Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 »Тарих
Viewing all 132 articles
Browse latest View live

Ғұндардың қалыптасу кезеңі

$
0
0

Ғұндардың қалыптасу кезеңі
©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшиенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше.

Ғұндардың шығуы туралы мәлімет.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну атауы тегі әртүрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ары-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «Ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы болуы керек. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.з.б. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сюнну және дунху тайпалары қалыптасты. Мұндағы сюнну тайпалары өз заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады және олардың кейінгі дамуында да айтарлықтай роль атқарды.

Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғандай, оның ежелгі қытайлық транскрипциясы гректер иен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн- болғар қсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атаған. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқы «ғұн» тайпаларының ақсүйектеріне арналып айтылса, сюнну(хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандарын әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдеқайда мол қауымды білдіреді.

Сюннулар б.з.б. III ғасырда едәуір күшейді. Ғұндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген қытайлар Ұлы Қытай қамалын салады және оны одан әрі нығайтады.

Ғұндар Саяси тарихы.

Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.

Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.

Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.

Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.

Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:

1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.

2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.

Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (151 8) . Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.

Шаруашылығы.

Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.

Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.

Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.

Мәдениеті.

Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.

Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.

Ғұндардың қоғамдық құрылысы.

Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.

Қорытынды.

Монғол нәсілдес және түркі тілдес ғұндар Қазақстан аумағында тайпалардың антропологиялық тұрпатын да өзгертті. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше ғұндардың көпшілігі түріктердің арғы ата-бабалары. Ғұндардың қоғамдық құрылымында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері сақталды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды ақсақалдар басқарды. Мемлекетті шексіз билігі бар шаньюй биледі. Ғұндар арасында мал және жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен бірге жаңа кезеңге –таптық қоғам мен мемлекеттке өту кезеңін ала келді.

Артына терең мұра мен айтулы оқиғалар қалдырған, өзіндік мәдениетті қалыптасқан ғұндар түркі тілдес тайпалар мен халықтардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/shezhire/shejre-gundardyin-kalyiptasu-kezen-63055/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі


ҮЙСІННАМА (16)

$
0
0

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА (16)

2. ҮЙСІНДЕР ЖОҒАЛҒАН ЖОҚ
Бүгінгі кей қаламгерлердің Сақ, Ғұн, Үйсін, Алан, Ұлыюежы (Ұлыжүз, Ұлынүкіс), т.б. жұрттарды тұқым-тұқияны қалмай жоғалған этносқа (失落的民族) жатқыза жазып жүргендері бар. Бұл – өзге ниеттен аулақ деген күнде, мейлінше қате пікір.
Екі күнби қатар тұрған кезеңде бұлар ара қайшылық пен қақтығыс өршімесе басылмағаны жоғарыда баяндалды. Оған сыртқы күштің әдейі біріктірмеу ниетіндегі әсері де, іштей басты қайта құрау ойындағылардың машақатты талпынысы да толассыз ықпал жасаған екен. Бастан аяқ кіші күнби жақ Хань тараптың сөзін тыңдамайтын, ұзағанда жүре тыңдайтын, көбіне ұлы күнбиге қарсылық жасайтын, оны жойып, елін қосып алуға ұмтылатын, бұл үшін қасындағы қандасы Қаңлы хандығынан көмек күтетін, ..., ал ұлы күнби жақ Хань ақылынан шықпайтын, ебін тауып кіші күнбиді құртатын ұстанымда болып отырған. Сонымен талайға шейін, екі Үйсін біріге алмай, қырғи қабақ, бірде бейбіт, бірде жауласқан теке тіресте өмір сүрген. Бірақ ұлы күнби жақтағы үйсіндер, дамылсыз кішікүнби жаққа ауа бергендктен, ұлыкүнбиге қарайтын халықтың саны барған сайын азайған. Чаң Хұй зорлаған жағдайда да кіші күнби жаққа ағылған үйсіндер, хань ықпалы әлісіреген, тіпті тоқтаған кезде тіпті ағылды дей беріңіз....
Осыдан былайда екі күнбиліктің күнбилерінің кім болғаны, олар ара байланыстың қалай дамығаны туралы Хань тарихнамаларынан айқын мәлімет кезікпейді. Бұл да Хань тараптың Үйсіннен қол үзгендігінің белгісі. Бірақ, Үйсін жақ тарих сахнасынан мүлде түсіп кетпеген, кешегі күшті Үйсін ұлысының тамтығы немесе оның «оңаша бұзаушылап» ел болған бұтары өзге елдермен, соның ішінде тіпті Ханьнан соңғы Орта Жазықтағы әулеттермен де сирек те болса дипломатиялық байланыс жасап тұрған. «Ханьнама. Уаң Маңның ғұмырнамасында»: “Б.з. 13 жылы Үйсіннің ұлы, кіші күнбилері ордаға елші жіберіп тарту-таралғы ұсынады. Ұлы күнби Жұңгоның жиені. Ал, ғұн әйелден туған ұл - кіші күнби. Бірақ, үйсіндер оған (кіші күнбиге. - С. Ж.) бағынатын еді... Уаң Маң (Жаңа әулеттің патшасы. - С. Ж.) кіші күнбидің елшісін ұлы күнбидің елшісінен жоғары отырғызады” делінген. Осы арадағы “үйсіндер оған бағынатын” және “жоғары отырғызады” дегендер, ұлы күнби қуыршаққа айналып қалды демеген күнде де, елдің көбінің кіші күнбиге ауып, бүкіл үйсінді кіші күнби иемденгендей әсер берері хақ. Әйтпесе Уаң Маң өйтпес еді. Бұл, әуелдегі мемлекеттігі қалпына келе алмаса да, табиғи түрде біртіндеп қайта бас құрауға бет алу дегендік болмақ.
Әйтеуір былайғы тарихта, Ұйсін аты өшпей, сирек те болса, бергі тарихта шаңырақ көтерген қағанаттар құрамындағы ел ретінде кезігіп отырады. Әсіресе ол әу бастан өзінің құрамында болып келген, бертінгі тарихи сатыда ноқта ағаға айналып күшейген, шаңырақ иесіне айналған (Албан, Дулат, Түркеш, Шігіл сықылды ірі) тайпалырдың аты арқылы көбірек шығады.
(1) Жұңго жағдайындағы өзгерістер
Б.з.б. І ғасырдың соңын ала, Лю Баң шаңырағын көтерген Батыс Хань (西汉) әулеті де іштен іри бастаған болатын.
Патшалардың дамылсыз экспанциялық (сыртқа ірге кеңейту) саясаты, соған орай туылған ауыр соғыс шығыны мен алым-салықтың ерепайсыз өсуі, табиғи апат, халық санының тез көбеюі, әр дәрежелі ұлықтардың озбырлығы мен жемқорлығы сықылды себептер әл-ауқаты қатты нашарлаған халықтың патшалыққа қарата ғазабын сонау Хань Уди кезінен–ақ күшейткен еді. Билік басындағы ұлықтардың жемқорлығы шектен асып, ауыздарын егіншілердің жеріне салғанда, бұл ыза тіптен қозады. Халық ауыр су апатының зардабын шегіп жатқанда, Юанди патша (б.з.д. 48-33жж.) аңшылық–саятшылықпен сайрандағанды ғана біледі. Чыңди патша (б.з.д. 32- 07жж.) ойына келген ордасын салдыртып жатады. “Бұқара кедей, қарақшы қайшыалысқан, ұлықтар шіріген, ашаршылық пен індет жайлаған” [ ] ауыр заман туады. Мұның арты табиғи түрде қалың халықтың ашулы көтерілісіне ұласады. Қоғамдық былығудан пайдаланып таққа шығып, Шинчау (Жаңа әулет) дегенді құрған, Юанди патшаның қағаншасы Уаң Жыңжюннің жиені Уаң Маң (王莽. б.з. 9-23жж.) реформа жасағанымен онысы сәтті болмайды.
Жаңа патша қалай қарайды екен дегендей раймен зияраттай барған Үйсін күнбилерін б.з. 13 жылы Уаң Маң қабылдағанын айттым. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, өзінің алдындағылардан өзгеше саясат қолданарын көрсеткісі келгені ме, жоқ әлде кішікүнбидің әлеуетін мойындағаны ма, әйтеуір кішікүнбиді ұлыкүнбиден жоғары отырғызыпты да дедім....
Б.з. 17 жылынан бастап, Уаң Маң кезінде де басыла қоймаған көтерілістер тіпті күшейіп, “Лүйлинжүн” (Лүйлинге яғни бүгінгі Хубей өлкесінің Дахұң тауына жиылғандар) мен “Қызыл қастылардың” зор көлемді төнкерісіне айналады. Бүкіл елді дүр сілкіндірген бұл төнкерістер де, ел билегендер мен соған ұмтылғандарды бір шошытумен ғана тынып, сәтсіздікпен аяқтайды. Аяғы Шығыс Хань әулетінің (东汉, б.з. 25-220 жж.) құрылуына барып соғады. Бірақ Шығыс Хань әулеті Батыс Хән әулетіндей күшті бола алғаны жоқ. Оның себебі де көп-тін. Көп санды патшалары сәби шағында таққа отырды. Сәби патша есейгенше билік біткенді өз ығына келтіріп алған жуандардың айласы мен тақ маңындағылардың ішкі қайшылықтары оның қол-аяғын босата қоймады, еркіне жібермеді; әулет шаңырағы көтерілерден бұрынғы әбден борсыған былық пен шегіне жеткен кедейлік есін тез жиғызбады;... ең бастысы әр дәрежелі ұлықтардың жемқорлығы, озбырлығы, билікке таласуы, … бұл әулетті де өрге бастырмады. Мұның арты тіпті зор көлемді “Сары орамалдылар” көтерілісіне айналды да, Шығыс Хань әулетін аударды. Одан кейінгі тарих бірімен бірі шабысқан үш елдік күйге енді. Олар Уей (魏, б.з. 220-265жж.), Шу (蜀, б.з. 221-265жж.), У (吴, б.з. 222- 280жж.) елдері еді.....
Бұдан кейін, “Дау-у патша заманының (Б.з. 386-409жж - С. Ж.) алғашқы жылдарында Жұңго патшасы өз елін дамытуға бұрылды, төңіректегі бодандары бір мезет ескерусіз қалып, батыс нұмдар тарту-таралғыларын тартуды тоқтатты. Сонымен, сарай ұлықтары, Хань әулетінің үлгісі бойынша, Батыс өңірге елші жіберіп барыс-келіс жасауды (патшаға) тілек етті. Олар осылай істегенде ұлықтығымыз шетелдерге жетеді әрі сарайға қымбат бағалы бұйымдар құйылып тұратын болады деді. Патша оларға: Хань әулеті қиырдағы Батыс Өңірмен барыс-келіс жасаймыз деп, шекараны қорғаусыз қалдырып халықты қобалжытты, қазынаны бейберекет шашты. Онан пайда не? Қазір олармен қайта барыс-келіс жасайтын болсақ, бұрынғы кесет халықты қайта тұралатады деп, олардың ұсыныстарын қабыл етпеді. Сонымен Миңюан патшаның (б.з. 409-423жж - С. Ж.) билігі тұсында да Батыс өңір бағындырылмады” [ ]. ДемекЖұңго патшаларының, ең ары дегенде б.з.Ⅳ ғасырынан асқанша, ең кеңіте алғанда Ұлы Даланың Тәңір таудың шығысынан батысқа қарайғы тарапына барыс-келіс қыла алмағаны беп-белгілі болып тұр.
Мұндайда оларға үйсіндердің не күйде екені де беймәлім болмақ.
Мұндайда олардың жылнамаларынан үйсіндер жайлы сөз кезіктіру де қиын. Жұңго хабарласа алмаған, соның салдарынан жазбаларына түспеген ұлт пен этносты жоғалдыға (失落的民族 дегенге) жатқызу да келісіп тұрғаны жоқ.
Мұндай жағдайда, Ұлы Далалықтар өз еркімен Жұңго жаққа бармаса, Жұңго жақтың Ұлы Далалықтарға баруға да, оларды шақырып әкелуге де мұршасы жоқ еді, әрине.
Мұндайда, Жұңгоның Батыс Өңірдегілерді билеуі түгіл, оған ықпал жасауынан да сөз ашу қиын.
Осыдан былайғы - Жұңго әлеуеті әлсірегендіктен өзінің ішкі ісімен боп кеткен заманда және Ханьге өкпелі үйсіндер одан аулақтай бастаған кезде, тіпті бұл жақтағылар Хань елшілері мен арқыштарын, қабылдамау түгіл, өлтіруге дейін барған тұста, Үйсін деген елдің аты Хань жылнамаларына сонау Жаң Чянның заманындағыдай түсе қоймағанын дұрыс түсіну керек. Тарих пен аңғарлы тарихшы Хань жылнамаларына түспеген ұлттарды жоғалдыға (失落的民族 дегенге) жатқыза салмайды.
(2) Үйсіндер өз жерінде өмір сүре берді.
«Соңғы ханьнама. Оңтүстік Ғұн баянында», б.з. 91 жылы, Ғұн қағанаты екіге жарылып, Хань әулетіне бағынбаған жағы батысқа қарай ауғаны туралы айта келе, “Қатты қорқып демі ішіне тұскен Теріскей Ғұн тәңірқұты Үйсін еліне қарай зытты. Дешті құмның теріскейі иен қалды”, “Ешбір пана таппаған тәңірқұт киізге оранып үйсінге қашып барады” делінген екен. Демек, Шығыс Хань әулетінен жеңілген тәңірқұт қашып барып Үйсінді паналапты. Бұдан кемінде мынаны байқауға болады:
Бірі, былайғы сатыда, екі Үйсін де Хань елінен жасқанбайтын күйге жеткен. Өйтпесе олар тәңірқұтқа пана бола алмас-ты.
Енді бірі, бұл кездегі Үйсіннің Хань жақпен байланысы сиреген, қайта ғұндармен тату қатынасы қайта күшейген.
Ал мұның арты тіпті алыстауға тартқан. Сөйтсе де Жұңго жақпен дипломатиялық байланыс мүлде үзіліп те кетпеген. Бұл көзқарасты ғалымдар “аз дегенде Ⅴ ғасырға дейін үйсіндердің ішкі өңірлердегі патшалықтармен (Жұңгомен. - С. Ж.) саяси байланысы үзілмеген” [ ] деп құптай түседі. «Соңғы ханьнама. Батыс Өңір баяны»: Б.з. 127 жылғы оқиғаны айта келіп, бұған “Үйсіндер Памир тауының батысынан ары шалғайға кеткен” дегенді қосады. Кеткен деген жоғалды емес, әрине.
“Үйсін елі. Ордасы Чекүк қаласында. Орны Күсәннің солтүстік-батысына тура келеді. Дәйдан он мың сегіз жүз ли шалғай. Бұл ел Нөненнің шапқыншылығына көп ұшырады да, батысқа - Памирдың терең қойнауларына қоныс аударды... (Тәй Уди заманы) тәйянның 3- (б.з. 437-) жылы бұл елге елші ретінде Дұң Уан (董琬), т.б. жіберілді. Сонан бастап сарайға елшілерін үнемі жіберіп, бағалы тартулар ұсынып тұрды” дейді жылнамалар [ ]. Оның үстіне, “Дұң Уан, Гау Миңдер қисапсыз көп торғын-торқамен тағы жіберілді. Бұлар Пышамшанда тоғыз елдің елшілерін қабылдап, көңілдерін аулау мақсатында оларға сыйлықты мол-молдан тарту етті. Сол кезде Дұң Уандарға патшадан, баруға жолдың ыңғайы келсе, өзге елдерге де бара келіңдер деген жарлық түсті. Дұң Уандар тоғыз ел арқылы солтүстіктегі Үйсін мемлекетіне барды. Үйсін ханы Уей әулетінің таралғысын (б.з. 220-265 жж. – С.Ж.) ілтипатпен қабылдап, айрықша қуанды. Ол Дұң Уан бастаған елшілерге: ‘Естуімше Ферғана, Шаш деген елдер Уей әулетінің шапағатын естеріне жиі алады екен. Әрмене ретінде кепшір тапсырайын десе де, соған жол таба алмай отырған көрінеді. Енді осы араға келіп қалған екенсіздер, олардың Орта Жазықтық қағанатты көксеген армандарының іске асуына сілтелеріңізді тигізіп, сол екі елге де бара кетіңіздер’ деді. Дұң Уан Гау Миңды Шашқа жұмсады да, өзі Ферғанаға баратын болды. Үйсін ханы оларға жолкезер тілмаш қосты” делінген сөз де бар [ ]. Бәлкім бұл арада әсірелеу де, мақтану да бар шығар. Бірақ бізге керегі – Үйсін мемлекетінің әлі де өмірде барлығы.
Бұл Солтүстік әулеттер заманындағы (б.з. 439 - 581жж.) Солтүстік Уйдің патшасы Тағбат (Тоба) Тау (б.з. 424-452жж. Тобатау, 拓跋焘) кезінің де қайталанған шындығы - үйсіндердің өз атын сақтаған ел күйінде өмір сүріп жатқанының дәлелі. Осыдан соң көп ұзамай үйсіндер Түрік қағанатының ішінде жүреді.
Демек, “Аз дегенде Шығыс Хань әулетінен Солтүстік Уей әулетіне дейінгі 4-5 жүз жыл ішінде үйсіндер мен ішкерідегі региондардың (Жұңгоның. - С. Ж.) саяси байланысы бастан-аяқ үзілмегенін байқаймыз. Ал, саяси байланысқа сәйкес шаруашылық пен мәдениет ауысудың болып тұратыны шүбәсіз” [ ].
Осы туралы Матсуда Хисао: “Алдын ала мәлімдеп қояйын, мен тек Дұң Уән елші болып барғаннан кейін, Үйсін мемлекеті мен Уей әулеті арасында елші ауысқаны жайында із қалмаған дегенді ғана айтпақпын. Алайда, жазылмағандық фактінің жоқтығына тең емес екенін мен де білемін. Сондықтан Үйсін ұлты тарихтан жоғалды деуге мүлде болмайды” [ ] дегенді қосады. Оның б.з. 512-515 жылдары Ферғана мен Үйсіннің Уей әулетіне дүлдүл тарту еткені жайлы жазбалар да бар [ ] дегені тағы тұр. Ол кездегі ірі елдер ара сыйға сый, сыраға бал ғадеті жиі болғаны рас. Матсуда осы еңбегінде (258-бет), “Үйсін менен Ферғана б.з. 437 жылы Уей әулетімен Юебән (Иөбән, Албан, 悦般) [ ] мемлекеті арқылы байланыс жасаса, артынан - б.з. 512-515 жылдары Уей әулетінің жазбаларына Эфталит (ақ ғұндар. – С,Ж,) мемлекеті арқылы түсті” дейді. Бұл бізді мынадай ойға итереді:
Біріншіден, Үйсіндердің бұдан бұрынғы басты тұлғасы Жұңго елімен тіке байланысты үзген, одан тіпті алыстаған.
Екіншіден, Юебәннің қазақ Ұлы жүз-Үйсініндегі Албанның арғы тегі екені шындық. Сонда екіге ыдырағаннан кейінгі тарихи барыста үйсіндердің ноқта аға тайпасында да өзгеріс туылған, не кей тайпалар (мысалы Албан) уақытша болса да өз алдына бөлек шаңырақ көтеріскен. Былайша айтқанда, үйсіндер ішінен Юебән (Албан) өзі бір ұлыс боп тарих сахнасына көтерілген және Хань елімен дипломатиялық байланысты, өзге үйсіндер емес, осы Юебән (Албан) ғана сақтап қалған. «Солтүстік әулеттер тарихы. Батыс Өңір баянында»: “Юебән хандығы үйсіндердің солтүстік-батысындағы 10 мың 930 ли (көне Жұңго тарихында бір лидің қашықтығы біркелкі болмаған. Атап айтқанда, Хань әулеті тұсында 414 метр, Уей әулеті тұсында 500 метр, Таң әулеті кезінде 531 метр - Ш.Ахметұлы) келетін шалғайда тұрады” дегеніне қарағанда, ол кездегі албандар Сарыарқа сыртына, тағы бір тобы, мысалы түркештер (Кейін келе Шығыл қаласына кеп қоныстанғандар) Тарбағатайға таман орналасқан секілді. Бұл кезде өзге үйсіндердің ноқта ағасы дулаттар болуы ықтимал.
Тағы бір факті мынау: Ма Манли мырза өзінің үйсіндердің Памирге аууына қатысты зерттеулерінде: “Үйсіндердің Памир беталысына көшіп ауғанының екінші сатысы Ⅳғасырдың басында болған, ісжүзінде батысқа және оңтүстік-батысқа көшіп, Тәңіртаудың (нақтырақ айтқанда Алатаудың - С. Ж.) орта қойнауына яғни Ыстықкөлдің батысы мен оңтүстік-батысына барған” деп жазады [ ]. Ал, Уаң Биңхуалар: “тарихи материалдардан анықтап көрсек,... оларда ‘Юебән елі Үйсіннің батыс-терістігінде’... ‘Дұң Уандар 9 елден өтіп, солтүстіктегі үйсіндерге барды’ делінген. Бұл 9 елдің ішінде Тасқорған Памирде, одан басқа Күсән, Агни, Жүйчы, Пышамшан, Юебән, Соғды елдерінің орны бойынша ‘терістікке жүріп’ Үйсінге барды делінеді. (Демек, үйсіндердің Ⅴ ғасырдан бұрын. - С. Ж.) Памирге кетіп қалуы мүлде мүмкін емес... Бәлкім б.з. Ⅴ ғасырының басында немесе орта шенінде оңтүстікке қоныс аударып Памирге барған болу керек деп есептейміз” [ ]дейді.
Сосын, «Билік ғибратнамасында» (211-бума) б.з. 714 жылындағы оқиғаларды сөз ете келіп, “Ферғана - ежелгі Үйсін елі” дейді. Бұл Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның баласы Сақал қаған (706-711) ел билеген, оның артынан Сүлік қаған (715-73 8) тұсында Түргеш қағанаты қайта күшейіп, саяси құда-андалық жолмен Таңнан келген қатерді басыңқырап тұрған заман. Әрине күшті Түргеш қағанаты Ферғананы да билігіне алған. Түргеш Сары үйсін болғандықтан, Ферғана ғана емес, Түргеш қағанатына қараған елдердің бәрі де ежелгі (демек кәдімгі) үйсін елі аталады.
Бұдан үйсіндердің көкке де шықпай, жерге де кірмей, Ⅴ ғасырдан соң ғана негізгі күшін батысқа сырғытқанын, сонда да жоғарыдағы Ма Манлише айтқанда, Тәңіртаудың (нақтырақ айтқанда Алатаудың - С. Ж.) орта қойнауына яғни Ыстықкөлдің батысы мен оңтүстік-батысына ғана барғанын, былайша айтқанда, тек қазіргі Қырғызыстан мен Оңтүстік Қазақстан аумағына жылжығанын көреміз. «Орталық Тәңіртаудағы (Қырғызыстан өңірін айтып отыр - С. Ж.) 1953-1955 жылдардағы археологиялық қазбалардан мәліметте» [ ] Орталық Тәңіртаудағы Үйсін қорымдарының ең ерте дегенде заманымыздың Ⅳғасырынікі екені баяндалған. Бірақ бұл қорымдардың уақыты қысқарақ көрінеді. Ол да түсінікті. Өзге этностарға араласа бастаған үйсіндер бұдан былай, өлгендерді бұрынғыша емес, қасындағы этносша жерлей бастайды, әрине.
Жоғарыда айтылған Ғұн қағанаты екіге жарылып, Хән әулетіне бағынбаған жағы батысқа қарай ауғаны туралы, «Соңғы ханнама. Оңтүстік Ғұн баянында»: “Қатты қорқып демі ішіне тұскен Теріскей Ғұн тәңірқұты Үйсін еліне қарай зытты. Дешті құмның теріскейі иен қалды” дегеннің артында мынау бар: “Олар жалпы алғанда Алтайдың батысынан оңтүстікке беталып, Тәңіртаудың солтүстігіндегі Үйсін иелігінің солтүстік-батыс шегіне барды, онан соң Қаңлыларға барды, онан Аорс еліне - яғни Аланға барды. Ең соңында Еуропаға ендей кірген ғұн сарбаздарының атының тұмсығы итарқасы қияндағы Константинополь мен Римге тірелді... Қалай дегенмен де ғұндар үйсіндердің арғы аталарына ықыласты болғандықтан, оның үстіне Теріскей ғұндардың қалдырып кеткен “аш-арықтарының” үйсіндерге төндірер қаупі шамалы болғандықтан, үйсіндер Ғұн “аш-арықтарының” қалуына көнген болуы да әбден мүмкін. Сондықтан Теріскей Ғұн тәңірқұтының “үйсін еліне зытуы” шындық болуға тиіс. Үйсіндер Памирге көшкеннен кейін, үйсіндердің бұрынғы иелігінде тіршілік қимылын жасағандар көбінде Теріскей Ғұн тәңірқұтын хан көтерген Юебән ( Албан, 悦般) елінің бағынышты халқы болды... Сянбилердің (Шянби, 鲜俾) арасында тегіннен өздерін сянбилерміз десетін ғұндардан қалған 100 мыңдаған халық болған, оның үстіне сянбилер арғы аталарынан бері ғұндармен құдаласып, қыз алып, қыз беріп келе жатқан жағы тағы бар” [ ].
Бұл дәйексөздегі “Теріскей Ғұн тәңірқұтын хан көтерген Юебән (Албан, 悦般) елінің” дегенді мына екі сөзге ұштастыра ойлансаңыз, яғни бірі, жоғарыда айтылған “Өжеттің тоқалынан туған бесінші ұлы Бейюанжы (卑爰疐) жабғы Бұдженсанның көкелік орындағы інісі болатын. Оның жұрты Чяңхуаң (彊煌) деген жерде еді. Әлде неше жүз мың адамы бар-ды. Алғашында шығыс жағындағы Ғұн қағанатына жортуыл жасап, олардың мал-жанына тиісе бергесін, ғұндар бұған шүйілгенде, Ғұнмен келісімге келе қап, Шүйдай (趋逮) дейтін ұлын Ғұнға ақ үйлі аманатқа да берген. Ол б.з.д. 11 жылы, екі күнбиліктің басын құраймын, ұлы күнбиді өлтірем деп, өлтіре алмай, аяғы 80 мың адаммен Қаңлыға кетеді. Одан қорыққан екі күнби Хань басқағына тіпті ықтай түседі” дегенді; енді бірі, «Ханьнаманың»: “Үйсіндер екі күнбилікке ыдырағаннан кейін, Хань әулеті оларды ренжіткендіктен, бұл мемлекетте тыныштық болмады” деп жазғанын қоса талдасаңыз, тыныштық болмаған, берекесіздік жайлаған елден, уақытша болса да бөліне, ыдырай тұру да болады. Ірге айырып өз алдына шаңырақ көтеру де кезігеді. Ендеше үйсіндегі Албан елінің екі үйсіннен уақытша шығып, оның солтүстік-батысынан хандық құру ықтималдығын жеп жеңіл жоққа шығара салу қиын. Бейюанжының Чяңхуаң деген жердегі 100 мыңдаған адамымен жасап жүрген харекеті өз алдына бір күнбилікті елестетеді емес пе, оны ешкім күнби ретінде хатқа түсіріп жатпаса да. Сондықтан, бұл арадағы Юебән ( Албан, 悦般) елінің, іс жүзінде, үйсіндер батысқа сырғығанда көшпей, Жұңго жылнамаларынша “ ғұндардан қалған аш-арықтар” атанып, Чяңхуаң (彊煌) деген жерде қалып қойған, Өжеттің тоқалынан туған бесінші ұлы, Бұдженсанның көкелік орындағы інісі Бейюанжы (卑爰疐) жабғы басқаруындағы үйсіндер болуы да әбден мүмкін. Жылнамаларда, бергі кезеңнің Юебәні мен Үйсіні көбінесе қатар аталады. Мысалы, «Уейнама. 4- бума(1). 4-билік баян. Шызу(1) мен (2)» де: “б.з. 435 жылы 18-наурыз Күсән, Юебән,... Үйсін... елдері елшілерін жіберіп ордаға тарту тартты” деген сықылдылар әлде неше жерде қайталанады.
Ал, енді екі емес, үш, тіпті төрт үйсін болып бөлініп кеткен күнде де, оның үстіне шығыстан келіп жатқандар қосыла береді. Қаншаға ыдраса да, сол келімсектер (ол тек Ғұн “аш-арықтары” ғана емес қой, әрине) есебінен үйсіндер қатары молыға берері сөзсіз. Демек тілі де, діні де, салт-ғұрпы да жақын болғандықтан, ежелден бірі-біріне сіңе кететін бұл өңірдің ғадетіне сай, кемінде Жетісу өңірінде этностар тіпті де араласа бастайды. Әу басқы сақтардың (ісжүзінде басқалар да сол сақтардың бұтарлары ғой) әр текті қалдығы, Бақтрияға кетпей қалған не артынан ол жақтан қайта оралған юежылар (жүздер) тобы, Памирдың солтүстігіне келген үйсіндер, бұларға қосылған Ғұн “аш-арықтары” Түрік, Түргеш, т.б. қағанаттардың билігінде, сол қағанаттағы өзге түріктерге қосылып, сіңіп, анағұрлым үлкен түрік этносын құраудың барысына енді дей беріңіз.
Жуықта ШҰАР Хыжиң ауданы аумағынан (Дашанкоу су электр стансасынан 10 шақырымдай тұстан) 130 дай Үйсін обалары табылды. Археологтар тапқан шақа (钱币), керамикалық, темір, мыс дүниелер, ат әбзелдеріне қарағанда бұл Хань әулеті заманынан тартып Таң әулеті кезіне (б.з. 618-907жж.) шейінгі 1600 жылдық тарихты басып жатқан обалар екен. Демек батысқа көшпей қалған аз үйсін бұл тұста Таң әулеті заманына шейін отырған көрінеді. Бірақ олардың Үйсін деген атпен хаттамаларға түсе қоюы әрине екіталай.
Жылнамаларда, “(Хуйтұңның алғашқы жылы, б.з. 938 жылы) 14-тамызда нүйжіндер (шүршіттер, 女真 - манжұрлардың арғы тегі) сарайға кепшір тапсыра келді. 24-тамызда Тұйғұн, Үйсін, Мүркеттер (Мохы) [ ] сарайға кепшір тапсыра келді” деген тағы тұр[ ]. Осы тарихтың дерегінде Ляу (Қарақытай) әулетіне (б.з. 907-1125жж, 辽朝) әскери көмек беретін елдердің тізімінің ішінде де Үйсін елі (Түрік, Найман, Меркіт, Корей, Шүршіт, Таңғұт, Құжы ұйғыры сияқтылармен қатар) аталып тағы тұр.
«Батысқа елшілік сапардан естеліктер» дегенде, моңғол ханы Мөңкенің әмірімен оның солтүстіктегі інісі Құлағу ханға кезігу үшін аттанған Лю Юйдің көрген-білгендері жазылған. Сонда: “Біз Қарақорымнан жолға шығып, Үйсінге жеткенге дейінгі 200 ли жолда...” - деген сөйлем тағы бар. Бұл1263 жылдың дерегі.
Міне осыған дейін әрі аты өшпеген, әрі айқын ізі бар Үйсінді “ұшты-күйді жоғалдыға” (矢落的民族) санау, егер өзге ниеттілік болмаса, тарихи деректерді мұқият қарамау саналатын шығар. Әсіресе, Хань Уди заманындағы Үйсін (乌孙) атауының сол қалпында 1263 жылдарға шейін келуі о бастағы үйсін (乌孙) дегеннің бүгінгі қазақтағы үйсіннің (乌孙) тәп өзі екенін тіпті дәлелдеп отыр.
Осы арада мына сөз де адамға ой салады: Профессор Су Бейхай: “Таң әулеті кезіндегі, Батыс Түрік қағанаты жойылғасын Түргеш тайпасы құрған Түргеш қағанаты - қазақ ұлтының дулаттары тұрғызған қағанат. Қазіргі қазақтар түргештерді әлі де Сарыүйсін деседі. Бұл дулаттар Таң әулетінен кейін, Қара хан мен Қара қытайлар үстемдігінде болды. Іле, Шу региондарында үнемі тебінді әрекет жасады. Халқы да көп... Шағатай хандығы феодал үстемдігі сүйенген саяси, әскери күш бастан аяқ қазақтың осы дулат тайпасы болып келді”[ ] деген екен. Сондықтан да шығар Нығымет Мыңжанұлы : “Дулаттар ежелгі Үйсін бірлестігіне қатынасқан тайпалардың бірі еді. Ⅵ - Ⅷ ғасырлардағы Батыс Түрік қағанаты кезінде үстем орынға шығып, бұрынғы Үйсін тайпалары дулат деп аталатын болды. Дулаттар осы дәуірден бастап жазба деректерде жиі кездесіп отырады” дейді. Демек, бергі тарихта, Дулат пен Албан бар жерде Үйсін бар дей беріңіз. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бертініректегі тарих беттеріне, Үйсіннен гөрі, оның ішіндегі мықты тайпалар (мысалы Дулат, Албан, түркеш, Шігіл, т.б.) көбірек түскен. Бұл бүгінгі Орта Азияда, Түрік дегеннен гөрі, Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Татар, Қарақалпақ, Ұйғыр, т.б. атауларының көбірек кезігетініне қатты ұқсайды.

ҮЙСІННАМА (17)

$
0
0

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА (17)

3.ҮЙСІНДЕРДІҢ ТҮРІК ҚАҒАНДЫҒЫНА ҚОСЫЛУЫ

Б.з. Ⅴ-Ⅵ ғасырларында, қазіргі Моңғолия даласында (Орталық Хангай тауының шығысында) малшылықпен шұғылданатын Нөнендердің ұлысатасы (始祖) саналған Мұқыл Юйжюлүй (Могулюй, 木骨闾[ ] 郁久闾氏) әсілі сянбилер ақсүйегінің құлы екен. Ⅳ ғасырда түменнен аса жанды бастап қашып шығады да, іргелес тайпаға барады. Оның ұлы Долан Саллан (Дэулан Шылүн, 社论) Чылүйхұй (车鹿会) заманына жеткенде, көсемі сянби, бұқарасы түрік ел боп қалыптасып, біртіндеп күшейеді. Нөнен деген атты осы Чылүйхұй (车鹿会) өзі қойыпты. Мағынасы зерек (немесе ермен, жусан дегендердің бірі) деседі. Сонымен өздерін Нөнен (Жужан [ ], 柔然) деп атасады. Ал ханьдер бұларды ғұндардың бір бұтары, ғұндар мен сянбилер арасынан шыққан метис деп қараған. Ғалымдар ішінде оларды Ауар (Авар-жабайы) деушілер де бар. Нөнендер Ордасын Гыгын (Ыгын) дариясының басындағы Су өзені [额(音遏)根河上游粟水一带] маңынан құрады. Б.з. 402-410 жылдары билік құрған көсемі Саллан өзін қаған деп жариялайды. Ең күшейген кезінде жер аумағы солтүстікте Байқалға, оңтүстікте Барқынтауға (Иншан, 阴山), шығысы Үлкен Қадырханға (Үлкен Шинәнлиңға, 大兴安岭), батысы Тарбағатайға шейін жетеді. Құрамына 60 неше тайпаны алады.
402 жылы, нөнендердің (жужандардың) көсемі Саллан өзін Чюдуфа (丘豆伐) қаған деп жариялаған соң, маңайындағы тайпалардың басын құрап тағы да күшейе түсіп, әскери түзім орнатады. Солтүстік Уей (б.з. 386-534жж.) және Оңтүстік әулеттерімен (б.з. 420-589жж.) экономикалық, мәдени байланыс орнатып тұрады. Б.з. Ⅴ - ғасырына келгенде, яғни нөнендер күшейген тұста, Үйсін ұлысы өзіне үздіксіз шапқыншылық жасап келген Нөнендерге жартылай бағынады. « Уейнама. Үйсін баяны » деген кітапта, “Үйсін елі. Ордасы Чекүк қаласында. Орны Күсәннің солтүстік - батысына тура келеді. Дәйдан он мың сегіз жүз ли шалғай. Бұл ел Нөненнің шапқыншылығына көп ұшырады да, батысқа - Көгарттың терең қойнауларына қоныс аударды” делінуі осы тұс. Үйсіндер Нөненге (Жужанға) жартылай бағынса да, елін тоздырмау үшін өздеріне тыныштау жер іздеген болар. Үйсін ұлысының ордасы мен негізгі халқының бұл көшпен нақты барған жері Көгарттың (Памирдың) солтүстігі, қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстан өңірі. Ал, Ілені кіндік еткен тұстан да арыла қоймаған. Кей тайпларының ( мысалы, Дулат, Албан, Түркеш, Шігіл сықылдылардың) талай жұрты жылы орнын суытпай, ежелгі қонысында отырып та қалған, тіпті жужандарға бағынышты күй кешкен. Хань жылнамаларында: “б.з. 435-440 жылдары... Үйсін сықылдылардың хандары... елші жібере бастады” делінуі, мейлі ол Үйсіннің қай тайпасының харекеті болса болсын, әйтеуір бұған айғақ.
Осы арада, үйсіндердің басты күші батысқа (жоғарыдағыша айтқанда, Орталық Тәңіртауға) ауғанымен, оның белді тайпаларының кейі батысқа тым сырғып та кетпеген және нөнендермен күресін доғармаған екен. Соның бір мысалы Албан (Юебән,悦般) елі туралы алдыңғы жақта айтылған мына бір деректе тұр. Онда былай делінген: “Юебән елі Үйсіннің батыс терістігінде. Дай дуанынан 10930 ли қашық. Олардың арғы аталары әсілінде ғұндардың теріскей тәңірқұтына қарасты ұлыстан еді... Бұлардың тұрмыс салты және тілі қаңлылардікімен бірдей. Ал олардың адамдары өздерін оғыздардың қай-қайсысынан да таза ұстайтын еді. Шашын қиғызып, қастарын жасататын. Шірнемен боянып, бой түзейтін. Әр күні үш мәрте жуынып, ауыз шайқайтын. Сосын тамақтанатын... Нөнендермен одақтасу ойымен Юебәннің ханы мыңдаған адаммен Нөнен еліне Датанмен дидарласу үшін аттанады. Олардың жеріне жүздеген ли ішкерілеп кірген Юебән ханы нөнендердің кір жумайтынын, әйелдері ыдыстағы жұғынды жалап кетіретінін көрді де, қасындағы ұлықтарына ренжіп: ‘мені алдап қайдағы иттердің еліне әкелгенсіңдер?!’ деп атының басын кері бұрады... Содан бастап бұлар (нөнендер мен албандар. - С. Ж.) бірі мен бірі жауласып, өзара көп шабысты... Б.з. 448 жылы бұлар ордаға тарту-таралғымен елшісін және желбішісін жіберді. Желбішісі адамның алқымындағы тамыры қиылып, одан қан аққанда немесе зілді соққымен адамның төбесін ойып, қанға бөктіргенде, аузына шөп дәрі салып шайнатса қанның дереу тиылатындығын, жаралы адамды бірер ай емдесе, тыртық қалмай жазатынын айтты. Өтірік шығар деп, бұдан күмәнданушылар көп болды. Сонымен өлімге бұйырылған қылмыскерге сынақ жасалып, рас екені дәлелденді. Ол мұндай дәрі шөп Түнязының ұлы тауларынан да табылады деді. Оның өнерін үйренуге мол сыйлықпен арнаулы адам жіберуге келісілді... Олар Уей әулетінің әскерлерімен тізе қосып, нөнендерді шығыс пен батыстан екі бүйірлеп қыса соққылауды талап етті. Патша Тәй У олардың тілегін қабыл алды да, шекара аймақта тұратын әскерлеріне соғыс күйіне келу туралы жарлық түсірді... Оның үстіне қатысты басқармаға Юебәннің жауынгерлерді ерлікке шақыру күйін сарайдың әуез мекемесіне енгізуді бұйырды” [ ].
Нөнендер (жужандар) Солтүстік Уей әулетімен, кешегі Хань мен Ғұн сықылды, ұзақ уақыт бірде құда-андалы, бірде жауласқан күй кешкен. Жауласудағы көп себептің басты бірі Батыс Өңірге иелік ету үшін арпалыс-ты. Нөнендер 460 жылдан бастап батысқа жорық жасап, 470 жылы Үдінге шейінгі аумақты алғанымен, 472-473 жылдары Солтүстік Уей әулетінің басты сауда жолы Дунхуаңға (Дахатаға) шабуыл жасағанда, Солтүстік Уейдің қатты соққысына жолықты да әлсірей бастады. Содан пайдаланған қоластындағы тайпалар нөнендерден құтылудың жолына түсті.
Б.з. 487 жылы Чылының (Түрік, Теглек, 敕勒) он екі оқ (Қыбыл, Тала, Итан, Тайлан, Құртқа, Тарбаған, Алұн, Бақғұн, Ірбін, Бөбекір, Қыруан, Ғұшұқбат) Қаңғасынан Фуфуло (Бөбекір, 副伏罗) тайпасының көсемі Афужыло (Абұқтыра, 阿伏至罗), өзінің немере інісі Құмкемен бірге билеп жүрген 100 мыңдай ауылыымен батысқа ауып, Гаучы (Құтаң, Көтең, Қарақожа, Қаңға, 高车) [ ] мемлекетін құрады да, өзін тәуелсіз хан қып жариялайды. Халқы оны “құдай ұлы” (Ұлы беглен, Хоулоуфулы, Қулы ұлы, 候娄匐勒) деген наммен таққа отырғызды. Бұдан кейін Афужылоның мұрагерлері мен нөнендер ара шайқас ұзаққа созылады. Содан соң Нөнен Батыс Өңірден айрыла береді. 30 жылға жалғасқан әр алуан соғыстан кейін Нөнен әбден титықтап әлсірейді. Оның арты өзіндік ішкі тақ таласына ұласады. Бұл барыста жеңілген жақтары Солтүстік Уей әулетіне тізе бүгісіп жатысады. Нөнендер кейін Солтүстік Уей ішінде көтеріліс туылып, ол ел екіге жарылып, екі (солтүстік және оңтүстік) Уей өзара қырқысқанда, бір сәт қайта ес жиып көтерлді де... Алайда, одан кейін де өз ішіндегі жаншылған тайпалардың нөнендерге ызасы күшеймесе пәсейгені жоқ.
Дәл осы уақытқа жеткенде, жужандардың езгісінен құтылуға қамданғандардың ең бастысы Ұлы Далада бұғанға шейін әркім жағынан биленіп те иленіп келген түрік тілді сақ тайпалары болды. Түрік тілді тайпалардың ішінарасы ғана түрік атауын қолданатын. Онда да, диалекттері бойынша, бірі Түрік десе, енді бірі соған жуық, тағы бірі және басқаша атасатын. Оны іргелес елдер де әр түрлі (теглек, телі, чылы, т.б. деп) хаттайтын. Талайы өз тайпа не тайпа одағының атымен де жүрген. Күшті Түрік мемлекеті шаңырақ көтергенше солай болыпты. Бұл қазіргі түрік тілді елдердегі, бәрі де түрік тілді бола тұра, Түркия мен Түрікпеннен өзгесі, түрік деген атты ел атына істетпейтін ахуалға ұқсайды. Олар әрине, әу баста бірі мен бірі алысып, ірі елдік үшін, бас құрау үшін, сол болашақ ірі елге бас болу үшін арпалысты. Сосын барып ең күштісі, өзге ағайындары түгіл, бөтен жұрттарды да бағындыруға кірісті.
Сол ызалылардың бір жуан тобы түрік тайпалары-ды.
Түріктер туралы қытайша жылнамалар көп жазған. Оларға мыналар өкілдік етер:
1. Түріктер - сақтардың ұрпағы, Ғұн қағанатының құрамында болған басты ел.
Бұл туралы мынадай деректер бар: “Түріктің арғы аталары Батыс теңіздің (西海) [ ] оң жағын мекендеп, өз алдына ұлыс құрған. Олар ғұндардың бір тармағы болса керек. Тегі - Ашына... Кей деректерде, түріктер әсілінде Пиңляңда (平凉) жасаған аралас ғулар (杂胡) еді. Олардың әулет есімі - Ашына. Уей әулетінің патшасы Тәй У (б.з. 424-452жж. 太武帝) сақаларды қырғанда, Ашына 500 отбасын ертіп, Нөненге кірме болып, Алтайды мекендеді де, оларға теміршілік етті. Алтайдың пішіні дулығаға (Жақып Мырзахановша айтқанда, түрке дегенге [ ] . - С.Ж.) келіңкірейді. Дулыға түрік деп те аталады. Сондықтан түрік олардың нәмі болып қалды дейді. Былай деп те айтады: Түріктердің арғы аталары ғұндардың терістігіндегі Сақ елінен шыққан. Олардың ұлыс көсемі Абам (Апам, Аба, Абам деген - үлкен дегендік. - С, Ж.) Бек деп аталады. Олар 70 ағайынды еді. Оның біреуі Іді Нышида деген. Ол қасқырдан туған... Нышиданың табиғаттың төтенше құбылысын сезетін қасиеті бар-ды... Ол бір жолда төрт ұл көрді. Оның бірі аққуға айналды. Біреуі Абасу (阿辅水)[ ] мен Кем (Ким, 剑) өзендерінің арасынан Қырғұр (契骨) деген мемлекет құрды. Енді бірі Чатса судың (处折水) бойынан мемлекет құрды. Тағы бірі Бас Чатшаш (跋斯处折施山) тауын мекен етті. Бұл оның үлкен ұлы еді... Сонымен олар үлкен ұлды құрметтеп, өздерінің көсемі етіп сайлады. Бұған түрік деген нам берілді. Оның өз аты - Нағыд Түрік Шад. Түріктің он әйелі болды. Ашына - оның кіші әйелінің баласы... Бауырлары Ашынаны Ағын Шад деген наммен қошаметтеп таққа отырғызды... Ашынадан кейінгі қағанның аты - Түмен...” .
“Марижа Гумбутас (甘布塔丝, Marija Gumbutas) үнді-еуропа көшпенділерін ‘күргандар’ (‘库尔干人’) деп атаған... Орта Азияның сақтары,... Шығыс Азияның тохарлары, ғұндары, түріктері,... тегіс курган нәсілді топтың серкелері” [ ] деп бекер айтпаған ғой. Ал, Лин Ган былай да дейді: “Шюе Зұңжың (薛宗正)...өз мақаласында ‘Түріктің ұйтқы тегі - Ашинаның арғы төркіні каспийлік Сақ. Демек түріктер, Сақпен ғана емес, оның аландарымен де туыстас болып шығады. Шығыстағы Шөл солтүстігіне ауғасынғы Хуже (Хагат, Қыпшақ, 呼揭), Худы (Қыпшақ, 呼得)... Алтайға келгесін Түрік (Туже, 突厥) атана бастады. Алтайда телылер көп болатын. Ашиналар қалың Телы этносының ішіне кіргесін, көп ұзамай бір-ақ телілесіп кетті’ деп жазады (Лин Ган бұл арада да түрік тайпаларын бейне аты түрік емес түрік ұлттары сықылды елестетіп отыр. - С. Ж.)... Демек Ⅵ-Ⅷ ғасырлардағы... Түрік қағанаты - іс жүзінде телілескен (түріктенген. - С. Ж.) сақтар құрған мемлекет” [ ]. Меніңше бұлардан мынаны айқын байқаймыз:
Ұлы Даланың сонау Кавказдан Амурға шейінгі төсінде, әрбірі өзіндік тайпа атымен жүрген, түрік халықтары жасаған. Олардың тек бір бөлегі ғана шығысқа ауып, шоғырланып, “телілескен” - шындығы, бірлікке келіп анағұрлым түріктескен. Ең соңында түрік тілді сақ ұрпағы мемлекет құрып, Түрік қағанатына ұйысқан.
Бейне Жақып Мырзаханов өзінің еңбегінде айтқандай, “Ғұндардың орнын басып, түріктердің құдіретті Көктүрік қағанатын құруы аяқ астынан бола қалған емес. Оны ежелгі осы мекендегі Ғұн тайпаларының өз атамекенінде қалған ұрпақтары мен б.з.д. батыстан шығысқа қоныс аударған тиграхауда сақ ұрпақтарының ұзақ тарихи барыста тоғысуы арқылы қалыптасқан тайпалық одақ (ең дұрысы кәдімгідей мемлекет. - С.Ж.) деп қарау керек” [ ]. Ал Үйсін, Қаңлы, Аландар - оның бұтарлары, бір-бір ұлысы ғана. Түрік қағанаты шаңырақ көтеріп, күшейгенше, түрік аты жалпыласқанша талай түрік тілді тайпалар өзіндік тайпа аттарымен (мысалы, Үйсін, Қаңлы, Алан, т.б. деп) жүре тұрған.
Б.з. бірінші мыңжылдығы басталғанша, Түрік деген атын ұлан-байтақ жер мен елді билеген мемлекет аты дәрежесіне көтере алмағанымен, Ғұн қағанатына және Үйсін, т.б. тәуелсіз ұлыстарға бағынып келген түрік тілді тайпалар ересен көп болған. Мұны ғалымдардың бәрі де растайды. Мысалы, Һанс - Жоахим Климкейт те «Die Seidenstrasse» деген кітабында (55-бет): “Этникалық жағынан алғанда, ежелгі түріктердің туыстық байланысы толып жатқан тайпаларды қамтиды. Алғашында олар көк түріктердің жетекшілігінде бір тұлғаға айналды. Ежелгі түріктер негізінен көшпенді малшылар еді. Көлемі шағын егіншілігі болыпты. Тайпаларының кейі кен шарлап, металл өңдепті” дейді.
Б.з. бірінші мыңжылдығы басталып, Ұлы Даланың бұл тарапындағы ең зор билік ірі ел Түрік қағанатының қағанына шоғырланғанда, кешегі тайпалық одақтар құрамындағы тайпалар тіке қағанға қарайтын, көбінесе бұрынғы тайпалық одақ атынан (мысалы Үйсіннен) гөрі, бұрын оның ішінде болып, кейін күшейген тайпалардың аты жиі де тіке шығатын заман туған. Біздің бұдан былай, Үйсін дегенді сирегірек, ал оның кешегі құрамындағы (Дулат, Албан, Түркеш, Шігіл, Ысты, т.б.) тайпалар атын жиірек кезіктіретініміз осыдан. Демек бұл үйсіндердің жоғалмағандығы, қайта өсіп-өнгендіктен құрамындағы тайпалар атымен де тарих сахнасына шығып жүргендігінің дәлелі.
581 жылы құрылғанЖұңгоның Суй әулеті (581- 618жж. 隋朝) Түріктің Мұқанұлы Таспар (Тобо) қағаны қайтыс болғасын басталған тақ таласын сезіп, Түрік қағанатын ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Бұл туралы Уаң Жылайдің баяны тартымды-ақ. Ол: “Сүй әулетінің түріктерді ыдырату тактикасы бұл тактиканы жобалаушы Жаңсүн Шыңның мына сөзінен айқын көрінеді: ‘Темкіт (яғни батыс жақтағы Тардұш қаған) әскери күш жағында мығым болғанымен мәртебе жағынан Шатудан (Шатодан) төмен тұрады. Көріністе оған қарасты болғанымен, іштей онымен қайшылықты. Оның сол мойынсал болмай жүрген тарапын неғұрлым өршіте түссек, араларында ішкі соғыс басталады. Мұнан тыс, Шатудың інісі Чориға алаяқ қу, әйтсе де күші әлсіз. Адамға жағымдылығынан, елі оны жақсы көреді, Шату күндейді. Сонан мазасы май ішкендей. Араларында ара-тұра қайшылықтар да белең беріп жүр. Іс жүзінде оның қауіптен күдігі күшті. Ал, Аба - тым екібеткей. Осылардың ішінде ол Шатудан көбірек жасқанады. Оның ырқынан шықпайды. Қай жақтың күші басым болса, сол жаққа жығылады. Әсіре тұрлаусыз. Қазір алыстағысымен байланыс орнатып, таяудағысына соққы беру, күштісін ыдыратып, олардың әлсізімен бірігу, Темкітке елші жіберіп, Абамен ұшарласу әбден қажет сияқты. Сонда Шату жасағын кері қайтаруға мәжбүр болады да, оң тарапымыздағы жерлер шапқыншылықтан аман болады. Мұнан тыс Чориғаны қайлармен, септермен бірігуге иландыру арқылы Шатудың күшінің бір бөлігін өзінің сол тарапындағы жерлерін қорғауға алып кетуге мәжбүрлеу лағзым. Сөйтіп бұларды өз ішінде аңдыстырып, берекелерін бұза берсек, 10 шақты жылдан кейін патшалығымыз бір орайда оларға қарсы аттанып, бір жолда-ақ оларды түбегейлі құрта алады’... Суй Уынди (Яң Жян) Жаңсун Шыңның жобасын толық құптап,... 583 жылы Сүй қолы сегіз жолға бөлініп, түріктерге шабуылға өтеді” [ ].
Міне осылай басталған іштей арандату мен сырттай қарулы соққы түріктердің онсыз да әрең тұрған есін әбден шығарады.
Б.з. 587-590 жылдары үш билеуші (Чулоху, Дулан, Дату) қатар шығып, тақ таласы тіпті өрбиді де, бір тұтас Түрік қағанаты аяғы (590 жылы) Батыс және Шығыс түрік қағанаттарына ыдырауға бет бұрады.
Осы сыртқы және ішкі екі себептің нәтижесінде, 602-603 жылдары, Түрік қағанаты ресми түрде екіге бөлініп кетеді. 604 жылы Батыс Түрік қағанатының қағаны болып Таман (Низүк Күлүг қаған, 达漫), ал Шығыс Түрік қағанатының қағаны болып Жанғар шығады.
“Батыс Түрік қағанатындағы (603-704 жж.) ру-тайпалардың өзара диалекттік айырмасы болғанымен, олар біріңғай түрік тілінде сөйледі. Осы кезде бұлардың арасында Орқон жазуы кең таралды” [ ] дегендік көп тайпалы түріктердің тайпа аралық айырмасы диалекттік дәрежеде ғана екенін де аңғартады. Әрине бұл жақындық арғы заманнан басталған.
Негізін Таман қаған қалаған “Батыс Түрік Қағанатының халқы он оқ бұдұн, яғни бес арыс дулу (дулат), бес тайпалы нүшеби деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлықтар, Енисей қырғыздары, шығылдар (шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді” [ ]. Көріп отырсыз мынаның әлде нешеуі ап-айқын түрде арғы кезде Үйсін қрамындағы тайпалар.
Шығыстанушы Н. Аристов: “Қаңлылар - Дулат тәрізді ежелгі түрік руы” деген еді. Бұл бізді Үйсін ұлысы дүрілдеп тұрған арғы шақта да, оның құрамында дулаттардың болғанына тіпті кәміл сендіреді.
Осы тұстағы оқиғаларға аялдаған жылнамаларда адам аттары мен жылдар туралы сәл-пәл қайшылықтар болғанымен, мысалы бірінде: “Ішбір қаған Түркіт - Қымын қағанның ұлы. Ол б.з. 605-618 жылдары елін биледі. Алмағайып заманда оған Кіндік қағанаттықтардан (аударушы Жұңго дегенді осылай алып отыр. - С. Ж.) көп адам келіп паналады. Оның елі құдіреттенді. Шығыста Қытан, Шығай, батыста Тұйғұн, Көтең елдері түгелімен оған қарады. Оқшылары миллионнан асты. Теріскей тиек әлмисақтан мұндай күшейіп көрмеген еді. Барқынтаудан (阴山) қиырға көз салған ол хуашялықтарды қомсынды”[ ] десе, енді бірінде: Жегуй қаған (Шегүй, Шекер, 610-618 жж.) мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде күшейеді. Сұяб қаласы қағанаттың қысқы астанасы, ал Мыңбұлақ (Түркістан қаласы жанында ?) жазғы астанасы болды. Қағанаттың этникалық өзегі он оқ (тайпа) бөдун Қаратау баурайынан Алтайға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында Дулының (он оқ бөдүн ішіндегі Дулаттың) бес арысы, ал оның батыс жағында Нушебенің бес руы жатты. Әрине, Үйсіннің өзге тайпалары да осы дулаттармен бірге, шу өзенінің шығысында тұрған дейді.
Дегенмен бұлардан мынау анық аңғарылады:
1. Үйсіндер ішінен өскен рулар (дулат сықылдылар) өз кезегінде тарих сахнасына көтерілді.
2. Түрік тайпалары бас құрап құрған ірі ел, мысалы Батыс Түрік қағанаты күшеюде және оның бел ортасында үйсіндер жүр.
3. Қағанаттың аумақтық өзегі тағы сол ежелгі Үйсін жерінде болды.
Былайғы тарих осының жалғасы.
Бұл үш ауыз сөзден тайпалық одақ Үйсін мемлекеті ыдыраған соң, үйсіндердің тайпалар бойынша тіршілік еткені, оның кейінің тағы мемлекет құрып өз тайпа атымен сахнаға көтерілгені, ҮІ ғасырдан соің Түрік қағандығының сахнаға көтерілуіне үлес қосып, шығыс пен батыс Түрік қағандықтарында тебінді рөл атқарғаны, одан былайғы тарихата (Түркеш, Қарлық, т.б. қағандықтадың тарихын бірге жазыса келіп, қазақ сықылды ұлттарды қалыптастыруға белсене араласқаны айқын көрінеді.

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар

$
0
0

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар
kz Әбсаттар қажы Дербісәлі көне қалалар қазақ хандығы қазақ хандығының 550 жылдығы Исфиджап Аққала
| 16.03.2015, 11:03 | Автор | 37
«Ғылым ордасы» РМК кешенінде Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, дінтанушы, әдебиеттанушы ғалым, белгілі қоғам қайраткері Әбсаттар қажы Дербісәлі жас ғалымдармен кездесіп, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, көне қалалары, қазақ хандығының 550 жылдығы және қазақ даласынан шыққан ұлы ғұламалар жайлы мағыналы кездесу өткізді. Ол жас ғалымдарға осы салада жүргізген 40 жылдық ғылыми жұмысы туралы баяндады.

Қармақшы ауданы, Тарихи ескерткіштер
Қармақшы ауданы, Тарихи ескерткіштер

Аққала

Исфиджап - бұл өте ерте кездегі атау. Кейін бұл қала Әлбайда деп аталған. Мағынасы - «Аққала». Қазіргі атауы - Сайрам. Осы қаладан 34 ғалым шығып отыр. Айтпақшы, осы жақында мен Испанияда болып, бір атақты кітапханада жұмыс істеген кезде екі Сайрамиді таптым. Олар, 14-15-ші ғасырда өмір сүрген екен. Екеуі ағайынды болып шықты. Екеуі де кейін араб елдеріне кеткен ғой. Солардың екі трактаты табылды, Испаниядан алып келдім. Бұлар да сол отыз төрт ғалымның ішінде. Енді мынау Түркістанға бара жатқан жолда Темірлан дейтін ауыл бар. Ордабасы ауданының орталығы. Содан 1 шақырым жерде, Арыс өзенінің жағасында бір қираған қала жатыр. Одан 5-6 шақырым жерде Қараспан дейтін қираған қаланың орны бар. Осы Қараспанда Әмір Темір Тоқтамыстың елшілерімен кездесіп, сол жерде келіссөз жүргізген екен. Ал жаңағы, Темірланға жақын жатқан қаланы арабтар Арысбаникас деп атаған. Олар түркі тіліндегі атауын дұрыс білмегендіктен Успаникас, Субаникас деп жаза берген ғой. Бірақ, сөздің түбірінде Арыс деген сөз бар. Шынында да қала Арыс өзенінің жағасында жатыр. Сондықтан Арыс деген сөз қалып қойған. Міне, осы Арысбаникастан шыққан 9 ғұлама бар.

Түркістан екі дүние есігі ғой...

Түркістанның ежелгі атауы - Шауғар. Одан кейін - Ясы деп аталған. Бертін келе - Түркістан. Шауғар деген атауды естігенде таң қалдым. Шауғар деген бұл не сөз? Сөйтсем, Шауғар деген соғды тілінде «Қаратау» дегенді білдіреді екен! Қаратаудың етегінде жатыр ғой енді. Қараңыздаршы, ешқандай кездейсоқтық жоқ. Бәрі бір-бірімен байланысты. Міне, осы Шауғардан 4 Шауғари табылды. Ясыға келер болсақ, біз енді Қожа Ахмет Ясауи атамызды ғана білеміз ғой, өкінішке қарай. Ол үлкен ғалым, бүкіл түркі дүниесінің руханиаты! Ақын, дана бабамыз. Ал енді, менің зерттеулерім бойынша Қожа Ахмет Яссауи атамызға дейін Абдолла әл-Яссауи дейтін де ғалым шығып отыр! Одан қала берді Қожа Ахмет Яссауиден кейін де алты әл-Яссауи шыққан екен. Бұлар қайда? Неге білмейміз? Білмейтініміз сол, олар Кашмирде жатыр! Кезінде Кашмирді исламдандыруға барған екен. Мен бір жолы Кашмирге барған кезімде, жергілікті ғалымдар айтты:

- Біздің мұсылман болуымызға сіздің аталарыңыз көп себеп болған.

- Неге? - деймін ғой жаңағы.

- Сіздер жақтан Кашмирге 600 сопы келген екен. Сөйтіп, бізді исламдандырыпты.

Сол 600 сопының алтауы біздің бабаларымыз болып шықты. Түркістаннан шыққан Ясылықтар. Түркістан қаласынан 31 ғалым шыққан. Енді солардың ішінде біреуіне ғана тоқталайын. Үндістанға барып жүрген кезім. Нью-Делидің оңтүстік жағында ескі қала болған. Тұғлыабад деген. Қазір де бар. Онда өте әдемі мешіттер бар. Керемет енді, орта ғасырда салынған. Сонда бір кісі маған:

- Сіз Қазақстаннан келдіңіз бе?

- Иә, иә.

- Мына жерде бір Имам Зами Түркістани деген кісінің кесенесі бар.

- Ойбай, қайда?

- Анау тұр! Қаланың оңтүстік қақпасының қасында.

Бардым. Сөйтсем, енді үлкен кесене емес. Біздің Қожа Ахмет Яссауи атамыздың кесенесіндей емес, одан кішірек кесене. Сосын қарасам, маңдайында жазу бар екен. Тақтаға жазылған. Өте ескірген. Көшіріп алдым. Парсы тілінде екен. Көшіріп алып, кейін зерттеп қарасам, бұл кісі 1539 жылы қайтыс болған екен. Ойбай-ау! Бұл Бабырдың замандасы болып шықты ғой! Бабыр Үндістанды қай жылы алды? 1526-27 жылы Панипадта қырғын шайқаста Үндістанның билеушісі Ибрахим Лодидің 50 мың әскерін өзінің 20 мың әскерімен жеңіп, Үндістанды алды. Соның құрметіне сол жерде үлкен мешіт салдырады. Мен сол Мешітті іздеп таптым. Кашмирден машинамен қайтып келе жатқан жолда Панипад деген атауды көзім шалды. Шопырға: Әй, тоқта, тоқта, тоқта! - Неге? - Мына Панипадтқа тоқтайық. - Ой, түн жарым болды, уақыт жоқ. - Жоқ, тоқтаңыз, әйтпесе жаяу түсіп кете берем дедім. Тоқтады. Бардық. Ғаламат шайқас болған жер ғой. Содан тағы бір барғанымда Бабыр салдырған мешітті тауып алдым.

Исфиджаптың маңында Зернуч, Зернух дейді, Сурхан, Заххад, Қараспан, ал Алакөл жақта Емил деген қала болған.

Сырдың бойында Сығнақтан шыққан үш кісіні таптым. Хұсамадддин Сығнақи. О, бұл үлкен ғалым, тамаша ғалым. Мен сіздерге бір қызық айтып берейін. Мына «Нұр Мұбарак» дейтін университет бар. Соған жыл сайын он шақты ғалым келіп дәріс оқиды. Бір жыл сонда тұрып сабақ жүргізеді. Содан бір рет Каирге барғанымда, солардың бірі қасыма келіп:

- Осы сіз бір жолы Сығанақи туралы әңгіме айтып едіңіз.

- Иә. Осы жерде Каирдің бір баспасы Сығнақи дейтін сіздің елден шыққан бір ғалымның сегіз томдығын шығарды деді.

- Ой, қайда?

- Осы жерде бір баспада.

- Ойбай апар мені сол баспаға - дедім. Апарды. Сөйтсем, баспа бесінші қабатта екен. көтерілдік. Директоры қабылдады.

- Мына кісі Қазақстанның муфтиі еді, осылай да осылай.

- Иә, жақсы.

- Сізді осы Хұсамаддин Сығнақи туралы кітап шығарды деп естідім.

- Иә, шығардық, үш томдығын шығардық. Оның бес томы қателеспесем Эр-Риядта шықты, үш томын біз шығардық.

- Сол кітаптар маған керек еді, мен сатып алайын деп едім.

- Ой, олардың шығып кеткені қашан! Олар жоқ қазір! Барлығы сатылып кеткен.

- Қап, әттеген-ай, жарайды енді, - деп, бұрылып кетіп бара жатыр едім:

- Тоқтаңыз, ол сізге не үшін керек еді? - деп сұрады. Содан құдай аузыма салған шығар, - Ол менің бабам еді - деппін. Бабам дегенім рас қой енді. Біздің жерімізден шыққан ғалым ғой. Сөйтіп ем, ол кісі:

- Әй, шопырды шақыр, - деді көмекшісіне, - Біздің үйдегі менің өзім үшін қалдырған экземплярды алып кел, - деді. Содан алып келгенше бірге отырып шай іштік. Содан алып келді. Ой, жүрегім жарылып қуандым! Сол Сығнақи атамыздың сегіз томын маған сыйлады! Сөйтсем, біздің Сұлтан Сартаев дейтін заңгер, академик ағамыз бар емес пе!? Сол кісі естіп:

- Әй, бұл менің бабам ғой! Мен оның 16-шы ұрпағымын. Ол бабам менің! Бұл кітапты маған беріңіз, - деп жата жармасты. Не істеймін енді? Өте жақсы көретін ағам. Бердім сол кісіге.

- Сіз тағы табасыз ғой. Араб елдерінен жинап жүрсіз. Сіздің кітапқұмар екеніңізді білемін. Тағы аларсыз, - деді. - Жарайды, - деп сегіз томдықты қолына ұстаттым. Кейін бірақ бұл кісі бабасы туралы үлкен бір мақала жазды. Сосын менің бір шәкіртім, сол университеттің проректоры, профессор Шәмсиддин Керімов менің өтінішіммен Хұсамаддин Сығнақи деген ғылыми монография жазды. Соны Сығнақиге арналған ғылыми конференцияда жаңағы академик ағамызға сол еңбегін сыйлады.

Түріктердің ата жұрты

Енді Сауран қаласы. Сауран қаласынан шыққан 9 ғалым бар екен. Сондай-ақ, Қазалының маңында Жент деген қала болған. Орта ғасырда. Онда оғыз тайпалары тұрған. Солардың астанасы болған. Осы күнгі түріктер, яғни түркиялықтардың отаны. Олардың: «Қазақстан біздің ата жұртымыз, тарихи отанымыз, ал Түркия ана жұртымыз» - дейтіні содан. Міне, осы қаладан шыққан 18 ғұламаны тауыппын. Барлығы Женди, Женди болып кете береді.

Сырдың бойында тағы Баршынкент деген қала болған. Ол туралы ортағасырлық тарихшы ғалым Жамал Қарши жазады. Сол кісі сырдың бойын жаяу аралап жүріп, көргендерінің барлығын жазып отырған. Өте қызық кітап. Міне сол қаладан сегіз Баршынкенти шыққан. Солардың бірі - Әбілмұхамед Әсеми әл-Баршынлығи. Мен Жамал Қарши туралы жуырда бір үлкен мақала жаздым. Жалын журналында шықты.

Болат Көмеков: Қазақ хандығы Қыпшақ хандығы негізінде құрылған

$
0
0

Қазақ хандығы Қыпшақ хандығы негізінде құрылған Мирас, Оқиға 02.04.2015 0 66 рет оқылды Қазақстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Көмеков Ақтауда шығатын «Не хабар» газетіне берген сұхбатында тап осылай деді. Белгілі қыпшақтанушы ғалымның айтуынша, егемендік алған жылдардан кейінгі кезеңде қазақтар арасында тарихи сезімді қалыптастырудың әлі олқы түсіп жатқан жақтары бар. Осы тұрғыдан алғанда, Отпан таудағы бас қосу тамаша үлгі деген тарихшының пайымынша, екі жарым мың жылдық тарихы бар қазақ мемлекеттілігі үшін көшпелі дәуірдің қағидаттары мен құндылықтарын терең тану аса маңызды болуы тиіс. Мемлекеттіліктің тамыры — қазақтың көшпелі дәстүрі - Болат мырза, соңғы кездері қазақ хандығының құрылуына байланысты ғалымдардың пікірі сан-саққа жүгіріп жатыр. Кейбір ғалымдар Қазақ хандығы XV-XVI ғасырдан әрірек құрылуы мүмкін дегенді айтады. Бұған Сіз не дейсіз? — Бұл жерде бір нәрсені айыра білу керек. Мемлекеттің тарихы және мемлекеттіліктің тарихы. Мемлекет бір-екі ғасыр жасауы мүмкін. Ал мемлекеттілік дамыған, тамыры көнеден бүгінге дейін қалыптасып, дамыған дүние. Қазақ хандығы XVI ғасырда құрылды. Кейін, XIX-ғасырда Ресей империясы хандықты өзіне қосып алғаннан кейін, мемлекет жойылды. Бірақ, мұның тамыры мемлекеттілік. Мемлекеттіліктің тамыры — қазақтың көшпелі дәстүрі. Ол сонау сақ қоғамынан басталады. Өйткені, сақ қоғамы бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке ауысып отырған. Мұның барлығы даму процесі. Қазақ хандығы бұдан әрірек құрылуы мүмкін деп жүргендер мемлекеттілік пен мемлекет арасындағы ұғымды ажырата алмай жүргендер деп ұғыну керек болар. Ал, қазіргі таңда қазақ хандығының құрылуын көптеген зерттеушілер Шыңғысханмен байланыстырады. «Моңғол империясы болмаса, Қазақ хандығы құрылмайтын еді», «Шыңғысханның үлесі» деген пікір айтып жүргендер бар. Меніңше, қазақ хандығының құрылуы тікелей Шыңғысханмен байланысты емес. Әрине, Шыңғысханның хандықты құруға әсері болды, оны мойындау керек. Бірақ оның түбі әріде жатыр. Шыңғысханға дейін біздің жерімізде Қыпшақ хандығы болды. Бұл хандық — көне түрік дәстүрін жалғастырып, дамытқан мемлекет. Шығыста Ертістен, батыстан Қара теңіз, Дунайға дейін билік құрды. Бұл мемлекет шығыс және батыс деп екіге бөлінді. Шығысы Қазақстанның, батысы қазіргі Ресейдің жерінде орналасты. Билікте шығыстағы хандар отырса, батыс тарап бағынып отырды. Ал Шыңғысхан келгеннен кейін, қалыптасып келе жатқан Қыпшақ елін басып алды. Тарихта «егерде» деген сөзді қолдану жараспайды. Тарихта «егерде мынадай болса, қалай болар еді?» деп болжам жасауға болмайды. Бірақ «егер Шыңғысхан болмаса, онда не болатын еді?» деген сауалды қойып көрейікші. Ал егер Шыңғысхан болмаса, біз бәріміз қыпшақ болар ма едік?! Өйткені, біздерден шетелдіктер сұраса, біз «қазақпыз» деп жауап береміз. Ал, ел ішіндегі адам «кімсің?» деп сұраса біз руымызды, оның ішінде кім екенімізді айтамыз. Тура осындай жағдай XII ғасырда пайда болған. Сырттан сұрағандарға «біз қыпшақпыз» деп жауап қайтарса, ал ішінен сұрағандарға «қарлұқтарымыз, қаңлылармыз» деп жауап қайтарған. Шыңғысхан бұл жүйенің быт-шытын шығарып, қыпшақтарды тарыдай шашты. Өйткені, Шыңғысхан батыста өзіне қарсы тұратын күш қыпшақтар екенін білген. Сол себепті жаулап алып, билігін орнатты. Кейін, XIII ғасырда Шыңғысханның мемлекетінің ішінде билік үшін күрес басталды. Бұл келген моңғолдар мен қыпшақтардың текетіресі. Бұл күрес XIII ғасырдың аяғында мемлекет қарамағындағы қыпшақтардың жеңісімен аяқталады. Бұрынғы қыпшақтардың дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, тілі қайтып оралды. Шыңғысханнан кейін пайда болған мемлекет – Ақорда болды. Бұл мемлекеттің ерекшелігі — билікте Шыңғысхан ұрпақтары болса, төменгі орындарды қыпшақтар алды. Қазақ хандығы Ақорданың негізінде пайда болды. Яғни, билік Шыңғысхан ұрпақтарында болғанымен, қалған ішкі жүйенің барлығы қыпшақтардың жүйесі, салт-дәстүрі негізінде жүрді. «Ауыз әдебиетімен сусындап өскен адамның жады ерекше болады» - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға биыл бюджеттен 23 млрд. теңге қарастырылып отыр. Мерекені тойлау жоспары да жасалды. Бірақ, одан қандай нәтиже күтуге болады? — Қазақ хандығының тарихын ғылымиландыруымыз қажет. Өйткені, Қазақ хандығының құрылуы және өмір сүру кезеңінде талай шешілмеген, анықталмаған мәселелер мен деректер бар. Басты нәтиже осы болуы керек. Ғылыми конференцияларда сол шешілмей жатқан мәселелер мен қазақ хандығының ерекшеліктеріне, мемлекеттілігімізге мән беруіміз қажет. Оның түп тамырын зерттеуіміз маңызды. Хандықтың құрылу себептеріне, ахуалдарына мән беруіміз керек. Ғалымдар елге, ұжымдарға шығып, ауылдарға барып, Қазақ хандығы туралы тарихи-түсінік жұмыстарын жүргізу керек. Бұл халықтың тарихын, өткенін білуге ықпал етеді. Қазақта «өз тарихын білген ел ешқашан жеңілмейді» деген аталы сөз бар. Тарихын біліп, оны қуаттап отырса, ешкімге бір уыс жерін бермейтін болады. - Жақында тұрғындар арасында қазақ хандығының 550 жылы туралы сауалнама жүргізген едік. Сауалнама хандықтың құрылуы, кімдер құрғандығы туралы қарапайым сұрақтардан тұрды. Оған жауап берген респонденттердің 50 пайызы қазақ хандығы туралы қарапайым деректерді білмейді. Жалғыз насихатпен неге қол жеткізуге болады? — Бұл үшін балаларға, студенттерге арнап жақсы ғылыми оқулықтар жазу қажет. Әлі күнге дейін біздің тарихымызбен тікелей байланысты көшпелі қоғамның ерекшеліктері зерттеліп жатқан жоқ. Соның салдарынан көшпелі қоғамның мәдениеті, өркениеті төмен болды деген пікірлер қалыптасып барады. Мәселен, ру-тайпалық жүйе, ауызша әдебиет соның дәлелі. Көшпелі қоғамда қалыптасқан ауыз әдебиетімен сусындап өскен адамның жады ерекше болады. Мұны орыстың зерттеушілері мен жазушы классиктері кезінде былай деп жазып кеткен: «Орыс крестьяндары жұмысты керемет жасайды, бірақ екі сөздің басын қоса алмайды». Біздің қазақтағы шешендік өнер көшпелі қоғамнан қалыптасқан деуге болады. Батырлық жырлар мен эпостардағы махаббат лирикасын алыңыз. Сөз бен ойдың мәдениеті көшпелі қоғамда болғандығының бір дәлелі, міне, осылар. - Қазақ тарихының әлем сахнасындағы орны анықталып, бекітілуі керек деп жүрген ғалымдардың бірісіз. Ол үшін не істеу керек? — Әлем сахнасында қазақ тарихын мойындау үшін біздің ғалымдарымызға жоғары сауаттылық керек. Тарихшының жұмысының нәтижесі — келтірген салмақты дәлелінде. Ал сөзің мен ісің дәлелді болу үшін ізденіс, сауаттылық, білімділік қажеттілігі айтпаса да түсінікті жағдай. Шет елге шыққан ғалымдарымыз бірнеше тілді меңгеріп, өзге шет елдегі әріптестерімен үзеңгілес болуы, өзі зерттеп жүрген елдердің тарихын терең білуі тиіс. Мәселен менің зерттеп жүрген салам — қыпшақтану саласы. Тарихи зерттеулерге қыпшақтану саласын енгізгенде бүкіл әлем қазақ даласында бір кездері ең дамыған мемлекет болғандығын мойындады. Ғалымдарымыздың мойындата білуді мақсат тұтқаны дұрыс. «Байқасақ, біз қыпшақ тілінде сөйлейміз» - Қыпшақтану саласында бөлісетін жаңалығыңыз бар ма? — Жалпы, бұрын тек қана қыпшақтану қыпшақтармен біткен еді. Мен бірте-бірте зерттей келе, қыпшақтану үш тайпалық бірлестіктен тұрады деген шешімге келдім. Олар: қыпшақтардың өздері, қыпшақ тілдес қимектер, өздерінің этникалық бет-пішіні болған құмандардан тұрған. Бұл деректерді мен араб жазбаларынан кездестірдім. Бұл жазбалардағы деректер бізге жаңа идея, тұжырымдардың туындауына әкеліп отыр. Қазіргі таңда қыпшақтану саласын үш ғылыми бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірінші бағыт — түрік әлеміндегі қыпшақ элементтерін зерттеу. Байқасақ, біз қыпшақ тілінде сөйлейміз, Қазақ хандығы Қыпшақ хандығының негізінде құрылған. Ауыз әдебиетіміз де қыпшақ дәуірінен сыр шертеді. Содан кейін қазақтардың түр-әлпеті XI-XII ғасырларда, яғни қыпшақ дәуірінде қалыптасып біткен. Қыпшақтарды қаншалықты зерттесек, біз қазақтарды соншалықты зерттегендей боламыз. Бұл бағыт тікелей түрік әлеміне байланысты. Екінші бағыт – мұсылман әлемі. Қыпшақтар Мысыр мен Сирия жерінде үлкен мемлекет құрған. Мәмлүк мемлекеті деп аталды. Араб әлемі қыпшақтармен мақтанады. Үшінші бағыт — Шығыс Еуропа елдерінің тарихына үлкен өзгерістерімен, жаңалықтарымен келген мемлекет — Қыпшақ хандығы болды. Ресей, Украина, Польша, Словакия, Литва, Әзербайжан сынды мемлекеттердің тарихына әсерін тигізіп отырды. Осыған байланысты бұл бағыттан да жаңалық ашуымыз мүмкін деген оймен жұмыс жасап жатырмыз.
- Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Рысгүл Рамазан.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/02/55519

«ҚАЗАҚ» АТЫ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

$
0
0

«ҚАЗАҚ» АТЫ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

1465 жылы Қазақ хандығы құрылып, ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында қазақ халқы қалыптасып, «қазақ» сөзінің халық аты ретінде берік орныққаны тарихтан мәлім. Сол заманнан бері «қазақ» атауы туралы, оның шығуы, пайда болуы жайлы алуан түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та келеді.

Біз бұл туралы 1974 жылы «Қазақ тілі оно­мастикасының негізгі проблемалары» атты докторлық диссертациямызда жан-жақты зерделесек, оны 1982 жылы жарық көрген «Очерк казахской ономастики» атты еңбегімізде жарияладық. Осының негізінде «Жұлдыз» журналында (1983, №3) толық та көлемді мақаламыз жарық көрді. Осы мақаланы қытай ғылым торында (Түркі тілдерін зерттеу хабаршысы. Пекин, 1989, №4, 14-15-б.) қытай тілінде шы­ғар­ғаны бар. Сол мақаламызды өңдеп, жөндеп, жаңа да тың деректермен толық­ты­ра отырып, негізінен үш мәселеге назар аудармақпыз.
Оның біріншісі – «қазақ» сөзі тарихи деректер мен мәліметтер бойынша қайда, қай жерде, қайсы елдерде кездеседі, оның таралу шегі, ол жөнінде қандай еңбектер бар, кім не айтты деген болса, екіншісі – «қазақ» деген атау қазақ халқының аты ретінде қашан, қай кезде қойылған? Ал үшіншісі – осы «қазақ» сөзінің шығу төркіні, яғни этимологиясы, тура мағынасы, нақты семантикасы және ол жайлы өз көзқара­сы­мыз, ғылыми тұжырым, ой-пікіріміз.
Қазіргі «қазақ» атауының бірінші сыңа­ры қаз, оның көне тұлғасы қас туралы жә­не ол атаудың қайда, қайсы өлкеде кез­де­сетіні туралы пікір бары мәлім. Ол жөнін­де Геродот б.д.д. ІV ғасырдағы өзінің даңқ­ты еңбегінде: «Каспийское море – это море совершенно особого рода. Само наз­вание Каспийское море связывается по именем сакского племени каспиев, жившего на южном побережье Каспийского моря», – деп анық жазды (Геродот. История в девяти томах. Л., 1972. С. 168, 133). А.Н.Бернш­там Геродоттың бұл еңбегіне сілтеме жа­самай, «қазақ» тайпа атауы көне екі ком­поненттен – «каs» және «sак» этноним­де­рінен келіп шықты деп ойлаймын деп жазды (Бернштам А. «Қазақ» сөзінің этимологиясы және қазақ хал­қының этно­ге­незі мәселесі// «Қазақстан мектебі». 1967, №6, 81-85-б.).
Византия авторы Константин Багрянородный болса «Кавказ халықтарында VІІІ ғ. Зихи деген этнониммен қатар адыг­тардың жиынтық атауы ретінде касаг (касахия) деген атау қолданылған» деді (Багрянородный Константин. Об управлении государством//»Известия» ГАИМК. М., Л., 1934, вып. 1. 91).
Академик Ә.Марғұлан: «қазақ» сөзінің ең ескі түрі – VІІІ ғасырда Енисей өзенінің бір тарауы Ұйық Тұран бойында тасқа жазылған түрі» деген ойға келеді («Марғ­ұлан Ә. «Тамғалы тас» жазуы ортағасырда қазақша тасқа бедерленген белгі­лер//»Жұлдыз», 1984, №7, 141-146-б.). Академик Ә.Қайдар және Е.Қойшыбаев: «VІ-VІІІ ғ.ғ. қазіргі Қазақстан далаларында мекендеген Жетісуда өз астанасы – Суяб деген сауда орталығы болған аздар мен аздықтар деген тайпалардың болуы күмән тудырмайды», – деп жазды (Қайдар Ә., Қой­шы­баев Е. «Қазақ» этнонимінің лингвистикалық түсіндірмесіне орай//ҚССР ҒА Хабаршысы. 1971, №2, 47-51-б.).
Бұл жөнінде Г.Ф.Саттаровтың пікірі: «Каз кабилэсе Татарстан территориясендә болгарларга чаклы яшәгән «з» тел группалы төрки кабиләләрнең берсе булса керек. Географик исемнәрнең таралышына караганда, алар Казанка, Мишә (Лаеш өязендә) Казиле елгачыгы буенда унлап Казиле авылы була, хәзерге Питреч районында берничә Казиле авылы бар, Төрки халық булган хазар-казар (каз+ар) ларның есеме де каз белән нисбәтле дигән фикерләр бар» (Г.Ф.Саттаров. Ни очен шулай аталган? Казан, 1971, 42-б.).
Л.И.Лаптевтің айтуына қарағанда касог сөзі Эпифонидің еңбегінде (VІІІ ғасыр­дың) кездеседі. Орыс жылнамаларында косагы (косоги) деген халық аты көптеген тарихи оқиғалармен байланысты аталып отырған. Атап айтқанда, 965 жылы жазыл­ған «Повесть временных лет» жылнамасында Святославтың косогтарға шабуыл жасағаны, 1066 жылы косогтардан Тмутаракан князі Ростиславтың салық алып тұр­ғаны баяндалған (Полное собрание русских летописей. Т.1 (Лаврентьевская летопись). Л., 1908, 1926; Т. ІХ-Х, ХІ, ХІІ. М., 1965; Т. ХІХ (Казанский летописец), СПб, 190 8) . Орыс халқының ХІ ғ. тән әйгілі «Слово о полку Игореве» дастанында да «Касоги, черкассы, кабардинцы или адыгейцы упоминается в русских летописях с 965 г. жили на севере Кавказа. По осетински кэсэк означает «черкес» деп жазылған (Слово о полку Игореве. М., 1991, С. 25).
Араб, парсы деректерінде қазақ, яки касаг, касогтар деген атаудың сирек ұшырайтынын, тек Масуди шығармасында ғана (Х ғ.) кашаг деген халық аты барын баяндай отырып, В.Ф.Минорский авторы беймәлім бір шығармада Қара теңіз бойын мекендеген аландар елінде касек деген облыс барын көрсеткен (В.Ф.Минорский. История Ширвана и Дербенда Х-ХІ веков. М., 1963, С. 190, 261).
Константин Порфиродныйдың Х ғасыр­дағы қазақтар туралы мағлұматы аса құн­ды да бағалы саналады. «Зихиядан жоғары Папагия аталатын өлке жатыр, ал бұл жер­ден жоғары Казахия аталатын жер жатыр. Касахиядан жоғары Кавказ тауы бар, ал бұл таудан арғы жер Аландардікі» деп жаз­ғанды (Известия византийских писателей о Северном Причерноморье. «Известия» ГАИМК, 1930, вып. 91, стр. 21).
В.В. Радловтың жазуынша, Фирдоуси­дың «Шахнаме» дастанында (Х-ХІ ғ.ғ.) «Қазақ хан туралы және қазақ халқы жайын­да біраз мағлұмат бар (Radloff W. Aussibirien. Bd. leipzig. 1893. p. 116). Бұл пікірді тарихшы А.И.Левшин еңбегінен де оқимыз (А.И.Левшин. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей. Ч. 2, СПб., 1832, с. 5, 30). А.Н.Самойловичтің пікірі де осылармен сабақтас жатыр. Ол «Слово казак каково бы ни было его происхождение, появляется в тюркской среде в данном его фонетическом составе не ранее ХІ в., продвинувшемуся из Средней Азии в Восточную Европу и положившему конец господству между Каспийским и Черным морями хазаров, а в ХІІІ в. подвергшемуся нападению и завоеванию со стороны монголов» деген-ді (Самойлович А.Н. О слове «казак» в кн. Казаки: Антропологические очерки. Л., 1927, с.110).
«Ақсақ Темірдің жылнамаларында» «Хижра есебі бойынша 737 жылы (1356 ж.) қазақтар Мавреннахрға шабуыл жасады деген жолдардың бары жазылса, қазақ­тар­дың Ақсақ Темір тұсында даңқы артып, атағы шыққанын Ә.Диваев есімді ғалым В.В.Бартольд, А.Харузин еңбектеріне сүйене отырып айтқан-ды. Бұл мәселенің әсіресе В.В.Бартольд еңбегінде толық та терең баяндалғаны мәлім (В.В.Бартольд. Соч. Т. 5, ч. 2, 1965, с. 270, 275).
Шарафуддиннің мәлімдемесінше, 1376 жылы Темірдің әскерінде «қазақ мыңы» болған. Ол кездегі қазақтар Андижанды билеп отырған Темірдің ұлы Омар Шайхтың қарамағында көп болыпты. Шарафуддин оларды «Хоженд қазақтары», «Андижан қазақтары» депті. Ал оған кірген қазақ тайпалары: жалайыр, арғын, дулат, қаңлы, сіргелі, қоңырат, тағы басқалар болыпты (бұл сөзді Ә.Марғұлан өз еңбегінде жазған (қараңыз: Марғұлан Ә. «Тамғалы тас» жазуы. Орта ғасырда қазақша тасқа бедерленген белгілер//»Жұлдыз». 1984, №7, 141-146-б.).
Венгер ғалымы Г.Вамберидің Константин Порфиродный (Х ғ.) мен Фирдоуси (ХІ ғ.) еңбектеріне сүйене отырып, батыс түркіле­рінен бөлінген соң қазақ ХІІІ ғасырда қа­лып­тасып, түріктер мен угорлардың шекарасында мекендегенін, бұған дәлел ретінде, мадияр тіліндегі түрік сөздері мен қазақ сөздері арасындағы ұқсастықтарды келтірген (Vambery H. Das turkenbolk in seinen etnologischen and etnographischen Beziehunden. 1885, p. 280, 281).
Ш.Уәлиханов: «қазақ алғаш рет (ХІV ғасырдан ерте болмаса) Жошы ұлысының ыдырау кезінде пайда болған Темірлан 1392 жылы Тоқтамыс ханға жасаған бірін­ші жорығында қазақтың бірінші ханы Алаш­тың ұлдарын өлтірсе, онда Алаштың ХІV ғасырдың ортасында өмір сүргені деп болжаймыз. Онда Азияда қазақылық (казачество) шығып, ол орыстарға татарлар арқылы ауысқан. Орыс жылнамаларында (Псковтік) Рязань казактары 1444 жылы көрсетілсе, Украинада тарихшы Окольский­дің мәліметі бойынша 1517 жылы Гетман Предислав Ланцокоронның басшылығы­мен Аққалаға (Ақкерман) барған» (Ш.Уәлиханов. Шығ. жин., 2 том. Алматы, 1985, 152-б.). Автордың осы еңбегінде «Моң­ғол дәуірінен кейінгі қазақтар Берді­бектен кейін (ХІV ғ.) әрбір түрік-моңғол тайпаларынан қосылып, жеке бір ел болды» дегенді оқимыз.
ХV ғасырда Қазақ хандығы құрылғанға дейін де болып өткен тарихи оқиғалар туралы деректер барын академик Ә.Мар­ғ­ұлан еңбектерінен, басқа да ғалымдар деректерінен көреміз. «Бабырдың бақыла­уы бойынша, қазақтар 1356 жылы шағатай ұлысына қарсы жойқын көтеріліс ашып, одан бөлініп кетуді тілек етеді» деген Ш.Уәли­ханов еңбегіне сүйенсе, 1330-1405 жыл­дар аралығындағы Орта Азияда бол­ған тарихи оқиғаларды баяндайтын «Зафарнаме» кітабында қазақ елі, қазақ жері деген атаулардың кездескенін айтады (Марғұлан Ә. «Тамғалы тас» жазуы... «Жұл­дыз», 1984, №7, 141-146-б.). П.Пельо есімді ғалым­ның «қазақ» сөзі этноним ретінде ХІІІ ғасырдың басында болған» дегенді В.В.Бартольд атап өткен (Бартольд В.В. Сорбр. соч. Т.5, ч. 2, с. 535). «ХІV ғасыр­да қа­­зақ халқын жеке біріктіруге зор күш сал­ған – атақты ер Айсаұлы Ахмет Үйсін Майқы бидің ұрпағынан. Аты Манас жырында да кездеседі. Сол Алтын орда ханы Жәнібекке қызмет істеп жүріп, Ордадан қырға келіп, қазақ хандығын құрады. Ахмет – Жәнібектің қызын алған күйеуі» (Марғұлан Ә. Аталған еңбек, 141-б.).
ХІV ғасырда Әбілхайыр ханның қол астында өзбектермен қатар, қазақтардың болғаны тарихтан мәлім. 1465 жылы Керей мен Жәнібек Әбілхайырдан бөлініп қазақ хандығын құрғанда, олардың жақтастары қазақтардың да бірге кеткені ақиқат болар. Бұған Ш.Уәлихановтың «Орыс хан (Жәнібек ханның әкесі) әскерінің оң қанатында 2000 қаңлы болса, сол қана­тында Алаш мыңы болған еді» (Ш.Уәли­ханов. Шығ. жин. 2 т. Алматы, 1985, 160-б.) де­гені толық дәлел.
«Қазақ» атауының қадым заманнан бары, оның ерте ортағасыр, ортағасырлар­да-ақ жеке тайпа, ел аттары болғаны жо­ға­рыда айтылған тарихи деректерден то­лық байқалады. Ал қазақ хандығы құ­рыл­­ған соң оның қарауындағы халық аты­ның «қа­зақ» деп аталуы заңды құбылыс еді. Қазақ хандығы құрылған соң қазақ елі қалып­­тасып, оның нақты аты да орнық­ты.
Жошы хан әулетінен қазақтың бірінші ханы Жәнібек болып, ол халық аузында аңызға айналып, әз Жәнібек, яғни дана Жәнібек деген қасиетті есімге ие болады. Оның қол астында ноғай мен қазақтар бірге дәуір құрып, қазақ дастандарында «Алтын ғасыр» деген атаққа ие болып, бас уәзірі Жиренше шешен болса, ақылдың кені, данышпаны Асан қайғы болады. Олар­дың есімдері халық аузында аңызға айналады (Ш.Уәлиханов. Аталған еңбек, 165-б.).
Жәнібектің ортаншы ұлы Қасым (1445-1521 ж.ж.) хан болған уақытта қазақ хан­дығы күшейіп, жер көлемі ұлғайып, халық саны өсе түседі. Жәнібек хан тұсында қазақ тайпалары көп болып, қазақ атына ие болғанмен толық қазақ халқы қалыпта­са қоймағаны да мәлім. Тарихшылардың дерегінде көрсетілгендей: «Қасым басқар­ғанда қазақ хандығының атты әскері 300 мыңға, халық саны 1 миллионға жеткен. Қазақ елінің қуаты мен беделі алыс-жақын шет елдерге танылған. Мәскеуліктермен байланыс орнатып, оңтүстікте Шайбанимен, шығысында моғол мемлекеттерімен бейбіт келісімдер жасасады. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып-білді. Қасым хан мемлекеттің ішіндегі бірлікті сақтау үшін бірқатар заңдар шығарды. Әлі күнге дейін ел аузында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі» (Г.Қызайбаева. Қазақ хандығына – 550 жыл//»Парасат», №2, 2015, 14-15-б.).
Қасым хан ХVІ ғасырдың басында Сырдария алабын, Түркістан аймағын, Сайрам қаласын иемденіп, Сығанақ қаласын мемлекеттің астанасы етіп, моғол билеушісі Сайд хан Шығыс Түркістанға көшіп кеткен соң Қасым хан Жетісуды толық билейді. Бұл кезде қазақтың оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс аймақтарындағы қазақ тайпаларының барлығы қазақ хандығына қосылып, қазақ халқының негізі қаланып, қазақ атауы халық аты ретінде, Қасым хан тұсында ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасыр­дың басында қалыптасады. Қасым ханның Сарайшық қаласында дүниеден өтіп, сол жерде жерленуінің өзі үлкен тарихи оқиға екені сөзсіз.
Осы «қазақ» атауының шығу тегі, мән-мағынасы, этимологиясы туралы ғылыми пікірлер алуан түрлі ой-толғамдармен қатар, аңыз әңгімелер де аз емес. Олардың бір тобы қазақ қадым заманнан бар, тұтас бір сөз деп таниды да, мағынасын өздерін­ше түсіндіреді.
В.В.Радлов қазақ сөзінің мағынасын «тәуелсіз, еркін, басы бос адам» деп, ал қа­зақ кісі деген сөз тіркесін «батыл, ержү­рек, атқа мықты адам» деп түсіндіреді. (Рад­лов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т. 2, ч.1 СПб. 1899, с.364). Л.Буда­гов­тың түсіндіруінше, қазақ «үй-жайы жоқ, кезбе, еркін (Будагов Л. Сравнительный словарь... СПб., Т.2, 1886, с. 187). А.Самойлович қазақ «батыл, ержүрек, еркін адам» дейді (А.Н.Самойлович. Аталған еңбек, Л., 1927, с. 111). Г.Вамбери пікірі де осыған сәйкес, ал А.П.Чулошников болса «қазақ сөзі әлеуметтік тұрғыдан «еркін, батыл адам» дегенді айтады» (Чулошников А.П. Очерки по истории казах-киргизского народа. Оренбург, 1924, с. 30). Осымен қа­тар, қазақ сөзі араб тілінен шыққан дегенді Абай өзінің қара сөзінде: «Сол арабтар кө­шпелі халықтарды хибай, хузаги деп атап­ты. Хибай дегені «кигіз шатырмен жүр­уші дегені екен. Хузаги дегені өз жұр­тын­да хузағи деген көшпелі халқы бар ек­ен, соған ұқсатып айтқаны екен» дейді (Абай Құнанбаев. Шығ. жин., 2 т., 1957, 223-б.).
Белгілі ғалым В.И.Абаев: «Грузин тілінде кашаг әлеуметтік термин ретінде айтылып, «бойшаң, биік бойлы құл» деген мағынаны білдіретінін айтты. Ал этникалық терминдердің әлеуметтік мәнді терминдерге ауысып отыруы жиі кездесетін құбылыс. Мәселен, этникалық атау-термин хазар осетин тілінде gazjarag – «құл», «еріксіз басыбайлы» деген әлеуметтік мәнді сөзге ауысып кеткен еді», – деп жазды (В.И.Абаев. Историко-этимологический словарь осетинского языка. М.; Л., 1958, Т.1).
Өзіміз сөз етіп отырған қазақ атауының бірінші құрамындағы қаз сөзі Кавказ топониміндегі каз компоненті және Еділ бойындағы өмір сүрген каз елі немесе хазар этнонимінің хаз, сондай-ақ, черкес-черкас этнониміндегі кес-кас компонент­терінің, Татар Республикасының орталығы Қазан қаласы атының да қаз компоненті­мен шығу тегі, негізі, түп төркіні бір сияқты. Қа­зан қаласы атының шығуы туралы Г.Ф.Саттаров мынандай пікір айтады: «Происхождение названия города старая Казань (Иске Казан) и Казань мы связываем с названием реки Казан(ка), в свою очередь, гидроним Казан(ка) считаем возникшим от названия древнетюркского племени каз, обитавшего примерно в VІ-ХІІ веках на берегах данной реки и оставившего реке название Казан суы «река (вода) племени каз». Құрамында қаз сөзі бар топонимдер түркі халықтарында жиі ұшырап отырады. Мәселен, Алтай және Шығыс Сібірде: Казанка, Казанду, Казан-кол (Алтайдағы өзендер); Казановка, Казановтар (Хакасиядағы өзендер). Көне түркі тілінің Енисей жазбаларында Казан (КЗН) сөзі топоним ретінде кездеседі. Казан гидронимі мен топонимі Орта Азияда, Еділ бойында, Кавказда ұшырайды. Қазақ тілінде Қазығұрт, Қазалы, Қазтауы, Қастек деген жер аттары бар. Бұлардың бәрінің түбірі қаз сөзі екені көрініп-ақ тұр. Сондай-ақ, Кавказ тауы атының екінші сыңарында да қаз сөзі тұр. Демек, Кавказ (Қапқаз) Қазтауы деген сөз.
Касаг, касог, қазақ, қаз, қас, каш, кашаг атауларының дыбысталу (фонетика­лық) жағынан сәйкес әрі үндес болуы (з/с/ш дыбыстарының алмасып келуі), оның көне Византия, араб, орыс және грузин де­рек­тері бойынша басқа халықтар арасында сақталып отыруы, ерте кезде қаз атты дер­бес ел, тайпа өмір сүргенін айқындай түссе керек. Бұндай тайпаның түркі тілдес ха­лық­тар арасында да болға­нын дәлелдейтін қыруар фактілер бар. Демек, бұл тайпа­лар­дың Қара теңіз бен Солтүстік Кавказ, Еділ, Каспий, Қазақстан территориясында, қыпшақ бірлестігінен бұрын, VІ-ХІІ ға­сыр­лар­да өмір сүріп, тіршілік еткенін бай­қай­мыз. XV ғасырда Әзер­бай­жан, Грузияда да қазақтардың болғанын П.Бутков айтып кеткен еді. «Кочующий в Грузии на пределах ее с 1480 г. народ турецкого племени доселе известен под именем казахов» (П.Бутков. О имени казак//Вестник Европы. 1832, №23). Солтүстік Кавказдағы ноғайлар арасында да қазақ атты рудың барын Н.А.Баскаков материалдарынан білеміз.
Сөйтіп касаг, касог, қазақ, қашақ, хазар этнонимдері мен Қавказ, Қазбек, Қазан, Қазығұрт, Қастек сияқты топоним­дер­дің компоненттеріндегі қаз, қас сөз­де­рі­нің төркіні, түбір тұлғасы бір екенін көреміз.
Бұл сөздер ерте замандарда өмір сүр­ген қас тайпа атымен тікелей байланысты. Оның семантикасы, бағзы замандардан айтылып келе жатқан ғалымдар пікірі мен ескілікті аңыз-әңгімелерде де сақталғаны байқалады, яғни көпке мәлім қаз (қас) сөзіне барып саяды. Ал аңыз әңгімеге байланысты ой-пікір мен топшылау, болжамдар да бары белгілі.
Ерте замандарда аң, құстарды кие тұ­тып қастерлеу, тотем ретінде айту салты ба­сым болған. Бұл құбылыс Алтай айма­ғында, Сібірдегі түркі халықтары тарихында ерекше орын тепкен. Мәселен, шорлар мен якуттарда қарға, тувада құсқун, монголда керей (қарға) деген тайпа, ру аттары болған. Тіптен, монғол, грек сияқты халық­тар өмірінен де бұл көріністің ізін анық кө­ре­міз. Монғолдар өздерінің арғы атасын, шыққан тегін аққу деп білген. Сол сияқ­ты, гректер дәуірінде қаз киелі құс болып саналған. XII ғасырда Тобыл татар­ла­ры­ның тотемі қаз болған, қаз аяғы таңба­сын мөр белгісі ретінде іске асырғаны да аян. Қазды қасиетті құс тұту, ерекше қас­тер­леу татарлар тұрмысында да кеңінен жайылған еді. Қаз бен аққуды кие тұтып, мейлінше қастерлеу қазақтар өмірінде ертеден болған ерен құбылыс. Бізде қаз дауысты, қаздай тізілген, қаз таңдай немесе аққу мойынды, аққу күйі, аққу әні деген сөздер мен үй жиһаздары текемет, сырмақ, киіздегі ою-өрнектерде аққудың мойнын салып бейнелеу ерекше назар аудартады. Қазды қастерлеу, кие тұту ертеде қазақ арасында да кеңінен өріс алған. Қазды атпау, өлген қаз, яки құрды керегеге іліп қою, оған сыйыну, қастерлеу, қаздың қауырсынын, басын балалардың омырауына қадап қою, қаз майымен түрлі сырқатты емдеу сияқты ырымдар басым болған. Осындай рәсімді шығыс түркі халықтары: хакас, хантылар өмірлерінен де кездестіреміз. Л.Р.Қызыласов «Ташлық дәуірі» атты еңбегінде хакас және Алтай шамандары қазға ұқсап «гак, гак» деп дауыстаған, Минусинск музейінде бронзадан істелген он бір қаз мүсіні сақталғанын хабарлады. Адамдардың өлетін мерзімін осы қаздар айтып, білдіріп отыр деп иландырған. Хантылардың арғы аталары­ның бірінің атасының есімі Қаз болған екен. Оған арнап қоладан қаз статуэткаларын қойған» [Кызыласов Л.Р. Ташлыкская эпоха в истории хакасско-минусин-
с­кой котловины. М., 1960, 65, 66) деген дәлелдер келтіреді.
Сөйтіп, қазды пір тұтып, қастерлеу, сыйыну шаман дін иелерінің қаруы ретінде пайдаланып отырғаны анық көрінеді. Сондай-ақ, Қарақас, хакас, хазар этноним­де­рінің сыңарларындағы қас, хаз сол «қаз» сөзінің фонетикалық варианты болуы да ықтимал. Ал қазақ, қарақалпақ, башқұрт­тар­да қазаяқты, казаяклы, казаяк атты рулар бар. Бұлардағы қаз сөзі де солармен байланысты болуы мүмкін. Диваев қазақ сөзі молла Көбей Тоқболатовтың арабтың газы-ақ деген сөзінен шыққан деп айтқан пікіріне және халық арасында кеңінен тараған қазақ деген арабтың «құдайдың құ­лы» деген сөзінен шыққан дегеніне қо­сыл­майтынын айтып, оларды теріске шығар­ған. Ә. Диваев өзінің тағы бір мақа­ла­сында қазақ деген екі сөзден тұрады: қаз (гусь) және зақ (ворон), яғни «дала құсы»; басқаша айтқанда, «кең далада тұрушы» деп түсіндіреді (А.Диваев. Казак-киргизы Туркестана//Туркестанский настольный календарь, 1919).
Тағы бір халық аңызында былай баян­далады: «Жаугершілік жорықта бір Қалша Қадыр деген қолбасшы жарақаттанып, құба жонда жалғыз қалады. Қиналып өлейін деп жатқанда аспаннан бір қаз келіп аузына су тамызып, тірілтіп алады. Ақыры екеуі қосылып, ақ қазбен бірге өмір сүріп, үрім-бұтақты болады».
Осы аңызбен байланысты айтса керек, Абай өзінің «Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген қара сөзінде былай дейді: «Сол уақытының бір ханы көшіп келе жатқанда бұлардың тіркеулі түйесін көріп, «міне мыналар шынымен қаз-ақ екен» депті, әдейі қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен деп. Сонымен бұлар өзін-өзі де, өзге жұрт­тар да қазақ атап кетіпті, бұрын өздерін «ұлыс» дейді екен де жүре береді екен» (Абай Құнанбаев. Шығ. жинағының екі томдығы. 2 т. 1957, 222). Осы пікірге сәйкес жазушы Р.Тоқтаров: «Қазақ атауы қаз (құс) және ақ, яғни «ақ қаз» деген болжам айтты. Сөйтіп, бұл сияқты аңыздар мен әңгімелерде «қазақ» этнонимінің мағынасы «ақ қаз», «құс» болып шығады.
Біздің ойымызша, касак, казак, қазақ атауларының бірінші сыңарындағы қас, қаз сөздерінің құс аты қазбен ешбір байланысы жоқ сияқты. Ол сөздердің түпкі төркіні де, мағынасы да мүлдем басқа болса керек. Өйткені, қаз сөзі В.М.Иллич-Свитыч көрсеткендей, Орал-Алтай, кавказ, т.б. тілдер тобында «ер, еркек, кісі, жігіт», «адам» деген мағынаны білдіретінін көреміз. Мысал келтірсек, грузин тілінде кас – «кісі, еркек», «жігіт», энец тілінде каsа – «еркек», камасын тілінде kuza, қойбол тілінде kuzi– «еркек», венгер тілінде kos – «жігіт» (Иллич-Свитыч В.М. Опыт сравнения ностратических языков: Сравнительный словарь. М., 1971, с. 315-317). Байқауы­мыз­ша, хакас, хазар, қазақ, черкас (шеркес), таукач тәрізді этнонимдер құрам­да­рын­дағы қас, қаз, кес, кач сөздері де сол каз (қас) сөзімен тектес, мағыналас болар деп ойлаймыз. Бұл сөздердің түркі тілде­ріндегі мағыналары да – «ер», «батыл», «жігіт», «кісі».
Сонда таукач – «тау елі», черкас (шеркес) – «батыл, ер ел, ер халық» деген мағыналарды білдірсе керек. Демек чер~шер~шерік – «жауынгер», кас~кач~каз – «ер, батыл кісі (халық, батыр адам (ел)». Бұл деректерге қарағанда, қазақ «тәуелсіз, еркін, ерікті, ержүрек, батыл адам» деген мағыналы сөз екенін көреміз. Ал қазақ этнонимінің біз талдағандай қаз компо­ненті (варианттары кас, кас, каsа, кuzа) Орал-Алтай, Кавказ тілдерінде «ер, еркек, кісі, жігіт, адам» деген мағынадағы сөз деп білсек, оның екінші компонентіндегі ақ (басқа да этнонимдер құрамында кезде­сетін) көптік жалғауының көне көрсеткіші болар деген ойға жетелейді. Өйткені, осы ақ (ек, ық, ік, ук) қосымшасы арқылы жа­сал­ған этнонимдер көне дәуірге, дәлірек айтқанда, Алтай дәуіріне қатысты. Көптік жалғауының көне көрсеткіші саналатын -қ (варианттары ақ, -ек, -ық, -ік, -ук) әсіресе ор­та­ға­сырлық этнонимдер бойында жиі ұшырасады. Мәселен, қыпшақ, Созақ, қимақ, құмық, бәjенақ, jамаg, кэнжак, суқақ, қjiғ, қініқ, т.б. Бұл -қ (-ақ, -ек, -ық, -ік, -уқ) қосымшасының төркіні жайлы екіұдай пікір бар. Кейбір зерттеушілер оны көптік жалғауының көне түрі десе, екіншілері жинақтық көптік мағынаны білдіретін жұрнақ деп қарайды. Белгілі түркітанушы Н.А.Баскаков бұл -қ (-ақ, -ек, -ық) қосым­шасы қазіргі -лық, -лік формасында (яғни бұрынғы -қ, -ақ қосымшасының туынды формасы) қолданыс табады деп біледі. Тілдік фактілерге жүгінсек, бұл -қ (-ақ, -ек, -ық) қосымшасының көне этнонимдермен қатар, кейбір жұптық, көптік мағынаны білдіретін жалпы есімдер құрамында да сақталып отырғанын байқаймыз. Мәселен, бармақ, саусақ, қабақ, жүрек, білек, аяқ, құлақ, т.б. Осы қосымшаның басқа тілдер тобына жататын хамит, тұңғыс-манжур тілдерінде де көптік мағына, жинақтық ұғымды білдіретінін көреміз.
Демек, «қазақ» атауы қаз және ақ деген екі мүшеден жасалған. Оның бірінші сыңары қаз – «ер», «батыр», «жігіт», «адам», «кісі» деген мағынаны білдірсе, екінші сыңа­рындағы ақ морфемасы жинақтық ұғымды білдіретін, қазіргі көптік жалғау көрсеткіші «лар»-дың синонимі екендігі байқалады. Олай болса, «қазақ» деген атау­дың әуел бастағы лексикалық мағы­насы «нағыз батыл кісілер, ержүрек жігіт­тер, батыр адамдар» болса керек, ал кейін­нен бұл мағына өзгере, ұлғая келіп, «кең далада еркін көшіп-қонып жүрген тәуелсіз адамдар, ержүрек еркін кісілер» деген мағынаға ие болған деп қараймыз.
«Қазақ» атауы туралы деректер мен жекелеген зерттеулерді және өз пікірімізді топшылай келе мынадай қорытындыға келеміз.
1. Каспий теңізі атауының бірінші ком­по­нентіндегі (сыңарындағы) кас сөзі сақ­тардың бір тайпасының аты болса, касаг (касахия) атаулары Кавказда және көне түркі тілінде, сондай-ақ, орыс жылнамаларында, Қара теңіз бен Еділ бойында, Қара теңіз жағалауында, Еділ мен Орта Азия елдерінде VІІ-ХІІІ ғ.ғ. тайпа, ел аттары ретін­де кездесіп отырған. Кейіннен, ХІ ғасырдан бастап «қазақ» атты түркі елдері арасында кеңінен тараған. Ал ХV ғ. аяғы ХVІ ғ. бас кезінен «қазақ» атауы қазақ халқының аты болып қалыптасқан.
2. «Қазақ» атауы екі компоненттен (сыңар­дан) құралған. Оның бірінші компо­ненті қаз, екінші компоненті ақ сөзі. Ал қаз сөзі көне қас тайпасының атымен ұқсас, соның варианты болуы да мүмкін.
3. Атаудың бірінші компоненті кас (қас) – «нағыз батыл кісілер», «ержүректілер», «еркін, тәуелсіз батыр адамдар» деген ма­ғынаға ие болса, екінші сыңары ақ көптік жалғаудың көне көрсеткіші болып саналады. Сонда «қазақ» деген этникалық атаудың толық мағынасы – «кең далада емін-еркін көшіп-қонып жүретін батыл адамдар, ержүрек еркін, тәуелсіз адамдар» деген қорытындыға келеміз.
Телғожа Жанұзақ,
филология ғылымдарының
докторы, профессор,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

ҮЙСІННАМА (18)

$
0
0

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА (1 8)

БЕСІНШІ БӨЛІМ

ҚОСЫМШАЛАР

1.ТӘҢІРҚҰТТАРДЫҢ ХРОНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
(б.з.б. 209-б.з. 216жж. Ыдырағаннан соңғы әміршілерден тек
Үйсінге байланыстылары ғана алынды)

Аты - жөні Биліктегі
жыл саны Биліктегі
жылдары
Иероглиф Қазіргі
оқылуы Ескіше
оқылуы Өзгеше
нұсқасы әдебиеттерде
头曼 Тоумән Түмен Тяумюән Б.з.б.? –
209 жж.
冒顿.
头曼 Маудүн Тоумән Бақтұғ,
Бөдүн Моду Мөде, Мете, Боғда 36 Б.з.б. 209 - 174жж.
老上.
稽粥.
冒顿 Лаушаң
Жижоу
Маудүн Леузаң Аға
(Ро Шат) Бағдұрхан,Кейүк 14 Б.з.б. 174 –161жж.
军臣.
老上 Жюнчын
Лаушаң Гүнзен,
Күнзен Күн
Күйік Қаюқ 36 161-126жж.
伊稚斜
(军臣之
第) Ійжышие
(Жюнчынның
інісі) Едиза Ежен-
ше Ечықса 13 126-114жж.
乌维.
伊稚斜 Ууи Ійжышие Ағе,
Аға У би
Еженшеұлы Қараби 10 114-105жж.
詹(乌)
师庐儿. 乌维 Жәншылуер
Ууи Асело,
Аслан Ушылу
Убиұлы Қаншыер
Қарабиұлы 4 105-102жж.
句黎湖
(乌师庐
儿继父) Жүйлихоу
(Жәншылуердің Өгей әкесі) Құлеке,
Хулеға Құлеке 2 102-101жж.
且鞮侯
(句黎
湖第) Чиедихоу
(Жүйлихоудың
інісі) Сатеғо,
Сатығ Шетқу 6 101-96жж.
狐廘姑.
且鞮侯 Хулугу
Чиедихоу Ғалүкка Құлеке
Шетқуұлы 12 96-85жж.
壶衍鞮.
狐廘姑 Хуянди
Хулугу ҚағянтекҚағантек Қоянды
(Янты) 18 85-68жж.
虚閭权

(壶衍鞮
第) Шүйличуанчюй
(Хуяндидің
інісі) Құлық-
уанқа 9 68-60жж.
握衍朐
鞮.屠耆堂 Оянчюйди
Тучитаң Оғянғұ-
тек
Дөкей-
даң Дагейдаң Дөкейдаң 3 60-58жж.
呼韩邪
(嵇侯珊).
虚閭权渠 Хухәншие
(Жихоушән)[ ]
Чюйличуанчюй Қағанза,
Хағания
Қоғышар Қағания
(Жықұс),
Керғұсан 28 58-31жж.
致支 Жыжы
(Хухәншиенің
Ағасы) Тезек[ ] Тезек
(Құтұш) 23 58 - 36
复株累
若鞮
(雕陶莫
皋).
呼韩邪 Фужулейроди
Дяутаумогау
Хухәншие
Бүкдолу
нақтек
(Деуту-
Макку)
Хухән-
шие 12 31-20
搜谐
若鞮
(且靡胥,
复株累第) Соушероди
Чиемишүй
(Фужулейроди-
дың інісі) Шөген-
ақтек
(Самек-
са) 9 20-12
车牙若鞮.
且莫车
(搜谐第) Чыяроди
Чиемочы
(Соушенің інісі) Каңан-
ақтек
(Самега) 5 12-8
乌珠留
若鞮(囊
知牙斯). 且莫车 Ужюлюроди
(Наңжыясы,
Чыяның інісі) Адолу-
нақтек
(Саң-
деңас) Етжияс
Қаған
ияұлы 22 Б.з.б. 8 - б.з. 13

乌累若鞮.
咸(乌珠
留第) Улейроди
Шиән(Ужю-
людың інісі) Алу-
нақтек,
Ұлы-
нақтек Ғым 6 Б.з. 13-18
醢落
户逐鞮 Хайлоулужуди Хылаң
Шер-
дүктек Би 38 18-56
乌(呼)都
而尸
道皋若鞮. 舆(乌累第) Удурдаугауроди
Юй (Улейдың
Інісі) Ғаде-
Нешдегу
Нақтек 29 18-46
乌达鞮
侯.
乌(呼)都 Удадихоу
Хоудуұлы Адет-
тееғо Ұдатқұ 46
蒲奴
{乌(呼)
都第[ ] Фуну
(Хоудудың інісі) Бана Панұл 46-?
优留单于 Юлю Ілу Ұлы ? - 87
。。。(优
留异母兄) ... (Юлюдың өгей
Шешелік інісі) 88 - 91
於除鞬
单于 ЮйчуЖян
(Жоғарғының
інісі) Ағдакен Атахан 91 - 93
逢侯。
屯屠何[ ] Фыңху
Түндөхы Бөңғо 94 - 118
休兰户
逐鞮侯 Шюлан
Хоужудихоу Хюлан Шердүктеғо Құян ? -... 126...
-?
呼厨泉[ ] Хоучучуан 195 - 216

1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН КҮНБИЛЕРІНІҢ ХРОНИКАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШІ
(Иреоглифтегі, ескіше оқылудағы соңғы ат – әкесінің аты не лақабы)

КҮНБИЛЕРДІҢ АТЫ-ЖӨНІ БИЛІК ҚҰРҒАН
ЖЫЛДАРЫ
(б.з.б. жж.)
Иероглиф-
шесі Ескіше
оқылуы Бүгінгі
оқылуы Әдебиет-
терде
难兜靡 Нәнду би Нәндоу ми[ ] Нәнді би ? - 177 не175
猎骄 昆弥. 难兜 Лапкөк
күнби Нәнду Лиежау
күнми Нәндоу Елжау[ ]
(Алыпкөк)
күнби 178 не 176 - 104 (ісжүзінде158ж. шамасынан -104ж)
岑陬 昆弥
军须 Семзеу күнби Күнсүй Сынзоу күнми
Жүншүй Саншора
күнби
Жөнші[ ] 104 - 94
翁归 昆弥.
(肥王) Оңғай күнби
(Фейуаң) Уыңгүй ми
(Фейуаң) Оңғай
Күнби
(Етжеңді хан)[ ] 94 - 60
泥靡. 岑陬
(狂王) Нейби Семзеу
(Аусархан) Ни ми.
Сынзоу
(Куаңуаң) Нәби күнби[ ]
60 - 53
乌就屠. 翁归(小昆靡) Азоқда
Оңғай
(Шяукүнби) Ужюту.
Уыңгүй
(Шяу күнби) Өжет
53 - 33
(кіші күнби)[ ]
元贵靡. 翁归(大昆靡) Нуангүт би
Уыңгүй Юангуй ми
Уыңгүй Өңкей күнби
53 - 51

(Ұлы күнби) [ ]
星靡. 元贵 Сеңби Өңкей Шиңми Юангуй 51 - 33
(Ұлы күнби)
雌栗靡. 星 Селет би
Сең Ціли ми Шиң 33 - 16
(Ұлы күнби)
拊离. 乌就屠 Бұла Азоқда Фули Ужюту Бұла Өжет[ ],
Бөрі Өжет 33 - 30
(кіші күнби)
安日. 拊离 Анет Бұла Әнры Фули[ ] Анет Бөрі 30 - 17
(кіші күнби)
末振将. 拊离 Бұдженсан
Бұла Можынжяң[ ]
Фули 17 - 12
(кіші күнби)
伊秩靡. 大乐 Ететби Датлок Ижыми
Далы 16 - 01 (б.з. 09)
(Ұлы күнби)
安犁. 安日 Анле Анет Анли Әнры 12 -...
(кіші күнби)

3. ҚАЗАҚТЫ ҚҰРАҒАН БАСТЫ ТАЙПАЛАР
Қазақша
аты Қытайша қазіргі
атының Қытайша бұрынғы
аттары Өзге аты
немесе
ескертулер
Жазы-
луы оқылуы
Ұлы жүз –
Үйсін 大玉兹-
乌孙 Дайүзі –
Усүн 大月氏-
乌孙
1. Шігіл[ ] Жікіл,Шығыл
2. Жалайыр 扎剌亦儿 Жалаійер Мекрейіл,
Қабылан
Сырманақ
Шуманақ
Бірманақ
3. Қаңлы 康里 Каңли 康居Каңчюй, Каңға Қоғам,
Кангүй
Қанкөжек
Келдібектің сары қаңлысы
Келдібектің қара қаңлысы
4. Албан 阿勒班 Алыбан Йұрпан, Йөбан Чубан, Алып
ел(бан), Адбан, Атман
Сары
Шыбыл
5. Суан 苏万 Суан
Бай суан
Дай суан
6. Дулат 杜拉特 Дулаты 咄陆 Дулу, Далу,
Дұғлат
Ботбай 布特拜 Бутыбәй
Шымыр 契莫尔 Чиемоер
Сиқым 斯依克姆 Сыійкыму
Жаныс 加尼斯 Жянисы
7. Шапырашты 恰普拉什特 Шапу-
лашыты
Асыл
Шыбыл
Екей
Еміл
Есқожа
Айқым
8. Сіргелі 色尔格勒 Сыергылы
Байжігіт
Шалдар
Айтбозым
Қарабатыр
Батыр
Жайдақ
Жаңабай
Елібай
Тутаңбалы
Қойшылы
Қаракөңірдек
Ақкөңірдек
9. Шанышқылы 千希克勒 Чянши-
кылы Қойылдыр
Балық
Күрпік
Дарқан
Саңырау
10. Ысты 俄斯特,
依斯得 Ысыты Ысық,
Қаңлы
Тілік 提力克
Ойық
11. Ошақты 乌沙克特 Ушакыты
Байлы Байназар
Қоңыр Қойназар
Аталық Бекназар
Тасжүрек Ақназар
12.Сары үйсін 撒里乌孙 Сали усун 突骑施,
Түргеш
Қалша
Жақып
13. Қатаған 哈塔甘 Хатаган Қойылдыр,
Қатақин
14. Жалайыр 扎拉亦尔 Залаійер
Ортажүз -
Тарақты 中玉兹-
塔拉客特 Жоңйүзы -талакыты
1. Арғын 阿尔根 Аергін Басмыл
Бес мейрам
Жеті момын
2. Найман 乃蛮 Нәйман
Теріс тамғалы
Сарыжомарт Ергенекті
Төлегетай
Сүгірші
3. Керей 克烈 Кылие Майқы
Ашамайлы
Абақ
4. Уақ 瓦克 Уакы
Жантелі
Жангелді
5. Қоңырат 弘吉剌惕 Гоңжилати
Жаманбай
Аманбай
Жетімдер
Божбан
Саңғыл
Байдар
Жандар
Құлыншақ
6. Қыпшақ 克普恰克 Кыпучякы 钦蔡
Қара қыпшақ
Құлан қыпшақ
Қытай қыпшақ
7. Тарақты 塔拉客特 Талакыты Ноқта аға
Кішіжүз –
Табын(Алшын) 小玉兹-
阿里钦 Шяуйүзы-аличин
1. Байұлы 拜乌勒 Бәйулы
Адай 阿达依 Адай
Алшын 阿里钦 Аличин Ноқта аға
Жапбас 贾普把斯 Жяпубасы
Алаша 阿拉沙 Алаша
Байбақты 拜巴克提 Байбакыти
Беріш 别热什 Биерышы
Масқар 马斯卡尔 Масыкаер
Таз 塔孜 Тазы
Есентемір 叶山铁木尔 Иешантиемуер
Ысық 俄斯克 Есыкы
Қызылқұрт 克孜勒库尔特 Кызылыкуерты
Шеркеш 契尔克什 Чиеркывшы
2. Жетіру 节特茹 Жиетыру
Табын 塔本 Табын Ноқта аға
Тама 塔玛 Тама
Кердері 克尔德热 Кыердыры
Керейт 克烈依提 Кылиеәйты
Жағалбайлы 加嘎勒拜勒 Жягалыбайлы
Телеу 铁列乌 Тиелиеу
Рамадан 拉马丹 Ламадан
3. Әлімұлы 艾里木 Әйлиму
Қаракесек 喀喇克色克 Калакысыкы
Қарасақал 喀喇萨卡勒 Каласакалы
Төртқара 托尔特喀喇 Туоертыкала
Кете 克特 Кыты
Шөмекей 硕莫克依 Суомокыій
Шекті 契克特 Чикыты

Бұл кестеде, қазақ халқын құрауға қатысқан, бірақ тарихнама не шежірелерде, өзі емес, бұтарлары не өзгерген аты кезігіп, өзі тарихтағы бұл атымен кезіге бермейтін тайпалар [қарлық(葛逻禄), телы (铁勒), т.б. ] аталмады.

4. ЖЫЛНАМАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ
«Үйсіннамада» сөз болған этностардың өзара мейлінше араласқанын сіз төмендегі астаң-кестеңнен-ақ сезе аласыз:
Б.з.д. 1500 жылдары Орал мен Еділ жақтағы ариандар артына қайтып, Ұлы Дала мен Иран үстіртіне оралды.
Б.з.д. 558 жылы Персия мемлекеті шаңырақ көтеріп, біртіндеп Мысырдан тартып Орта Азияға шейінгі өңірге үстемдік орнатты.
Б.з.д. 324 жылы Гректер Персия мемлекетін құлатты. Орта Азия Селеукия (塞琉古) қарамағындағы бір бөлік болып қалды.
Б.з.д. 250 жылы тәжіктер мен ауғандар тәуелсіздік алып, гректердің Бактрия мемлекетін құрды.
Б.з.д. 247 жылы парсылар дербес болып, өздерінің Арсак (Парфия) мемлекетін құрды.
Б.з.д. 170 жылы Ұлы жүз ауып келіп Бактрияны басып қалды. Сақтардың бірталай тайпасы оңтүстікке ауып, қалғаны өзара сіңісе бастады.
Бұл кезде, Үйсін, Қаңлы, Соғды, Ферғаналар қатар өмір сүрген елдер еді.
Б.з. 91 жылы Ғұндар Хань қысымынан батысқа ауды. Бір бөлігі Орта Азияда қалып, бір бөлігі Каспий маңына (аландар жаққа) тартты.....
Б.з. 375 жылы ақғұндар (厌达) оңтүстігіндегі Соғдыға келіп, Кушан империясы мен Сасанилар Персиясын құлатып, Үндіні басып алып, құдіретті эфталит (厌达) мемлекетін құрды.
Б.з. 420 жылы Сянбилердің бір бұтары Нөнендер күшейіп Орта Азияны тізгіндеді. Алан жеріндегі Ғұндардың тағы бір бөлігі Еуропаға тартты...
Б.з. 552 жылы Түрік қағанаты Нөненді қиратты. Нөнендердің Ергене дариясына барғандары Шығай (Шыуей, 室韦), Ляу (辽) өзені жаққа барғандары Қытай (契丹) атанды. Ұлы Даланың Орта Азияны кіндік еткен өңірі Түрік дүниесіне айналды. Ең бастысы түріктер, мәдениеттегі басымдылығы арқылы, ұзақ өтпей-ақ, бұл өңірдегі Сақ ұрпақтарының түрік тілді еместерін де ассимиляциялап, түріктестіріп жіберді.
Б.з. 639 жылы Таң империясы Түрік қағанатын құлатты. Орта Азия Араб, Таң және Тибеттің көкпарына айналды. Алайда түріктесіп болған ұлы далалықтар бұларға ассимиляция болғаны жоқ. Түрік беті қала берді.
Б.з. 870 жылы Түрік тайпалары қайта бас көтеріп Қарахан (喀喇汗) сықылды мемлекеттердің шаңырағын арт-артынан көтере берді...

ПАЙДАЛАНҒАН БАСТЫ ӘДЕБИЕТТЕР

司马迁《史记》.
班 固《汉书》
«辞海» («Сөз теңізі». 1999 ж. жалпыластыру нұсқасы).
«Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері». 1том. Алматы. Дайк-Пресс.
«Қазақ мемлекеттігінің тарихы». ҚР БҒ минстрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты. Алматы. 2007.
Мұқаметханұлы НӘБИЖАН. «Қазақ тарихының өзекті сәселелері». Павлодар. 2010.
Мырзаханов Жақып. «Қазақ халқы және оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы. 1992.
Шадыман Ахметұлы, т.б. «Ежелгі үйсін елі», Шынжаң халық баспасы, Үрімжі. 2005.
Шадыман Ахметұлы, т.б. «Ұлы түрік қағанаты», Шынжаң жастар-өрендер баспасы, Үрімжі. 2006.
«中国大百科全书. 民族. 总论».
“哈萨克族简史”. 2007. 民族出版社
«Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы».
Су Бейхай - 苏北海. 《哈萨克族文化史》, «西域历史地理», «Қазақ мәдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы. 2005. 220 б.
Уаң Биңхуа, Уаң Миыңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы. 2009 (王明哲, 王炳华.《乌孙硏究》,新疆人民出版社).
Матсуда Хисао (松田寿男) «古代天山历史地理学研究».
白鸟库吉. «乌孙考».
Һанс - Жоахим Климкейт «Die Seidenstrasse» (ханзушасы «丝绸古道上的文化»).
Уаң Жылай. «Оттұра Aсия тарихы». 1том. Ұйғырша.
Лин Гань - 林幹. «近六十余年(1919——1984)国内突厥史研究评述»(《民族研究》1985年06期).
Иүй Тайшан - 余太山《塞种史研究》.
Ғәйрат Абдұрахман. «论吐火罗与贵霜的关系» (http: //www. xjass. com. 2009. 05. 20).
Сүн Жиән - 孙健. «说说 “匈奴”这个词的起源» (国学网).
Иылмаз Өзтұна. «Buyuk turkye tarihi». Стамбул. 1983.
Тян Уейжяң (田卫疆) «关于新疆诸民族起源、形成问题研究方法的一点思考».( http: //www. xjass. com. 2008. 12. 10).
Әлімғазы Дәулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мәселелері». Алматы. 2005.
Нығмет Мыңжанұлы. «Қазақтың қысқаша тарихы».
Чян Бочуан - 钱伯泉. «乌孙和月氏在河西的故地及其西迁的经过» (《敦煌研究》1994年04期).
W•M•麦高文著(Mc Govern):《中亚古帝国——斯基泰人与匈人及其在世界历史地位的研究》,北卡罗来纳大学出版社1939年版.
W•M•麦高文著,章巽译:《中亚古国史》,中华书局.2004年版.
Ғалым Жұмашұлы. «Қазақ халқы және қазақ жазуы жөнінде», (Туған тіл альманағы. 2009. №3).
《山海经•海内南经》.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі».
«Тарихи Рәшиди». 1том.
《蒙古族通史》,内蒙古社科院历史所, 民族出版社,2001年.
Ханеда Тоуру. «西域文化史». 二章. 新疆人民出版社. 1981.
Құрбанғали Халид. Тауарих хамса. Алматы. 1992.
松田寿男. «古代天山历史地理学研究».
Мың Фанрын. «Бесбалықтың Тарихи Жағрапиясы» ( 孟凡人:《北庭史地研究》).
К. А. Ақышев: «1954 жылғы Іле археологиялық экспедидциясының жұмысынан есеп» және К. А. Ақышев, Г. А. Кушаев: «Іле айдынындағы Сақ пен Үйсіннің байырғы мәдениеті». 1963 жыл. Алматы.
Уйнама. Үйсін баяны.
Сүйнама. Түріктер баяны. 1973.
Көне таңнама. 194 бума (1).
《新唐书•西域传》.
С. Аманжолов. «Қазақ тілінің тарихы мен диалектология мәселелері». Алматы. 1960.
Қазақстан Тарихы. Алматы, Дәуір, 1994.
Қазақ Совет энциклопедиясы.
Әлкей Марғұлан. «Таңбалы тас жазуы».
Тұрсын Жұртбаев. «Дулыға».
Санжар Аспендияров. «Қазақстан тарихының очерктері». Алматы.1994.
Жақып Жүнісұлы. Іленің тарих - шежіресі.
Раззақ Мәтнияз. «西域翻译史».
Ораз Исмайлов. « Әлем тарихындағы жалайырлар». Алматы. 1999.
Жанұзақ Әкім. «Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы». Алматы. 2007.
Сәйден Жолдасбайұлы. «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан». Алматы. 1995.
Шадыман Ахметұлы: «Йұғұрлар туралы жалпы түсінік» Үшінші халықаралық түркология конгресі Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері, 2009, 18-20 мамыр; «Массагеттер және Баянгол жазбалары», «Шынжаң қоғамдық ғылымы». 1999. №1; «Йұғырлар және олардың ру-тайпалары», Шынжаң қоғамдық ғылымы, 2009 жыл №3; «Күн сөзінің төркінінен», Тіл және аударма, 2008, №1.

МАЗМҰНЫ
КІРІССӨЗ ..................................................................................1
БІРІНШІ БӨЛІМ. ҮЙСІН ҰЛЫСЫ
ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН ҰЛЫ ДАЛА ..........................5
1. Дүние тарихының өте маңызды бөлігі...........................6
2. Ежелгі Үйсін ұлысы – мемлекеттік құрылым...............12
ЕКІНШІ БӨЛІМ. ҮЙСІННІҢ ТЕГІ МЕН ОҒАН ТЕКТЕСТЕР.................................15
1. Үйсіндер – ұлы даланың тумасы –.................................16
2. Үйсін ұлысы Ғұн қағанатындағы бір бау еді ................38
3. 乌孙 дегенді дұрыс оқу мен
дәл аудару туралы ............................................................54
4. Үйсіндер түрік текті ........................................................59
5.Үйсін ұлысының алғашқы мекені ...................................72
6.Үйсін ұлысының Мөде тәңірқұтқа бағынуы ................. 78
7.Елжаудың тәуелсіздікке беттеуінің себептері ............... .86
ҮШІНШІ БӨЛІМ. ТӘУЕЛСІЗ ҮЙСІН ҰЛЫСЫ ......................... 90
1. Үйсін ұлысы б.з.д. ІІ-І ғасырларда ................................. 92
2. Үйсін мемлекетінің демографиясы мен географиясы..112
3. Үйсін мемлекетінің түзімі ..............................................124
4. Үйсін мемлекетінің экономикасы ..................................135
5. Үйсін мемлекетінің мәдениеті ........................................147
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ.ҮЙСІНДЕРДІҢ ТАРИХИ
САХНАДАН ТҮСУІ................166
1. Үйсін елінің ыдырауы ......................................................167
2. Үйсіндер жоғалған жоқ ....................................................182
3. Үйсіндердің Түрік қағанатына қосылуы ........................191
БЕСІНШІ БӨЛІМ. ҚОСЫМШАЛАР ..................................................198
1. Тәңірқұттардың хроникалық көрсеткіші ........................199
2. Ежелгі Үйсін күнбилерінің хроникалық көрсеткіші .....203
3. Қазақты құраған басты тайпалар .....................................206
4. Жылнамалық көрсеткіш ...................................................212
ПАЙДАЛАНҒАН БАСТЫ ӘДЕБИЕТТЕР...........................................213

Жоғалған кітапханалар

$
0
0

http://turkystan.kz/wp-content/uploads/2015/04/47-030-640x427.jpg
Кітап – қазақтың сегізінші қазынасы. Ғасыр жаңарып, жылдар алмасса да оған деген құрмет төмендемеген. Өйткені «кітап – білім бұлағы». «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» заманауи технология қарыштап дамып кеткенімен, интернет те, ұялы байланыс та білім мен ғылымның қайнар көзі саналар кітаптың орнын алмастыра алған жоқ.

Қанша ақылды болса да, компьютер кітаптың тереңдігі мен сарабдалдығын бере алмайтыны әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан кітапхана ілім-білім жинаймын деген адамның құтты мекені болып қала бермек.

Өткен жылдағы деректерге сүйен­сек, Қазақстанда кітапханалар саны 10 мыңға жеткен. Әр түрлі кедергілерге байланысты жабылып, тарих­тың көне беттерінде қалып қойған кітапханалар бүгінгі күнге жеткен болса, бұл цифр бірнеше есе көп болар еді.

Жойылған кітапханалар десе, аузымызға бірден қазақ даласындағы кітапханалардың бастауында тұрған Отырар кітапханасы түседі. Ол Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде өзі аттас қаламен бірге жер бетінен ізім-ғайым жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған шаһардан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан болатын. Солардың ішіндегі ең атақтысы – біздің ұлы бабамыз, Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби. Ғұламаны білім нәрімен сусындатқан – Отырар кітапханасы. Онда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Үлкендігі жағынан Александриядан кейінгі екінші кітапхана саналған білім ордасы басқыншылардың аяғымен тапталды.

Алайда, моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ оның нақты қай жерге жасырылғаны беймәлім. Отырар кітапханасын табуға бағытталған археологиялық қазба жұмыстары әлі күнге дейін толастаған жоқ.

Көзсiз зорлық ғасырынан,

Надандықтың тасырынан,

Жер астына жасырылған

Дара тұлға бабалардың

ұшқыр ойы, санасы.

Ұяттыны толғандырған,

Қанаттыны заңғар қылған,

Күллi әлемдi таң қалдырған,

Рухыңмен қолда бiздi

Отырардың ұлы кiтапханасы! – деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, әйгілі Отырар кітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер болғаны ақиқат.

Тарих беттерін парақтап шық­саңыз, тәуелсіздік қарсаңында да еліміздегі талай кітапхананың есі­гіне қара құлып салынып, қаншама қазынамыз талан-таражға түскеніне көз жеткізесіз. Тоқсаныншы жыл­дар­дағы оңтайландыру саясатының салқыны кітапханаларды да айналып өтпеді. Мәселен, 1993 жылғы есеп бойынша елімізде 7023 кітапхана болса, 2002 жылы соның 2630-ы ғана қалған екен. Тек бір ғана Алматы облысында 685 кітапхана өз жұмысын тоқтатқан. Жабылған кітапханалардың кітап қоры да талан-таражға түсіп, тістегеннің аузында, ұстағанның уысында кетті. Тіпті қазақ қаламгерлерінің құтты мекені – Қазақстан Жазушылар одағындағы кітапхана да өткен жылдардың естелігіне айналды.

Бертін келе еліміздің жағдайы жақсарып, халықтың еңсесі көтерілген соң мәдениетке қайтадан мән бере бастадық. Қазір әрбір мектеп пен жоғары оқу орындарында, тіпті балабақшалар мен әскери бөлімшелерде де кітапханалар бар. Бірер жылдың ішінде осыншама жетістікке жеткеніміз, әрине, көңіл қуантады. Бірақ сол кітапханалардағы кітап қоры қандай жағдайда? Дамыған елдер тәжірибесіне сүйенер болсақ, әр 10 жыл көлемінде кітапхана қоры толық жаңартылады екен. Халықаралық кітапханалар қауым­дастығы федерациясының ұсынысы бойын­ша 1000 тұрғынға 250 жаңа басылымнан келуі шарт. Ал әлемдік стандартқа сәйкес кітапхана қорының 50 пайызы соңғы 10 жылда шыққан кітаптармен толығуы керек. Бізде ше? Қазақстанда 1000 тұрғынға небәрі 67 дана жаңа кітап тиесілі. Өйткені жаңа басылған кітаптардың көпшілігі 2000-3000 таралыммен ғана шығады. Кітапқа сұраныс жоқ деген желеумен соңғы бес жылдың көлемінде таралым санын тіпті қысқарып кетті. Сұраныстың төмендеуі елімізде баспа ісіндегі насихаттың кемшін екенін көрсетсе керек. Ендеше, баспалар мен кітапханалар әлі де мемлекеттің жіті назары мен қамқорлығына зәру.


Қазақты ұлтсыздандыру үрдісі

$
0
0

Қазақты ұлтсыздандыру үрдісі қалай жүрілді?

Отарлаудың бір құралы қару болса, екіншісі — идеология. Соңғы үш жүз жылда Шығыс халықтарының арасына ібілістік идеологияның білдіртпей еніп, рухын жаншып, ұлттық келбетінен бірте-бірте айыруының нәтижесі ХХ ғасырда айқын көріне бастады. Қарумен халықтың санын азайту арқылы жерін иелену бірден көзге көрінетін іс жүзіндегі соғыс әрекеті болса, идеология — шексіз, шекарасыз кеңістікке кеңінен жайылып бір ұлтты ғана емес бірнеше халықты рухани улап, жоюдың бірден бір амалы. Ұлтсыздану идеологиясына дауа жоқ, одан тек сақтану керек.
Қазақты ұлтсыздандыру саясаты ХІХ ғасырда басталды. Өйткені ұлы халықты біртұтас ұлт ретінде біріктіріп, дінін де, тілін де, салт-дәстүрін де берік сақтап тұрған хандар мен билер институты батыстың ұлтсыздандыру идеологиясының әсерімен әлсіреп, соңғы демін 1860 жылдары бірақ шығарды. Бұл саясат тек қазаққа ғана емес, Шығыстың бірталай елдерінде қатар жүргізілді. Егер Орта Азияны орыс жаулап алса, Жапония аралдары американ әскерлерінің жойқын күшіне төтеп бере алмай Күншығыс елі АҚШ-қа қалай мойынсұна бастағанын байқауға болады. Кеңес кезінде қанаушылықтың бір символы ретінде санаға сіңген феодализм шын мәнінде шығыстың ұлылығын ұстап тұрған бір тетігі еді. Феодализм хандардың, билердің, батырлардың берекелі дәуірінің бір белгісі. Ұлттық тұтастық сол феодализммен бірге 1860 жылдары құлдырады. Қазақта хандық институт қалай жойылса жапонда да сондай процесс қатар жүрді. ХІІІ ғасырда зорлықпен, күштеп еніп алған американдық күш 1868 жылы Жапониядағы феодализмді біржолата келмеске кетірді. Жалпы қазақтың да, жапонның да тарихында айтылмаған шындық көп. Ақиқатты ашу алдағы іс.
ХХ ғасырда қазақ орыстанып жатқанда жапон еуропаланып, америкаланып жатты. Шығыстың екі ұлы елін ұлтыздандыру саясаты Орта Азияда патшалық Ресей арқылы, ал Күншығыс елінде Батыс пен Америка арқылы жүргізілді. Күншығыс елі қазақ секілді ресми түрде біреудің отары болмаса да, батыстың рухани отарына айнала бастады. Бірақ бір ғажабы жапондар өзінің ана тілін, ұлттық жазуын сақтап қала алды. Бодандықтан босаған қазақтың өз ұрпағын ана тілінде сөйлете алмай дал болуы секілді мәселеге жапон ұрынбады. Бірақ ұлттық болмысынан бірте-бірте айырылудың көріністері қос халықта бірдей көрінді. Ұлттық сана-сезім, салт-дәстүр, ана тілдің жаңа замандағы ұрпаққа бөтен болуы елдің елдігін жоғалтуға апара жатқандығын қазақтың ақын-жазушылары шығармаларында астарлап болса да жазды. Ұлт проблемаларын 1960 жылдан кейінгі қазақ қаламгерлері аз жазбады. Оған тоқталмай-ақ қояйық.
Дүниежүзінде ұлттық келбетін барынша сақтаған саналатын жапон халқын ұлтсыздандыру идеологиясының қалай жүргізілгенін әдебиеті арқылы зерделесек. Әлемдік әдебиетте көрнекті туындылармен ерекше орын алған жапон жазушылары аз емес. Солардың арасында ұлттың рухани қауіпсіздігі, ұлттық тұтастық, ұлттық рух тақырыбына қаламын молынан сілтеген Нобуо Кодзиманы көруге болады. 1915 жылы Гифу қаласындағы Будда священигінің әулетінде дүниеге келген Нобуо Кодзима 1941 жылы Токиодағы император университетінің филология факультетін тәмамдаған. 15 жасынан бастап әңгіме, повестер жаза бастайды. 1955 жылы «Американ мектебі» деген әңгімелер жинағы үшін Акутагава атындағы сыйлыққа ие болады. Оның көптеген туындыларының ішінен 1965 жылы шыққан «Мива отбасы» деп аталатын романы ерекше көзге түседі. Сол уақыттағы ең беделді деген Танидзаки атындағы әдеби сыйлыққа талай туындының арасынан тұңғыш рет осы роман ие болған.
Нобуо Кодзима бұл романында бір отбасының аясындағы көріністерді суреттеу арқылы тұтас ұлттың ұлтсыздану процесінің ішкі қатпарларына дейін ашып көрсеткен. Жазушы әлеуметтік өмірді шынайы суреттермен бере отырып, ұлттық қауіпсіздікке, жапон елінің рухани болмысына ХХ ғасыр төндірген қатерді айқындап берген. Романның бас кейіпкері Сюнсукэ — қаламгер, ғалым, аудармашы. Рухани саланың өкілі бола тұра отбасы тұтастығын сақтай алмаған, дәрменсіз, рухани әлсіз жан. Ол Америка мен Еуропаны ұзақ іс-сапарлармен жиі аралайды. Жапонияға келіп, жинаған материалдардың негізінде, батыстың мәдениеті, американдық отбасы жайында лекциялар оқиды, батыс қаламгерлерін аударумен айналысады.
Қалам иесі болса да, Сюнсукэні руханият адамы, зиялы деуге бола ма? Ол өзінің дәрістері арқылы жапондарға рухани азық беріп жүрмін, білім нұрын сеуіп жүрмін деп есептейді. Бірақ сол арқылы ұлтына қастандық жасап жүргенін білмейді. Сюнсукэ адамдық рухани болмысынан айырылған, батыстың мәдениетіне бой ұрам деп, хайуандық деңгейге түскен тип. Көптеген дәрістері мен аударған кітаптарынан оған мол қаржы түсуде. Дегенмен, сол байлық рәсуа болуда. Өйткені, ұлттық келбетінен айырылған отағасы өз балаларына да, әйеліне де ие бола алмайды. Ақырында бәрінің құлына айналады.
Сюнсукэ үлде мен бүлдеге орап қойса да әйелі оны менсінбейді. Тіпті ол іс-сапарға кеткенде де, ол үйде болғанда да американдық солдатпен көңіл көтеруін тоқтатпайды. АҚШ-тан келген Джордж есімді солдат Мива отбасының әлсіздігін біліп алған. Ол Сюнсукэнің үйінде тұрғанмен қоймай Токикоға күйеу болып алады. Сюнсукэге әйелінің ісін Мичио деген күтушісі жеткізгенде, ол қауқарсыз күйде болады. Жазушы Сюнсукэ болмысы арқылы әлсіреген, малғұндық деңгейге жеткен типті сыйдырған. Бұрынғы намысқой самурай жоқ. Егер бұрынғы жапон феодалы үш-төрт әйелге төре болса, қазіргі бейшара еркек бір әйеліне де ие бола алмауда. Токико — өз ұлтын менсінбейтін надан әйел бейнесі. Ол күйеуі Сюнсукэден американдық өмір салтын талап етеді. Мива отбасының бар мүлкі американдық, ішетін тағамы да американдық, көретін киносы да американдық. Олар үшін Джордж — тұлға. Токико үшін Джордждың жейдесі де, галстугі де өз күйеуінікінен әдемі. Сюнсукэ Токико үшін дүниедегі ең құнсыз. Сюнсукэ әйелінің көңілін табу үшін оған үй шаруасын да істетпейді. Кірі бес батпан еденді де қолына шүберек алып өзі жуады. Бірақ шамасы бәріне жетпеген соң үй шаруасын істейтін әйелді жалдайды.
Үй шаруасына жалданған қандай әйел болса да Мива отбасының рәсуа тірлігінің куәсі болады. Ал Токикоға ешбір адам жақпайды. Сюнсукэ әйелінің тірлігіне намыстанбайды. Ол американдық рух билеген заманда намысы өлген пенде. Ол да Джорджды әулиедей көреді. Ал американдық солдат болса жапон жерінде бизнесін дөңгелетіп, тасы өрге домалап тұр. Ол Мива отбасына миығынан күліп, мазақтай қарайды. Сюнсукэ мен Токико болса «американдықтың иелуіне түстік-ау, ол бізді басынып алған» деп те ойламайды. Джордж үшін бәрін беруге дайын. Сюнсукэ үшін оның әйелі мен Джорджтың байланысы қалыпты тірліктей көрінеді.
«Көргім келмейді осы американдықтарды. Иісі де жиренішті» дейді Норико. Алайда Сюнсукэ үшін ол жиренішті емсе. Көңілі жай таппаған Токико күйеуіне жаңа үй алғызады. Сюнсукэ «бәлкім жаңа үйге көшсек, отбасымыз бақытты болар» деп ойлайды. Сюнсукэ бәрін шет елдіктің көңілі үшін деп істейді. Іштей қаламаса да, көңілі тартпаса да, Токиконың ырқымен әрекет етеді. Жазушы жан-дүниесінде ұлттық белгіден ештеңе қалмаған жапон азаматын шебер бейнелеген. Сюнсукэ әйелі мен американдықтың әрекетіне тыйым салғысы келіп, бір рет Токиконы ұрып та көреді. Алайда, аяушылық сезімімен шет елдікке деген көңіл жықпастығы қатаң шараға жібермейді. Оның отбасындағы берекесіздік, рәсуа тірлікке жаны күйзеледі. Отбасын бақытты етемін деп, Токикодан, ұлы Рйоичи мен қызы Норикодан барын аямайды. Сөйтіп жүріп жүрек ауруына шалдығады. Ол дәрігер профессордан кеңес сұрайды. Сюнсукэ мен Токико ұлттық қана емес, адами болмысынан ажыраған анайы бейнедегі ерлі-зайыптылар. Жазушы кейіпкерлердің диалогы арқылы жабайы мәдениетке еліктеп, соны бойына сіңірген, ежелгі жапонның өр мінезді айбынды ер, тылсым сұлу нәзік әйел бейнесін жоғалтқан екі аяқты хайуандар типін шебер бейнелеген. Ұлттың ұлылығы оның жұмбақ табиғатында. Сюнсукэ мен Токико сол тылсым табиғилықтан алыстап, хайуан бейнесіне түскен ақырзаман кейіпкерлері.
Нобуо Кодзима реалистік сипаттағы романында әлеуметтік пафосты шынайы бейнелеп, ұтымды тіркестермен ұлттық проблеманы әсерлі жеткізген. Ұлтсыздану отбасынан басталатындығын шығарманың тақырыбы арқылы бейнелеген. «Мива отбасының» шешуші сәтінде Токико қатерлі ісік ауруынан көз жұмады. Сюнсукэ бар дүниесін аямастан оған қымбат операциялар жасатқанмен, шипа болмайды. Қызы Норико мінезі бұзылып, дөрекіленіп кетеді. Ұлы Рйоичи болса үйінен кетіп қалады. Сюнсукэ баласының үйінен кетуімен шығармасы тәмамдалады. Ұлтсызданған әулеттің иесі ер бала, мұрагер де ер бала, сондықтан романның ер баланың жоғалуымен аяқталуы американдық, еуропалық өмір салтына бой ұрып, өзінің ұлттық болмысынан жұрдай болған елдің келешегінің қандай болатындығын білдіреді.
Мива отбасының күйреуіне себеп болған санасыз еліктеу, жүгенсіздік. Бәрінің басында Шығыс ұлтына тән өмір салтынан ажырап, ұлттық рухын шет елдікке таптатуға жол беріп, азғындық жетегіне өз еркімен ерген ессіздік тұр.
Ұлттық рухтың жас ұрпақ санасынан алыстауын мынандай факторлардан көруге болады. Біріншіден, Жапонияда Нобуо Кодзиманың «Мива отбасы» романы жазылған кезеңде ағылшын –американдық идеология ана тілді де өз құрсауына алған болатын. Содан бергі кезеңдегі жапон жастары сән ретінде ағылшын сөздерін жиі қолданатын болды. Ал қазіргі ғылыми-техникалық дамудың шыңындағы Жапонияның қай саласын алсаңыз да ағылшын тіркестері жаппай пайдаланылады. Ойын жеткізуге ұшан-теңіз иероглифтерінің арасынан сөз табылмағандықтан емес, жеңілге әуес кейінгі буын төл сөзін айтуды ауыр санап, айтуға оңай, тілге жеңіл ағылшын сөзін қолдана салады. Бірақ қазақпен салыстырғанда жапон ана тілін сақтаған, өз тілін білмейтін жапон кездеспейді. Дегенмен, жапон зиялыларының жанын жегідей жейтін бір қауіп бар. Ол аумағы 20-30 жылда жапон жастары мыңдаған жылдан бері қолданылып келе жатқан төл жазуы — иероглифті қолданыстан шығарып, тек ағылшын тілінде сөйлеп кете ме деген қауіп. Қазірдің өзінде жапон жастарының көбісі көне иероглифтерді білмейді, компьютердің тұрмысты жаулап алғаны соншалық, жапон жасөспірімдері кейбір иероглифтерді жаза алмайды.
Екіншіден, Ата-баба дінінен алыстау қаупі. Жапон халқы негізінен Буддизм мен Синтоизм жолымен жүріп келгендіктен, дінге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтаған. Бірақ, ХҮІІІ ғасырда Португалия арқылы зорлықпен кіргізілген христиан діні мыңдаған жапонды өзіне тартып әкетті. Сондықтан дүниеге келгенде Буддизм салты, өмірден өткенде Синтоизм ғұрпы орындалғанмен, көптеген жапондар үйлену тойын христиандық салтпен өткізуде. Бүгінгі күнде жапон өміріндегі синтоистік үйлену ғұрыптарының орнын христиандық басқан. Өз дінінен біртіндеп айырылу деген осы. Оның үстіне Еуропаға, АҚШ – қа тұрмысқа шығып, сол жақта қалып, христиан дініне өтіп алған жапон қыздары да бар.
Үшіншіден, ата дәстүр, бабалар салған өмір салты, ұлттың рухани қазынасы техника заманында ығысып, кейінге қалуында. Еуропалық киім үлгілері, шошқа еті қосылған тағамдары, жиһаздары жапондардың күнделікті тіршілігінің айнымас бөлігіне айналған. ХХ ғасырда басталған еуропалық урбанизация адамдардың ми қабілетін төмендетіп, ұлттың рухын аласартып, дүмшелікке, мәңгүртікке жетелеп барады. «Прогресс, цивилизация» деген атпен жарнамаланған еуро-американдық өмір салты Шығысты шырайынан айыруда. Кеңпейілдігі мен ақкөңілдігі жағынан қазаққа өте-мөте ұқсас жапон халқының тарихында еуропацентризммен, басқыншылықпен, батыс иедологиясымен күрес жүргізген азаматтары аз емес. Әсіресе ХІХ ғасырдағы жаугершілік заманында жапон елі үшін жанын пида еткен соңғы самурай Сайго Такамори қазақтың Махамбетімен тағдырлас. Такамори жайында қанша еңбек жазылса да, ұлт қаһарманының шындығы әлі ашылған жоқ. Батырының басы қайда екенін ұрпақтары әлі білмейді. Сондай-ақ Такаморидің батырлығымен қоса ақындығы, реформаторлығы оны Махамбет Өтемісұлына жақындастырады.
Батысқа керегі Шығыс халықтарының арасын жақындастырмау, сөйтіп жеке-жеке қарусыз жаулап алу идеологиясын жүргізу болатын. Орта Азия халықтары, әсіресе қазақ елі Ресей империясының боданында болуы нәтижесінде ұлттық рухын жоғалта жаздаса, Жапония мен Үндістан Еуропаның үстемдігіне еріксіз мойынсұнуға мәжбүр болды. Шығыс халықтарының ортасындағы Қытай мен Корея ғана қатқылдық танытып, ұлттық рухына бөтеннің қолын тигізбейді. Ал енді ХХІ ғасырдағы жағдайға келсек, Кеңестің құрсауынан босаған қазақ халқының рухани тұрғыдан әлін жинай алмай отырғанын жасыруға болмайды. Сол әлсіреген қалпы қазақ батыстық идеологияның ішіне қалай еніп кеткенін байқамай қалды. Өйткені, тәуелсіздік алған соң қазақтың рухын көтеріп, ұлттық мүддесін асқақтататын мүмкіндік болмады. Ана тілдің мәртебесі, ұлттық идеология деп, зиялы қауымның қазақтың қамы үшін тер төккенінен не пайда, жастардың дені билік пен материалдық қамсыздықтан басқаны қажет етпесе. Бүгінде ұлт мүддесінен гөрі жеке бас мүддесі үстем боп тұр. Өйткені, қазақтың ұлттық рухы басыңқы. «Біз тәуелсізбіз, салт-дәстүріміз, тарихымыз жаңғырып жатыр» деп, атой салғанмен ұлттық рух асқақтамайды. Патшалық Ресейдің заманындағы мәңгүрттік артта қалмады, оның еуропалық жаңа түрі бар. Нобуо Кодзиманың «Мива отбасы» романының кейіпкерлері ортамызда жоқ демеңіз.
Өзінің ұлт ретіндегі рухани болмысы бүтін елдің ғана әлемдік аренадағы беделі бекем болмақ.
Шарафат Жылқыбаева
"Қамшы" сілтейді

Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы

$
0
0

Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы #2

http://massaget.kz/userdata/news/news_28509/image_l.jpg

Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы
(Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» кітабынан)

Басы

1680-1715. Әз-Тәуке хан билік құрды.

1681—1684. Сайрам соғысы; Дүрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр жеңіліске ұшыратты.

1690 жыл шамасы. Әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін енгізді. Төрелерді іркіп, ел басқару ісін билерге жүктеді.

1698. Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.

1710-1411. Ойраттардың жаңа жорығы.

1712. Қазақтардың ойрат шапқыншылығын тоқтату әрекеті.

1713. Абылай хан туды.

1714. Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойраттан кезекті ауыр жеңілісі.

1715. Әз-Тәуке хан дүние салды.

1715-1718. Қайып хан билік құрды.

1717 жаз. Қайып хан мен Әбілхайыр сұлтан бастаған қазақ әскері Аягөз ұрысында ойраттардан қирап жеңілді.

1718. Ойраттар қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойында бет қаратпай жеңіп, бүкіл Оңтүстікті шапқындап кетті.

1718-1729. Болат хан билік құрды.

1723-1725. Ойраттардан түбегейлі жеңіліс, Түркстан, Сауран, Ташкенттен, бүкіл Оңтүстіктітен айырылу, Ақтабан-шұбырынды.

1728. Бұланты ұрысы, ойраттар Сары-Арқадан кері қайырылды.

1730. Аңырақай ұрысы, ойрат шабуылы тойтарылды, қазақтар ес жинай бастады.

1730. Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлінді; ру, жүз ішінде билердің өкімі күшейді.

1731. Кіші жүздің бір бөлігі мен Орта жүздің біраз руларын билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей өкіметімен бодандық негізіндегі әскери және саяси қамқорлық туралы келіссөзге жол ашты.

1733. Әбілмәмбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан таққа шықты.

1740, қыркүйек-желтоқсан. Ойраттардың Сары-Арқаға жорығы.

1741, қаңтар-наурыз. Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласып, одан ары жазға жетті.

1741, көктем, жаз. Абылай хан ойрат шабуылын тойтарды, өрісін ұзартып, Жоңғардың ішкі аймақтарына жортуылдар ұйымдастырды.

1752, қазан. Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысындағы бетбұрыс кезең; Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында ойраттардың негізгі күшін талқандады.

1753. Қабанбай, Жанатай, Мүйізді Өтеген, Ер Жәнібек, Бөгенбай батырлар бастаған қазақ қосындарының Жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары.

1754, күз. Абылай хан Дүрбін-Ойратты біржола талқандап, Екі жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетті.

1755, көктем. Абылай ханның Жоңғарды жуасыту жорығы.

1756-1757. Шүршіт-қазақ соғысы.

1756. Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарында шүршіт-цин әскерлеріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті.

1757. Цин патшалығының Қазақ Ордасына қарсы жаңа жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі күштерін сақтай отырып, кері шегінді.

1757, 15 мамыр. Абылай ханның сенімді өкілі Әбілпейіз сұлтан мен мәнжу-цин қолбасысы Фу Дэ арасындағы уақытша бітім туралы Айдын-Су мәмлесі.

1757, 7 маусым. Цин патшалығы өкілдері мен Абылай хан арасындағы Аягөз бітімі.

1757, қыркүйек, қазан. Абылай хан Бежінге елшілік аттандырды. Тәуелсіз сыйластық туралы келісім.

1760 ж.-дан соң. Қазақтар бейбіт жолмен ата жұрт Шығыс Түркстанға қайтадан қоныстана бастады.

1765, қазан-қараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті жорығы.

1766-1768. Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашты, Ташкентті бағындарды.

1770. Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады.

1771. Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт қалмақтарды біржола тоздырды.

1771. Абылай хан Түркстанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді.

1781, мамырдың басы. Абылай хан дүниеден көшті.

1781 ж.-дан соң. Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанды біржола отарлау ісін жүзеге асыра бастады.

1801. Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы Еділ мен Жайық арасындағы ата жұртты қайтарып алды, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды.

1801-1822. Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне түсті.

1822. Ресей патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билк жойылды деп жарияланды.

1835. Абылай ханның шөбересі, болашақ ұлы ғалым Шоқан туды. (1865 ж.өл).

1883-1847. Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі.

1841. Кенесары үш алаштың ханы ретінде ақ киізге көтерілді.

1845. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туды. (1904 ж.өл).

1847. Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды.

Еділ патша

$
0
0

Еділ патша – әділ патша аттила
Ғұндардың патшасы туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталып келген және скандинавия аңыз-дастандарына ауысқан. Ғұндардың королі Аттила туралы халықтардың түсінігі, ең бастысы аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз. Тарихи Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған, орта ғасырларда табыспен жалғасын тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады.

Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды. Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды.

Аттила есімі түрік тілдерінен шығады (atta/ata — әке, el/il – кеңістік, ел, халық), оның үстіне осы этимология басқа халықтардан алынған және түсінілген болды. Бұдан ғұн есімдерінің түрлі «ұлттық» нұсқалары шығады. Нұсқалардың бірі бойынша Аттила есімі түрік (хазар) атауы Волга-Еділмен байланысты. Аттиланың билігін оның империясының гүлденуімен байланыстырады, оны әділ және құдіретті деп атайды. Аттиланың жеңістері – әскери және қолбасшылық өнер шыңы.

Аттила өлімімен қатар ғұндардың әлемдік мемлекетінің күші сарқылды, өзі негізін қалаған мемлекеті, қалай құрылса, солай тез арада құлдырады, өлеңдер мен аңыздарда осы құдіретті бағындырушы туралы естелік әлі ұзақ сақталады. Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндар туралы білді. Еуропада ол көрнекті қолбасшы ретінде белгілі болды. Бұл туралы Аттила бейнеленген алтын және күміс медальдар куәландырады, олар еуропалық мемлекеттерде алты ғасыр бойы соғылды. Қазақстан қоғамында Еділ (Аттила) билеушісінің есімі осылай тарихи қала береді. 2009 жылы Қазақстанның Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын шығарды.

«Скифия даласын мекендейтін тайпалардың әлемдегі жалғыз басшысы, бүкіл ғұндар көсемі. Варварлар арасында таңғажайып даңқымен танымал. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл-қозғалысы аса тектілікті көрсетеді». Иордан, «Гетика»
Аттила (лат. Attila, греч. ττήλας, нем. Etzel – Эцел), түріктің әдебиет көздерінде «Еділ» есімімен белгілі, 434 бастап 453 жылдарға дейін өз билігі астына Рейннен бастап Солтүстік Қара теңіз маңына дейін тайпаларды біріктірген ғұндардың көсемі болған [2].

Ғұндар көсемі туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталған және скандинавия сагаларына ауысты. Халықтардың ұлы қоныстануы дәуірінде құрастырылған Германдықтардың ежелгі аңыздарында Аттила ұлы варвар билеушілерінің тізімінде даңқты герман корольдерінің алдында бірінші орында қойылған. Ғұндардың королі Аттила туралы еуропалық халықтардың түсінігі, ең бастысы, аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз.

Тарихи Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған, орта ғасырларда табыспен жалғасып тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады [3, 4-б.].

Аттиланың шығу тегі және сипаттамасы, Билікке келуі. Аттиланың туған жылы мен туған жері белгісіз болып қалды. 448 жылы Аттилаға, сәл ақ шалған сақалды адам ретінде сипаттама берген көз көрген Приск Панийский куәлігі негізінде оның жасын да тым жуықтап бағалауға болады. Осы және басқа мәліметтер Аттиланың V ғасырдың бірінші он жылдығында туғанын болжайды (400, 404 немесе 406 жж. нұсқалары аталады). Аттиланың өмір тарихына «Аттила – Бич Божий» кітабын арнаған француз тарихшысы Морис Бувье-Ажан 395 жылды Аттиланың туған жылы деп атайды.

Аттиланың әкесі Мыңзық ғұндардың патша тұқымынан болған. Оның бауырлары Октар мен Руа ғұндардың көсемдері болған. Мыңзық туралы болашақ көсемдер Аттила мен Бледаның әкесі болғаны туралы ештеме белгілі емес.

Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы француздық аттилотанушы М. Бувье-Ажан толық әңгімелейді. Аттиланың балалық шағы оның әкесі мен ағаларының балалық шақтарынан қатты ерекшеленді. Олар нағыз көшпенділер болды және ағаш теремдерде емес, киіз үйлерде немесе асығыс қойылған шатырларда дүниеге келген. Аттылардың көп бөлігі ауыр арбалардың алдында шапқылайды, оларда – олар үнемі тонау есебінен толтырылатын жеткілікті түрде шағын олжалары және тамақ қоры бар әйелдер мен балалар келетін. Жүк тиеген арба қанаттардан және арт жақтан күзетілетін, ал шапшаң салт аттылар алға жылжыған әскер мен жүкті арба арасында арқау өткізетін. Барлығы бірге өзен арқылы қиын өткелдер моментінде жиналатын, бұл үшін ағаш көпірлер мен салдарды жарақтандыру керек болды, ал кейбір жүк арбалар амфибияға айналатын.

Аттила құрдастарымен бірге күресті, қаруды, әсіресе қанжарды игеру өнерін және садақ атуды меңгереді. Ол ат үстінде өте ерте жүре бастайды. Аттиланың сырт келбетін оның замандастары сипаттайды. Аттиланың басы ерекше үлкен болған, иегі сүйір келген, жақ сүйекті шығыңқы, мұрны үлкен және ұзын, ұшы жабысыңқы келген, шашы сарыға боялған қоңырқай болуы мүмкін. Оның бойы шағын болған, замандастарының куәландыруы бойынша – бір метр алпыс санитиметрден аспаған болуы керек. Жақтарын сирек өскіндер жауып тұрған, олар иегіне қарай қалың, бірақ жіңішке сына болып созылған сақалға айналатын. Көздері қара, терең орналасқан, жанары өткір. Аттила қорқыныш ұялатқысы келетін, онымен сөйлескендердің көпшілігі ашудан қисайған, ызаға толы немесе суық маскамен қатып қалған бейнесін еске сақтаған. Оның беті арық болған, бірақ жеткілікті түрде үйлесімді келбеті оның өткір ойлылығы туралы айтатын.

Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінде көп білім алған, бірнеше жыл Рим қаласында оқыған. Ғұн мен Рим империялары арасындағы достық қатынас яғни герман тайпаларына қарсы одақтастық Аттила туылмастан бұрын басталған еді. Римді Ғұн әскері вестготтардан әлденеше рет құтқарған себепті Рим басшылары Паннония (қазіргі Венгрия) провинциясын Ғұн ордасына 420 ж. сыйлыққа берген болатын. Мыңзық 401 жылы ұлы Аттила алты жасқа толғанда қайтыс болады.

Аттила ұзақ уақыт Рим сарайы жанында өмір сүрді және биліктердің жарлықтары мен бұйрықтарын құжат түріне келтіруге және оның орындалуын бақылауға қабілетті дамыған әкімшілік барын көреді. Ол басқарудың барлық күрделі, әрі жинақы механизмін көшіруге ниеттенген жоқ, бұл оған тым ауыр және тәкаппарлық болып көрінді, бірақ ол әкімшілік жұмыстың және саяси ақпараттың пайдасын түсінді. Аттила замандастары айтқандай, өркениетті мақсатты түрде талқандайтын ойсыз шапқыншы емес еді. Оның саяси басқару және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру саласында табыстары әскери жеңістерден кем әсер қалдырмайды.

Жас та болса Аттила Ғұн ордасының бір көл әскерін басқарды. 425 ж. оның әскері Батыс Рим қолбасшысы Ағцийге (Эций) вестготтарды талқандауға көмектесті. Сол жылдарда талантты қолбасшы ретінде Аттила жаңа көріне бастады. 434 ж. Ғұн империясының аты шулы королі Руғила өлгенде мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. Руғиланың өз балаларынан мемлекет басқаратындары болмаған себепті ол барлық үмітті Аттиладан күткен еді. Аттила оның інісі Мыңзықтың баласы болса, Бледа Ақтар деген інісінің баласы еді.

Замандастарының куәландыруы бойынша Аттила грек және латын тілін білген, оның үстіне грек тілін жақсы меңгерген. Бұл оған екі империямен де барлық келіссөздерде ағасының табиғи делдалы болуға мүмкіндік берді. Оның үстіне оның жеке байланыстары да болды.

Аттиланың әйелдері көп болған, кейбіреулер оның әйелдері мен күңдерінің санын 300 дейін болғанын атайды. Бірақ дәл деректер жоқ, оның көп әйелінің есімдері белгілі. Аттила, мұрагер ханзада болған кезде 413 жылдың кезінде Роас пен оның отбасы шеңберіне енбейтін тайпа көсемінің қызына үйленген. Оның есімі Энга болуы мүмкін. Оның мұрагер ханшайым мәртебесі болуы керек, ол Эллак есімді ұл туады, оны Аттила әрқашан басқаларынан артық жақсы көрді. Бірақ ол қайтыс болады. 421 жылдың айналасында Аттила ғұн князьдың қызына, мүмкін өзінің немере қарындасына және ірі тайпа одағының «егеменді көсемінің» қызына үйленеді. Оның аты Керка болған. 434 жылдың соңында ол ғұндардың королі болған соң, оны королева етеді, 435 жылдан бастап, оны император етіп жариялағаннан кейін Керка «королева-императрица» болады. Керка Аттиланың барлық әйелдерінің ішінде өзінің саяси қызметіне араластырған жалғыз әйелі болды. Ол Аттила болмаған кезде де елшілерді қабылдағаны және олармен келіссөз жүргізгені белгілі. Керка екі ұл және бірнеше қыз туған. Ұлдары «билеушілер» титулын алған, бұл оларға мемлекеттік істерге араластыратын король мұрагері, ханзада мәртебесін берді [3, 23-26-б.].

434 жылы Бледа мен Аттила ғұндардың көсемдері болады. Бледа бауырлардың ішінде үлкен болуы керек, алайда Бледа өзін ешқалай көрсетпеді, сол кезде әдебиет көздерінде әрқашан Аттила ықпалды көсем ретінде ескеріледі, онымен империялар келіссөз жүргізуге мәжбүр болған. Хроникаларда Аттила мен Бледа есімдері олардың бірлесіп басқарған кезеңдерінде әдетте бірге ескерілген. Бауырлардың билікті қалай бөліскені туралы куәліктер сақталмаған, Аттила батыста соғысқан кезде Бледа мүмкін ғұн иеліктерінің шығысында билеген болар.

Аттила өзін ресми түрде 435 жылдың басында ғана император ретінде жариялады. Ол король-император немесе «император, ғұн королі» деп аталды. Бірақ өз бетінше басқара бастағаннан бастап шетел серіктестері оны Империя билеушісі деп атады. Аттила империя шекараларын өзі анықтады, оны билікке келген моментте шындығында өзінікі деп санады. Бұл оның бұрынғы көш-қоны мен жорықтары нәтижесінде құрылған оның негізгі империясы болды. Ғұндардың қоныстануы немесе сол арқылы ғұн қоныс аударушыларының жолы салынуы үшін өз жері ретінде мойындау жеткілікті болды. Империя шектерін осының нәтижесінде кеңейтуге болар еді, бірақ әзірше бұл оның жері болды, ол өзінің рұқсатысыз және келісімісіз әлдекімнің осында келгенін және осында оның заңдарынан тыс өмір сүргенін қаламады. Аттила өзіне тек империяда тәртіпті сақтау және оны қорғау құқығын ғана қалдырды.

Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды. Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды. Осылайша жаңа заманғы Венгрия аймағын Аттила оның империясының бөлінбес бөлігі ретінде қарастырды, алайда Румыния оның шектеріне енген жоқ. Солтүстікте табиғи шекаралар болған жоқ. Сондықтан ол шекараны Орал тауларынан бастап (шамамен батыс баурайының соңғы ширегінен бастап) Еділдің жоғарғы жағына дейін (Рыбинск су қоймасынан бастап оңтүстікке қарай) және басқа тік сызық бойынша – Дунайдың солтүстік жағалауынан бастап Виндобонаға (Вена) дейін салуды шешті.

Аттила Шығыста тәртіпті қалпына келтіргеннен кейін жауласқан солтүстік халықтарына қарсы бірнеше жорыққа шықты. Римнің қос империясында да ғұн жігіттері ержүректілігіне қарай басқа жауынгерлерден жоғары бағаланды. Римдіктер тұтқынға түскен ғұнды ойланбастан әскер қатарына алған. Ал готтардың тұтқынға түскен адамдары құлдықта ұсталған. Осыған қарап ғұн жауынгерлерінің империя үшін аса қажетті әскер санатын толықтыратын теңдессіз адамдар болғанын білуге болады. Мысалы, тұтқынға түскен Хелхал атты ғұн жігіті Рим әскерінің қолбасшысына дейін көтерілген еді.

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады. Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады.

Бледа Аттиланың Визхантияға бірінші және екінші жорықтары арасында қайтыс болады. Рим тарихшылары 445 жылғы бауыры Бледаның өліміне Аттиланы кінәлі деп санады: «Аттила, ғұндар патшасы, өзінің ағасы Бледаны және патшалық бойынша жақтасын өлтірді және оның халқын өзіне бағынуға мәжбүрледі» [1]. Алайда Бувье-Ажанның пікірі бойынша, өлтіру туралы болжамның астарында негіздеме жоқ. Ол былай жазады: «Әбден біткен меңіреу Бледа ағасын ештемеден қыспады, ол ешқашан қанша ниеттенгенмен, сәтті қастандықты ұйымдастыра алмаған болар еді; Бледаға оның сауық-сайран өмірі әбден ұнайтын, оған қосалқы тапсырмаларды сеніп тапсырған кезде, ол ешбір қуанышты сезінген жоқ; оның пайдасы да, зияны болған жоқ. Аттила ағасын қызметке араласпағандықтан да қыспаққа алған жоқ» [3, 26-б].

Батыс зерттеушілері Аттиланы қанша жек көрсе де, оның керемет шешен, айлакер саясатшы, мәмілегер дипломат, ұлы қолбасшы, дарынды ел басшысы екенін мойындайды. Аттила өз еркімен қақпасын ашқан қаланы қиратуға жол бермей, тек салық алумен шектелген. Ал қарсылық көрсетіп, ғұн сарбаздарының қаны көп төгілген қалалар сөз жоқ талқандалды. Аттиланың бұл әрекетін біз кейінірек ұлы қаған Шыңғысханнан да көреміз. Аттила алдап-арбау, озбырлық, уәдені орындамау, қастандық деген нәрселерге көз жұмып қарамайтын. Сондықтан да көптеген басқа тайпаның басшылары «Римнің сыйлы азаматы болғанша, Ғұн билеушісінің қызметкері болуды» артық санаған. Көптеген Еуропа корольдері Аттила сарайына өз балаларын жіберіп, оның ел басқару өнерін үйренуді насихаттаған.

Аттиланың сыртқы келбетін жан-жақты суреттеген тарихшы Иордан былайша сипаттайды: «Ол халықтарды тітірентіп, елдердің барлығына үрей үймелетіп, барлық жерде өзі туралы өте кең ұғым таратқан еңіреген ер еді. Оның қадамдары паң, қарағанда жанары ұшқындап, дене қозғалыстарының өзімен аспандаған өз қуатын айғақтап тұратын. Соғысты сүйетін ол тіршілікте қайырымды, бір рет сенгенге мейірбан болатын. Сырттай қарағанда тапал, кең кеуделі, кішкентай көзі сығырайған, бурыл тарта бастаған сирек сақал, тәмпіш мұрын, терісінің түрі адам жиіркенгендей ол өз тегінің бар белгілерін паш еткендей» [1]. Өкінішке орай, біздің дәуірімізге дейін Аттиланың бірде-бір тірі кезіндегі портреті жетпеген.

V ғасырдың 40-50 жылдары Аттила басқарған ғұндар империясы көптеген герман тайпаларының көсемдері көмекке жүгінетіндей күш алды. 448 жылы Атилланың қабылдауында болған елші Прийск Панийский «Византия тарихы» еңбегінде былай деп жазады: «Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді».

Ол V ғасырдың 30-40 жылдары Аттила империясының қуатты болғаны соншалық, басқа халықтар мен мемлекеттер ғұндар империясымен санасуға мәжбүр болғанын ашық мойындайды.

Прискінің Аттиланы кескіндеуі қызық-ақ: «Сыртқы тұрқы аласа, кең кеуделі, домалақ басты, сығыр көзді, сирек мұртты, шашына ақ кіре бастаған жалпақ танау, терісінің түсі сұрықсыз. Ол сонысымен өз жаратылысының барлық белгілерін танытады» [8. 595-596 б.б].

Ғұндар империя аумақтарындағы соғыстарын жалғастыра берді. Қазір анықталмай отырған Дунай өткелдерінің бірінен империя территориясына басып кірген олар өзеннің оңтүстік жағалауында орналасқан қалалар мен бекіністерді тонайды. Виминаций қаласының алынуы ғұндардың бұл компаниядағы бірінші ірі жеңісі еді. Қаланы басып алған ғұндар оны жермен-жексен етті. Бұл қайғылы оқиға шекаралық қалалар үшін үлкен қасірет болып, олардың қобалжуларына алып келді.

Көптеген зерттеушілер Присктің Аттила туралы жазбаларын жоғары бағалайды. Мысалы, З.В. Удальцова, ерте византиялық жазушылардың бірде-бірі ғұндар королі Аттиланың натурасынан айқын көшірілген өмірдегі шыншыл портретін Приск сияқты қалдырған жоқ екенін айтады. Аттиланың артық күй талғамайтын қарапайым қасиеті жайлы рим елшісі Приск сүйсіне айтады. Қолбасшының Рим елшілігін қабылдауын ол былайша суреттейді: «Барлық жабайылар мен біз үшін күміс табаққа салынған сан түрлі дәм қойылды, ал Аттилаға ағаш табаққа салынған ет қана тартылды. Ол өзінің қарапайымдылығын сақтай отырып, алтын, күміс ыдыстармен меймандарды сыйлады, өзі ағаш ыдысты ұстады. Киімі де өзгелерден айырмашылықсыз, тек мұнтаздай таза. Беліне байлаған семсері де, жабайы аяқ киімнің баулары да атының ер-тұрмандары да басқа скифтердікіндей (ғұндардікіндей) алтынмен, қымбат тастармен көмкерілмеген…» [4].

«Рим мен Константинополь Аттиланың билігін алу үшін өзара бәсекеге түсті және оған бай сыйлықтармен елшілер жіберді. Константинополь үкіметі және равендік аула ғұндардың жер қайысқан қолын басқа тағы тайпаларға қарсы қалқан ретінде пайдалануға тырысты», – деп жазады өз заманында ірі зерттеуші З.В. Удальцова.

Аттила әскері және соғыстары. Ғұн тайпалары Азиядан Еуропаға көшеді. Б.д.д. І ғ. солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қазақстан аумағына енеді. Таяу арада олар Еділ, Жайық және Арал теңізі арасында болып шығады. Ғұндар пайда болғанға дейін мұнда қаңғар тайпалары мен аландар және т.б. өмір сүрген. Үш ғасыр ішінде олар бәрі көшіп-қонған, ұлы державалар – Иран мен Рим империясымен саяси қатынастарға түскен. Ұлы көш-қоны дәуірінде ғұндар Еуропаға жылжыған, онда батыс әдебиет көздерінде ғұндар деп аталған.

Ғұндардың тарихы мен мәдениетін қарастырған кезде ғалымдар алдында еуропа ғұндардың шыққан тегі және олардың орталық Азия ғұндарымен байланысы туралы сұрақтар туады. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды.

Әрбір ғұн тағайындалуы бойынша, қолөнермен, кен кәсібімен немесе ауылшаруашылығымен айналысқанына қарамастан жауынгер болды. Отырықшы ғұн қаруын дайын ұстады, ал көшпенді оны ешқашан тастаған жоқ. Бірінші дабыл сигналы бойынша ғұндар бәрін тастап, әйелдері мен балаларын және қарттарды өздерімен күймелі арбаларға салып алып кеткен, соңында ол мүмкіндігінше сенімді бекініс қорғанышы астында қалдыруға тырысты.

Бұл бүкіл әлемді қалшылдатқан соғыстар болды. Кең мақталы халаттардың үстінен ұлттық қаруланған, теріден және аттың қылынан жасалған дөрекі күртешесі, ауыр дулығалары немесе бастарында үлкен тері құлақшындары бар, биік, тар ертоқымда отырған ғұндар мен басқа түрік тайпалары еуропалықтарға қорқынышты болып көрінді. Олар әрбір еуропалықтың үреймен қатар таң қалу сезімін тудыратын. Әрқашан мұздай қаруланған, соғыстан тозған көйлектері бар олар фантастикалық адамдар болып көрінетін. Христиан тарихшысы Аммиан Марцеллин оларды былай сипаттайды: «Они кочуют как скитальцы на своих телегах; эти телеги - их жилища, там сидят их жены... Ткут грубую одежду и держат подле себя детей... Они способны выносить всяческие неудобства и лишения, так как вовсе не употребляют огня и не умеют готовить хорошую пищу. Хунны как будто приросли к своим некрасивым, но крепким коням и делают свои обыкновенные дела, не слезая с них, сидя верхом, покупают и продают, на общественных собраниях тоже не слезают с лошадей. Они ловки, и лошади у них быстры. В сражениях они с криком бросаются на врага, построившись клиньями» [5, 157-158-б.].

Ғұндар Тәңірі аспанының Ұлы рухына табынған. Олар бес бейнеге енген бес қатерді мойындады және құдайсыздандырды. Бұл жер, металл, ауа, от және су. Олардың нақты нәрселері бес түс болды: сары, көк, қызыл, ақ және қара. Жауынгерлікті даңқты сақтауға тіпті үмітсіз жағдайдың өзінде, дін көмектесті, тәңірлік ұрыста өлімнен қорықпауға үйретті.

375 жылы (бз.д. IV ғ.) сол кезде Батыс Қазақстан даласы мен Еділ жағалауына көшіп-қонып жүрген ғұндар Донға ауысты, осы жерді билеген готтарды талқандады, бұдан кейін Доннан бастап Карпатқа дейін үлкен аумақты алды. Сосын олар Дунай жағалауларына жылжыды және қазіргі Венгрия аумағына тұрақтады. Ғұндарда жеткілікті түрде дамыған материалдық мәдениеті және қабырға бұзатын техникаға дейін әскери іс машықтары болды, олар жақсы қаруланған қарсыластарын талқандауға, оның бекінген қалаларын алуға мүмкіндік берді [6, 68-б.].

Біртіндеп ғұндар одан әрі батысқа енді, Шығыс Рим империясының шектеріне де жиі басып кірді. Олар Константинополь қабырғасына жақындады, Казказ маңы мен Месопотамияға шабуыл жасады (б.д. V ғ. бірінші үштігі), бай римдік және Дунай маңы провинцияларын басып алды. Шығыс Рим императоры Руғилаға жыл сайын 350 фунт алтын төлеуге міндеттеме алды.

434 ж. кәрі король Рона (Руғила) қайтыс болады. Римдіктер достық қатынастарды және келісімдерді бұзып, Ғұн империясынан қашқандарды паналатқан еді. Сол жылы Аттила сақадай сай көп әскермен дайын отырып Константинопольдегі Шығыс Рим императорына хат жіберді. Ол өктем түрде «қашқындарды тез арада қайтып бер, салықты уақытымен төле және алдағы салықтың мәселесін шешуге елшілеріңді жібер» — деді. Римдіктер бұл талапты орындамаған соң, ол көп әскермен баса көктеп кіріп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. Артын ойлайтын аса айлакер саясатшы Аттила Константинопольге жақындап келсе де қалаға кірмеген. Мәселені келіссөз арқылы шешіп, тиісті салығын алып кейін қайтты.

Аттила мен Бледаның византия провинциясы Иллирикке (жаңаша Сербия) алғашқы жорығы 441- 447 жылдары болды. Дунайда қалалардағы штурм және басып алуды тарихшы Приск көшпенді ғұндар өздеріне бағынышты халықтың құрылыс машықтарын пайдалана отырып, бекінген қалаларды қоршап алғанын жеткілікті түрде толық сипаттайды:

«Тұрғындар шайқасқа шығуға батылы бармағандықтан ғұндар, өз әскерлерінің келесі жаққа өтуін жеңілдету үшін қаладан төмен оңтүстік жағынан Нишаву өзені арқылы ағысы бойынша көпір салды және өздерінің машиналарын қаланы қоршаған қабырғаларға таяу әкелді. Алдымен олар ағаш платформаларды доңғалақтармен алып келді. Оларда әскерлер тұрды, олар бастиондарда қорғаушыларды атты. Платформалардың артында, «садақшылар» экран арқылы дәл ата алатындай, доңғалақтарды өз аяқтарымен итеретін және машиналарды керек жерге жылжытатын адамдар тұратын. Платформада жауынгерлер қауіпсіз шайқасуы үшін олар атқыш снарядтар мен өртегіш найзалардан қорғау үшін үстінен тасталған терілермен бірге өрілген қалың талдан жасалған экрандармен жабылған. Көптеген машиналар қабырғаға жақындатылған кезде қорғаушылар атқыш снарядтардың нөсерінен бастиондарды тастап кетті. Қорғаушылар қабырғалардан үлкен қой тастарды тастады. Машиналардың кейбіреулері қызметшісімен бірге жаншылды, бірақ қорғаушылар олардың көп санына қарсы тұра алмады. Варварлар тарандардың соққысымен тесілген қабырғаның бір бөлігі арқылы, сонымен қатар құрама сатылардың көмегімен өтіп кетті» [4].

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады.

Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. 448-449 ж. Рим басшыларының елшілері арқылы Аттилаға жасаған қылмыстары ашылып қалды. Аттила сонда Римнің екі империясымен де достық қатынаста тұруға болмайтынын түсінді. Ал герман тайпалары ше? Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады.

Басында Аттила Шығыс Рим Империясына ерекше қатер болып төнді. Өзінің талаптарын ұдайы арттыра отырып, ол император ІІ Феодосияны орасан алым-салық төлеуге мәжбүр етті және төменгі Дунайдың барлық оң жақ жағалауын өзінің билігіне бағындырды. Бұл туралы тарихшылар былай әңгімелейді. Аттила әскері Шығыс Рим Империясының астанасы – Константинополь алдына тоқтады. Рим императоры ІІ Феодосия Аттилаға бейбітшілік шартын жасасу үшін елшілер жібереді. Аттила одан алым-салықты алтынмен төлеуді талап етті [7, 36-б.]. Византияның ғұндармен бейбітшілік шарты Присктің сақталған үзіндісінде толық мазмұндалған: «Ғұндарға қашқындарды және алты мың литр алтынды [2 тоннаға жуық] беру, өткен уақыт үшін жалақы ретінде; жыл сайын екі мың бір жүз литр алтынмен белгілі бір алым-салық төлеу; қашқан (ғұндардан) және өз жеріне төлемсіз өтіп кеткен әрбір Рим әскери тұтқыны үшін жиырма алтын монета төлеу; егер оны қабылдаушылар осы бағаны төлемейтін болса, онда ғұндарға қашқынды беруге міндетті. Римдіктерге өздеріне қашып келген ешқандай варварды қабылдауы керек» [2].

Византия ауыр алым-салық төлеп шықты, 448 жылы Аттиланың жеңілген империяға келесі талаптары ғана қалды – ғұн жерінен қашқындарды беру және өздері басып алған Дунайдан Наиссқа және Сердикиге (қазіргі София) дейін созылған аумақтарда ауылшаруашылық қызметін тоқтату. Сол кезде Шығыс Рим императоры Теодор өледі, оның орнына жаңа император Марсиан отырады. Ол империяны германдықтардан, ғұндар мен Аттиладан қорғау үшін көптеген шаралар қолданды. Империяның басқа проблемалары мен өз жоспарларын ысырып тастап күшті Батысқа жібереді.

Сол кездері Батыс Риммен дипломатиялық қатынастарды жалғастырған ғұн ордасының елшісі Есіл болса, ал Шығыс Римге, яғни Константинопольмен елшілік қатынастарға Едіге барып жүрді. Едіге — Аттиланың туысқаны әрі ұстазы, белгілі қолбасшы, ғұн ордасындағы министрлердің бірі. Жыл өткен сайын ғұн империясы әбден күшейді. Оған керісінше Римнің екі империясы да күннен күнге нашарлай берді. Бұл кездегі екі Рим империясының басшыларының үміті — герман тайпаларын, яғни империяның талай жерін (Африканы, Испанияны, Галлияны қазіргі Франция) басып алған жауынгер корольдіктерді ғұндарға қарсы қойып, варварларды бір-бірімен қырқыстырып, жан сақтау еді.

448 жылы Аттила үлкен ұлы Эллактың Қара теңіз маңында акацирлер тайпасының көсемі етіп қояды. 449 жылы византийлық елші Анатолий мен Номға Аттиладан империяға Дунай маңындағы жерлерді қайтару және қашқындарды ғұндардан алып беру арқылы мәселені реттеу уәдесін алу мүмкіндігі болды. Присктің айтуынша «Аттиламен келіспеушілік тоқтатылды».

450 жылдың шілдесінде аттан құлап, император Феодосий қайтыс болады. 25 тамызда императордың қарындасы Пульхерия Византия тағына жаңа императорды, қол басшы Маркианды қояды, ол ғұндарға бұрынғы алым-салықты төлеуден бас тартады: «Шығыс императоры, Феодосийге тағайындалған алым-салықты төлеуге міндетті емес екенін хабарлады; егер Аттила тыныш қалатын болса, онда ол оған сыйлықтар жібереді, егер соғыс қатер төндіретін болса, онда ол оның күшінен қалыспайтын күшін алып шығады» [3, 68-б.].

Мизияны, Фракияны, Иллирикті тонап, ол өзінің шапқыншылығын Константинополь төңірегіне дейін созды, императорды көп сомасын өтеу беруге және ғұндарға оңтүстіктен Дунайға дейін барлық елін беруге мәжбүрледі.

Сосын Аттила өзінің жанарын, Батыс Рим империясынан алым-салық алу ойымен батысқа тікті. Ол Паннониядан жорыққа шықты, онда оның 451 жылы ірі ұтысы тұрды. Басып кіру нысаны ретінде ғұн патшасы Галлияны таңдады. Ол Рейннен өтті, көптеген Галлия қалаларын талқандады және тонады да, Луарда Орлеанға жақындады, бірақ оны ала алмады. Сосын Аттила әскерлерінің жолында Труа қаласы шыққан кезде тек жергілікті епископтың, қасиетті Луптың араға түсуі ғана оны талқандалудан құтқарды [5].

Осы оқиғаларды тарихшылар анағұрлым толық сипаттайды. Атилла вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке қарай асықты. Жол бойындағы көп қалаларға көңіл бөлмей Ремстен Орлеанға сапар шеккенде Шальн-Марле, Троя, Санс сияқты үлкен қалаларға тіпті қол тигізбеген. Ол өз мақсатын жақсы білгендігі соншалық, барлық нәрседен бұрыннан хабардар болса керек. Өз әскерін азық-түлікпен және басқа керек-жарақпен ұқыпты қамтамасыз етіп отырған. Орлеан стратегиялық аса қажетті қала болатын. Халқы мен әскері бес аптадан артық қорғана алмады, қақпасын ғұндарға өздері ашып берді. Осы кезде Галлияны билеуге Рим императоры жіберген белгілі қолбасшы Аэций келе сала көп шаралар қолданып жатыр еді. Мұның ақыры әйгілі Каталуния шайқасына жалғасты. Римнің белгілі қолбасшысы Аэций вестгот, алан, франк корольдерімен тіл табысып, Аттилаға қарсы көп әскер шығарды. Бұл шайқас бұрын сонды болмаған үлкен қырғын еді. Шайқастан соң майданда 165 мың жауынгердің өліктері қалды. Оның үстіне франк пен гепидтердің 15 мың жауынгер қаза болды. Рим жағында соғысқан вестготтар бұл шайқаста шешуші рөл атқарды, алайда оларға аса қымбатқа түсті. Олардың королі Теодор шайқас кезінде қаза тапты. Шайқас кезінде Аттиланың басына да көп қауіп төнді… Бұл шайқасты көзбен керіп, басы-қасында болған грек тарихшысы Прискінің жазбалары бізге жеткен жоқ алайда бір ғасыр кейін өмір, сүрген вестгот жазушысы Иордан жазбалары осы оқиға туралы негізгі дерек болып қалған.

Бір қатар авторлар осы оқиғаны келесі нұсқада мәлімдейді. Ғұндар Орлеанға дейін жетті де, Каталун жазықтығына бет қойды, Аттилаға қарсы келе жатқан Рим армиясы күтті. Осы уақытта Аттила әскерінде 100 мың түрік және 100 мың түрлі тайпалы жауынгерлер есептелді. Рим императоры барлық христиан әлемінен жауынгерлерді асығыс жинады. Рим туының астына Христ үшін және Рим даңқы үшін өлімге бас тіккен 200 мыңнан астам әскер жиналды. Каталун жазығында екі үлкен армия кездесіп, бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрды. Аттилаға қарсы Рим қолбасшысы Аесиус (Аэций) қарсы шықты. Ол әдемі, күшті еркек болған, атқа салт жүрген, садақтан оқ атқан, найза лақтырған кезде теңдесі жоқ болған. Ол ғұндарда екі рет болған: тұтқын ретінде және қуғындалушы ретінде. Герман және түрік тілінде еркін сөйлеген, осымен легионерлерді өзіне қаратқан. Аттила мен Аесиус (Аэций) бала кезден жақсы таныс болған, ал Каталун жазығында қарсыластар ретінде кездесті. Мұнда екі үлкен армия өліспей беріспейтін айқаста қауышты. Осынша жауынгерлердің бір жерде жиналғаны тарихтың есінде жоқ. Ұрыс басталды. Екі жақ та көп шығынға ұшырады, бірақ жеңу құштарлығы басылмады. Сұмдық кескілесу тәуліктер бойы жалғасты. Аесиус арынын ғұндардың одақтастары емес, солардың батырлары басты, олардың көбісі ұрыс даласында қаза тапты. Екінші күннің кешіне қарай Рим легионерлері шегінді. Бүкіл әлемнің түріктер жеңілмейтініне көздері жетті [8].

Аттиланың күші осы ұрыста әлсірегені соншалық, ол одан әрі бармай, Рейн сыртына, Германияға қайтып оралды.

452 жылы Аттила жаңа шабуылға шықты, ешкім қоршамаған шығыс Альпі арқылы Италияға өтеді, Аквилеяны талқандайды, Альтинум, Падуяны, Миланды және басқада көптеген қалаларды алады.

Атилла Дунай бойындағы ғұндар астанасы Этзелбургке (сол кездегі герман тілдерінде осылай аталады, біздіңше Еділқала) үлкен салтанатпен келді. Себебі оның жеңімпаз әскері соңғы жылдары қаншама жеңіске жеткен еді. Аттиланың кеңесшілерінің бәрі келесі жорықты Шығыс Римге жасау керек деп ұсыныс жасады. Әсіресе, оның үлкен баласы Эллак осынау жорықтың аса қажеттігін қызу қолдады. Эллак Еділ-Жайық пен Днестрге дейінгі территорияның билеушісі аса талантты қолбасшы болатын. Аттиланың Галлия мен Италия жорықтарына ол шешуші рөл атқарған еді. Ол өткір және аңғарғыш болғандықтан өз адамдарына [жауынгерлеріне] келесі ойды айтты: «Мына құстарға қараңдар, – деді ол, – болашақты болжап, олар өлім қатері төніп тұрған қаланы тастап барады; олар қалайтын бекіністен қашып барады, себебі оларға қауіп төніп тұр. Бұл тегін белгі емес, оны теріс санауға болмайды; оқиғаны алдын ала сезіну, қорқыныш алдында олар өздерінің әдеттерін өзгертеді». Одан әрі не болады? осы арқылы ол Аквилеяны жеңуге өз адамдарының [жауынгерлерінің] рухына дем берді. Қоршалған машиналарды қатарлап және неше түрлі атқыш қаруларды қолданып, олар бірден қалаға басып кіреді, тонайды, олжаны қаланың ізін де қалдырмастан бөледі» [5, 173-174-б.].

Аттила Рим қақпасына жақындайды. Астана, халық, сенат және папа – бәрі дүрлігуде болды. Берілуден басқа шешім қалмады. Сонда Аттилаға Римнің дін басыларын және император Валентинианның елшілігін ертіп, апостолдық сардардың киімін киген Рим папа шығып, барлық христиандықтар атынан Рим империясының жинақталған мәдени құндылықтары: тамаша сәулет ескерткіштері, ежелгі заманнан бері жиналған баға жетпес кітаптары, қол жазбалары бар кітап қоймасы тұрған қалаға тиіспеуін сұрады. Осы құндылықтарды жою әлемдік мәдениетке тиген соққы болары айқын болды. Аттила өзінің қарсыласының өтінішін тыңдады да, қалаға тиіспеуге шешті. Ол тек контрибуцияны алды. Папа I Лев, император атынан үлкен ақша сомасымен Аттиладан бейбітшілікті сатып алды, ол, оның әскерінде дамыған өлім-жітім және әр түрлі жағдайы бойынша соңғысына өте қажет еді [9].

Рим папа хатшысы Проспер өзінің хроникасында, папа Лев атақты римдіктерді ертіп, ғұн көсемімен кездесті және оны Дунайдың ар жағына кетуге көндірді деп жазды. Алайда басқа дереккөздер Аттиланың кетуін басқаша жариялайды: «Олар аспаннан жіберілген чумадан қырылды». Тарихшылардың пікірі, ғұндар арасында чума олардың Италиядан кетуінің анағұрлым шешуші факторы болып табылғанына ұқсас келеді. Әлем мәдениетінің ең үлкен орталығы бүтін және сақталып қалды.

Галлия көп уақыттан бері Римге бағынбайтын және 437 жылға дейін ғұн әскерінің көмегімен Аэций сол арадағы герман тайпаларын талқандаған болатын. Валентиниан Аэцийге егер ол Галлияны шапқыншылардан босатып, Римге қаратса, Галлияның билеушісі болатынын айтады. Бұл 451 жылдың басы еді. Аэций мен вестготтардың королі Теодор көптеген герман тайпаларын біріктіріп, Аттилаға қарсы орасан зор қол жинады. Мұндай шиеленісудің ақыры әйгілі Каталауния шайқасына әкеп соқты. Көптен бері Испанияны билеп тұрған вестготтарда үлкен әскер болды.

Көп ұзамай ұлы қолбасшы Аттила жер қайысқан қолымен Рейн өзені арқылы Галлияға қарай аттанды. Ол осы жорығы туралы: «Мен тек вестготтарды жазалауға бара жатырмын», — деп жариялады. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті. Галлия мен Бельгияның көптеген қалаларына ғұн әскері жақындап келгенде, көтерілістер бұрқ ете қалды. Әсіресе Париж бекінісіндегі көтеріліс ауқымды болды. Бірақ Аттила бекініс ішіне өтпеді. Дегенмен ғұн сарбаздары Галлияны түгелдей өз қол астына қаратып, ол арадан вестготтарды қуып шықты. Көптеген қалаларға ғұндар кірмегенімен, ғұн дегенде қала халңының қорқынышы мен үрейінің шегі болмады.

Аттила вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке асықты. Ремстен Орлеанға дейінгі жол бойындағы Шальн-Марле, Троя, Сана секілді үлкен қалаларға да тиіспей өткен. Алайда «бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» десетін батыстың әділетсіз тарихшылары көзді жұмып қойып, «Аттила жүрген жеріндегілердің бәрін қырып-жойды» деп жазды.

Аттиланың өлімі. Ең соңғы махаббаты оның басына қасірет әкелді. Бургунд ханының жесірі Ильдико сұлумен некелескен алғашқы түні ол көз жұмады. Күйеуінің өліміне қапаланып өшіккен әйел не оның сыртынан кездік ұрған, немесе некелесу рәсімінен кейін ұйқыда жатқанда біреулердің көмегімен буындырып өлтірген. «...Аттила франк сұлуы Ильдикомен қосылған неке түнінде кенеттен тұншығып өлді» деп нақтылай жазған Иорданның әңгімесіне орай, неміс жазушысы Феликс Данның «ғұн көсеміне Ильдико ажал құштырды (мас болып ұйықтап жатқан Аттиланы бұрымымен қылғындырып өлтірді-мыс)» деген болжамы заңды күдік тудырады. Бұл – тарихтағы бірінші оқиға емес, Шыңғыс хан және Қидан билеушісі Елюй Дашидың мұрагер ханзадасының да басынан өткен қайғылы жағдай. Әйгілі тұлғаны жерлеу рәсімі де құпия жағдайда өткен. Аттиланы жерлеу үшін алтын, күміс және темірден үш табыт жасалған. Марқұмның денесін үш табыттың қайсысына салғанын ешкім білмеген. Үш табыт түнде үш жаққа жөнелтіліп, жер қойнына тапсырылған. Аттиланың жерленген жері туралы түрлі болжамдар бар, бірақ бұл құпияның сыры әлі күнге дейін ашылмады. Мұндай құпиялық Шыңғыс ханның кезінде де қайталанды. Аттиланың қарсыластары мен түрлі елші-жаушылар Аттиланың алдында түрікше сөйлеуге тырысқан. Нәтижесінде үй, орда, ат-көлік, сауыт-сайманға қатысты біршама атаулар еуропа тілдеріне енген [1].

Аттиладан кейін ғұн ордасы ыдырайды. Бірақ олар Еуропадан кеткен жоқ.

Жаңадан құралған соңғы ғұн мемлекеті Уархун (Арғын) қағанаты деп аталды. 730 жылы қайтыс болған Баян хан уақытындағы ең күшті мемлекет болған. Ол VIII ғасырдың ақырына дейін өмір сүрді. Уархун қағанатының орнындағы мемлекет әлі күнге дейін ғұндар атымен Хунгрия (Венгрия) деп аталады.

Батыс Рим басшысы Аэций өлді. Себебі жер-жаһанның қаһары болған Аттила жоқ. Ендігі Рим басшысының орнына иек артатын жалғыз адам Аэций еді. Сондықтан Рим императоры Валентиниан Аэций орнымды тартып алады деп қорықты. Аэцийдің өмірмен қоштасуына ықпал етті… Көп ұзамай, Валентинианың өзі де өз адамдарының қолынан қаза тапты.

Сол жылы Генсерик (французша Жансерик) бастаған вандалдар Рим қаласына баса-көктеп кіріп, тонады. Олар 410 жылғы Аларих бастаған вестготтардың жасағандарын қайталады.

Бұрын Генсерик Аттиладан қорқып Римге кіре алмай жүр еді. Ендігі уақытта оның бетінен қағар, қаймығып қысылар ешкім қалмағаннан кейін, Римге кіріп, бассыздық істеп оны аяусыз таптады. Аттила мен Аэций өлген соң Римнің шын жанашыры қалмаған еді.

Аттила туралы аңыздар және әдебиет. Аттила туралы тарихи көздерде әртүрлі аңыздар мен хикаялар бар. Олардың кейбіреулері туралы айтайық.

Аттила қылышы. Иордан, Прискіні мазмұндай отырып, Аттиланың қалай «скиф» халықтарында қасиетті болып саналатын Марс қылышының иегері болғаны туралы тарихты мәлімдеді: «Қайсыбір бақташы, өзінің үйірінде бір бұзау ақсап жүргенін байқайды, бірақ оның жаралану себебін таппайды; абыржыған ол, қанның ізін, бұзаудың шөп жеп жүріп байқамай басып кеткен қылышына жеткенше бақылайды; бақташы қылышты қазып алады да, сол сәтте Аттилаға алып келеді. Ол сыйлыққа қуанады да, онсыз да өркөкірек бола тұра, бүкіл әлемнің әміршісімін және Марс қылышы арқылы соғыс құдіреті берілді деп, мұрнын көкке көтерді»

Прискқа дейін 900 жыл бұрын скифтер құрбандық, оның ішінде адамды шалған қасиетті қылыштар туралы Геродат әңгімелеген.

Аттиланың Гонория лақап аты. Византия тарихшысы және дипломаты Приск аңызы бойынша Рим императорының әпкесі Валентиниана Юста Гонория аула маңындағы шенеунікпен сүйіспеншілік байланысы және кәрі сенаторға күштеп тұрмысқа бергені туралы атап өтілген. Күйеуге шығудан қашу үшін Гонория сенімді евнухын Аттилаға сақина, ақша беріп, көмектесу өтінішімен жібереді. Гонория сақинасын оның әйелі болу міндеті ретінде пайдаланған Аттила Валентинианнан әпкесін оған күйеуге беруді және әпкесінің мұра бөлігі ретінде иелігінің жартысын беруді талап етті. Талабы қабылданбағаннан кейін Аттила кек алу үшін алдымен Галлияны шабады, ал сосын 452 жылы Италияға жорыққа шығады.

Оқиғаның замандастары, Рим папасының жақсы хабардар хатшысы және испан епископы Идаций өздерінің хроникаларында Гонорияның Аттиламен қандайда бір байланысы туралы еске алмайды. Кейбір зерттеушілер, аңыз нақты оқиғаларға негізделген болуы мүмкін екендігіне жол береді.

Қасиетті Луп және «Құдай шыбыртқысы». 451 жылы Галлияға жорығы кезінде Аттила Труа қаласын басып алады. Епископ Труа Луп қала қақпасына қарай шығады да, ғұн көсемінен Труаға кім шабуыл жасағанын сұрайды. Аттила: «Мен, Аттила – Құдай шыбыртқысы» деп жауап береді. Сонда момын епископ жылап тұрып былай дейді: «Мен, Алланың үйірін діндарлықпен қажытатын және Тәңірдің қамшылауын керек ететін Луппын». Осыдан кейін епископ ғұндар алдында қақпаны ашуға бұйрық береді, олар құдайдың еркімен көз жанарынан айырылады да, тұрғындарды байқамастан және ешкімге зиян келтірместен Труа арқылы өтеді.

1200 жыл шамасында Венгер корольдігінде, Аноним атауы белгіленген аула жанындағы кеңсе көшірушісі Gesta Hungarorum («Деяния венгров») жазды. Автор Венгерия дворяндығының барлық тарихын құрастырды, онда ол Аттиланы венгер корольдерінің негізін салушы етті. Аноним ізбасары Шимон Кезаи өзінің 1283 жыл шамасында жазылған «Венгерлер тарихында» Аттиланың бейнесін өрбітті және қазіргі уақытқа дейін Аттила Венгрияда атақты болып табылады.

Аттилла және ғұндар бейнесі Еуропа бейнелеу өнерінде де ерекше орын алады (Рафаэл Санти (1483-1520). Фердинанд Делакруа (1798-1863), Чека Улпиано (1860-1916). Еуропа мемлекеттерінде 6 ғасырдан соң Аттила бейнесі жасалған көптеген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен аталатын көшелер, оқу орындары, т.б. көптеп кездеседі. Орыс жазушыларының ішінде алғаш рет Евгений Замятин (1884-1937) «Аттила» атты драма жазды (1927). Алайда бұл шығарма тек 1996 ж. Алматыда қазақ драма театрында қойылды. Сондай-ақ, оның «Тәңір құты» (Бичь божий) атты романы да осы тақырыпқа арналған.

Шетел әдебиетінде Аттила бейнесі үлкен қызығушылық тудырады. «Тамаша адамдар өмірі» сериясында француздың тарихшы-медиевисті Морис Бувье-Ажанның «Аттила – Құдай шыбыртқысы» (ТАӨ сериясы, 2003 ж.) аударылған жұмысы жарық көрді. Эдвард Хаттонның «Аттила. Ғұндар басшысы» (2005 ж.) кітабы Уильям Нэйпирдің «Аттила» (Адам немесе әзәзіл) (2008 ж.) тарихи романы да оқырмандарды қызықтырады [2].

Қазақстан қоғамында билеуші Еділдің (Аттиланың) есімі де тарихта қалады. 2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын 100 теңге номиналымен және 13 мың данамен шығарды. «Аттила» монетасы 925 сынамалы күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38, 61 мм етіп шығарылды. «Аттила» монетасының бет жағында (аверст) атпен шауып келе жатқан жауынгер бейнеленген, ал теріс жағының (реверс) орта бөлігінде Аттиланың бейнесі бар ескі медальонның алтынданған бейнесі орналасқан. Төменгі секторда үш атпен шауып келе жатқан жауынгер бейнеленген, жоғарғы секторда шеңбер бойымен ағылшын тілінде «ATTILA THE HUN» жазуы және қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «406-453» сандары орналасқан. Санкт-Петербургте «Монетное созвездие-2010» халықаралық конкурсында «Жыл монетасы» номинациясында диплом алды, оған әлемнің 24 елінен 209 монета ұсынылған болатын.

Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндарды таныды. Еуропада ол көрнекті қол басшы ретінде атақты болды. Бұл туралы Аттиланың бейнесі бар алтын және күміс монеталар куәландырады, олар Еуропа мемлекеттерінде алты ғасыр бойы соғылды [10, 94-б].

Керей ханның қыстауы

$
0
0

Астана. 15 маусым. Baq.kz – Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Керей ханның қыстауы болған жер табылды. Бұл жаңалықты ғалымдар тарихи-археологиялық экспедиция жұмысы кезінде ашты.

Қазір олар толыққанды ақпар жинау үшін сол жерді зерттеуге кірісті. Археологтар тұңғыш рет «Ұлы көштің жолы» атты жаңа карта жасап шығарды. Осылайша, ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдығына екі бірдей тың жаңалық әзірлеп жатыр. Ғалымдар уақыттың тығыз болуына байланысты зерттеу жұмыстарын Жамбыл жерінен бастады. Олар Ұлы көштің Әулиеата өңірі арқылы жүріп өткен жолының картасын жасап шықты. Онда көштің бағыты, Қазақ хандығына қатысты жер-су атаулары, тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштер түсірілген.

Махметқали Сарыбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры:

- Талас, Сарысу, Шу және Мойынқұм. Осы төрт аудан бойынша. Бұл енді негізінен Саудакент пен Қозыбасы арасындағы осы кезең болып табылады. Бұл ғылыми тұрғыдан қарағанда тарихи жаңалық деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін бұл карта жасалған жоқ.

Сапар барысында сол кезеңнің куәсі болған 4 қалашық пен 5 тарихи ескерткіш картаға түсіріліп, ғылыми сипаттама жасалды. Ал негізгі жаңалық Мойынқұм ауданындағы Хан тауында ашылды. Ғалымдар бұрын-соңды нақты ғылыми деректермен негізделмеген Керей ханның қыстауы болған жерді тапты. Бұл орта ғасырдағы және хандық дәуірдегі қазақ тарихы үшін тың жаңалық болып отыр.

Мадияр Елеуов, экспедиция мүшесі:

- Қазақ хандығы кезіне жататын, тастан қаланған 8-9 бөлмеден тұрады. Қалыңдығы – 2 метр. Тастан қаланған қабырғасы бар. Бұл – қолда бар дерек. Сондықтан осы экспедиция өзінің алдына қойған мақсатына толықтай жетті деп ойлаймын.

Экспедиция оралғаннан кейін Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға еліміздің және Германия, Үндістан, Қытай сынды бірнеше мемлекеттің тарихшы ғалымдары қатысты. Олар да бұл деректерге аса қызығушылық танытып отыр.

Лин Мэйцунь, Пекин университеті археология және музейтану институтының профессоры:

- Конференцияда естімеген тың жаңалықтармен таныстым. Өте маңызды жиын екен. Қазір Қытай Қазақстан, одан кейін Орта Азия елдеріне өте үлкен көңіл бөліп отыр. Әсіресе Жібек жолына. Егер қазақ тарихшыларынан бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс түссе, қуана келісер едім.

Қазір ғалымдар Керей мен Жәнібек Хан тауында жерленуі мүмкін деген болжам айтуда. Оны анықтау үшін археологтар қайта зерттеу жүргізіп, экспедиция сапарын жалғастырмақ

Viewing all 132 articles
Browse latest View live