды қайтарып, қан төге отырып, Ғансуге бұлар да өтіп шықты. Елісхан, Зайып қауымы бұларды Ұйырқын-Ырқа қаласының кіре берісінде қарсы алды. Босқан бауырлардың бөгде жердегі бұл табысуы қисапсыз қуанышты болды. Сөйтіп, аспан астынан азат өңір іздеген Баркөл, Құмыл, Алтай қазақтары Ұйырқын-Ырқаға жиналып, шоғырлана берді.
Қазақтардың Ғансуға көшуі
1937 жылдың соңына таяу Елісхан Тәйжі генерал Ма-Бу-Фаңмен кездесу үшін Шынхайға бармақ болды. Мұсылманша аты Мүхаммед Хұсайын деп аталатын Ма-Бу-Фаң (1949 жылы Мао Цзэдунның төңкерісінен кейін Сауд Арабиясына қоныс аударды. 1975 жылы сонда өлді.) Шынхай аймағының уәлиі еді. Немере туысы Кәсілің Шынжаңда жоғалып кеткесін Ғансуды да қоса билеп тұратын. Бастыпқыда Гансуда өмір тыныш болғанмен, кейін тыныштық бұл жерде де бұзыла бастайды. Қазақтар тұратын аймақтың коменданты Ма-Лу-Жан өлке бастығы Ма-Бу-Фаннын айтқанын тындамай, қазақтарға қорлық көрсете бастайды.
Қазақтардың дүнген әскерін қырып салуы
Бұған төзбеген қазақтар Елісхан басшылығында 1939 жылы маусымда жолға шықты. Босқын тобырдың бұл «еркіндігіне» Орталық ашу шақырды. Генерал Ма-Бу-Фаң полковник Ма-Лу-Жаңды өкіл етіп, Елісханды қайтарып әкелуге жүмсады. Елісхан тобының тілге көнбейтінін, шайқасудан да тайынбайтынын білген Ма-Лу-Жаң Долашанда тұрып жатқан қазақтардың бірнеше басшысын ертіп алды. Көшті Алтыншоқыда қуып жетті де, оларға ең алдымен қазақтарды жіберлі. «Ғансуға қайтып, Ұйырқын-Ырқасында тұра берсін, мал-мүлкіне тиіснейміз» — деген уәде ұстатты. Аталастарының ақылды адамдарын жіберіп отырғасын Елісхан Тәйжі олардың меселін қайтармай, Ұйырқын-Ырқаға қайта көшуге көнді. Уәденің аты уәде. Ма-Лу-Жаң оны құран ұстап тұрып айтты. «Қару-жарақтарыңды да өткізе тұрыңдар, мекен-жайларыңа барған соң қайтарып береміз» деп те ант-су ішті.
Қару тапсырылды, көш Ұйырқын-Ырқаға қайта бұрылды. Бірнеше күннен кейін көш Сәдім ойпатына келіп қонды. Берілген уәденің, құран үстаған анттың өтірігі осы жерде аңғарылды. Елісхан Тәйжі, Қойшы батыр, Идрис муфтилерді әлгі Ма-Лу-Жаңның өзі үстап, кісенден тастады. Бұлардан басқа тағы да 18 адамды қамаққа алуға, 4 адамның атылып өлтірілуіне бүйрық түсірді. Ма-Лу-Жаңның қара ниеті қазақтарды қойдай қырып, Сәдімның сары даласына тастап кету еді.
Қолбасының құран үстаған антынан таюы оның қол астынлағы мұсылман әскерлердің намысына тиеді. Солардың бірі Елісханның ағасы Қожақынға жақында тірі қазақтың бәрін қырып тастайтынын айтып қояды. Қожақын жолдастарын тез жннап, ақылдасады. Сойыл-шоқпар, балта-күрек дейсің бе, қолдарына не түссе сонымен қаруланын, Ма-Лу-Жаң жендеттеріне түн ортасында, шырт ұйқыда жатқанда тап беріп, жайпап тастауға келіседі. Бір топ жігіт Ма-Лу-Жаңның шатырын бас салып, тапап тастайды да, енді бір тобы кісендеулі Елісхан жатқап шатырды жарып, құтқарып алады. Ашуланған азаматтар ешбір қаймықпай Ма-Лу-Жаңды да, оның жендеттерін де қырып тастайды. Елісхан Тәйжі мен Идрис мүфти аман қалады да Қойшы батыр жағаласып жүріп, шәйіт болады. Айқаста жан қиғандар жерленген соң, ел бас-аяғын жинап, үдере көшіп жөнеп береді.
Ма-Лу-Жаңды әскерімен қоса қырып, қазақтардың қашып кеткенін естіген дүнген Ордасы жынданып кете жаздайды. Олардың қуа жасаған шабуылына бір рет тойтарыс береді де, көш әйтеуір, Алтыншоқыға ілінеді. Дүнген жасағы қайтып барып, мән-жәйды өлке бастығына баян етеді. Бұл оқиғадан соң қазақтардын Ғаңсу төңірегіне тұра алмайтыны айқын болады.
Тибеттегі қиыншылықтар
Алтыпшоқыда бірер ай ес жиған соң Елісханның елі Тибетке қарай бет түзейді. Қараша айында Тибеттің шекарадағы қаласы Нақшаға келіп жетеді. Елісхан Тәйжі тибеттіктерге өтініш жазып, қоныс сұрайды. Олар бұл жайды Лхасадағы Далай Ламаға, Орталық үкіметке хабарлайтынын, сопың жауабын күтулері керек екенін айтады.
Тибеттің қатал табиғатында, Гималайдың шың- құздары мен шатқалдарынан жол тауып жүру қиынның қныны. Ұшы-қиырсыз қарлы адырлардан малға өріс, адамға азық табылмайды, түп-түгел мүз құрсаған әлем. Өлгендерді көме алмайсың. Қара жерді жарты қарыс қазуға күш жетпейді. Жер қатты суықтан мұүздап жартас сыяқты болған. Жер қазып емес, тас қашап жатқандайсың.
Осыдан тозақ азабын тартып жүрген босқындарды одан әрі жүдетіп бір жайсыз хабар жетті. Көш көсемі Зайып Тәйжі дауа қонбас “ыс” деген “тау” дертіне шалдығыпты. Күркесінде күйзеліп жатқан жарықтық өсиет қалдыру үшін жамағаттарын жннап алады. Мынау көшті көздеген жерге жеткізе алмай, Бөке батыр сияқты жолда қалдырып бара жатқанына екінеді. «Зайып өлді, басшысыз қалдық деп Бөкенің жігіттері сияқты кері қайтпаңдар, ынтымақтарыңды бұрынғыдан да нығайтып, бұрынғыдан да бекініп, көшті жалғастыра беріңдер» — дейді. Ел-жүрты мен жолдастарына Елісхан мен Оспанның соңынан еріңдер деп тапсырады. Одан әрі қарулас достарымен қысқа-қысқа қоштасады да 61 жастағы ержүрек жетекші, қайсар қайраткер қас қарая тынысы тоқтап, қайтпас сапарға жүріп кетеді.
Қазақтардың Үндістанға жетуі
Көш Үнді жерінің Ладақ қаласына келіп түсті. Бірақ, қиындық пен қырсық артта қалып қоймапты. Көлденеңдеген кесапат, бой бермес бөгет кезіге кетті. Табаныңда көбіктенген асау өзен ағып жатқан, екі беті тіп-тік, құз-жартасты Кәргіл өткелі бар еді. Оны ат, түйемен көшіп-қону мүмкін болмады. Содан барып, сонау Кұмыл, Баркөлден бері қазақтардың қасіретін өздерімен қоса арқасында көтеріп келе жатқан ат пен түйені сатып, тау-тасқа бейім қашыр сатып алуға тура келді. Орғыған арғымақтан түсіп, типыңдаған қашырға мінген қазақтардың еңселері басылып кетті. Басқа шара жоқ. Сөйтіп қорланып, зорлана жүріп Кәргілден өтіп, әуелі Кәшмирге, одан Хайдарабатқа жетті.
Е... Аштық пен ауру бұл жерде де алдарынан шығады. Лагерь әкімшілігіне өкпе жоқ. Теқ оба мен сүзектен күн сайын оншақты адам өледі. Сол обадан Қожақын батыр да қайтыс болады.
Бір күні, Осман империясының соңғы халифасы — Әбдімәжиттің қызы Дүррихшехвар Сұлтанға үйленген, Хайдарабад қаласының низамы Мир Осман Хан келіп, лауазымды адамдарға сөз арнады. «Мұсылманға қамқор болыңдар. Үй беріңдер, жүмысқа пайдаланыңдар»,- деді, Хайдарабад өлкенің ең ыстық жері. Ашық аспан астында ол ыстыққа төзу мүмкін емес еді.
Бишара босқындарға жаны ашыған Бопал низамы Хамидолла Хан оларды басқа жерге ауыстыруға тікелей көмектесті. Хайдарабадқа қарағанда көғалды, орман-тоғайлы Бопал төңірегі әлдеқайда жақсы еді. Оспан Тәйжі 500 кісілік ауылын алып, Бопалдың Матар ауданына барып орналасты. Бұл да жер жаннаты емес екен. Жылан-шаян, құрт-құмырсқа сияқты улы жөндіктерінің көптігі өз алдына, күні-түні шелектеп құятын жаңбыры көз ащтырмайды. Сағат сайын сел жүреді. Қалың нөсерден шаруа қамдау қайда? Қазақтар енді Матардан безе бастады.
Мән-жай Хамидолла Ханға баяндалды. Хан бұл жолы Бопал қаласының іргесіндегі бір махалланы босатып берді. Осы махалла кейін «Қазақабад» — деп аталады.
Босқындардың басқа топтары Лахор, Пешавар, Равалпинди, Таксила сияқты қалаларды жағалап, сауда-саттықпен айналыса бастады.
Тіршілік соңында тырбанып жүрген қазақтар үшін 1943 жыл қаралы жыл болды. Ұлан көштің үлы басшысы қаһарман қайраткер Елісхан Тәйжі Дерневаб деген жерде 36 жасында қайтыс болды. Жас басшы, көкөрім косемін отандастары көл болып аққан көз жасымен жерледі.
Өмір Үндісғанда осылай өтіп жатты. Елісхан қазасынан соң да төрт-бес жыл өтіп кетті. Жалтақ қазақтар жат жерге көндіге бастады. Айтайын дегендерін ұқтыра аларлық тіл де үйренді.
Бұл түста Үндістан екіге бөлініп, мұсылмандардан Пәкстан Республикасы құрылып жатқан. Мұсылман болғандығы үшін қазақтар Пәкстан тарапында болды. Жаңа құрылған Пәкстан мемлекетінде қазақтардың да мәлім дәрежеде орны болды.
Отан сағынышы қазақтарды қатты сарғайтты. Қара күштен қансырап жатқан Шынжаңдағы жер жаннаты Алтай мен Баркөлге қайта оралудан енді үміт жоқ. Әттең, түркі, әлде басқа бір туысы жақын мұсылман елі болса ғой!... Ондай ел бар, ол — Түркия. Әрине, Пәкстан да мұсылман мемлекеті. Оның құрылғанының басы-қасында болған қазақтардың онда тұра беруге еркі де бар, тек тілі, мәдениеті алшақ. Пәкстанда қала берсе, келер үрпақ қазақтығынан да, тілінен де айырылады. Жылдар бойы жұлқыласқан күрес, теқкен қан, щеккен бейнет босқа кетеді. Құдай-ау, ана Елісхан, Зайыптардың аруақтарын риза ету үшін де келер ұрпақ бойында дінге сенімін, ұлтгық сезімін сақтап қалуымыз, әдет-ғұрпын, мәдениетін, рухани әлемін үмыттырмауымыз керек емес пе?! Оның бір ғана жолы —Түркияға жету, сонда тұру. Сол үшін қазақтар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ұйымдасый “Шығыс Түркістан Қазақ босқындар қоғамын” құрды.
Оспан Батыр Исләмұлы
Бұл арада Елісхан мен Зайып Тейжі елден кеткеннен кейін басталаған екінші дүрбелең және артынша қозғалатын екінші көш туралы сөз қозғайық. Қалибек, Құсайын, Сұлтан Шәріп, Дәлелхан және Нұрғожай сынды жетекшілердің бастауында Түркияға жететін бұл көштің ең маңызды тұлғасы әрине Оспан батыр. Ол шетелдердегі кітаптарға “Қазақтың алтын аңызы” деген сипатқа ие болды.
Жалпы, Оспан батыр жайлы бұған дейін шетелдерде көптеген шығармалар жазылды. Батырдың күрескерлік даңқы туралы дастандар өмірге келді. Еуропалық ғалым Линда Бенсон қаһарман атамыз жайлы «Қазақтың алтын аңызы» дейтін көлемді еңбек жазыпты. Онда: «Оспан батыр – өзінің бұрынғы өткен бабалары Шыңғыс хан, Әмір-Темірлер сияқты аса құдіретті қолбасшы. Егер ол орта ғасырда өмір сүрген болса, сөзсіз әлемді жаулайтын жиһангер болар еді» депті.
Сол сияқты ағылшын ғалымы Годфри Лиас өзінің «Kazakh Exodus» атты көлемді еңбегінде Алтай қазақтарының көтерілісі және Оспан батырдың ерлігі жайлы тамаша танымдық дүниелер жазып, күллі «тұманды альбион» елін құлағдар еткен екен.
Одан басқа 1954-55 жылдары америкалық журналист Мильтон Дж. Кларк Кашмирге келіп қоныстанған қазақтардың ортасында бір жыл болып, Алтайда өткен көтерілістің тарихы жайлы АҚШ-тың баспасөздеріне көп сериалды мақалалар жазған. Соның арқасында бұндағы қазақтарды Түркияның көшіріп алуына мұрындық болған.  Кейін1960 жылы Оспан батыр туралы түрік ақыны Гемол Оғыз Окал көлемді дастан жазыпты.
Бүкіл қазақтың көсемі Әлихан мен Ахмет
Тарих үшін реті келген айта кеткен жөн болар. Оспан батыр және одан алдыңғы Ырысхан – Есімхан көтерілісіне қатысқан және 1952 жылы тірі Түркияға жеткен Нұрғожай батырдың естелігінде Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынның тек Қазақстан емес, бүкіл қазақ халқының көсемдері екенін көрсеткен бір фактині ортаға салады. Оспан Батырдың көтеріліс кезінде қасында болған тоғыз комиссарының барлығы шәйіт болып, солардың ішінде тірі қалған дара қолбасшы Нұрғожай батыр болған. Оның төте жазумен жазылған естелігін біз Ыстамбұл Зейтінбұрын ауданында тұратын Нұрғожай батырдың зайыбы, апамыз Жақсыханнан сұрап алып 2008 жылы Алматыда “Азаттықтың өшпес рухы” деген атпен жарыққа шығарған едік.
Нұрғожай батыр сол естеліктерінде өзінің Оспан батыр қозғалысындағы орнын былай деп атап өтеді:
“Мен ен бірінші рет, Оспан ішінде, құрылған тоғыз комиссардың, яғни тоғыз полковниктің бірі едім. Ен жоғарғы аскери қолбасшы Сұлубай батыр шәйіт болғаннан кейін барлық әскери құқық Кәмел батыр екеуіміздің қолымызда болды. Ал Кәмел батыр шәйіт болғаннан кейін барлық аскери соғыс қимылдардыы негізінен мен бастап отырдым.”
1912 жылы Алтайда туылған және өрт алып жалындап жатқан киіз үйге іркілместен кіріп анасы мен қарындасын алып шыққаны үшін 11 жаста бала кезінде батыр атанған Нұрғожай 1940 жылы Көктоғайда Ырысхан – Есімхандардың жетекшілігінде көтерілістің де ішінде болды. Сол кездегі көрген білген уақиғаларын естеліктерінде егжей-тегжейлі баяндайды. Осы көтерілістер нәтижесіне Қытай губернаторы Шың Шы Сай қазақтардың талаптарын қабылдағаннан кейін тоқтам жасалып, қарулар табыс етілді. Бірақ Оспан батыр осы тоқтамнын шарттарын залым губернатордың орындалмайтынын сезгендіктен, қаруын тапсырмай тауға шығып кетті. Сонда Оспан батырға алғаш қосылғандардың бірі Нұрғожай Батыр еді. Нұрғожай батыр 1951 жылы Оспан батыр жау қолына түскенге дейін оның қасында қолбасшылық қызметте жүрді. Түркияның Ыстамбұл қаласында 1986 жылы, 29 қазанда 74 жаста дүние салды.
Нұрғожай батыр естеліктерінде  Алаш көсемдерінің тек Қазақстанда емес, Қытай қазақтарының да саяси басшы ретінде көретіндіктерін мына сөздермен ортаға салуда:
“Орыс генералы Банкені он адамымен оңашада атып тастадық. Соңғы Ышқынты шайқасында  Генерал Разборов өлтірілді. Соңғы бітімде орыстар генералдарының басын сұрады. Генерал Банкенің сүйегін бердік. Разборовтың сүйегін бермедік. Өйткені ол соғыс қылмыстысы еді. Көктоғайдағы орыс елшілеріне Ырысхан: “Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірген Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсының басын әкеліп беріндер” деді.
Бұл сөз сонымен тынышталып қалған еді... Бір кезде залым Мадарин Ырысханға “жауға біткен көзін бар, дауға біткен сөзін бар” дегендей, Ырысхан осы жолы жауға біткен көзінің де, дауга біткен сөзінің де пайдасын көрсетті. Орыстар генералдарының басын сұрағанда, оған да Ырысхан ұтымды жауап таба білді. Қазақтың ен сонғы көсемі Бөкейханның басын сұрады. Бұл неткен табылған жауап.”
Қырдан қытай, ойдан орыс, маңдайдан моңғол шапты
1945 жылдан кейін Оспан батырға қарсы – жаңадан орнаған Шығыс Түркістан Республикасының армиясы, Кеңес Одағы тарапынан барған әскерлер, Моңғолияның арнаулы бөлімдері үш жағынан тықсырды. 1947 жылға дейін 3 елдің әскерімен алма-кезек соғысқан Оспан алдырмай қойды. Алтай тауының құлама құзына барып бекінген қазақтардың 8 жастағы баласынан бастап қолына мылтық ұстауға жарайтын қарияларына дейін соғысты.
1947 жылы Оспан сарбаздары күллі Алтай аймағына шабуыл жасап, Шығыс Түркістан және Кеңес Одағының әскерлерін қуып шықты. Сасқалақтаған әскерилер Қазақстанның шекарасын асып қашты. Осылай екінші рет Алтайды азат еткен Оспан сарбаздары бұл жерде көп тұрақтай алмады. Себебі, 1949 жылы қазіргі коммунист Қытай үкіметі орнап, оған Кеңес елі қосылып, аса ірі күшпен Оспанды Алтайдан ығыстырды. Оспан болса өзінің бұрынғы ата жауы гоминдандықтармен бірігуге мәжбүр болды.
1951 жылдың басында еріксіз ығысып, Тибет шекарасындағы Қанамбал тауына барған соң бірге жүрген серіктерін Үндістанға асырып жіберіп, өзі қасында қалған аз ғана әскерін бастап қайта бұрылады. «Жаттың жерінде тірі жүргенше, туған топырақта сүйегім қалсын!» деп бекінген Оспан батыр ақыры осы жылы қолға түсіп, Үрімжі қаласында атылды.
Екі қазақ көшінің бірігуі
Бірақ оның үзенгілес серіктері бұғау астында емес, еркіндікке өмір сүру үшін елден көшуге мәжбүр болды. Сөйтіп олар өздерінен бұрын жүріп өткен Елісхан мен Зайіп Тейжінің көш жолын қуып отырып, әрине бұл арада жау әскері мен табиғаттың қиындықтарымен күресіп құрбандар бере отырып 1950 жылы Үндістанның Кәшмір қаласына жетті.
Олардан он жыл алдын Үндістанға келген қазақтар 1940 жылы Оспан бастаған қарулы күрестерден бейхабар еді. Оның жолдастарының ұлы көшті бастап Үндістанға келген 1950 жылы Пәкстан гәзеттерінде орын алған бір ақпараттардан білді. Бұл хабар Пәкстан қазақтар арасында толқу мен тебіреніске түрткі болды. «ШығысТүркісғанның ауған қазақтардың бірңеше тобы Кәшмирге келді» деген хабар газет беттерінде орын алып жатса да, бірақ, бұл қазақтардың кімдер екені туралы мәлімет берілмеді. Мұндағы ағайындар мән-жайды біле алмай алты ай аласұрды. Сөйтіп жүргенде Хайдарабадта тұратын Ыдырыс Молладан хат келді. Онда «Сұлтаншәріп, Құсайын Тәйжі, Дәлелхан Жанымханұлы, Қалибек Хакімдер бастаған қазақтар келді», —делініпті.
ЬІдырыс молла арқылы дереу аталған қазақ көсемдерімен байланыс жасалды. Үндістан мен Пәкстанда тұратын туыстарының ахуалдары мәлімделді. “Шығыс Түркістан Қазақ босқындар қоғамын құрдық, Түркияға кәшудің қамын ойластырып жатырмыз”, - делінді. Түркия мәселесін олардың да ойластырулары керектігі сұралды.
Қазақтардың Түркияға қабылдануы
Осыған орай Кәшмірге жаңа келген қазақтар мен бұрын келген қазақтар сыяқты Үндістанның Жаңа Дели қаласындағы Түркия елшілігіне өтініш хаттарын берді. Түркияның Басминистр Мендерес жетекшілігіндегі үкіметі 1952 жылы 13 наурызда арнайы қаулы қабылдады. Президент Жәлел Баяр бекіткен сол қаулы бойынша Пәкстан, Үндістан, Кәшмирдегі қазақ босқындар Түркияға қабылданды.
Осыдан кейін босқындар топ топ болып Түркияға қоныс аудара бастады. 1952 жылы шілде айында Түркия топырағына түңғыш табанын тигізген Құсайын Тәйжі бастаған топ болды.
Сонау Алтайдың күн бетінең 1930- жылдары бостандық іздеп көтерілген көштің алғашқы санын ешкім анық білмейді. Осы орайда 18 мыңнан  50 мыңға дейінгі аралықта түрлі сандар келтіріледі. Жүрт білетін анық сан — Алтайдан Түркияға аман жеткен қазақтардың саны. Ол — 1850 адам. Сонда азаттық үшін арпалысқан он қазақтың ең көп дегенде бірі ғана арманына жеткен ғой! Еркін өмір сүру, қазақтық қалпын сақтау, мұсылманшылығын жалғастыру үшін он мыңдаған адам құрбан болған.
Түркия Үкіметінің үйғаруы бойынша көшпенді қазақтар елдің бірталай өңіріне- бытырап орналасты. Нигде-Үлықышлаға 160 үй, Нигде-Ақсарайға — 60 үй, Қайсары-Девелиге 75 үй, Қайсары-Яхиялаға — 15 үй, Қайсары-Жасылхисарға — 25 уй, Кония-Исмилге — 60 үй, Кония-Ереглисиге — 15 үй, Маниса-Салихлиға — 180 үй орналастырылды. Түркияның жағдайында бейімделген қазақтар 1950 жылдың соңынан бастап Ыстамбұлға шоғырлана бастады.
Түйін
Шүкір, құдайға шүкір! Бөке батырдың көші сияқты көп қазақ күңіреніп жолда қалмай, кейінгі қазақ көштері көздеген жеріне жетті. Бұл түркі тарихы, тіпті әлем тариқында ғұндар, көктүріктер, қыпшақтардың аттылы жаяу шығыстан батысқа қарай сан ғысырлар бойы жасаған тарихы көштерінің ең соңғысы ретінде өтті. ХХ- ғасырда қазақтан басқа ешбір халық еркіндік және бостандық үшін ақыры беймәлім осы көшке бара алмас еді. Бұл қазақ халқының жасы керісі, еркегі әйелі, бала-шағасы демей барлығының еркіндікке деген зор құштарлығының дәлелі. Бүкіл қазақтардың ең үлкен қуанышы әрине атамекен Қазақстанның 1991 жылы, 16 желтоқсан күні тәуелсіздігін жариялауы еді. Қазақ халқында бүгінгі таңда бұдан үлкен қуаныш, бұдан үлкен той, бұдан үлкен мейрам жоқ. Өйткені қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен еркіндік жаннан қымбат құндылықтар!
Әбдіуақап Қара
Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем
өнер университетінің профессоры

Абылай хан-300

$
0
0

Абылай хан-300

0 17

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Шаңды жорық» кезіндегі Абылайдың саяси қадамы 

Саясат – мүдделер қақтығысы. Бір саяси оқиға кезінде бірнеше саяси алпауыттың көздеген мақсаттары бір-біріне қабыспай, қақтығысып қалуы әбден мүмкін. Ал ол алпауыттардың дегеніне көнбей, дербес саясат жүргізу санасы тәуелсіз дипломаттың ғана қолынан келеді. Қазақтың маңдайына біткен хан Абылайының әр саяси қадамына үңілген адам сол тәуелсіз саясаттың куәгері болады. Көп дерекке көмілмей-ақ, бір ғана Құба қалмақ көшін алайықшы. Абылайдың шын мәнінде қандай саясаткер болғанын өзіңіз-ақ бағамдауыңызға жол ашылады. 

Құба қалмақтар 1771 жылы Ресейден іргесін аулақ салып, көше жөнеледі. Ресей билігі Абылайға, Нұралыға және ел билі­гін­дегі бірқанша азаматтарға оларды қырып тастау жөнінде нұсқау жібереді. Бұл бірінші алпауыттың мүддесі делік. Абылай өз бетімен шұбыра көшіп, басымен қайғы болып келе жатқан жазықсыз құба қалмақ­тармен бетпе-бет соғысуды ар санаған. Сол себепті де Ресей әкімшілігіне өзі емес, басқа лауазым иесі атынан нұсқаудың орындалатынын айтып жауап жазады. Мұны Абылайдың – дипломатиялық қарым-қатынас жасауы деп бағалауға болады.

Енді екінші алпауытқа келелік. Құба қалмаққа қарсы Нұралы хан, Айшуақ бастаған сұлтандар, кіші жүзге келіп пана тапқан Хиуаның бұрынғы ханы Қайып, Әбілмәмбет ханның ұлы Әбілпейіз сұлтан, ұлы жүздің Ералы сұлтаны күресуге дайын болатын. Әр қазақтың ата жауы – қалмақ­тың ежелгі кекті алу үшін олжа іздеп атқа қонуы – заңды құбылыс.

Зерттеуші Левшин дәл осы тұстағы Абылайдың саясатын түсінбеген. Ол өз жазбасында: «Ұлы жүздің сұлтаны Ералы Абылайды күш қосып соғысуға шақырған еді, Абылай оған көмектескен де жоқ, қалмақтарға шабуылдауын тоқтатқан да жоқ» деп екіұшты пайым жасаған.

Үшінші алпауыт – құба қалмақтың басшысы Обашы. Ол Абылайға елші аттан­дырып, көмек сұрайды. Обашы өздерінің алдағы жоспарын хабарлап: «Көштің жүретін жолынан қауіпсіз дәліз жасап, Қытай шекарасына аман-есен өткізіп жібер. Ақысына қалмақтың 100 жақсы қызын беремін» деген мазмұнда хат жазады. Мұны 1771 жылғы 16 сәуірде князь Урусовтың Астрахань губернаторы Н.Бекетовке жазған хаты дәлелдейді. «Еділ бойынан Шығысқа, Қытайға қарай ауып бара жатқан қалмақтарды қазақ жері арқылы аман өткіз, [ақысына] қалмақтың жүз жақсы қызын береміз», – депті-міс.

Төртінші алпауыт – Қытай императоры Цянлунь. Ол Еділ бойын тастап, Қытайға қарай бет алуға дайындалып жатқан Обашы, Шерең, Бамбар сияқты құба қалмақ көсемдерін қазақ жерінен аман өткізіп жіберу жөнінде Абылайға талап қойған. Оның дәлелі 1772 жылғы 2 қыр­күйек­те Құл-сары батырдың генерал И.А.Деколонг кеңсесіне жазған хатында соның алдында ғана Абылай ханға Цин императорынан Абылайға елші келіп кеткені жөнінде мағлұмат бар. Онда: «Қытайдың қол астына келе жатқан Еділ қалмақтарын қазақ жерлері арқылы бөгетсіз өткізіңдер, бұл жөнінде Қытай патшасының атынан Абылайға тапсырыл­ған» деген сөз бар. Цин императорына Абылайдың не деп жауап бергені белгісіз.

Енді осы төрт тараптың да көңілін қал­дырмайтын һәм өзінің мүддесін орындай­тын жол қайсы?

Маусымның ортасына қарай қалмақ көші Балқашқа бет алған жолда Бетпақ­даланың ұлы шөліне ілігіп, қатты күйзеледі. Адамдар да, мал да қырыла бастайды. Тұйыққа тірелген Обашы Абылай ханға елші жіберіп, хат жолдайды. «Сендерге бодан болайық, әкеле жатқан 1 мың тұт­қын­ды сауғаға берейін, келіссөз жүргі­зейік», – дейді.

 

Түйін

Әрине, Абылайдай дана хан, дана патша мың жылда бір туады. Кішігірім жауларды есепке алмағанда, бір мезетте төрт алыппен ортақ тіл табысу Абылай заманында сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты талап еткені белгілі. Абылай сол үдеден шыға білген. Біздің айтқымыз келгені осы болатын.

 

Келіссөзге үш күнге мұрсат алған Оба­шы антын бұзып, түн ішінде тыныш, алаң­сыз жатқан қазақ жасақтарына тұтқиылдан шабуыл жасап, бетін қайтарып тастап, қаша жөнеледі. Қалмақтардың серт бұзған мұндай опасыздығына ашынған Абылай хан бастаған қазақ әскері шын мәнінде шабуыл­ға шығып, қалмақ әскерін талқан­дайды. Бірақ қалғандарын ұстап,  Ресейге кейін қайтармайды. Керісінше, Қытай шекарасынан ары қарай өткізіп жібереді.

Осыдан-ақ Қазақ хандығының іс жүзін­дегі билігі қолында тұрған Абылайдың саясаткерлігін тағы да байқаймыз. Ол 1) Қытай үкіметінің тапсырмасын орындаған болып шықты; 2) Обашының қадамына лайық жауап қайтара білді; Ресей патшалығының да бетін қайтармай, тілегін орындаған сыңай танытты. Қазақ халқы кегін қайтарып, олжасын алды.

 

(Материал тарихшы Зарқын Тайшыбайдың деректері негізінде дайындалды).

 

Төле бидің Сабалақты сынауы

Төле би астан келе жатып «малда жүрген бала ғой» деп Сабалаққа бас беріп, сынайды. Өзі бір езуінен кесіп  ауыз тиіп, құлағын, көзін қасындағы достарына таратып берген Сабалақтан  мұның мәнісін сұрайды. Сонда Сабалақ «Мен ұйықта­ғанда біреуіңіз көз, біреуіңіз құлақ болмады­ңыздар ма? Сол себепті мен сіздерге сеніп ұйық­тадым емес пе?» дейді. Яғни Абылайдың адамгершілігі, жолдастары­ның қадір-қасиетін тани білуі бойына жасынан қалыптасқан.

Төле би Сабалақтың жекелеген қасиеттеріне назар аударады. «Мен бұл баланы көз жанарынан танып едім. Онан соң бұл мен келгенде күпісін жеңіл жастанып, аяқ-қолын төрт жаққа жіберіп ұйықтап жатыр екен. Онысын «төрт тарапқа аты шығар ма екен» деп жорып едім» дейді. Бидің бәйбішесі де «Баланың болатынын көзінен байқадым» дейді.

Төле би: «Түйе  бақтырғанымыз жараспас, жылқы бақсын. Ат үстінде жүріп көңілі өссін» деп Сабалаққа жылқы баққызады. Ол кезде қадірлі, халыққа атағы шыққан кісінің маңайына ұры жоламайды екен. Сабалақ жылқышы болғанға дейін де Төле бидің малына ұры жолап көрмепті, кейін де жоламаған екен.

Абылайдың қолбасшылық қасиеті

Шаған соғысы кезінде қазақ қолының азайып қалғанын көріп, Абылай қаша ұрыс салуды ұсынады. Осы кезде Лақаұлы Тоқтамыс батыр дат сұрап, ат құйры­ғына қараған, шеңгел, бұта байлап, жердің шаң-тоза­ңын шығарып, жауға ұрандап шапқан жағдайда қалмақтың «көп екен» деп үрейленіп қалатынын айта­ды. Мұны құптаған Абылай: «Япыр-ай, мынау қозыке баланың сөзінің жаны бар екен. Нартәуекел, аттың құйрығына байлайтын шеңгел, қараған, бұта шауып әкелің­дер», – деп бұйырған. Жеңіспен аяқтаған «Шаңды­жорық» немесе «Қалмаққырған» аталған бұл соғыста Абылайдың батырларының ақылды, тапқыр шешіміне қолдау білдіргендігі өз алдына, оңды ұсынысты қабыл алып, бірден ұрыс тактикасына енгізуі арқылы қолбасшылық қасиеті де ерекшеленеді.


 

Абылай – үлкен державалық деңгейдегі саяси қайраткер

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:

Абылайдың жеке басының са­палық қасиеттері: даныш­пандығы, қайраткерлігі, батырлығы Әбіл­мәм­беттен асып кетті. Сондықтан ол хан болғанымен, Абылай­дың көлеңкесінде қалды. Кейін мұны Әбіл­мәмбет өзі түсініп, 1744 жылы Түркіс­танға көшіп кетті. Арада бір жыл өткенде Көкшетаудағы Қарақоқы деген, қазір «Абылайдың Ордасы болған жер» деп аталып жүрген жерде 1745 жылы Қаз дауысты Қазыбек би Төле бимен келісіп, бүкіл үш жүздің игі жақсыларын шақырды. Сол жиында үш жүздің барлық игі жақсылары боз биені бауыздап, қолын қан құйылған қазанға салып, қашанда бірге болуға ант берді. Жиында Төле би мен Қазыбек би Абылайды арнайы хан сайлаған жоқ, бірақ «елді тек сен басқар» деді. Абылай 1711 жылы туылған, сонда есептеп көрсеңіз, 34 жасында билікті толық қолына алған. Оның алдында ол Аңырақайдағы шайқаста (1729 жылы) Қалдан Сереннің туған жиені Шарышты өлтірді. Сол соғыста Абылай  «Абылайлап!» шапқан қарқынмен жалғыз өзі он екі қал­мақты өлтіріпті. Содан кейін-ақ Абылай­дың беделі бірден артып кетті. Ал 1745 жылы Қарақоқыда Абылай билікті қолға алғанда ақ боз атқа мініп, ақ ту көтерген екен. Абылайдың ақ жалау көтерген себебі ол кезде әрбір тайпаның өзінің жалауы болған және ешкімде ақ жалау болмаған. Осыған орай кейіннен халық аузында «Абылайдың ақ туы» деген термин қалыптасып кетті. Ол ақ ту беріге дейін Түркістандағы төрелердің қолында болды. Сол кездегі естелік-дерек бойынша, ту ені екі шаршы метр, жан-жағы жібектелген ақ жібек матадан тігілген екен. Ислам дінінде «Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ақ туы» деген сөз бар. Бұл да – қазақтың Төле би, Қазыбек би сияқты мықтыларының ақылымен жасалған нәрсе. Содан Абылай өмірінің соңына дейін өле-өлгенше ақ ту көтеріп өткен. Абылай – Төле бидің тікелей тәрбиесімен қалыптасқан тарихи тұлға және оған Қаз дауысты Қазыбек бидің де әсері көп болған.

 

 

Абылай жорықтары

Тараздан ары қарайғы оңтүстік өлкесі Қоқан ханының ықпалында болды. Абылай Қоқанның Еркінбек деген ханын қуып шығып, Ташкентті де, Сайрамды да, Түркістанды да қазаққа қайта қосты. Ташкент Қоқанда қалғанымен, салық төлеп тұратын болды. Осыдан кейін Қоқан хандығы қазақтың жеріне басып кіре алмады. Хиуа хандығын да шегіндірген – Абылай. Ал қырғыздарға Абылай 1754-64 жылдары екі қайтара жорық жасаған. Бұл екі жорық та бір ғана мақсатты көзде­ген. Көкшетаудан басталған жорық Есіл, Нұра арқылы қырғыз жеріне дейін өтеді. Сол жолды қырғыздар әлі күнге дейін «Абылай жолы» деп атайды. Шындығында, бұған барымтаға байланысты туындаған ұсақ мәселелер себепкер болған. Алатаудың айналасын мекендеген қырғыз бауырларымыз қазақты келіп шауып, жылқыларын айдап кеткен. Қазақ барып олардың жылқыларын шапқан. Екі ел үнемі осылайша ырду-дырду болып жатқан. Әрі өздері қыз алысып, қыз беріскен құда-жекжат та болған.

Қырғыздардың Абылайға өшігетін себебі – Абылай оларды Алатаудың баурайындағы қазақтардың жерінен қуып шықты және қазіргі шекараны айқындамақ болды. Бүгінгі қазақ-қырғыз шекарасын белгілеп берген – Абылай. Қазақтың мықты болғаны – Әз Жәнібек пен Керейден бері қарай, біздің ортақ ханымыз болды. Қырғыздың әлсіздігі – олардың Енесейден үш қайтара қайтып көшіп келгенінде ғана емес, сонымен бірге ортақ ханының бол­мауы­нан. Абылай осыны ескере отырып, қырғызды қазаққа қосып, қазақ-қырғыз боп бірігіп, қалмақ пен Қоқан хандығына қарсы тұрмақ болды. Кенесары да атасы­ның осы саясатын жалғастырды. Бірақ қырғыздар мұны жаулық деп түсінді.

Қытайдың императоры Абылайды қазақтың ханы ретінде мойындаған. Бұл жөнінде арнайы құжат та бар. Қысқасы, Абылай – үлкен державалық, империялық деңгейдегі саяси қайраткер. Абылай не Қытайға, не Ресейге бағынған жоқ.

Абылай 1781 жылы Түркістан өңірінде­гі Арыс өзенінің бойында қайтыс болды. Оның өліміне өзбектердің қатысы жоқ, Абылай хан өз ажалымен өлді. Абылайдың қартайған шағында Қоқан хандығы да, Хиуа хандығы да толық ығысқан және  Қытай да, Ресей де, тіпті жоңғарлар да қазаққа көз алартуды қойған болатын. Тарихи деректерде де оны «өз ажалымен қайтты» деп жазады.

 


 

Абылай хан дәуірі – Қазақ хандығының қайта шарықтаған кезі

Нәбижан МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, тарих ғылымының докторы, профессор:

Қытай жазбалары мен Ресей деректері бойынша және Табара-қамса жазбаларын зерттеу арқылы мен Абылайдың хан болған дәуірін 1743 жылдан басталады деп есеп­теймін. Қытай 1755-1759 жылдары жоң­ғар­ларға әскер аттандырған кезде қазақтың ханы ретінде тікелей Абылаймен саяси-дипломатиялық қарым-қатынаста байла­нысқа шыққан.

1757 жылы Абылай хан Қытайға хат жолдаған, соған байланысты Син империя­сының императоры Сянь Луңның жазған хаты бар. Сонда Абылай ханға: «Сен өзің қазақтың ханы екенсің. Сенің хандығыңды бекітемін. Ал бұдан да жоғары сұрайтын лауазымың болса, хат жолда, оны да бекітіп беремін. Енді өз еліңе ие болып, шекараңды сақтап, бізбен дипломатиялық қарым-қатынаста бол. Егер елші жіберіп жатсаң, қабылдаймыз», – дейді. Син империясы өзі басып алған Жоңғар территориясында қазақтармен жарасымды дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға тырысқан. Абы­лай хан бірінші рет 1758 жылы жіберген делегациясында: «Тарбағатай біздің атамекеніміз еді. Осы Тарбағатайды өзімізге қайтарып берсеңіз», – дейді. Сонда қарап отырсаңыз, Абылай Қытай империясында қалған қазіргі Шыңжаңның солтүстігіндегі Тарбағатай аймағын «біздің атамекеніміз еді» деп сұрап тұр. Содан 1761 жылы екінші рет Қытай делегациясына хат жазады. «Іле біздің қазақтың байырғы өзінің атажұрты еді. Сол жерге барып қазақтардың мал бағуына және тұрақтап тұруына рұқсат етсеңіз», – дейді. Үшінші рет хат жолдағанда Ертісті сұрайды. «Ертіс – біздің атамекеніміз», – дейді. Син императорынан: «Жоңғар территориясы менің территориям болған­дық­тан, оған қазақтар аттап баспауы ке­рек», – деген жауап келеді. Абылай хан: «Жоқ, жоңғарлар басып алған жер, анау жатқан өр Алтай, Тарбағатай, Іленің бәрі де – біздің атамекеніміз», – деп қосымша хат жолдайды. Бұл жерде Абылай хан ұлттық территория талап етіп отыр. Қытай импера­торы оған жазған жауап хатында: «Абылай хан, Тарбағатай – біздің әскердің тыныш­тандырған жері. Сен біздің елімізге ешқан­дай еңбек сіңірген жоқсың. Ол жерлерді беру мемлекеттік жүйеге келмейді. Сондық­тан сұраған аймақтарыңды бермейміз», – дейді. Бірақ Абылай хан жұмсақ саясат қолданған. Син империясымен жарасымды дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, экономикалық сауда байланыстарын дамыта отырып, қазақтарды бірте-бірте өзінің атамекеніне қоныстандырған. Соның нәтижесінде қазіргі Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің Іле, Тарбағатай, Алтай өңірін алып жатқан 1,5 млн қазақ Абылай ханның сол кездегі саясаты бойынша байырғы атамекеніне қоныстанған.

Абылай хан дәуірі деген – қазақтың қайта бір тұтасқан дәуірі, қазақ террито­риясының қайта қалпына келген кезеңі, Қазақ хандығының қайта шарықтаған кезі. Егер Абылай кезінде хан болмаса, Шы­ғыс­тағы іргесі болмаса, Оңтүстікте Қоқан және Хиуа хандықтарын ығыстырмаса, қазақтың қазіргі территориясы мұншалықты кең болмайтын еді.

Абылай – үлкен дипломат

Жоңғарлар арасындағы билікке таласаушылардың бірі Әмір-Сана болған. Қалдан Сереннен кейінгі Доржы және Дауасимен тақ таласында жеңіске жету үшін ол Қытайға барып тізе бүккен. «Қытайды бастап келіп Дауасиді жеңіп, Жоңғар ханды­ғын жойғаннан кейін өзім хан боламын» деп ойлаған. Хандық жүйе жойылғаннан кейін жоңғарлардың ірі тайпалары арасы­нан билікке төрт ноян сайланды. Әмір-Сана өзінің алданып қалғанын білді де, 1756 жылы Син империясына қарсы көтеріліс жасап, одан қашып, Абылай ханға келді. Абылай хан оны бір жыл қорғады. Кейін Әмір-Сана Тарбағатайдан Шығысқа өтіп барып, 1757 жылы екінші рет қарсы көтеріліс жасады. Син империясынан екінші рет жеңілгеннен кейін Абылай ханға қайта қашып келді. Осы кезде Син империясы Абылай ханға хат жолдайды. «Сен анау сұмырай Әмір-Сананы бізге ұстап бер. Сен ұстап берсең, оны біздің әскерлер қолға түсіріп тұтқындайды», – дейді. Оны тұтқын­дау үшін Син империясы 30 мың қол жіберген. Осы Син империясының әскерле­рі­мен Абылай хан қолы үш жерде шайқас­қан. Син империясының әскерлері өте басым болғандықтан, Абылай хан мәселені соғыспен емес, дипломатиялық жолмен шешуге тырысқан. Өзінің Өмірбек деген елшісін Син империясының штабына жіберіп: «Біз ұлы елмен соғыспаймыз. Бірақ ортада түсіністік болмапты. Сендер Әмір-Сананы тұтқындауға келіпсіңдер», – деп сәлем жолдайды. Абылай ханның Қытайға қарсы соғысы деген – осы. Абылай қытай­мен тікелей барып соғысқан жоқ. Син империясының Орта жүзге келген әскер­леріне қарсы тойтарыс берді.

Сол соғыстан кейін Қытайдың генерал­да­ры Абылаймен тікелей сөйлескен. Бұл жерде Абылайдың ұлылығын айтайын деп отырмын. Генералдар оған елші жібереді. «Біз Абылай ханға барып, кездесеміз. Онымен кездескенде Қытайдың дәстүрі бойынша бізге үш рет жүгініп, тоғыз рет бас исін» дейді. Абылай хан ол сәлемдемелерін қабылдамай, генералдарға қайтадан хабар айтып жібереді. «Абылай хан әскер бастап, ел аралап жүр екен деп айтыңдар», – деп сәлем жолдайды. Бұл – «Абылай хан сен­дер­мен соғысуға дайын» деген сөз. Қытай­дың әскери шенеуніктері екінші рет елші жібергенде: «Бізге тізерлемей-ақ қойсын. Жүгінбей-ақ та қойсын. Бізді қабылдасын», – дейді. Абылай Син генералдарын содан кейін барып қабылдаған. Бұл жерде ол өзінің хан басын төмендетпеген. Диплома­тиялық этика сақтаған. «Мен, қазақтың ханы, Қытайдың генералына тізе бүгіп сә­лем бермеймін» деген.

1776 жылғы Қытай деректерінде: «Қырғыздар Ұлы жүз қазақтарына шауып, соған Абылай хан өзі қол бастап барды», – делінеді. «Қырғыздарды шегіндіріп, Бішпекке тықты» дейді. Дәл осы сәтте Абы­лай хан Син империясынан қару-жарақ сұраған. «Қырғыздар еліме шапты, Бішпекті атқылайтын зеңбірек бер», – дейді. Оған Син империясы келісім бермей: «Біреуле­ріңе қару-жарақ беріп, бір-бірлеріңді қыр­ғынға салмаймыз. Біз бейтараппыз. Сен­дер­дің ішкі істеріңе араласпаймыз», – дейді. Абылай бұл жерде Бішпекті бомбылау үшін қару-жарақ сұрап отырған жоқ, өзінің әске­рін қаруландыру үшін сұрап отыр. Осындай өтінішті Абылай екі-үш рет жасаған. Олар бәрінде де бас тартып отырған. Син импе­раторы да көреген, «бұл – жай адам емес, біздің қаруымызбен өзінің әскерін жасақ­тамақшы болып отыр» дейді. Абылай осын­дай мағынадағы өтінішті Ресейге де жазған. Қару-жарақ және жаттықтырушы әскер сұраған. Олар да көмектесуден бас тартқан. Неге десең, Абылайдың ұстанған саясатын олар да жақсы білген. Әйтпесе Абылай хан қырғыздарды былай да жеңіп тұр. Бірақ «менің әскерімді қаруландыруға зеңбірек, қару-жарақ беріңдер» деп айта алмайды ғой. «Маған жау төніп тұр, соның бетін қай­та­ру үшін қару керек», – дейді. Абылайдың ұлылығы – осында. Абылай бар кезде қыр­ғыз­дар Алматының маңайына жуи алмаған. Тіпті бір ғасыр бойы аяқ баса алмаған.

Абылай қазақтың этнотерриториясын әскери жорықтар арқылы қалпына келтір­ген. Мысалы, сауда жасауда да Абылай хан шебер саясат жүргізе білген. Ол қытайларға: «Сендердің беріп жатқан тауарларыңның бағасы қымбат, сапасы төмен», – дейді. Пекин оны қайтадан тексеріп, қайтадан түсініктеме жасаған. «Енді жылқы бағасын жоғарылатамыз» дейді. Көрдіңіз бе, мұның барлығы да сол базар заңдылығы бойынша жүргізілген. Абылай хан Син империясының айтқанына жығыла бермеген. Орыстармен де сондай қарым-қатынас жасаған. Осы­лай­ша екі мемлекеттің де ығына жығылмай, шеберлікпен тәуелсіз қарым-қатынаста бола білген.

 

Оқшау ой

Біз Абылайды зерттеуді әлі де тереңдете түсуіміз керек. Абылайдың дәуірін, сол кезеңдегі қазақ қоғамын, қазақ мемлекет­тігін толық зерттеген жоқпыз. Абылайдың мемлекет басқарудағы көсемдік қасиеті, лидерлік қасиеті әлі ашылған жоқ. Абылай туралы көп деректер жазылған. Қытайдан, Ресейден және басқа да елдерден деректа­нушы мамандарды шақырып, өзіміздің ғалымдарымызбен кешенді түрде үлкен жиын өткізу қажет. Біз бұл арқылы мемлеке­тіміздің ХVІІІ ғасырдағы шарықтаған кезеңін көрсетер едік. Біз Абылай және оның дәуірі арқылы еліміздің мемлекет болып қалып­тасуын және оның негізі қалай қаланған­дығын білдірер едік. Осы тұрғыдан алғанда, бізге Абылайды зерттеу орталығы міндетті түрде керек.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Түркілердің тарихынан

$
0
0

Түркілердің тарихынан

 Астана. 12 қазан. Baq.kz – Сөз – қарым-қатынас құралы, ақыл-парасат, даналық өлшемі, рухани асыл қазына, ой маржаны, сезім шуағы, айбын қаһары, дүниетаным деңгейі, тіл мен діл, дін нәрі, адамдықтың белгісі. Түркі тілдес халықтардың шыққан тегі, тарихы, мақсат-мүддесі бір болғандықтан олардың тілдік бай қорында көне сөздер көп. Заман ағымына сәйкес қазір олар күнделікті тұрмыс, тіршілікте қолданылмайтындықтан, біразы ұмтылып, мағынасы белгісіз болып барады. Солардың бір тобы ежелгі әскери атаулар.

 «Түрік» сөзінің мағынасы

Тіл ғылымында түрік сөзінің мағынасы бай. Ол көне түркі тілінде тіпті, алғашқыда екі мағынада да қолданылған. Олар: 1. Қосын, әскер; 2. Нұһ пайғамбар ұлының есімі.

Діни әфсаналарға зер салсақ, Әубәкір мүфти ақырзаман жөнінде жазған шығармасында мынандай жағдайды риуаят етеді: «Ұлы Тәңір айтады: «Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түрік деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түріктерді қарсы аттандырамын! ...Жер жүзінде ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, «Өз қосыным» деп атаған».

Түрік термині ҮІ ғасырдың екінші жартысындағы жәдігерлерден бастап кездеседі. Соғдылар турк десе, қытайлықтар түріктің көпше түрін «туцзюе тюркют» деп атапты да, қытайлар түркілермен елшілік қарым-қатынасты соғдылар арқылы жүзеге асырыпты. Қағанат құрылғанға дейін тіпті, түрік сөзі «он тайпаның одағы», кейін «он екі тайпаның одағы» мағыналарында қолданылыпты. Көне түркі тілінде «еркліг түркліг» деген де сөз бар. Осы екі сөз қосарлана айтылғанында «күшті», «мықты» ұғымын білдіреді. Сол бойынша ой қорытсақ, «Еркліг түркліг улуғ еліг» - «Мықты, күшті, қуатты ұлы билеуші».

985 жылы жазылған орыс жылнамаларында түрік термині – тюрк түрінде кездеседі. Ежелгі заманда түрік сөзінің мынандай бірнеше мағынасы болған:

1. Қосын, әскер; 2. Күшті, мықты, қуатты, ержүрек; 3. Халық (тайпа); 4. Нұһ пайғамбардың ұлының аты. Осы төрт мағына да түркі тілінің эпиграфиялық ескерткіштерінде, Қытай жәдігерінде жазылып қалған. Түрік қағанатына керген тайпаларды кезінде түрік сир деп атап, оларды моңғолша-туркот, қытайша – тюкюс, грекше - тойрхот, санскритше – туруска, пракритше – турукка, соғдыша – түрік деген. Түрік атауы ғұндар заманынан келе жатыр. Біз енді ежелгі түркілердің әскери атауларына тоқталсақ.

Отыз бір әскери жасақ

Түркі сөздерінің тарихын, мән-мағынасын зерттеушілер ескі жазбаларда, тарихи шығармаларда көп қолданылған әскери атауларды былайша топтап, талдап, түсіндіреді:

Сү (әскер), йадағ сү (жаяу әскер), йақалығ сү (жауынгер пілдерден құралған әскер), қаңлылығ сү (жауынгер арбалардан құралған әскер), кімі сү (кемеге мінген әскер), ілкі сү (алдыңғы әскер), іч сү (ішкі әскер), қалың сү (сансыз әскер), оңлұғ (он сарбаздан құралған әскери бөлімше), йүзлүг (жүз сарбаздан құралған әскери бөлімше), алп алпағұт (әскери нөкер), акынчы (шапшаң қимылдайтын әскери бөлімше), быңа (мың сарбаздан құралған әскери бөлім), йағы (жау әскері), йортуғ (жорықтағы күзетші бөлімше), йәлмә (жылдам жортуыл жасайтын әскери бөлімше), йезәк (шекарадағы күзетші бөлім), йезәк тұтғақ (күзет бөлімшесі), пусуғ (тосқауылдаағы әскери бөлімше), қаңлығ сү, (хан әскері), қарағу (күзетші бөлім), үзун йелмәг (барлаушы бөлім), арқуй (күзетші топ), тұтғақ (түнгі атты күзетші бөлім), хайл (атты топ), йадағ оқчы (жаяу садақшылар бөлімі), інгек көлік (сиырға мінген әскер), ілкі сү (алдыңғы әскер), теркін сү (шоғырланған әскер), адырғу (алдыңғы әскери бөлім), одүргү (айғақшы әскери бөлім).

Мінеки, көрдіңіз бе, ежелгі түркілердің біз білетін әскери құрам, бөлімше, топтарының қанша ма екенін, отыз бірге жетеді. Ал біз білмейтін, ұмыт қалғандары ше? Бұл түркілердің елін, жерін жаудан қорғайтың қалың әскері болғанын, оның арнайы жасақтарға топталып, белгілі бір әскери қимыл, міндеттерді атқарғанын, оларды бір-бірімен байланыстырып, соғыстырған әскери тактика, тәртіп, басшылық салтанат құрғанын танытады. Осылайша, біз түркілердің ежелгі әскери атауларынан-ақ бабаларымыздың әскери өнерді жетік білгенін, айбынды қарулы күштері бар іргелі мемлекет орнатқанын біле аламыз. Яғни, көне түркілерде қарулы күштердің ең басты түрлері төртеу болған. Олар: атты әскер (атлығ сү), жаяу әскер (йадағ сү), жауынгер арбалардан құралған әскер (қаңлылығ сү), пілдерден құралған әскер (йақалығ сү). Өздеріңізге белгілі, түркілер әлемінде атты әскердің рөлі өте жоғары болғандығы. Содан, Модэнің 300000 атты әскері, Түрк Кичин қағанның 100000 атты әскері, Шабала қағанның 400000 атты әскері болған. Сол заманда ат-ер қанаты, соғыс күші болып саналды да, өреде тұрған атты ұрлаған адам өлім жазасына кесілді. Бұл – ҮІ ғасырда жазылған түркілердің мемлекет қағидасында – Ел төресінде, сондағы бесінші бапта жазылған жаза еді. Негізінен, осы мемлекет қағидасы жеті баптан тұрды.

 

Он бір атау туралы ойлансақ

Ежелгі түркілердің тарихын, тілін зерттегенде ғалымдарымыздың арқа сүйетіні М.Қашқаридың «Диуани луғат ит-түрк» сөздігі, Ж.Баласағұнидың «Құтадқу білік» дастаны, «Ырқ бітіг» ескерткіші, санкскрит тіліндегі сөздер, «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштеріндегі жазбалар, орыс жылнамаларындағы сөздер, тағы да басқа көне қолжазбалар, тарихи, ғылыми шығармалар. Олар бойынша, көне түркі тіліндегі әскери атауларда кеңінен қолданылатын сөздердің, яғни, түркілердің ежелгі он бір әскери атауының мән-мағынасы мынандай:

1. Сү. Отыз бір жасақ атауы туралы әңгімемізден байқаған боларсыздар, бұл сөз түркілердің ежелгі әскери атауларында жиі кездеседі. Ғалымдар оның көне түркі жазба ескерткіштерінде, жылнамаларда жиі кездесетінін айтады. Сү сөзінің мағынасы: 1. Әскер, қосын. 2. Әскери бөлім. Яғни, бұл сөз екі мағынаны білдіреді. Оны зерттеушілер М.Қашқаридың «Диуани луғат ит-турк» сөздігінен, Ж.Баласағұнидың «Құтадқу білік» дастанынан («Ырқ бітіг» ескерткішінен), ҮІІІ ғасырдағы ұйғыр әрпімен жазылған ескерткіштерден тауып, пайымдаулар жасап жүр.

Ежелгі түркілер әскери жасақтың көп екенін білдіру, хабарлау, айғақтау үшін оларды «қалың сү», «окүш сү» деп те атаған. Тек, түркілердің «сү» термині ХІІ ғасырдан бастап қолданыстан шығып, ескірген сөзге айналады да, оны «Черіг» термині алмастырды.

2. Черіг. Санскрит тілінен енген. Көне түркі жазбаларында (ескерткіштерінде) «Сү» сөзі тәрізді «әскер» деген мағынада қолданылды. Олар тіпті синонимдік қатар түзеп те «черіг сү», «сү черіг», - деп «әскер, қол» деген мағынада пайдаланды. Негізінен, көне тарихи жазбаларда кездесетін түрі: Черіг чек (жорыққа аттану), черік түзүп (әскер түзіп), черіг артатур (әскердің бұзылуы) черіг сангмыш (әскерді талқандау). Зерттеушілердің пікірінше, черіг чек – «шеру тартты», «әскер тартты» мағынасына ие. Әйтеуір, черіг шеру болып, қарулы қол, жасақ деген мағынада, шерік болып, сарбаз, жауынгер, әскер деген мағынада біздің қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен.

3. Қарағу – негізгі әскери қолдың алдында жүріп отыратын «әскери күзетші бөлім». Әскери атауға ие болған осы сөздің түбірі – «көру, тексеру, аңғару, байқау, бақылау» мағынасын білдіретін етістік – «қара», ал ғу – жұрнақ, ол етістіктен есім сөз тудырып отыр. Ғу қосымшасы ҮІ-ХІІ ғасырларда жиі қолданылған көнне аффикстер.

4. Йортуғ. Бұл сөздің мағынасы: «жауға жорыққа аттану, жорту». Көне түркі тілінен қазақ тіліне аздаған дыбыстық өзгерістерге ұшырап жеткен, - дейді тіл мамандары. Яғни, йортуғ сөзінің алғашы «и» дыбысы қазақ тілінде «ж» дыбысымен алмасып, айтылып кеткен.

5. Ақынчы. Шапшаң, жылдам қимылдайтын шағын әскери жасақ. Бұл сөз көне түркі тілінде ауыспалы ла мағынада қолданылған. Сөйтіп, ол «жау әскерінің кенеттен, тосыннан пайда болуы» деген де ұғымды білдірген көрінеді. Содан, көне түркілер тосын селді "мундуз ақын", - деп, түн ішінде сеңдей соғылысып келген әскерді «ақынчы кәлді» деген екен.

6. Бың, быңа. Мың сарбаздан құралған ірі әскери құраманы осылай деп атаған. Әскер құраманың дәл санын білдіру үшін қолданған. Бың, быңа сөзінің дыбыстық өзгерістерге ұшыраған түрі – мың екені мәлім. М.Қашқаридың жазуынша, оғыз, қыпшақтар, сувар тілінде сөйлегендер сөз басындағы «М» әрпін «Б» әрпіне айналдырып айтып кеткен.

7. Йезәк. Кішігірім барлаушы әскери бөлім. Йезәк тутғақ сөздері жарыса қатар қолданылып, синонимдік қатар түзегенде осы мағынаны білдіреді, дейді түркі сөздерінің мағынасын, тарихын зерттеушілер. Йезәк сөзі жеке дара қолданылғанында «барлаушы бөлімше» мағынасына ие.

8. Йәлмә. Шапшаң шабуылдайтын, жорық-жортуыл жасайтын шағын әскери жасақ (бөлімше). Йәлмә – желдей есіп жүретін, тез, шапшаң қимылдайтын, барымта жасайтын. Тоныкөк, Мойын Чор ескерткіштерінде жазулы тұр. Көне түркі тілінде ҮІ ғасырдан бастап кездеседі.

9. Йадағ оқчы. Жаяу атқыштар бөлімі. Әскердің алдында жүріп отырған. Кейіндегі жасақ келіп жеткенше бөлім садақшылары алыстан оқ жаудырып, жау әскерін қозғалтпаған.

10. Узун йелмәг. Алысқа, жаудың тылына (қосына) жасырын жіберілетін барлаушы әскери бөлім. Бұл сөз тіркесі қазір ескірген. Ол тек Орхон ескерткіштерінде ҮІ ғасырдан бастап кездеседі.

11. Пусуғ. М.Қашқаридың сөздігінде бұл сөздің, әскери атаудың мағынасы: «Жауға тосыннан тию үшін жасырын орналасқан әскери бөлімше, тосқауылдағы әскери бөлімше».

Көне түркі тілінде бұл сөзден басталатын мынандай да сөз тіркестері бар: пусуғчы (жасырынған адам), пусуғлуғ йағы (жасырынған жау), пусуқ (тосқауылға тап болу), пусус (бір-біріне тосқауыл жасау).

Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

«ЖАС ТҰЛПАР»

$
0
0

 

Қазақ жастарын серпілткен «Жас тұлпар»
Әміржан Әлпейісов

10 Қазан 2013, 16:43,0155

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН СЕРПІЛТКЕН «ЖАС ТҰЛПАР»

Кеңестік идеологияның солақай саясатының арқасында төл тарихымызды «айнаның» бер жағынан ғана танып өстік. Тіпті, осыдан елу жыл бұрын Мәскеуде оқыған бір топ жастардың «Жас тұлпар» атты ұйым құрғанын, бұл ұйымның қазақтың санасын сілкуге серпіліс болғанын біреулер білсе, біреулер білмейді. Бұл да тарихтың қырық қатпарлы қойнауында жасырын қалып қойды. Аталмыш ұйым туралы жан-жақты зерделеп, зерттеп жүрген жазушы Әміржан Әлпейісов «Жас тұлпар» дүбірі» атты деректі повестін жазыпты. «Жас тұлпар» ұйымының құрылғанына елу жыл қарсаңында жарыққа шығатын аталмыш еңбектен үзінді беруді жөн көріп отырмыз. 

Редакциядан


«Жас тұлпар» ұйымы бұқара халықпен тығыз байланыс жасауының арқасында ел сеніміне ие болды. Жастұлпарлықтар ары үшін арпалысатын, елі үшін жан қия алатын қазақтың балаларының әлі де бар екенін дәлелдеді. Әрине, олар социалистік идеямен уланған қалың ұйқыдағы, күнкөрістің күйбеңімен көлеңкеге айналған көпшіліктің есін жинатқызу оңайға түспейтінін білді. Әлемді қаптап тұншықтырып тұрған социалистік идеядағы мемлекеттік жүйені бірден қирата алмады. Бұл мүмкін де емес еді. Бірақ өз елі, өз жерінде тұрып мәңгүрттеніп бара жатқан ұлтының санасын сілкіндіріп, зердесін ашуға бар күш-жігерін салды. Жастұлпарлықтардың еңбектері еш кетпеді. Істеген істері елді біржолата құлдық, бодандық санадан арылтуға негіз болды.

d6536f339b0f94c24a23246bc6a099d1.jpg

Алаш идеясы жастұлпарлықтарды дүниеге әкелді, ал олар қазақ жастарын оятты. Тәуелсіз, бостандықтағы ел болу үшін ұлтының көзқарасын өзгертіп жаңа болмыс, ойлы санаға жетеледі. Жастұлпарлықтар әсіресе, Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжан қазақ жастарын мектептен кейін сыныбымен ауылда қалдырып, мал баққызуды геноцидтің бір түріне санады. Салпаңдап мал соңында жүре берсе аштан өлмес, бірақ көштен қалып қоятыны айдан анық.

«Ой еңбегін ұршықша иіретін қазақта қабілет жетеді», – деп Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезовтерді мысалға келтіріп жүрді. Ұлы Далада сонау сақ замандарынан бүгінге дейін ұрпақтар сабақтастығы, бабалар жалғастығы үзілмеген, ата-тек тумысы ажырамаған қазақты бұратана, білімсіз, мал бағудан басқа ештеңе қолдарынан келмейді деген қағидамен жастұлпарлықтар келіспеді. Әсіресе Болатхан Тайжан барлық кездесулерде ауылды жерде мектеп бітірген балаларды сыныбымен комсомол ұйымдарының қой бағуға жіберетінін әшекерелеп, «бұл адам құқығын бұзу» деп айтып та, дәлелдеп те жүрді. «Бәріміз бірдей қойшы болсақ, құл болармыз, бәріміз бірдей тойшыл болсақ, жын болармыз» деп айтудан жалықпады. Шынында да жас түлекке аттестатын бермей, қой баққызып қою барып тұрған надандық еді. Мұндай көрсоқырлықтар ұлттың дамуын тежеу үшін әдейі істелінді.

Жастұлпарлықтардың жастарға жасаған жанашырлық істері «ұзынқұлақтан» ауыл-ауылға тез тарап, ата-аналардың балаларын қорғауға себепші болды. Жастұлпарлықтар көпшілік қауым, әсіресе жастар арасындағы кездесулерге жауапкершілікпен қарап, жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келді. Тарихи оқиға, ұлттық ерекшеліктерді бүгінгі күнмен салыстырып, жастарға ой салды.

Жастұлпарлықтар ұлтының бақытты болашағына өздері ғана сеніп қойған жоқ, басқаларды да сендіре алды. Қоғамнан өзіңе тиісті орынды алу үшін табиғат берген ақылмен бірге ұлы сезімге жетелейтін жүрегінің бар екенін көрсетті. Далада өскен қазақ баласы жан дүниесінің тазалығы арқасында ғана өзін еркін, бостандықта сезінетінін айтып түсіндірді. Бөтеннің ала жібін аттамайтын, жанын арының садақасы қылған ұлттың өмірге көзқарасының басқа екенін дәлелдеді. Бұндай болмыстағы халықтың ұлт болуға міндеттілігін көрсетіп бере алды. Қазақ болашағының бақыты үшін жан сала ізденіспен ұмтылысқа толы еңбек етті. Жастұлпарлықтардың жүректерінен шыққан қуатты ойлары жастарға кәусар боп құйылып, қанына сіңіп жатты.

Олардың өмір жолдарындағы талпыныстары зерделі жастардың кеудесінен саңылау ашты. «Мен кіммін?» деген сұрақ туғызды. Өз қасиетін өзі бағалап, өз тізгініне өзі ие бола алмаған, өз жоғын өзі жоқтай алмайтын халық тарих сахнасынан өшетінін білуіне себепші болды. «Егер де қоғамды өзгерткің келсе өзіңнен баста, жамбастап жатып қиялға беріле берме» деген ұран да жастардан қолдау тапты. Кеңес өкіметі қанша қатаң тәртіп ұстанса да, ерте ме, кеш пе, әділдік орнайтынына сенді.

b53305b4f0586bfe9d9dc93d27dfadda.jpg

Жастұлпарлықтар оятқан ұлттық болмыс қазақ жерінде өз нәтижесін бере бастады. Тәуелсіздікке жетелейтін іс-әрекеттер жастарды рухтандырды. Жастұлпарлықтардың үгіт-насихаты негізінде бірлестіктер, жасырын ұйымдар құрылды. Жастар өздерінің өмірлерінің мәнсіз, қызықты емес екенін, ауылдарда мәдениет ошақтарының, кітапханалардың жоқтығын ашық айтуға кірісті. «Нантабарлық» енді жастарды қызықтырмады. Есесіне тарихқа қызығып, өткенге көз салуы, мәдениетіміздің ұлағатты жақтарын білуге ұмтылуы көбейді. «Жас тұлпар» ұйымының Қазақстаннан тыс жерлерде оқып жүрген қазақ жастарына тигізген әсерінің күштілігі сондай, елдеріне келген жастұлпарлықтар үгіт-насихат жүргізумен шектелмей, жасырын ұйымдар құруға тырысты. Жастардың сана-сезіміне ұлтшылдықтың дәнін септі. Алаш зиялыларынан кейін қазақтың санасына ұлтшыл ұғымның тарихи орнын, өз бағасын қайтарған жастұлпарлықтар болды. Олар ұлтшылдықтарын жасырмай мақтан тұтты. Бастың амандығы, жанның тыныштығы, қарынның қамын ғана ойлағандардың қасіреттің қара жолы – рухсыздануға, ұлтсыздануға түсері сөзсіз екенін батыл айтты.

Мұндай іс-әрекеттер ХХ ғасырдың басында алаш зиялылары ұйымдастырғаннан кейін қазақ жерінде болып көрмеп еді. Алаш қозғалысынан кейін жастұлпарлықтар жалпы қазаққа «Аттан!» салып, ұлттық бірлікке, жаңаша тірлікке, азаттық үшін күресуге шақырды. 1966 жылы мектеп реформасының нәтижесінде 10-сынып пен 11-сынып балалары мектепті бірге бітірді. Қазақ мектебін бітірген түлектердің білімін одан әрі жалғастыруы екі есе азайды. Бұл да отқа май құйғандай әсер етті.

Жастұлпарлықтар осы тірліктердің бәріне қарсы шықты. 1963 жылдың қараша айынан 1965 жылдың шілде айлары аралығындағы екі жыл көлемінде «Жас тұлпар» идеялық, құрылымдық жақтарынан толық қалыптасып, Қазақстаннан сыртта оқитын студенттер арасында филиалдар құрып болып, елмен тығыз байланыс орнатып үлгерді. Жастұлпарлықтар туған ауыл, өскен жерлерінде жәй үгіт-насихат жасап қоймай, Қазақстанның барлық жерінде болашақ құрылымдарға негіз жасады. 1965 жылдың күзінен бастап, 1966 жылы ақпанда Алматыда өтетін «Жас тұлпар» ұйымының республикалық мәжілісіне дайындықтар жүргізді. Елді мекендерде «Жас тұлпар» ұйымының жақтастары, қолдаушылары жартылай құпия жиындар өткізіп, өздерінің Алматыға баратын өкілдерін дайындады.

Бұл жылдары Кеңес Одағының саяси жүйесінде де өзгерістер болды. 1964 жылдың қазан айында Никита Хрущев экономикалық кемшіліктері үшін қызметінен босатылды. 1961 жылғы ақша реформасы, одан кейінгі екі жыл астықтың шықпауы ауыл шаруашылығында қиыншылықтар туғызды. Хрущевтің өзі де Сталиннің «жеке басқа табынуын» әшкерелеу бағытының желісін азайтып, авторитарлық билік жүйесіне бет алған еді. Бұл саясатқа елдегі шығармашылық зиялы қауым қарсы шықты. Елде коммунистік жүйеге қарсы «диссиденттік» ағым пайда болды. Хрущев биліктен кетісімен құқық қорғау органдары жоғалтқан билік құзырларын қайтадан қолдарына алды. КГБ тіріліп, қайтадан тарих сахнасына шықты.

Жастұлпарлықтарға «коммунистік аға буынды» арқа тұтқан, ұлттық санадан жұрдай, өліп-өшіп билікке ұмтылған «комсомолдық буын» қарсы тұрды. Жаттанды сөздер айтқан, ұлттық, рухсыз жас­тар легі «Жас тұлпар» ұйымының іс-әрекеттеріне кедергі жасап бақты. Бұл комсомол беделділерінің ақыл-кеңесшісі құдіретті КГБ еді. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті арнайы шешім қабылдады, Мәскеуге, ұйым мүшелерінің жиналыстарына қатысуға арнайы тыңшылар жіберді. Қазақстанда жиналыстар, кездесулер өткізуге кедергілер жасады. «Хрущевтік жылымық» дәуірі болғандықтан үндеместер жастұлпарлықтарға қарсы ашықтан-ашық репрессияға бара алмаса да, ұйым мүшелерінің аяқтарын қия бас­тырмай аңдыды. Құпия деректер жинап, шабуылға шығуға ыңғайлы сәтті күтті.

Ел билігіне Л.И. Брежневтің келуімен демократиялық үрдіс саябырлап, «хрущевтік жылымық» тарих сөресіне көшті. Бірақ қозғалған саяси сең өз жүрісін баяулатқанымен, тоқтаған жоқ.

«Жас тұлпар» ұйымының ұлттық мүдде, ұлттық мәдениет, қазақ тілі жөнінде жүргізген жұмыстарын бұқара халық та әртүрлі қабылдады. Кейбір зиялы деген ел ағалары Компартияның Орталық комитетіне алашордашылардың ұрпақтары Кеңес өкіметін құлатуға шақырып жатыр деп «домалақ арыз» жазды. Енді біреулері бұны әдейі істелініп отырған арандатушылық деп үрейленіп, ат-тондарын ала қашты. Бұл интернационалистік тұрғыдан тәрбиеленіп қалған, бойында өткеннің үрейі бар дүбәралар саны күннен-күнге көбейген кез болатын.

Тек, ұлттық сезімнің құндылығынан нәр алған қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымының мақсат-бағдарын болмыстарына сіңіре алды. Жастұлпарлықтар айтып жүрген қазақ халқының тарихи ұлт екендігіне сеніп, оларды жаппай қолдады. Бұл қазақ ұлтының ерекше көріністері мыналар еді:

біріншіден, қазақтардың ерте заманнан тұрақтаған ата-қонысы бар;

екіншіден, қазақ мемлекет құрған ұлт;

үшіншіден, тарихи-мәдени құндылықтар жасап, материалдық қажеттілігін өз жерінде, өз күшімен қамтамасыз еткен;

төртіншіден, ата дәстүр, әдет-ғұрпы қалыптасып, сабақтастығы жалғасқан ұлт;

бесіншіден, рухының күштілігі, сөз құдіреті, далалық демократиялық үрдісінің күшті дамуы;

алтыншыдан, бауырмалдық, батырлық қанға сіңген қасиет;

жетінші, кеңдік, еркіндік, ұлттық ерекшеліктер негізінде Ұлы істерге бейімділік.

Жастар ұлттық ерекшеліктен қазақ халқының ұлылығын көрді. Ауыз әдебиетіміздің, шежіре тарихымыздың, тіліміздің, өнеріміздің байлығы оларды шаттандырды. Ұлт сана-сезімдеріне серпіліс әкелген жастұлпарлықтарға жәй сеніп қойған жоқ, қолдап, соңдарынан ерді.

«Жас тұлпар» ұйымының беделін, ұйымдастырушылық қабілетінің қаншалықты болғанын 1966 жылы ақпан айында Алматыда өткен ашық мәжілістен көреміз. Жастұлпарлықтармен кездесуге Қазақстанның барлық облыс­тарынан жастардың арнайы өкілдері қатысты. Бұл жәй кездесу емес, ұлттық сананың оянып, жаңа белеске жеткені еді. Жастұлпарлықтарға Қазақстанның Орталық комсомол комитетінің хатшысы Ибрагим Аманғалиев көп көмек көрсетті. Жастардың жол қаражаттарын айырды, материалдық көмек көрсетті. Ол кейін осы іс-әрекеттері үшін жұмыстан қуылды.

Қазақстандағы ақын-жазушылардың арасынан Жастұлпарлықтар өздеріне жақтастар тапты. Елдегі келеңсіздік, ұлттық құндылықтардан айырылу қазақ зиялы қауымына да ой салды. Жазушылар одағының басшылары жастұлпарлықтарға жанашырлық жасады. Шамаларынша қолдау көрсетті. «Жас тұлпар» қозғалысының екі күндік жиналысын Жазушылар одағы аясында өткізбекші болды. Ұлтшылдық бағыттағы қозғалыстың жиналысы жазушылардың қара шаңырағында басталуы қазақ рухының әлі де қуатының бар екенінің көрінісі.

Жазушылар одағындағы жиналыстың бірінші күні Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжановтың өте мазмұнды ұлт тағдыры бағытындағы баяндамаларымен басталды. Жастардың сөздерінде ой деңгейлерінің жоғарылығы, жан-жақты терең білімділіктері, ең бастысы, ұлтының болашағы үшін отқа да, суға да түсуге дайындықтары айқын көрініс тапты. Баяндамашылардың репрессияға ұшырап, атылған ақын-жазушыларды ақтау, ауылдағы жастардың жағдайы, қазақ мектептерінің жабылуы туралы келелі мәселелерін қолдап Әнуар Әлімжанов, Сәкен Жүнісов, тағы басқа жазушылар сөз сөйледі. Жиналысқа қатысушы көпшілік қауым жастарды бірауыздан қолдады. Бірақ, қазақтың кертартпалығы таусылған ба, жас­тарды«Бүлікші, Алашорданың күшіктері өсіп, Кеңес өкіметін құлатпақшы», – дегендер де болды. Белгілі классик жазушымыз сол жиынның аяғына қарамай, шыққан бетімен алаңды қақ тіліп, жүгіре басып өкімет үйіне барып арыз айтты. Бұл ол кісінің 1937 жылдан қалған бойындағы үрейінен де болар. Бірінші болып естігенімді тиісті орнына жеткізбесем, өзім де қармаққа ілініп қалармын деп қорыққан сияқты.

Тиісуге сылтау іздеп отырған билікке керегі де осы еді. «Айт!» дегенде арс етіп қабатын КГБ-ның иттерінің тұмылдырығы алынып, басы босатылды. КГБ қызметкерлері керекті ақын-жазушылармен түні бойы «тәрбие» жұмысын жүргізді. Нәтижесі бесенеден белгілі. Келесі күні жастұлпарлықтарға Жазушылар одағының есігі жабылды...

КГБ талабы орындалып, жастұл­парлық­тардың жиналысының екінші күнгі мәжілісі тоқтатылды. Бұл іс-әрекет жігерленіп, намыстың атына мінген жастұлпарлықтарға кедергі бола алмады. Жиналыстың жұмысын жалғастыруға шарқ ұрып мекеме іздей бастады. Қазақтың атар таңын жоқтаған Алаш зиялыларын ұзақ жылдар бойы датталып, қараланып келгенімен келіспеген, жан дүниелерінде жас болса да, социалистік жүйенің ұлт зия­лыларына қара жағуына іштей жиркеніш қалыптастырған. Алаш азаматтарының тұлғаларынан үлгілі өмір өрнегін тоқыған жастұлпарлықтар КГБ қызметкерлерінің құзырынан қаймықпады. Елінің ертеңі үшін ештеңеден тайынбай, ерлік жасай алатын азаматтарға қазақ топырағы бағзы заманнан бері кенде болып көрмеген. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар қашанда шығып отырды. Жастұлпарлықтардың ақсақалдардың кесірінен тығырыққа тіреліп, қиналып тұрғанын көрген КазГУ-дің аспиранты, кәсіподақ төрағасы Мырзатай Жолдасбеков жауапкершілікті өз мойнына алып, жиналысты университеттің үлкен мәжіліс залында өткізуге ұсыныс жасады. Бұл нағыз көзсіз ерлік еді. Ұлтының болашағы сөз болғанда қара бастың қамымен шектеліп бұғып қалмай, жұмыстан шығып, тамырыма балта шабылады-ау деп жалтақтамай, жауапкершілікті мойнына алу, кім болса соның қолынан келетін іс емес. Социалистік жүйенің қамшысы төбеңнен үйіріліп, КГБ аяғыңды аттатпайтын заманда ұлтшылдарды ашық қолдау жау қолына жалғыз шапқандай жүректілік болатын!

Мырзатай Жолдасбеков қай жерде, қандай қызметте жүрсе де сол жастұлпарлықтарға деген ой-сезім, көңіл қалауын кейін де өзгертпеді. Өзі де «Жас тұлпар» қозғалысының Қазақстандағы белсенді мүшесі болды, ұлттық болмыстың шыңдалуына ат салысты.

Жиналыс кешеулетіп КазГУ-дің 500 адам сиятын үлкен мәжіліс залында жалғасын тапты. Сөз жарыстар зұлматты күндердің бет-пердесін аямай ашты. Жиналысқа қатысушы жастар халқының қасіретін сезініп, ғибрат алды. Республикалық кең көлемдегі саяси шараға жастұлпарлықтар Москвадан, Петербургтен, Киевтен, Рига, Харьков, Одесса, Саратов қалаларынан келді. Олар студент жатақханаларына, суретшілердің ұстаханаларына, зиялы қауым арасына барып, өз ойларын ашық айтып, жұртты әділдік үшін бейбіт күреске шақырды. Жастұлпарлықтар екінші күнгі жиналыстың алғашқы сөзін Алаш зиялыларының соңғы көзі Хамза Абдуллин ақсақалға берді.

Хамза Абдуллин – тарихи тұлға. Мағжан Жұмабаевтың немере інісі, ең соңғы серіктес-атқосшысы, шәкірті болған азамат. Абдуллин Отан соғысы кезінде Берлиндегі Түркістан ұлттық комитетінде қызмет атқарған. Ұлтшылдығы үшін неміс фашистері өлім жазасына кескен, бірақ атылмай, Демблин қамалында концлагерьде жазасын өтеген. Соғыстың аяғында Америка әскері тұтқыннан құтқарып, елге оралған. Елге келген соң Түркістан ұлттық комитеті мүшесі, жау ретінде 10 жылға сотталып, Сталин өлгесін ақталған.

Хамза Абдуллин университеттің үлкен дәріс залының төрінде тұрып:

– Не көрсем де, Алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін,

– деп, өз сөзін Мағжан Жұмабаевтың өлеңімен бастады. Халық жауы аталып, атылып кеткен сүйікті ақынының өлең жолдары 30 жылдан кейін қазаққа қайта оралды.

Хамза Демблин қамалында түрмеде отырған кезінде өскен елін, қазақ жерін сағынып жазған өз өлеңдерінен де үзінді оқыды:

– Ашшы – мынау қараңғылық сарайын,

Бой жазайын, бостандыққа барайын.

Қайда менің еркін өскен кең далам?

Көз жіберіп, биік шыңнан қарайын.

Жастұлпарлықтар 1966 жылы Алматы қаласында қазақ зиялы қауымы және студент жастармен өткізген кездесулерінің бәріне Хамза Абдуллинді бойтұмар қылып ертіп жүрген. Алаш идеясының соңғы көзі, тірі азаматы ретінде алғашқы сөзді беріп отырған.

Олар ұлттық идея нәр алатын мәдениет пен өнер, тіл мен діл, салт пен дәстүрді жандандырайық деп үндеу тастады. Алаш зиялыларын ақтау, ашаршылық жөнінде шындықты айтуды талап етті. Ұлы Абайдың «Адам бол!» принципі негізінде рухани-адамгершілік жағынан жетілген, білімді, озық ойлы, ұлтына жаны ашитын жаңа қазақ тәрбиелеу керек деді.

Жастұлпарлықтардың бір ерекшелігі, көпшілік зиялы қауым өкілдері сияқты қазақтың ұлт ретінде жойылып кетуінен қорқып жәй байбалам салу болмады. Ұлтына деген сүйіспеншілік оларды рухтандырды, халқының болашағына сендірді. Қазақтың соңғы дауылпазы Махамбет те, қазақтың соңғы ханы Кенесары да азаттық үшін басынан айырылса да, бүгінге дейін ұлт рухының біз жете алмай жүрген алып шыңы екенін де кездесулердің бәрінде баса айтты. Әр қаладан келіп, өз пікірлерімен бөліскен жастұлпарлықтардың сөздері өтімді болды, келтірген мысалдары тыңдаушылардың көкейлеріне жақты.

Бұл – жастұлпарлықтардың маңдай­ларына жазылған тарихи мүмкіншілікті мүлт жібермей, өз өсу деңгейі, мәдени биіктігіне сай заманы арқалатқан жүкті межелі жерлеріне жеткізгенінің нақты көрінісі болды. Мұрат Әуезов естелігінен :

«Жиналыс екі күнге жоспарланған болатын. Бірінші күні менің баяндамам тыңдалды. «Жас тұлпардың» Ленинградтағы бөлімін басқаратын Сәрсенғали Құспанов дейтін азамат сөйледі. Сол сияқты біраз жігіттер сөз алып, алдағы уақытта не істеу керек деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Қазақтың тағдыры хақында көптеген мәселелер көтерілді. Бұл нәрсе біреулерді риза етіп, енді біреулерді қатты шошындырды. Әнуар Әлімжановтың «Нас мало, но мы в тельняшках» дегені әлі күнге есімнен кетпейді. Әлдекімдерге назаланғаны ғой…

Екінші күні қайтадан жиналдық. Қаладағы студенттер біздің бір күн бұрынғы басқосуымыздан құлақтанып үлгірген екен. Жазушылар одағын басып қалды. Алайда жиын өтетін зал есігіне қара құлып салынды. Белсеңді жігіттер жай іздеп, жан-жаққа шауып кетті. Бізді бұл тығырықтан Мырзатай Жолдасбеков алып шықты. Бұл азамат ол кезде КазГУ-дың аспиранты, кәсіподақ төрағасы екен, оқу орнының басшыларымен келісіп, барлық жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, студенттер аудиториясында бас қосуымызға үлкен азаматтық көмегін берді. Кешкі алтыда басталған жиын қызу пікірталаспен түнгі сағат он бірден өткенде барып тарқады. Ең соңында жиналғандар орындарынан тұрып, бірнеше қазақ әндерін орындады. Олардың бар дауысымен жаңғырта салған әндері мүлгіген түнгі Алматының аспанына сіңіп жатты. Біз сол жиында мәдениетіміз бен тарихымызға қатысты 20 шақты мәселені қағазға түсіріп, оны Өзбекәлі Жәнібековтың қолына тапсырдық. Ол кісінің жылы шыраймен қолымызды қысқаны әлі күнге есімнен кетпейді».

Жазушылар одағында өткен жастұл­парлықтардың жиналысына «Лениншіл жас» газетінің тілшісі болып қатысқан жазушы Дулат Исабеков алған әсерін былай сипаттайды: ««Жастұлпарлықтар» Жазушылар одағындағы кездесуге тың өлкесін аралап, ондағы кәриялармен, жергілікті қазақтармен сөйлесіп, олардың ұлттық тұрғыда мүшкіл хәлін көріп, ойға түйгендерін ерекше күйінішпен тізіп шықты. Мұраттың сөзі әр адамның көңіл түкпірінде сары сем болып қатып жатқан ар мен намысты оятты, іште қамалып келген ұлт болашағы жайлы уайымына қозғау салды. Оның ойлары мен өткір топшылауларын жиылған жұрт уыздай жас жігіттің албырт эмоциясы деп қабылдаған жоқ, мейілінше ақыл тоқтатқан, ұлт болашағын білімдарлықпен батыл қозғай білген толысқан азаматтың сөзі деп айрықша қабылдады. Ұлттың ассимиляцияға түсіп, ертеңгі болашағы бұлыңғыр екенін ол кезде трибунадан ашық айтпақ түгілі сыбырлап сөйлесуден жасқанатын кезеңде Мұрат Әуезовтің сөзі билік басында отырғандар үшін ашық күнгі найзағайдай қабылданды. Көлеңкесінен қорқып үйренген кейбір жазушылар осы сөздерді үреймен тыңдап, кейбір ақсақалдардың залдан шығып кеткенін де көрдік.

Мұраттан соң Болатхан Тайжанов сөйледі. Оның сөздері де ыстық ықыласпен қабылданды. Қазақстанның ен байлығы, қазақ игілігіне емес, өзгелердің игілігіне жұмсалып отырғанын, тың игерудің салдарынан Арқадағы қазақ ауылдарының жойылып, қазақ мектептерінің жабылып жатқанына күйзеле тоқталды. Жазушылар жағынан да сөйлеушілер көп болды. Ұлт мәселесі тұңғыш рет ашық айтылды. Оған мұрындық болған – Мұрат Әуезов, «Жастұлпарлықтар» еді. Бір ғажабы, ұлт мәселесін осында жүрген қазақ тілді «ұлтшылдар» емес, қазақы ортадан алыста, барлық білім мен тәрбиені орыс тілінде алған өрімдей жас жігіттердің алғаш рет батыл көтергендері кеудесінде намысы бар барша қазақты жігерлендіріп, ұйқылы-ояу жүргендерін оятып, өздерінің кім екендерін, ертең кім боларын ойлауды естеріне сап, көңіл көздерін ашып кеткендей болды».

Адамзат тарихында не істелінсе де Ұлттық мүдде үшін істеледі.

Жас тұлпардың тұяғының дүбірінен оянған Ұлы дала төскейіндегі қазақ жастары ештеңеден тайынбауға айналды. Әділеттілік жөніндегі пікір-ойлар, жастұлпарлықтарды көріп, сөздерін есту елдің түкпір-түкпірінен келген жастарды бұрынғыдан да қатты рухтандыра түсті. Адам өз еркіндігі үшін талпынып, аянбай күреспесе болашағының күмәнді, көмескі бола беретіндігіне көздері әбден жетті. Қазақ жастары жастұлпарлықтардың ықпалымен қоғамдық өмірге белсене араласып, болашақтары үшін күреске шықты.

 

Дайындаған Гүлзина Бектас


Қазақ руханиятының мәйегі

$
0
0

Қазақ руханиятының мәйегі – дәстүрлі ислам діні

Астана. 17 қазан. Baq.kz - Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиеттен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәміл дін ислам діні екені дау­сыз. Бұрынғы христиан, будда діндерінің киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға ұшы­ра­ғаны мұқым елге мәлім. Жалпы, діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жал­ғандығын ажыратуға көп қиындық келтіреді. Ал адам баласына пай­ғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз әлемдік дамуды, саясатты, қоғам­дық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес.

Ислам діні – түркілердің тарихи таңдауы

VII ғасырда ислам діні қазақ даласына күштеп емес, мәдени үндестік негізінде үйлесім тауып енгізілді. «Сайрамда сансыз баб, Түркістанда түмен баб» дегендей, қазақ даласына ислам жая келген әулие-баб­тар түркілік дәстүр мен ислам дінінің рухани өзегін бір арнаға тоғыстыра білді. Қазақ­тың дәстүрлі әдет-ғұрпы мен шари­ғат заңдары, екі дүниетаным бір-бірімен біте қайнасып қатар өмір сүріп қоймай, әл-Бируни, Ибн-Сина, әл-Фараби, әл-Хорез­ми, А.Игүнікилер соқпақ салған мұсылман Ренессансына ұласты. Қожа Ахмет Ясауи салған сара жол түркі баласын біріктірді. Бір қызығы, араб халифаты орнаған елдер араб мәдениетінің ықпа­лына ұшыраса, қазақ даласы өзінің төл мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалды. Яғни қазақ даласы ислам дінін түбегейлі қабыл­дағанымен, басы бүтін арабтанған жоқ. Ханафилік мәсһаб, матуридилік мек­теп­терді ұстанған қазақ жұрты көшпенді бол­мы­сына сай, далалық үлгідегі исламды қабылдады. Орталық Азияда Қара­ха­нид­тер қағанатында Сатұқ Боғра хан ислам дінін мемлекеттік дін етіп жарияласа, моң­ғол дәуірі кезінде Алтын Ордада Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттері – Баба Түкті Шашты Әзиз (Баба Туклас), Садр ата, Бадр ата, Ұзын аталардың ықпалымен Өзбек хан ислам дініне мемлекеттік мәртебе бер­ді. Шыңғыс әулеті қарахандықтар дәуірінен басталған исламдану үрдісінің аяқталуына себепкер болды деуге негіз бар. Әмір Темір бабамыз Қожа Ахмет Ясауиге кесене тұрғызып, оның қасына қазақтың хан-сұл­тан­дары, игі жақсылары жерленді. Батыс­тық ғалым Дж. Тримингэмнің «орта ғасыр­ларда түркілер мен моңғолдар үшін исламның символы мешіт­тен гөрі Ясауи кесенесі болды» деген сөзі шын­дықтан алыс болмаса керек. Қысқасы, түркі баласы ислам дініне тарихи таңдау жасады. «Шаманизмде қалып қойған Сібір­дегі кейбір түркі халықтарының потенциалына кең өріс ашылмай қалған жоқ па» деген ой да жоқ емес. Ноғайлы дәуіріндегі ақын-жыраулардың сүнниттік исламның насихатшысы болғаны тарихтан мәлім. Жалпы, дін немесе діни дүние­таным, наным-түсініктер кез келген ұлттың төл болмысымен біте қайнасып жатады. Әр ұлт өзінің кім екендігін, түп-тұқиянын іздегенде діни бастаулардан алшақ тұра алмайды. Мысалы, ағылшын жұрты өзінің англикандық шіркеудің ажырамас бөлігі екенін сезінеді, шотландықтардың олардан діни айырмашылығы – пресвитериан шір­кеуін ежелден мойындайды. Ал амери­калықтардың жартысынан көбі хрис­тиан­ның протестанттық бағытын ұстанады. Марқұм зерттеуші Серікбол Қондыбайдың: «Қазақ дегеніміз — исламның суфийлік және ханифалық ағымы мен қыпшақтанып кеткен ежелгі Вара-Үрым идеясының бір рухани арнаға тоғысуынан шыққан пенде» деп анықтама беріп кетуі Алаш жұртының діни-рухани тамырының қайдан шық­қанына жол сілтейді. Демек, діни фактор­дың ұлт болмысын айқындайтынын жоққа шығару мүмкін емес. Кешегі орыс отар­шыл­дары мен қазіргі әсіредіншілдер «қазақ мал бағып, діннен мақұрым қал­ған, қаптатып мешіт салмаған, мұсыл­ман­шылықты берік ұстанбаған» деген сыңар­жақ тұжырымдарды тықпалап бақты. Діни догмаға ұрынбай, ислам дінін әзиз салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының алтын қауы­зына сыйдырған қазақтың жайсаң мінезі, берекелі, ғибратты өткені барын көргісі келмейтіндер, өкінішке қарай, өз арамызда жетіп-артылады. Қазақ ислам нұрын жүрегіне, хақ ілімін көкірегіне құйған. Дін­танушы Мұхан Исахан исламның қазақ­тың дүниетанымы мен ойлау жүйесінің темір қазығына айналуына сопылық ілім ерекше ықпал еткенін айтады.

Мұхан ИСАХАН, дінтанушы:

– Өз дәуірінде Сұлтани-арифин, Пири-Түркістан атанған Құл Қожа Ахмет бабамыздың көшпелілердің дүниетанымына сай хақ дінді наси­хат­таудың хал-хикмет методологиясы кең масштабта халықтың қолдауына ие болды. Оның ізашарлары Зарнұқи, Бақырғани, Сайд ата, Бадр ата, Садр ата, Хасан ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Сыпыра жырау, Асан қайғыдан кешегі патша үкіметі мен кеңес билігі орна­ғанға дейінгі аралықта өмір сүрген жыраулар, ахундар, ишандар, сал-серілер хақ дінді хал-хикмет әдісімен халықтың бойына сіңіріп келді. Ханафи мәсһабында құқықтық үкім жеті қайнар көзге жүгіне отырып шығарылады. Соның бірі – ғүрф. Оның мағынасы: ислам жаңа бір өлкеге тарай бастаған кезде сол жерді мекендеген халықтың ислам негіздеріне қайшы келмейтін, сол қоғамның өз ішіндегі қарым-қатынасты дұрыс реттеп отыратын әдет-ғұрыптары бейне хақ діннің үкімі тәрізді саналады. Қазақ халқының ғасырлар бойғы салт-дәстүріне берік болуының бір сыры – ханафи мәсһа­бының ғүрф үкімін негізге алған­ды­ғында. Имам Ағзамның көзқа­ра­сынша, Құран мен сүннетке қайшы емес негіз­дегі кез келген ұлттың исламнан бұрын­ғы қалыптасқан әдет-ғұрпымен үкім беруге рұқсат етіледі. Осы ретте әдет-ғұрыптар «сахих» және «фасид» болып екіге бөлінеді. «Сахих» әдет-ғұрыпта Құран мен сүннетке қарама-қай­шы­лық болмайды. Ал «фасид» әдет-ғұрып «нассқа» қайшы болып келеді. Біздің ата-бабаларымыз көбіне-көп сахих салт-дәстүрлерді ғұмырлық өлшем етіп алған. Едіге бидің «Жасақ» жарлықта­ры, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», Абақ Керейдің «Төрт би, төре заңы», хакім Абайдың ұйытқы болуы­мен жазылған «Шар заңы», Барлыбек Сырттановтың «Ынтымақ ере­­жесі» хақ діннің негіздеріне қайшы емес, қайта бұл заңнамалар шариғат заңдарына қазақы реңк беріп, діни үкімдер мен әдет-ғұрыпты біте қайнас­тыр­ған.

 

Ой-тұжырым

Жаһандану заманында тәуелсіз Қазақстан көптеген рухани қауіп-қатермен күресу үшін тарихи таңдауына қайта оралуы тиіс. Бұл үшін ислам дінінің сансыз рухани потенциалын Қазақстанның гүлденуіне жұмсай білуіміз қажет.

 

Автор: Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ 

Айша бибіні француздар мың жыл бұрын білген

$
0
0

Айша бибіні француздар мың жыл бұрын білген

Астана. 18 қазан. Baq.kz – Алматыда өткен ЮНЕСКО-ның мәдениеттер арасындағы үнқатысуды қолдауға арналған Ұлы Жібек жолы халықаралық форумында француз ғалымы Айша бибі мен оның кесенесі туралы арнайы баяндама жасады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Әулиеата өңіріндегі Айша бибі кесенесі туралы баяндама жасаған Францияның Академиялық Пальма орденінің иегері, Құрметті профессор Альбер Фишлер: «Айша бибі мен оның кесенесі туралы деректерді француздар осыдан 900 жылдай уақыт бұрын білді. Қазақ жері француз ғалымдары үшін жаңалық емес. Оның тарихы мен бай қазынасы туралы деректерді біздің ғалымдар мың жыл бұрын білген. Бұл екі елдің арасындағы рухани байланыстың болғандығын дәлелдейді. Айта өтейін, Айша бибі туралы француз халқын хабардар еткен монах Гийома Рубрук болатын. Ол қазақ жеріне 1254 жылы 29 наурызда саяхатын бастады. Өз саяхатында қымыз туралы да мәліметтер алып келіп, еуропалықтардың Азияға қызығушылығын оятқан. Тіпті, үлкен көлемде сауда жасайтын орталық базарлары болғанын да осы монахтың саяхатындағы жазбаларынан білеміз. Мыңдаған жыл бұрын қазақ жерінде өркениеттің осындай жетістіктері болғанын дәлелдеуге француз саяхатшыларының үлес қосқанын атап өткім келеді», - дейді профессор.
Айта кетейік, Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының маңындағы скифтер заманынан басталатын қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем ескерткіш. Аңыздарда оны Зеңгі бабаның қызы еді дейді.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Сақтар жазуы - түріктер жазуы

$
0
0
МОҢҒОЛИЯДАН САҚ ДӘУІРІНІҢ ЖАЗУ ҮЛГІСІ ТАБЫЛДЫ
16.09.2013 14:39 Дуанабай Жолдасбек
0162
Сақ жазуы байырғы түрік бітіг (руна) жазуының алғашқы үлгісі екені анықталды.Бұл «Мыңжылдық көкжиек» бағдарламасы бойынша түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының Моңғолия Республикасына жасаған ғылыми іс-сапары кезінде анықталды.
«Моңғол Алтай жотасының тау сілемдерінен ежелгі сақ (скиф) дәуірінің 3 дана жазу үлгісін тауып әкелдік. Бұл артефакт - әлемде бірінші мәрте табылып отырған құндылық. Бұған дейін Сақ, Ғұндардың жазуы болғаны туралы тарихи құжаттарда ақпарат сақталғанымен қандай жазу екені анықталмаған еді. Енді міне байырғы түрік бітіг (руна) жазуының алғашқы үлгісі екені анықталып, Сақ (Скиф) дәуіріндегі жалғасқан рухани сабақтастық Көк түріктерге жалғасқаны дәлелденіп отыр», - дейді Еуразия ұлттық университтінің профессоры Қ.Сартқожаұлы. Ғалымның айтуынша, 76 күнге созылған бұл сапардың мақсаты - моңғол мұрағаттарынан қазақтың тарихына қатысты деректеме құжаттарды қолға түсіру, көшірмелерін жасап жинақтау еді. Нәтижесінде Моңғолия Республикасының Орталық мұрағаты, Тарих институтының мұрағаты және Баян-Өлгей аймағының мұрағатынан көптеген құндылығы жоғары, деректерге бай 320 беттік тарихи құжаттардың көшірмелері жасалып әкелінді. Оның ішінде ерекше атап көрсетер құндылықтар мыналар: Моңғолия Орталық архивінен Абылай ханға байланысты 1756 жылғы тарихи құжат (30 бет), Моңғолияда өмір сүрген қазақтар 1911-1914 жылдар аралығында Моңғолия автономиясының қол астына кіру үшін берген арыздары, Боғда хан тарапынан қабылдаған құжаттар (10 бет), Шығыс Түркістанның Алтай жотасының оңтүстік бетінде өмір сүрген қазақтардың 1836 жылы бекіткен «Қазақ заңының» толық нұсқасы. Сондай-ақ ежелгі Хунну (Ғұн), Моңғол империясының тарихына байланысты 20-ға жуық кітаптар алып келдік. Моңғол - Француз, Моңғол - Корей, Моңғол - Герман, Моңғол -Ресей археологтарының жүргізген Хунну (Ғұн) көмбелерінің қазба жұмысына байланысты баспа бетін көрген ғылыми есептерін алып келген. Ал далалық экспедиция кезінде сақ жазу үлгісінен бөлек, түрік дүниесінің ең көне жәдігерлерінің бірі, әрі бірегейі деп бағаланған біздің жыл санаудан бұрынғы 30-25 мың жыл бұрын сызылған (ежелгі тас дәуірі) Хойт-Цэнхэр үңгірінің суреттері фотоға түсірілді. Қазір Моңғол Алтай тауларынан түсірілген 1000 дана петроглифтердің де ғылыми сипаттамасы жасалынып жатыр. Мұндағы суреттер Сақ, Ғұн, Түрік дәуірінің сурет өнерінің жетістігін, шеберлігін көрсетумен қатар сол дәуірде өмір сүрген ежелгі түріктердің дүниетанымы, өмір сүру ритмі, шаруашылығы, дәстүр-салтынан нақты деректер береді. Сондай-ақ бұған дейін табылып, толық зерттелмеген Яман-ус, Ханан-хад сияқты 12 жердегі байырғы түрік бітіг (руна) жазбалары да қайта қаралып фотоға түсірілген.

ҚЫПШАҚТАНУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ

$
0
0
ҚЫПШАҚТАНУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
31.05.2013 20:45 Айдана НҰРМҰХАН
0200
Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» деген тақырыпта халықаралық ғылыми конференция өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлі­гінің Тіл комитеті мен Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырған басқосуға Пар­ла­мент депутаттары мен қоғам қайрат­керлері, отандық, һәм шетелдік ғалымдар қатысты. Олар қыпшақтану мен түрко­логияның өзекті мәселелерін талқылап, сол кездегі мәдени, этносаяси жағдайды ой елегінен өткізді.Ғалымдар қыпшақтан шыққан қолбасшы Бейбарыс бабамыз бен қазақ тіліне тікелей қатысы бар құн­ды ескерткіш «Кодекс Куманикус» жай­лы да сөз қозғады. Тіл біліміндегі қып­шақтардың тайпалық атауларының шы­ғу тарихы мен қыпшақ ескерткіш­теріндегі жазба деректердің ерекшелігіне жиында назар аударылды.
Тоқсан екі баулы қыпшақтың арғы-бергі тарихын түгендегендердің арасында ұлттық университеттің ректоры Е.Сы­дықов пен Түркияның Газиантеп қала­сынан келген ғалым Э.Гюнейлигиль бол­ды. Ректор қыпшақ тайпаларының тарихы мен мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасы болып табыла­ты­нына тоқталып: «Қазақстанның гумани­тарлық ғылымында қыпшақтану аса маңызды ғылыми бағыт болып есеп­теледі. Себебі қазақ тілінің негізі қыпшақ тілінен қаланған. Қыпшақтардың әдеби мұрасы қазақ әдебиетіне бастау болған. «Қазақ» деген сөздің өзі қыпшақтардың ортасында туған», – десе, түркиялық қонақ Барақ оғыз-түріктері мен қып­шақтардың бір-біріне бөтен емес екенін алға тартып: «Барақ оғыз билерінің ру-тайпаларды басқаруы, ақсақалдарының ауа-райын болжауы, аңшыларының тұзақпен аң аулап, жыртқышқа ит қосуы, халқының ойын-сауық өткізуі қыпшақ тайпаларымен бірдей. Барақ оғыздары Шынар ағашын, қыпшақтар алып бәй­теректі қастерлейді. Мұндай ұқсастық­тардың болуы сәйкестік емес. Бұл – белгі. Барақ оғыздар мен қыпшақтардың туыс­тығының, тамырластығының бел­гісі.
Сіздер Астанаға «Бәйтерек» деген ескерткіш орнатып қойыпсыздар. Сол маған қатты әсер етті. Бәйтерек арқылы сіздер қыпшақтарға құрмет көрсетіп отырған тәріздісіздер. Бабалар аманаты­на деген адалдықтың бір көрінісі осы шығар мүмкін», – деді. Конференция кезінде алдын ала жарық көрген материалдар жинағы тара­тылды. Жинақтан «авторлардың көз­қа­рас­тары өзгертілмеген және редакциялық алқа кейбір авторлар пікірімен толық келіспейді» деген жолдарды көзіміз шалды. Біздіңше, бұл – ғалымдар арасында қыпшақтарға қатысты түрлі пікір бар. Оны қалыпқа құю және біріздендіру ке­рек деген сөз.

 

Қанат МАХАМБЕТ,
Астана

Тантайдай батыр болғанын білеміз бе?

$
0
0

Тантайдай батыр болғанын білеміз бе?

0 45

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Атақты ғалым А.Н.Бернштам өз заманының кемеңгері, Қытайда 14 жыл тұрып, архивтерінде көз майын тауысып, 1821 жылы Бейжіннен 15 түйеге салмағы 400 пұт ескі қытай кітаптарын артып әкелген (Иакинф) Никита Яковлевич Бичурин (1777-1853) туралы «Н.Я.Бичурин (Иакинф) и его труд «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты шығармасында былай деп жазады:

«Как справедливы слова самого Бичурина, который с горечью писал: «Привычка руководствоваться чужими, готовыми мнениями, неумение смотреть на вещь своими глазами, неохота справляться с источниками, особенно изданными на отечественном языке; своему-то как-то не вериться; то ли дело сослаться на какой-нибудь европейский авторитет, на какого-нибудь иноземного писателя, хотя тот так же не имел понятия о деле».

 

Аталық дәрежесіне жеткен тұлғалар

Ойлансақ, осы жағдай тура біздің де басымызда бар. Осыған байланысты және жалпы тарих саласындағы көптеген еңбектерді оқи келе ой түйгенім, біздің тарих ғылымында да бірер ескерілмей жүрген мәселелер бар екен. Мысалы, 2011 жылы белгілі тарихшы-этнограф Жам­был Омарұлы Артықбаев «Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз» атты кітабында біздің бабаларымыздың қазақ еліне сіңірген еңбегін, Арыстан бабамыз­дың Хақназар ханның аталығы болғанын, Барқы батырдың Тәуке ханның аталығы, Нияз батырдың Әбілмәмбет ханның ата­лы­ғы болғанын ресми мұрағат құжат­тары­мен әбден дәлелдеп жазып шықты.

Сол шығармада біздің мемлекеттік тари­хымыз туралы жазған өзге ұлт өкіл­дері­нің маңызды мәліметтерді бүгіп қала­тынын, бұра жазудың қаншалықты біздің тарихымызды кейін тартқанын көруімізге болады: «Бір қызығы, ХVІ-ХVІІІ ғғ. қатысты деректерде «аталық» сөзі кездескен күннің өзінде зерттеушілер оны білместікпен бас­қаша түсіндіреді. Мысалы, ХVІІ ғасырдың соңындағы орыстың Петр-I патшасының елшісі А.Неприпасовтың елшілік жазбала­ры­ның ішінде Тәуке ханның жанындағы ақылшысы Барқы аталық Ресейден келген елшілік мәселесінің тағдырына қатысты хан сарайындағы кеңесте сібірлік татар Таушке Мергеннің «нам де до государевых слобод какое дело, хотя де и всех вырубят и пожгут нам де до того дела нет, для того, что де мы люди торговые, а не воинские» деген сөзі үшін ұрысты дейді: «И Тевки ханов лутчей человек Аталык Барху батыр стал его Таушку бранить за то, что он такие непристойные слова говорит. И Тевки хан Таушку Мергеня с товарищи, по его челобитью, в Бухары отпустил, а их Андрея задержав сказал...» (36,с,387). Енді осы дерек Н.Г.Аполлованың «Присоединение Ка­захстана к России» кітабында (Алма­ты,194 8) «один из лучших людей Тауке, Берху батыр, стал упрекать Таушку в том, что он непристойные слова говорит» – деп берілген (8,с.126). Бұл жерде зерттеуші екі қатені қатар жіберіп отыр, біріншіден «Бар­ху» атауын «Берху» деп берген, екін­шіден «аталық» лауазымын мәтіннен алып тастаған. Тарихи зерттеу үшін көне дерек­тердегі әр бір сөз қадірлі екені белгілі, егер математика сабағында есепті шығару үшін теңдеу элементтері түгел берілмесе шешіл­мейтіні сияқты тарихи зерттеулердегі сәл ағат­тық, сөзге мән бермеу өз кезегінде үл­кен қателіктердің туындауына себеп бо­лады». 

Бұл ғажапқа не дейсіз? Үш-төрт ғасыр бұрын Ресей елшілік құжаттарында аталық деп дұрыс жазылған сөзді, бүкіл түркі мемлекеттеріндегі ең үлкен лауазым аты екенін біле тұра 1948 жылдардан бастап мүлдем алып тастағандарын, тек Нияз аталықты 1740 жылғы Ресей Қазақ елшілік құжаттарында бір жерде ғана «байқамай» «дядька хана» деп аударғанын не деп бағалауға болады?

Бұл жерде бір сөзді алып тастауынан біз Қазақ мемлекеті әкімшілік және идео­логиялық жұмысын ұйымдастырып, ол түгіл ханның өзін ел басқаруға жастайынан тәрбиелеп, жас ханзаданың болашақта ел басқарғанда жүргізетін саясаты мен дипломатиясын анықтап, бойына сіңіріп, кейін хан болғанда бас кеңесшісі болып тұрған аталық тұлғасын жоғалтып тұрмыз, яғни ханның әкімшілік кеңсесі, басқару аппараты, оны ұйымдастыруда бір жүйе бол­ғанынан бейхабар қалып тұрмыз. Н.Г.Аполлова кітабын оқыған адам Ресей­ден келген саудагерге аталық Барқы емес, бір Берху деген батыр ұрысқан екен деп ойлайды және ол адамның кім екенін Ж.Артықбаев түп нұсқадан қарамаса еш уақытта таба алмас едік.

Тек бұл ғана емес, жалпы, шетел тарих­шы­лары, орыс тарихшыларын қоса айтып отыр­мын, бірнеше ғасырлардан бері тама­ша зерттеулер жүргізгендерімен, олардың шы­ғармаларында авторлардың қазақ немесе түркі тілдерін, түркі халықтарының салт-дәстүрлерін, әр ұлттың өзіне тән құн­ды­лықтарын, ұлттық философиясы мен идеологиясын жетік білмегендіктері де көзге ұрып тұрады. Сондықтан, олардың кей­де үстірт тұжырымдар жасауларын және қателіктер жіберіп алуларын ақыры басқа ұлт өкілдері екендіктерінің себебінен деп ойлаймын. Әрине, ол еңбектер болма­са, бізге қазір мүлде қиын болар еді, ол зерт­теулердің құндылығы көп екенін мо­йын­дау керек. Дегенмен де, дұрысы әркім өз тарихын өзі жазғаны және өз тілінде жазғаны абзал ғой, сонымен бірге бізге шетел тарихшыларының еңбектерін ой­лан­бай көшіре бермей, ой жүгіртіп, дұрыс-қатесіне қарап, келіспейтін жер болса, не себепті олай жазғанына сын көзбен қарап пайдалану жетіспейтін сияқты.

Тантай батыр шежіресі

Біз осы мақаламызды жоғарыда аты аталған Барқы аталықпен қатар өмір сүр­ген, аталықтың жақын ағайыны Тантай батырға арнамақпыз. Әуелі қазақ тәртібі бойынша кейіпкеріміздің шежіресінен бас­тайық. Жалпы, Арғын тайпасы Бес Мейрам және Жеті Момын деп екі үлкен топқа бөлі­неді. Бес Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек тараса, Қуан­дықтан Ағыс, Қалқаман, Бөрші, Те­меш, Алтай, Қарпық туады. «Арғынның бір атасы Қуандық-ты, Кезінде қылған екен жуа­ндықты. Аққошқар-Сайдалының зама­нында, Бір көлден қырық мың жылқы суарыпты», – деген атақты Шөже ақынның өлеңін, Арғынның Бесмейрамын қазақтың «Абылай аспас Сарыбел» деп атағанын, Бесмейрамның Қуандығын Абылайдың өзінің «Басынан сөз асырмайтын асауы бар» , «Ә-десең, мә-деп едірейіп тұрған Қуан­дығы бар, Атасынан үзілмеген жуандығы бар,» – деп мойындауын бала кезімізде қариялардан естіп өстік.

Қуандықтан Алтай, одан Сайдалы, ол Сүгірәлі, Арыстан болып екіге бөлінеді. Сүгірәлі батырдан Қабай, Жабай, Әлсейіт, Дүкеней аталары тарайды. Арыстанның тоғызының тірісі Мамадайыр, Мамашық, Барқы, Тоғызақ. Ертеде қариялар осылар­дан жалғыз Барқыдан тұқым бар (одан Мөңке, Нияз, Құлғара), ал Мамадайыр, Мамашық, Тоғызақ үшеуі үш жүз жыл бұрын қалмақпен соғыста жау қолында қалыпты, тоғыз ұлдың қалған бесеуі соғыста өлген, тұқым жоқ дейтін. Олардың «Барқы батыр қарадан хан болған», ал оның ұлы «Нияз батыр Түркістанды билеген» дегендеріне түсінбеуші едік. «Хан да Барқы,қара да Барқы» деген мәтелді де сол кісілерден естігенбіз. Түркістан қайда, Арқа қайда деп ойлаушы едік.

Сөйтсек, көрнекті тарихшы-этнограф Ж.Артықбаевтың «Аталықтар әулеті: Арыс­тан, Барқы, Нияз» атты кітабында дәлелдеп жазғанындай, алмағайып замандарда хан өлгенде, басқа хан сайланғанша аталық уақытша хан міндетін атқарып, елге ат шап­тырып хан сайлар құрылтайға жинай­ды екен. Туған әкесіндей боп өзі тәрбиеле­ген мұрагер ханзаданы таққа отыр­ғызуға аталықтар қаншалықты мүдделі болса, болашақ хан тағынан үміт­кер де тақ үшін күресте аталықтарға соншалықты сүйеніп, әрқалай қастандықтардан сақ болу үшін, ауылымен тәрбиешісінің елінің арасында бірге тұрып, көшсе бірге көшіп жүреді екен. Шапқыншылық жылдарында ел жинау оңай емес, оған кейде бірнеше жыл кетеді, ондай жағдайда аталықтар елді сол қалпы басқарып, елшілерін қабылдап, соғысқанмен соғысып, Орданы құлатпай ұстап тұрады екен. Қарадан хан болмағы сол екен. Ресей патшасы Петр I-ге елші болып барған, Қытай императорымен кездескен елші бабаларымыз, би, батыр аталарымыз бар екен.

Қабайұлы Бақыбек батыр Қанжығалы Бөгенбай батырдың ұстазы болған, Бөген өзенінің бойында жерленген. Ауыз екі әңгімеде қарт батырды өлтіргені үшін Бөгенбай батыр қалмақтан құн алған.

Сүгірәліұлы Әлсейіт керуенбасы, сауда істерімен шетелге жүрген, елші болған, есімі Тобыл архивіндегі XVII ғасырдың аяғындағы Қазақ-Ресей елшілік құжат­тарында«Торговый Казачьей Орды Аль­сейт­ко Шугуров» деген атпен кездеседі.

Дүкенейұлы Олжа батыр 1769 жылы Абылайхан атынан қытайдың Улясутай мекеніне саяси мәселелер бойынша елші болып барған.

Қарамағына үш жүз ғана емес, қырғыз бен қарақалпақ елі қараған, заманы «алтын ғасыр» аталған, қазақ елінің ханы Әз Тәукеден кейінгі хандықтағы екінші тұлға Барқы аталықтың қаншама ұлдарының хан Кеңесі тапсырмасымен шартарапқа бытырап кеткенінен елде қалғандары тек Мөңке би, Нияз аталық, Құлғара батыр ғана.

Нияз аталық туралы 1740 жылдардағы Ресей елшілік құжаттарында көп кездеседі. Генерал-губернатор князь Урусовпен келіссөзді Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан және Нияз батыр жүргізгенін жаза келіп, орыс деректері Нияз батырға көбірек тоқ­талып, ол кісіні «дядька хана» деп, (аталық­ты аударған түрі ғой), «Он пригласил Абуль­мамбета в Туркестан и утвердил его на троне», «Он духом хана владеет» деп жазды.

Ал, Құлғара батыр – ағасы Нияз аталық­тың сенімді серігі болған, орыс жазба деректері бойынша 1742-1744 жылдары екі жас бозбалаға, Әбілмәмбет ханның баласы Әбілпейіз сұлтанға және Нияз аталықтың баласы Әлдеберліге, бас болып қалмақ қонтайшысы Қалдан Цереннің қолында Абылай сұлтанның орнына ақ үйлі аманатта болған атақты батыр, саяси қайраткер.

Мөңке бидің баласы Ақтайлақ би, әрі батыр қытай елшілік құжаттары бойынша 1773 жылы Әбілпейіз сұлтан атынан Пе­кин­ге елші болып барып, қытай императо­ры Еженханмен кездескен.

Соңғы бір-екі жылда біздің ізденістері­міздің арқасында Мамадайыр, Мамашық тұқымдары табылды, олардың бір-екі тобы XVIII ғасырдың орта кезінде шығысқа найман еліне басшылыққа жіберілген Әбілпейіз сұлтанның аталығы, сенімді серіктері ретінде жіберіліп, кейін Шұбартау төлеңгіттерінің ішіне сіңген екен. Оны Әлихан Бөкейханов өзінің кітабында бұлар төлеңгіт емес, Арғын Алтай Сайдалы деп жа­зып кеткен болып шықты. Ол кісі Алтай­дан аталықтар шыққанын білген сияқты. Мәшһүр Жүсіп атамыз жазатын «Арғын болсаң, Алтай бол» – деген сөз сол уақыттан қал­са керек.

Тоғызақтар Ташкент түбіндегі Шыр­шық­та Шанышқылы ішінде екен. Әз Тәуке басқарып кемеліне келіп тұрған қазақ хандығының аталығы, ханнан кейінгі екінші тұлға Барқы аталықтың інісі Тоғызақ та Ташкент түбіндегі Шыршықтың екі өзені­нің арасындағы ең шұрайлы жерді тегіннен қоныстанбаған сияқты.

Барқынның тағы бір інісі Арыстан ата­лық­ұлы Тантай батырдың Қайып ханның жарлығымен 1718 жылы Ресей патшасы Петр I-ге әскери одақ мәселелері бойынша бас елші боп аттандырылғанын Ж.Артықбаевтың «Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз» кітабынан білдік:

«... Біздің кітабымызға өзек болып отырған аталықтар әулетінің негізін салушылардың бірі Арыстан аталықтың деңгейін Қайып ханның 1718 жылы Петр патшаға жазған хатынан кішкене үзінді көрсетіп бере алады «А послал я от себя к Вашему величеству старинного своего слугу и аталыка Араслан-батыря, лутчего человека, сына его Тантая-батыря большим посланником» дейді. Бұл жерде Қайып хан алдымен Арыстан аталық әулетінің Қазақ хандығына сіңірген еңбегін ерекше атаған. Екіншіден, Арыстан аталықтың баласы Тантай батырдың бас елші ретінде Санкт-Петербургке аттанғанына аса маңыз беріп, Петр патшаға да салмақ артып отыр. Үшіншіден, Қазақ хандығының Әз Тәуке хан заманындағы елшіліктерін көп бастаған Тайқоңырдың өзі бұл жолы бас елші Тантай батырға көмекшілікке бекітілгені де көп мәселені аңғартса керек.»

Батырдың жұмбақ өлімі

Тантай батырды Жоңғар шапқан аласапыранда жолда өлді ме, артында тұқым қалмаған, шежіресі үзіліп қалған, ру үшін емес, ел үшін шейіт болған талай есіл ердің бірі ме деп ойладық. Артынан ұрпақ қалмаған. Қалса, қайда екені белгісіз. Есімі Ресейдің ресми елшілік құжаттарында, аты Қарқаралы керуен жолының Бетпақтан өтіп кеп Шуға келгендегі соңғы шоқысы Тантайтауда қалды. Ол Ю.Шмидттің «Очерк казахской степи» кітабының (Астана, Алтын кітап, 2007, 50-том, 110-бет) және Ә.Марғұланның «Тарихи дәуір­дегі қазақ тайпаларының жазу мәдениеті» кітабында (Астана, Алтын кітап, 2007, 8-том, 26-бет) Тантай шоқы­сы, патшалық Россияның ескі әскери топографиялық карталарында Тантай тау. Жанындағы серігі, Россияға талай елші боп барған Құлтабай аталықұлы Тайқоңырдың атында сол маңдағы керуен жолында Тайқоңыр құдық бар, тәрізі екеуі әскери одақ мәсе­лесі бойынша барған. Жобамен 1720-1723 жылдары Ресей сапарынан қайтып келе жатып, Түркістандағы хан Ордасына жете алмай жау қолынан сол жерде мерт болып, Тантай шоқысының етегіндегі 7-8 шақырым жердегі Кісеміс және Бегазы қорымының бірінде жерленгендей. Өзі өліп отбасы жау қолына түсті ме, әлде ата­лықтардың басқа тұқымдары сияқты басқа елге қосылды ма, әйтеуір тірі болса қазір ең кемі он ұрпақ тараған ру болары сөзсіз текті тұқым еді.

Негізі, мұндай тегі асыл ердің тұқымы­ның мүлдем жоғалып кетуі де мүмкін емес қой, бар болса аталықтардың табылып жатқан басқа ұрпақтары сияқты бір жер­ден жарып шығуы тиіс еді деп те ойлаймын. Қазақ жеті атадан кейін тектілік қасиеті қай­таланады дейтін, тірі қалған болса, ата­лық бабалары сияқты ел үшін адал қызмет етер біреу шығар еді.

Осының бәрін талмай зерттеп, жазып жүрген тарихшы-этнограф Ж.Артықбаев­т­ың аталықтар туралы әлі талай дерек шығуы мүмкін екенін айтқан жобасы тура келді. Шынында да, жоғарыдағы еңбек­тер­ден, әскери топографиялық картала­лар­дан Тантайтауды тапсақ, оған қоса еліміздің әр түкпірінен Алтай аталықтар ұрпақтары туралы деректер шықты. Алтай Сайдалы Арыстан аталықтың ұрпақтары қарақалпақ, қырғыз, өзбек, Ұлы жүз, Кіші жүз елдеріне кейбіреуі сұлтандарға ата­лық, кейбіреуі сол елдердегі үлкен ханның тұрақ­ты өкілі ретінде жіберілсе керек. Олардың дипломатиялық міндет атқарып, барған еліндегі хан кеңестерінде елеулі орында болғандықтары жөнінде де мағлұ­мат­тар кездесті.

Құдайдың құдіретімен Арыстан ата­лық­тың үлкен ұлы Мамадайыр тұқымы Хақ­назар­дың ұлы Ахмет-Кереймен Кубань­ға кеткені, Кавказдағы Арғын сайы­ның жанында Мамадайыр селосы болғаны анық­талды. Мамадайыр тұқымы Өмірзақ аталықтың Әбілпейіз сұлтанмен Найман еліне барғанын Қазақстанның Шығыс айма­ғындағы халық біледі. Одан әлдеқай­да бұрын Мамадайырдың баласы Көкен, одан Сүйіндіктің Кіші Жүзге Әбілқайыр ханға аталық боп барғаны жаңа ғана бел­гілі болып отыр.

Совет қысымы кезінде көптеген төре тұқымдары сияқты төлеңгіт атын жамылып жасырынып аман қалған аталық ұрпақтары Атыраудан, сонау Астрахань қаласынан бізді іздеп тауып, байланысқа шықты. Олардың да ізденіп, шежірелерін түгендеп жатқан жайы бар екен.

Кіші Жүз төлеңгіттері ішіндегі Алтай-Арғын Мамадайырлардың арасында Бақы би, Нияз батыр аталарының кездесуі де қызықты дерек. Әбілпейіз сұлтанның Қытайдағы Абақ Керейлер төре қылуға сұрап алатын баласы Көгедай ұрпақтары­мен бірге барған Барқы аталық ұрпақтары Жантекей руына сіңді деген де дерек бар. Сонымен бірге Барқы тұқымы Шанышқылы руының Боқа атасының арасында Барқы тобы болып кездесуі де ғажап. Оның үстіне Бибол және Барқы тобын жалпы Бектер деп те атайды екен. Шанышқылы шежі­реші­лері арғы атасы белгілі, бірақ одан кейін олардан арасы үзіліп қалған, бірнеше ағайынды адамдардан тараған елді топ деп атап, бір атаға кіргізіп отырған екен. Ал Боқаның Шәкерім атамыздың жаугер­шілікте ел Арқаға ауғанда сартпен бірге егін салып жүргенде өзбек арасында қа­лып қойды деп жоқтап жазғанынан біле­міз. Ташкенттік жазушы, Қазақстан Жазу­шы­лар Одағының мүшесі М.Омаров өзінің «Шанышқылы шежіресінде» («Ёзувчи» баспасы, Ташкент, 2000, 190-бет) «Боқа, Тас, Тоғызақ үшеуі қыз алыспайды» – деп жазған еді және «Боқаның шалдары Ша­ныш­қылыға қоссаң қос, бірақ, Тоғызақпен қыз алыспайды деп жаз, әйтпесе шежі­рең­нің керегі жоқ деген еді» – деп Алла аты­мен 2011 жылы Тоғызақтың екі азаматы­ның ал­дын­да куәлік етіп еді. Ал Тоғызақ Арғын Алтай Арыстан аталықтың (Хақна­зар хан­ның аталығы) Тәшкен маңындағы елге үлкен ханның өкілі болған кенже ұлы деп білеміз. Одан үлкені Ресейге елші бо­лып барған Тантай батыр, оның ағасы Тәу­ке ханның аталығы Барқы батыр. Арыстан ата­лықтың үлкен ұлы Мамадайыр ұрпақ­тары­ның Әбілқайыр және Әбілпейіз сұл­тан­дардың аталықтары болғанын жоға­ры­да айтып өттік.

Ираннан Қасымханның Байрам (Мей­рам) атты аталығы болғаны, оның 1513 жылы Қасымханнан әскери көмек сұраған Өзбек хандығының Иран патшасы Исмаил шахпен соғысына қазақ әскерін бастап барып, өзбек Убайдулла ханның кесірінен Қасымханның баласы Әбілқайыр ханза­дамен бірге қоршауға түсіп қаза болғаны туралы деректерді Табризидің «Тарихи Сефевиа» шығармасынан ираншы Ғалия Қамбарбекова тауып әкелді. Сол еңбектің бір тізімінде ол жарықтық бабамыз Мейрамхан аталық деп те жазылған екен, ол кісіден де, Иран тарихшыларынан да Иран шахы Исмаил тарихы туралы шығар­малардың үш нұсқасында да аты толық көрсетілмеген, руының атымен жазыл­ғанға ұқсайды деген жауап алдық. Осы парсы дерек­терін­де Қасымхан ордасында Мейрам аталық есімі ерекше ықыласпен аталатынын атап жазған. Бұл талантты ғалым марқұм С.Қондыбайдың «Арғық­азақ­­тар мифология­сы» шығар­масындағы есенқазақтардың ішінде (бұл да XV-XVI ғасырлар) бір елдің басшысы Мейрамхан деген біреу бар деп, оның әркіммен соғысқанын жазғанына да сәйкес келеді екен. Және «Шетпеден 18 шақырым жердегі «Әләу-Мейрам» әулие деген қос атпен аталған қорымда екі қабір бар, сондықтан Әләу дегеніміз Кіші Жүз Әлім, ал Мейрам осы Мейрам сопы емес пе, Мейрамдар бастаған, абыздық функциясы бар арғын тайпасы Қазақ хандығын құрғанда Алтын Ордаға таяу Маңғыстау жерінен елді бастап Шу бойына кетті, ал олар сол уақытқа дейін осы есенқазақтардың ішінде болды» деген жорамал жасаған еді. Әрине, Мейрам сопының мыңдаған жылдар бұрынғы өте көне атау екенін білеміз, сондықтан ол қорымда жатқан Мейрам сопы емес, осы Мейрамхан аталық болуы керек, өйткені Әзірет Сұлтанға дейін елдің ардақтылары жерленетін пантеоны (әулиелер мекені) Маңғыстау екені белгілі. Ал Кіші Жүз Әлімнің де одан әлдеқайда ертеректегі атау екені анық және Қасымхан уақытында Ноғай Ордасына қараған ел еді, сондықтан бұл қорымдағы екінші қабыр сол Иран мен өзбек соғысында Мейрам аталық әскердің оң қанатын басқарса, сол қанатты басқарған және сол соғыста өлген Алуб аталықтыкі болуы тиіс. Ал оның кім екені әрине, бөлек әңгіме.

Осы тақырыпты зерттеуші Ж.Артық­баев­тың пайымдауынша: «Аталықтар, көбіне өз руларының мүдделерін ба­сымырақ қоятын рубасы батыр, билер сияқты емес, орталық билік үшін, мемле­кеттің мүддесі үшін ханға, елге адал қызмет етіп, өздерін де, ұрпақтарын да сол жолда құрбан еткен, хан баласы қайда барса сонда барып, бірге өлген ұлы тұлғалар, мемлекетке адал қызмет етудің үлгісі». Арыстан аталықтың «тоғыз арыстан» аталған тоғыз ұлынан елде жалғыз Барқы қалып, қалғанының дүниенің түкпір-түкпірінде шашырап қалғаны сондықтан екен...Дана қарияларымыз осыны өсиет қылып, «туғандарымыз ел үшін, мемлекет мүддесі үшін тапсырмамен, ауыр міндет арқалап жан-жаққа кетіп еді, енді солардың тұқымдарын іздеу сендердің міндеттерің, туған жерге қайтып әкеліп, елге қосу керек, шежіресін түгендеу қажет», – деп әңгіме айтады екен ғой.

Бізден бұрын бұл аталарды 1897 жылы «әкем Қаңтарбай батыр елге қайтатын уақыты болды, алдырыңдар деп өсиет қып айтып кетіп еді» – деп болыс атамыз Иса Қаңтарбайұлы іздеген екен. Ол кісінің осыдан 116 жыл бұрын туысқан екенін шежіреден көрсетіп, Шұбартау елінің болысы мамадайыр Меңаяқ бидің баласы Оспанқұлға «Міндеттеріңді артығымен орындадыңыздар, ел риза, енді елге қайтыңыздар, сіздерге жер жетед.Бір өкініштісі, бірнеше ай жүріп, Тәшкенге іздеп барып едім, Тоғызақтар үйреніп қалдық деп қайтпады», – деп жазған хаты мұрағаттан табылды. Мамадайыр, Мама­шық, Тоғызақты тапқаннан кейін, елге қайт­паса да, шежіреде тірі, бар деп атта­рын қалдырмай жазатыны содан екен. Ал қалған бесеуін таба алмаған соң, қал­мақ­пен соғыста өлген екен деп шешкен тәрізді. Әрине, айта берсе мұндай дерек көп.

Ежелгі елшілер тарихы толық зерттелмеген

Біз осы кітаптың көмегімен үш жүз жыл бұрын мемлекеттік тапсырмамен жан-жақ­қа аттанған аталықтар әулетінің біразы­ның тұқым-жұрағаттарының табысу сәтіне куә болдық. Дегенмен жоғарыда айтылған елшілер, тұрақты өкілдер, шетел мемлекеттерімен сауда қатынастарын жүргізген керуенбасылар тарихы осы уақытқа шейін толық зерттелмеген. Тек қана 1683-1799 жылдар арасында Қытаймен және Ресеймен ғана 72 елшілік алмасқан, ал ол туралы жалғыз тізім ғана жарияланды. Мысалы, шетелдіктер біздің елшілерден қазақтың елшілік тарихы жөнінде сұрап қалса, Коллонтайдан бастап жүрмеуі үшін не істеу керек? Қазақтың елшілік институтының бірнеше мыңдаған жылдық тарихы бар екенін қалай дәлел­деп, қалай түсіндіреміз? Қазақ хандығы­ның қарым-қатынасы бар көптеген елдер­де өзінің тұрақты өкілдерін ұстағанын неге зерт­темейміз?

Жалпы уақыт алыстаған сайын тарих ұмытыла беретіні, тарихи тұлғалар жөнін­дегі деректер мен оқиғалардың халық жадынан алыстай беретіні сөзсіз. Мысалы, елдің есінде XVIII ғасырдың басында басталған зұлмат «ақтабан шұбырын­ды­ның» сұмдығының әсерінен сол дәуірден бергі тарихи оқиғалар көбірек сақталған, ал одан әрідегісі ұмытылыңқыраған екен.

Сонымен бірге, кеңес заманында ел жақсыларына қырғын тиіп, қазақ елінің генефонды, яғни көбірек дерек білер текті де білімді тұқымының басым көпшілігінің жойылуы салдарынан халықтың есінде күні кеше осы рудың қолын бастап шыққан, яғни ел ішінде жүрген батырларының әңгімесі ғана көбірек қалған сияқты. Ал мал баққан қара шаруаның есінде қолды болған биесі мен түйесін даулап әперген, көбіне ауыл-елмен бірге, оларды бастап көшіп жүрген, сол рудың есесін жауға жібер­мейтін билердің әңгімесі ғана қалды.

Міне, Тантай батыр туралы деректердің ұмытылуына да осындай себептер бар. Әз Тәуке хан заманында толыққанды өмір сүріп тұрған елшілік институтының тамаша бір өкілі туралы әлі де жазылар деген ойдамыз. «Алмас пышақ қап түбінде жатпайды» деген қазақтың сөзі бар емес пе, аталық әулетінің өзге де өкілдері сияқты Тантай батыр ұрпақтарының да табылатын күні алыс емес деп үміттенеміз.

Серікбай ЖАРКЕШОВ, өлкетанушы

Viewing all 132 articles
Browse latest View live