Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 »Тарих
Viewing all 132 articles
Browse latest View live

Үйсін мемлекеті

$
0
0

Үйсін мемлекеті

АСТАНА. 19 қараша. BAQ.KZ - Тегіміздің тамырына тереңдей зер салсақ, түрік тектес халықпыз, ежелгі Үйсіннің ұрпағымын. Отаным – Тәуелсіз Қазақ Елі. Арманым мен үмітім – Мәңгілік Қазақ елінің тұғыры биік, бағы баянды болғаны. Қасиетті қазақ даласы туған жерім, өскен ортам – алтын бесігім. Бар қазақ – менің бауырым! Қазақтың жазиралы кең даласы, дарқан елі – өрісім мен ырысым. Ел, жер тарихы арқылы қазақ халқының рухын, жігерін асқақтатып шынайы тарихы жазылатын уақыт келді. Осы елдің тек перзенті ретінде туған тарихым жайлы ой қосуды парызым санап, қолыма қалам алдым.

 

Халқымыздың тарихы – адамзат тарихының бір бөлігі. Зерделі зерттеу – шындыққа апаратын сара жол. Шындық көзі – деректер ақиқатын салыстыра зерттеу, байырғы хандықтар мен қағанаттар құраған көшпелі халықтар мен тайпалардың заманалар толқынында сапырылысу заңдылықтарын анықтау.
Қазақ халқының қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан жаңаша жазу – қазіргі кезең мен болашақтың ісі. Тарих «Біз – кімдерміз?» – деген сұрақтан басталары сөзсіз. Біз, қазақтар – көшпенділердің ұрпақтарымыз. Ұлы Даланы мекендеген, сақталып қалу мен даму жолында «мәңгілік қозғалыста» болған жауынгер көшпелі тайпалар кімдер? Сөзсіз олардың бір бөлігі – бүгінгі түркі тектес халықтардың арғы ата-тегі. Түріктер – ежелгі өркениетті халықтардың бірі, сақтардың түпкі тегі. Түрік – сақтардың қуатты далалық мемлекеті болған. Түріктердің түпкі отаны, алғаш отау тіккен жері – қазіргі қазақ жерінде орналасты. Қазақ халқы – түрік тектес халықтардың бірі. Тегіміз түрік!
Қазіргі қазақ халқы – үш жүз тайпаларына кіретін 169 рудың бірлестігі. Мыңдаған жылдар бойында халықтың тайпалық және рулық құрамы толассыз өзгеріп отырды. Бұл заңды құбылыс. Өмір сүруге ыңғайлы орта үшін бітпейтін толассыз соғыс рулар мен тайпаларды «желге ұшқан қаңбақтай» әртүрлі саяси бірлестіктерге (қағанаттар, хандықтар, т.б.) қосты. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүрді. Тарихта ізі қалмай «жоғалып» кеткен рулар, тайпалар, этностар баршылық.
Қазіргі қазақ халқының басты көпшілігі қалыптасқан мемлекет Қазақстанда тұрады, қалғандары негізінен ежелгі көшпенділер мекендеген Ұлы даланың бөлшектері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Монғолия жерінде шоғырланған.
Біз қазақтар отбасы құндылығын «пір тұтқан», «у ішсе руымен ішкен» бауырмал халықпыз. Әр қазақ – отбасының, рудың, тайпаның, жүздің, халықтың бөлінбес бөлшегі. Біз – біртұтас халықпыз. Біз көне заманнан өз жерінде тұрып келе жатқан текті, өнегелі, рухты халықпыз. Тұлымымызды азаттық, еркіндік самалы желбіреткен, жігері «құм» болмаған халықпыз. Қазақтың шексіз сайын даласының аңы мен құсы да еркіндікте үйренген-ді.
Көне шығыс Еуразиядағы өңірлер мен елдер туралы бірер сөз. Б.д.д I – мыңжылдықтың басында шығыс Еуразияда шаруашылығы мен мәдениеті бір-біріне ұқсамайтын қытайлық және ортазиялық екі үлкен өңір қалыптасты. Қытайлық өңір негізінен Хуанхэ (Сарыөзен) өзенінің бассейнін алып жатты. Ал ортаазиялық өңір батыстан шығысқа қарай Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейін, оңтүстікте Гоби мен Ордостан солтүстіктегі Байкалға дейінгі кең байтақ жерді қамтыды. Орта азиялық көшпенді тайпалар мал шаруашылығымен айналысты.
Билік, байлық, жер үшін тайпалар мен патшалықтар арасындағы қырғи-қабақ қақтығысулар мен дүлей соғыстар VII–III ғасырларда толассыз жүріп жатты. Қытай патшаларының арасындағы соғыс V – III ғасырда «патшалар соғысы кезеңінде» шегіне жетті. Б.д.д. 202 ж. біріккен Қытайда Хань династиясы билікке келді. Бұл кезде көшпенді тайпалардың арасындағы «өзара» қақтығысулар нәтижесінде түрік тектес тайпалардың үш күшті бірлестігі пайда болды. Олар – ғұндар («хунну», «суюнну»), юэчжілер («ұлыйозылар», «үйежылар», «жын жуандар») және үйсіндер («усунь»). Бұл тайпалар бірлестігі (мемлекеттер) Қытай империясының басты қарсыласы болды. Ғұндар Қытайдың (Хань империясының) солтүстігінде, юэчжілер мен үйсіндер солтүстік шығысында және шығысында мекендеді. Ғұндар өте қуатты мемлекет құрды, қытай және юэчжілермен бітіспейтін соғыс жүргізді. Юэчжілер қытайлармен, ғұндармен және үйсіндермен соғысты. Түптеп келгенде юэчжілерде, ғұндарда ханьдардан жеңіліп, ыдырап батысқа қарай қоныс аударды. Нәтижесінде:
Б.д.д. IV – ғасырда қуатты көшпенді мемлекет құрған юэчжілер б.д.д. III – ғасырдың соңына дейін ғұндардан басым болды. Б.д.д. II – ғасырда ширек ғасырға созылған соғыстың нәтижесінде юэчжілер ғұндардан ойсырай жеңілді де батысқа қарай қоныс аударды. «Ұлы юэчжілер» жол-жөнекей үйсіндерге шапқыншылық жасап билеушісі Нәнду-миді ((Нәнду-би) өлтіріп, олардың жерін тартып алды. Мұнымен толастамай, әрі батысқа қарай қоныс аудара берді. Іле бойы, Жетісуға келіп «шошақ бөрікті сақтарды» түрік тектес исседон, асиан тайпалар бірлестігін талқандап, олардың жерінде билік жүргізді. Жеңілген сақ тайпаларының бір бөлігі Солтүстік Индияға қашты, екінші бөлігі өз жерлерінде қалды;
Б.д.д. V – ғасырдан бастап Ұлы Далада көшпелі ғұндардың әскери-әкімшілік қағидасын ұстаған қуатты империясы күш ала бастады. III – ғасырдың соңында олар юечжілердің билігі мен күшімен санаспайтын болды. Хань империясы б.д.д. V - I – ғасырларда ғұндарға алым салық төлеп тұрды. Б.д.д. 71 жылы ғұндар қытайлардан алғаш рет ойсырай жеңілді, елі бөлінді. Б.д.д. II – ғасырдың бірінші жартысында ғұн тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қарай қоныс аудара бастады, Балқаш көлінің солтүстігінде Юэбань мемлекетін құрды. Юэбань мемлекеті V – ғасырда, сонымен бірге соңғы ғұндарда тарих сахнасынан кетті.
Келтірілген тұжырымдар аясында ендігі әңгімені «Үйсіндер» мен «Үйсін мемелекеті» тарихын зерттеудің өзекті кезеңдеріне бұрайық.
Үйсін – мемлекет пен халықтың аты. Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті туралы дәйекті деректер тек қытай жылнамаларында келтіріледі. Олар – Сыма Циньнің «Тарихи жазбалар» кітабының «Давән баяны» деген тарауы, Бань Гудың «Хан кітабының» «Усұн мемлекеті» деген тармағы. Деректерді ғылыми сараптардан белгілі қытай, жапон, батыс және қазақ тарихшылары өткізіп, дәлелді тұжырымдар жасады. Сапалы дәлелді зерттеу жүргізгендер қытайша және қазақша білетін қытай тарихшылары, қытайша білетін моңғол және жапон тарихшылары, Қытайда және Моңғолияда тұратын (тұрған) қытайша білетін қазақ тарихшылары. Батыс (орыстарда) зерттеушілері және өзіміздің отандық қазақ тарихшылары көбінесе шағын аудармалармен жұмыс істеді, сондықтан нәтижелері де шамалы болды.
Мақаланы дайындау кезінде негізінен мына ғалым – тарихшылардың еңбегі пайдаланды: Юй Тайши, Ду Ю, Ху Цютао, Чжан Сима, Ә. Марғұлан, Н. Мыңжани, Ж. Мырзахан, Н. Мухаметханұлы, С. Сұңғатай, Т.С. Досанов, Қ. Салғараұлы, Т. Омарбеков, М. Қойгелді.
Үйсіндер – қытай жазбаларындағы юн-синдердің бір бөлігі, түрік тектес тайпа. «Усунь», «уйшин», «үйін», «ушұн», «усұн» - «үйсіннің» қытайша бұрмаланған атауы. Казіргі қазақ халқының құрамындағы үйсіндер – ежелгі «үйсін» халқының ұрпақтары. Қазіргі үйсіндер 9 тайпадан құрылады – Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулат, Сіргелі, Шанышқалы. Ежелгі «үйсіндердің» сақталған тайпалары VI – ғасырда Батыс Түрік қағанаты құрамында, кейін қара-қытайлардың мемлекеті Батыс Лиау патшалығының құрамында болған (9 тайпасы). Үйсін мемлекеті көне қытай жазбаларында «Усунь-го» (wu-sun-gvo) деген атпен белгілі. Билеушісі «Күн әулетті» Күн –би (кунмо, гуньми, гуномо, күн-ли) аталған. Мемлекет астанасы Чигу (Чигу-чэн, Шығу, Шигу, Қызыл ойпат, Чие-шие-қызыл қала), жазғы ордасы – Өртекесте болған.
Үйсіндердің (усунь) көне мекені қайда болды? Көршілері кімдер еді, олармен қарым-қатынасы қалай дамыды? Кім қашан үйсіндерді жаулап алды? Үйсіндердің еңсесін көтеріп, қоныс аударып Батыс өңірінде қуатты мемлекет құруының негізі неде? Сұрақтар көп. Түрлі жауаптар баршылық. Негізі бар тарихи көзқарас мынандай.
Үйсіндердің көне мекені – қазіргі қытайлық Гансу Тянь-Шань өңірі, Монғол Арқасы мен Дүңхуан аумағы, Хуаннэ (Сарыөзен) өзенінің батыс аңғары. Олар б.д.д. VII ғасырдан бастап Шу, Іле, Жетісу өңіріне бірнеше дүркін қоныс аударды. Бұл өңірге бірден келмеген, аралықта Баркөл, Бесбалық және Манас арасын мезгілімен қоныстанып тұрған. Алғашқы қоныс аударушылар «шошақ бөрікті сақтардың» тайпалар бірлестігіне қосылған түрік тектес исседондар мен асиандар (батыс тарихи деректеріндегі атаулар). Ал байырғы мекендерінде қалғандары Хань әулеті кезінде «усунь» деген атпен қатқа түсті.
Осы жерде тарихи шегініс жасап «Ұлы юэчжілерден» жеңіліп, жерінен айрылған Үйсіндерге қайта оралайық. Шапқыншылықтан жеңіліп, аман қалған үйсіндер ғұндарға барып паналайды. Үйсіндердің болашақ Күнбиі Лйегяоми ержетіп талантты қолбасшы болады, ғұндардың шығыс шекарасын қорғауда ерекше көзге түседі. Осы еңбегі үшін ғұндардың шаниүйі Лаошан үйсіндердің күнбиі Лйегяомиге әкесінің жерін, юечжілер батысқа Жетісуға қашқаннан кейін, қайтарып береді. Еліне кеп есін жиып күшейген үйсіндердің билеуші Күнбиі енді батысқа жылжыған юечжілердің соңына түседі. Аспан Таудың терістік бөктеріне асыға жетеді, кегі кеткен юэчжілерді ойсырата жеңіп, Жетісудан қуып шығады. «Үлкен юэчжілер» енді батысқа Бактрия жеріне қарай кетеді.
Ендігі жерде Жетісуға қоныс аударған үйсіндер («усунь») жергілікті «шошақ бөрікті сақтардың» құрамындағы алғашқы түрік тектес исседон, асиан тайпаларын және жеңілген юэчжілердің (үйежылардың) қалғандарын қосып б.д.д. II – ғасырында (160-130 жылдары шамасында) Үйсін мемлекетінің іргетасын қалады. Үйсіндердің ел болып қауымдасқан жері мен қуатты мемлекет құрған аумағы Тәңір Тауының шығысы мен батысы, Іле, Жетісу өлкесі. Үйсіндер осында тәуелсіз мемлекет құрды. Үйсіндердің әуелгі және кейінгі көршілері: шығысында – Хань империясы мен юэчжи; солтүстігінде ғұндар мен хушие («хишин»); батыс терістігінде – кангюй (қанжүй); батысында – давэн; оңтүстігінде – түрлі шағын қалашық – мемлекеттер. Олар Аспан тауының күнгейіндегі шағын қалашық – мемлекеттер – Гумо, Гуйцы, Янцзы, Выньсу, Жиэнду. Тұрғындары – түрік тектес халықтар. Үйсін, ғұндар, юечжи, қангюй, давэн, хушие – бәрі де ежелгі түрік тектес халықтар.
Осымен Үйсін мемлекеті Батыс өңірде мекендеген елдердің ішінде аса қуаттысы болды. Енді бір-бірімен бітіспес соғысып жатқан Қытай мен ғұндар Үйсін мемлекетімен одақтасуға тырысты. Екі елде Үйсін күнбиіне ханшайымдарын әйелдікке ұзатты. Ғұндар мемлекеті әлсіреп, Қытай күшейе түскен кез келді. Хан патшалығы мен Үйсін мемлекеті арасында дипломатиялық келісім жасалды. Ғұндардың наразылығына қарамастан Үйсін мемлекеті Хан империясының одақтасы болып шықты. Олармен бірігіп үйсіндер «Солтүстік ғұндардың» Кангуй жеріндегі батысын билеуші Жыжы шәниүйін талқандайды. Осылайша «Солтүстік ғұн» мемлекеті б.д. 36 жылы өмір сүруін біржола тоқтатты.
Ғұндарды жеңген Хан империясына енді Үйсін мемлекеті қауіп туғыза алмайтын болды. Қытай ханшайымы Фың Лиоу дұркіреп келе жатқан үйсін елінің іштей ыдырап екіге бөлінуіне жағдай жасады. Ел екіге бөлінді, билеушілер – «ұлы күнби», «кіші күнби» болды. Екі күнбидің қытай ханшайымынан туған ұлдары мен ғұн ханшайымнан тараған балалары арасында күнбилік таққа таласу күресі шарықтап кетті. Үйсін Елі ішінен іріп, әлсіреді.
Үйсін мемлекетінің шарықтаған және құлдыраған кездері болды. Б.д.д. 136-181 жылдары сәнбилердің шапқыншылығына ұшырады, Шығыс Тянь-Шаньнан Орталық Тянь-Шаньға ығысты, ал IV – ғасырда Ыстық Көлдің батысына Талас, Шу, Жоғарғы Сырдарияға қоныс аударды. V – ғасырдың басында үйсіндер жужандардан жеңіліп тіпті, Памирге дейін жылжыды. V – ғасырдың екінші жартысында үйсіндердің жерінің бір бөлігіне юебаньдар қоныстанды. Сонымен үйсіндер Шығыс Тянь-Шаньнан бастап, оның батыс сілемдеріне дейінгі жерлерде, Сыр бойында Памирге дейін шашырап орналасты. Үйсін мемлекеті бір ел ретінде VI – ғасырдың ортасына дейін жалғасып, ақыры олар Батыс Түрік қағанатының құрамына қосылды. Үйсін мемлекетінің үрдісі Батыс Түрік қағанаты арқылы одан әрі жалғасты. Қорыта айтсақ, Үйсін мемлекеті б.д.д. II – ғасырдың ортасынан бастап қазіргі Қазақстанның Іле-Жетісу жерін, Қырғызстанның Ыстықкөл өлкесін және Қытайдың Іле аймағында мекендеген байырғы мемлекет.
Үйсін елінің жеке сипаттарына үңіліп көрейік:
Үйсін елінің дербес тілі, жазуы болған. Сақ-үйсіндер, үйсіндер б.д.д. V-ғасырда түрік тілінде руникалық таңбалармен жазбалар қалдырған. Хань мемлекетімен ғасырлар бойы сол өз тіл-жазулары арқылы саяси, мәдени, сауда-саттық салаларында ауыс-күйіс жасап келген. Әдеби білісі ұрпақтан ұрпаққа ұласып, үздіксіз жалғасып отырды. Талас, Есік, Кеген, Сарытоғай (Шарын өзенінің жағасы) жазбаларын жаңаша оқу үйсіндердің б.д.д. V-ғасырда көнетүрік тілінде руникалық хат таңбаларымен жазғанын көрсетеді.
Қорытып айтқанда жазбаларды (жазуларды) оқығаннан білгеніміз:
Үйсін, сақ-үйсіндердің б.з.д. V-ғасырдан мемлекеті, тілі, жазуы болған. Үйсіндер туралы, мемлекет одағын құрушы тайпалар туралы жазба деректер бар.
Аса көңіл бөлетін мәселе – қала мәдениеті. Тізбек-тізбек топталған оба, қорым, ел басқарушылардың жойқын қабірі түрінде, не тоналған ескі қалалардың жойқын үйіндісі түрінде бір ғажайып дүние көрініп, адамның бойын ерекше тартады. Үйсіндер ерте дәуірден қала мәдениетін жасаған мемлекет. Мәдениет белгілері орасан көп. Ол туралы деректер жазбаларда жарияланған. Үйсіндердің жойқын мәдениеті көп сақталған жер Іле өзенінің бойы. Оған құйятын Талғар, Есік, Талдыбұлақ, Асы, Шелек, Үш Меркі, Қарқара, Кеген, Шарын, Текес өзендері бойы, Қарқара және Текес жазықтары.
Үйсін шеберлерінің алтын, күміс, қола, асыл тастардан жасаған дүниелері өте мол. Кеген өзенінің бойындағы Ақтастыдан табылған әйелдің алтын алқасы, Есік қорғанынан шыққан салтанатты алтын киім, өзгеше көркемөнердің бір түрі – тәті (диадема), әйелдердің зергерлік бұйымдары, салт атқа мінген қанатты жауынгерлер, алтын мен күміспен әшекейлеп жасалған ер-тоқымдар (Ақтасты, Жалаулы, Қарғалы, Талғар, т.б.).
Үйсін мемлекетінің дамуына, астанасы Шығу қаласының және басқа елді мекендердің өсуіне негізгі себеп – Жібек жолының ең алғашқы, ең ертеңгі сілемі – солтүстік тармағы «дала Жібек жолының» Хань елімен Үйсін елінің аралығына түсуі. Негізгі сілемдері Шығу қаласы арқылы өтті. Шығу – «тоғыз жолдың торауы» болды. Үйсіндердің мәдени астанасы Шығуда «дөңгөлек үй», мұнаралы сарайлар, қонақ үйлер болған. «Дөңгөлек үй» – көк орда, көк күмбез. Шығу қаласын Үйсін күнбиі Елжау – бидің рұқсатымен қытай ханшайымы салдырған. Шығу қаласының орны туралы пікірлер қарама-қайшы шым-шатырық: Іле жазығында Қорғасқа жақын жерде; Іле өзенінің Балқашқа құйған сағасына жақындау жерде; Ақсудан 610 км солтүстікте – Нарында; Ыстық-Көлдің шығысында Қызыл Аңғарда; Қызыл-Су өзенінің бойында; Зауқы өзенінің шығысында; Текес өзенінің бойында; Ыстық Көлдің солтүстік шығысында Қызылқия тауында; Қарқарада – Мыңжылқы жайлауы немесе Құмтекейде.
Жол сілемдері Шығудан қаладан солтүстік батысқа Ыстық Көлдің солтүстігіне, оңтүстікке – Бедел асуы арқылы Ақсуға (Вэньсу), солтүстік шығысқа – Құлжаға, солтүстік батысқа – Есік, Талғарға таралып жатты. Жетісудағы басқа да елді мекендермен жергілікті керуен жолдарымен қатынасты. Демек Шие қала мемлекеттің әкімшілік, сауда, мәдени орталығы болған.
Жібек жолының Үйсін елінің тұлпарларын Хань елінің жібек бұйымдарына ауыстырудан басталғанын, жол бойы керуен сарайлардың салынғанын әйгілі қытай ақындары жырлаған. Оған далел – Ли Байдың «Тұлпар жыры», Бай Жуйдің «Теріскейдің тау жолы». Қираған көне керуен сарайлардың орны мен керуен жолдары қазір де Райымбек ауданында көптеп кездеседі.
Айта кетер бір жәйт: Үйсін мемлекетінің астанасы Шығуға жақын тауларда тау-кен өндірісі дамыды: Жарбұлақтан – алтын; Темірлік пен Тұйықтан – мыс, қорғасын, мырыш; Қулықтың тауынан – күміс, қалайы; Көміршіден – көмір; Шөладырдан – тұз өндірген. Кен орындарын өндірген жерлер белгілі. Өндірістің металлургия, металл өндіру және зергерлік заттар жасау салалары дамыды.
Археологиялық тұрғыдан қарасаң көптеген қорғандар, обалар, мазарлар, таңбалы тастар, тастағы жазулар, балбал тастар, меңгірлік тастар, көне тоғандар мен көлшіктер, қираған көне керуен сарайлары мен құрылыстардың орны көптеп кездеседі.Үлкенді – кішілі мыңдаған қорғандар, оның ішінде таңғажайыптары бар. Мөлшері мен биіктігі жерленген адамның ұлылығына сәйкес келетін өте үлкен 6 қорған бар, 3 қорған ерекше көзге түседі. Үйсін мемлекетінің ең дәуірлеген кезінде 6 биі болған. Үш үлкен – Күнби, Жуантөбе, Қараша қорғандарында кімдер жерленген? Бәлкім Үйсін мемлекетінің орнатушысы және ұлы үйежиларды жеңген Елжау-би, ғұндарды жеңген Оңқай би, кейіннен бейбіт өмір мен тыныштықты сақтай білген Силы би болар?
Осы арада басып және ашық айтатын бір пікір бар. Кезінде Үйсін мемлекетінің жері болған Іле жазығында мыңдаған қорғандар, олардың тізбектері «сан түзеп тұр». Абаттылары қаншама десеңізші? Текес өзенінің оң жағы мен Үйсін тауының етегінен Баркөлге дейінгі жазықтықта қытай археологтары мен тарихшылары оң мыңнан аса қорғандарды хаттап, картаға түсіріп, кадастарын жасап, анықтама беріп қойды. Жүздегені қазылды, талданып зерттелді. Бұл қорғандар «Үйсін қорғандары» деп аталады. Жоғарғы Текестің оң бетінде Шаты деген ауылдың маңында «Үйсін елінің астанасы Шығудың орны» деп белгі де қойды. Қытай ғалымдарына «Үйсін тауы», «Үйсін қорғандары», «Шығудың орнын» анықтап беріп, көне тарихымызды зерттеуге қосқан үлесіне алғысымыздан басқа айтарымыз жоқ. Ал біздікі не жөн?
Есік, Бесшатыр және басқа сол дәуірдегі азды-көпті зерттелген қорғандарымызды сақтардікі дедік. Ештен де, кеш жақсы. Барымыздың басын біріктіріп «Үйсін қорғандары» атауын қонысына қондырғанымыз жөн болар.
Осы орайда төмендегідей бірнеше ұсыныс айтқым келеді.
1. Өңірлік «Үйсінтану» ғылыми-зерттеу орталығын құру. Тұжырымдамасын қабылдап, нақты нәтижелер алуға арналған ғылыми жұмыстарының бағдарламасына сәйкес білікті мамандардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу керек.
2. «Үйсін мемлекеті тарихы» атты қомақты тарихи кітап дайындап, шығару. Кезінде құдыретті Үйсін мемлекетінің тарихқа танымал болуы, дамуы, құлдырауы, ыдырауының себептері мен салдарын дәйекті түрде талдап, нақты анықтау. Бұл бізге Мәңгілік Қазақ Еліне апаратын сара жолды салып, адаспай өтуімізге «ауадай» қажет. Үйсін мемлекетінің нақты тарихы қазақ халқы мен Қазақ мемлекетінің тарихын кем дегенде б.д.д. II – ғасырға (160-130ж.ж.) дейін ұзартады. Сонымен қатар үйсіндердің түрік тектес тайпаларының (исседондар, асиандар) б.д.д. VII ғасырдан бастап, негізінен б.д.д. V – III ғасырларда Солтүстік Тянь-Шань, Іле мен Шу бойына, Жетісуға орналасқанын ескертусіз қалдыруға болмас.
Үйсіндер мен Үйсін мемлекетінің қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ мемлекетінің құрылуында ерекше орны бар.
3. Эпитафиялық ескерткіштердегі жазбаларды жаңадан, «келте шалмай, келісіп оқып» мазмұнын, сырын анықтап қалың оқушыға жеткізу аса маңызды жұмыс. Түрік тілінде руникалық таңбалармен жазылған жазбалар арқылы Үйсін елінің дербес тілі мен жазуы болғанын дәлелдеу.
4. «Жібек жолының сілемдері мен тармақтары» атты жаңа атлас дайындап шығару. Көміліп қалған оңдаған (жүздеген) елді мекендер мен қалашықтардың, керуен-сарайлардың орны, керуен жолдарының ізі көрер көзге «мен мұндалап» шақырып тұр. Шығу қаласы мен басқа елді мекендердің орнын анықтап, белгі қою біздің борышымыз. Бұл үшін зерттеу жұмыстары әлемдік ғылымның даму деңгейіне сүйеніп, ілгері техника мен технологияларда пайдаланып жүргізілуі тиіс. Аса жоғары дәлдікпен түсірілген көпсалалы космосуреттер, ұшақпен зерттеу арқылы жасалған кейінгі топокарталарды пайдаланып мүмкін-ау деген «көміліп қалған» көне елді мекендердің орнын белгілеп, картаға түсіру. Анықталған жерлерде көп әдісті геофизикалық зерттеу жүргізіп, жерқұрылысын 20-30см тереңдікке дейін зерттеу қажет. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі «Көне қалашықтың орны бар ма, әлде жоқ па?» – деген сұраққа нақты жауап береді.
5. «Табиғат көріністері мен геотоптар» альбомын дайындау, шығару. Маңызды, күрделі тарихи оқиғалар өткен тау сілемдері мен жер беті объектілерінің суреттемесін беру. Тарихи оқиғаларды мерзіміне сай тізбектеп, анықтамасын айқындау. Тәңір тауы, Аспан тауы, Үйсін тауы, Әулие шоқы, Айғайтас ... «Аттарына, әрине, заттары сай болады».
6. «Үйсіндердің айбынды, ұлы қорғандары» альбомын шығару. Археологиялық және тарихи әдебиетте аты аталып, жазылып жүрген қорғандардан (Есік, Бесшатыр, т.б.) басқа орнын таппай, ескерусіз, зерттелусіз қалған қорғандар қаншама десеңізші? Шалкөдедегі – Айғайтастың 3 үйгентас қорғаны, Алтын қазған қорғандары; Қарқара жазығындағы – Күнби, Жуантөбе, Қараш, Қарқара қорғандары; Жалаңаш жазығындағы – Ордабасы қорғаны; Сатының қос қорғаны; Далашелектегі – жойқын Малыбай қорғаны мен Масақтың қос қорғаны. Орташа және кішігірім қорғандар мыңдап кездеседі. Обалардың, қорғандардың, қорғандар тізбегінің, бейіттердің кадастары жасалып, мемлекеттік есепке алынып, анықтамасы бекітілуі қажет.
7. «Таңбалы тастар» фотоальбомын шығару. Біздің жерде не көп? Таулар, қыраттар мен олардың сай-салалары. Көптеген сайдың ыңғайлы жартастарында көнеде салынған суреттер тұнып тұр. Зерттелгендері баршылық, зерттелмегендері одан әлде қайда көп. Олар шетелдіктерді де қызықтырады. Жылда келіп зерттеп жүргендерін көреміз. Ал онда біздің «шалқадан түсіп, мәз болып жүргенімізге» жол болсын. Барлық петроглифтер суретке түсіріліп, орны сандық карталарда анықталып, өздерін сипаттайтын кадастрлар жасалуы тиіс.
8. «Үйсін.kz» геопорталы ашылып жатса – бір ғанибет. Геоақпарат жүйелері (ГИС) мен технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып 4Д – уақыт – кеңістік ортасында тарихи оқиғаларды өз орнына орналастырып, интернет өрнектері арқылы мектеп оқушыларына, қалың жұртшылыққа зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пайдалануға ұсыну керек.
«Әуелі бұл шіркінді бастау қиын» демекші жұмыстарды тез бастап кету оңайға түспесі анық. Дегенмен, «көз қорқақ, қол батыр» ғой. Алғашқы жұмыстардың нәтижесі өз жалғасын көрсетері сөзсіз.

 

Ерғали Нүсіпұлы,
академик


Дубек Шалғынбаев

$
0
0

Шәуешекте өткен Дубек Шалғынбаев туралы не білеміз?

Шәуешекте өткен Дубек Шалғынбаев туралы не білеміз?

Биыл, яғни, 2012 жылы белгілі қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Дубек Шалғынбаевтің өмірден озғанына 65 жыл толды. Халқының ардақты ұлы тек 27 жас жасап өмірден озды. Осы за ғана ғұмырында қазақ руханияты үшін елеулі еңбектер атқарған Д.Шалғынбаев 1920 жылы қазіргі ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Шынжаң иниституты қытай тілі факультетіне түскен тұңғыш қазақ студенті болған. Дубек Шалғынбаев өмірі Шығыс Түркістан сынды саяси-географиялық маңызы өте зор аумақтың аумалы-төкпелі кезеңіне тура келеді. Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына баруы тегін емес десек, ал, Шәуешек қаласы – Тарбағатай аймағының орталығы болып есептеледі.

«Дубек Шалғынбаев не жұмыстарды атқарған?» деген заңды сұрақ туындаса керек. Шынжаң өлкесінің төрағасы Ахметжан Қасыми «Жас саяси қайраткер» деп бағалаған жас талап Шалғынбаев аз ғана ғұмырында мерзімді басылымдар ашып, қазақтың аңыз-ертегілерін қытай тіліне аударып арнайы кітап етіп баспадан шығарған. Қазақ өнері мен мәдениетін жалпыға нәсихаттау мен зерттеу жолында екі рет түрмеге түсіп, ауыр қинауларды басынан өткізген. Үш бірдей қоғамдық режимның тай-таласып тұрған тарихи кезеңінде туған халқының басына төнген ауыр халды көтеріп,  өзі бас болып театр қойып, әр түрлі басылымдар ашып, лекциялар ұйымдастырып, халық арасына білім шуағын төккен. Д.Шалғынбаев қытайдағы қазақ тілінің өлшемге түсуі мен жазба әдебиет теориясының негізгі жүйесін жасаушылардың бірі ретінде аталады. «Ертарғын», «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр» сияқты халық арасында кеңінен таралған батырлық-ғашықтық жырларды сахнаға бейімдеп, театр мәдениетінің қалыптасуына да үлкен үлес қосқан.

Шалғынбаев өмірі мен атқарған қоғамдық жұмыстары Алаш идеясының Шығыс Түркістанда заңды жалғасын тапқан ұлт жолындағы күрестер екенін де айта кету керек. Бүгінгі күнде Дукең мұраларының көзіндей боп Шәуешек қаласында Дубек ансамбльі құрылып, Дубек Шалғынбаев атына көше беріліп, әлеуметтік іс-басқармасы жұмыс жүргізіп отырса, Дубек шағын ауданы құрылған. Д.Шалғынбаевтың рухани мұрасы әлі күнге толық зерттеліп, ашылған жоқ. Бәтіш Ақынқызы «Дубек» атты тарихи деректемесі «Қытай Ұлттары» баспасынан жарық көрсе, Оразбек Әбділұлының «Дубек» атты романы 2004 жылы «Шынжаң халық» баспасынан қалың оқырманға жол тартты. Ал, қазақ еліндегі оқырманға Дубек Шалғынбаев есімі тек Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың қатарында аталып қана БАҚ беттерінде жарияланып жүр. Шалғынбаев есімі тек қытайдағы қандас бауырлар арасында ғана емес, қазақ елдігі мен егемендігі жолында өмірін арнаған арыстармен тең аталуға тиіс.

Мейіржан Әуелханұлы

ақпарат minber.kz сайтынан алынған

Шумерлер түркілердің атасы ма?

$
0
0

Шумерлер түркілердің атасы ма?

19-Қазан, 2013 |

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ. Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген. Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде эсер еткен болса керек», — деп жазады. Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер. Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты. Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған. Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты «Гиль-гамеш туралы аңыз» қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы жайында фөлсафалық толғаулар айтылады. Шумер мәдениетін зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының Варка қаласы) негізгі бас шаһар болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің Ларса, Лагаш, Умма, Аратта, Шу-руппақ сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы түрғындары — шумерлердің діни наным- сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз қүдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер өлемнің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Аны» — аспан, «Киі» — жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер иесіне «Ки» деген атақ берген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам қүдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Осы орайда Шумер мәдениетіне байланысты ғалымдардың бүлтартпас деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Төурат пен Ӏнжілді қүдай сөзі, не болмаса қүдай сөзін қаз-қалпында жеткізген пайғамбарлар уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының үшқыр ойының жемісі деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған жазба деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Тәураттың-шумерлердің мифологиясы аңыздары мен дастандарының көшірмесі екендігі айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп, шоқтығын биіктете берері сөзсіз.

Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу жүйесін қолданатынымыз- ды айтсақ та жеткілікті сияқты. Шумер мәдениетінің тағдырына келсек, шумер елі шапқыншылыққа ұшырап, б.з.д.б. 3-мыңжылдықтың аяғында семит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан кейін Вавилон, Ассирия мемлекеттері орныққаннан кейін де бүл өркениет адамзат медениетінің теңдесі жоқ үлгісі болып қала береді. Ол өзінің ішкі рухани қуаты мен ізгілік мүраттары арқылы қайтадан жаңғырып, бүгінгі заман бейнесінен қайта көрініс тапты. Осы орайда шумерлердің байырғы отаны Евразия қүрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында болғандығы жөніндегі тарихи деректерді ескере отырып, шумерлер өркениеті мен түркі әлемі мөдениетінің өзара тығыз байла ныста болғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Қазірдің өзінде шумер тіліндегі 400-ден аса сөз түрік сөздеріне үқсас сияқты толып жатқан ғылыми түжырымдар осы пікіріміздің айқын дөлелі сияқты. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хаммурапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вавилон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродоттың жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық жаңалық ашып, осы бір ұлы мәдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді. Қос өзен бойының байырғы түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылық, бір жағынан ол қүнарлылық, береке көзі болғандықтан болса, екінші жағынан бүл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан жарықтарына жай ғана табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни жұлдыздарды бақылап зерттеуде тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған. Вавилон абыздарының ілімі бойынша адамдар құдайға құлшылық ету үшін балшықтан жаратылған. Вавилондықтар көп құдайларға табынған, солардың ішіндегі ең бастылары: Шамаш — Күн құдайы, Син — Ай құдайы, Адад — Жауын- шашын құдайы, Нергал — Өлім құдайы, Ирра — Соғыс құдайы, Вильги — От құдайы. Вавилон құдайларында адамдар бойынан кездесетін барлық қасиеттер табылды. Олар да адамдар сияқты жанұя құрып, ұрпақ жалғастырды, байлық пен мансаптан да бас тартады, күншілдік, даңққұмарлық, өз мүддесін ойлау, түрақсыздық сияқты жат қасиеттер оларға да төн болды. Адам тағдыры осы қүдайлар қолында болды, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай білді. Абыздар шынында да көп білетін — бұған абыздар ортасында дүниеге келген Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау және сиқыршылықтың түрлері абыздар мен жүлдыз есептеушілердің ғана қолынан келетін болған. Міне, сондықтан да олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғаттан тыс дүние есебінде құрметтелген. Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттердің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Грек-рим мәдениетінің арасындағы өзара байланыс қандай болса, ассириялықтардың өздерінің оңтүстіктегі көршілері вавилондықтарға қатысы да сондай болды. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалымдар Ассирия патшасы Ашшурбанилпал (б.з.д. 665—635 ж.) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса қүнды шығармалары бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішіндегі ең әйгілі, ең бай бүл кітапханада вавилондық өдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ал осы сарайдан табылған «өліп бара жатқан ұрғашы арыстан» (б.з.д. VII ғ. Лондон. Британ музейі.) —дүниежүзілік маңызы бар өнер туындыларының қатарына жатады. Денесіне садақ қадалып, енді ең соңғы күшін жинап алып орнынан көтерілуге әрекет жасап тұрған бұл ұрғашы арыстан трагедиялық ұлылыққа бөленген. Жан тапсырар алдындағы аласапыран сәтті мүсінші өте әсерлі де, нақты бере білген. Б.з.д. Ассирия өнері патшаның билігін, оның құдіретін дәріптеді. ӀӀ-Сарон патшаның (б.з.д. VII ғ.) сарайында адам бейнесіндегі аса зор, әрі айбынды қанатты бұқалар бейнеленген. Әрбір бұқаның тура бес аяғы бар. Осы бейнелерді көргенде: «Артық аяғы не үшін қажет болды екен?» — деген сұрақ еріксіз ойға келеді. Белгілі ғалым Л. Любимовтың пікірінше, «Бүлар қайырымды кемеңгерлер, патшалардың салтанатты сарайларын жаулардан қорғаушы күзетшілер, сарайға кіруші әркім жанынан өтіп бара жатқанда — ауыр салмағымен, қозғалысынан, ал алдынан қарағанда —одан да кем соқпас айбарлы сабырлылығымен зәре-қүты қалмай қорқып тұруы үшін оған артық аяқ жасалған». (Любимов Л. Ежелгі дүние өнері. — Алматы,1980. — 124-бет). Ассирияның Алдыңғы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Осылай алдыңғы Азияда өз үстемдігін басқа да елдерге орнатқан жаңа мемлекет орнықты. Оның құрамына Вавилон мен Ассирия, Кіші Азия мен Египет, Мидия, Армения, Сирия және Орта Азия да енген болатын. Өзі бағындырған халықтардың мәдениетінен сусындаған Иран мәдениеті негізінен Шумер өркениетінің әсерімен қалыптасқан. Олай болса «Иран шумерлік мәдениетінің екінші үйі болып табылады» деген А. Тойнбидің пікіріне қосылмасқа шарамыз жоқ. Иран мәдениетінің шарықтаған кезеңі — Ахменидтер династиясының үстемділігімен (б.з.б. VI—IV ғ.) тұспа-тұс келеді. Ахменидтік иран өнері, ғалымдардың пікірінше, нағыз сарайлық өнер болды. Бірақ Ирандық өнерде сабырлылық пен байсалдылық сарын болды, ассириялықтардың өнерінде байқалатын мейірімсіздік — қайырымсыздық қасиеттер кездеспейді десек те болады. Ең бастысы — мәдени мирасқорлық дәстүр бүзылмай сақталған. Ирандық бейнелеу өнеріне аңдарды, олардың ішінде қанатты бұқаларды, арыстандар мен барақ иттерді (ұзын жүнді иттің бір түқымы) бейнелеу — осы өнер саласындағы басты элемент болып қала береді. Мысалы, Ассирия сарайындағы сияқты Пасаргадыдағы, Персопольдегі және Сузыдағы сарайлардың қақпасының алдында айбынды қанатты бұқалар орналасты. Басқа мәдени мұраларға еліктей отырып, парсы сәулетшілері өнері саласында талай тамаша жаңалықтар ашты. Солардың бірі — «ападана» болатын, яғни түрлі-түсті тастардан жасалған, тұтас орман тәрізді жүздеген жеңіл, тіп-тік көп колонналы тақ залы. «Патша сарайларының сән-салтанаты өткен ғасырларда басқа мемлекеттерде жасалғанның бәрін дерлік басып өтті», — деген ғалымдар пікірінің ақиқаттығына сәулетшілік өнердің әрі әдемі, әрі үйлесімді ескерткіштері айқын дәлел бола алады. Иранның сарайлық өнері — мерекелі де, салтанатты өнер болды, тіпті жеңістерді дәріптегеннің өзінде де қатыгездіктен ада таза өнер екендігін көрсете білді. Иран өркениетінің тірегі — зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның философиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор эсер етті.  Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдардың айтуынша, Заратуштра грекше «Зороастр» деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан «түйелі адам», «түйе жетектеген адам» деген мағына береді. Зороастризмнің қасиетті кітабы — әдеби және мәдени жәдігер «Авеста». «Киелі Авеста кітабы» ежелгі мәдениеттен хабардар етіп қана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлұматтар беріп, көне тарих беттерінен сыр шертеді және ежелгі Иран тілдерінің ең ежелгі, ең қүнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. «Авестаның» зороастризм жайындағы көп нүсқаулары бізге толық жетпеген. Оның ең көне бөлігі «Гат» деген атпен белгілі. «Киелі кітапты» — энциклопедиялық туынды деп қарастырсақ та болатын сияқты, өйткені мүнда түрлі ғылым салаларымен қатар, заңдар туралы, адамгершілік хақында толып жатқан қызықты деректер кездеседі. Сонымен қатар «Авеста» тарихи ескерткіш те болып саналады. Мұнда ұлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталған зороастризм діні туралы мағлұматтар осы «Авеста» арқылы біздің заманымызға дейін жетіп отыр. «Киелі кітапта» адамның ақыл-ойы, оның өсіп-жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыстарға жетуі және т.б. өмірлік мәселелер жырға қосылады. Сонымен қатар, әділ патша билігі, жарқын өмір сүру, тату-тәтті қарым-қатынастар орнату, іс-әрекетті ақылмен жасау, адал еңбекпен күн көру, адамдарға шексіз қайырымдылық жасау сияқты өмірлік мәселелер сөз болады. Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің — жақсылық пен ізгіліктің құдайы, нұрдың, өмірдің, ақиқаттың рәмізі Ахура-Мазда мен зұлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі — мейірімді қүдай Ахура-Мазда да, екіншісі — мейірімсіз қүдай Анхра-Майнью. Бұл діннің аңыздары болашақ жайындағы күрделі ілімді де уағыздайды. Олардың болжамынша, дүниежүзілік тарих 12 мың жылға созылады, оның үш мың жылы «Алтын ғасыр кезеңі», яғни құс үстіне бозторғай жүмыртқалайтын заман болады. Бүл дәуірде ауру да, өлім де, аш-жалаңаштық та адамды қинамайды. Иран өркениетінің тағы бір жетістігі — ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар-жоғы 43 таңба қалған. Б.з.б. IV ғ. Иранда Сасанидтер династиясы үстемдік етті. Олар өздерінің ата-тегін құдайлармен байланыстырды, табиғат күштеріне сыйынды, отқа, суға табынды. Өкінішке орай, Сасанидтер династиясының көптеген мәдени мұралары әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты құрып кетті. Гүлденген Сасанидтер мәдениетінен қалғаны — патша сарайлары мен сәулетті храмдардың үйінділері, ондаған алтын, күміс ыдыстар, парсы кілемдері мен жібектің қалдықтары ғана. Сөйтіп, адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамаларының бірі болған бұл мемлекет те құлады. Б.з.б. IV ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.

Менің арғы атам - Төлек атай

$
0
0
Төлегетай – ғұндардың жауынгерлік ұраны
Төлегетай – ғұндардың жауынгерлік ұраны Осы жылғы қазан айының бел ор­тасында Қызылорда облысының Жа­ңа­қорған ауданындағы Әбдіғаппар ауы­лы аумағында Төлек атай мен Қы­­лышты қожа кесенесі ауласында осынау данагөй бабалар құрметіне бай-берекелі дастарқан жайылып, ас берілді. Бұл асты өткізу реті қалып­тасқан дәстүр бойынша Алматы қала­сындағы қандастарымызға тиген екен.
Сыр бойындағы дүбірлі думан, ағыл-тегіл асқа негізінен Найман бабамыздың әр аймақ пен әр облыстағы тұқым-тұқиян­дары, Төлегетайдың төрт немересі, яғни Қытай бидің кіндігінен тараған Қаракерей, Төртуыл, Матай мен Садырдың игі-жақ­сылары келген екен. Әр тараптан ат тер­летіп келген Ата балалары құшақтарын айқара ашып, біріне-бірі қошемет білдіріп жатыр.
Дәстүрлі басқосуға Талдықорған өңірі­нен де Төлегетай бабаның бір топ өрендері келгенбіз. Бұл құрамда Алматы облысы мен Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, «Нақ Бірлік» қоғамдық қорының президенті Аманғазы Шегіров, Алматы облысы мен Ақсу ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Оралбек Жақиянов, облыстық мемлекеттік сараптама мекемесі директорының орынбасары Нүкен Сұлтан­беков, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Болат Бисұлтанұлы, «Тасымал» ЖШС директоры, белгілі кәсіпкер Жанат Жолдо­ғұтова, облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Салауат Сәрсембаев, ақындар Дубек Мұсанов пен Қаныша Райыс атты туыс­тарымыз болды. «Семей – Қызылорда» жүрдек пойызымен Жаңақорғанға келіп жеткен Төлегетай баба ұрпақтары ілтипат­ты, жылы шырайлы қабылданып, жайлы үй­лерге жайғастырылды.
Сөз реті келгенде Төлегетай (Төлек атай) Сүйінішұлы туралы мына жайттарды ықшамдап айтуды жөн көрдік. Бұл қасиетті кісі өзі өмір сүрген дәуірде қазақ елі мен жерінің тұтастығы үшін тәуекелге бел буған айбынды тұлға. Ол аласапыранда Найман ұлысының құрыш білекті, от жүректі ұл­дарының басын біріктіріп, елін Алтай, Тар­бағатай, Жетісу жерінен Сыр бойына бас­тап келіп жайғастырған сайыпқыран, шоқтығы биік елбасы. Найман ұлысының арқасүйер асқары, бірлігі мен тірлігінің алтын діңгегі. Төлегетай баба мен Қылышты қожаның мазары жаңартылып, бұрынғы ескі орнында 2008 жылы бой көтерген екен. Бабамыздың зиратының төменгі жағында жерленген Қылышты қожа екеуінің жастары шамалас дегенмен Қылышты қожаның жолы үлкен, ол – Төлегетайдың қайын атасы болады. Төлегетай атаның ұлы Қытай би Қылышты қожаның жиені, ол Қаракерей, Төртуыл, Матай, Садыр оның жиеншары екені түсінікті. Кейбір деректерге қарағанда Қылышты қожа Перғана уәләятында сұл­тан болған, ешкім оның туған және өмірде қайтқан жылдарын дөп басып айта алмайды. Дегенмен әкесінің аты – Камалидден, ұлы әкесі Жамалидден шейхтар, арғы аталары Мекке шаһарынан шыққан деседі. Кейбір деректер Төлегетай баба Қылышты қожаның қызын алып, соңынан оның қойын баққан кісі болды деп көрсетеді. Ақиқатында Төлегетай бабамыз қойды да, ойды да бақ­қан ақылдың иесі деген жөн. Ол осында жүріп, сыртқы барлау қызметін мойнына алған, арабтар мен парсылар тарапынан ықтимал басқыншылық әрекет-амалдарды қас қақпай күзеткен, сол арқылы өз елінің тыныштығын көксеген қыранның өзі. Осы арқылы Отанын шеттен келуі ықтимал қа­терден алдын ала сақтандырған ер. «Төле­гетай баба» халықаралық қоры осы жайлы зерттеулерін жалғастырып, нәтижелерін қорытындылауды алдағы жылдар жоспарына енгізіп қойыпты.
Төлегетай баба мен Қылышты қожа кесенесі қазақ сәулет өнерінің таңдаулылары қатарындағы тарихи-мәдени ескерткіш саналады. Оның ішкі-сыртқы келбетінен қазақ даласында талай-талай ұлылар өмір сүріп, ұрпақтарына үлгі-өнеге көрсеткенін се­зінеміз.
Алып кесененің қас бетіндегі айшықты жазулар өткен ғасырлардан сыр айтып тұр­ғанға ұқсайды. Мысалы, ХІІІ ғасырды зерттеген әйгілі шығыстанушы Томас Кос­тейн:
– Наймандар Шығыс Азиядағы ең бай, өзінің жазуы бар ең сауатты ел. Төлегетай ғұн­дардың жауынгерлік ұраны болған, – десе, Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов:
– Төлегетай өз заманының озық қайрат­кері. Аты ел аузында аңызға айналған ке­меңгер. Қазақ тарихында елді біріктіруге үлкен ықпал еткен, өзіндік орны бар ірі тұл­ға, – деп сипаттайды.
Алып кесене жанындағы қабырғада әр ғасырда өмір сүріп, есімдері халықтың жадында жатталған батырлардың аты-жөндері мен ата-тегі еріксіз өзіне тартады, олардың саны – 108. Мұның сыртында Назым батыр, Айбике батыр, Ақбике батыр атты қыз-келіншектер есімдерімен танысуға болады. Осы жерде солардың бәрінің аты мен жөндері дауыстап оқылып, оларға көпшілік бір кісідей тағзым етті. Кесене табалды­рығын аттаған адамның назарын оң және сол қапталдағы тақтайшада жазылған Асау би Қуатұлы мен Қасқабай би Базарұлы есімдері өзіне аударар еді. Бұл адамдар ХVІІІ және ХІХ ғасырларда өмір сүрген Найман ішіндегі Садырдың ұландары екен. Одан әрі қарай Найман ұлысының негізі: Терістаңбалы, Сарыжомарт, Көкжарлы, Бура, Балталы, Бағаналы, Төлегетайдың төрт ұлы Қаракерей, Төртуыл, Матай мен Садыр есімдері көзіңіздің алдына келеді.
Төлегетай бабамыздың бойында көріп­келділік пен даналық қасиеттер тұнып жат­­қандай. Оны өзінің төрт немересінің көрген түстерін сабырлы қалпынан айнымай отырып, тарқатып бергенінен тануға болады. Ұлы бабамыздың осы сәтін сахна­лық көрініс арқылы бейнелеп, баршамызға ұсынды. Мұны Райымбек Сейітметов ата­ғын алуға ұсынылған Түркістан сазды-драма­лық театрының әртістері дайындапты. Көрер­мендер көңілінен шыққан сахна­лық көрі­ністе Қылышты қожа – Рауан Шырымбеков, Төлек ата – Талғат Қарымбаев, Қаракерей – Мұрат Құрманбеков өз кейіпкерлерінің образын тартымды етіп шығарды деген орынды. Сондай-ақ, Түркістан мәдениет үйі жанындағы «Яссы» фольклорлық ансамблі (жетекшісі Иманәлі Сайманов) көптің қо­ше­метіне бөленді.
Сыр дариясының бойындағы дүбірлі және думанды, тәлімді және тәрбиелік сипаттағы аста Найман ұлысының әр тараптан келген өрен-жарандары, сондай-ақ, сыйлы меймандарымыз сөз сөйлеп, асты жыл сайын ұйымдастырудағы мақсат – тек Найман ұлысының мүддесі үшін емес, қазақ мемлекетінің негізі – қастерлі ұлты­мыздың ауызбірлігін, ынтымағын, ұлттық қасиеттерге адалдығын көрсету екендігі бір­неше мәрте қайталанды. Ендеше, мұн­дай ізгілікті әрі игілікті шара жалғаса бе­руі маңызды, оған әрқашан мән беру керек.
Алматы қалалық «Төлегетай» қорының төрағасы Нұридден Балқияев, халықаралық «Төлегетай баба» қорының вице-президенті Сәдібек Түгелов, Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы Алмас Манабай т.б. азаматтар бүгінгі ас ұлтымыздың бабалар рухына кезекті тағзымының жарқын мысалы екендігін атап көрсетті. Талды­қор­ған қаласындағы «Нақ Бірлік» қоғамдық қорының президенті Аманғазы Шегіров пікірі асқа жиналған қалың қауымның ойынан табылды. Ол кесененің аумағын көркей­тіп, көгалдандыруды одан әрі жалғастыру, келушілерге арнайы қонақжай салу, сумен қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді неғұрлым тезірек қолға алу қажеттігін қа­дап айтты. Оны шешу Найман ата балала­рының мойнында деді. Сөзінің соңында А. Ше­гіров мырза Төлегетай баба ұрпақ­та­ры атынан осы мәселелерді қаузау үшін және тарту-таралғы ретінде бір миллион теңге көлемінде қайырымдылық қаржысын ұсын­ды. Ал кесене шырақшысы Ибрагим Абдраманов мырза Талдықорған өңірінен келген бауырлардың 2012 жылғы және биылғы жылғы қолдау-көмегіне ризалығын білдіріп, еліне қайтқалы тұрған біздерді өз дастарқанынан дәм татуға шақырды, ұсы­ныс қабыл алынды. Бұл көлемді қаржыға облыстық туберкулез диспансерінің ұжы­мы – 150 мың, кәсіпкер Марат Тынысбаев – 100 мың, А. Шегіров, С. Батырбаев, М. Қа­ла­жанов, Ж. Мейрамбаев, С. Сәр­сембаев, Ж. Жолдоғұтова, Т. Шарапиев, М. Мөл­тек­басов, Н. Сұлтанбеков, С.Нұрмұханбетова, М. Ережепов, С. Қады­р­ұлы, М. Омарова, О.Жа­қиянов, Б. Тұрыс­беков деген жомарт жан­дардың әрқайсысы 50 мың теңгеден, Е. Қай­молданов пен С. Мық­тыбаева – 70 мың, Ш. Мұ­хаметжанов – 45 мың, Т. Сырғабаев пен Д. Ахметованың әрқайсысы 15 мың теңгеден қаржылық кө­мектерін берді. Төлегетай баба мен Қы­лышты қожа ке­се­несіндегі үлкен асты ұйым­­дастырып, қа­жырлы қайрат көрсет­кені үшін Н. Бал­қияев, Ж. Бижігітов, Н. Дә­­рібаев т.б. бауырларға алғыс білдірілді, әрқашан істері ілгерілей берсін деген бата берілді.Төлегетай баба мен Қылышты қожаға тоғыз таңбалы Найман елінің азаматтары тамаша тарихи сәулетті кесене тұрғызған 2008 жылдан бергі уақытта жыл сайын бабаларға ас беру дәстүрі ойдағыдай жалғасып келеді. Алдағы 2014 жылы ас беру Астана қаласындағы бауырларымызға тиесілі болды.
Автор: Болат БИСҰЛТАНҰЛЫ. Алматы облысы.

«Алтын адам» деп жүргеніміз кім?

$
0
0
«Алтын адам» деп жүргеніміз кім?
АСТАНА. 29 қараша. BAQ.KZ - Бұл өзі сонау 1963 жылдары Есіктегі су тасқынынан шайылған қорғаннан кездейсоқ табылған олжа болатын. Сонымен, кезінде бүкіл әлемде қазақтың атын аспандатып, рухын шаттандырған керемет тосын жаңалық – ұлт мақтанышы, көрерменнің көзайымына айналған сол алтынға малынған асыл бекзатымыз кім болып шықты? Осы қорғанды 1969 – 1971 жылдары ашып, зерттеумен толық айналысқан археолог-тарихшы К. Ақышев былай дейді: «По сравнительным формально-типологическим данным курган Иссык может быть датирован V–IVв.в. до н.э. По определению антрополога в возрасте 16 – 18 лет» (Акышев, Алматы, 1978 г. стр. 39). Ал Байпақовтың пікірі былайша өрбиді: «Захоронение в кургане Иссык датируется концом IV – начало ІІІ - в.в. до н.э. захоронному в кургане было 17 – 18 лет». (Байпаков, Алматы, 2006 г. стр.16 8) . Уақыт айырмашылығы екі ғасыр. Тап басып айту жоқ. «Тек адам сүйектерінің антро­по­логиялық тұрғыдан толық зерт­телмеуі салдарынан сан сұраққа нақты жауап алынбау­да. Жерленген адам 18-25 жас мөлшерінде деп болжайды» (Есік. Алматы, 2011 ж. 19 бет.). Міне, Алтын адамымыз жөніндегі бар тұжырым осымен шектеледі. Бұл өңірде б.з.б. қандай беделді ұлыс немесе мемлекет мекен етті, ертедегі Қытай жазба деректеріне үңілер болсақ, б.з.б. Іле бойында, жалпы, Жетісу өңірінде үйсіндерден басқа іргелі мемлекет болды деген дерек жоқ. Олай болса арғы дәуірдегі V – ІІІ ғ.ғ. сақ деп жүргеніміз нағыз қазақ ханзадасы емес пе? Осы маңайдағы ұлыстардың түсін түстеп, қоныстарын түгендеп шыққан ежелгі Қытай тарихшылары Есікті орталық астанасы еткен құдіретті ұлы мемлекет үйсіндер ұлысы екендігін жазады. Үйсіндер осы өңірге келіп орныққан соң өркен жайып гүлденеді де, ұлан-байтақ өңірде қуатты да құдіретті мемлекет құрады. «Үйсін күнму Елжау би үздік шыққан көсем, қажырлы қаһарман, соғыс өнеріне шебер, асқан ақыл-парасатты адам еді» (Көне қазақ тарихы. Алматы, 1993 ж. 68 б.). Үйсіндердің гүлдену, өр­леу шағы да арғы мың­жыл­дықтың ІІ – І ғ.ғ. болатын «Алтын, күміс асыл тастардан жасалған әшекей бұйымдар Үйсін мемлекетінің, қазақ халқының мәдениетінің өте жоғары болғанын көрсетеді» (К.Ақышев, Алматы, 1993 ж. 68 б.). Сөйте тұра, неліктен К.Ақышев бұл қорғандағы Алтын адам ханзаданы сонау сақтарға апарып телиді? Қытай деректері үйсіндердің күшейген кезін былайша баяндайды. «Үйсіндер батыс өңірдегі ең құдіретті мемлекет, оларда 120 мың түтін 188,8 мың саламатты әскері» болған. Елжау бидің 10 ұлы болған, соның тақ мұрагері етіп белгілеген тұңғыш баласы жас шағында, 22 жасында қайтыс болады. Елжау атамыз 5 әйелінен 23 бала көріп, соның оны тіреп тұра қалыпты... (Қазақ тарихынан. Алматы, 1997 ж. 42 б.). Мұны Бан Гу «Батыс өңірі және Үйсін мемлекеті» кітабында (Үрімжі, 1987 ж.) дәлелдейді. «Елжау бидің екінші баласы «Дәру (Дулы) аса қабілетті әрі қолбасылыққа шебер еді» делінген онда. Бірақ Елжау тақ мұрагеріне осы баласын бекітпей, қайтыс болған баласының ұлы Жөншіні тағайындайды. Соған қарағанда қайтыс болған үлкен баласы әкенің зор құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген деуге болады. К.Ақышевтің зерттеулерін әрі қарай талдап көрелік: «Кости животных – остатки мясной пищи, столь обязатальные почти для всех раскопанных в этом регионе захоронений сакского времени – не обнаружены ни в одном из сосудов. Всего в могиле находилось тридцать один сосуд». Ертедегі сақтардың жерлеу рәсімдерінде міндетті түрде арғы дүниеде ішіп-жейді деген ұғым бойынша қыш құмыра ыдыстарға ет тағамдарына арнап, кейде белгілі тұлғаларға арнап қойдың бүтіндей жамбас етін салатын болған. Бұл рәсім мұнда сақталмаған. Сақ – ғұн – үйсіндерден басқа бұл өңірде басқа ірі ұлыстар өмір сүрмегені белгілі. Ғұндардың жерлеу ғұрыптары тіптен басқаша: «Китайская летопись гласит: за телом гунного вождя следовало большое число рабов, которые обслуживали его как живого» (Ә.Марғұлан. Алматы, 2012, стр. 35). Ал үйсіндердің жерлеу ғұрыптары бойынша да арғы дүниеде өмір жалғасады, ішіп-жейді деген ұғым болған. Бірақ ет тағамдары емес, жеңіл тамақ, сусындар қыш құмыраға толтырылып бірге көмілген. Ханзаданың қабірінен табылған 31 қыш құмыра, 4 күміс тостағандарда тек сусындар мен жеңіл тамақтар қалдықтары болған. Демек, ғұндар мен сақтардың жерлеу дәстүріне келіп тұрған жоқ. Олай болса, ол неліктен сақтарға апарып телініп отыр? Мұндағы жерленген сақ бекзадасы емес. Екінші, ханзаданың мүрдесінен 15 м. аралықта тағы бір көсемнің қатар қойылуы нені аңғартады? Жалпы, дәстүр бойынша әрбір тұлға дара көмілуі керек. Басындағы қорғанда жеке болуы керек. Ал мұнда екі тұлғаның бір қорғанда жатуы қалай? Жас ханзаданың әуел баста тұрғызылған қорғаны жеке болған. Кейін екінші тұлғаны жерлегеннен кейін біріктіріп үлкен қорған тұрғызған. Қорғанның ауданы 60 х 60, биіктігі 6 м., жалпы аумағы 8300 м3. «Нахождение обеих могил под одной насыпью свидетельствует о том, что захороненные в них из одной семьи были в близких родственных отношениях» (К.Акышев. Алматы, 1978 г. стр. 6). Біздің айтпағымыз да осы, бір қорғанның астында қатар жатқан қазақтың ұлы тұлғасы Елжау би мен оның тақ мұрагері, өмірден тым ерте өткен аяулы ұлының мүрдесі. «Оба захоронения совершены в пределах одного столетия. Бесспорно, это в основной, то есть центральной могиле мог быть захоронен человек общественно более значимый, чем погребенный в боковой могиле» (К.Акышев, Алматы, 1978 г. стр. 6). Акышевтің бұл пікірімен толық келісуге болады. Арада 30-35 жыл өткеннен кейін Елжау би дүниеден өтерде, өзін баласының қасына жерлеуді өсиет етіп, екеуіне үлкен бір қорған тұрғызуды аманат етіп кеткен секілді. Ортадағы мүр­дедегі жерленген адам біздің болжамымыз бойынша алғашқы қазақтың дара көсем тұлғаларының бірі Елжау би. Оның бүкіл үйсіндер арасында қандай беделге ие болғаны жөнінде тарихтан белгілі. Өкініштісі, төңірегіндегі қорғандарды тұтас тонаған тонаушылардан ұлы тұлғаның мүрдесі де аман қалмаған. Біз сөз етіп отырған жас ханзаданың бейітінен басқа осы маңайдағы ірілі-уақты 40-тан астам қорғандардан тоналмай аман қалғаны жоқ. Суық қолдардан алдын ала сақтандыруды кемеңгер әке ойластырған тәрізді. Екі қорғанды біріктіріп бір қорған жасау арқасында тонаушылар адасып, сүйікті баласының мүрдесі сол қалпында 22 ғасыр өтсе де, мұрты бұзылмай қазіргі ұрпақтарына жетіп отыр. Оның үстіне Елжау би өте киелі рухты адам болған. Ол жөнінде қытай тарихшыларында мынадай дерек бар. «Хунны убили отца его в сражении, а Гуньмо (Кунби) только родившийся, брошен был в поле. Птицы склевали насекомых с его тела, волчица приходила кормить его своим молоком» (Бичурин, Алматы, 1997 г. стр. 63), мүмкін киелі әкенің күшті рухының жебегені де болар. «На пальцах рук сак из кургана Иссык носил два массивных золотых перстня, один из них перстень – печать с изображением головы человека в профиль в пышном головном уборе» (Байпаков, 2006 г. стр. 159). Сол қолындағы «массивный перстень» ырым-жырымның бірі болар, ал оң қолындағы «массивный перстень – печать» нені меңзейді? Арғы мыңжылдықта қытайлардан басқа бірде-бір Жетісу алқабын жайлаған үйсіндерден басқа «мөр» пайдаланған деген дерек жоқ. «В одном кургане могильника Караша обнаружена глиняная печать с рельефным узором – редкая находка, указывающая, как и печать и Талгарского могильника, на распространение в то время обычая метить личную собственность, (Байпаков, Алматы, 2006 г. стр. 159). Мұндағы Қараша деп отырған Тараз қаласынан 40 шақырым шығыста орналасқан әйгілі Ақыртас ғимаратының іргесіндегі бұлақтың аты. Осы төңіректе археолог Максимова бастаған экспедиция 1971-1975 жылдары зерттеу-қазба жұмыстарын жүргізген. «Большой интерес представляет находка глиняного штампа или печать в области пояса погребного, о наличии печатей Усуней упоминается и в восточных источниках» (Максимова, Алматы, 1975 г.). Бұл деректі белгілі шығыстанушы – аудармашы Бичурин да қуаттайды. «Высшим чиновником Усунским дать золотые печати с пурпурными шнурами дабы придать важность и силу Большому Гунму (Бичурин, Алматы, 1997 г. стр. 109). Ханзаданың оң қолындағы алтын жүзіктің мөр екенінде талас жоқ. «Перстень печать, вогнутое изображение человеческой головы, на голове девятью изогнутыми выдавлением изображен причудливый головной убор или пышная прическа» (Акышев, Алматы, 1978 г. стр. 40). Мұндағы «причудливый головной убор» да «пышная прическа» да емес, ол тіпті бас киім емес. Мөрдегі адам суреті осы ханзаданың жеке басының өзінің бейнесі болуы да мүмкін. «Гунмо (қытайша) күнби – ежелгі үйсіндердің б.з.б. ІІ – І ғ.ғ. бастап жоғарғы билеушісінің лауазымы» (Қазақ қысқаша тарихы, Үрімжі, 1987 ж.). Күнби – күн астындағы би немесе билік жүргізуші деген мағынада. Күн астындағы – Күнікей қыз деген аңыз әңгімелер халық есінде болар. Ал мөрдегі күн бейнесінің шапағы бас киімнің орнына өрнектеп көрсетілуі оның күнби Елжаудың тақ мұрагерінің тегін анықтайтын айрықша белгі, сондықтан оның басындағы бас киімі емес, күн шапағы бейнеленген. Жалпы, Елжау бидің орталығы екі ставкасы болғаны белгілі, соның бірі Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында орналасқан. «Үйсіндер Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы өңірді қамтиды. Ол жерде Елжау бидің Іледен кейінгі екінші ставкасы болды, оның астанасы Чи – Гу қаласы еді» (Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993 ж. 67 б.). Сол Ыстықкөлдің аузында ертедегі Барсқауын қаласы болғаны араб географтары Ибн Хордадбек пен Ибн Жапардың жазба деректерінен мәлім. Осы Барсқауын қаласынан 1970 ж. қырғыз археологі Б.Мокрынин бірнеше жүз күмістен, қоладан жасалынған әшекей зергерлік бұйымдар табады. «Это случайная находка, насчитывающая около ста предметов, происходит также в Семиречье из окрестностей села Барскаун на южном берегу озера Иссыккуль. Художественные образы, стиль и техника исполнения изделий повторяют стиль и технику иссыкских украшений (Акышев, Алматы, 1979 г. стр. 6). «Ғұндар мен үйсіндердің алтын-күміс, қоладан жасаған көп бұйымдар табылатын жері Жетісу, Алматы қаласының төңірегі» (Ә.Марғұлан, Алматы, 1997 ж. 176 б.). «Прекрасным образцом древнеусуньского и ювелирного искусства является знаменитая «каргалинс­кая» диадема» (Акышев, Алматы, 1979 г. стр. 2). Каргалинский клад содержал серию изделий из золота, анализ сюжета каргалинской диадемы, принадлежавшей усунам и датированный ІІ в. до н. э. (Байпаков, Алматы, 2006 г. стр. 16 8) . Енді осы Қарқаралыда табылған әйел сәукелесінің (диадема) сюжетіне қараңыз. Бірінші: қолына қамшы ұстаған бозбала белгісіз қанатты құбыжық жануардың үстінде төңірегінде мереке басталғанын хабарлап шауып келеді. Екінші: тақ үстінде тұрған қанатты жылқы. Жыл­қыны болса да піріндей сыйлаудағы оған көрсеткен ерекше құрмет. Үшінші: жылқы үстіндегі салт жігіт айналасына қолын сермеп хабарлар жеткізуде. Төртінші: ат үстіндегі той бастар жігіт аузында қамыстан жасалған сыбызғы-сырнайы, қолдарымен би өрнектерін көрсетіп билеп келеді. Жоғарыда ұшып жүрген құстар жердегі мәз-мейрам болған хайуан­дар кейпіндегі қуаныштарға қарағанда наурыз – мұнда табиғат мерекесінің бір сәті бейнеленген. Осыларды сараптай келе айтарымыз, Есіктегі, сонау Ыстықкөлдегі, Қарқаралыдан табылған зергерлік бұйымдар жасаудағы қолөнер шеберлерінің кәсіби деңгейі, ондағы сюжет сомдаудағы үйлесімділік, техникалық амалдары өте ұқсас. Сонымен, Жетісу алқабын тұтас жайлаған үйсіндердің ұлан-байтақ өңірінде кен өндіру, металл өңдеу, одан жоғарыда айтылған небір көркем, әсем әшекей жәдігерлер жасау, байлығы шалқыған, өркениеті дамыған үйсіндердің алтын ғасыры б.з. бұрынғы ІІ ғасырға келіп тіреледі. Олай болса, тұла бойы тұтас алтынмен апталып, сән-салтанатпен жерленген, бүгінге дейін айтылып келе жатқан б.д.б. V-III ғасырдағы сақ ханзадасы емес, сол дәуірдің ІІ ғасырындағы сақтардың ұлыстарға ыдыраған шағында қазақтың тұңғыш дербес мемлекетінің іргесін қалаған үйсіннің ұлы тұлғасы Елжау бидің 22 жасында дүниеден өткен баласы – тақ мұрагері, қазақ-үйсін ханзадасы демекпіз. Алтынға оранған адам төңірегіндегі ақиқат пен шындық осы. Барымызды болдыра алмай, тура тартпай, бұра тартып жүрген өзіміз. Қалмақан ШЕКЕЕВ, өлкетанушы.

ОҒЫЗ ҚАҒАН КІМ?

$
0
0

Мұхан Исахан 5 Желтоксан 2013, 17:02,010
ТҮРКІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ: ОҒЫЗ ҚАҒАН КІМ?
Елімізде енжар дамып келе жатқан салалардың бірі тарих ғылымының теория-методологиясы мен философиясы десек, әсте қателеспейміз. Оның айқын дәлелі – соңғы ширек ғасырда осы сала бойынша әлемдік ғылыми жаңалығы бар бірде-бір сүйекті, ірі ғылыми еңбек жарық көрмепті. Керісінше, тарихи оқиғаларды жеткізумен шектелетін қаптаған кандидаттық һәм докторлық диссертациялар қорғалып, ғылымға кездейсоқ келген қаншама “жиенбайлар” мен “жолбикелер” профессор атағын алды. Әсіресе, тарихи қолжазбалар мен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін кешенді түрде тұжырымдап, түркі мәдениеті мен өркениеті турасында жаңа көзқарас, соны пікір айтқан ғылым иелерін, өкінішке қарай, өз ортамыздан көре алмай отырмыз. Әлбетте, өткен тарихымыздың белгілі бір кезеңдерін жан-жақты зерделеп, өзіндік пайым жасаған парықты азаматтар мүлде жоқ емес, сирек болса да бар. Бірақ төл тарихымыздың шындығын паш ететін кешенді жаңа философиялық байламдар жасалған жоқ. Айталық, “түркілерде өркениет болған ба, болмаған ба?” деген мәселе ғылымда әлі күнге дейін басы ашық күйде қалып отыр. Біз бүгін талайдан бері түйіні тарқатылмай жүрген осы мәселеге қатысты өз ой-тұжырымымызды ортаға салмақпыз. Сонымен, еуроцентристер айтқандай, түркілер шын мәнінде варвар болған ба, жоқ әлде, белгілі бір өркениет иелері ме?

Өркениет дегеніміз не?

Өркениет туралы сөз қозға­ғанда атақты неміс философы О.Шп­ен­­глердің «Еуропаның сөнуі», ағылшын философы А.Тойнбидің «Тарихты меңгеру», тегі жапондық тарихшы Ф.Фукуяманың «Тарихтың ақыры», американ философы С.Хантингтонның «Өркениеттің қақтығысы» атты іргелі еңбектеріне соқпай өте алмайтынымыз белгілі. Аталмыш зерттеушілердің өркениет туралы әртүрлі пайымдаулар жасағанымен, олар өркениет ұғымының латынның “cіvіlas” сөзінен шығып, XVIII ғасырдан бастап ғылымға нақты ұғым ретінде енгендігін, сондай-ақ, өркениеттің «азаматтық қоғам», «мемлекет», «қала» мағыналарын беретінін парықтайды.
О.Шпенглер мәдениет пен­ өркениетті бір-бірімен қабыс­пай­тын құндылықтар ретінде ба­ғалап, мәдениеттің рухани құн­ды­лықтардан тұратынын, ал тех­но­кратиялық жаңалықтарды иге­руі­мен өркениетті қоғамның құры­латынын айтады. Оның тұжы­рымындауынша, қоғам қаншалықты өркениет белгілерін бойына сіңірген сайын соғұрлым мәдени құндылықтардан аза бастайды. Мәселен, ол өз пайымдауларында: «Мәдениет пен өркениет дегеніміз жанның тірі денесі мен оның мумиясы тәрізді...» (Шпенглер О. «Закат Европы». 461 с) деп, өркениетті әспеттелген өлі тіршілікке теңейді. Неміс философының бұл теориясы ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас-тартыстың тұздығына айналып отыр. Әсілі, нақты ғұмырлық тәжірибе тұрғысынан қарайтын болсақ, әлбетте Шпенглердің шындығымен келісуге болады. Себебі Батыс елдері өркениетке қадам басып, ғылыми технократиялық тұрғыдан дамығанымен, мәдени азғындануды басынан кешіріп отыр. Әйтсе де, өркениетті ақыл-ойдың жетістігі ретінде бағалаған болсақ, ақыл алға шыққан тұста, руханият кейінге кетеді деп біржақты қорытуға болмайды. 
А.Тойнби тарих сүрлеуіндегі елдерді «өркениетті қоғам» және «қарабайыр (примитивті) қоғам» деп шартты түрде бөліп қарастырады да, тарихта жиырма бір «өркениетті қоғамның» болғандығын, оның он төрті жойы­лып, жетеуінің дәл қазір өмір сүріп жатқандығын жеткізеді. Сонымен бірге, Батыс антропологтары Хобгауз, Уэлер и Гинзбергтің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, алты жүз елу «қарабайыр қоғамның» өмір сүргендігін айтып өтеді. Оның пікірінше, «қарабайыр қоғамның» халқының саны аз, территориясы тар, ғұмыры келте болады. Ал «өркениетті қоғам» ұланғайыр аумақты қамтып, соған қарай тұрғындарының саны мол һәм ғұмыры да өміршең болады. «Өркениетті қоғамдар» өзінен төмен «қарабайыр қоғамдармен» тайталас­та оларды әртүрлі айла-әдіспен бағындырып, асси­ми­лияцияға ұшыратып, жұтып жіберіп отырады (Арнольд Тойнби. «Постижение истории» . 70-71 сс). 
А.Тойнбидің көзқарасынша, «өркениетті қоғам» ұдайы ди­на­микалық қозғалыстың нәтижесінде пайда болады. Томаға-тұйық, бір орында тұрып қалған өркениеттер заман ағысына ере алмай, жойылып отырады. «Қарабайыр қоғам» да мутациялық тотығу арқылы өркениетке қол жеткізуі мүмкін. Дегенмен, «қарабайыр қоғамның» барометрі көбінесе өткен өмірдің заңдылықтары мен өкілдері болып келеді. Осы себептен де примитивті ортада немқұрайлылық басымдыққа ие. Ал «өркениетті қоғам» тек алға жылжып, жаңашылдыққа үйірсек болады (Арнольд Тойнби. Постижение истории. 77 с). 
АҚШ философы С.Хантингтон: «Біз өркениетті мәдени қоғамның жоғары сатысы ретінде, яғни кең ауқымдағы мәдени тұтастықта анықтай аламыз. Өркениеттің келесі сатысын адамзат баласының өзге тіршілік иелерінен ерекшелігі құрайды. Әлемдік өркениет тіл, тарих, дін, әдет-ғұрып, институттар, сондай-ақ, өзге де қоғамдық бірлестіктер тәрізді ортақ белгілердің көлемімен анықталады» (С.Хантингтон. «Полис», 1994, №1) деп, өркениет хақында жаңаша пікір білдіреді. Иә, әрбір өркениеттің өзіндік ерекшелікке ие екенін ескерсек, «өркениеттер қақтығысы» теориясының авторының бұл пікірімен әбден келісуге болады. Дегенмен, С.Хантингтон бұл ерекшеліктердің соңы ғаламдық бейбітшілікке селкеу түсіретінін болжайды. Оның бұл теориясы айтылған күннен бастап саясаткерлер мен ғалымдар арасында қызу талқыға түсіп қана қойған жоқ, бүгінде адамзат баласының тынышын ала бастады.

Илаһи ілім – өркениеттің бастау бұлағы

Біздіңше, илаһи ілім қанат жай­ған өңірлердің барлығы өркениет құ­ша­ғында өмір сүрген. Өйткені адамзат баласына ең қолайлы қоғам үлгісін нұсқаушы Ұлы Жаратушы болып саналады. Задында, Хақ Елшілерінің әкелген илаһи ілімімен сусындаған өлкелер жауыздық пен кертартпалықтан тыйылып, иман нәріне малынған ақыл-ойды алға шығарып, шын мәнінде өркениет биігіне көтеріле алған. Мәселен, Месопотамия пайғамбарлар көп жіберілген өңір болғандықтан, мұнда ұзақ уақыттар бойы озық мәдениеттер мен өркениеттердің үлгісі қалыптасты. Әйтсе де, бұл өңірге пайғамбарлардың көбірек келуінің себебіне үңілместен, мәселеге геосаяси тұрғыдан қарап, тарих ғылымында өркениетті меншіктеп алу немесе өркениетті белгілі бір ұлттарға телу белең алды. Жоғарыда айтылған теоретиктер өркениетке қанша жерден объективті баға бергісі келгенімен, өз ойларын негізінен еуроцентристік тұрғыдан қорытындылаған. Осындай себептерге сүйенген көптеген зерттеушілер өркениетті белгілі бір қауымдарға ғана тән құбылыс деп жүр.
Біздің пайымдауымызша, тарих қойнауындағы әрбір өркениетті тудырушы илаһи ілім деп білеміз. Себебі Хақ Елшілері Алла Тағаладан тікелей нұсқау алғандықтан, олар адамзат баласының бақытты өмір сүруінің ең тұрлаулы тұрпатын паш ете алған. Мәселен, Ислам тарихшысы Мәулана Шибли «Сират-ун Нәби» (Пайғамбардың ғұмыры) атты еңбегінде әз Пайғамбардың: «Адамдардың ең жақсысы менің дәуірімде өмір сүргендер», — деген хадис-шарифін, сондай-ақ, Хақ Елшісі Мұхаммед (с.а.у)-ның жасаған ірі-ірі рухани ізгі реформаларын негізге ала отырып, Исламның алғашқы кезеңін «Аср-Саадат» (алтын ғасыр) дәуірі (Islam ansiklopedisi. III cilt. Istanbul 1991. 501 б) деп атайды. Бұл жерде Мәулана Шибли өзінің діни парықтауымен өркениетті қоғамды «Аср-Саадат» деп атап отыр. Яғни, біздің пайымдауымызша, тарих көшінде әрбір Хақ Елшісінің әкелген илаһи ілімінің негізінде қаншама өркениетті қоғамдар ғұмыр кешкен.
Жалпы, Құран-Кәрімде жиырма бес пайғамбардың ғана есімі аталғанымен, Алла Елшісінің хабарлауына қарағанда, адамзат баласына «жүз жиырма төрт мың нәби, үш жүз он бес елші жіберілген (Ахмат ибн Ханбал, Мүснад, 5/266, Суюти, әд-Дурул-мәнсур фит-Тафсирил-Мәсур, 1/126). Діни анықтамалық еңбектерде «расул –Алла Тағаланың адамдар арасынан елшілік үшін таңдаған және уахи арқылы Алланың бұйрықтары мен тыйымдарын адамзат баласына жеткізу міндеті жүктелген құлы әрі елшісі» дегенді білдіреді. Ал «нәби» сөзіне «Алланың бұйрықтары мен тыйымдарынан хабардар етуші», өзінен бұрын келген пайғамбардың ісін жалғастырушы деген анықтама берілген (Имам Тафтазани, Шархул-Макасид, II/173). 
Задында, Құран-Кәрімде аты аталған жиырма бес пайғамбардан өзге де Хақ Елшілерінің болғандығы жөнінде: «Сондай-ақ, саған бұрынғы елшілерді баян қылдық, сондай-ақ, елшілерден саған баян етпегеніміз де бар (Ниса, 164). «Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ» (Фатр, 24). «Әр үмбеттің бір пайғамбары бар» (Жүніс, 47) деп бірнеше рет үкім түсірілген. Яғни, көріп отырғанымыздай, жер бетіндегі қауымдардың барлығына Хақ Елшілері жіберіліп, арғы-бергі тарихтағы әлейім жұртшылық хақиқатпен қауышып, өркениетті қоғамды басынан кешірген. Осы себептен де біз өркениетті белгілі бір өлкелер мен қауымдарға тиесілі деген қасаң түсінікті жоққа шығарамыз. Десе де, әртүрлі себептерге байланысты, руханият пен ақыл-ойдың азғындануының нәтижесінде өркениетті қоғамдар күйреп отырған. Мәселен, Құран-Кәрімде Сәмуд, Ғад, Лут секілді қала мәдениеті дамыған өркениетті қоғамдардың азғындануының соңы тып-типыл, жойылып кетуімен аяқталғандығы баяндалады.

Оғыз қағанның
символдық сипаты

Құран-Кәрімдегі «Ескертуші пай-ғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ» (Фатр, 24) деген аятты негізге алсақ, біздің ата-бабаларымызға да Алла Елшісінің келгені хақ. Осыны алғаш аңғарған зерттеушілердің бірі тарихшы Дархан Қыдырәлиев болатын. Ол «Түркілерде де пайғамбарлар болған-ды» атты мақаласында Исламға дейінгі түркілердің діни түсінігін талдай келіп, ата-бабаларымыздың ханиф дінін (монетеизм) ұстанып, олардың тәңірді кейде Баят, Иди, Чалаб, Ачу деп атағанын жеткізеді. Тіпті, көне түркілердің жаратылыс туралы аңыздарында Ібілісті Еркілік деп атағанын, оның Құдайдың тапсырмасын (адамзаттың жаратылуына қарсы шыққаны үшін) орындамағаны үшін лағынеттелгенін айтып, бұл әпсананың Құрандағы Адам пайғамбардың жаратылуы жайлы аяттармен сабақтас екенін алға тартады. Сондай-ақ, түркілердің ақырет сенімінің де исламмен терең үндестік табатынын айтып өтеді. Мысалы, түркілердің тозақты – тамұқ, жаннатты – ұшпақ (ұжмақ) деп атағанын жеткізеді (Дархан Қыдырәлиев. Атымды адам қойған соң. Алматы 2008. 15-16 беттер). 
Дінтанушы-философ Досай Кенжетай ағамыз да түркілердің діни сенімінің хақиқи сенімнен алшақ емес екенін айтады. Ол Исламдағы сопылық ілім мен түркілердің мистикалық түсінігінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін өз зерттеулеріне арқау еткен. Бұл тұжырымдамасына Қорқыт атаның мистикалық ғұмырын негізге алған. Қорқыт ата мен Қожа Ахмет Ясауидің ғұмырлық діни көзқарастарын салыстырып, екі ғұламаның дүниетанымы мен ойлау жүйесінен ұқсастықтар іздейді (Қараңыз: Досай Кенжетай. Қожа Ахмет Иассауидың дүниетанымы. Түркістан 2005). 
Бұл екі зерттеушіден өзге С.Аюпов, М.Әуезов, Ә.Қодар, А.Сейдімбек, О.Біләлов секілді зерттеушілер түркілердің Исламға дейінгі сенімі турасында өзіндік ой-тұжырымдарын ортаға салып, ата-бабаларымыздың монетеистік сенімде болғанын айтқанымен, түркілерге келген Хақ Елшісінің есімін нақ атай алған емес. 
– Десекте, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың келтірген дерегіне қарағанда, түркілерге Озған атты пайғамбар келген көрінеді. Оның айтуына қарағанда, түркілерге жаңа пайғамбар Мұхаммед (с.а.у)-ның діні туралы хабар жеткенде, бабаларымыздың бір тобы араб түбегіне сапар шегіп, Мұхаммед (с.а.у)-мен жүздесіп, өздерін: «Озған (Оғыз қаған) пайғамбардың үмбетіміз деп таныстырғанда (Қараңыз: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 8-том 59-бет) Алла Елшісі түркілердің бұрынғы пайғамбарын терістемеген көрінеді. Сондай-ақ, белгілі фольклортанушы Шәкір Ыбыраевтың жинаған аңыз-әңгімелерінде де Озған атты пайғамбардың есімі ұшырасады (Қараңыз: Қазақтың мифтік әңгімелері. Құрастырған Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. Ғылым баспасы. Алматы 2002). 
Тегінде, түркі халықтарында Озған пайғамбар немесе Оғыз қаған туралы «Оғызнама» атты көне дастанның бар екендігі баршаға аян. Бұл дастанның бүгінгі күнге аздаған ерекшеліктері бар Исламға дейінгі және Исламнан кейінгі екі нұсқасы жеткен. Екі нұсқаның мәтінінде кейбір атау­лар мен терминдердің өзгешелігі болғанымен, жалпы екі нұсқаның желісі бір. Көптеген зерттеушілер осы шаққа дейін «Оғызнаманың» бұл екі нұсқасын зерттеп, бұл туындыға қатысты өз пікірлерін берген. Әйтсе де, зерттеушілердің басым көпшілігі «Оғызнаманың» әдеби һәм тілдік қырын зерттеумен шектелген. Тек, кейбір зерттеушілер ғана Оғыз қаған қиялдан туған образ емес, оның тарихи тұлға екенін болжайды. Мәселен, Н.Я. Бичурин Оғыз қағанды хұндардың тәңірқұты Мөде екенін айтады (Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших а Средней Азии в древние времена. Москва 1950 т. 1. 46-47 сс). Иакинф әкейдің бұл болжамын түрік зерттеушісі Ахмет Кабак­лы да жақтап, ол да Мөде мен Оғыз қағанды бір кейіпкер деп біледі (Ахмет Кабаклы. Түрік әдебиеті. Ыстанбул 1997. 12 б)
Жалпы, Оғыз қағанның образын Ескендір Зұлхарнайын, Шыңғыс хан, Бұқа ханмен, Жәнібек ханмен теңестірген басқа да зерттеушілер болған. Дегенмен, біздің Бичуриннің болжамына тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Иакинф әкей Оғыздың өз әкесі Қараханды жеңіп таққа отыруын, Мөденің әкесі Туманды өлтіріп билікке келуіндегі ұқсастықты алға тартып, екеуін тарихи бір тұлға деп болжайды (Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших а Средней Азии в древние времена. Москва 1950 т. 1. 46-47 сс). Сонымен бірге, екі тұлға да жарты әлемді жаулап алған ұлы жиһангер болатын. Мысалы, тарихи еңбектерде Мөденің Шығыстағы Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы 36 мемлекетті жау­лап алғандығы айтылады (Қазақстан тарихы. Алматы 1998. І том. 245-246 беттер). Әбілғазы да өзінің «Түрік шежіресінде» Оғыз қағанның бір тәңірге сенуді дәріптеп, Моңғол, Татар, Шүршіт, Қытай, Тұран, Үндістан, Иран, Шам, Мысырға жорық жасап, жаулап алғандығын жеткізеді (Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы. Ана тілі. 1991. 18-22 беттер). 
Әсілі, біздің айтпағымыз бұл емес. «Оғызнама» дастанындағы кейіпкер кім деген мәселе-тін. Оғыздың туыла салып, анасына Тәңір-Тағалаға иман келтірмейінше, емшегін ембейтінін айтуы (Оғыз-наме. Мұхаббат-наме. Алматы 1986. 36 б), пайғамбарлық сипат екені талассыз шындық. Себебі бүкіл пайғамбарлар «исмат» (күнәсіз, пәк) сипатымен ғұмыр кешеді (Журжани. Китабут-Тарифат. Бейрут 1987. 150 б). Тіпті, Оғыз қағанның тілі шығысымен «Алла, Алла» деуі, Көр хан мен Көз ханның қыздары кәпір болғандықтан, олармен төсектес болмауы, дінсіз әкесін жеңіп таққа отырғаннан кейін, кәпірлерге қарсы ғазауат жасауы (Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы. Ана тілі. 1991. 16-22 беттер), оның шынында да пайғамбар болуы бек мүмкін екенін аңғартса керек. Дегенмен, Оғыз қаған әкелген илаһи ілімнің жұрнағы ретінде қандай мәдениет пен өркениетті көрсете аламыз?

Шяньшидағы 
түркі пирамидасы

Иә, Оғыз қаған Хұндардың тәңір­құты Мөде қаған (б.э.б 174ж) болса, хұндардың, олардан тараған түріктер һәм оғыздар мен қыпшақтардың мәдениеті қандай тарихи мәнге ие? Исі бүтін әлем осы күнге дейін біздің ата-бабаларымызды көшпелі мәдениеттің өкілдері ретінде танып келді. Расында да, хұндардың ізашары қыпшақтардың басым көпшілігі көшпелі ғұмыр кешті. Бірақ, көшпелі өмір дегеніміз жа-байылықтан тұрмайды. Біз көшпелі өмір сүргенімізбен, америкалық үндістер секілді бұтымызға жапырақ байлап, лашық пен күркеде тұрған жоқпыз. Біздің көшіп-қону салтымыз бен киіз үйіміз жоғары мәдениетке ие-тін. Сондай-ақ, көшпелі ғұмырдың негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығынан тұрды. Әсіресе, қыпшақ қауымы интенсивті түрде мал шаруашылығын дамытуға ден қойған (Қазақстан тарихы. Алматы 1998. І том). Тегінде, адамзат баласы ықылым заманнан бері мал шаруашылығымен шұғылданып келеді. Адам атаның бір баласы Қабыл отырықшы өмір сүруді таңдап алса, ал Абыл мал шаруашылығын кәсіп еткен (Пайғамбарлар қиссасы. Алматы, 2010. Кәусар-Саяхат бас­пасы. 33-36 беттер). Яғни мал шаруашылығы сонау арғы бабамыз Абылдан қалған асыл мұра кәсібіміз десек, әсте қателеспейміз. Бүгінгі күні де мал шаруашылығы тіршілігіміздің бір парасын құрап келеді. Ет, сүт, май секілді ішпек-жемектен өзге, күнделікті киім кию мәдениетіміздің, сондай-ақ, кейбір медициналық құрал-жабдықтардың да шикізатын мал өнімдерінен аламыз. Яғни мал өнімде-рісіз тіршілігімізді көз алдымызға елес­тету мүмкін емес. 
Түркілердің шаруашылығы тек мал шаруашылығын дамытудан тұрмаған. Оларда қала мәдениеті де біршама дамыған. Тіпті түркілер көне мысыр перғауындары секілді аспанмен тілдескен биік пирамидалар да тұрғызған. Мысалы, түрік зерттеушісі Октан Келеш Қытайдың Шяньши провинциясының орталығы Шянь қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан ежелгі пирамидаларды зерттеп, бұл тарихи кешендерді түркілерге тән деп тұжырымдады. Ол 2009 жылы осы пирамидалардың біріне бас сұғып, бірнеше мумияланған денелер мен ескерткіштерді көргенін, ескерткіштің біріне «ай жұлдыз, қасқыр басылары» деген жазу бар екенін, үш метрге тақау гранит тасынан жасалған бір ескерткішті қытай жолбасшысы: «Бұл — сіздердің бабаларыңыз Оғыз қаған», — деп таныстырғанын хабарлады. 
Жалпы, Қытайдағы түрік пирамидасын ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде американдық ұшқыш Жамес Гауссман Үндістаннан Қытайға ұшып бара жатып байқап, бұл мәліметті алғаш болып әлемге таратқан болатын. Бұдан кейін бұл тарихи кешенді германиялық зерттеуші Харлвиг Хаус Дорф зерттеді. Оның жеткізуіне қарағанда, осы жазықта ірілі-ұсақты 100-ге тарта пирамида бар екен (Мұхан Исахан. Қытайда түркілерге тән пирамида табылды. Қазақстан-Заман. 2010 №13). Сөз жоқ, бұл ғылыми жаңалықтар тарихта түркі өркениетінің болғандығын айғақтайды.

Трансоксания – түркі өркениетінің алтын бесігі

Зерттеушілердің көпшілігі көне Орталық Азияны «Трансоксания» деп атайды. Ф.А.Брокгауза мен И.А.Ефрона «Энциклопедиялық сөздігінде» «Трансоксания» деп — бүгінгі Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан аймағын көрсетіп, «Оксус» деп Амудария өзенін атайды. Белгілі тарихшы Зәки Валиди Тоған «Оксус» деп Амудария мен Сырдария жағалауы айтылатынын, бұл сөздің түбірі «Өгіз» сөзінен шығатынын айтып өтеді (З.Валиди Тоған. Аму Дария. Ыстанбул 1950. 419-б). Археологтар К.Байпақов пен А.Нұржанов Сырдария жағалауын Оғыз даласы дей келіп, Түркістан алқабындағы Қарашықтың көне атауы Өгіз қаласы деп аталғанын айтады (К.Байпақов пен А.Нұржанов. Ұлы жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. Алматы 1992. 80-бет). Ал оғыздардың мекені осы Сырдария жағалауы, саяси орталығы бүгінгі Қазалы қаласының төңірегіндегі Жаникент қаласы болған­дығы тарихшы қауымға аян (Қазақстан тарихы. Алматы 1998. І том. 314-321 беттер)
Трансоксания мәдениетін зерттеген тарихшы-археологтардың көпшілігі бұл өлкеде ірі-ірі қалалардың болғандығын көрсетіп өтеді. К.Байпақов пен А.Нұржанов өз зерттеулерінде Оғыз даласында Ортағасырлық жүзге жуық дамыған қалалардың атын атайды. Қалаларда шахристан, рабад, мешіт-медресе, сауда нүктелері, сондай-ақ, ғажайып тарихи ескерткіштердің тұрғызылғандығын, тұрғындардың сумен қамтамасыз етілгендігі, тіпті кәріз (канализация) жүйесін де пайдаланғандығын жеткізеді. Қала тұрғындарының қолөнер, сауда-саттық, егіншілік және кен қазу жұмыстарымен шұғылданғандығын дәлелдейді (Қараңыз: К.Байпақов пен А.Нұржанов. Ұлы жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992). Айта берсек, трансоксания қалаларының архитектуралық-мәдени ерекшеліктерін бір мақалаға сыйғызу әлбетте мүмкін емес. Дегенмен, ата-бабаларымыздың қала мәдениетін де дамытқанын ешкім жоққа шығара алмайды. 
Түйін
Сонымен, түркілерде өркениет болған ба, болмаған ба? Әлбетте, бұл сауалға бірден жауап беру қиын. Дегенмен, өркениеттің белгісі саналатын жазу түркілерде болған. Кен өндіру саласы өзгелерден көш ілгері дамыған. Мал шаруашылығымен қатар, отырықшылық пен қала мәдениеті де біршама өркендеген. Өркениетті қоғамның бастау-бұлағы болуы тиіс Хақ Елшісі де түркілерге келген. Түркілердің өмір сүру заңдылықтары, яғни ар-ұжданды ұлықтайтын әдет-ғұрып құқықтық нормалары осы илаһи ілімнен бас­тау алған. Демек, біздің ата-ба­баларымыз да белгілі бір өрке­ниет­ті қоғамда ғұмыр кешкен. Түркілер өркениетті «Алтын ғасыр», «Жерұйық», «Жиделі байсын», «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман» деп атаған. Әрине, түркі өркениеті турасында айтсақ, әлі де біраз толғауға болар еді. Десе де, біздің міндет – санаға ұялаған ізгі ойды оқырманға жеткізу ғана. Одан арғысын көпшіліктің талқысына салдық...

Мұхан Исахан,  Нұр-Мүбәрак Египет 
Ислам мәдениеті
университетінің докторанты

Шоқанның бір сыры

$
0
0

П.П. Семенов-Тянь-Шанский: күш-қуаты шалқып тұрған кезінде…
06 Жел 2013|   Пікірлер: 0
Абылайдың көрегендігін, батырлығын, әскери қолбасшылығын түсінген халық, оны 1772 жылы Қожа Ахмет мешітінде хан тағына сайлайды. Хан көрші мемлекеттермен тіл табысып, шекара аймақтарында тыныштық орнатып, елдің әл-ауқатын көтергенде ауырып, 1781 жылы дүниеден озады. Ханның мұрагері Уәли әке жолын ұстай алмады. Сұлтандар арасындағы жік-жіктік Ресей империясының қазақ жеріне кіріп, қорғаныс бекіністерін салуға мүмкіншілік жасады. Бұған қарсы болған қазақ батырлары аймақтық, өлкелік көтерлістерді ұйымдастырып еді, үлкен жеңіске жете алмады. Бұны жақсы түсінген Абылайдың немересі Кенесары үш жүзді қайта біріктіріп, ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастыруға ұмтылды. 1841 жылы үш жүздің өкілдері Кенесары Қасымовты хан сайлады. Кенесарының күшейуінен секем алған Ресей патшасы Николай – I 1843 жылы Кенесарыға қарсы ірі көлемді соғыс жасауға бұйрық берді. («Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін», Алматы, 1994 жыл, 228-231-б.). Кенесарыны қолдамаған қазақ сұлтандары мен билері оны орыс әскерінің көмегімен қыспаққа алып, оңтүстіке ығыстырады. Ұлы жүз руларынан көмек алған Кенесары қуғыншыларға қарсы тұрып, Ордасын Мерке бекінісінде орналастырды. 1847 жылы ресейліктерді қолдаған қырғыз қолы Кенесарының қарсыластарымен күш біріктіріп, қазақтарға үш жақтан шабуылға шығады. Ханның қолы оңтүстікке шегініп, Тоқмақ қаласының түбіндегі шайқаста жеңіліп, Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен бірге қаза табады.

Орыстың барлау мекемесі Кенесары қайтыс болған жылы 12 жастағы Шоқан Уәлихановты Омбыдағы Кадет корпусына оқуға алып, оның оқу прогаммасына арнаулы пәндерді кіргізеді. (Б.Қыстаубаев «Тайна Чокана Валиханова», Алматы, 2009 ж., 26-б.). 1853 ж. Шоқан оқуын бітіріп, алғашқыда қатардағы офицер, одан кейін генерал Г. Гасфорттың адьютанты болып қызмет істейді. 1856 жылы ол орыс экспедициясымен Ыстық көл бойына келіп, қырғыздардың мәдениеті мен тарихын үйреніп қайтады. Ресей империясының бірінші барлау тапсырмасын ойдағыдай орындаған Шоқан 1856 жылы арнайы тапсырмамен Құлжаға келіп, онда үш ай тұрып, көптеген мәліметтерді жинап Омбыға келеді. Шоқан алып келген мәліметтер жоғары бағаланып, ол енді ең қиын да қауіпті Қашқар сапарына дайындалады. Шоқанның Қашқар сапары туралы сан рет жазылғандықтан мен оған көп тоқталмай, тек бірер жайды ғана алға тартқым келеді. Ол – осы сапарда Шоқанға төнген қауіп туралы.
Бұл қауіп ең алдымен қырғыздар жақтан келген бір тыңшыдан туса, сосын «Бұл Әлімбай деген саудагер ешқандай саудагер емес, орыстың тыңшысы деген екінші мәлімет тағы бір сенімді адамнан түседі. Бұны Шоқанға жақындау жүрген қашқарлықтар дер кезінде хабарлап үлгіріп, оған жылдам аттанып кетуге бар жағдай жасайды да, ақыры таудағы асуды тазалап, Нарын өзенінен өткізіп, ұйғырлар жөнінде жазылған үш кітапты сыйлап, онымен қоштасады. Бұл мәліметтер Шоқанның Қашқарға сапар деген күнделігінде жазылған. Осы күнделік арқылы Шоқан қазақ халқын дүниеге танытып, ғылым салаларына үлкен үлес қосады.

Қашқар сапарынан кейін Шоқанның жаулары көбейе түседі. Өйткені ол – үлкен құпияның көзі еді. Бұл құпияны тезірек жойып жіберуге Ресей де, Қытай да мүдделі болды. Ақыры ол 1865 жылы 10 көкекте Алтынемелде, Тезек төренің ауылында қайтыс болды. «Қайтыс болды» деген – ресми мәлімет қана. Бұл өлімнің сыры әлі күнге дейін толық ашылды деп айту қиын. Мәселен Б.Қыстаубаев «Тайна Чокана Валиханова» деген зерттеу еңбегінде біраз жұмбақтың шетін шығарған. 1865 жылы Петербургтағы Орыс географиялық қоғамының жиналысында П.П. Семенов-Тянь-Шанский баяндама жасап (орысшадан аударған – Қ.М.): «Қырғыздың кең даласында, Ресейдің Қытаймен шекара аймағында, күш-қуаты шалқып тұрған кезінде, өте дарынды қырғыз сұлтаны Шоқан Валиханов өлтірілді. Бұл өлім арамыздан, шалғайда тұратын ең білімді адамымызды 30 жасында алып кетті» деген. (Б. Қыстаубаев. «Тайна Чокана Валиханова», Алматы, 2009 ж. 380-383-б.). Ресейдің зиялы қауымның арасында кең танымал, беделді адамның бұл мәлімдемесі кездейсоқ сөз еместігі айдан анық. Бұған төмендегі мәліметтер де куә бола алады. Шоқанмен жиі араласқан аталасы, Ресей армиясының полковнигі Тезек төре 1870 жылы Қапал бекінісіне ақша алып бара жатқан майор Задоринканың отрядын жойып, қару мен ақшаны олжалап, Құлжаға кетеді. Іле сұлтанатының сұлтаны – Әлихан (Әлихан) төре Ресейден келген елшілерге: «Біз сіздерге Тезек төре мен оның адамдарын бере алмаймыз…» деп қайтарып жібереді. Ұйғырлардың қазақ бауырларын қорғаштауы ел арасында тез тарап, Ресей армиясының поручигі (кейбір деректерде – прапорщигі) Тазабек Бусурманов есаул Герасимовтың отрядына шабуыл жасап, олжа алып, өзінің 1000-ға жуық адамдарын ертіп мал-мүлкін алып Құлжаға өтіп кетеді. Құлжаға келген Ресей елшілері Әлихан төреге Тезекті, Тазабекті, олардың адамдарын, олжаланған мүлікті 1871 жылғы 3 мамырға дейін қайтарып беруді қатаң талап етіп, бермесе істің насырға шабатынын ескертеді. Ақ патшаның қолына түссе өз бауырларының не боларын білген Әлихан төре Ресей елшілерінің талабын қабылдамайды. Ресей патшалығы Іле сұлтанатына соғыс жарялап, 1871 жылы шілде-тамыз айларында Іле өлкесін басып алып, сұлтанатты жойып жібереді.
Қасым Масими,  шығыстанушы, тарихшы  (мақала қысқартылып берілді)

Қабанбайдың мөрі табылды

$
0
0

Қабанбайдың мөрі табылды

 АСТАНА. 5 желтоқсан. BAQ.KZ - Бейжіңдегі Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатындағы «Әскери басқармаға жолданған ұлықтардың мәнжу тіліндегі мәлімдемелерінің көшірмесі» атты Чиң (Цин) патшалығының мұрағат құжаттары қорынан, ондағы құжаттардың микрофильмдері арасынан сақталу нөмірі 1736-03 және микрофильм бойынша 051-001761 нөмірлі шағатай жазба тілінде хатталған тарихи құжат табылды.
 Құжатта қытай мұрағатшылары тарапынан микрофильмде 2 бет болып көрсетілген, оның бір бетінде хаттың мәтіні, екіншісінде хат жолдаған адамдардың 2 мөрі басылған аталмыш құжат туралы ешқандай түсіндірме жазылмаған, онда тек құжаттың фотокөшірмесі мен оның мәнжу тіліндегі аудармасы берілген. Хаттағы шағатайша тіл-жазу осыған дейін біз кездестірген осы тілде хатталған қазақ жазбаларының немесе қашқариялық ұйғыр, қоқандық өзбектердің хаттарындағы тіл жазуларынан ерекшелеу. Ал мәнжу тіліндегі аудармасында хаттың түпнұсқасынан қысқалау екендігі байқалады. Бір қызығы – хатқа басылған екі мөрдің әрбірінің сол жақ жанында мөр мәтінінің мәнжу тіліндегі аудармасы берілген, онда былай делінген:
1. «kucuk hojo i temgetu», яғни «Күшікқожаның мөрі» (сол жақтағы мөрдегі жазу);
2. «Habambai i temgetu», яғни «Қабанбайдың мөрі» (оң жақтағы мөрдегі жазу).
Оң жақтағы мөр біздің назарымызға бірден ілікті. Өйткені, осыған дейін біз кездестірген мәнжу тілді мұрағат құжаттарында Қаракерей Қабанбайдың есімі осылай «Habambai» деп хатталған. Демек, бұл хаттың қазақтың әйгілі батыры Қабанбайға қатысы бар екені әбден ықтимал. Дегенмен, Қабанбай батырдың мөрі қалайша бұл хатқа басылған? Оның қасындағы мөрде көрсетілген Күшікқожа кім? Жалпы, елеусіз болып келген осы тарихи құжат қандай жағдайда қалыптасқан? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін, біз әуелі хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасын қазақ тіліне қайта аударып шығуды жөн көрдік.
Хаттың қазіргі қазақ тіліне аудармасы:
«Абқай-вехийехе («чяньлун» сөзінің мәнжу тіліндегі баламасы) ұлы ханға Күшікқожа бастаған, Сұлтан-Бекей би, Есім би, Қара би, Қараменді би, Құлмамет би, Алданазар би бастаған үлкенді-кішілі баршамыз бірауыздан ұлы Ежен ханға құлшылық етіп бас ұрамыз. Біз де ұлы Ежен ханға еңбек көрсетіп, қашқындарыңыз болған жағдайда әскери лагерьлеріңізге хабар жеткізіп немесе сол қашқынды тұтқындап апарып берсек. Қарақалпақ жұртынан елші болып келіп [едік], Қабанбай кедергі жасап жібермей жатыр. Осы хат батыр Жяң Жүннің елшісі Батұрұға тапсырылды. Батұрұ Жяң Жүн әрі қарай Абкай-вехийехе ұлы ханға жеткізгей...».
Жоғарыдағы хаттың мәнжу тіліндегі аудармасын оқи келе, біздің есімізге өзге бір Чиң патшалығының мұрағат құжаты түсті. Чиң патшалығы Чяньлүн жылнамасының 23 жылы 9-айдың 1-күні 1 қыркүйек), яғни 1758 жылы 2 қазан күні мәнжу тілінде хатталған, қытай мұрағатшылары тарапынан «Шет аймақты тыныштандыру армиясының оң қол орынбасар Жяң Жүні Чебденжабтың «қазақ Күшікқожа өз елін бастап бізге бағынып келді, оның осыған байланысты көтерген хатнамасы патша ағзамның назарына жіберілді» деген мазмұндағы мәлімдемесі» деп тақырып қойылған осы құжаттың факстық жазбасы бізбен Қытайдың Бірінші тарихи мұрағаты бірлесіп шығарған «Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарына байланысты Цин дәуіріндегі мұрағат құжаттарының жинағы (І том)» атты факстық құжаттар жинағына енгізілген. Қытай мұрағатшылары тарапынан берілген мәлімет бойынша, Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатындағы бұл құжаттың сақталу нөмірі мынадай: құжаттың түпнұсқасы бойынша – 1712-038; микрофильм бойынша – 0500564.
Құжаттың транскрипциясы мен оның қазіргі қазақ тіліндегі аудармасын біз өзіміздің «Қазақ хандығы мен Чиң патшалығының саяси-дипломатиялық қатынастары туралы қытай мұрағат құжаттары (І том)» атты еңбегімізге енгізгенбіз. Онда құжат авторы Чебденжаб өз патшасына (Цяньлунға) былай деген екен: «Пақырыңыздың Батұрұ есімді қорғаушысы Қазақ жерінен қайтып келіп былай деп мәлімдеме жасады: «Мен қазақ Қабанбайдың ауылында қарақалпақтың Күшікқожа есімді адамына кезігіп қалдым. Сонда Күшікқожа маған былай деді: «Мен қарақалпақтардың ауылынан 10 адам бастап келіп, Қабанбайға «қазіргі таңда сіздер барлықтарыңыз ұлы ханмен қарым-қатынаста болып жатыр екенсіздер. Өз кезінде біз өзара сауда қатынаста болған едік, ал біз де барша еліміздің «осылайша ұлы хан мен қарым-қатынаста болып, олармен бірге бейбіт әрі тыныш өмір сүрсек» деген өтінішін білдіруге келгенбіз. Бақытымызға орай батыр Жяң Жүннің жіберген елшісі сізбен кездесіп отырмыз. Ендеше, біз [осы орайды пайдаланып] қарақалпақ елінің барлық бұқарасы атынан өзіміздің ұлы ханмен қарым-қатынас орнатқымыз келетіндігімізді білдіріп, хатнама көтеріп отырмыз, батыр Жяң Жүн оны біз үшін ұлы патшаға жеткізіп бергей. Бұрын болса қазақтар бізді толассыз тонап келген, ал енді, міне, осыдан былай біз ұлы патшамен қарым-қатынаста болып тыныш өмір сүре алатын болдық», – деді де дереу хат жазып, оның үстіне мөр басып, маған тапсырды. Мен хаттағы жазуды танымағандықтан, тілмаштан оны маған оқып беруді талап еттім. Хатта былай делінген екен: «60 000 отбасы қарақалпақты басқаратын Күшікқожа, Сұлтанбек би, Есімбай, Қара би, Қорбота би, Халахмат би және Алданазар қатарлы үлкенді-кішілі адамдарынан дат: Абкай-вехийехе ханға басымызды иеміз. Егер [сіздер тараптан] қашқан қашқындар біз жаққа келсе, онда біз хабарын жеткіземіз. Қарақалпақ елшілері біз осында келіп едік, Қабанбай Абкай-вехийехе ханға біздің айтқанымызды жеткізбей отыр. Енді, міне, біз өз хатымызды батыр Жяң Жүннің [елшісі болып келген] қорғаушы елшісіне тапсырып, батыр Жяң Жүннен сол хатты Абқай-вехийехе ханға жеткізіп беруді өтінеміз». Сонан соң мен, Батұрұ, Күшікқожаның маған тапсырған осы хатын Қабанбайға көрсетіп едім, Қабанбай: «Олардың сіздермен қарым-қатынаста болғысы келетіндігі шын. Алайда олардың тұратын жері тым алыста болғандықтан, әрі-бері елші жіберу ісі өте қиын болар», – деді де, Күшікқожаның әлгі хатының үстіне өз мөрін де басты»… Мен өзімнің мәлімдемеммен бірге қарақалпақ Күшікқожаның хатының түпнұсқасын да патшаның назарына жіберіп отырмын…». [Чяньлүн жылнамасының 23 жылғы 9-айдың 1-күні [осы мәлімдеме жіберілді].
Чиң ұлығы Чебденжабтың бұл мәлімдемесін оқи келе, біз оның жоғарыдағы жаңадан табылған белгісіз хатпен тікелей қатысы бар екендігіне көзіміз жетеді: жоғарыдағы белгісіз хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасында айтылған әңгіме мен Чебденжабтың қарақалпақ Күшікқожа жазған хат мазмұны туралы берген мәліметі негізінен сәйкеседі, екі құжаттың арасында тек мына тұстарға байланысты бір-бірімен ұқсаңқырамайтын жайттар байқалады:
а) Чебденжабтың мәлімдемесінде «60 000 отбасы қарақалпақты басқаратын Күшікқожа» деген сөздер жоғарыдағы белгісіз хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасында кездеспейді;
ә) Екі құжаттағы Күшікқожанікінен тыс басқа 6 адамның есімі сәл өзгешелеу болып жазылып, бірінші құжатта олар «soltun bekei bi», «esim bi», «hara bi», «hara minde bi», «holmamat bi» және «ala najar bi» деп келсе, екіншісінде тиісінше «soltobekbei», «esembai», «harabei», «horbotabei», «halahmatbei» және «aldanajar». Дегенмен, бұл айыр-машылықтардың барлығын түсіндіруге болады: Чебденжабтың мәлімдемесінде «60000 отбасы қарақалпақты басқаратын Күшікқожа» деген сөздер жоғарыдағы белгісіз хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасында кездеспегенімен, хаттың шағатай тіліндегі нұсқасында кездеседі (тек онда «60 000 отбасы қарақалпақ» деген сөз тіркесі «6 шаһарлы қарақалпақ» деп жазылған. Ал есімдердің өзгешелеу болып қалыптасқандығы – құжат авторларының жат тілді есту қабілеттерінің айырмашылығы немесе құжаттардың хатталған кездеріндегі орфографиялық ақаулықтардан туындаған.
Қорытынды біреу: біздің Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатынан жаңадан тапқан белгісіз хатымыз дәл Чиң ұлығы Чебденжабтың өз патшасына жолдаған мәлімдемесінде айтатын «қарақалпақ Күшікқожаның хатының түпнұсқасы», ал хаттағы екі мөрдің иесі де анық болды: оның біріншісі аталмыш хатты жазған қарақалпақтың биі Күшікқожа болса, екіншісі сол дәуірдегі қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі – Қаракерей Қабанбай батыр. Аталған хат пен оның мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы кейін келе белгілі себептермен сол хатты жолдаған Чебденжабтың мәлімдемесінен ажыратылып тасталған (шағатай немесе тот-моңғол тілінде хатталған мұндай Ортаазиялық хатнама әдетте Чиң ұлығы жазған мәлімдеменің «қосымша құжаты» ретінде сол мәлімдемемен бірге сақталады), ал ол өзге құжаттар топтамасы арасына қосылып «белгісіз құжатқа» айналып шыға келген. Чиң ұлығы Чебденжаб өз мәлімдемесін «чяньлүн жылнамасының 23 жылғы 9-айдың 1-күні», яғни 1758 жылы 2 қазан күні жазған, демек, Қабанбай батырдың мөрі басылған қарақалпақ Күшікқожа бидің хаты осы 1758 жылы тамыздың соңы мен қыркүйектің басы аралығында хатталған болса керек. Күшікқожа хатының шағатай тіліндегі түпнұсқасынан қазіргі қазақ тіліне аудармасы:
«Пақырыңыз, Күшікқожа ұлы Абқай тәңірінің ұлына сәлем! Алты шаһарлы қарақалпақ қазақпен бір болды. Сұлтанбекей би, Есім би, Қара би, Қараменді би, Құлмахмет би сынды үлкенді-кішілі баршалары былай деді: «Тәңір ханына бас ұрайық, олардың шалғайдағылары (қашқындары) болса біз де хабардар болсақ, біз де қызмет көрсетуге дайынбыз». Сол себептен біз қарақалпақ жұртынан елші болып келгенбіз, алайда тәңірдің (ұлына және сізге бермек болған) сыбағамызды Қабанбай жібермеді. Жяң Жүн батырдың елшісі Батұрұға бұл хатымызды тапсырдық. Жяң Жүн батырға тапсырып берген осы хатымызды Жяң Жүн батыр [әрі қарай] Тәңірдің ханына тапсырып бергей...»
Енді «қарақалпақ Күшікқожа би не мақсатта осы хатты жазған?» деген сұраққа келсек. Жоғарыдағы көрсетілген Күшікқожа хатының шағатай тіліндегі түпнұсқасы, мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы және осы хатпен байланысты Чиң ұлығы Чебденжабтың жолдаған мәлімдемесі қатарлы тарихи құжаттардан білгеніміз: біріншіден, Күшікқожа бастаған қарақалпақ жұрты Чиң патшалығымен қарым-қатынас орнату мақсатында болған; екіншіден, қарақалпақтар Чиң патшалығына көмек көрсетіп, Чиң патшалығының «қашқындарын» тұтқындап беруге дайын екендіктерін білдірген; үшіншіден, Күшікқожа қарақалпақтардың «қазақтармен бір болдық» және «қазақтар сияқты Чиң патшалығымен бірге бейбіт әрі тыныш өмір сүрсек» деген ниетте екендіктерін айтқан. Демек, Күшікқожа би бастаған қарақалпақ көсемдері елдерін қазақтарға жақын жерге көшіруді көздеген. Мұның басты себебі туралы біз дәл сол кезде сауданың жайын бақылау мақсатында Үрімжіге бара жатқан Қабанбай батырдың ұлы Едігенің Чебденжабқа айтып берген әңгімесінен біле аламыз. Жоғарыдағы аталған Чебденжабтың мәлімдемесінде бұл туралы былай делінеді:
«Мен, патшаның құлы, [Батұрұ айтқан] осы туралы Қабанбайдың ұлы Едіге қатарлылардан сұрап едім, олар: «Бұрын қарақалпақтар біздің елдегі Әбілқайырдың інісі Бұлғарыны өлтіріп тастаған, сол себептен біздегі Абылай, Әбілқайыр қатарлылар әскер бастап олардың жұртын шапқан, сонда осы ел әрі [оңтүстікке қарай] көшіп кеткен. Онда барған соң бұларды тағы бұқарлықтар тонап, ел-жұрттары жан-жаққа шашылып кеткен. Олар біздің ұлы ханмен қарым-қатынас орнатқандығымызды естіп, өздері де осылай істесек деп келіп отыр. Олар өз қоныстарын осы жаққа қарай көшіріп, бұрынғы көне жұрттарына келіп отырмақшы. Біз олардың осы талабын құптап, олардың көне жұртына оралуына рұқсат беріп отырмыз» деп жауап қайтарды...».
Едігенің сөзі сайып келгенде, мынаны меңзеп тұр: қарақалпақтар қазақтар сияқты көне жұрттарына оралмақшы, оған қазақтар рұқсат берген (демек, жердің қазіргі иесі – қазақтар). Ал ол үшін қарақалпақтар Чиң патшалығымен де жақсы байланыста болғылары келеді. Мұнда Едіге маңызды бір мәселені, яғни Жоңғар хандығы жойылғаннан соң өз кезінде жоңғарлардың басып алған жерлеріне «біз қазақтар ие боламыз» деген әңгімені Чиң ұлықтарына астарлап қозғап отыр.
Жалпы, XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы қазақ-қытай қарым-қатынасының ең бір күрделі қыры немесе екі елдің қарым-қатынасына өзіндік ықпалын тигізген мәселе − Қазақ халқының шығысқа қарай өздерінің Жоңғар шапқыншылығы кезінде айырылып қалған көне жұртына оралуы және сол тарихи үдерісте туған «Жерге кім ие болуға тиіс?» деген екі ел арасындағы ұғымдық келіспеушілік пен әр елдің жүргізген саясаты болды. Мұндай мәселелердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі − Чиң патшалық билеушілерінің империялық пиғылынан туған ірге кеңейту саясатының жүргізілуі. Чиң патшасы Чяньлүнның және оның Орталық Азиядағы ұлықтарының ұғымы бойынша, бұрынғы Жоңғар хандығының иелігінде болған жерлердің барлығы Чиң патшалығына тән болуға тиіс. Өйткені Жоңғар хандығын қиратқан – Чиң патшалығы. Ал қазақ халқы болса, шығыстағы жоңғарлар басып алған өздерінің атажұртын ешқашан естерінен шығармаған және сол атажұртына оралуды әу бастан мақсат еткен. Мұны біз екі ел арасындағы қарым-қатынас енді орнай бастаған кездегі қазақ көсемдерінің сөз әрекеттері туралы Чиң патшалық мәліметтерінің өзінен-ақ оқып біле аламыз. Біріншіден, Абылай хан тұңғыш рет Чиң патшалығына елшілерін жібергенде-ақ Чиң патшасынан Тарбағатай сынды жерлерді қазақтарға қайтарып беруді талап еткен. Екіншіден, 1755 жылы 17 қыркүйек күні мәнжу тілінде хатталған бір құжатта мынадай мәлімет сақталған: Төле би қатарлы қазақ көсемдері Чиң ұлықтарына: «Қазір, міне, сіздер біздің көне жұртымызға келіп отырсыздар… (біздің) елдегілер жеке-жеке өз жұрттарымызға оралсақ деп тілек білдіруде» деген сөздер айтқан. Үшіншіден, 1758 жылы 27 қаңтарда мәнжу тілінде хатталған бір құжатта (сондай-ақ «Чиң Гаоцзун шилу» мен «Пиндин Чжунгээр фанлюе» сынды дәстүрлі қытай дереккөздерінде) найман Құттыбай батырдың Чиң ұлықтарына айтып берген бір әңгімесі сақталған, онда Құттыбай батыр: «Біздің қазақтың үш жүзі басқосып, қалмақтарды Қашқарға, Йеркендке және қырғыздардың жеріне дейін қуып жібермек», – дегенді жеткізген. Ал, міне, өз кезегінде Қабанбай батырдың ұлы Едіге де орайды пайдаланып, осы әңгімені қозғап отыр.
Қазақтар осы бір ұлы мақсаттарына жету үшін тек білектің күші ғана емес, мүддесі түйіскен, Құдай айдап әкеліп жаңа көрші болған Чиң елінің тамырын басып, онымен неғұрлым тіл табысып, әртүрлі әдіс-амалдар арқылы онымен бейбіт байланыста болу керек екендігін де түсінген. Сол себептен де, екі ел арасында «жылқыға жібек» сауда қатынасы орнатыла басталған. Ал қазақтардың Чиң патшалығымен тату-тәтті қарым-қатынас орнатуының тағы бір тәсілі – олар алғашындағы Әмірсана бастаған жоңғар қалмақтарымен одақтасып, Чиң патшалығына қарсы тұру саясатын өзгертіп, керісінше, Чиң патшалығына көмек қолын созып, оларға жоңғар қолбасшыларын тұтқындап бере бастаған. Қабанбай батырдың ұлы Едіге мен інісі Төметайды Үрімжіге жіберуінің себебі де осы болатын. 1758 жылы 9 қазан күні мәнжу тілінде хатталған «Тұй-жаңгин Нұсанның қазақ Қабанбайдың ұлымен жылқы саудасын жасағандары туралы мәлімдемесі» тақырыбындағы бір Чиң патшалық мұрағат құжатында былай делінеді: «Қабанбай өз ұлы Едіге мен інісі Төметайға 50-ден астам адамын ертiп, елшімен бірге Букучағанның ұлын Үрімжіге айдап апарып, ол жердің қаншалықты алшақ екендігін және сондағы саудагерлер санының қаншалықты екендігін білу үшін келе жатыр. Олар өздерімен бірге 500-дей жылқы айдап келе жатыр».
Күшікқожа бидің Чиң патшалығына хат жазуының тарихи астары осындай. Күшікқожа би қатарлы қарақалпақ көсемдері қазақтардан үлгі ала отырып, шығыстағы көкжиекке көз тігіп, өз елдерінің тынысын кеңейтуге, өздерін шаршатқан ортадан құтылып, елдерін еркіндеу әрі кеңірек етек жаюға мүмкіндігі бар кеңістікке бастап апаруға талпынғылары келген. Алайда олардың бұл ниеті мен жоспары ақыры іске аспай қалған. Мұның себебі туралы бізге ешқандай тарихи дерек жетпеген. Дегенмен, бұған кедергі болған сыртқы себептердің қатарында Чиң патшалы­ғының Орталық Азия өңіріне саясатының қалыптасуы, әсіресе шекара саясатының қалыптасуы себебі бар екендігі даусыз.
 

Бақыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы


Қазақ даласының ардақты аналары мен қыздары

$
0
0

Отлично 
Батырларымыз бен аталарымызды көтеріп жатырмыз ғой, ендеше сол батырлар мен ақындарды туған, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған Аналарымыз бен Апаларымызды - Қазақтың Қыздарының есімдерін келешек ұрпақтың есінде қалдыру мақсатында ұлықтайық:

Домалақ ана

Бәйдібектің 2-ші әйелі, шын аты Нұрила (Бибісара). "Диһнат мама" (әулие ана) деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Ұлы жүздегі Албан, Суан, Дулат - үш ру Жарықшақтан (Жарықбас) тарайды. Қазақтың бұл іргелі рулары негізінен Алматы, Жамбыл облыстарын мекен етеді - Бәйдібектің Домалақ Анадан тараған ұрпақтары. Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі. Бәйдібек ауылының көші Ташкенттен Қаратауға көшіп бара жатқан жерде Балабөген өзенінің жағасында әулие ана намаз оқып отырған жерінде қайтыс болып, оған сол жазықтықтан кесене тұрғызылған. Домалақ ана кесенесі деп аталады. Қазір Астана қаласында Домалақ ана көшесі бар.

Домалақ ана туралы ән (Авторы есіме түспей отыр):

Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға,

Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға.

Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім –

Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға

Елін сүйген қасиетті Домалақ ана

Қиратқан соң тас-талқан ғып қасиетті мазарын,

Ата-баба әруағы салмай қойды назарын.

Бәлкім әлде содан болып жүр ме екен өмірде

Ұрпағыңның бұл күндері тартып жүрген азабы.

Толғанайын, айналайын, Домалақ ана

Көп адасқан ұрпағыңды кешіре гөр ардағым,

Әруағыңмен желеп-жебеп жүре берші әрдайым!

Қадіріңді, қасиетіңді кеш білсем де әз Ана,

Есіміңді әнге қосып мәңгілікке жалғайын!

Толғанайын, айналайын, Домалақ ана

Риза болшы қолда барға, Домалақ ана

Domalakana.mp3

Абақ Ана

Орта жүздің Абақ Керейі - он екі ата Абақ деп аталады. Олар Ш.Құдайбердіұлының айтуынша: Жантікей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ. Бұл он екі ру өздерінің Анасының атымен "Абақ Керейлер" атанып кеткен. Абақ Керейлер негізінен қазір Шығыс Қазақстанда, Монғолияның Баян Өлгей аймағында тұрады.

Қызай Ана

Бәйдібектің әйелі Нүриладан (Домалақ ене) Жарықшақ туған. Жарықшақтың Күнбүбі (Айқыз деп те айтылады) деген қызы Найман еліне келін болып түсіп, ақыл-көркімен жұртқа жағып, төңірегі «Бәйдібектің немере қызы атасы мен әжесәіне сай екен!"» деп сүйсінетін болған. Осыдан Күнбүбі аты бірте-бірте ұмыт болып, келін боп түкен елі оны «Қызай» деп атап кетеді. Қызайдан өрбіген рулы ел де «Қызай» аталады (Н.Қазыбеков. Ат тергеу − әдептілік белгісі. − «Түркістан» газеті. 2000, наурыз).

Күнбүбінің келін болып түскен жері Найман ішіндегі іргелі ата − Төлегетайдың (Төлеқытай) елі. Атап айтқанда, Төлегетайдан − Қаракерей, Садыр, Матай, Аталық туса, Осылардың ішіндегі Аталық батырдың (Төртуыл Құттыболат деп те айтылады) Шағыр деген баласына Күнбүбі тұрмысқа шыққан. Шағыр мен Күнбүбіден − Дербіс, Бегімбет, Итемген, Меңіс туып, осылардың ұрпағы кейіннен «Қызай» деп аталатын рулы елге айналған.

Келесі бір шежіре дерегінде Ұлы жүз Албан, Суан, Дулаттың шешесі Нүриланың (Домалақ ене) қызы Қызай еді дейді. Қызайдың күйеуі Найман ішіндегі матай руының Шағыр деген білікті адамы болса керек. Шағыр мен Қызайдың арасынан Жеңіс (Итемген), Меңіс деген екі ұл туады. Шағыр ертерек дүние салып, Қызай өзінің қайнысы Тоқтарға тиеді. Тоқтардан Дербіс, Бегімбет деген екі ұл көреді. Қызайдың бауырынан өрген төрт ұлдың ұрпағы кейін өсіп-өне келе рулы елге айналып, «Қызай елі» атанады.

Қызай руының басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Іле, Текес алабын мекен етеді. Шежіре дерегінде Қызайларды Шығыс Түркістанға Барлық батырдың бастап барғаны айтылады. ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістандағы Қызайлар 16 болыс, 40 мыңдай шаңырақ болыпты.

Жанат Ана

Орта жүздегі Абақ керейдің ішіндегі он екі атаның бірі − Жәдік. Шежіре дерегінде Жәдіктің бірінші әйелінен − Итемген, Мұңал туады. Екінші әйелі Жанаттан − Қосай, Қыдыр, Тілеке, Байқазан, Байыс, Бұқай, Тоқай, Майма есімді сегіз ұл туған. Осы сегіз ұлдан өрбіген ұрпақты Қазақта шешелерінің есімімен «Сегіз Жанат» деп атайды.

Қарқабат Ана

Арғын ішіндегі ең бір өсіп-өнген ата − Мейрамсопыдан тарайды. Шежіре дерегінің басым көпшілігі Мейрамсопының бәйбішесі Нұрпиядан − Қуандық, Сүйіндік, екінші әйелінен − Бегендік, Шегендік, үшінші әйелінен − Болатқожа (Қаракесек) туып еді дейді. Бұлардың әрқайсысынан өрбіген ұрпақ бір-бір іргелі руға айналған.

Мейрамсопыны Қарқабат ерекше құрметтеп, қызмет көрсеткені сондай - өмірінде Мейрамның табанынан сыз өткізбей, етіне суық су тигізбей күтіпті. Түзге отын тере шықса, қу көдені жұлып әкеліп отағасысының табан астына төсеп, түнде дәрет алатын құманды бауырына басып жылытып жатады екен. Қарқабаттың осындай ықыласын көрген сайын Мейрамсопы: «Ой, көсегең көгерсін! Бір туғаныңнан бір туғаның аса берсін! Өсіп−өнген ұрпағыңның ұранына шық!» деп бата беретін көрінеді. Аруақты атаның сол батасы қабыл болып, Қаракесектер іргелі елге айналады, кезінде 25-26 болыс ел болды, елі мен жерінің айбары сияқты нелер жақсы-жайсаңдар шықты, Қарқабат ананың есімі Қаракесек руының ұранына айналды (Дерек беруші Мұқатұлы Ғалымжан (1905-1976), Ақмола облысы, Ерейментау ауданы; Осы тараудағы «Нұрпия» атауына қараңыз; «Лақап немесе жанама этнонимдер» тарауындағы «Қаракесек» атауына қараңыз).

Момын Ана

Қазақтың қария сөзінде Орта жүз Арғынның Аргүл есімді бәйбішесі ақылына көркі сай, оған қоса адуынды адам болыпты. Келін болып түскен соң Арғыннан Тоты есімді бір қыз, Мейрамсопы есімді бір ұл көріп, баладан тоқтап қалса керек. Содан, Тәңірдің берейін десе рахымы мол ғой деп, біраз жыл күтеді, бірақ бала болмайды. Ақыры әрі ойланып, бері ойланып Аргүл бәйбіше «Қой болмас, өмір өтіп барады, отағасымның бауырын суытпайын, жорық кезінде Ұлы жүз Бәйдібек бидің Момын деген қызына көзі түсті дегенді естіп едім, сол қызға өзім барып құда түсейін!» деген ойға бекініп, жөн-жоралғысын сайлап жолға шығады.

Бәйдібектің ауылы орынында, Момын қыз үйінде екен. Бәйдібек би «Бастасымның бәйбішесі келді!» деп, шат көңілмен қарсы алады.

Сол күні түнде Момын қыз түс көреді. Түсінде бір ақиық қыран аспаннан сорғалап келіп Момынға жеті рет түседі. Қыран бүркіт әрбір түскен сайын Момынның бауырына бір-бірден жұмыртқа пайда болып, жетіге жетеді. Сол жеті жұмыртқаны қызықтап, бауырына басып жатқанда одан жеті балапан шығады. Жетеуі де жұтынып, көктегі қыран әкесіне қарап, қанаттарын сабалай бастағанда Момын қыз оянып кетеді.

Осы түсін ерке де еркін өскен Момын қыз таңертеңгі дәм үстінде айтып береді. Сонда Бәйдібек би: «Шырағым-ай, түсіңнің түйіні бар екен, «Қырықтың бірі − Қыдыр» деуші еді, жоруын бастасымның бәйбішесі Аргүл айтсыншы!» дейді.

Аргүл көктен тілегені жерден табылғандай қуанып кетеді. Сол жерде келген шаруасымен сабақтай отырып, Момынның түсін былай жориды: «Ақиық қыран − Арғын би болар, аңсары ауса айналып қонар. Өңдеріңде танысып, түстеріңде табысып жүрсеңдер, бір-біріңе ықыластарыңның ауғаны болар! − деп келіп, жүзін Бәйдібек биге бұрып сөзін жалғайды. − Уа, Бәйдібек би, қызыңның бауырына береке дариын деп тұр екен, бастасыңа қи, менің де ниетім қабыл болып, көңілім толып қайтсын!» дейді.

Бәйдібек би үн-түнсіз төмен қарап отырып қалыпты. Сонда, ерке де еркін өскен Момын қыз үнсіздікті бұзып: «Әке, Арғын ағаның қанатының астында болсам, ешкімнен қор болмаспын. Батаңызды беріп, ұямнан ұшырыңыз, мен қарсы емеспін!» депті.

Осылайша Арғын би Момынға үйленеді. Момын қыздың түсінде көргені өңінде келіп, Арғыннан жеті ұл көреді. Ол жетеуі өсіп − өніп, өркен жайып, Орта жүз арғын ішіндегі «Жеті Момын» деп аталатын іргелі руларға айналады.

Шежіре деректерінің басым көпшілігі Арғын ішіндегі "Жеті Момынға" − Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Бәйімбет, Жанай, Қарауыл, Атығай руларын жатқызады. Бұларды «Ортаншы арғын» деп те атайды.

М.Ж.Көпейұлы Момыннан өрбіген деп қанжығалы, тобықты, қарауыл, бәсентиін, атығай, дәуіт аталарын атайды (Дерек беруші Мұқатұлы Ғалымжан (1905-1976), Ақмола облысы, Ерейментау ауданы).

Алтыншаш Ана

Қыпшақ Тоқтар бидің бәйбішесі Алтыншаштан − Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық атты бес ұл туған. Бұл бес баланың өсіп-өнген ұрпағы бес рулы елге ұласқан. Шежірешілер осы бес атаны қалың қыпшақ ішінен даралап, аналарының атымен «Алтыншаш» деп те атайды

Мұрын Ана

Орта жүз Найманның ішіндегі Қаракерейден өрбіген аталардың бірі − Байыс. Шежіре деректерінде Байыстың бес баласының бірі − Сары (Ерсары). Осы Сарының бәйбішесінің есімі Ақбике екен. Мұрыны зор кісі болса керек. Осы Ақбикеден өсіп-өнген ұрпақтың «Мұрын» аталып кетуі содан еді дейді, ел аузындағы аңыз деректері. Кезінде осы «Мұрын» аталған ұрпақтың өзі сегіз болыс ел болған.

Балқы Ана

Шежіре бойынша Кіші жүздің алты ата Әлім бірлестігіндегі Шөмекейден − Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл есімді төрт ұл туған. Осылардың Бозғұлынан − Қарақожа (Қаратамыр), Қайқы, Келдібай, Сарыбай, Торыбай туған. Бұлардың ішіндегі Қайқының Балқы (Балқия) есімді әйелінен − Андағұл, Отарбай, Қиық, Қалтаң, Әлімбет, Қосбармақ, Ақбалқы деген балалар туып, солардың ұрпақтарының бәрі де шешелерінің атымен «Балқы» деп аталып кеткен. Балқылар Қазақта тұқымына таралған ақын-жырауларымен, би шешендерімен белгілі. Әйгілі Базар жырауды − Балқы Базар дейтіні, сол түп Анасының есімімен аталатын руын меңзегені.

Әлпеш Ана

Қазақтың қария сөзінде, яғни, қазақтың ауызша тарихы бойынша Найман екі әйел алған адам екен. Бірінші Қырғауыл деген әйелінен − Ақсақал (Ақсопы деп те атайды), Үйелші, Күйелші деген үш бала туады. Екінші Шүңірекей деген әйелінен − Тоқбан жалғыз туыпты.

Ол кез ел іргесін жау торыған бір мазаң заман екен. Найман әулетіне тіс басқан қасақы дұшпан қапысын тауып ауыл-елге жойқын шабуыл жасапты. Тұтқиылдан тиген қаскөй жау еркек кіндіктіні қынадай қырып, қарт Найманның төрт ұлын көз алдында өлтіріп, өзін ойрандалған жұртында жалғыз қалдырыпты. Онысы − «қартайғанда қу бас атанып, қалған өмірі ит қорлықта өтсін» дегені болса керек.

Найманның қаза тапқан төрт баласының ішінде үйленгені жалғыз Тоқбан екен, оның Әлпеш (Ақсұлу, Мәзбура деп те айтылады) деген келіншегі жесір қалады. Әлпеш үйсін Дулат бидің қызы болса керек. Шабылған әулет пен қорғансыз қарт Найманның ауыртпалығы енді Әлпештің иығына түседі.

Содан Әлпештің әмеңгерім деп алаңдайтын ешкімі болмаған соң, ақылына көркі сай жас келіншекке ата жолымен арғын мен қыпшақтың балалары сөз салады. Найман уәж айтар қисын таппай, ерікті келінінің өзіне береді. Әлпеш болса «Атамның тұяғын үзбеймін, атын жоғалтпаймын, ошағын сөндірмеймін, Тәңірдің бір жазғаны болар!» деп, арғын мен қыпшақтың балаларына жолын беріп, басын босатып алады.

Әлпештің бұлай етуінің өзіндік сыр-себебі бар еді дейді. Зерделі келіншек өзінің жесірлігінен гөрі келін болып түскен әулет тұқымының жалғаспай қалатынын уайым етіп жүріп, бір күні атасының дәрет ұсатқан жеріне көзі түседі. Найман қарттың дәреті құмдауыт жерді ырсита жырып, көпіршіп жатса керек. «Е, Тәңірім, бере көр! Атамның бойында әлі де қуат бар екен-ау!» деген үміт сәулесі Әлпешті тәуекелге жетелегендей болады.

Сол үміт жетегімен Әлпеш төркін жұртына барып, әкесі Дулатпен бірге туысқан Ақмырза деген кісінің Гүлше (Құрым, Дәмелі, Дәмеш, Тұрымтай деп те айтылады) есімді қызын атасы Найманға айттырып алып қайтады.

Әлпеш атасы Найманға алып берген Гүлше қызда мейлінше құрметтеп, «енді сен маған ене болдың» деп, атын атамай «Қызене» дейді екен.

Гүлше Найман қартқа тиген соң алты айдан кейін жүкті болады. Күндердің бір күнінде Найман қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Ауруының бетін байқаған соң арғын ағайындарын шақыртып өсиет айтады. «Жасым сексенге келіп, бұл өмірден тұяқсіз өтемін-ау деп өкіріп жылап жүргенде көремін бе деген балам еді. Мына Қызенеден ұл туса, оның жауабын Тәңірдің алдында сендерден сұраймын» дейді. Мұнан соң Найман көп ұзамай дүние салады. Кешікпей-ақ, Гүлше де аман-есен қол-аяғын бауырына алып, бір ұл бала табады. Бұл кезде Найман шаңырағының бас иесі болып отырған Әлпеш алты алаштың басын қосып, ақ түйенің қарынын жарып, ұлан-асыр той жасайды. Осы тойда үйсін Дулат би: «Найман − қаны араласқан қадірлес құдам еді, мына нәресте артында қалған белгі ғой, атын Белгібай қояйық» дейді. «Балаға ат қою жолы біздікі еді, Найман атамыздың Тәңірден өкіріп жылап жүріп тілеген баласы ғой, атын Өкіреш қоямыз»,− деп арғындар да тілек білдіреді. Мұның бәріне Әлпеш ақ жамбы, ақ бас құндыз, ақ атан бастатып жолын беріп, риза қылады. Бұл жөнінде ел аузындағы шежіре сөзде мынандай өлең бар:

«Баланың атын қойды Белгібай деп,

Атадан туып қалған белгі ғой деп.

Ару Әлпеш баланы ардақтайды:

«Тәңірім бір тілекті берді ғой!»,− деп».

Ақыл-парасаты мол Әлпеш көз алдында дүниеге келген кішкене қайнысы Белгібайды он алтыға келгенше күтіп отырып, өзі отыз жетіге келгенде әменгерлік жолымен қосылған екен. Белгібай мен Әлпештің арасынан бір ұл туып, «Сүйінші, Найманның тұяғы жалғасын тапты!» деп қуанып, атын Сүйініш қояды. Сүйініштен − Төлегетай, одан − Қытай, одан − Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл туып, бұл соңғы буынның өсіп-өнген ұрпағы «Төрт Төлегетай» атанады.

Найманның тұяғы Белгібай Әлпештен басқа да бірнеше әйел алған. Бұл жөнінде шежіре сөз айтады, Әлпеш: «Мен аруақтың орынын силаған соң саған қосылған жеңгең едім, енді өзің таңдап қыздай қатын ал» деп, Белгібайдың көңілі сүйген бір қызды алып береді. Ол − түрікмен Арлауыт бидің Қаракөз атты қызы болса керек. Белгібайдың бұл әйелі бала көтермейді. Бұл екі ортада Әлпеш екінші балаға жүкті болып, ол аман-есен туған соң, есімін Сүгірше қояды да, оны Қаракөз сұлудың бауырына салады.

Әлпеш Сүгіршеден кейін баладан тоқтап, өзі бөлек шығып, «енді орынымды бассын» деп, өзінің Тоқсұлу атты немере сіңілісін Белгібайға қосады. Тоқсұлудан − Өтеген туады. Сөйтіп, Белгібай (Өкіреш) некелеп қосылған үш әйелінен Сүйініш, Сүгірше, Өтеген атты үш бала көреді. Қазақтың қария сөзінде тоғыз таңбалы қалың найман осы үшеуінен өсіп-өнген. Осындай күйге жеткізген Әлпеш сияқты дана әйелді қазақтың қария сөзін айтушылар күні бүгінге дейін «Найманның әулие келіні», «Иісі найманның ардақты анасы» деп қадыр тұтады.

Енді, Белгібайдың анасы, «Қызене» атанған Гүлше бар емес пе? Оның жайын шежіре сөз былай баяндайды: Найман өліп, асын берген соң, ата жолымен Найманның ұлы атасы Сарымен бірге туысқан Шомақтың немересі Елтайға Гүлшені әменгерлік жолымен қосады. Кейбір шежіре дерегінде Елтай Найманның туған інісі Наймантайдан туып еді дейді. Сол Елтайды Әлпеш: «Атамның орынына ата болды» деп, есімін «Елата» деп атап кетеді. Кейін Елата мен Гүлшенің арасынан бір ұл туады. Оны Белгібайға серік болсын деп, атын Серікбай қояды. Серікбайдан − Келбұға, Кетбұға атты екі ұл туады. Шежіре сөздің бір нұсқасы Келбұғадан − Балталы, Кетбұғадан − Бағаналы туады дейді. Бұлардың ұрпағы да бір-бір іргелі руға ұласқан. Сөз орайында, Кетбұға жырау әйгілі Шыңғыс ханның оң тізесін басып отырған би болғанын, «Ақсақ құлан» сияқты күйді тудырған ұлы күйші екенін айта кеткен жөн.

Найман атасының тұяғын жалғар ұрпақты шашау шығарғысы келмей, ұжымын жарастыру үшін Әлпеш Серікбайды өз бауырына салып өсіреді. Белгібай мен Серікбайдың енелес-емшектес болғаны өз алдына, екеуі де Әлпештің бауырында өскендіктен, жұптары жазылмай біте-қайнасып, бір туғандай болып кетеді.

Осының бәріне Әлпеш-ана ұйытқы болып, Найманның кіндігінен тараған ұрпақ жиырмашақты ауыл болғанша «жат болып кетпесін» деп, енші бөлістірмей, мал-жанын ортақ ұстатыпты дейді. «Байдың малы ортақ болсын, батырдың жаны ортақ болсын, шебердің қолы ортақ болсын, шешеннің тілі ортақ болсын, балуанның күші ортақ болсын, біреуге біреу зорлық жасамасын!» деген өсиет осы Әлпеш-анадан қалыпты деген сөз бар (Дерек беруші Қожбанұлы Шайхыбасар (1905-?), Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы).

Айбике Ана

Орта жүз арғын, оның ішінде Қаракесек руынан өрбіген аталардың бірі − Шаншар. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі − Айбикеден өрбіген ұрпақты, аналарының есімін қосып, «Айбике-Шаншар» деп те атайды. Айбике Есім ханның тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қыздарының бірі болса керек. Шежіре дерегінде Айбикеден − Жәнібек, Келдібек, Тінібек, Әсірбек туады. Осылардың Келдібегінен Қазақтың әйгілі Қаз дауысты Қазыбек биі туған. Осылайша Қаз дауысты Қазыбек бидің тегі "Айбике-Шаншар" болады.

Айбике Ару

Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте "қолға түскен күң" түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған.

Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Және Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған "жер шолғыштығымен" де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1958 жылдары ата мекеніне оралған.

Айғаным

Айғаным Сарғалдаққызы, Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли сұлтанның кіші әйелі. Патша үкіметі Қазақ еліндегі хандық билікті жойғасын, Уәлиханның барлық мұрасы балалары арасында бөліске түскенде, "Хан Ордасының қызыл ағашы" - Үлкен ұлы Ғұбайдолла ұрпақтарына, ал Сырымбет кіші әйелі - Айғанымнан туған балалардың иелігіне қалады.

Уәлихан қаза болғанда Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болған. Ал Ғұбайдолла ұзақ жылдар бойы айдауда жүріп қайтыс болады. Соның салдарынан Уәли әулетінде ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерген. Петербордағы Сібір комитетімен, Ресей патшалығының сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен дипломатиялық хат жазысып тұрды.

Сібір Қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, солтүстік Қазақстан өңіріндегі көптеген мәселелердің шешілуіне оның оң ықпалы тиген. Айғанымның жергілікті хаолық арасындағы ерекше абырой-беделін көрген Патша үкіметі Қазақтарға қатысты мәселелерді шешу ісінде ол кісімен ақылдасып отырған. Бұл хаттар Ресей архивтерінде қазірге дейін сақталған.

Александр І патша арнайы бұйрықпен Айғанымның өтініші бойынша Сырымбетте қыстау салдырып беруген. Қыстау сыртынан қоршалған, ал қыстаудың ішінде үлкен үйі, мешіті және қонақ үйі, және үлкен бес бөлмелі бала оқытатын меткеп үйі, монша, диірмен, керме және сарайы т.б. болған. Батыс Сібірді тексеруге келген В.Безродный және Б.Куракидермен кездесіп, оларға халықтьың мұң мұқтажы туралы жащылған хатты табыс еткен.

12 жасына келгенде Шоқанды да, оның шешесі Зейнептің қарсы болғанына қарамастан, Омбы қаласына оқуға жіберген. Айғаным әжесі Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, қоғам қайраткері болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен адам.

Айнакөз

Орта жүзде Арғын ішіндегі «кіші арғын» атанған Шақшақ, Саржетім сияқты аталардың түп анасы - Айнакөз деген кісі екен. Бұл аталарды шежіре дерегінде «Кіші арғын», «Тоқал арғын» немесе «Айнакөз» деп те атайды.

Айсары және Таңсұлу

Шежіре бойынша Орта жүз арғын ішіндегі іргелі рулардың бірі қуандық болса, сол қуандық ішіндегі белгілі аталардың бірі − Аралбай. Әлібекұлы Аралбай (1685-177 8) тарихта болған адам. Тәуке ханның белді батырларының бірі. Әйгілі Бұланты (1726), Аңырақай (1729) шайқастарына қатысқан. Аралбай батырдың бейіті Ұлытаудан ағатын Аралбай өзенінің бойында.

Аралбай батыр үш әйел алған адам. Бірінші әйелі − әйгілі Қанжығалы Қарт Бөгембайдың Айбике деген қарындасы. Бұл кісіден Өмір деген бір ғана ұл туған.

Аралбай батырдың екінші әйелі − Айсары, Ұлы жүз дулат ішіндегі жаныс руынан шыққан Төле биге аталас адамның қызы. Айсарыдан − Құттыбай, Жоламан, Тоты деген балалар туған. Осылардан өрбіген ұрпақты «Шанаң» немесе «Шанаң ұрпағы» деп атайды. Шанаң − Айсарының ел құрметтеп қойған жанама аты болса керек.

Арал атаның үшінші әйелі − Таңсұлу, тама тайпасының ішіндегі текті жердің қызы екен (кейбір деректерде ноғай қызы екен деп те айтылады). Таңсұлудан − Байтоқа, Бәйтелі, Жабағы, Жабық, Сеңкібай туған. Бұлардан тараған ұрпақты «Танаң» немесе «Танаң ұрпағы» деп атайды. Танаң − Таңсұлудың ел құрметтеп қойған жанама аты екен дейді.

Аралбай батырдың кіндігінен өрбіген халық арасында «Шанаң», «Танаң» деп аталатын ұрпақтары, негізінен, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында тұрады.

Айтолқын Ару

Ақтөбе облысындағы Терісбұтақ өзенінің бойында "Айтолқын күмбезі" деп аталатын сәулетті бір белгі бар. Сұр тастан жымдастыра қаланған ескерткіш күмбез халық ықыласының айғағындай. Халық жадында сақталған аңыз-әңгіме бойынша Айтолқын қалмақтармен болған қанды шайқастарға көп қатысып, солардың бірінде ерлікпен қаза тауыпты дейді.

Келесі бір аңыз-әңгімеде Айтолқын Абылай ханның қызы еді деген дерек те айтылады. Айтолқын әкесі Абылай ханмен бірге жорықта жүреді екен дейді (Айтолқын туралы дерек «Тургайская газета» басылымының 1896 жылғы № 1 санында жарияланған).

Ақбикеш пен Мақпал

Қазақта ел-жұрттың ұжымын жарастырып отыратын, ағайын арасының адтын арқау дәнекері сияқты небір ақылды аналар, ару қыз-келіншектер болған ғой. Ұлытауды қоныс еткен бағаналы найманнан шыққан домбырашы Ербатырдың қызы Ақбикеш деген кісі сондай ару аналардың қатарында аталады.

Ұлытаудан құлай ағатын Торғай өзенінің бойын негізінен арғын мен қыпшақтар қоныстайды. Былайша айтқанда, Ұлытаудың бағаналы найманы мен Торғайдың арғын-қыпшағы қашаннан бір өзеннің суын ішкен, ауылдары аралас, қойлары қоралас дегендей, жапсар жатқан елдер. Жапсар жатқан соң да бұл елдердің арасында құда-андалық, нағашылы-жиендік, дос-жарандық қарым-қатынастар көп болады. Сол дәстүр бойынша бағаналы Ербатырдың Ақбикеш деген ару қызы арғын ішіндегі әйдерке атасынан шыққан Таңғұлы деген кісінің Солтан деген баласына ұзатылады. Бәрі де жазудан ғой, Ақбикеш келін болып түскен соң, сегіз-тоғыз жыл өтсе де бала көтермей қойыпты. Ақылына көркі сай Ақбикештің бұл жағдайы әулет-атаның ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың уайым-арманына айналады.

Содан, күндердің бір күнінде Ақбикеш бір ойға бекініп, ұшқан ұясына төркіндеп барып қайтпақшы болады. Ата-енесінен рұқсатын алып, жанына жасөспірім қайнысын ертіп, жолға шығарда Ақбикеш айтыпты дейді: «Бұйырса, екеу болып кетіп, үшеу болып оралармын» деп. Бұл сөздің мәнісін қайын жұрты түсіне қоймаса да, жақсылыққа жорып қала береді.

Ақбикеш ауыл-еліне келіп, ағайын-туғанмен қауышып, мауқын басқан соң, әке-шешесіне бұл келісінің мәнісін айтады: «Құдайға шүкір, барған жерімде бағасыз емеспін, ел-жұрттың алақанындамын. Көңілдегі жалғыз кірбең − перзенттің болмай жүргені ғана. Осы олқылықтың орыны тола ма деп, арман-үмітімді жетекші етіп, алдарыңызға келіп отырған жайым бар. Мені қиған жерге сіңілім Мақпалды да қисаңыздар екен. Мақпалымды құдай қосқан қосағым Солтанға екінші әйелі етіп қосайын. Құдай көз жасымды иіп, тілегімді қабыл етсе, осы ниетімнің қайыры болар деп үміт етіп келдім!» − дейді.

Бұл сөзді естігенде Ақбикештің анасы көз жасына ие бола алмай қалады. Ал, еркөңіл, сері көкірек Ербатыр болса тұғырдағы шәулідей дүр сілкініп, еңсесін тіктеп: «Тәңірім өзі күзеп, өзі түзегендей бір істі ойыңа салған екен, қарағым! Қайыры болсын. Сен бар жерде Мақпалымның мерей-мәртебесі ешкімнен кем болмас. Бәйбіше, көзіңнің жасын тый, қамдан, балаларды ақ тілекпен, ақ жолға аттандырайық!» − деген екен.

Айтқанындай, Ақбикеш екеу болып кетіп, үшеу болып оралып, қайын жұртын да күтпеген қуанышқа кенелтеді. Арада бірер жыл өтер-өтпесте, құдай тілеуін беріп, Ақбикеш те, Мақпал да қатар бала көтеріп, әулет-атаны одан сайын мерейлендіре түседі.

Сөйткен Ақбикештен Қожаназар, Майқара, Шойқара деген балалар туып, Мақпалдан Бердібай, Дербісалы, Бердалы, Бердіс деген балалар туған. Бұлардан өрбіген ұрпақ қазір рулы елге ұласқан. Ал, Ақбикеш пен Мақпалдың есімдері бір-бір әулет-атаның атауына айналған. Осы күні Торғайдағы Сарықопа көлінің төңірегіндегі екінің біріне кімсің десең «Арғын әйдеркеміз, оның ішінде ақбикешпіз» немесе «Арғын әйдеркеміз, оның ішінде мақпалмыз» деп отырады.

Әне, бір ананың ақыл-парасаты бір рулы елді дүниеге келтірді деген осы. Сөз орайында айта кеткен абзал, қазақтың белгілі қаламгері, этнограф Сейіт Кенжахметұлы Мақпал ананың Дербісәлісінен өрбіген ұрпақ (Дерек беруші Әбіқайұлы Ахметхан (1903-1986), даңғайыр шежіреші, Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы; С.Кенжахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. − Алматы, 2006. 355-356-беттер).

Ақбикеш

Ел жадындағы аңыз-әңгіме бойынша Ақбикеш Кіші жүз алшын елінің батыр қызы еді дейді. Қаратаудың солтүстік өңірін қоныс еткен елге келін болып түскен екен. Ол кездің жаугершілігі көп болса керек. Ақбикеш келін екенмін демей, елдің ер-азаматтарымен тізе қосып, жауға бірге аттанып жүреді. Талай-талай шайқастарға қатысып, жаудан тайсақтамайтын әбжіл қимылдарымен көзге түседі.

Күндердің бір күнінде қазақ пен қалмақ арасында қамданып келіп тірескен қанды шайқас болады. Екі жақтан да талай ерді шығындаған осы соғыста Ақбикеш ерлікпен қаза табады. Елі мен жері үшін құрбан болған аруды халқы ардақ тұтып, арулап жерлеп, басына биік мұнара орнатады. Халық ол мұнараны кейін "Ақсүмбе" деп атап кеткен.

Ақбикеш Ару

Есім ханның шолғыншы батырларының бірі. 17 ғасырда өмір сүрген. Есім хан жасақтарының Бұхараға, Қашғарға Қалмақ жеріне жорықтарына қатысқан ержүрек қыз. Ол негізінен алыстағы жау жасақтарының орналасқан тұсын дәл болжау арқылы Қазақ жасақтарына көп көмектескен. Аңыз бойынша оның көргіштік және болжағыштық қасиеті ерекше болған екен. Ақбикеш еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, сол мұнарадан төңіректі шолып тұратын қарап тұратын болған. Және сол аңыз бойынша Ақбикешті Жоғарлар қапыда қолға түсіріп, өшікеннен оның көздерін ойып алған дейді.

Ақкете Ана

Кіші жүздің ішіндегі Әлімнің Кете руынан өрбіген бір ата − Тойқожа. Сол Тойқожаның ұрпағын шежірелерде және ел ішінде «Ақкете» деп те атайды. Бұл атау оларға Кетебике атты аналарының есіміне байланысты телінген.

Бопай ханшайым - Абылай ханның немересі, Қасым төренің қызы, Кенесары ханның қарындасы Бопай (Бопы) 1837-1847 жылдардағы Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтерілістің көрнекті тұлғасы. Қасым төреден туған Санжар, Есенгелді, Ағатай, Көшек, Кенесары, Наурызбай сияқты алты ұлдың ортасында ерке де еркін өскен Бопай ел ісіне ерте араласып, ақыл-көркімен жұрт аузына ілінген.

Төре Әбілқайырдың Сәмеке деген ұлына тұрмысқа шыққан Бопай одан алты перзент көрген. Ағасы Кенасары Ресей отаршыларына қарсы ашық күреске шыққан кезде, яғни 1837 жылы Бопай өзінің қайын жұртын көтеріліске қосылуға үгіттейді. Алайда, қолдау таппаған соң, алты баласын ертіп көтерілісшілерге келіп қосылады. Ел тағдыры сынға түскен шақта Бопай өзінің есейген балаларын жорыққа баулып, жауапты шайқастарға салып отырған. Бұған Бопайдың он жеті жасар баласы Төреханның (Нұрхан) қанды шайқаста ауыр жараланып, орыстардың қолына түскені айғақ (Е.Бекмаханов. Казахстан в 20-40 годы ХIХ века. − Алматы, 1947. 211-бет).

Бопай арнайы жасақталған 600 адамнан тұратын қолды бастап, көтерілісшілерді азық-түлікпен, қару-жарақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айырықша қажыр-қайрат көрсеткен. Ол сын сағаттарда қол бастап, қару алып, соғысқа да қатысады, тұтқынға да түседі. Соның бәрінде де ерлік-табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған.

Кенесары ханның қырғыз жеріндегі ақтық шайқасында Бопай бірге болған.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Ырғыз бойында Бопай есімімен аталатын ауыл бар. Сол ауылдың іргесіндегі төбешік басындағы бейітте елінің азаттығы үшін арпалысып өткен Бопай-ананың рухы мәңгілікке дамылдап жатыр.

*Бұл деректе Бопай ханшайымды енді Кенесарының қарындасы деп беріпті.

Бопай ханым

БОПАЙ ханшайым, Әбілқайыр хан зайыбы. Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі ХҮШ ғасыр болса, сол кездің саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан көрнекті қайраткерлердің бірі Бопай (Бәтима) болған. Бопай − Кіші жүздің ханы Қожасұлтанұлы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қауіпі төнгенде Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай жалтақсыз қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айырықша икемділік-тапқырлық танытып отырған. Мұны Бопай ханымның орыс патшайымдары Анна Иоановнаға, Елизавета Петровнаға, бригадалық генерал А.И.Тевкелевке, Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке, канцлер А.П.Бестужев-Рюминге жазған хаттарынан және ол хаттардағы ел мүддесіне қатысты ұстанған әрекет-ниеттерінен айқын аңғаруға болады. Тарихшы А.И.Левшин: «Бопай... өзінің ақылдылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті»,− деп жазды (А.И.Левшин. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. − Алматы, 1996. 217-бет).

Бопай ханым ұзақ жасап, тоқсанға жақындаған жасында 1780 жылы дүние салды. Топырақ бұйырған жері Елек өзенінің бір тармағы − Жосалының жоғарғы жағындағы қорым. Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның арасынан Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ есімді бес ұл туған (Казахско-русские отношения в ХҮI-ХҮШ веках. − Алматы, 1961; Джон Кестль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы. − Алматы, 1996).

Айша бибі

Айша бибі (ХІ ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, оның басына қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау сақтар заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі де сәулетті "Айша бибі кесенесі" атты архитектуралық әсем ескерткіш тұрғызылған.

Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді.

Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі.

Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.

Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: « Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.

Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.

Гауһар

Қазақ пен қалмақ арасындағы ұлы сүргін соғыс кезінде (ХҮШ ғ.) ерлік істерімен ел есінде қалған аяулы арулардың бірі − Гаухар. Ол әйгілі Қаракерей Қабанбай батырдың жан жары, бәсентиін Малайсары батырдың туған қарындасы. Саны мол, қауып-қатері көп жорық жолдарында Гаухар айырықша табандылық көрсетіп, Қабанбай батырмен тізе қосып талай рет қанды шайқастарға қатысқан.

Гаухар қылышын қынапқа салмаған батыр атанған. Қабанбай мен Гаухардың тұла бойы тұңғышы − Назым қыз да ерлік істерімен танылған.

Апай

Орта жүздегі Тарақты тайпасының құрамындағы он екі ата рудың бірі Апай деп аталса, енді бірі Тоқтауыл деп аталады. Апай Тоқтауылдың жағалбайлы еліне ұзатқан апасы (әпкесі) екен, бала көтермепті. Содан, уақыт өтіп, Апайдың жасы ұлғайып, күйеуі дүние салған соң, елге көшіп келіпті. Сонда, Тоқтауыл апасының көңілін аулап, бір баласын Апайдың бауырына салады. Сол баланың өсіп-өнген ұрпағы кейін «Апай» атанған. Күні кешеге дейін дейін тарақты ішіндегі Тоқтауыл мен Апай рулары «бір атаның балаларымыз» деп, өзара қыз алыспайтын болған.

Арухан

Қият руының ұранына айналған − Арухан анасы. Шежірелік аңыздың айтуында, ел басына күн туған қиыншылық замандарда ел-жұртқа ұйытқы болған қасиетті ана болса керек.

Қазақ арасындағы Қият руы дәстүр бойынша жүздерге кірмеген. Сондай-ақ Қарақалпақтардың іргелі руының бірі − Қият. Қазіргі кезде Қазақ арасындағы Қият руы басқа үлкен рулардың құрамына сіңіп, бірігіп кеткен.

Баян Ана

Шежіре дерегі бойынша Орта жүз Қоңырат тайпасының үлкен бір бұтағы − Жаманбай деп таалады. Жаманбайдан − Қылбелбеу, Құрбан, Қараша, Қырғызәлі т.б. деп аталатын аталар өрбіп, әрқайсысы рулы елге ұласқан. Осылардың Қылбелбеуінен − Жауғашты, Ноғай, Шоқпарлы, Қира аталары тарайды. Бұл аталардың ішіндегі Ноғайдың бір бұтағы − Қарамойын Тоқас, келесі бұтағы − Баян есімді әйел атымен аталады. Яғни, Ноғайдың әйелдерінің бірі болған Баянның бауырынан шыққан балалар кейін өз алдына бір атаға ұласқан.

Дәулетбике

Орта жүз қыпшақ, оның ішінде торы қыпшақ, оның ішінде түйішкеден өрбіген аталардың бірі «Дәулетбике» деп аталады. Дәулетбикенің қыздай тұрмысқа шыққан адамы түйішке ішіндегі Мұрат деген кісі екен. Мұрат қайтыс болып, Дәулетбикені әмеңгері Мәмбет алады. Әмеңгері Мәмбетке қосыларда Дәулетбике «бөлек ауыл болып отырайын» деп шарт қояды. Бұл шартын Мәмбет орындаған. Содан, бәйбішесі бір ауыл, тоқалы бір ауыл болып отырған соң, Мәмбет ары-бері қатынайтын болады. Сонда, жолшыбай жөн сұраған адамға Мәмбет: «Дәулетбикенің ауылына барамын» деп жауап береді екен. Осылайша Дәулетбикеден өрбіген ұрпақ анасының есімімен аталып кеткен. Дәулетбике Есім хан тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қызы еді деген сөз бар.

Дәулетбике

Орта жүзде Дәулетбике деп аталатын тағыда бір ата бар. Шежіре дерегі бойынша Орта жүз Арғыннан − Мейрамсопы, одан − Қуандық, одан − Қарпық туып еді дейді. Қарпықтан − Көзей мен Тоқа туған. Тоқадан − Бесім туады. Бесімнің кіші әйелі Дәулетбикеден − Бірғана, Айтқожа, Сатыпалды деген балалар туған. Осы Дәулетбикенің бауырынан өрбіген ұрпақты жинақтап, шешесінің есіммен «Дәулетбике» деп атайтын шежірелік дәстүр қалыптасқан.

Дәулескер күйші Шоңманұлы Тоқаға арнаған өлеңінде әйгілі Шөже ақын былай дейді:

«Бақтыбай, Берден шықты төменгі елден,

Шоң шықты дәулетбике деген елден.

Баласы бес мейрамның бас қосқанда

Ақылға, Сары Тоқа, сізге келген».

Осындағы Бақтыбай, Берден деп отырғаны Арқадағы алшын, тама елдерінің өз кезіндегі белгілі адамдары. Шоң деп отырғаны Бесімнің кіші әйелі − Дәулетбикеден туатын Айтқожаның ұрпағы. Шоң өз кезінде әрі болыс, әрі би, көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты адам болған.

Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955)

Қазақтың "Күй Анасы" атанған әйгілі күйші-сазгері. Бала кезінде-ақ Құрманғазының өзі сүйсініп тыңдаған талантты шәкірті болған. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.

Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында.

Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған. Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.

Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.

Белең ана

Ұлытау өңіріндегі қираған көне қаланың (13-14 ғасыр) орны. Бұл қаланың аты бізге белгілі әдебиетте тұңғыш рет Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы жайлы жазбада аталады. Қаланың құрылыстарының қираған үйінділері Сарысу өзенінің бойында Телікөлден бір күндік жерде жатыр. Жошы ұлысының Ақ Орда бөлігін билеген Орда Еженнің екінші ұлы Құлидің әйелін Белеңхатун деп атаған.

Плано Карпинидің Монғол империясына саяхаты жайлы жазбаларында Шыңғыс хан ұрпақтарының бірнеше әйел алғандығы және олардың Орданың белгілі бір бөлігіне иелік етіп, билік жүргізгендігі жайлы айтылады. Осылардың негізінде Белең ананы Ақ Орданың ең алғашқы ханы болған Орда Еженнің келіні деп кесіп айтуға болады.

Қираған қаланың үйінділерінің көлемінен оның аумағы өте үлкен болғаны байқалады. Орыс ғалымы П.Ричков бұл қаланың жұртының ұзыны 6, ені 2 верста (1 верста=1,06 км) шамасында деп жазады. Белең ана – зерттелуін күтіп жатқан тарихи маңызы зор күрделі ескерткіштердің бірі. Ол ұлт бірлігінің ескерткіші саналатын “Таңбалы таспен” іргелес жатыр.

Жұбан ана

Тарихи маңызы мен географиялық орны жағынан Ұлытау өңірі архитектуралық ескерткіштері тобына кіретін күмбезді кесене. Жарық-Жезқазған темір жолының 189-шы разъезінен солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің оң жағалауында тұр. VIII-IX ғасырларда қыпшақтар қолданған сәулет өнерінің үлгісімен салынған. Төртбұрышты қабырға қалауының үстінен барабан шығарылып, оған сегіз қырлы күмбез орнатылған. Ішкі төртбұрышында сүйірлеп өрілген мехрабтары бар. Есігі оңтүстік-шығыс жаққа қаратылған. Сыртынан өлшегенде ескерткіштің ені мен көлденеңі бірдей – 6м х 6м, биіктігі де 6 м. Іргетасы жарты метр, жалпақ тастардан қаланған, құрылысқа көлемі 27 см х 27см х 6 см күйдірілген кірпіштер пайдаланылған.

Болған ана

Болған ана күмбезі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Сарысу мен Қаракеңгір өзендерінің қиылысында,Қаражар шатқалында орналасқан. Аңыздарда Болған ананы Алаша ханның келіні деп айтйды. 1990ж. Алматы мемлекеттік архитектура және құрылыс институның экспедициясы(жетекшісі Е.Байтенов)зерттеген. Кесененің қосбетіндегі арқалы порталды кірер ауызының айналасы қуыстана жасалған.Бөлменің төменгі шаршы бөлігінің күмбез шеңберіне өтер тұсындағы бұрыштары арқалы-тромыты тәсілмен өрілген. Тормп қолтықшалары қосарланған кірпішті қиғаштап,бұрышын шығара қалау арқылы өрнектелген. Ескі сылақтың қалдығы П тәрізді порталдық арканың белдеуімен жапсырылған әшекейлі қыш тақташалардың терракота түсті болғанын көрсетеді. Порталдық ширек бұрышты бағаналары мен басқа қабырғалары түгел ақ түсті. Көрнекті жерге салынған Болған ана күмбезі алғашқы нұсқасында әдемі болғанға ұқсайды. Ал осы өңірдегі кейінірек салынған кесенелер архитектурасына (Ақтыбай,Қауқабай т/б) да әсерін тигізеді.

Қыз әулие

Ақтөбе облысындағы “Қыз әулие” атанып кеткен киелі жер туралы айтылып жүрген аңыз көп. Бірақ «қыз әулиенің» тарихтағы орыны туралы нақты ешкім білмейді. Халық санасында қалып қойған қасиетті мекен. Оның шын аты – Сұлу болған екен.

Жұрттың айтуы бойынша, «Қыз әулие» - Кеңқияқ маңында жатқан тағы бір киелі қорым иесінің қызы. Өйткені, апатты жағдайлар болғанда, не боларда жергілікті халықтың түсіне бір қарт адам мен қыз әулие кіріп ескерту жасайды. Сондықтан исі қазақ, ағайын-туыс болып 1996 жылы «қыз әулиенің» басына құлпытас орнатқан. Ол жерде ерекше бір ағаш өсіп шыққан. Жапан түзде жалғыз өзі тұратын. Сосын халық сол ағаштың маңына құлпытас белгі орналастырған.

Өскен ағашты да, орнатқан құлыптасты да 2007 жылы Ваххабистер жиналып келіп, қиратып-шауып тастаған. Өз халқының тарихы мен көне мәдениет орындарын сыйламайтын "сақалды" топқа не айтарсың.

Бабаша-Хатун

Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің ендігі бір тамашасы – Бабаша-Хатун ескерткіші (аңыздың айтылуына қарағанда, байдың қызының (кейде Айша бибінің) бағушысы, күтушісі). Бұл осы өңірдегі ең көне ескерткіш. Арыстан баб пен Қарахан, Айша бибі кесенелері одан кейінірек салынған.

Айша-Бибі ескерткішінен мұның ерекшелігі формасының қарапайымдылығы мен оюлардың жымдаса қиысуы және оның осы кезге дейін жақсы қалпында сақталуына себеп болған құрылыс жұмыстарының сапалылығы. Себебі Қарахан, Арыстан баб, Иассауи және Айша бибі т.б. кесенелер салынғаннан кейін бірнеше рет қайта салынған, күрделі жөндеулерден өткен, бұл кесене өзінің алғашқы салынған қалпында сақталып тұр. Әшекейлік оюлардың қарапайымдылығына қарамастан, кесененің айбындылығы мен кескін сұлулығы көз тартады.

Зеріп ана

Ұлы жүз ру-тайпаларының қасиетті бабасы Бәйдібектің Домалақ ана (Нүрила), Сары бәйбіше (Марау), Зеріп есімді үш әйелі болған. Шежіре дерегі бойынша, Домалақ анадан Албан, Суан, Дулат рулары өрбіген болса, осы Зеріп анадан тараған ұрпақтардан Шапырашты, Ысты, Ошақты деп аталатын қазіргі Ұлы жүз Үйсіннің іргелі үш тайпа елі өсіп-өнген.

Зеріптен әйгілі Жәлменбет батыр туады. Жәлменбеттің Жұпар, Сыланды, Тұмар есімді үш әйелі болған. Үшеуі де ел-жұртқа ұйытқы болған қасиетті аналар.

Жұпар ана

Байдібек бидін келіні, Қонырат Қызыл бидін кызы. Жұпар ана - жасында еркекшора болып өскен, ер мінезді қыз болған. Шапыраштыға жүкті болғанда Жолбарыстын жүрегіне жерік болған екен. Жұпар келін атасынын малын жайлауға ерлермен бірге айдасып, би атанын талай алғысын алған екен.

Сыланды ана (Қарашаш)

Жұпар ананын сінілісі, Карашаш сұлу сабырлы, арі акылды болыпты. Сән-салтанатпен үнемі кербез журеді екен. Сондыктан ел «Сыланды келін» деп атаган. Шежіреде өсіп-өнген ұрпактары Ысты елі атанып кеткені көрсетіледі. Ұлдары Нұртай, Қырбайдан Ысты мен Ошакты тарайды. Енесі Зеріп ананын жанына жерленген.

Яғни, Зеріп пен Сыланды аналардың бейіті Бәйдібек баба мазарының маңындағы Қосмола деп аталатын жерге орналасқан.

Қарашаш ана

Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады. Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты - Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық Түріктері аса құрметтейді. Оны аналық қасиеттің белгісімен құрмет тұтады.

Бегім ана

Бегім ана мұнарасы ІХ-ХІ ғасырларда салынған. Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс кеңшарында орналасқан. "Казпроектреставрация" институты 1979 жылы паспортын жасаған. Республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш.

Бегім ана - аңыз деректері бойынша оғыз-қыпшақ заманындағы әрі батыр, әрі діндар болған Қарабура әулиенің қызы болады. Қарабураның қасиеті осы қызына дарыған екен.

Бұл аңыз Ұлжан Шайхы Назардың "Ордалы" хикаясынан алынды: "Қарабураның қызы Бегім елді аузына қаратар сұлу болып өседі. Сұлулығына қызыққан талай жанның қол жетпес арманына айналады. Бірақ жар болу тек Шаншарға (Санжар сұлтан) ғана бұйырады. Қырсық шаларда адам жаңылады емес пе. Қызғаныштың кесірінен ханның бір беткей әрекеті, адам заты кешірмес күнәға әкеп соқтырады. Бегім сұлудың адалдығына күмән келтірген Шаншар хан ашу үстінде қылышпен оның оң қолы мен бұрымын кесіп тастайды. Бұл кезде әкесі Қарабура қартайған кезі еді, бірақ қызының жағдайын естігеннен, жедел Жанкентке келеді. Қарабураның хан алдына келіп, істің мән жәйына қаныққан. Қаhарланған қарт ханға: «Қызымда күнә болса, сенікі жөн, ал күнәсіз болса ертеңге дейін қолы мен шашы орнына келсін, азабын өзің тарт!» деп теріс бұрылып кете берген. Қарабура әулиелігі тірісінде елге мәлім болған, айтқан сөзі бос кетпеген таманың аузы дуалы әулиесі еді. Қарттың налып айтқан сөзінен қала халқы қатты секем алып қалады. Енді істің артын бағудан басқа қолдарынан еш нәрсе келмеді, ел ертеңгі күнді қауіппен күтті. Халық Бегім сұлудың жағдайын өз көздерімен көруге хан сарайына қарай таң ата шұбырай бастайды. Жиналған жұрт Қарабураның жаны пәк қызының шашы мен қолы өз жәйында тұрғанын көреді. Жазықсыздығына ел куә болады. Есесіне қарғысқа ұшыраған хан Шаншардың жазасына, Жанкент шаhары сол жылғы күзінде үлкен апат күтіп тұрған еді. Қалаға адам сембес көп жылан қаптап, жаулап алады. Жұрт үдіре көше бастайды, бір сәтте құжынаған халқы бар қала жұт жерге айналады. Қаптаған жыланды ел «Ордалы жылан» деп, қоныстарын іргесінен аулақ көшіреді".

Гаухар ана

Гаухар-ана бейіті тарихи архитектуралы құнды ескерткіштердің бірі, қазіргі Түркістан ауданы М.Әбенова ұжымы жерінде орналасқан, ені 20 метрге жуық кішкене төбе болып келеді, алғашқы қабыр орны бұзылып кеткен, шатыры жоқ, төрт құлақты дуалдан тұрады. 1990 жылдары қабыр жанынан зиаратшыларға арналғам үш бөлмелі құрылыс тұрғызылды.

1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» қорық музейі құрамына еніп, мемлекет қарамағына алынды. Тарихи деректер бойынша, Гаухар ана - Қожа Ахмед Иассауидің қызы.

Рабиа Сұлтан бегім

Дешті-Кыпшактың ханы болған үлкен Абілқайыр ханның жары. Бұл хандық тарихта "көшпенді өзбектер мемлекеті" деген атпен белгілі. Керей мен Жәнібек хандар осы Әбілқайыр ханнан бөлініп, Қазақ хандығын құрған.

Рабия Султан Бегім - Ұлыкбек хакімнің кызы, яғни Әмір Темірдің немересі. Әбілқайыррмен 16 жыл отасып, 1468 жылы кайтыс болганда, Әбілқайырдан Сүйініш жане Кішкене деген 2 ул табады. Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Кожа Ахмет Иассауи ғимаратынын онтүстік шығысында соғылған күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні кұлап қалуы мумкін деген» сылтаумен кираткан. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған.

Марау ана (Гулжамал)

Марау ана (Сары бәйбіше) - Ұлы жүз Үйсіннен (Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Сарыүйсін) шыққан рулардың ұлы атасы Бәйдібек бидін бірінші айелі, Арыстан бидін кызы. Марау анадан туған 10 ұлдан тек Байтокты ғана жалғыз тірі қалған. Байтоктыдан Мырзағазы деген, кейін Сарыуйсін атанып кеткен жалгыз ұл калады. Марау ана өжет, бірбеткей, қайсар, өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінін тіліне ермейтін мыкты адам болған екен. Ел-жұрты курметтеп, атын атамай, «Сары бәйбіше» деп кеткен.

АҚҚОЯН АНА

Шежіре дерегінің ішенде Орта жүз Арғын ішіндегі іргелі рулардың бірі Қуандық болса, сол Қуандықтың бірінші әйелінен − Қарпық, Өмір, Темір, Есен, Қарт деген бес ұл, тоқалынан − Алтай жалғыз туыпты дейді. Алтайдың бірінші әйелі Аққояннан − Әліке, Байдалы, Сайдалы туған. Бұлардан өрбіген ұрпақты шешелерінің атымен «Аққоян» деп атайды.

ЕНЕҢ АНА

Шежіренің сөзі бойынша Орта жүз Арғын ішіндегі Қуандықтың бір баласы − Қарпық. Қарпықтан − Мәмбет, Көзей, Тінәлі атты үш ұл туған. Көзейден − Қаратоқа туады. Қаратоқадан − Түнқатар, Бесім, Молқы, Тоқтауыл, Сары, Құлымбет туған. Осылардың ішіндегі Бесімнің бәйбішесі Бәтей деген кісі екен, елге ана болғандай қасиетті қалпына орай жұрт «Енең» деп атайды екен. Сондықтанда, Бесімнің бәйбішесі Бәтейден тараған ұрпақты «Енең тоқалары» дейді. Сәкен Сейфуллин осы атадан.

ӘЛЕУКЕ АНА

Орта жүз Тарақты тайпасы он екі рудан құралған. Олар: қыдыр, жәші, әлі, сары, әйтей, қосанақ, қарашие (көгедей), келіс (әлеуке), алакөз, шәуке, апай, тоқтауыл рулары.

Шежіре дерегінде Келістің әйелі Әлеуке деген кісіден ұл бала болмапты. Содан, өзімен қадірлес (Келістің екінші әйелі) баласын етек астынан жерге түсірмей көтеріп алып, бауырына басқан екен. Сол баланың өсіп-өнген тұқымы Әлеуке, "он екі Әлеуке" деп, апасының есімімен аталып кетіпті.

АЛТЫН АНА

Шежіре сөзінде кіші жүздегі Алтын-Жаппас деп аталатын ру осы Алтын деген анасының атымен аталып кеткен. Ол өзінің төрт баласына қосып Жаппасты да тәрбиелеп өсіргендіктен бұл екі ру көбіне қосарланып айтылады. Алтын ана - Қыдырқожаның (Байұлының) екінші әйелі болған.

ЖӘНДЕЛІ ҚЫЗ

Қалмақ шапқыншылығы кезінде, одан кейін Алтай-Тарбағатайды қытайлар иемденіп қалмақшы болғанда қол бастап, ерлік-тапқырлықтарымен даңқы шыққан, жауынгерлер ұран еткен ару қыздардың бірі − Жәнделі. Жәнделі қыз Руы − найман. Жәнделі туралы Ноғайбай ақын былай деген:

«Гүліндей жауқазынның нәзік жүзі,

Халқымыз ұмытқан жоқ асыл қызын.

Адамзаттың аққуы Жәнделінің

Жауға аттанған Сауырда жатыр ізі».

ТҮРІКПЕН АНА

Бұл кісінің шын аты белгісіз. Шежіре деректері бойынша Кіші жүз Байұлыдағы Адайдың екі баласының бірі Құдайке өзінің алғашқы әйелі төрт баласымен жаугершілікте суға ағып кетіп қаза болғаннан кейін, Түрікмен халқынан қыз алады. Құдайке одан екі ұл көреді: екеуіне Тəзіке мен Қосай деп ат қояды. Бұл Екеуі де батыр, мерген, жаужүрек болып ержетеді.

Ер Қосайдың есімі Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандардың тұсында барлық Дешті Қыпшақ даласына әйгілі болған. Сол Түрікмен анасынан, яғни барлығы "сегіз арыс Адайдың" ішіндегі екеуі болатын Тәзіке мен Қосайдың кіндігінен тараған ұрпақтарды, қазір Маңғыстауда жарты млн-нан асып отырған барша тұқымдарын осы екеуінің аналарының тегіне орай "Түрікпен Адайлар" деп те атайды.

ҚАРАКЕМПІР АНА

Шежіре дерегінде Кіші жүз Қыдырсиықтан − Шеркеш, одан − Қосым, Қойыс, Жауғашты, Шумақ, Қылышкескен туыпты дейді. Осылардың Қойысынан − Дербіс туады. Дербістің бәйбішесі Зылиха деген кісі, өңі қара болған соң «Қаракемпір» аталып кеткен көрінеді. Бүкіл Дербіс әулетіне ұйтқы болып, жөн үйреткен, жол көрсеткен адам. Дербіс батырдың бәйбішесі Зылихадан − Тоқтар, Базар, Қошқар, екінші әйелінен − Түрке, Шыңбай, үшінші әйелінен − Сатай, Сатылған туған. Дербістің осы үш әйелінен тараған ұрпақтан жөн сұраса «шеркешпіз, оның ішінде қаракемпірміз» дейді. Сөйтіп, Қаракемпір ру атына шыққан.

Қаракемпір (Зылиха) туралы айтылатын қария сөз көп. Бірде әлімнің ел қамымен жүрген жақсы-жайсаңы жолаушылап келе жатып Сағыз бойында отырған Дербіс батырдың үйіне тап болыпты. Дербіс батырдың өзі үйде жоқ екен, сыйлы қонақтарға жақын жерден алдыра қоятын малдың реті болмай, Зылиха сол жерде күйеуі Дербіс батырдың жауға мінетін екі атының бірін сойып, қонақтарды құрметтеп аттандырыпты. Әлімнің жақсы-жайсаңы былай шыққан соң «Апырай, Дербістің құты үйіндегі Қаракемпірі екен ғой!» деп таң-тамаша болысыпты.

Содан, Дербіс батыр үйіне келеді. Бәйбішесі Зылиха: «Әлімнің алты жақсысы келіп еді, ақтабан атыңды сойып құрмет көрсеттім» депті. Сонда, Дербіс батыр «Әлімнің алты жақсысына құрмет көрсеттім дегенше, мені алпыс жауымнан құтқардым десейші!» деген екен.

Қаракемпірге (Зылиха) халықтың құрметі сияқты ел ішінде тартылатын «Қаракемпір» атты күй бар. Cондай-ақ, Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталовка ауданында «Қаракемпір» деп аталатын елді мекеннің де бар екенін айта кеткен жөн.

ҚАРАҚЫЗ АНА

Қыпшақ Тоқтар биден бес ұл − Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық туған. Олардан өрбіген ұрпақ бес рулы ел болғанда, осылардың Қарабалығынан Қарақыз деп аталатын бір ата тарайды. Қарақыздың шын аты Қарашаш екен, өңінің қараторылығына орай «Қарақыз» аталып кетсе керек.

Қарабалықтың Шоманақ деген баласы болыпты. Шоманақтан Тауқұрыш жалғыз туыпты. Сол тауқұрыштың сырт тұлғасы көзге қораштау болса керек, біразға дейін үй болып, бас құраудың орайы келмей жүреді. Сол кезде Ұлы жүз үйсіннің ішінде Беген, Шеген деген ағайынды екі бай болады екен. Соның Шегенімен Шоманақ досжар болса керек. Бірде Шоманақ Шегенге қолқа салады: «Бегенде бойжеткен қыз бар, менде ержеткен ұл бар, ебін тауып екеумізді құдандал етсеңші» дейді. Бұл сөзге Шеген құлақ асып, ағайыны Бегеннің қызын Шоманақтың баласы Тауқұрышқа қосып қашыртып жібереді ғой.

Содан арада бірер жыл өтеді. Тауқұрыш пен Қарақыздың арасынан бір бала туады. Мұнан соң ағайын арасындағы өкпе-наз басылып, бір күні Қарақыз күйеуі мен баласын ертіп төркіндеп келеді. Сонда күйеу бала − Тауқұрыштың қораштау кейпін көрген бір келіншек Қарақызды өзімсініп тіл қатады: «Қарағым-ай, қор болған екенсің ғой, шөккен түйеге міне алмайтын мына бір мықыр пәлені қайдан тауып алғансың?» депті. Бұл сөзді елеусіз қалдырмай, Тауқұрыш сол жерде былай депті:

«Сұрасаң атам аты Қарабалық,

Жылқыда болады екен таңбасы әліп.

Қастасып қарсы келген дұшпанына

Кетеді көрместей қып ойран салып.

Боламын сол кісінің немересі,

Отырған тұйғындай боп жұмырланып.

Түйеге мінер-мінбес болсам-дағы,

Үйсіннің қызын алдым сауғаланып.

Алыппын бір қызыңды түйедей қып,

Үстіне зорға шығам өліп-талып.

Біреуің мініп-түсіп үйретіп бер,

Қаларсың өл-өлгенше сауап алып.

Қауыпсыз мініп-түсіп мен жүрейін,

Бұйырса шыққан төлін пайдаланып.

Мен келіп таңдап сұлу алған жоқпын,

Бұйрық боп қосылған-ды өзі барып.

Қимасаң қыздарыңды алып қалғын,

Өлерсің ұрмай-соқпай қапаланып.

Көрнекті көзге түсер қызың да жоқ,

Қоймасаң етін тұздап, сүрге салып.

Келген қыз − кетілген ыдыс деген сөз бар,

Базарға сата алмассың алып барып.

Кездескен бүкір ұлға бағы ашылып,

Жеңгейлер қуандың ба, қайғыланып!»

Мұнан кейін де талай сын-тосқауылдан Тауқұрышты ақындығы мен тапқырлығы алып шығып, үйсін еліне «ерке күйеу» атанып, қадыры артады.

Тауқұрыш пен Қарақыздың арасынан Жөке, Жолтай есімді екі ұл туған. Бұлардың тұқымдары да өсіп-өніп, іргелі аталарға айналған. Ел ішіндегі шежіре сөзде қыпшақтың қарабалығынан өрбіген Жөке мен Жолтай тұқымдарын шешелерінің атымен «Қарақыздар» деп атайды (Дерек беруші Әбіқаев Ахметхан (1903-1986), Торғай өңіріне белгілі халық ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күші, даңғыл көкірек шежіреші).

БАЯН СҰЛУ

Қазақ халқында және көршілес Түркі халықтарында кеңінен таралған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" атты қазақ ауыз әдебиетінің інжі-маржаны саналатын таңғажайып ғашықтық жырдың кейіпкері. Сұлулық пен адал махаббаттың бейнесіне айналған ару қыз. Алайда, Қозы Көрпеш Баян сұлу мазары оның тарихи өмір сүрген тұлға екенін көрсетеді.

Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт - маржандарын қалдырады. Бұл – бағзы заманнан қалған архитектуралық ескерткіштер, өткен дәурен адамдарының жай-күйін аңыз етіп шертетін сурет пен музыка. Бірақ сол асылдардың асылы – адам баласының рухы мен ақыл –ойын барша ұрпаққа паш еткен ескірмес, өлмес өшпес өлең – жыр деп Мұхтар Әуезов жазып кеткендей биылғы жылдағы ерекше маңызды оқиғаның бірі – «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырының өзекті желісі пайда болып, аңыздық арқауы тартылғанына он бес ғасыр толды. Сөз жоқ айтулы уақиға, атаулы жағдай. Қазақ халқы ғасырлар бойы айтып келген бұл жыр сахарадағы мал өсіруші тайпалардың ең ескі дәуірде шығарған жарқын, сәулетті аңыз әңгімесі.

Қозы-Көрпеш –Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жақ жағасында, Таңсық деген ауылда қарсысына салынған. Аңыз бойынша, оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 кісі) жіберіп, ас бергізіп, ат шаптырып той жасайды. Қозы-Көрпеш –Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, кескін келбеттерін тасқа түсіреді. Әсіресе Баян сұлудың өң – ажары әдемілеп келтірілген.

Жанақ ақынның жырлауынша, елу мың кісі бастап келген –Айбас, көш жерден тас тасып, Аягөздің биік белесіне күмбез орнатады. Ол күмбез әлі тозған жоқ, махаббаттың мәңгілік белгісі ретінде күні бүгінге дейін тұр.

Кешендегі төрт мүсін тас –Қозы –Көрпеш- Баян сұлу жырындағы бейнелерді кескіндейді. Олардың үшеуі әйел, біреуі жас жігіт. Халық аңызы оларды Қозы Көрпеш және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері деп атайды.

«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырының қазақша жиырмадан астам нұсқасы бар. Бұл эпосты зерттегендер Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.О.Әуезов, Ә.Х.Марғұлан.

Қозы Көрпеш –Баян сұлу мұнарасын, оның сюжет құрлысын қызыға зерттеген аяулы ғалымдардың бірі –Г.Н.Потанин. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын жаңадан жинау үшін, оның мұнарасын жақсылап зерттеу үшін Г.Н.Потанин көп ғалымдармен, қазақ ақындарымен, шежіре айтушылармен байланысқан. Осының нәтижесінде оның қолына Қозы Көрпеш –Баян сұлудың бірнеше варианты түседі. Оларды жіберген атақты Абай ақын (1884ж)

Г.Н.Потанин қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын өте жоғары бағалап, мейлінше әділ пікір білдірген: «Орынбор мен Зайсанға дейінгі кеңістікті алып жатқан ұлан байтақ дала-түгелдей білетін сүйікті хикая, қазақ эпикасының ұшар биігі. Жалпы жұртқа ортақ сюжет болғанмен, бірде – бір халық мұны дәл қазақтардай өз эпикасының асқар шыңы ете алмаған» деген( Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш Баян сұлу кешені .-Алматы: Өнер, 1994.-Б.12)

1839 жылы еліміздің заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов осы жырдың негізінде 4 актілі драмалық пьеса жазып шығарған. (Мүсрепов Ғабит. Драмалық шығармалар.-Алматы : Өнер, 1982.- Б.10-61)

Тарихи заманнан келе жатқан сәулетті құрылыстың ең көрнектісі әрине, Қозы Көрпеш – Баян сұлу күмбезі. Оны төрт бұрышты таспен өріп, ішін жып –жылтыр сыпайы етіп қалаған. Оның биіктігі бұрын 18 метрдей болған, ішкі ені төрт метр шамасында, еденін таспен қалап, жарты метрдей жоғары көтерген. Күмбездің оңтүстігі шығысында кіретін есік, төбесінде терезе сияқты екі тесігі болған.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры көне замандағы түркі-монғол тайпаларының арасында көп тараған бір ғажайып оқиғаның сюжеті. Бұл аңыздың ең ескі заманда (б.з. ІІІ ғасыр бұрын) дүниеге келіп, содан жырға айналғанын дәлелдейтін нәрсе – алтыннан құйылған белбеудегі әдемі эпикалық сюжет. Онда көркем түрде «Шоқ терек» бейнеленген, оның түбіндегі екі жастың махаббат елестері сақталған. «Шоқ теректі» суреттеген бұл алтын бейне XVIII ғасырда Ертістің күншығыс жағында жатқан байтақ даладан, Алтай тауының ішінде таяу жерден табылған. Ол бейне бүгінде Эрмитажда сақтаулы тұр. Суреттің негізгі фоны жапырақ жайған шоқ терек. Оның түбінде бір жас әйел мен бір сақа кісі отыр. Өліп жатқан ердің басы жас әйелдің тізесінде, бөксесі сақа кісінің алдында. Еркектің қолында екі аттың тізгіні бар. Ту сыртында ағашта ілулі тұрған өлген ердің садағы, қорамсақтан толы жебенің қауырсын басы көрініп тұр. Еркектің басында қазақша елтірі бөрік, белінде камар белбеу. Әйелдің басында ерте замандағы бесі шошайған биік қарқара, үстінде кебенек, қолымен өліп жатқан ердің басын сипап отыр.

Ежелгі елдігіміздің сондай ескерткішін бүгінгі ұрпақ қадірлеп-қастерлеп, бабаларға лайықты мұрагер –мирасқор болуы –ұлтымыздың ізгі мүддесі, игі мақсаты. Тәуелсіз мемлекетіміз ілгері өрлеп өркендеуі үшін еңбек жолына қадам басқан әрбір жас адамды рухани нәрлендіріп, жан әлеміне азаматтық абзал қасиеттер дарытуымыз керек болса, сол көкейтесті міндетті орындауда «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры – зор қазына.

Қорыта келгенде, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының қазақ жағдайының өзінде әр түрлі ортада жасалып, заманы өткен сайын өзгеріп, жаңарып отырған. Бұл дастанның тууына, бір жағынан халықтың өз өкілдері араласса, екіншіден, бұған белгілі ақындар да қатынасып, өз нұсқаларын өңдеп, толықтырды. Археологиялық зерттеулер бұл ескерткіштің 7-8 ғасырда тұрғызылғанын көрсетіп отыр.

НҰРПИЯ АНА

Шежіре деректерінің бірінде Орта жүз Арғын ішіндегі Мейрамсопының бәйбішесі Нұрпия еді дейді. Нұрпия алшын ішіндегі Құдаспай деген кісінің қызы екен. Шешесі ертерек қайтыс болып, Нұрпия ұзатыларда жеңгесі: «Еркежанға шешесінің жоқтығын білдірмеймін» деп, бірге ере жүріпті. Ұзатылып бара жатқан Нұрпияның жасауы теңделген түйесінің бұйдасын ұстау үшін бір жетім қызды да ала кетіпті.

Ел ішінің бүліншілігі көп, жаугершіл заман болса керек. Нұрпияның жеңгесі мен жетім қыз еліне қайта алмай қалады. Сонда Нұрпия Мейрамсопыға қолқа салып: «Елден бір мен деп еріп келген көзкөргендерім ғой, үшеуміз бір босағада болайық. Жеңгеме ағамның төсі тиіп еді, басқаға қимаймын, өзіңіздің адам қылғаныңызды қалаймын, еріп келген жетім қызды да шеттетпей бауырыңызға бассаңыз екен. Сіз жалғыз жігітсіз. Ұрпағыңыз өсіп-өнсін. Мен өз тарапымнан еш уақытта таршылық жасамаймын»,− деп сөзін өткізеді.

Мейрамсопы Нұрпиядан − Қуандық, Сүйіндік, Нұрпияның жеңгесінен − Шегендік, Бегендік, Нұрпияға еріп келген Қарқабат атты жетім қыздан − Болатқожа (Қаракесек) атты балалар көріп, солардың бәрінің де өсіп-өнген ұрпақтары бір-бір рулы елге айналып еді дейді.

Мейрамсопы бұрынырақ дүние салып, одан қалған бес балаға Нұрпия бәйбіше қамқор болып, басалқылық көрсетіп, «Бес берекенің ұйытқысы» атанып еді дейді (Дерек беруші Өтебаев Рахмадия (1902-1989), халық ақыны, Қарағанды облысы, Қарқаралы аданы).

НҰРБИКЕ АНА

Орта жүз Арғын, оның ішінде Қаракесектен өрбіген аталардың бірі − Шаншар. Шаншар ақылгөй, көреген адам болса керек, шежірешілер «Шаншар абыз» деп отырады. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі Нұрбикеден тараған ұрпақты «Нұрбике-Шаншар» елі деп атайды. Нұрбике болса Есім ханның тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қызы болса керек.

Нұрбике-шаншар елінен әйгілі күйші-композитор Қазанғапұлы Тәттімбет шыққан. Шежіре дерегі Тәттімбетті былай таратады: Ақжол (Дайырқожа) − Мейрам − Болатқожа (Қаракесек) − Ақша − Бошан − Таз − Бұлбұл − Шаншар − Бердібек (Бертіс) − Бектемір − Мөшеке − Қазанғап − Тәттімбет. Қазанғаптың Тәттімбеттен басқа Ырсымбет, Құттымбет, Жақсымбет, Әлімбет, Дүйсембет деген балалары болған. Тәттімбеттен − Мұсатай, Қысатай, Исатай туған. Осылардың Мұсатайы мен Исатайынан ұрпақ бар.

МАҚПАЛ АНА

Орта жүз Арғын ішіндегі іргелі рулардың бірі сүйіндік болса, сол Сүйіндіктен − Суғаншы, одан − Жанболды, Құлболды, Жолболды туған. Құлболдының Мақпал деген бәйбішесінен − Күлік, Тұлпар, Айдабол туған.

Сол заманда арғынның дені Сырдарияның батысын мекен етеді екен. Қалмақтардың беті қайта бастаған кезде бірлі-жарымдап Сырдан өтіп, Қаратауды жайлай бастапты. Сонда қарақалпақтар мазасызданып, «арғын жаппай өтсе, таң атырып, күн шығармайды» десіп, өткел аузын алып тұра қалыпты дейді. Көш басында Мақпал бәйбіше болса керек. Астындағы қара шұбар атын тебініп жіберіп, белдемшесінің етегін көтере түрініп, соңындағы жүк тиелген нарды жетектеген қалпы іркілместен дарияны кешіп өте шығыпты. Өткізбейміз деп тұрған қарақалпақтар: «Пай-пай, мына бәйбішенің бөксесіне болайық!» − десіп тұрып қалса керек. Сонда Мақпал бәйбіше:

«Күлсең күлерсің, күлерсің,

Күндердің күні болғанда

Езуіңді жия алмай жүрерсің.

Бұл қай бөксе,

Айдабол шыққан бөксе,

Артың болса Айдаболдай ұл тап!», − деп жүре беріпті.

Ел ішінде Құлболдының бәйбішесінен өрбіген ұрпақты «Мақпал бәйбішенің балалары» деп атайтын дәстүр бар (Дерек беруші Бәйсейітұлы Оспан (1902-?), Павлодар облысы, Баянауыл ауданы; М.Ж.Көпейұлы. Қазақ шежіресі. − Алматы, 1993. 19-20-беттер).

ТОЙҚАРА ҚЫЗ

Кіші жүзге хан болған Әбілқайырдың Нұралыдан кейін туған Тойқара есімді қызы болған. Тойқара сол кездегі Орынборда әйелдер үшін ашылған гимназияда оқыған. Гимназияда жүргенде Тойқараға дала генерал-губернаторы Гессеннің көзі түсіп, шын ниетімен сөз салады. Мұнан бұрын Тойқараны қалмақ ханы Ғалдан Церен (Шерін) өзінің бел баласына айттырып, Әбілқайыр ханның алдынан өтіп қойса керек.

Ол кез Қазақ хандығын бір жағынан Ресей империясы, бір жағынан Жоңғар хандығы, тағы бір жағынан Қытайдың қыспаққа алып, ел тағдырының сынға түскен шағы. Осындай жағыдайда алдымен Әбілқайыр хан, кейін Нұралы хан Тойқараға сөз салғандарға шешімді жауап қайтара алмай, екі оттың ортасында қалғандай күй кешеді.

Күндердің күнінде Ғалдан Цереннің баласы ата пәтуасын арқа тұтып, қалыңдығы Тойқараны алып кетуге ұрын келеді. Бұл кез Әбілқайыр ханның дүние салып, Тойқараның гимназияда оқып жүрген кезі болса керек. Әбілқайыр хан өлген соң Кіші жүзге хан болған Нұралы қарындасы Тойқараны дереу шақыртып алады. Бұл жағыдай сол кездің қапысыз іс атқаратын тыңшыларының арқасында генерал-губернатор Гессенге де мәлім болады. Тойқараға құлай ғашық болған Гессен шұғыл қимылдап, Нұралы ханның ордасына ол да жетеді.

Нұралы хан үшін орыс жағының да, қалмақ жағының да мәмілелі қарым-қатынасы керек. Бірақ Тойқараны екіге бөліп беріп, екі жақты бірдей риза ету мүмкін емес. Бірін қол қусырып құда етсе, екіншісінің жаулығы өршитіні аян. Нұралы хан бір тоқтамға келе алмай дал болады. Онсыз да сыныққа сылтау іздеп отырған орыс пен қалмақтың қайсысы болса да ширығып шыға келері хақ.

Осындай ел басына қауып төнген қиын шақта түйінді Тойқараның өзі шешеді. Орыс генерал-губернаторы Гессен де, қалмақ ханзадасы да бір-бір оңаша ордада сый-құрмет көріп жатқан түні Тойқара ару өмірімен қош айтысады.

Ел мүддесі үшін қыршын өмірін қиған Тойқараның құрбаншыл ұлтжандылығы әлі күнге ел жадында аңыз болып айтылады (Дерек беруші Талжанов Сәйділ (1906-1972), жазушы, филология ғылымының докторы).

ҚАРАШАШ СҰЛУ

Бұл кісі әйгілі Жиренше шешеннің әйелі болған. Ол өзінің ақлдылығы, тапқырлығы және данагөй ақылдылығымен Жиренше шешеннің өзіне лайықты жары бола білген ерекше адам ретінде суреттеледі. Жиренше шешен өзі - Әз-Жәнібек (Алтын Орданың ханы) ханның тұсында өмір сүргендіктен және Кіші жүз Жетіру бірлестігінің Рамадан руынан шыққандығы тарих пен шежірелерден белгілі болғандықтан, Қарашаш сұлуды да тарихи тұлға ретінде бағалай аламыз. Төменде Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы көптеген шешендік сөздердің бірін келтіре кеткенді жөн көрдік:

Қаракөз ханым өлген соң, Жиренше қатын алмай көп жүріпті. Ойлаған сынына дәл қыз кездеспейді, кез келген қызды ұнатпайды. Сөйтіп жүргенде бір жігіт кездесіп, жолдас болыпты, өзі көп үндемейтін адам екен. Бір мезгілде Жиренше жігітке қарап: «Жол қысқартайық»,- дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы бір кезде Жиренше жігітке: «Ағаш қазан қайнатайық»,- дейді, жігіт жауап қайырмайды. Тағы да біраздан соң бір көшіп кеткен елдің жұртын көргенде Жиренше: «Мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен»,- дейді. Жігіт оған да жауап бермейді. Сонымен екеуі бір елге жақындағанда, жаңбыр құйып кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң қаптарын арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. «Мына қызда бір сыр болар», - деп, Жиренше отырып қалған қызға келеді. Қыз асқан сұлу екен, Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Енді ақылы қандай екен деп сынау үшін: «Сен көп қыздан неге бөлініп, жалғыз отырып қалдың?» - дейді Жиренше.

- Мен басқа қыздарға еріп ақымақ болайын ба?- дейді қыз.

- Олар қалай ақымақ болады?- дейді Жиренше.

- Олардың, ақымақтығы мынада: келе жатқан алды бар, арты жок, шағын бұлт. Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Ал олар үйге барғанша отындары да, барлық киімдері де су болады. Су болған отындары жанбайды, киімдерін кептіре алмайды. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның, ығына өзім отырдым; менің су болған жалғыз-ақ, шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ; үйге барғанда отынымды жарып, шапанымды кептіріп аламын, - дейді. Қыздың көркіне ақылы сай, Қаракөздей болып көрінеді. Бұл қызға енді бір сөз айтып көрейін деп Жиренше:

Бүркеніп жалғыз отырсың,

Бойға жеткен жас бала.

Ұнатсаң, айтқан сөзімді,

Күлімдеп көзің бері қара!

Оңаша бір сөзім бар,

Ақылың болса сен ұғар.

Менің атым Жиренше,

Жол берген маған хан-қара,— дейді.

Сонда қыз бөгелместен:

Сыртыңнан естіп қанық ем,

Шешен деген атыңды.

Түсіңе бұрын танық ем,

Жаңа көрдім затыңды.

Айтар жерің осы ма,

Көңілдегі датыңды? - деп күлімсіреп өң бергендей болып:

Уәде қылып келіп пе ең,

Сөйлесем деп осы жерге.

Жалғыз атты жолаушы,

Аулақ менен көш жерге.

Құрбыңды іздеп тауып ал,

Жас қыз сөзіңді есітер ме? - дейді.

Жиренше шешен қызды әбден ұнатып ішінен: «Құдай жазса сені алармын», - деген ойға келеді. Ауыл мен екі арада өзен бар екен.

- Мынау өзеннің өткелі қай жерде? - дейді Жиренше.

- Анау жерде бір өткел бар - алыс; алыста болса жақын. Мына жерде бір өткел бар- жақын; жақын да болса алыс, - дейді қыз.

- Сенің үйің қайсы?— дейді Жиренше қызға.

- Менің үйім анау - үлкен ақ үйдің жанындағы қараша үй,- дейді қыз.

Жиренше алыс өткелге кеткенде, жолдасы жақын өткелге бұрылады. Қыздың алыс, алыста болса жақын дегені өткелдің суы саяз, асты құмқайыр екен. Жиреншенің аты желіп өтеді. Ал «жақын, жақын да болса алыс» дегені өткелдің суы терең, асты балшық екен, жолдасының аты батпақтап зорға өтеді.

Жанындағы жігітке: «Сен қайда қонасың?» - дегенде, «Мен мына ақ үйге қонамын»,- дейді ол. «Ендеше мен қараша үйге қонамын»,- дейді шешен. Сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі. Бір уақытта отынын арқалап манағы қыз да келеді. Жиренше төрге жайғасқан соң, үйдегі кемпір амандықтан кейін: «Шырағым мынау байдың үйі тұрғанда, біздің қосқа қалай түстің?» - дейді. Жиренше: «Менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түстім», - дейді.

- Жиренше түскен үй іңір болған соң, от жақты, келін сиыр сауды. Кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр.

Жиренше төрде отырып қызға қарап басын сипайды. Бұл: «Сенің қалыңмалың шашымнан көп-ау» - дегені еді. Қыз оған түсініп астындағы тақыр тулақты сипады. Ол "теңімді тапса тақыр кедей болса да береді" дегені еді... Жиренше мен кыз бірін-бірі ұнатқанын осылай ыммен ұғысады.

Таң, атқан соң жұрт тұрып жайланған кезде бай Жиреншені шақыртып алады. Жиренше келсе, кешегі жігіт мәз-мейрам болып сонда отыр екен. Амандасқаннан кейін бай: «Кешегі бірге келген кісі осы ма?» - дейді, жігіт: «Ия»,- дейді «Екеуің бірге келіп екі бөлек түскендерің қалай?» - дейді бай. Жиренше: «Бұрынғының сөзі бар еді, сол есіме түсіп, бөлек түстім»,— дейд!. «Ол не деген сөз? - дегенде Жиренше:

Өзің білмес ісіңді

Білгендерден сұрап біл.

Өліп жатсаң, наданнан

Қабырыңды жырақ қыл! - деген дейді.

Бай: «екеуің жолда не сөйлестіңдер, не айттыңдар?» - дегенде жігіт түндегі жол-жөнекей айтылған сөзд! баяндайды. Жиренше: «Екеуден-екеу жапанның сары даласында келе жаттық; әртүрлі сөз айттым, біреуіне де жолдасым сөз қайтармады. Сонан соң мен де үндемей отырып едім, ұйқы келді, маужырап жүре алмадық. Ұйқыдан мезі болған соң «жол қысқарталық» дедім. Оным әңгіме айт дегенім еді. Екінші «ағаш қазан қайнатайық» дегенім - насыбай атып алайық дегенім еді. Үшінші «бейбастақ үйдің жұрты» дегенім бір жұртта екі басы бірдей күйік кесеу жатыр екен. Айтқан сөзімнің біріне жауап қайырмаған соң «мына жігіт надан екен, деп бөлек қонған едім»,- дейді. Бай Жиреншенің бұрын атын есітіп бір көруге құмар болып жүреді екен. Өзін көріп, сөзін естіген соң есі кетіп мал сойып, қымыз құяды. Бәйбіше: «Шырағым, бүгін осында бол!» - деп қондырады. ...Бай Жиреншенің ақылына қызығып қызын бергісі келеді. Қызы: «Мені бір жалғыз атты кедейге бар дегені несі, бармаймын»,- деп астан-кестен болып бүлінеді. Қызынан бұл сөзді естіп өтірікші болдым-ау деп ойланып отырғанда, Жиренше: «Бай, сіздің қиналып отырғаныңыз маған әбден батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау көршіңіздің қызының қалың малын төлеп алып берсеңіз болады»,- дейді. Бай көрші жігітті шақырып алып, сұраған малын беріп, Қарашашты Жиреншеге қосады.

***

Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты. Әз Жәнібек хан «Жиреншеге 6із естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар», - деп уәзірлерімен сөз байлап кояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып ханның үйіне түсіп сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:

- Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады?- депті. Жиренше шешен отырып:

- Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен бірдей болады, - депті.

- Шешесі өлген қалай болады?

- Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.

- Ағасы өлген қалай болады?

- Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.

- Інісі өлген қалай болады?

- Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.

- Апа-қарындасы өлген қалай болады?

- Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.

- Қатыны өлген қалай болады?

- Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? - дейді Жиренше. Ол күйініп қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.

Карашаш Жиренше орта жаска келгенде каза болады. Жиреншенің бұрынғы жас күні емес, кыз карастыруға ыңғайы келмей, бірер жыл жүреді. Әр күні әз Жәнібек хан Жиреншеге: «Шешен, сенің үйленбей жүргенің жарамайды, пәленшенің катыны ерінің тұсында жаксы әйелдің бірі еді, соны сен ал!» — дейді. Жиренше шешен: «Сіз ұйғарған болсаңыз жарайды», — деп сол қатынды алады. Арада біраз уақыт өткенде хан: «Шешен, мына қатыньң бұрынғылардай болатын ба, қалай?»-дейді. Сонда шешен: «Күндіз екеуіміз, түнде төртеуміз», - дейді. Хан: «Түнде төртеуің қалай?» - дегенде, Жиренше шешен былай дейді:

Ері есіне түседі,

Теріс қарап жатады,

Оныменен ол екеу.

Қарашашты ойлаймын,

Мен де теріс қараймын,

Оныменен мен екеу.

Оймен тауып жолдасты

Боламыз түнде біз төртеу.

Таң атқан соң оянып,

Тұра келсек тағы екеу!

Қыздай алмай қатын болмас,

Есік көрген мақұл болмас.

Қанша жақсы көрем десең де,

Бұрынғыдан жақын болмас.

Байы өлген қатынды алу,

Ойлағанда ақыл болмас.

Хан мен жиылған көп шешеннің сөзін тыңдап «рас» десіпті.

Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» - деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:

Ағын судың өлгені,

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені,

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені,

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан ок,

Бір Алланың какпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Қарашаш өліп, Жиренше қартайып, ақылсыз әйел, парықсыз бала сыйламай, Жиреншеге бұзау баққызып, тезек тергізіп қояды. Көріскелі келген әз Жәнібек Жиреншеге далада кездесіп:

-Уа, шешенім, тезек теріп жүргенің қалай? – дейді. Сонда

Жиренше шешен іркілместен:

- Қатын шайпау, ұл тентек,

Екеуледі, ей ханым!

Кәрілік жеңді, мал тайды,

Төртеуледі, ей ханым!

Басымнан бақтың тайғанын

Көрмейсің бе, ей ханым!

Арқамдағы ку тезек,

Әркімге келер бір кезек - депті.

ТОҚҚОЯН АНА

Ел ішіне кең тараған шежіре сөзде Орта жүз арғын ішіндегі іргелі рулардың бірі Қуандық болса, сол Қуандықтың бірінші әйелінен −Қарпық, Өмір, Темір, Есен, Қарт деген бес ұл, тоқалынан − Алтай жалғыз туыпты дейді. Алтайдың екінші әйелі Тоққояннан − Мойын, Кенжеқара туған. Бұлардан тараған ұрпақты шешелерінің атымен «Тоққоян» деп атайды.

59.Қойсана

Қойсана - Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ әскерлерінің жоңғарларға қарсы отан соғысындағы әйгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады. Ер Ағыбайға екіқабат кезінде елінің жылқыларын түн жамылып келіп ұрлап айдап кеткен барымташыларды соңынан қуып жетіп, бәрін аттан түсіріп байлап әкелген. Ауылға келген соң қарақшылардың басшысы «бізді аттан түсірген әйелдің күші емес, оның ішіндегі баласының күші» деген екен. Көп ұзамай Қойсана Ағыбай батырды туыпты. "Алып - анадан туады" дегенде халқымыз алыптардың анасы да тегін адам болмайды дегенді мегзесе керек.

Айғыз Көшкінбайқызы (1876-191 8)

Айғыз - елдегі 1916-18 жылдардағы көтерілістерге және елдегі азамат соғысына қатысқан, Семей облысы Аягөз ауданында туған. Сермопольдегі қорғанысқа қатысып, жаралы жауынгерлерге көмек көрсеткен, тамақ тасыған. Ак казактардың атаманы Колчактың әскерлері Айғызды азаптап өлтірген. Оның өмірі мен ерлік істері туралы жазушы Қ.Исабаевтың «Айғыз» атты романы бар.

Бақты (Бақтықыз)

Әкесі әйгілі батыр болған текті жердің қызы екен дейді. Бақты - Алашорда көсемдерінің бірі, азаттық қозғалысының алыбы Мұстафа Шоқайдың әжесі, Торғай датқаның бәйбішесі болып келеді. 19 ғасырдың орта кезінде Бақты қыз әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршылдарына қарсы күресіп, жау торабын барлаушылық қызмет атқарған. Оның тапқырлықтары мен жүрек жұтқан батырлығы туралы аңыз-әңгімелер ел арасында көп сақталған.

Кете Ботагөз

Оқиға былай өрбіген: 1749 жылы Барақ сұлтанның қолынан Әбілқайыр хан қаза табады. Оның орнына тағына баласы Нұралының отыру рәсіміне Әжібай би елдің бас көтерер бар азаматтарын ертіп Орынборға аттанып кетеді. Соны пайдаланып, Еділ қалмақтары қорғансыз оңашадағы шал-шауқан, бала-шаға, қатын-қалаш қалған бейбіт ауылды тауып алып, қанға бөктіріп, бүкіл малды барымталап айдап кетеді. Бұндай содырлы сойқанды естіген Есет Көкұлының қызы Ботагөз - аз уақытта өз руының жігіттерін «Келбатыр» тутөбеге жиналуға үндеп, ата жауға тойтарыс беруді ұйымдастырады. 150-дей сарбазды бастап барып, оқыста Ойыл өзені бойында қамсыз жатқан қалмақтарға аш бөрідей тиіп, қанға қан, жанға жан алып кек қайтарады. Сол жерде жауын тұтқындап алып келіп, тартып алынған мал-мүлікті еліне қайтарады.

Сапура (Көктемір) батыр

Сапураның - 22 жасар жас келіншектің бірінші күйеуін қашқын қалмақтар өлтіріп кетіп, әмеңгерлікпен қайнысы Жанболатқа қосылады. Ол Досалы сұлтанның ауылымен қоңсы екі мың кісімен Қобда бойында көшіп-қонып жүреді. Ресей патшалығында шаруалар күресін басуға шыққан орыс әскерлеріне қарсы күрестің аңызға айналған қолбасшысы. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, далада жүретін бір құпия тұлға - "Көктемір" туралы аңыз таратады. Барлық іс-қимылды соның атынан жүргізіп, көзге көрінбейтін күрескер келіншек шайқасқа шығады. Алайда, орыс әскерлері оның әйел екендігі туралы ғана емес, тіпті кім екенін білмейді, "Көктемір" деген атын ғана білетін болған. "Көрінбейтін Көктемір батыр" туралы алып-қашпа әңгімелер тараған.

Кейін көтерісшілерден әбден ығыр болып, оған қарсы мәліметтер жинау үшін Орынбор губернаторы Рейнсдорп деген шенеуік Сейітов слабодкасының татарлары жасауыл Ғұбайдулла Адгамов пен Рақымқұл Ибраевты қазақтардың ішіне жансыз етіп жұмсайды. Сонда Сапура "Көктемірдің" атынан бұйрық беріп: «Сендер губернатордың атынан қырғыз (қазақ) халқы туралы тың тыңдауға келдіңдер. Сіздер ана жақты қиратқансыздар, енді осы жерді бүлдіргілеріңіз келеді, – дегенге бәрін ұйытады.

Орыс дереккөздерінде Пугачев көтерілісі кезінде қазақ даласындағы «ұстатпайтын ұстын», «көзге көрінбейтін жан» деп аталған Сапура Мәтенқызы да жұмбақ жағдайда өмірден өтеді. Алайда азаттықтың ақ таңы үшін арпалысып, жанын құрбандыққа шалғандардың арқасында армандай бостандық жолы бізге жақындай түсті.

Көктемір Сапура қыз туралы ғалым Н.Бекмаханова "Көрінбейтін адам туралы аңыз" атты зерттеу еңбегін жазған. Көктемір (Сапура) батыр туралы Әбіш Кекілбаев, Аян Нысаналин т.б. жазушылардың мақалалары жарық көрген.

Ұлбике ақын

Жанкелдіқызы Ұлбике (1825—1849) — қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару. Туып-өскен жері — Қызылорда облысы Тереңөзек ауданына қарасты өңір. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысына қарасты Талас өзенінің бойы. Шыққан тегі — Ұлы жүз ішіндегі Ошақты руы, Тасжүрек.

Ұлбикенің бойындағы туа біткен ақындық дарынының ертерек ұшталуына әкесі Жанкелді мен анасы Жаңылдықтың ықпалы айрықша болған. Бұл жөнінде Ұлбикенің өзі былай дейді:

Әке сөзін жасымнан жаттап алғам,

Тал бойыма жинақтап хаттап алғам.

Жеке шығып бәйгеден тұлпардай боп,

Өлеңімді әнімен баптап алғам.

Моншағымның әр тасы бір өлең-ді,

Бесігінде үйренгем мен өлеңді.

Балапандай кезінде қайран шешем,

Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді.

Ұлбике 12—13 жасының өзінде-ақ айтар ойын ұрымтал өлеңмен жеткізіп, ұтқыр сөздері төңірегін тәнті етіп, атақ-даңқы ауыл арасынан әріге жайыла бастайды. Әке шаңырағында бұла болып өскен қыз өз ортасындағы оқу-білімді игерген, көзі қаоақты жан болғанға ұқсайды. Өзінің өлеңінде былай деуіне қарағанда, бойындағы ақындық дарынды жазба мұралар арқылы да ұштаған болу керек.

Ұлбике оң солын танып, бой жете бастаған кезде Ошақтының Есмырза деген дуалы ауыз биі әулетін бастап, Әулиеата маңына көшіп келеді. Сол кезден бастап Ұлбикенің ақындығы айрықша қарқын алып, жұрт мойындаған көшелі ақындармен айтыстың додасына түсе бастайды. Күдері қожа, Майлы қожа, Мәделі қожа, Таспа қожа, Серәлі қожа, Жанкент ақын сияқты, сол кездің сөз ұстағандардың талайы Ұлбикемен айтыста тауы шағылып шығады. Ұлбикенің ақындық тегеурініне, тапқырлық-шалымына жан баласы шыдамайды. Бұл жөнінде сөз асылын терген әйгілі Мәшһүр-Жүсіп Көпеев былай дейді:

"Бұрынғылар домбыра ұстап, айтатұғын «Қайым білесің бе?» деуші еді. «Қайым» деп екі ақынның айтысқанын айтады екен. Сонда «Қайым» өлеңінің басын Күдері қожа мен Ұлбике айтысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі — мақал, тақпақ… Күдері қожа албырт бозбала күнінде Ұлбикемен айтысамын дегенде Күдерінің әкесі (Еркөшек қожада ақын екен, жырлап сөйлейді екен): «Бала, Ұлбикемен айысамын десең Бұхарға барып үш жыл оқып кел. Әйтпесе онымен сен айтысуға жарамайсың" — деген екен.

М-Ж. Көпеевтің бұл дерегіне Ұлбикенің алдына қара түсірмес дүлдүл ақын екені аңғарылып қана қоймай, сонымен бірге қазақтың сөз өнерінде ақындық айтыстың негізін салушы, орнықтырушы ақын ретінде дараланады.

Ұлбике — ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік — парасаты өрелі ақын. Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгілерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Солмол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені мың шумақтай өлең. Бұл жиырмаға тарта айтыстары мен санаулы ғана көңіл күй толғаулары. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға М-Ж. Көпеев, Ә. Диваев, В.В. Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. «Бұдан 120 жылдай бұрын жанды бетіне қаратпаған ақын болып, қазақтан Ұлбике деген қыз шығыпты», — деп жазады Ә. Диваев. Ұлбикенің шығармаларын В.В. Радлов Петербург қаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады. М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген.Осы қатарда, яғни қайымдасу мен қағыса отырып айтысуда «Ұлбике, Жанкел және Күдерi қожа», «Iзтiлеу мен Ұлбике», «Серәлi қожа мен Ұлбике қыз» айтыстарын; қыз бен жiгiт айтысындағы «Ұлбике мен жiгiт», «Ұлбике мен Мәделi», «Ұлбике мен Таспақожа» айтыстарын; ақындар айтысы жанрындағы: «Күдерi қожа мен Ұлбикенiң» айтысын және тағы да басқа ақындық жекпе-жектердi атап өтуге болар едi.

Ұлбикенің ғұмыры қызғалдақтай келте болған. Тәңірі шебер оны ақындық өнерпаздығына қоса, хор қызындай көрікті етіп жаратқан. Оны ақындар «аққудың жүнді үрі», «тілі шешен, жүзі көркем» деп өлеңге қосқан. Алайда «бір кем дүние» деген емес пе, Ұлбикенің күйеуі Байтан өнердің парқын білмейтін ұрдажық, қызғаншақ адам болып кездескен. Ұлбике нағыз кемеліне келіп, ақын ретінде төңірегін тәнті ете бастаған шағында тентек күйеуінің қолынан мерт болған.

Қазақ айтыс өнерiнiң тарихында өз орнын айқындаған, өз мектебiн айшықтаған, ең бастысы, өзiндiк ақындық қолтаңбасымен жарқырап көзге түскен Ұлбике Жанкелдiқызының сөз өнерiндегi қайталанбас кестесi киелi әдебиетiмiздiң асыл қазынасы. Қазір Қаратау қаласында "артына өлмейтұғын сөз қалдырған" қазақтың ақын қызы Ұлбикеге ескерткіш орнатылған.

Ақын Сара

Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - қазақтың әйгілі айтыскер ақын қызы. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман.

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.

Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.

Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде Найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді.

Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді.

Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.

Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі, інжу-маржаны болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Қыз Данай

Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Төремұрат батырдың әйелі (19 ғ). Сүймеген адамға еріксіз қосылғалы тұрған Данай сұлу Төремұрат батырға еріп қашып кетеді. Жылыой жеріндегі (қазіргі Атырау облысы, Құлсары ауданы) Төремұрат батырдың елі атақты Құрманғазы күйшінің нағашы жұрты болатын. Ел аузындағы қыз Данай десе, дегендей еді. Құрманғазыдай күй құдырет иесі «Қыз Данайдың күлкісі», «Қыз Данайдың жүрісі» атты күйлер шығарған. Сиқырлы сазға толы әсем ырғақты күйлер құлаққа сіңісті, жүрекке қонымды болып ел арасына тез тарап кетті.

Батыр жолаушылап келе жатып, Түркімендермен шайқаста қаза табады. Қыз Данай Түрікмендердің тұтқынынан қашып шығып өз еліне жетеді. Алайда оны күштеп бұрынғы айттырған адамына қайта қосады. Қыз Данай да көп ұзамай құсадан қаза болады.

Төремұрат батыр мен Қыз Данайдың қайғылы тағдырын естіген Құрманғазы өзінің "Төремұрат" атты күйін шығарған. Бұл күй ел арасында "Қыз Данайдың қырғыны" деп те аталады. Күйдің ерекшелігі - Данай қыздың әсем сұлулығы мен Төремұрат батыр қаза тапқан қым-қуыт аласапыран шайқас және қаза болғандарды жоқтау сарындары араласып қатар өріліп жатады. Қыз Данай туралы Құрманғазының күйлері А.Жұбанов еңбектерінде талданады.

http://www.massagan.com

Баһадүрлер қорымы

$
0
0

Баһадүрлер қорымы – Астана тарихының елеулі парағы
   0 9

Ұлт тарихында ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушы көсемі – Кенесары Қасымұлының ерен ерліктері замана кеңістігінде құс жолындай сайрап жатыр.

Хан Кене жасағының құрамында атақ-абыройы асқақ, үш жүздің айбалтадай жарқыл­даған арыстан туған батырлары болған. Олар: шұбыртпалы Ақжолтай Ағы­бай батыр, сүйіндік Жанайдар батыр, қып­шақ Дулатұлы Иман батыр (Амангелді батырдың атасы), табын Тіленшіұлы Жол­аман батыр (әрі би), дулат Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт батырлар, атығай Аңғал батыр, қыпшақ Басығара батыр, арғын Жеке батыр (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 г. ХІХ века. Т. 2. Павлодар, 2005. С. 199).

1838 жылдың 7 тамызы. Қазақ жерінің кіндігіне орналасқан Ақмола үшін Кенесары сарбаздары ақмолалық Басығара батыр, Иман батыр, Ағыбай батыр, Наурызбай батыр таңның атысынан бастап қас қарай­ғанша жанқияр­лықпен шайқасты. Бекініс алапат отқа оранды. Кенесарының бір отрядын басқарған Басығара батыр қалаға өршелене ұмтылып енді. Басығара батыр мерт болды. Хан Кене алған бағыттан қайт­пауға және батырдың мәйітін қал­дырмауға жарлық берді. Хан жарлығынан жігер­лен­ген Ағыбай, Иман, Наурызбай батырлар бастаған отрядтар дұшпан шебіне басып кірді. Ұрыс кең қанат жайды. Қараңғы түскенше бәсеңсімеді. Түн ішінде әскери старшина Карбышев пен аға сұлтан Қоңырқұлжа азғантай отрядтарымен қашып шықты (Бұл да сонда. 253-б.)

Осы бір күнгі қанды оқиғаны шежіреші Мәшһүр Жүсіп былайша әңгімелейді: «Қараөт­келге өрт саламын! – деп қама­ғанда, Қоңыр­құлжа қарсы тұрып, ұрыс-соғыс қылған. Ақтау, Ортауда Кенесары мен Қоңырқұлжа тағы да қарсыласып соғысқан. Қараөткелді қамағанда, Кене­сары күлдірмамай деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауыл­шысы Баласайкесін атып, мұрттай ұшырған екен. Тама Танаш батыр бір шапан­ды майға бұлғап-бұлғап, бір шетін отқа жандырып тастай берген екен. Басқа шапқан батырлардан оққа ұшқан қыпшақ Басығара батыр қан майданда қала берген екен. Тама Басығарамен құшақ­тасқан дос:

– Өлсем, өлейін, Басығарамен сүйегім бір жерде қалсын! – деп, қайта шауып барып, Басығараның сүйегін алдына алып өңгеріп келгенде, Кенесары хан айтқан екен:

Дос болсаң, тама Танашпен дос бол! – деп.

Ақмола қаласын келімсектерден қор­ғауда көрсеткен керемет ерлігі үшін Хан Кене өзінің оғыландарына мынандай сипаттама берген екен: «Басығара батыр­лықтың бірегей тұйғыны екен, ешқандай үрейді білмейді; Нысанбайдай төкпе ақын­ды көргем жоқ, нешеме күндер толассыз жырлағанда, бірде-бір сөзді екінші қайталамайды».

Кенесары бастаған дауылпаз баһа­дүрлердің Ақмола үшін бір күнгі соғысының дүбірі – мың­жылдықтардың еншісі, ұлт тари­хының алтын парағы, рух сабағы.

Осыған дейін жергілікті халық та, Астананың көкірегі ояу жаңа тұрғындары да «Ақмоланы жаудан алған, ғасырлардан келе жатқан тәуел­сіздік мұратының алтын арқауын жалғаған Хан Кене сарбаздарының қорымы қайда?» – деп сұраушы еді. Бұл сұрауға бүгінгі өлкетанушылар тосыл­ғаны­мен, көнекөз қариялар «Қайда дейтіндерің бар ма? Шайқас өткен жердің тұсында да...» деп тұспалдаушы еді.

Құдайдың кереметі демеске лажыңыз жоқ, қызыл империяның өктемдігі мен бейіттерді тегістеген бульдозерінен аман қалған бір сүпітас (арнайы зират тасы) таяуда аңызға айналған ежелгі мұсылман қорымынан табылды («Айқын» газеті, 13.11.2013). Содан бері Астана жұрты бұл бейітті «Баһадүрлер қорымы» деп атап кетті. «Қара жер қартаймайды, халық қартаймайды» деген осы да.

Астана шаһарының ішіндегі баһадүрлер қорымында әнші-ақындар, сал-серілер, композиторлар да мәңгілік мекенін тапқан. Өйткені осы қалада ғұмыр кешкен атақты өнерпаздар Бабақ әулеті, Ғазиз Файзоллаұлы, Әздембай сал, Исабай әнші, арқалы әнші Сәтмағамбет (1880-191 8) , Шитеннің Мақа­жаны, Балтекей, Қапаш, Тұрсынбай, Кәрім­жан секілді саңлақтар ән көрігін қыздырған. Бұлар Ғазиздің үйінде бас қосады екен. Мәселен, 1915 жылы Ақмола жәрмеңкесінде мол дәулет иесі болған Қосшығұлдың балалары граммо­фонға ән жазады екен және кімде-кім жақ­­сы ән шырқап жаздырса, оларға лайық­ты қаражат ұсынатын болған.

Біржан сал, Ақан серілердің қасында жүріп, олардың «Ләйлім шырақ», «Құлагер», «Көк­жендет», «Алтыбасар», «Адасқақ» әндерін өз аузынан естіп, тамылжыта орындаған Бабақ 1855 жылы туып, 1928 жылы осы батыр бабалар қабірстанына қойылған. Құлтума, Жаяу Мұса, Біржан, Ақан әндерін асқан шебер­лікпен жеткізуші, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әде­биеті мен өнерінің декадасына қатысқан Қосымжан сүйегі де (1891-1954) осы бейітте. Бұл зиратта Балуан Шолақтың Ғалиясының ескерткіш тасы да тұр. Ақмолалық әкелі-балалы көпес Уәли және Ғалиакпар Халфин әулетінен тараған үрім-бұтақтарын, зәузат-жұрағаттарын қосыңыз. Алаш арыстаны Хайретдин Бол­ғанбай қуғындалған жылдарда панасыз қалып шетінеген үйелмелі-сүйелмелі бөбектері, аға сұлтан Ыбырай Жайықбаев сынды көптеген жақсы-жайсаңдар осы қорымға жерленгенін ұрпақтары тебіреніп еске алады.

1928-1932 жылдарда ел ардақтылары қуғынға ұшырап, дәм-тұзы таусылғандар да, аштықтан шыбындай қырылған қазақ­тар да осында. Соның бірі – Жолымбет батыр­дың тұқымынан шыққан сілетілік Малғозы (Малтай) 1931 жылы 70 жасын­да кісен­деліп, 2 айдан соң осы жерден топырақ бұйырған.

Көрнекті дінтанушы С.Ғылманидың құнды дерегіне сүйенген өлкетанушы Мейрам Сәрсетұлы 500 білікті молда даярлаған әйгілі Ақтамақ қалпенің 37 жасында оба­дан қайтып, Ақмола мұсылмандары зиратына қойылғанын айтады (М.С.Бөкеш. Сәкен қалпе дәуірінен бүгінге шейін. Астана, 2013. Қолжазбаның 20-беті).

1933 жылы Мәскеуде құпия жағдайда өлтірілген Алаш арысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуа­қасұлы сүйегінің күлі күні кеше елге әке­лініп, осы тарихи қорымға қойылуының да Тәуелсіздік мұраттарымен сабақтастығы бар деп есептейміз. 20-жылдары голощ­екиндік саясатқа қарсы тұрған Смағұлдың саяси жөн-жобалары жүзеге асқанда, халық мұншама қынадай қырылмас еді...

С.Сәдуақасұлы құлпытасындағы «Ар­ты­мызға – анық көңілмен, алдымызға ашық көзбен қарайық!» деген қайрат­кердің өз сөзі ел тарихы мен Астана та­ри­хының терең қатпар­ларын парасатпен зер­делеуді нұсқағандай.

Астана қаласы мәдениет басқармасы басшы­сының кеңесшісі Кәмила Қоқымова былай деп дерек береді: «Бұл қорымға 10 мың адам жерленген, соның 400-ге жуығының аты-жөні анықталған. Өкінішке қа­рай, мүжілген, сынған, жазулары өш­кен күйінде бүгінгі күнге тек 2169 құл­пытас жетіп отыр.

Бұл қорымда ел аузындағы Тәуке хан­ның ұрпақтары Бел­гі­байұлы Тәуке қажы (1861-1957), Досқо­жаұлы Күшік қажы (1810-1894), Құ­даймендин Қоңыр­құл­жадан кейін Ақмоланың аға сұлтаны Жайық­байдың Ыбырайының баласы, атақты дәрігер Жайықбаев Дәнду Рахымжанұлы (1903-1956), Жанасбайұлы Сүйірбай қажы (1878-1953), Есім ханның ұрпағы – Бегалы Қоңырқұлжа болыс­тың ұлы Мейрам, Бұхар, Қазан қала­ларынан келген бел­гілі мұсылман қайраткерлері Нагим-бек-оглы Абдул­джаббар (1870-1909), Наж­муддин Омар (1910-...), Ныг­метжан оглы Мухаммад Омар, Фазлаллах ұлы Абдал-Бари (1866-1920), Хусейн оглы Абдулхалик (1843-1910), Ямул Уали-дин Мухаммед Хус­нуддин (1860-1913), Оспан Мау­сымбай ұлы (188...-1945), Оспан Әбді­рах­манұлы (1894-1945), Мақыш Досқажаұлы (1904-1962), Сәкен Сей­фул­линнің әріптестері Жақия Айна­бекұлы, Абдулла Батырбеков және басқалар жерленген» («Астана ақшамы» газеті, 22.10.2013).

Тоқетері, Баһадүрлер қорымы – Астана тарихының елеулі бір парағы. Себебі құлпытас­тағы жазулар қазақ халқының басынан кешкен ерлік-қаһармандық дәуірдің терең сырын шертері сөзсіз.

Серік НЕГИМОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы

Шіркін Сафуан-ай!

$
0
0

16 Желтоксан 2013, 18:11,046
САФУАН ШӘЙМЕРДЕНОВ: ГЕННАДИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ! МЕН СІЗДІ БІЗДІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАҒЫ ВАВИЛОНДЫҚ ШОҒЫРЛАНУДЫ ТОҚТАТУҒА ШАҚЫРАМЫН!
Serik Abiken

Білесіздер ме, бізде президент Рейганды, Ақ үйді, жалпы, америкалық басқару жүйесін, буржуазиялық демократияны сынауға келгенде алдына жан салмайды. Мінеки, осы буржуазиялық елде, бірде Хайдер атты қария дәл Ақ үйдің алдында келіп, көгалға жайғасты. Ол сол жерде 220 күн бойы аштық жариялап жатты. Оған Ақ үйдің дәп алдында жатып алып аштық жариялауына ешкім кедергі келтірген жоқ. Осы жеті ай ішіндегі біздің тілшілердің репортаждары әдетте былай басталатын: «Ақ үй әлі бұрынғыдай керең». Біз президент Рейган Ақ үйден шығып, Хайдердің жанына келіп, оның қолын алғанын қаладық, бірақ ол мұны істемеді. Ол басқадай жасай алар еді: әдетте бізде істелетіндей қылып, қарияны жындыханаға немесе түрмеге отырғызуға бұйыра салуына болушы еді. Бірақ ол бұлай жасамады. Міне, сіздерге ең борсыған, ең іріп-шіріген буржуазиялық қоғамның демократиясы туралы мысал керек болса. Осы «іріп-шіріген демократиядан» керекті нәрселерді алу бізге артық болмас деп ойлаймын. Ондай жасаудың орнына біз бейбіт тұрған қыз-ұлдарымызға қарсы шоқпармен, сапер күректерімен атой салып, ит қостық, жиырма градус аязда өрт сөндіретін машинадан су шаштық. Ең масқарасы, содан кейін біз оларды күресінге апарып, лақтырып тастадық, өйткені астанадағы барлық түрмелер аузы-мұрны шыға толған болатын.....

Геннадий Васильевич! Мен сізді біздің идеологиялық жұмыстағы Вавилондық шоғырлануды тоқтатуға шақырамын! Әйтпесе бір-бірімізді түсінуден қаламыз. (Сафуан Шаймерденов 1987 жыл)

ТАРИХИ КӨТЕРІЛІС ХАҚЫНДА

$
0
0

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ16 Желтоксан 2013, 17:40,165
ТАРИХИ КӨТЕРІЛІС ХАҚЫНДА
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді баянды ететін шарттардың біріне ұлттық санамыздың айқындығы мен тарихи жадымыздың бекемдігі жатары дау туғызбаса керек. Ендеше осынау асыл қасиеттерді халқымыздың бітім-болмысына, әр ұл-қызымыздың тұла бойына тынымсыз егіп, ширатып, пісіре түсу ләзім. Бұл үшін өткен жолдарды сын көзбен шолып, сүзіп, тиісінше – сана мен жадқа нәр құйып, болашақ қадамға қажет тәлім, сабақ ала беру керек. 1986 жылғы Желтоқсан – тап сондай көзқарасты талап ететін өте маңызды, қасіретті де қастерлі кезең.

Қоғамдық құрылыстың дүниені дүр сілкіндіре ауысуына байланысты қаулап шыққан қалың көсемге – «шешен емес жоқ адам, бәрі білгіш, бәрі де ер» саясатшыларға – халқымыздың ардақты ұлы Міржақып Дулатов 1917 жылғы желтоқсанда мынандай сауал тастаған-ды: «Кешегі қара күндерде, Жұлдызсыз, айсыз түндерде, Жол таба алмай сенделіп, Адасып алаш жүргенде – Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын, сонда қайда едің? Ақыл таппай дағдарып, Жан ашыр таппай сандалып, Барарын қайда біле алмай, Жүрген бір күнде сан ғарып – Есепсіз көп шешендер, Жөніңді айтшы, қайда едің? Сарыарқа сайран жерлерім, Көк орай шалғын көлдерім, Бәрін жауға алдырып, Асқар тау, биік белдерім, Қысылып қазақ тұрғанда – Данышпандар, қайда едің? Атадан бала айрылып, Қанаты сынып қайрылып, Қасірет толып жүрекке, Тұрған бір кезде қайғырып – Толып жатқан қамқорлар, Елде жоқ едің, қайда едің? Құландай үркіп елдерің, Қалдырып мекен жерлерін, Жаяу-жалпы, жалаңаш, Қатын, бала ерлерің Аштықтан қырғын тапқанда – Сыпыра жомарт, қайда едің? Кедейдің сорын қайнатып, Майданға жасын айдатып, Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ, Өлімге басын байлатып, Жіберерде – жаным-ау, Жан ашыр жақын, қайда едің?».

Құдды 1986 жылғы Желтоқсан тұғырынан қазіргі таңда қойылған өткір сұрақтар дерсің. Осылайша мойындамауға ұяты алдында адал болғысы келетін әркімнің дәті шыдамаса керек. Рас, үстем идеологияға, яки билеуші төреге арқа сүйейтін жәдігөй де екіжүзді «бас адамдар» үшін бұлар жай ғана жел сөз, өйткені олар тарихты өздері жасайды. Ал арлы кісі ойланбай тұра алмайды. Кімнің кім екенін – who іs who – іштей «Қайда едің?» тұрғысынан таразылайды. Іштей де болса қай-қайсысына да ылайықты бағасын береді. 

Азаматты танудың бірден-бір иманды өлшемін бұдан бір ғасыр ілгеріде, әлеуметтік және экономикалық ілімдердің соңына жас шағында шырақ алып түсіп жүрген пролетариаттың болашақ көсемі дәл айқындаған болатын: «Тарихқа сіңірілген еңбектер тарихи қайраткерлердің қазіргі талаптармен салыстырғанда не бермегеніне қарай емес, өздерінен бұрынғылармен салыстырғанда жаңа не бергеніне қарай бағаланады».

Қай заманда да азаматтыққа сын ретінде, адамның азаматтығының өлшемі, кімнің бағасы қай деңгейде тұрғанын өлшер безбен ретінде ел басына күн туған сәттерді алу ләзім. Жасыратын не бар, әділет қуам деп от пен суға әй-шәй жоқ қойып кететіндер пендешілік тұрғыда ұтылады. Ондайлардың кез-келген қитұрқы сүзгіге бірінші болып тұтылатыны белгілі. Ал қадамын іш есеппен, санап басатындар аңқылдақ алғашқылар оп-оңай шырмалып жататын торлардан дін-аман құтылады. Ондайлардың, уақыты келгенде, белсене құтыратыны да рас. Өткен дәуірлер мұндай қадамдар мен қылықтарды дәйектер мысалдарға тұнып тұр, қазіргі заман да кенде емес...

Өтпелі кезеңде өткінші әділдік салтанат құрып, жаңа белсенділер өз біліктерімен дәуірлейді. Сондықтан ғой – Жақаңның «Қайда едің?» деп қайран қалғаны. Сондықтан ғой – «Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес кім надан? Қамқор емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ?.. Жеткіздің, алла тағалам» деп күйінгені. Сондықтан!

Бүгінде Сексен алтыншы жыл сергелдеңін сөз ете беру кейбіреулерге ұнамайды, өйткені тап сол жылғы Желтоқсан толқуы, дұрысын айтқанда – Желтоқсан көтерілісі және олардың сол Көтеріліске көрсеткен ұлт мүддесіне үйлеспейтін көзқарасы әшкереленіп қалар еді. Стандартқа еті үйренген кеңес елін жаппай дүр сілкінтіп, жалпақ әлемді елеңдеткен сонау қазақ жастарының дүрбелеңді қозғалысына кім-кімнің қалай қарайтыны – оның отаншылдығының шынайы табиғатына таразы, әділетсүйгіштігіне, азаматтық көзқарасына өлшем, критерий болып табылады. Шынтуайтқа келгенде, мұндай ар мен адалдық өлшеуішіне ондайлардың көбі шыдас бермейді. 

Сексен алтыншы желтоқсанның қаһарлы үш күні мен ызғары «жаңа 37-ні елестетіп» ұзаққа созылған қырғи-қабақ ахуалдың қайғылы салдарлары, бұрмалаулы жазалаулар туралы аз айтылған жоқ. Ол – неосталинизмнің жан айқайға басып ашу шақыруы еді. Ол – тоталитарлық жүйенің репрессиялау аппараты бағыныштыларына көрнекі үлгі боларлық террор жүргізіп, жүгенсіздікпен тайраңдаған кез болатын. Ол – партия мен кеңес өкіметінің біз ес білгелі бері тұңғыш рет жиренішті жазалаушылар мен бағындырып-жуасытушылар деңгейіне дейін құлдырауы-тын. Ол – империялық күштердің өз қатарына барлық қазақ еместер мен қазақтардың жағымпаз да жарамсақ бөлігін қосып алуға, сөйтіп, қазақ халқы мен түрлі ұлт өкілдері арасына сына қағуға ашық тырысқанын көрсетуі-тұғын. 

Жүйеге, биліктегілерге жағыну ыңғайымен тіл безеп, әйтеуір жау тауып жазалап қалуға тырысатындардың қысастығын менің өзіме де тікелей түйсінуге тура келген еді.

1986 жылғы 17 желтоқсан күні кешкісін мен Брежнев атындағы жаңа алаңнан соған дейін тек кинолардан, шетел тележаңалықтарынан көзге түсуі ықтимал әскери төңкеріс яки революциялық жағдай сипатты сурет көрдім. Үлкен алаңның төрт бұрышында – алаулап жанған төрт машина. Өрт тілі ұзарып, адам толы алаң үстінен төнген қараңғы аспанға сұғына сіңіп кетіп жатыр. Орталық мінбенің екі қанаты жағалай тізілген әскер. Бұрын-соңды көзімізге тірідей түспеген тұрпатта: мұздай боп құрсанған қалқандарымен үрейлендіре қарауытады. Алаң ортасында – екі жерге дөңгелене шоғырланған жастар. «Жа-са, қа-зақ! До-лой, Кол-бин!» деп, бір ауыздан, бір ырғақпен қосыла айғайға басып тұр. 

Не болған мұнда? Мынау не? Сәби өңді бір бала қолындағы темекі қорапшасын бір бүйіріне құлап отқа оранып жатқан автомобильдің бауырына қарай лақтырып жіберді де: «Ә, ППМ ғой», – деп теріс бұрылды... Аяғы аспаннан келген, өрт құшағына берілген «көшпелі милиция бекеті»... Өрімдей жас қыз менің қайран қалған аңқау сауалыма ызалы сарынмен қатқыл жа-уап қатып, әлгінде мына солдаттардың алаң толы қыз-жігітті шоқпармен ұрып жайратып салғанын, соққыға жығылған жетпіс-сексен адамды әлдеқайдан шапшаң пайда бола қалған «жедел жәрдем» көліктері салып-салып әкеткенін айтты...

Сол түнгі сағат екіде биік дәрежелі партактив мәслихат құрды. Шамасы, маңызды жиын нұсқауын орындауды жедел қолға алғаны шығар, Жоғарғы Кеңес Төралқасы аппараты партия ұйымының хатшысы 18 желтоқсанға қараған таң қараңғысынан телефонды безілдетіп, коммунистердің бірқатарын кеңсеге жиып алды. Топ-топқа бөліп, қала аудандарына жіберді. 

Мен тап келген Октябрь аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы бұндай жағдайдың басқа республика емес, тап Қазақстанда болуы ықтимал-ау деп ешқашан ойламағанын айтып басын шайқап отырды... Бір кезде оған әлдекім рациямен Айнабұлақтан орталыққа қарай бір үлкен топ – көп адамдар легі шыққанын хабарлады. Топ алдында қолын сілкілей сөйлеп, жеке-дара бір белсенді кетіп бара жатқан көрінеді. Хатшы колоннаны алаңға дейін милициямен себесіндеп аман-есен апаруды тапсырды.... Алаңға халық жасақшыларын бастап таңертең кеткен ауатком төрағасы түстен кейін оралды. «Қырылып қалды ғой қазақ жігіттері, – деп құпиялай сыбырлады ол маған, – өтіп бара жатқандарында шоқпармен бір соғып қиралаң еткізеді де, көше жиегіне қарай сүйретіп әкете береді...»

Кешке қарай бізді ауданнан өз жұмыс орнымызға шақыртты. Орталық Комитетте әзірленген, Жоғарғы Кеңес Төралқасы Төрағасының аузымен айтылмақ сөз мәтінін қазақшалаумен шұғылдандық. Ұзамай оның салқынқанды жүзбен жария еткен «бірлі-жарым бұзақылық қадам өзгерте алмаған тып-тыныш ахуал туралы» көпе-көрнеу бұрмаланған, ешкім сенбейтін хабарын теледидар шартарапқа таратты...

Қарусыз қыз-жігіттердің қалың қатарына әлденеше мәрте шабуыл жасаған солдаттар қарлы алаңда жүздеген жанды жусатып тастады, олардың орындарынан тұрмай қалғандары қаншама. Жүздеген кісі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Әскерилер ұрып-соғып жүріп ұстап алғандарын жүк машиналарына жансыз зат тәрізді бей-берекет лақтыра тиеп, қоқыс шығарғандай, қала сыртына таси жөнелді, айдалаға апарып, самосвал қорабынан бейне-бір керексіз қоқысша төкті. Ондаған жігітті алаңнан өкшелей атқылап, тауға қуды. Есепсіз көп қыз-жігітті милиция бөлімшелеріне қамап, нашақор етіп көрсету әрекеттерін жүзеге асыруға тырысты. Әсіресе қыздарға айрықша қорлық көрсеткен мысалдар төбе шашыңды тұрғыза дүңк-дүңк естіліп жатты. Көшеде кешті қойып, тапа-тал түсте ұлттық негізде ұстап алу, яки соққыға жығу қаланың әр жерінде орын алды. Алаң шетіне жәй көрермен ретінде тақалғандардың өзі кінәліге айналды, оларды құпия орган агенттері түсірген суреттері арқылы іздеп тауып, әрқайсысына партиялық, комсомолдық, қылмыстық жаза үлестіруге кірісті...

Жер-жерде ұлыорыстық астамшылдық интернационализмге баланып, тек орыстық сана ғана интернационалистiктi бiлдiредi деге ұғым қанға сiңгендей болған. Соның салқыны Желтоқсан оқиғасы кезiнде қатты сезiлдi. 

25 желтоқсан күні таңертең Жоғарғы Кеңес Төралқасы аппаратының партия жиналысы болатыны жайында хабарланды. Жұмыстан соң, кешке, 17-18 желтоқсан оқиғалары арнайы талқыланбақ. Мен жан-дүниемді күйзелткен сәйкессіздік жайында үндемей қала алмайтынымды ұқтым. Айтпақ сөзімді кешке дейін қағазға түсіріп алдым. Қызмет күйбеңдерінен қол қалт еткенде ғана шұғылданғаныммен, негізгі ойларымды жүйелеп үлгердім, олар қалам ұшына өздері сұранып тұрған, өйткені бәрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан берік иланымнан туындаған еді. 

Менің сол кездегi пiкiрлесiп тұратын қызметтестерiмнiң бiрi (тарихи отанындағы украиналықтарды ұлтшыл деп есептейтiн, орыстанып кеткен украин Шульга) әйгілі Пленум қарсаңында өзiнiң биiк жақтағы әңгiмелерден хабардар екенiн сездiрiп, бiрiншi хатшының орыс болатынын мақтанышпен аян етті. Мен ондай ықтималдықты жоққа шығармайтынымды, бiрақ, солай еткен жағдайда, оның үлкен тарихи қателiк болатынын айттым. Бұл соншалықты бiр көрегендiк емес, жәй ғана, ұлттық сезiм шарпуынан туған тұжырым едi. Екеуiмiздiң арамыздағы кереғарлау әңгiмелер оқиға күндерi жалғасып ширыға түстi де, ақыры, 1986 жылғы 25 желтоқсанда менiң партия жиналысында оқиға жайында сыни сөз сөйлеуiме, соған байланысты Шульга мен орыс-қазағы аралас басқалардың (Корнев, Дунаев, Жабағина, Зубченко, Жылтыров, т.б.) менi аппараттан аласталуға тиiс ұлтшыл қатарына қойып дүрлiгуiне ұласты. 

Ал мен қарапайым жәйттердi айтқан едiм. Алаңдағы қақтығысқа өзiмiздiң кiнәлi екенiмiзге назар аударғанмын. Ең үздiк насихатшыларымызды сонда апарып, түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң орнына, 17–20 жасар жап-жас балаларымызға әскери күш жұмсадық, қабаған иттердi айтақтадық. Алаңға жиналған өрiмдей қыз-жiгiтке қарсы, сондай-ақ, халық жасағын жұмылдырдық. Халық жасағы жұмысшылардан (ал олардың көпшiлiгi өзге ұлт өкiлдерi) құрылған-ды. Солардың қолдарына темiр бiлiктерден, қымбат кабельдерден қиып сойыл, қамшы бердiк. Сөйтiп, ұлттық тұрғыда қарсы тұру сипатты ахуалды қолдан тудырдық. 

Ал қазақ орыспен әрдайым тату болатын. Тiптi, партия-кеңес қызметкерлерiнiң бұрмалаулары салдарынан екi миллиондайы аштықтан қырылып қалғанда да ол орыс халқына, партияға сенiмiн жоғалтпаған. Мәселе – ұлт сая­сатында бүгiнгi таңда жол берiлiп келген кемшiлiктерде. Орыс мектептерiнде қазақ тiлi дұрыс жүрмейдi, оған керексiз пән ретiнде қарайтын көзқарас қалыптасқан, т.с.с. 

Қысқасы, балаларды алаңға бардың екен деп оқудан, комсомолдан шығару қате, оларды айыптамай, тәрбиелеу керектiгi, ал жазалаушылар мен бағындырушылар деңгейiне құлдыраған асыра сiлтеушiлермен қатаң әңгiме жүргiзу қажеттiгi жайындағы ойларды сөзiме арқау еткенмiн. 

Жарыссөзде қатардағы Шульга деген жауапты қызметкер «саяси тұрғыда осынша қауіпті Қойшыбаевпен бұдан былай қайтіп қатар қызмет атқаратынын» білмей «қиналды». Бөлім меңгерушісі Дунаев қарамағындағы қызметкерінің есімі мен әкесінің атын аса бір жылы ілтипатпен атап, оның «бейсаяси сөзді елеусіз қалдырмай, шешімді түрде тойтарыс берген белсенділігіне» ризашылығын білдірді, партия комитеттері алдында солқылдақтық көрсетпей, менің осынау күмәнді сөзіме саяси баға беру керектігін сөзінің соңында шегелей кетті. Қатардағы жауапты қызметкер Зубченко коммунистерді менің сөзімнен «батыл түрде іргені аулақ салуға» шақырды. Бөлім меңгерушісі Жабағина да өзінің сол күндері әлдебір облыс орталығында қайдағы бір шіп-шикі балалардың көшеге шығып көтерілгеніне тойтарыс беруге қатысқанын аян етіп, әлгі белсенді әріптестері нобайлаған төңіректе ұрандатты. Обалы нешік, жиналыс соңында баяндамашы, Жоғарғы Кеңес Төралқа Төрағасының орынбасары Чернышев менің сөзіме тоқталып, біраз кемшілікті орынды ашқанымды мойындады. Басшымыздың ондай салиқалы талдамасы, алайда, саяси белсенділіктері ойда жоқта керемет серги өрлеп кеткен қызметтестеріме аса әсер етпеді. Олар менің қолымнан сөзімнің жазбаша мәтінін «қырағылықпен» қағып алды да, машинкаға бастырып көбейтіп, тиісті орындарға жөнелтіп жатты...

Тоталитарлық сана тұтасып тұрған шақ болғандықтан шығар, менiң сөзiм республиканың биiк кеңсесi iшiндегiлерге осылай, төбеден жай түскендей әсер еттi. Төралқа аппараты коммунистерiнiң екi партия жиналысында, арнайы комиссиясында, партбюрода, аудандық парткомиссияда, аупартком бюросында талқыға түстiм. 

Алғашқы жиналыстағы сөзімді арнайы комиссия «зерттеп», мені бюрода қараған. Мен олардың дайындаған «зерттеуімен» танысып, жазбаша түрде мынандай наразылық білдірген едім: «ҚазКСР Төралқасының партбюро хатшысы жолдас М.Ф. Бабушкинге СОКП мүшесі Б.О.Қойшыбаевтан. Мен бүгін менің жеке ісімнің материалдарымен танысып шықтым. Менің ісімді мұқият тексеру үшін құрылған партбюро комиссиясы бұл мәселеге менің дүниетанымымды, идеялық сенімімді қаралауға жасанды түрде бәрін бұра отырып, біржақты келді деп есептеймін. Бұл ретте комиссия өзі қолайлы көрген фактілерді түпмәтіннен жұлып алып, менің сөзімнің негізгі ойына еш қатысы жоқ өз ұйғарымы астына қасақана орналастырды. Комиссияның біржақты құмарлығы менің сөзімде жоқ «шараларды айыптау» және «талап ету» деген тіркестерді ойдан шығарып қосуға дейін барды. 

Комиссия мені «осы оқиғалар үшін негізгі кінәні демагогиялық пайымдаулары арқылы партия және совет органдарының қызметкерлеріне артуға тырысты» деп жазады. Мен ересек ұрпақтың, партия-совет қызметкерлерінің кінәлілігі туралы айттым, олардың ішіне өзімді де жатқыздым. Сол оқиғаларды мардамсу, ойына келгенді істеу, істің нақты ахуалын әсірелеп көрсетуге тырысу, идеологиялық, насихаттық жұмыстың өмірден ажырып қалуы және «жайбарақаттық» жылдарда біздің нақты жағдайды сезіну қасиетіміздің солғындануы біртіндеп «дайындады», күрт бетбұрыстан кейін де интернационалдық жұмысты жүргізуге тез икемделтпеді (менің жеке ісімнің 9-шы беті). Бұл ойлар Алматы оқиғаларына қатысты барлық құжаттарда, есептерде бар, демек, мен өз адресіме айтылған демагогияға салынды деген айыптауды қабылдай алмаймын. 

Комиссия: «Оның сөзінде партия аукомдарының кейбір басшылары Қазақстан КП ОК Пленумының шешімдері түсіндіруде «зұлым» тәсілдерге барды деген тұжырым бар», – деп жазады. Мен шынында да партия аукомы хатшысының түсіндірмесінің қарабайырлығы жайында айттым (ж.і. 10-беті). Адрессіз айттым, оным Жоғарғы Кеңес Төралқасының Төрағасы мен Совет аукомының бірінші хатшысында болған әңгімелерде түсінбеушілік туғызды. Сондықтан, екінші партжиналыста мен осы ақпарат шыққан бұлақты аштым. Бұл комиссия айтқандай – ақталуыма әрекеттенуім емес, менің қателіктерімнің себептері туралы жиналысқа түсініктеме беруім еді. Ауком хатшысының айтқандарын бізге ж. Шульганың жеткізгені, оған менің қатаң пайым, эмоция, ашу білдіргенімді үш жолдас растаған (ж.і. 15, 16, 22, 23, 25-беттері), соларға қарамастан комиссия шындыққа сәйкес келмейтін кері қорытынды жасапты, мен мұнымен келіспеймін. 

Комиссия менің сөзімде: «өткенде құдды билік органдары тарапынан асыра сілтеулер жасау салдарынан жергілікті ұлт адамдарының жаппай қырылуы орын алған делінетін ойдан шығаруларға жол берілген», онысы «болған оқиғаларды ақтауға тырысудың тап өзі болып табылады», – деп жазады. Комиссия таққан «ойдан шығару» жұлып алынып, мүлдем қарама-қарсы пайымдауға жапсырылған дербес мағыналық салмағы бар абзац мынандай: «Ешкім де, еш уақытта қазақ және орыс халықтарының достығын, қазақ халқының Ленин партиясына деген сенімділігі мен сүйіспеншілігін жоя алмайды. Ұлт көрген көптеген қиыншылықтарға төзе отырып, адамдардың қолы осыған жетті, ғасырлар бойы достықтың қасиетті діңгегін қалады. Біздің еліміздің түрлі тарихи кезеңдерінде көрініс тапқан қазақ халқының жалпыға мәлім интернационалдық актісі туралы айтпай-ақ қояйын. Тек көпшілікке мәлім емес мына бір фактіні ғана еске салғым келеді: Қазақстанда коллективтендіру кезінде партия-совет қызметкерлерінің асыра сілтеулері нәтижесінде қазақ халқы екі миллиондай адамнан айырылған, тіпті соның өзінде де партияға деген, орыс халқына деген сенімін жоғалтпаған еді. Демек, біз бұл сенім мен сүйіспеншілікті қастерлеп, бағалауға тиіспіз. Өсіп келе жатқан ұрпағымыздың әкелерінің революциялық дәстүрлеріне адал боп, шын мәніндегі интернационалист болып өсуі үшін барлығын істеуіміз керек, бұл біздің борышымыз» (жеке істің 11-беті). Деректі сәтсіз алынған десе де, оның мұнда абзацтың басты және жалғыз, дара идеясын дұрыс толықтырып тұрғанын жоққа шығару мүмкін емес. Ал «асыра сілтеуді ойдан шығару» туралы айтсақ, комиссияға тым болмаса өзін осында «кіші Октябрь» жасап жүрмін деп есептеген Ф.И. Голощекин өмірбаянының қазақстандық кезеңін білу жеткілікті болар еді. Демек, осы жағдайда да комиссия ойдан шығарып отыр, мен, әрине, оған қарсымын, өз келіспеушілігімді білдіремін. 

Комиссия: «Қойшыбаев жолдас тәртіпсіздіктерге қатысқан партия мүшелері мен комсолецтерге қолданылып жатқан шараларды айыптайды, сонымен бірге, «тәртіп сақшылары қатарында ерекше ынта көрсеткен солдаттар, милиционер, жасақшыларды қатаң жауапқа алуды» талап етеді», – деп жазады. Мен іс жүзінде комиссия айтқандай айыптап тұрған жоқпын, тек ұсталғандардың партия мен комсомолдан шығарылып жатқаны туралы атап айттым, оқиғаға қатысушыларға айыптау тұрғысынан келмеуді, алданғандарды арандатушылардан бөліп қарауды өтіндім, оларды «болашақ үшін тәрбиелеген дұрыс» болатынын айттым (ж.і. 14-б.). басқасының бәрін комиссия ойдан шығарған. Оған алдымен сөз мәтінін менің көмегіммен партжиналыста сөйленген қалыпқа келтіріп алу керек еді, өйткені мәтінді менен жиналыстан кейін бірден алып алды ғой. Ал комиссия мұның орнына, менің «саяси сенімсіздігім» хақындағы өзінің қолдан жасалған ойын растау үшін, мәтіндегі сызылып тасталған сөйлемдерден өзіне «тиімді» үзінділерді қалпына келтірген. (ж.і. 6-б.).

Комиссия менің «кездейсоқ қате жіберуім» мүмкін емес, менің сөзім «алдын ала дайындалған» деп жазады. Менің дайындалғанымды жазбаша мәтін растап тұр. 25/ХІІ 1986 ж. таңертең жиналыс жайында хабарлады, не ойлайтыным туралы айтуды сұрады. Мен Шульгамен дауласқаннан кейінгі эмоциялы ахуалдан арыла қоймаған едім, партқызметкер жайындағы мысал тәрбие жұмысының дұрыс ғылыми жолға қойылмағанын растап тұрған. Сол шақта интернационалдық тәрбие жоқтығы атап айтылған Қазақстан КП ОК Бюросының мәжілісі жайындағы есепті (24/ХII 86) оқып отырғанмын. Содан мен, қызмет істері ара-арасында сөз дайындап алдым. Асығыс болғандықтан да, бірінші жиналыста-ақ мойындаған қателіктерім сонда кетті. Менің интернационалдық тәрбиені түбегейлі жақсарту қажеттігі жөніндегі негізгі пайымдарымда жаңа ештеңе де жоқ. Теориялық қисындарымның бәрі – партсъездерден, В.И. Ленин еңбектерінен, бұл ойдың бәрі СОКП ОК Қаңтар (1987 ж.) Пленумында М.С. Горбачев жолдастың баяндамасында расталған. Алайда комиссия сөздің басты мәніне жете алмады, жеткісі келмеді деп ойлаймын. 

Партбюро отырысы комиссия анықтамасы ауқымында өтті, бюро мүшелері бұдан бір айдан астам уақыт бұрынғы алғашты жиналыс әсерінен айыға алмаған, мені қайткенде «жерлеуге» – өте қатаң жаза қолдануға да, менің шығармашылық жолымды қиюға да, жұмыстан босатуға да құлшынысты. 

Алайда, маған дөрекі түрде қара жалау тағуға құмартқаннан басқа, мен өзімнің сөзімнің бейсаясилығын растайтындай ешбір аргументті дәлел естімедім. Сөзде фактілер келтіру жағынан елеулі қателер бар, мен оларды барлық инстанцияларда, жиналыстарда және партбюро отырысында мойындадым және соларым үшін кешірім сұрадым. Ал сөздегі негізгі ойларым менің идеялық иланымыма жауап береді, мен олардан бастартпаймын, себебі олар партия талаптарына, қайта құру рухына сәйкес және ғылыми коммунизмге негізделген. 

Партбюроның 31/І-1987 ж. шешімімен келіспеймін, осы туралы Сізді жазбаша хабардар етіп отырмын. Б. Қойшыбаев. 2/ІІ-1987 ж.»

Менің келіспеуіме ешкім қиналған жоқ, жазасын берді де, бекітуге аупарткомға жіберді. «1986 жылғы 17–18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғалардың себептерiн бұрмалағаны [үшiн], кiнәнi партия-кеңес органдарының қызметкерлерiне аударуға әрекеттенгенi үшiн» деген тұжырыммен («За извращение причин событий 17-18 декабря 1986 года, имевших место в г. Алма-Ате, попытку переложить вину на работников партийно-советских органов») маған КОКП мүшесiнiң есеп карточкасына жазылған қатаң сөгiс берiлдi.

Мен бастауыш ұйым берген бұл әділетсіз жаза партияның аудандық комитетінде алынып тасталар деп үміттендім. Парткомиссия ісін жүргізуші әйел менімен соншалықты түсінісіп сөйлескендей көрінген, тіпті балаларымның қазақ мектебінде оқитынын да сұрап біліп, бауырмалдық танытқандай еді. Сөйтсем, ол менің жауабымнан өзінше ұйғарымға келіп, ой түйіпті – парткомиссия мәжілісінде ол мені партиядан шығару туралы ұсыныс жасады. Дауыс қақ айырылып, бір ғана қолдың мен жаққа артық көтерілуімен бастауыш партия ұйымының шешімі күшінде қалды... 

Аупартком Бюросында аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы маған дүрсе қоя беріп, «сен баррикаданың арғы жағына шықтың» деп сөкті, бюро мүшелерін мені партиядан шығаруға шақырды. Әбүйір болғанда, оның үзеңгілестерінің бәрі бірдей қызыл көз емес екен... Ауаткомның төрағасы Александр Акуленко мен аупарткомның бірінші хатшысы Айгүл Қадырбекованың ой-пікіріне құлақ асушылар көпшілік болды. Жазаның өзгермей бекігеніне тәубә дедік. 

Жүйе жаны орыс боп кеткен қызметкерлерге даңғыл жол ашып қойған-ды. Өзі де оңбай тұрған компартияның мүлдем абыройдан айрылуына іліми тиянағы тайғанақ сондайлар мол үлес қосты. Ұлт мәселесі хақындағы білімі кемшін мұндайларға шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділер қосылғанда – теория мен практика қайдан алшақтамасын... 

...Желтоқсан көтерілісі мен одан кейін орнаған «Кіші 37-жыл» ахуалы әлі де зерттей түсуді, тиісінше, одан баршамыздың сабақ алуымызды тілейді. Күні бүгінге дейін бұл ұлы оқиғаға тиісті ғылыми түсіндірме жасалған жоқ. Ғылым тұрғысынан байыпты баға берілмегендіктен де, Желтоқсан көтерілісі өз мәніне сай ел көкейіндегі саяси бағасын әлі алған жоқ... 

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

тарих ғылымдарының кондидаты

Мұны оқысаң көзіңе жас келеді

$
0
0

Ділдәр МАМЫРБАЕВА14 Желтоксан 2013, 18:57,074
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАС АЛАҢНАН БАСТАЛҒАН (СЫР – ШЕР)
Алматы бұлдыр сағым ішінде қалып, мұнар басқан сол бір бұлыңғыр күні Брежнев атындағы алаңға мен де келгенмін.Алматы бұлдыр сағым ішінде қалып, мұнар басқан сол бір бұлыңғыр күні Брежнев атындағы алаңға мен де келгенмін. Жастар шоғыры көп екен. Ылаң салып, бүлік бастайтындай кейіпте емес, қолдарындағы жазбаларын жая ұстап, бейбіт шүйіркелескен қыз-жігіттер отаршылдық шеңгеліндегі елді меңіреу ұйқыдан түртпектеп қана оятып бара жатқандай. 

Қарып тұрған қатты суық, қатал жел алаңдағы іштей толқыған жас­тарды берік байланған салмақты бір түйінге жетелеп, қайраты мен намысын қайрап, ойдағы, жүректегі сөз айтылып жатқанда кесір мен кеселдің қандайына болса да қарсы тұрарлық бір күш-қайрат пайда болады екен бойыңда. Жаңа ғана тоңып, дірілдеп тұрған денемнен бір жылы толқын өткендей болды. Көзі жасты, көңілі қаяу Алматы бір ерлікті қажет етіп тұрғанын ұқтырып, біз ұғып тұрған сәт болатын.  Тәңірге жалбарынып, жалынып: «Мына көпке амандық бере гөр, қанат бітір, қайрат бер»,– деп өзімнің ішкі үніме үңіліп, үнсіз қатып қалыппын. «Тілеушіміз алыс­та емес жанымызда екен ғой» – деген дауыс еріксіз назар аудартты. Шамасы даусым қаттырақ шығып кеткен болу керек. Жанымда сұңғақ бойлы, ашаң жүзді жігіт тұр. Шыншыл түрі сұр емес, ағараң тартқан. Тісі қайраулы екенін жанарынан аңғарасың.

– Атыңыз кім болды, қарындас? – даусынан құрбылық, тілектестік, достық ықылас аңғарылды. Өзгеше сезім ояна қоятын жағдай мен сәт емес. Бірақ адам болмысы қырық қатпарлы емес пе, ыстық сәулелі өзгеше бір күйге тап болғандаймын.

– Менің атым – Гүлжан. Сенің атың кім? – Жүрегім лүпілдей тұрып бет-жүзіне барлай қарадым.

– Бауыржан, – өңіндегі аяздай суық ашу тарап, қатты түйілген қабағы жазылғандай болды. – Бауыржан Момышұлы атамдай ұлтжанды, қайсар болсын деп ырымдап қойған екен. Ол кісідей болу қайда!.. – Бауыржан сөйлеген сайын маған аяулы, қадірлі бола түскендей. 

Мен осындай бір өзгеше күйде тұрғанымда: «Қазағым-ау, қашанғы қор болып, қой сияқты жүре бермекпіз? Не тілімізді, не жерімізді жаттан қорғай алмай мүсәпір күйге түстік қой. Абылайдай ер бармысың, қайдасың?»,– деп ашына айқайлап, булығып жылап жіберген қызыл орамалды әйелден кейін қорқау қасқырдың інінен шыққандай болып бүлкілдеген шенділер енді микрофонға ешкімді жақындатпауға күш салды. Текетірес, қақтығыс қаупі үдей түсті. Ақ және қызыл түсті жалаушалар көтеріп, «Менің Қазақстанымды» айтып әндеткен 500-600-дей қыз-жігіттер маңайды жаңғырықтыра айқайлап қойып, Бейбітшілік көшесін бойлаған күйі алаңға келіп құйылды. Алматының іші мен сырты түгел толқып кеткендей болды. Дауыс күшейткіштен естілген өктем бұйрықтар алаңнан тезірек кетуді талап етіп, алдымен 15 минөттік, содан кейін 5 минөттік мұрсат берілетінін, сосын өрт сөндіргіш машинамен су шашылатынын жеткізіп тұрды.

Жаңа ғана бастан өткізген тәтті сезім мен мына ащы айқай бір-бірімен астаспай, алай-түлей күй құлағымды шыңылдатып жіберді. Жанымнан Бауыржанды іздедім. Жаңа келіп қосылған топтың толқыны оны менен біраз жерге алыстатып тастапты. Ол да мені іздеп алаңдаған болу керек, достарының иығына шығып, қол бұлғап: «Гүлжан! Бері жақында!» – деп айқайлады. «Бауыржан!» деп мен де тұра ұмтылдым. Қалың нөпірден қасына жетіп бару мүмкін емес еді. Тілсіз, үнсіз сезімнен оның ажары алаулап тұрды. «Мені жігітімнің жанына жіберіңдерші!» деп мен де кимелеп келемін. Мен жанына жақындаған сайын ол да қуаттанатындай.  Іштей толқыған, бірақ соншалықты қайратты. Бәсе, бәсе Бауыржандар осындай болу керек қой. Сай-сүйегім шымырлап кетті. «Жұбан аға! Қайдасың?! Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», – деп жар салып едіңіз ғой. Мынау қазаққа келген қандай нәубет сонда?» Бауыржанның даусы зорайып, қатқыл естіліп тұр. Менің бойымды мұздай сезім биледі. Қорқып та, батылданып та тұрмын. Қорқатыным – Бауыржан мен мына өрімдей топты қан иісін сезген қорқаудай болған итаршы қара төбеттердің аямайтындығы болса, батылданатыным – өзімдей жастардың жең сыбанып күреске шығып жатқаны. Көпшіліктің легі Бауыржанды менен тағы алыстатып жіберді.

– Гүлжан! Жігітің бар ма? – Алыстан, дүйім жұрттың алдында қысылмай сұрап тұр. Басқа кез болса жүрегім лүпілдеп үн қата алмас па едім. Бұрын-соңды махаббат шұғыласына, сүйіспендік жалынына жанасып көрмегенімді ұқтырғандай болып көзімнен ыстық та ауыр тамшылар ағып-ағып кетті.  Арамыз жақын болғанда көз жасымды Бауыржан кірпіктен іліп әкетер ме еді... осы күйімде, осы қалпымда басымды шайқай бердім де, іле-шала:

– Сенің ше... Сенің сүйген қызың бар ма? – деп сұрадым. Айналадағы ызы-қиқу жауабын естіртпеді.

...Өрт сөндіргіш машинамен су шашылатынын жеткізіп тұрған өктем бұйрық тағы естілді. Суық желден жиреніп тұрғанымда суық ағын ұрып өткендей болды. Қуатты ұңғыдан атқылаған су тасқыны онсыз да сөзімізді өткізе алмай тұрған біздерді жын тигендей етті. Жиналғандар қатуланып алды. Әлсіз үндерді жаңғырыққан айғай-шу жұтып жатты.

Шым-шытырық бір күйге қамалған­даймыз. Осы сәтте басым оқыстан зырқ ете түскендей болды да, не болып не қойғанын түсінбейтіндей шарасыз халде сылқ ете түстім. Көзімді ашуға, жағдайды барлауға шамам жоқ. Меңіреу қара үңгірге түсіп кеткендеймін бе, құздан төмен құлап келе жатқандаймын ба... Ұйытқыған ақ боранның ішінде жалғыз адасып қалғандаймын ба, жо-жоқ, жанымда Бауыржан бар секілді. Тұрпатсыздығымен түршіктірердей құбыжықтардың арасынан алып қашып бара жатқандай...

Қала оттары сөніп, бағанағы улап-шулаған үн өшіп қалған. Менің есім жиналғандай. Шындығында біреу мені көтеріп келеді. Бірақ көзімді аша алмаймын. Басым зыңылдап барады. Бір үйдің есігін қақты.

Ар жақтан:

– Кім керек сендерге? – деген дауыс естілді.

– Сіз керексіз. Үйлеріңіздің іргесіндегі Брежнев атындағы алаңда қырғын болып жатыр. Мына қызыңыздың басына сапер күрекпен ұрған, соған көмек керек! – Таныс дауыс. Бауыржан ғой. Көзімді аштым. Үй иесі бізді жылдамдата үйіне кіргізіп алды.

– Ойпырмай-ай, бұл не деген сұм­дық! Қыздарда несі бар ей, бұл аш көкжал­дардың, – деген үй иесінің налып тұрып кінәлаған даусы құлағыма анық естілді. Есімді жиып алдым.

– Гүлжан, менің онда достарым қалды. Шетінен соққыға жығып жатыр. Мен сонда болуым керек. Кешікпей ораламын. Жақсы күндер алда! – деп Бауыржан ыстық алақанымен бетімнен бір сипады да, шығып кетті.

Мен оны бейтаныс үйде көзіммен ұзатып салып қала бердім. Жүрегім  мені іздеп келетініне сенді. Бірақ дәл сол күні Фрунзе, Ташкент, Свердловск, Новосибирск қалаларынан ішкі әскер бөлімдерінің алғашқы легі келіп түскенін, алаңда үш құрама отряд пен 2928 таңдаулы жігіті бар арнаулы жедел топ, оған тағы да, «суға салсаң – батпайтын, отқа салсаң – жанбайтын» жанкешті 2169 жендет қосылған соң, жағдайдың қалай болғанын өзіңіз бағамдай беріңіз. Олар алаңдағы қарусыз қазақтың өрімдей жастарының белін сындырып, жілігін үзіп, көзі-басын қан жапқызды емес пе?! Кез келген қазақтың жүрегіне айықпас мұң, уайым тастап кетті ғой.

Көздің шын жасы, зар жасы уақыт өткен сайын тыйылудың орнына молая түсетін секілді. Өзгеше өксік, өкініш әкелді. Бауыржанның «Кешікпей ораламын. Жақсы күндер алда!» деген даусы жүрегімді әлі күнге дейін бүлк-бүлк еткізеді. Аман болса бір хабарымды білер еді, өзі апарып аманат еткен үйді тауып барар еді, сұрар еді, іздер еді.

Көз алдымда ылғи ақборан ұйтқиды. Кейде ақборан ақ кебінге айналып, ол Бауыржанды орап алып кеткендей болады да тұрады.

Ділдәр  МАМЫРБАЕВА

ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ АЗАЛЫ КҮНДЕР

$
0
0

Нәзия Жоямергенқызы 19 Желтоксан 2013, 11:56,050
ҚАЗАҚТЫҢ ТАҒДЫРЫ МЕН ТАРИХЫНДАҒЫ АЗАЛЫ КҮНДЕР
Тағдырдың теперішін көп көрген қазақ үшін желтоқсан – ерекше ай. Қуанышы мен қайғысы қатар келген бұл ай несімен ерекше? Мәскеуде 1929 жылы өткен құрылтайдағы ұжымдастыру туралы бастама қазаққа қалай сор болды? Егемендік деклорациясы жарияланған 25 қазан мерекесі күнтізбеден неге жойылды? Тәуелсіздік жолында құрбан болған қыршындарды аза тұту, еске алу, ұлықтау шаралары жалпыхалықтық деңгейде өте ме? Ұлттық және мемлекеттік құндылықтарға қатысты осы және басқа да мәселелерді «Азамат» интеллектуалдық клубының мүшелері қаузаған еді.

«Ұлтқа сіңірген еңбекті  халық бағалайды» 

Айдос Сарым: 

«Азамат» клубының бүгін екінші отырысын бастауға рұхсат етіңіздер. Тақырып – «Қазақ тарихы мен тағдырындағы желтоқсан айы». Ертең, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Қызығы мен олқы түсер тұстары байқалуда, мұны да назардан тыс қалдырмасақ. Желтоқсан айы жалпы Қазақ тарихында ерекше маңызға ие айлардың бірінен. Мәселен, қазақтың тұңғыш демократиялық партиясын, тұңғыш билігін, тұңғыш президентін әкелген Алаш апталығы бар. 1917 жылы Орынборда өткен. Бергі жағын алсақ, басқа да тарихи оқиға-құбылыстарға толы. Ең маңыздысы әрі қастерлісі – Тәуелсіздік күні. Кешелі бері қазақ баспасөзі мен интернеті «Ұлық мереке неге Жаңа жылдың көлеңкесінде қалады?», «Жаңа жыл Тәуелсіздіктен маңызды ма?», «Тәуелсіздіктің маңызын жою – қасақана жасалып жатқан саяси әрекет пе, әлде құлдық сананың әсері ме?» деп дабыл қағуда. Қазақ тарихындағы, қазақ тағдырындағы желтоқсан туралы ой-пікірді ортаға салсаңыздар.

Мұхит Асанбаев: Желтоқсан келсе, ел ішінде бір абыржу басталатын сияқты көрінеді маған. Желтоқсан келсе, билік те мазасызданады. Бұрыннан келе жатқан дағды ғой бұл. Қай жағынан алсаңыз да, желтоқсан айында Қазақ тарихында маңызды оқиғалар орын алған. 1986 жылы қазақтың намысы оянған ай желтоқсан еді, 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиға да осы айға тура келген. Елбасының сайланған күні де желтоқсанның еншісінде. 

Расул Жұмалы: Байқасаңыздар, желтоқсан айы Елбасы күнімен басталып отыр. Былтырлары Президенттің өзі де айтты. «Бәлкім, мадақтай берудің қажеті жоқ шығар. Жекелеген қайраткердің елді дамытуға қосқан үлесі жайлы халық өзі айтып, бағасын беруі тиіс» деп. Бірақ заң қабылданды. Мерекемен қатар күнтізбеде жаңа демалыс пайда болды. Бұл туралы пікірлер де саналуан. Мақтау мен мадақтаудың шарықтау шегіне жеткен жағдайлар да болды. Мәселен, Астанадағы бір жоғары оқу орнының ректоры студенттерін өзі бастап орыстың әнін айтып, аспанға шар ұшырды. Мемлекеттің, ұлттың, қоғамның біртұтастығын бейнелейтін алғышарт – кез келген жалпыұлттық мерекеге жалпы бірдей қабылдайтын, жалпы қоғам бірдей бағалайтын саясатты қалыптастыру қажет. Әзірге олай емес. Билік басындағы жекелеген азаматтардың кейбір мәселелерде асырасілтеушілікке ұрынатыны өкінішті. Бәлкім, жағымпаздық әрбір қоғамның бойында бар немесе тоқырау заманында орын алатын көрініс шығар. Оны Қазақ халқының, Кеңестер одағының және басқа да елдердің тарихынан байқадық. 

Айдос Сарым: Ортаға тамызық болсын деп тастайтын ойым, Тұңғыш Президент күні дегенде егер 40-50 жылдан кейін келешек ұрпақ «мына кісінің халыққа, елге жасаған осындай жақсылығы бар, сіңірген еңбегі бар» деп бастама көтерсе, құптарлық іс. Ескерткішке гүл қою, еске алу, түрлі насихат шараларын өткізу т.б. Бұрнағы жылдары Президент қол астындағы шенділерге «сендер мереке, той дегеннің мәнісін білмейді екенсіңдер. Мені мадақтаудың қажеті жоқ» деп айтты. Бірақ 1 желтоқсан күні мадақтаудың жеті атасын көрдік. Бәлкім, осы мерекеге қажетті идеологияны қоғам айтуы қажет шығар? Қандай мәселені талқылау керек? Тәуелсіздігіміз қаншалықты баянды? Билік пен қоғамдық құрылымдардың жұмыс істеудегі қарым-қабілеті қандай? Мүмкін бұл қуанатын емес, ойланатын күн шығар? 

Расул Жұмалы: 

Президенттің күні деп жатырмыз. Күні бүгінге дейін ҚР Конституциясына өзгерістер енгізіліп, президенттік атағына қоса Елбасы, Ұлттың көзбасшысы деген мәртебеге ие болды. Бірақ әлемдік тәжірибеге сүйенсек, «ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ» деген атаққа лайық тұлғалар көп. Мәселен, Үндістандағы Махатма Ганди, бауырлас түріктер еліндегі Мұстафа Кемал Ататүрік, Оңтүстік Африкадағы Нельсон Мандела, АҚШ-тағы Джордж Вашингтон т.б. Олардың ұлт көсемі мәртебесіне көтерілуіне жекелеген адамдардың не заңдық құжаттың қабылдауының негізінде емес, уақыт өте келе халық өзі сезінуі, саясаткерлер мен саясаттанушылардың бағасы. Дәл осы мәселені Елбасының өзі де бірнеше рет ашық айтты. Заң жүзінде белгіленген осындай мәртебелер, атақтар қаншалықты өміршең болады? Меніңше, күмән тудыратын мәселе. Қазақстандағы Тұңғыш Президент күні белгіленетіннің алдында АҚШ-та да осындай мереке бар екендігі айтылды. Бірақ Вашингтон, Линкольн сияқты Америка Құрама Штаттарының негізін қалаған тұлғаларды ұлықтау олар өмірден өткеннен кейін онжылдықтардан кейін емес, елу, тіпті, жүз жылдан кейін қолға алынғаны ескерілмеді. Мерекелер мәселесі бөлек талқылайтын тақырып сияқты маған. Өйткені өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз қалыптаспайынша, Тәуелсіздік пен егемендікке қатысты азаматтық ұстаным бір ізге түспейінше, мерекелер туралы айту ерте. Байқасаңыздар, Қазақстанда Кеңестер заманынан қалған 7 қараша, 23 ақпан, 8 наурыз, 1 мамыр сияқты мерекелер әлі күнге жалғасып келеді. Тіпті, 31 желтоқсанның өзі Қазаққа, ұлттың тарихына, егемендігі мен дәстүріне үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Есесіне, біздің ең ұлық мерекеміз – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні көлеңкеде қалып қояды.

Нәзия Жоямергенқызы: Мұның себебі, меніңше, Тәуелсіздік алған 22 жылдың ішінде біздің ұлттық және мемлекеттік идеология әлі дұрыс қалыптасқан жоқ. Тәуелсіздік алғалы 22 жыл өтті. Қолдан жасалған дүниелер әлбетте, қоғам процесіне кірігіп кете алмайды. Яғни, халықтың санасынан орын алмайды. Тәуелсіздікті ұлықтайтын төл мерекеміз қазір Жаңа жылдың көлеңкесінде қалуда. Қазақстанның көп жерінде Тәуелсіздік күнін аттап өтіп, Жаңа жылмен құттықтаған жазулар ілініп, шыршалар 1 ай бұрын ерте тігіліп қойған. Басты себеп, идеологияның ақсауы, патироттық сезімнің әлсіздігі. Оның себебі, Қазақ қоғамы қазақтілді және орыстілді деп екіге бөлінеді. Олардың көздейтін мүддесі де екі түрлі.

Расул Жұмалы: Шығыс халқы бол­ғасын ба, көп мәселеде жоғары жаққа, билік­тегілерге жалтақтап, соларға қарайлай бе­реміз. Солардың айтқан сөздеріне, істеріне қарап ой түйеміз. 1 желтоқсан Президент күні аталып өтілуде, түрлі шаралар атқарылуда. Сонымен қатар ең үлкен мерекелік шара ретінде Жаңа жылдық шыршаның шамын ресми түрде жағуға арналыпты. Мүмкін мұның да өзіндік маңызы бар шығар? Алда қазақ үшін өте өзекті Алаш қозғалысының апталығы, бүкіл ұлттың басына қасірет болған 86-жылғы Желтоқсан оқиғасы, күні кешегі Жаңаөзен мәселесі бар. 

Нәзия Жоямергенқызы: 

Меніңше, жергілікті атқарушы органдардың ұстанатын қағидасы мен бағытына да байланысты сияқты. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов былтыр 16 желтоқсанға дейін ешқандай жаңажылдық шараларды өткізуге тыйым салды. Егер осылай етем десе, басқа әкім-қараларды кім ұстап отыр? Бұл жерде жеке, азаматтық тұрғыдан да қарастырған жөн сияқты.

«Алаш тақырыбында азаматтық қоғам белсенді»

Айдос Сарым: Елбасы кеше «Болашақ» стипендиясының иегерлерімен кездескенде «Ең бастысы, қазаққа бірлік керек», – деді. Орынды сөз. Қазақ интернетіне көз салсаңыз, кейбір жастар «менің тұңғыш президентім – Әлихан Бөкейханұлы» дейді. Бұл қаншалықты қисынды? Қазіргі Тәуелсіздігіміздің қайнар көзі Алаш қозғалысынан бастау алады. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы мен тіпті, қазақ тілінің емлесі де Алаш азаматтарының арқасында сақталды. Ендеше неліктен әлі күнге Алаш қозғалысының Қазақ тарихындағы маңызы мен мәні қоғамда БАҚ арқылы кеңінен насихатталмай отыр? Жыл сайын 7-13 желтоқсан аралығында сол тұлғаларымызды ұлықтап, ескерткіштер орнатып, еңбегін неге бағаламаймыз? 

Болат Мүрсәлім: 

Әлеуметтік желілерде Әлихан Бөкейханұлына қатысты пікір айтқандарды қолдамаймын. Өйткені ол қазақтың тұңғыш президенті емес. Қазақ тарихында соңғы рет ақ киізге көтерілген хан – Кенесары Қасымұлы. Әлихан Бөкейханұлы сол кездегі саяси ахуалға сәйкес, қазақтардың тұңғыш рет баламалы негізге, жанама сайлау арқылы сайланған Үкімет төрағасы. Қазіргі саясаттану ғылымының тұрғысынан қарастырсақ, Алаш автономиясында белгілі бір дәрежеде республикалық, мемлекеттік құрылымның нышаны болды. Ол кездерде Ресей шеңберінде бірнеше автономия құрылды. Бірақ үкімет басқарғандардың бірде біреуін тұңғыш президент деп жариялап жатқан жоқ. Бұл қоғамда түсініспеушілік тудыратын жайт. Бүгінгі бастама көтерушілер Ә.Бөкейханұлының тарихтағы ролін айқындай алмайды. Керісінше, кері әсер етеді. Бұл қоғамдағы «сауатсыздық» десек ауырлау тиер, бәлкім білместік деген жөн шығар. Кейде ең танымал, тақырыпты жетік меңгерді деген алаштанушылардың арасында Алаш партиясын, Алашорда үкіметін, Алаш автономиясын бір-бірімен шатас­тыратындар бар. Меніңше, мұның басты себебі, Алаш тақырыбына ғылыми атақ қорғайтындардың көпшілігі – тарихшы не филолог. Саясаттану ғылымдарынан көбінесе хабары аз. Әлихан Бөкейханұлы кезінде қазақ хандарының тарихына қатысты көптеген еңбегін қорытындылай келе, «қазақтың хан баласында қақысы бар еді, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген. Бұл оның жеке басының жауапкершілігі. «Хандардың бұған дейін атқарған ісін жалғастырамын, олар жіберген қателікті түзеу жауапкершілігін өз мойныма аламын» дегені. 

Айдос Сарым: Бүгінгі билік тарихтан неге жасқанады?

Болат Мүрсәлім: Алаш қайраткерлерінің аты аталған сәтте елең етпейтін, оларды іштартып, жақсы көрмейтін қазақ кемде кем. Меніңше, бүгінгі билік өздерін сол алаштықтармен салыстыра ма деп қорқуы мүмкін. «Алаш апталығы Қазақстанда неге кеңінен насихатталмай жатыр?» деген сауалға келсек, билік ресми түрде тыйым салмаса да, өзара келісім бойынша Алашқа қатысты кез келген нәрсені айтуға қарсылық танытатын секілді. Қазіргі Қазақ қоғамы Алаш қоғамын аңсайды. Неге? Өйткені Алаш қоғамындағы әділдік, бірлік, зиялылықты аңсайды. Яғни, сол кездегі құрылып үлгере алмай қалған Алаш партиясын немесе Алашорда автономиясы емес, Алаш қоғамын армандайды. 

Мұхит Асанбаев: 

Бізде идеологиялық жұмыс мүлде жоқ деуге болмайды. Бар. Мәселен, 1990 жылдары Наурызды жұрт жаппай тойлайтын. Осындай мерекелерді Кеңес дәуірінің уысынан шығарып алған Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз болатын. Ол кісі идеологиялық жұмыстарды 1991 жылы бастап берді. Ал қазіргі идеологиялық салада қызмет ететін лауазым иелері Өзбекәлі ағамыз бастаған сол игі істерді жүргізе алмай жатыр. Екіншіден, Алаш қайраткерлерін ұлықтау неге кең ауқымда емес? Себебі, билік тарапынан сұраныс жоқ. Бұған дейінгі жазылған ғылыми еңбектердің авторлары өз ізденістері мен қолда бар деректерге ғана сүйенді. Ал көптеген тарихи құжат Ресейдің архивтерінде жатыр. Мемлекеттік деңгейде келісім жасалып, ғалымдарға рұхсат алып беру қажет. 

Расул Жұмалы: Қазақстанның егемен ел ретіндегі тарихы негізінен 16 желтоқсаннан емес, 25 қазаннан басталады. Тоқсаныншы жылдардың басында сол кездегі биліктің ең басты тармағына ие Жоғарғы кеңес (қазіргі Парламент) 25 қазанда Тәуелсіздік туралы декларацияны жариялады. Бірнеше жыл бойы Республика күні ретінде ресми мерекелер тізімінде тұрғанымен аса еленбейтін. Ақыры оны тізімнен алып тастады. Бірақ 25 қазан – шын мәнісінде Ұлық мереке. Кезінде КСРО құрамында болған республикалар егемендік деклорациясы қабылданған күнді Тәуелсіздік күні ретінде белгілеп, жыл сайын тойлайды. Тіпті, Ресейдің өзі де. Қазақстан тарихындағы ең маңызды күн, 25 қазан ондай мәртебеге ие бола алмады. Желтоқсан айы – Қазақ тарихындағы қасіретке толы ай. Мәселен, 86 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, зардап шеккен азаматтарымыз арамызда бар. Жыл сайын желтоқсан айында олардың санасында сол қасіретті күндер қайта жаңғыратыны белгілі. Олар қандай сезімде болады? Тіпті, Тәуелсіздік күнінің өзін тиісті деңгейде ұлықтай алмай келеміз. Бәлкім, адамдар санасындағы құлдық психологияның кері ықпалынан шығар. Салтанатты сезімде ме, әлде күйзеліске түсетін, аза тұтатын күн бе? Тағы бір маңызды жайт, көп нәрсе қоғамға, яғни, зиялы қауым өкілдеріне байланысты. Ал билік қазақтың тарихы, Алаш азаматтарының тағлымы мен мұрасы қазақтың ұлт ретінде қалыптасуының өзегі екенін ескеруі тиіс. Алаш азаматтарымен қатар XVIII-XIX ғасырдағы қазақ тарихына сұраныс жоғары. Байқасаңыздар, бүгінде ұлтты біріктіретін құндылықтар 1991 жылдан бері қарай. Мәселен, Президент күні. Рас, егемендік алған 22 жылдың ішінде қол жеткізген жетістігіміз көп шығар. Бірақ тарих дегеніміз өткенімізді білумен шектелмейді. Тарихтан рухани азық пен рух алатын алып күш, қателеспес үшін алатын сабақ және болашаққа бастайтын тың серпін бар. Алайда, осы қасиетті ұғымның қадіріне жете алмай отырмыз. Меніңше, бүған билік те, халық та жауапты. Аяғымыздан нық тұру үшін қазақтың тарихы 1991 жылдан басталмайтынын мойындауымыз керек және ұлт ретінде ұйыстыратын құндылықтарды кеңінен насихаттауымыз қажет.

Айдос Сарым: 1990 жылдардың басын­дағы Ресейдің көкейінде екі арманы бар еді: демократиялық ел болу және федералдық мемлекетті қалыптастыру. Байқасаңыз, сол екі арманы да орындалған жоқ. Қазіргі Ресей – унитарлық мемлекет. Екіншіден, авторитарлық ел. Бірақ ресейліктердің билікті ұстап отыратын үйреншікті қалыбы бар: империялық ұстаным. Тәуелсіздік алған 22 жылдың ішінде қазақ жаңа ұлт ретінде қалыптаспады. Көпшіліктің бойындағы үйреншікті жағдай – өзгеге отар болу. Өз тағдырын өзгеге тапсырып қоюға еті үйренген. Бәлкім, қазаққа тарих осы жаман әдеттен арылу үшін қажет шығар? Кейде «қазақ жалқау», «қазақта бірлік жоқ» т.б. сынның жетегінде кетеміз. Алайда, егер қазақ шынында да жалқау, ауызбіршіліксіз болса, қазіргі ұлан-ғайыр жерді қалай иемдендік? Осы кезге дейін қалай ұстап отырмыз?.. Мүмкін желтоқсанның 16-17 күндерін қыршындарды еске алатын, аза тұтатын күн ретінде белгілеп, Тәуелсіздік мерекесін 25 қазанға ауыстыру керек шығар? Менің түсінігімде Тәуелсіздіктің бастауы – желтоқсан. Іштегі ашу-ызаның буырқанып сыртқа шыққаны, демократиялық жаңғыру осы желтоқсаннан басталған. «Халықтар достастығының зертханасы», «ұлт ретінде біткен халық» секілді түрлі мазақ сөздерден жалығып, кеудені намыс керіп, империялық биліктің былығына КСРО бойынша түңғыш рет қарсы шыққан – қазақтар. Сондықтан жыл сайын желтоқсан айын қазақ ойлану, толғану, есеп беру, еске алу күні ретінде қабылдаса. Жаңа жылға санаулы уақыт қалғанда өз-өзімізге есеп беруге дағдыланғанымыз сияқты.

Өміржан Әбдіхалықұлы: 

Меніңше, желтоқсанның 16-18 аралығын Ұлт күні деп жариялау керек. 25 қазанды Тәуелсіздік күні десек. Әлемнің басқа елдерінде де Ұлт күні деген ұғым бар. Құрбандық шалу, арыстарды еске алу, аза тұту, мұның барлығы – ұлтты сақтап қалудың жолдары. Екіншіден, биліктің тарихқа деген көзқарасы о бастан белгілі болатын. Мәселен, мемлекеттің тарихын зерттеу институтын құруы. Өйткені аталған құрылым елдің тарихын 1991 жылдан бері қарай зерттеуге кірісті. Сондай-ақ, Тәуелсіздік деклорациясына қол қойылған 25 қазанды мерекелер тізімінен алып тастау арқылы адамдар санасынан өшіріп, бүкіл ұлттық мейрамды 16 желтоқсанның төңірегіне шоғырландыруға тырысуы билік басындағы кейбір шенеуніктің, мәселен, 86 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде партиялық лауазым мен мемлекеттік қызмет атқарғандардың сол оқиғаға өздерінің қатысы барлығын білдірмеу, жасыру үшін жасалған әрекет тәрізді. Тағы бір мәселе, қазақ тарихындағы жүйесіздік, тарихтың дәлелдермен, дәйектермен бір ізге түсірілмеуі. БАҚ-та жарияланған тарихқа қатысты кез келген мақаланың соңы үлкен дауға ұласады. Өз басым «Алашордаға қатысты мемлекет тарапынан қандай да бір бастама болуы керек» деген сөзіңізбен келіспеймін. Себебі, Алашорда тарихының қайта жаңғыруы азаматтық қоғам тарапынан жасалып жатқан шаралардан байқалады. Меніңше, Алаш кезеңі өзінің екінші түлеу кезеңін бастан кешіруде. Алашорданың 100 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 145 жылдық мерейтойы, Алаш идеяларының қоғамда талқыға түсуі т.б. – соның айғағы.

Айдос Сарым: Осы орайда, біз 2017 жылды Алаш жылы деп жариялап, мемлекеттік комиссия құрып, кітап шығару, фильм түсіру, ескерткіштер орнату сияқты ұйымдастыру шараларын осы кезден бастап қолға алуға қатысты көтерген едік. Алдын ала дайындалмасақ, олқылықтар мен кемшіліктер көп болмақ. Мәселен, кешегі Абылайханның тойы. Уақыты өтіп кеткеннен кейін қалай болса солай, «жетім қыздың тойындай», елеусіздеу етіп өткізе салдық. Тіпті, әншейінде үндері шыға бермейтін академик ағаларымыздың өзі Көкшетауға тойға барғанда «Шара неге Астанада, кең ауқымда өткізілмеді?» деп наразылық танытты. 

Болат Мүрсәлім: Оның себебі бар. Ресей Федерациясы 90-жылдардың басында өзін Кеңестер Одағының заңды мұрагері ретінде жариялады. Ал біз кімнің мұрагері екенімізді жарияламадық. Егемен ел болғалы 22 жыл өтті. Біз кімнің мұрагеріміз? Белгісіз... Сол себепті кейбіреулер біздің тарихымызды 1991 жылдан бастап қарастырып жүр.

Расул Жұмалы: Бар мәселе сонда ғой. Біз Абылай ханның, оның алдындағы Керей мен Жәнібектің, Түрік қағанаты, сақтар мен ғұндардың ұрпағы екенімізді ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ қазіргі тарихта осы тарихи артықшылық пен ерекшелікті тиісті деңгейде бағалаған жоқпыз, көңіл аударылған жоқ. КСРО кезінде қазақтың тарихын 1917 жылдан бастау алатындай етіп санаға сіңіруге тырысса, қазір егемендікті 1991 жылдан бастауға тырысады. Яғни, «аяғы аспаннан салбырап түскен», тарихы небары 22 жылмен шектелетін «жаңа» ұлт дегенге саяды. Бұл – жаңсақ пікір. Өйткені бұл жаңсақ ұғымның қазақ тарихына ешқандай қатысы жоқтығы өз алдына, мемлекеттігімізге, ұлттығымызға, қазақтың өзін тәуелсіз халық ретінде сезінуіне орасан зор нұқсан келтіретін нәрсе. 

«Дамуға қоғамның өзі мүдделі болуға тиіс»

Едіге Ахмет: 

Тәуелсіздігімізге жиырма екі жыл толды. Өкінішке қарай, әлі күнге Алаш арыстарына, қазақтың азаттығы жолында отаршыл империямен күрескен зиялы қауым өкілдеріне тарихи баға берілген жоқ. Меніңше, Тұңғыш президент күнін қазір емес, 50 жылдан кейін біздің болашақ ұрпақ Елбасыға алғыс ретінде тойлауды қолға алуы тиіс еді. Менің таңғалатыным, 1991 жылдың 10 желтоқсанында КСРО құрамында болған бүкіл республика басшылары (Балтық жағалауы елдерінен басқалары) Алматыда бас қосқан. Жиында олардың барлығының тәуелсіз мемлекет ретінде қабылдаған туы бар еді. Тек Қазақстан тарапынан қатысқандар ғана КСРО кезіндегі ескі туымен отырды. Тағы бір қызық, біз Тәуелсіздікпен түйедей құрдаспыз, көпішілігіміздің санамыздағы сұрақ: «Өзбек те, тәжік пен түркімен де, басқа да Тәуелсіздік күнін жазда тойлайды. Ал біз ғана қақаған қыста атап өтеміз. Неге?». Сірә, бұл мемлекеттік идеологияның ақсап тұрғанынан шығар. Осы отырыста айтылған 25 қазан мен 16 желтоқсанға қатысты ұсыныстарды қолдаймын. Қазақстан 1990 жылдың 25 қазанында қабылдаған Деклорацияны. Демек, 25 қазанды Тәуелсіздік күні ретінде, ал 16-17 желтоқсанды аза тұту, еске алу күні ретінде белгілесек.

Нәзия Жоямергенқызы: Бүгінгі әңгімеде ең жиі айтылған сөздердің бірі – «аза тұту». Аза тұту күні – ең қасіретті күн. Оны адам жан-жүрегімен, бүкіл болмысымен сезінгенде ғана түйсінеді, аза тұтады. Ал Қазақстанда шын мәніміндегі «аза тұту» ұғымы қалыптасқан ба? Желтоқсан оқиғасы кезінде қазақ қыршынынан қиылды, жарымжан болды, рухани тұрғыда өте ауыр соққы алды. ҚР Конституциясында «Мемлекеттің басты байлығы – адам» делінген. Шын мәнісінде солай ма? Басынан қайғы бұлты сейілмеген қазақтың арғы тарихын айтпай-ақ, 22 жылдық бергісін тарқатсақ, бірнеше азаматтың ажалына себеп болған тосын жайттар көп болды. Өкінішке қарай, адамдарды аза тұту шарасы кең ауқымда емес. Оның басты себебі, қоғамдық пікірдің қалыптаспауы. Кез келген мәселеде қоғамдық пікір қалыптасқан жағдайда ғана түйткілдер шешімін таппақ. Сорақысы сол, КСРО кезінде саналары құлдық бұғауында болған аға буын қорқыныш пен үрейді орта буынға «мұраға қалдырды». Қит етсе, «ойбай, үндеме!» деп азат ойлағысы келетіндердің аузын жабамыз. Сол құлдық сананы орта буын енді жас буынға күштеп таңуға тырысуда. Экономикалық тұрғыда есеміз кетуде. Айтарымыз: тағы да «Үндеме!». Кеңестік жүйе күштеп таңған құлдық санадан әлі күнге арыла алмай отырғанымыздың басты себебі – билікте Кремльдің ауанына қарай төңкерілуге мүдделі әрі бейіл шенеуніктер бар. Есеміздің өзгеде жиі кететіні де сондықтан. Өкініштісі, егемендік алғалы 22 жылдың ішінде азат ойлайтын сананы қалыптастыра алмадық. 

Расул Жұмалы: Айналып келгенде, азат сана, дербес ой дегеніміз – ой мен сананың бір бірімен бәсекеге түсуі. Кез келген мемлекет, қоғам, тіпті, жекелеген компанияда тың пікір мен тәуелсіз ой болмаса, алға басушылық жоқ. Көп нәрсе шенеуніктердің саяси ерік-жігеріне байланысты екені анық. Анекдот сияқты бір әңгіме бар ғой. Шенеунік қол астындағы қызметкерінен: «Сенің өзіндік ойың бар ма?» деп сұраса, әлгі кісі: «Әрине, бар. Бірақ мен оған үзілді-кесілді қарсымын» деп жауап берген көрінеді. Осындай деңгейдегі шенеунік міндетін атқару барысында «елге қандай пайдасы бар? Мемлекетке несімен тиімді?» дегеннен гөрі лауазымы өзінен жоғары бастығының аузын бағатыны белгілі. Яғни, жалтақ, жағымпаз, өз ойын ортаға салуға сескенеді. Әлбетте, ұлттың, халықтың жағдайын ойлайтын азаматтар баршылық билікте. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой. Өзіндік пікір жоқ, ұлтшыл және мемлекетшіл бағытты ұстанбайтын шенеуніктің қоғамға зияны көп. 

Айдос Сарым: Жалпы, қазақ қоға­мының ішінде ұлттың өткені мен бүгінін біріктіре алатындай мүмкіндіктер бар ма?

Мұхит Асанбаев: Меніңше, Отарсыз­дан­дыру министрлігін құру қажет. Сонда ғана білім, ғылым, саясат пен экономика, рухани мәселелерге басқаша көзқарас қалыптасар еді. 

Расул Жұмалы: Бәлкім солай да шығар. Бірақ бізде бір проблема туындай қалса, заң жобасын түзіп, арнайы құрылым жасақтай салу үрліске айналып кеткендей. 

Нәзия Жоямергенқызы: Қазақстанда кез келген мәселеге қатысты заң көп. Бірақ олардың орындалуы күмәнді. Төменнен жоғары қарай дамитын арнайы тетікті қарастырған жөн. Яғни, дамуға қоғамның өзі шынында мүдделі болуы тиіс. 

Мұхит Асанбаев: «Бәрін халықтың өзі шешуі тиіс» деген пікірмен келіспеймін. Әркім күнкөріс қамымен әуре. Халық тіпті, көп жағдайда демократиялық мәселелерді де шеше алмайды. Оны шешетін – зиялы қауым, шекпенді азаматтар. Сосын елдегі идеологиялық жұмыстарды реттеу керек. Идеология бар, бірақ жүйесіз. Ең маңыздысы, идеологияға қатысы бар құзырлы мекемелерде ұлтқа, халыққа шын жаны ашитын азаматтар отыруы тиіс. 

Расул Жұмалы: Бұл пікірмен толық келісемін. Мысалы, Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі. Оны жасаған ат төбеліндей ғана большевиктік топ. Төңкерісті жасағандар саны бүкіл Ресей халқының 0,07 пайызына тең. Халыққа құрметпен қараймыз. Бірақ оны алға ұмтылдыратын, бағыт-бағдар беретін – зиялылар, қоғам өміріне белсене араласатын азаматтар. 

Болат Мүрсәлім: Отарсыздандыруға қатысты мәселенің көтерілгеніне он шақты жылдың жүзі болды. Бірақ нәтиже шамалы. Кейде билік айналыспаған, билік мүдделі болмаған шаруалардың тізгінін азаматтық қоғам өзі қолға алады. Осындай игі бастамаларға мұрындық болатын азаматтар қалыптасуы қажет. Бізде ондай азаматтар әлі қалыптасқан жоқ. Айдос Сарым телеарналардың бірінде Ерлан Қаринмен әңгіме өткізді. Сол кезде Ерлан Қарин «зиялы қауымның басты міндеті – перспективаларды анықтау» деген ой айтты. Ұлттық дүниеге деген сұраныс бар қоғамда. Тек жастар емес, орта буын мен аға буын да қызығады. Билік те біртекті емес. Оны ескеру керек.

Өміржан Әбдіхалықұлы: 16 желтоқ­сан­­нан бастап бір аптаны Алашордадан бастап, аза тұту күні, Ұлт күні т.б. арнасақ. Ұлттық құндылықтар, мемлекеттік мәселелерге қатысты бастамаларды көтеріп, Қазақ қоғамында насихаттау, қозғау салу ісімен айналысса. Сосын Астанада Еуразиялық университеттің ұстаздары мен студенттерінен құрылған «Жас азамат» деген клуб бар. Сондай ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатсақ. Екіншіден, бізде құлдық психологиядан гөрі саяси үрей басым сияқты. Бізде проблеманы шешу жоқ. Кінәлілерді тауып, тезірек жауапқа тартуға асығады. 

Мұхит Асанбаев: Саяси үрей кеңестік кезеңді көрген, тоталитарлық қоғамда өмір сүрген үлкендердің бойында болуы мүмкін. Бірақ 80-90 жылдарда туғандардың бойында саяси үрей жоқ. Қазақстан Солтүстік Корея емес қой. Демократия бар. Ой еркіндігі табылады.

Расул Жұмалы: Мемлекетті, азамат­тар­ды үреймен дамыта алмайсың. Үрей дегеніміз – құлдықтың нышаны. Үрейленетін адам ешқашан азат бола алмайды. Тәуекел мен қауіп-қатерлерді ескеру шарт, әрине. Кеңестік кезеңде идеология, экономика, әлеуметтік мәселелерді кейінге шегерумен келді. «Кедей өмірді қанағат ете тұрайық, көсемдеріміз қаласа, коммунизмге жетеміз, аста төк молшылыққа кенелеміз» деп өздерін жұбататын. Осылайша 70 жыл өтті. Оның соңы не болғаны белгілі. Азаматтардың рухани, материалдық қажеттіліктері қанағаттандырылған жоқ. Енді Қазақстанға келсек. Тәуелсіздік алғалы 22 жыл өтсе де, әлі күнге отарсыздандыру, құлдық санадан арылу, қазақ тілінің мәртебесі туралы айтумен келеміз. Бұл 1-2 жылда-ақ шешімін табатын мәселе. Бастысы, кешегі күннен, тарихымыздан сабақ алу керек.

Айдос Сарым: 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Ашаршылық құрбандары, көмусіз қалған мыңдаған қандасты еске алу күнін бекіту туралы бастама көтергелі біраз уақыт өтті. Бірақ нәтижесіз. 1929 жылдың 2 желтоқсанында Мәскеуде ұжымдастыру туралы үлкен құрылтай өтті. Малды тәркілеу, бай-шонжарларды құрықтау сияқты науқаншылдық сол құрылтайдан басталды. Оның соңы Қазақ даласындағы жаппай ашаршылыққа әкеп соқты. Бәлкім Желтоқсан айындағы бір күнді шынында да Аза тұту күні ретінде белгілеген жөн шығар? Тағы бір «қызық», мемлекеттік сайттардың бірде біреуінен Егемендік туралы деклорацияны таба алмайсыз. Неге? Өйткені ол құжатта ұлттық мемлекет құру, қазақ ұлтына басымдық, қазақ тілінің мәртебесі туралы ашық айтылған.

Расул Жұмалы: Кейде «осының барлығы әдейі жасалып отырған жоқ па?» деп секемденіп қалам... Негізі КСРО-ның ресми түрде ыдырағаны 1991 жылдың 8 желтоқсаны. Беловежская пуща деген жерде Ресей, Беларусь пен Украина (КСРО-ны құрған осы үш ел) басшылары жиналып, Одақты тарқату туралы келісімге қол қойды. Ал Қазақстан 16 желтоқсанда ғана Тәуелсіздікті жарияладық. Бұл да тарихи шындық. 

Дайындаған 

Нәзия Жоямергенқызы

ҚАУАМ АД-ДИН ӘЛ-ИТҚАНИ (ИҚАНИ) ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКІСТАН

$
0
0

Шамшәдин Керім19 Желтоксан 2013, 11:59,012
ШОҚТЫҒЫ БИІК ДАРА ТҰЛҒА ПРОФЕССОР ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІНІҢ «ҚАУАМ АД-ДИН ӘЛ-ИТҚАНИ (ИҚАНИ) ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКІСТАН (1286-1357 ).ӨМІРІ МЕН МҰРАСЫ» АТТЫ ЖАҢА КІТАБЫ ТУРАЛЫ ПІКІР
Қауам ад-Дин әл-Итқанидің есімі мен еңбектері жайлы Қазақстанда айтылмай келді. Тек соңғы кезде ғана профессор Ә.Дербісәлінің мақалаларында сөз ете бастады. Одан қазақ оқырманына белгілі болғаны – әл-Итқани орта ғасырда қазақ даласынан шыққан дін ғалымдарының ішіндегі аса шоқтығы биік дара тұлға болған. Қаламынан туындаған еңбектері де ерекше көп, әрі салмақты екен. Тек қозғалмай, шаң басып жатқан.

Ғұлама хақында араб қайнарларында сақталған деректерде мол болған. Осы сенімді деректер енді-енді қазақша сөйлей бастады. Араб әлемінде әл-Итқанидің еңбектері кейінгі уақытта ғана арнайы диссертациялық зерттеу нысанасына айнала бастағанын білеміз. Сондай зерттеудің нәтижесінде оқымыстының «ат-Табиин» атты еңбегі екі том болып жарық көрді. Бірақ бұл Қауам ад-Диннің ең басты еңбегі емес, бабамыздың ең атақты жұмысы «әл-Ғаят» хақында Египеттің әз-Әзһар университетінде онға тарта диссертация қорғалғанымен, әлі толықтай зерттеліп үлгерілген жоқ. «Әш-Шамил» атты ханафилік усул фиқһ саласындағы энциклопедиялық құлаштағы аса ауқымды іргелі еңбегін Сауд Арабиясындағы ғалымдардың тиянақты түрде зерттеуге кіріскеніне әзірдің өзінде осы еңбектің қолжазбасын зерделеуге арналған оннан астам диссертацияның жазылғандығы айғақтайды, бірақ бұл бағыттағы ізденісте өз межесіне жетпеді. Әл-Итқани терең білімін, бойындағы күш-жігерін Ортаазиялық әл-Ахкаси, әл-Баздауи, әл-Марғинани сынды ғалымдардың фиһқ, усул-фиқһ бойынша жазылған шығармаларын парықтауға жұмсаған.

Біз сөз етіп отырған кітап қазіргі қазақ қоғамы үшін неге маңызды десек. Біріншіден, бұл еңбектен қазақ даласынан ислам ілімдерін дамытуға үлес қосқан көрнекті тұлғалардың болғанына нақты мәліметтермен дәлелденеді. Екіншіден, ханафи мазхабы ата жұртымызда көзсіз қабылданып қоймай, ғылыми деңгейде орныққан, оны бойға сіңіруге, қорғауға жерімізден шыққан жарқын, талантты, өткір ғалымдар болғаны дәйектеледі.Үшіншіден, еліміздің ислами ғылыми мол мирасын игерудің жаңа арналары көрсетіледі. Төртіншіден, елімізде исламтанудың шариғат, усул-фиқһ, калам іспетті ілімдерін дәстүрлі сабақтастықта дамытуға тұғыр болады. Жұмыста Итқани сынды ғұламаның өмірі, ғылыми мұрасы, еңбектері хақында жан-жақты сараланған.

Кітапты бастан-аяқ соны, бай мә­лі­меттерден құрылған жұмыс деп баға­лай­мыз. Әрине, әл-Итқани жайлы кейін де жазылатын, айқындалатын, зерттелетін жұмыс­тардың аз болмасы анық. Мәселен менің қолымда жиналған осы кітапқа енбеген деректердің өзі жаңа көлемді бірнеше кітап, диссертацияларға жүк боларлықтай деп шамалаймын. Ал Ә.Дербісәлі хазіреттің бұл кітабы Қауам ад-Дин турасында ең алғашқы, ізашар жұмыс болуымен құнды. Кітап ғылым зерттеу бола тұра жеңіл, қызғылықты оқылады.

Бұл кітап қазақ даласынан шыққан ша­риғат саласы бойынша көрнекті тұл­ғалардың бірі Қауам ад-дин әл-Ит­қанидің артында қалдырған ғылыми мұрасы үлкен болуына қарамастан ата жұртында ұзақ уақыт елеусіз қалып келген дара ғалымның атын та­нытуда профессор Ә.Дербісәлінің аянбай тер төккенін айғақтайды. Әл-Итқани туралы алғашқы көлемді жұмыс болып саналатын еңбекте оқымыстының өмірі мен шығармашылығы туралы толыққанды мәлімет келтіріліп, оның өр де өз ұстанымына беріктігі, Әбу Ханифа мазхабын жан сала қорғауы, ғы­лымға деген шексіз берілгендігі, артында қалдырған мұрасының ауқымды да, мәнді екендігі деректер негізінде баяндалған. Бұл мәліметтер өте мол әрі тың, дені тұңғыш рет айналымға қосылып отыр, олардың көпшілігі араб тілінде жазылған, шетелдік кітапханалардан жиналған. Зерттеудегі бай мағұлматтар сәтті жүйеленіп, қазақ тіліне жатық аударылған. Әсіресе, оқымыстының усул-фиһқ саласындағы «ат-Табиин» атты құнды еңбегінің бөлімдері мен тақырыптары, қияс, ижма, әл-илла, әл-истанбат, ан-наһи, әл-азима, әл-әһлия, назм, насс, әл-муғарада, әл-мумана, т.б сынды усул ұғымдар мен терминдері негізінде кеңінен ашыла көрсетілген. Әл-Итқанидің әзірге жарық көрген кітабы осы «ат-Табиин» ғана. Оқымыстының басқа еңбектері әлі қолжазба күйінде қозғаусыз жатқанын білдік. Кітап қорытындысынан Қауам ад-Дин бабамыз жайында: «әл-Итқани ислами діни мәтіндерді, әсіресе Құран мен хадис шарифті жетік білген;

Ол араб тілін терең ғылыми деңгейде игерген, әсіресе жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналық ерекшеліктерін нәзік түсінген;

Қауам ад-Диннің араб тіл білімі ілімінен, мәтіндік талдау әдістерінен терең хабары болған;

Қауам ад-Дин шариғаттағы түрлі маз­һаб­тар негіздерін жан-жақты меңгерген, ал өзі әбу Ханифа мазһабын ұстанған;

Ғалым ақида мәселелерін жетік біле тұра; Матурдия ақидалық мектебінің көзқарасынан таймаған» деген түйіндер жасалған (95-бет).

Зерттеу соңында ғалымның бірнеше қолжазбаларының түпнұсқадан алынған көшірмелерімен бірге тәржімалары ұсынылған. Кітапқа қосымша ретінде ұсынылған «Намазда рукуғқа барған және қайта тұрған кезде Әбу Ханифа мазхабы бойынша қолды көтеруге болмайтыны жайлы трактат» бірінші рет қазақ тіліне аударылып берілген, бұл еңбектің жазылу себебі де қызықты. Сирия жерінде жазылған осы трактаттың тууына байланысты оқиға араб деректерінде хатталған, осы мәліметтерді, түсініктерімен қоса біз тілге тиек етіп отырған кітаптан оқи аламыз.

Кітапта қиын да күрделі діни мә­се­лелер мен ұғымдар, атаулар, та­рихи кезең мен жазылуы ауыр есім­дердің көптігіне қарамастан көр­кем тілмен әсерлі түсіндірілген. Оқымыстының араб тіліндегі өлеңдері де қазақша тәржімаланып, түрлі су­рет­­тер бабамыздың кіндік қаны там­ған Иқан ауылының, оқымысты дәріс берген Каирдегі Сарғатмаш мед­ре­сесін әр қырынан көрсететін т.б су­реттердің ұсынылуы кітапты байыта түскен. Басылымның дизайны да көз тартатындай.

Сонымен Ә.Дербісәлінің бұл жаңа еңбегі ұзақ, көп жылдардан бергі тынымсыз ізденісінің нәтижесінде жасалған сүбелі, салмақты, бағалы зерттеу болып саналады. 

Ойларымызды тұжырымдай келгенде айтарымыз мұндай ғылыми да танымдық мәні жоғары жұмысты келешекте кітапты орыс тіліне аударып та бастырса, пайдалы болмақ.

 Шамшәдин Керім, 

 филология ғылымдарының докторы,

 профессор, Нұр-Мүбарак 

 университетінің проректоры


Кердері мәдениетінің жұмбақ сырлары

$
0
0

Кердері мәдениетінің жұмбақ сырлары

20-Желтоқсан, 2013   Атамекен   20 рет оқылды   0 пікір

Жер мен ел тарихына әлі де болса терең зерттеу жасап, оның шынайы шындығына  жете алмай жүргеніміз белгілі. Адам Атадан бергі тарихты айтпағанда, дүниені топан су қаптаған  Нұх   пайғамбардан басталатын  өмірлік өзгеріске оң бағасын  беріп, оны орын-орынына қоюда  қоғамдағы саясаттың  ықпалына беріліп,көп нәрсені  сол деңгейде ғана бағалап жүрміз. Бұл болжам жасау  сол кезге дейінгі  болған тарихқа  көзжұмбайлықпен  қарап, қиянаттық көрсету деп түсінеміз.

Жер шарының нүктедей бір бөлшегі – Арал аймағының тарихи өсу кезеңі рухани мәдениеттің кемелденуіне ұласып, дүниенің жан-жақты дамуына, адамзаттың ақыл-ойының қалыптасуына, шыңдалып өмірде болып жатқан өзгерістерге тамшыдай да болса үлес қосып, ықпал етіп жатқанын да мойындағанымыз жөн. Бұл өңірден ғұн, сақ, оғыз, қыпшақ, селжүк, түркітектес халықтардың өсіп-өркендеуіне, олардың айналаның төрт бұрышына қоныс аударып, орасан зор ауқымды өзгерістерге оң әсерін тигізгенін көреміз.
Тарихтың зырлаған дөңгелегін ешкім кейін айналдыра алмайды.Егер де солай болып жатса, тарихи өзгерістерді көзбен көріп, нақпа-нақ өзіндік өзгеріссіз, болжамсыз баға берген болар едік.
Мен осы Арал аймағындағы болған оқиғалар мен тарихи деректерге ерекше мән беріп, ол жайында жазылған, оқыған, тоқыған жайларды сын таразысынан өткізіп, салыстырып жүрген жанның бірімін. Мұндай тың тарихи деректер кездестірген сайын, бір кездерде Арал теңізі аймағында заманына сай озық идеялар мен оны тудырушы зерек жандардың болғанына шүкіршілік етіп, киелі жеріміздің құдіретіне әрқашан да бас иемін.
Жалпы осы Аралға байланысты деректер қытай, иран, араб, еуропа, моңғол, грек, ағылшын, ресей тарихы мен жылнамашыларының жазбаларында, сондай-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың еңбектерінде жиі кездеседі.
Біздің қазіргі жыл санауымызға дейін бұл өңірде талай тарихи оқиғалар өз ізін тастаған. Кешеге дейін тарихшыларымыз Кердері қаласының Арал аймағында болғанын білсе де соның орнын дәл көрсете алмай, теңіз жағалауынан түртінектеп іздеумен болды. Бұл сыр теңіз өз арнасын төмендетіп, суы қайтқаннан кейін ашылып, байырғы орналасқан жері анықталды.Сырдарияның теңізге құяр сағасынан 40-45 шақырымдай алыс, теңіз қойнауына сұғынып ішкері кіріп жатыр екен. Сол адамзатқа белгілі қаланың орны, ондағы архитектуралық сәулетті мазарлардың қалдық сынығы рухани өсуге себепші жәдігерлер екенін дәлелдеп, сол заманнан сыр шертіп, нақты мәліметтер берді. Кердері мәдениетінің жұмбақ сырларын ашты.Мұнда бір кезде тарихи шежірелер мен жырларда айтылатын Рүстем батыр патшаның болғанын, оның бойының екі метрден ұзын екені, басының үлкендігі шәугімнің аумағынан кем емес екені баяндалатын. Мазар жанындағы жерленген қабірден бойы мен басының көлемі осыған ұқсас адамның қаңқасы табылды. Қабіріне түрлі тұрмыстық бұйымдар салынып, сән-салтанатты жағдайда бірге қосып жерленгені айғақталды. Кез келген жанды бұлай жер қойнына тапсырып, жерлемейтіні белгілі.Сонда мұны қалайша Рүстем бабамыздың сүйегі емес деп айта аламыз. Бұл жағын ғалымдар әлде де зерттеп, айқындай жатар.Бірақ тарихи шындыққа жүгінсек, осы ма деген болжам бар.
Ал парсының ескіден келе жатқан тарихына ден қойсақ, Қиыр Шығыс Азия мен Еуропаның бір бөлігін, Кавказ бен араб әлемін жаулап, Орта Азияға қарай жойқын жорық жасаған парсы империясының қайсар, ақылды, батыр патшасы Кирдің пәті Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасындағы кең жазықтағы шешуші соғыста қайтып, тағдырының талқаны шығып,басы кесіліп, дария түбінде қалғанынан хабардармыз.
Ескендір Зұлқарнайын да біздің заманымызға дейінгі 328-329 жылдары Арал теңізі жағалауына жете алмай, Сырдарияның орта шенінде ауыр соққы алып, өзі қатты жараланып, жеңілмес әскері кейін шегінгені белгілі.
Сонда Ескендір бұл соғыстан былайша ой түйіпті. «Мұндай текті халықты ешкім жеңіп, басын идіре алмас. Солай болғанда да абырой да таба алмас. Сүйегін сүйретіп туған еліне де жете алмас» деп іштей қатты мұңайыпты.
Әлемге белгілі ғалымдар, жазушылар, мемлекет қайраткерлерінің өмір-тарихын зерттеп отырсаң, біріншіден, осындай биіктен даңқты болып көрінуіне, өзінің ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, таланты себепші болса, екіншіден, туып-өскен ортасы да үлкен әсер етеді. Бір кезде Арал теңізінің ұшан төріндегі су астында қалған тарихқа белгілі Кердері қаласы мен Баратакин кентінен араб әлеміне кеңінен танымал Мұхаммед бин Мұхаммед бин Абд әл-Саттар әл-Кердери, Мұхаммед бин Махмуд әл-Кердери Каһерзаде, Абду әл-Кадир бин Лұқпан Кердери, Әбу Зайд ибд әр-Рахман бин Әли әл-Кердери, Сүлейман әл-Кердери және Насрадин Мұхаммед ибн Шиһат ибн Нурсур ибн Умар ибн Ахмад әл-Хорезми әл-Баратакин, Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Шиһагибн Иусуф ибн Умар ибн Ахмед әл-Кердери әл-Баратакин сияқты ғұламалар шыққанына таңғалып, көзіміз жетіп отыр.
Бұл ғұлама ғалымдарымыз жайлы араб тілінің маманы, белгілі ғалым, профессор, филология ғылымдарының докторы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі де өзінің ғылыми еңбектерінде атап өткен.Бұлар негізінде Мысыр мен Бағдаттың жоғары оқу орындарынан терең білім алған.
Мұхаммед бин Мұхаммед бин Абд әл-Саттар әл-Кердеридің «Имам Ағзам өмірбаяны», «Қарсыластарға жауап және Әбу Ханифа мәзһабына жақтасу», «Имам әл-Ғазалиге жауап жайлы трактат» кітаптары болса, ал имамдар шамшырағына айналған Ханафит ғалымы Әбу-д-Фазд Абд ар-Рахман Мұхаммед Сирия мемлекетінің Халаб қаласының қазысы болып қызмет атқарып, «Хайарату-л фукана», «Таңғаларлық факиптер», «Шарафу-л Құдат» кітаптарын жазды. Жалпы Кердеріден ХІV-ХV ғасырларда замандастарын таңғалдырған керемет ойшыл ғалымдар шыққаны осының дәлелі.
Кердері шаһарын су басқанда оның тұрғындары теңіз бойынан ығысып Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшіп, қоныс аударып, сол жерлердің халқымен мидай араласып кетті деген мәліметтер де бар.
Жанкентті де Арал теңізі аймағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала дейді тарихи деректерде. Қала кезінде Оғыз мемлекеті мен Селжүк мемлекетінің астанасы болған. Бұл қалада әртүрлі кезеңдегі үш билеушісінің бас уәзірлік қызметін атқарған Қорқыт Ата ғұламаның өмір сүргені белгілі. Қазіргі Балқан түбегіндегі экономикасы дамыған Түрік мемлекетінің арғы атасы осы аймақтан үдере көшіп, сонда барып қоныстанған оғыздар әулетінің ұрпақтарынан тараған халықтар. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Түріктердің өздері де мойындап отыр.
Шыңғыс ханның ұрпағына жататын, төре Көшім ханның да соңғы ордасы осы Арал теңізі аймағында болды деген тарихи тұжырым дәлелденген. Қазақ хандығының ақырғы тұяғы Кенесары хан да орыс патшалығына қыр көрсетіп жүріп, осы маңды паналап, әулие Жанқожа батыр мен Бұқарбай батырдан қолдау тапқан.
Енді Тұран елінің бас әскери қолбасшысы, Самарқан мен Нұрата қалаларының әмірі, атақты Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы да Арал аймағы қамтитын аумақта дүниеге келіп, ұлт тарихын әспеттеп, артында әлемнің жеті кереметіндей қос медресе-мешіт «Ширдор» мен «Тіллә-Қари» ғимараттарын салдырып қалдырды.Түркі тектес ұлтымызды аман сақтап, қорғап қалуда ақыл-ойы мен әскери тактикасын орынды іске асырған, көреген абзалдық пірі – Айбар Ата деп мәңгілікке есімін қашап жаздырған керемет тұлға болды. Оған орнатылған ескерткіштер Қызылорда мен Арал қалаларының орталығында керемет сәулетімен көз тартады.Ұлтымыздың намыс, арындай шуақ шашып, оған деген қастерлі де қасиетті ұғымды тұғырына берік қондырып, әспеттеп ұлықтай түседі.
Жаңа заманда тәуелсіз мемлекетіміз қалыптасып жатқан кезеңде ұлттық бірлік,ұлтаралық ынтымақ түбегейлі мақсатымызға жетуде өте маңызды мәселеге айналды. Ақиқат шындық осыған келіп тірелмек. Бұл өркениетке құлаш ұрған елдің мәңгілік арманының жүзеге асқаны.
Еліміздің ұлттық тарихын жаңа әдіс-тәсілдермен зерттеу, зерделеу, осы бағытта бағдарламалар жасау – бүгінгі күннің кезек күттірмес басты міндеттерінің бірі. Осы кезге дейін бұрын жазылған тарихымызда жұмбақ нәрселер көп-ақ. Бірақ ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары бізге сабақ та, тағылым да болуы тиіс.

Бегімбай ҰЗАҚБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,
Арал ауданының Құрметті азаматы

Қызылорда облысы

Қазақ тарихындағы жылқы жылдарының шежіресі

$
0
0

Қазақ тарихындағы жылқы жылдарының шежіресі

Жылқыны әлемде тұңғыш болып қолға үйреткен халқымыз үшін Қамбар ата тұқымынан асқан қасиетті мал жоқ. Арғымақ мінезді қазақтың жылқы жылын айрықша қастерлейтіні сондықтан. Бұл жылы не болса да оған қанағатпен, тәубе-сабырмен қараған. Қазақ тарихында жылқы жылы жаугершілік кезеңнің жетістіктерімен, экономикалық реформалармен, мәдениет саласының табыстарымен есте қалыпты. Назарларыңызға тұлпар таңбалы жылы болған оқиғалардың шежіресін ұсынамыз.

1570

Қазақ хандығы жоңғарлардың бір бөлігін өзіне бағынышты етті

1582

Қазақ еліне Тәуекел Шығайұлы хан болды

1594

Қазақ хандығының ең алғашқы ресми делегациясы Мәскеуге достық келісім жасауға барды

1702

Қазақтар Ертіс бойында жоңғарларға соққы берді

1714

Қазақ әскері жоңғарлардан ауыр жеңіліске ұшырады

Орыс патшасы Петр І Ертіс бойына әскери бекіністер тұрғызуды қолға алды

1726

Үш жүздің ханы мен би-сұлтандары Ордабасыда бас қосып, жауға қарсы әскери күш біріктіріп, стратегиялық шабуыл ұйымдастырды

1738

Орынборда қазақ сұлтандарының съезі өтті

Орта жүз ханы Сәмеке Тәукеұлы қайтыс болды

Әбілқайыр хан Ресей империясына қосылу жөнінде екінші рет ант берді

1750

Абылай бастаған қазақ жасақтары қалмақтарға соққы берді

1762

Абылай хан қазақ мүддесі үшін баласын Қытайға аманат етіп қалдыруға мәжбүр болды

1774

Емельян Пугачевтің ықпалымен Кіші жүз бен Орта жүзде жаппай толқулар болып, патша бекіністеріне шабуыл жасалды

1786

Нұралы Әбілқайырұлы тақты тастап, Орынборға қашып кетті, кейін Ресей патшайымы Екатерина ІІ оны биліктен біржола аластатты

Патша өкіметі қазақтардың Еділ-Жайық бойына қоныстануына рұқсат берді

1810

Қазақ жасақтары қарақалпақтарға шабуыл жасады

1822

Қазақ жерінде хандық билікті жоюды көздейтін «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қабылданды

1846

Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес құрылды

Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы дүниеге келіп, батыр, ақын Махамбет Өтемісұлы қаза тапты

1858

Қазақтар Әулиеатада Қоқан езгісіне қарсы бас көтерді

Шоқан Уәлиханов ғылымда тұңғыш болып Қашғарияға сапар шекті

1870

Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Маңғыстау көтерілісі болды

Бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы заң қабылданып, елімізде миссионерлік ағарту жұмысы басталды

Түркі халықтары тіліндегі тұңғыш мерзімді басылым – Түркістан уәлаятының газеті жарық көрді

1894

Қазақ жерінде тұңғыш теміржол салынды

1906

Санкт‑Петербург пен Нижний Новгородта өткен Мұсылмандардың бүкілресейлік съезіне бір топ қазақ зиялысы қатысты

І Мемлекеттік Думаға Алпысбай Қалменов, Ахмет Бірімжанов пен Әлихан Бөкейханов сияқты зиялылар мүше болды

Семейде жұмысшылар ереуілі болды

1918

Қазақ елі азаматтық соғысты бастан кешіп жатты

Мұхтар Әуезов Семейде Жүсіпбек Аймауытовпен бірге «Абай» журналын шығарды

Орынбор, Петропавл және қазақ елінің басқа да қалаларын ақ гвардияшылар басып алды

Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедов Мәскеуде В.И.Ленинмен, И.В.Сталинмен кездесті

«Қазақ» және «Бірлік туы» газеттері жабылды

Омбыда өткен қазақ жастарының тұңғыш құрылтайында жастар ұйымдары «Жас азамат» қозғалысына бірікті

Жымпитыда Алашорданың батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі құрылды

Омбыда Алаш партиясының бас кеңесі қазақ азаматтарын Алашорда үкіметін қолдауға шақырып, үндеу жолдады

Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы құрылды

Павлодар, Ырғыз, Торғай, Орал мен Жетісуда Кеңес өкіметі орнады

1930

Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы шаруашылықтар «бай-кулактар мүлкі» деген желеумен жойылды

Ашаршылық болып, 300 мыңнан астам адам қырылды

Кең ауқымды индустрияландыру, жалпыға бірдей білім беру, мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу үрдістері қолға алынды

Қазақ зиялыларын саяси көзқарасы үшін «халық жауы» ретінде тұтқындау жүргізілді

Түрксіб теміржолы мен тұңғыш әуе жолы ашылды

1942

Халқымыз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарын бастан кешті, Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды

Қазақстанда латын қарпі орнына кириллица енгізілді

Қазақтың тұңғыш эпопеясы – М.Әуезовтің «Абай» романы жарыққа шықты

Жезқазған кен орындарын зерттегені үшін Қаныш Сәтбаевқа Сталиндік сыйлық берілді

1954

«Хрущев жылымығы» кезінде тарихшы Ермұхан Бекмаханов ақталып шықты

Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталып, елімізге одақтас республикалардан еңбекшілер легі қоныс аударды, ондаған өнеркәсіп нысаны пайда болды

Степлаг абақтысында мыңдаған саяси тұтқын Кеңгір көтерілісі аталған бүлікті ұйымдастырды

Елімізде қазақ мектептерінің саны қысқартыла бастады

Жезқазған қаласы тұрғызылды

1966

Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін кеңейтуді көздеген экономикалық реформа басталып, кейін сәтсіздікке ұшырады

1978

Еліміздің кеңестік дәуірдегі соңғы Конституциясы қабылданды

КСРО-ның үздік әртістерінің алғашқы үштігіне қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Роза Рымбаева енді

1990

Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды

Қазақ КСР-і Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды

Ел экономикасын нарықтық қатынастарға негіздейтін заңдар қабылданып, шет елдермен экономикалық шарттар жасалды

Алматыда «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалі жұмысын бастады

2002

Қазақстан футбол федерациясы Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (UEFA) мүше болды

Алматыда Еуразиялық медиафорум дүниеге келді

Қазақстан мен Ресей басшылары Каспийдің солтүстік бөлігінде шекараны айқындау және теңіз түбіндегі көмірсутегі шикізатын пайдалану туралы тарихи құжаттарға қол қойды

Қазақстан Юрмалада өтетін жас орындаушылардың «Новая волна» халықаралық байқауына тұңғыш рет қатысты

ЮНЕСКО-ның қаулысымен Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды

Түркістанда дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті

Астанада қаланың басты нышаны – «Бәйтерек» монументі пайда болды

Астанаға БҰҰ-ның сол кездегі бас хатшысы Кофи Аннан жұмыс сапарымен келді

Үндістан астанасындағы орталық көшелердің біріне ұлы Абайдың есімі берілді

Жылнаманы түзген Болатбек Мұхтаров

Ең алғашқы мектептер

$
0
0

Ең алғашқы мектептер қайда пайда болған?

Мектептердің шығу тарихын білесіз бе? Ол қашан пайда болды? Орта ғасырларда, Түркілердің жерінде, Ежелгі Грекияда, Римде немесе Египетте ме? Ендеше бұл сұрақтарға жауап берейік:

Адам баласы балаларын ерте кездерден-ақ  оқыта бастаған. Әрине, ол кезде ұстаздардың дипломдары немесе арнайы білімдері болмаған, бар болғаны өзі өмір сүріп жатқан тайпа дұрыс деп баға беретін ережелерді үйреткен. Осы ережелерді білудің арқасында балалар өмірлерін аман сақтап қала алған. Мысалы, кейбір тайпалардың балалары бөгде адамды көрген кезде жүресінен отыратын болған. Бұл достық қарым-қатынасты білдіреді. Келесі бір тайпалар бас киімін шешетін болған.

Айтпақшы, бұл әдет көпшілік елдерде осы күнге дейін сақталған. Кездескен кезде мұрын түйістіріп, жайылған алақынын жоғары көтеретін тайпалар да болған. Мамандардың айтуынша, қол бұлғап сәлемдесу осыдан қалған. Ал қазіргідей беттен сүйіп амандасу ол кездегі адамдар үшін жат қылық. Ересек балалар аң аулап, мерген болуға үйренсе, қыздар өсімдіктер мен жануарлардың терісінен киім тігуді үйренген. Бұдан кейін балалар қазіргідей сынақ тапсырған. Оларды отпен, ұрып-соғумен тексерген.

Сынақтан өткеннен кейін тайпаның толыққанды мүшесіне айналған. Уақыт өте келе қазіргіге ұқсас мектептер пайда бола бастаған. Алғашқы деректерге сүйенсек, ең алғаш Ежелгі Шығыста пайда болған. Шумерлер. Ертеректе жоғалып кеткен бұл тайпалар жайында тек ХІХ ғасырда ғана айтыла бастады. Шумерлер Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында өмір сүріп, тұрған жерлерінде мәдени орта қалыптастырған. Олар жер өңдеп, тігін тігу, киім тоқу, медий мен қоладан қару-жарақтар және саз балшықтан бұйымдар жасаған.

Б.з.д. 3000 жылдың өзінде жазу үлгісін қалыптастырып, алгебра ережелерін меңгеріп, кез келген саннан түбір шығара алатындай дәрежеге жеткен. «Тақтайшалар үйі» атты мектептері болған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтайшаларға жазатындықтан, мектептер дәл осылай аталған. Мектеп мүдірін «уммиа» деп атаған. Оған «аға мырзалар» көмектескен. Яғни, тәртіп пен білімге жауап беретін ұстаздар. Бүгінгі таңда шумерлік балалардың жазып қалдырған тақтайшалары табылып отыр. Осындай тақтайшалардың бірінде оқушы жазған шығармасында ұстазына алғыс айтқан. Осылайша жер бетіндегі ең алғашқы мектептер пайда болған.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенба

Сығанақ қаласының тарихы

$
0
0

Түркістан аймағындағы Сығанақ қаласының тарихы

Скачать работу 27.03.2010, 01:20
УДК 950/959: 930.26
ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Т.Н. Сериев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
е-mail: tanat 82@mail.ru

Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі Сығанақ болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қала еді. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылған. XI ғ. Ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзін “Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде жазып қалдырған. Ол сығанақ қаласын оғыз қалаларының ішінде атап өткен [1, 174 б]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж П.И.Лерх, 1906-07 ж. И.А.Костанье, 1947 ж. А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді.
1929ж. А.Ю.Якубовский “Развалины Сыганака” еңбегінде толық мағлұмат беруге тырысқан.ХХ ғасырдың 70 жылдары К.Ақышев пен К. Байпақов Сығанақ жерінде болып көптеген зерттеулер керек екенін айтты [2, 48-49б].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “мәдени мұра” бағдарламасының негізінде қазіргі таңда Сығанақ қаласының орнында археологиялық зерттеулер қолға алынуда, ашық аспан астында музей ұйымдастыруға көптеген жағдайлар жүргізіліп отыр. Түрік өркениетінің дамуына Сығанақ қаласы өзіндік үлес қосты. Ал енді сол ортағасырдағы тарихи маңызы бар Сығанақ қаласының тарихына тоқталайық. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі-шығысына баратын керуен жолдардың қиылысында орналасқан ол XIIғ. Қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір сығанақтың орнында сунақ-ата жұрты бар [3, 39 б].
1919-20 жылдары Жошы бастаған, монғолдар Сыр бойындағы қалаларды алма-кезек шабуылдап,бағындырып отырған. Сығанақ қаласы 7 күн бойы шабуылдан кейін ғана алынып, монғолдар түгелдей қырып тастаған. XIII ғасырдың 2 жартысында қала қайта жөнделе бастады. Сырдария өңіріндегі ірі саяси және экономикалық орталыққа айнала бастайды. Көптеген қоғамдық ғимараттар, мешіттер салынды. Сығанақ қаласын билеу үшін Темір XIV ғасырда көптеген әрекеттер жасайды. Бұл тұста оған Тоқтамыс хан көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысқа қолдау көрсетіп әскер беріп, Сырдарияға айдап салды [4, 16 б].
XIII-XVI ғасырлардағы Сығанақ қаласының ірі сауда орталығы ретінде халықаралық және жергілікті маңызы зор болды. Қалаға Мауереннахрдан, Қашқардан, Түркістан тағы сол сияқты қалалардан сауда керуендері келіп тұрғандықтан, мұнда тұрмыс қажеттіліктеріне керекті заттар әкелінді. XIV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Түркістан қалалары ішінде саяси-әкімшілік, сауда айырбас орталықтары ретінде ең ірі қалалардың бірі болып саналды.
XIV ғасырдың алғашқы кезінен бастап Сасыбұқаның кезінде (1309-1310) Ақ Орданың астанасы болған. Қаланы кейінен Ерзен хан (Сасыбұқаның баласы) білмейді. Ерзен хан билеген тұста Сығанақ қаласы дәуірлей бастайды. Қалада мешіт-медреселер, тұрғын үй-жайлар салғызған. Ерзен хан аса бір ақылды, дана адам еді. Ол мұсылманша өмір сүріп, діни қайрымдылық ұйымдар құрған [2, 50 б]. XV ғасып ішінде Сығанақ өзінің саяси және экономикалық маңызын жоғалтпай, Дешті қыпшақта бірін-бірі ауыстырған билеушілердің астанасы болады [5, 20 б]. 1446 жылдан бастап қала “Көшпелі өзбектер” мемлекетінің құрамына кіріп, астанасы болған. Әбілхайыр хандығы ыдырағанға дейін өзінің мәртебесін жоғалтпаған. Ибн Рузбиханның жазуы бойынша Әбілхайыр хан 1468 жылы осы Сығанақтың жанында жерленген. Оның сипаттауы бойынша, хан күмбезі өте биік және күшті безендіріліп жасалған. Бұл кесенесі зерттеушілер көк-кесене мовзолейі - Әбілхайырдың қабыры деп айтады [6, 96 б]. XV ғасырдың 20 жылдарынан бастап XVI ғасыр соңына дейін Қазақ хандығы мен мауеренахр арасында ұзаққа созылған күрестер болады. XVI ғ. Басында Сығанақ қаласы өзінің бұрынғы күш-қуатынан айырыла бастайды. Оған себеп XVI ғасырдың 2 жартысынан бастап XVI ғасырдың аяғына дейін болған ұзақ күрестер еді. Сонымен қатар, Сығанақ қаласының экономикалық құлдырауының себебі, ол – Ұлы Жібек жолы тармақтарының аймақ территориясында маңызын жоғалтуы еді. Өз кезегінде Ұлы Жібек Жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген, яғни теңіз сауда жолының шығуна дейін болған. Содан соң мұхиттық сауда жолының маңызы арта түседі [6, 203 б.]. Бұл Сығанақ қаласының экономикалық құлдырауына әкеледі.
Сығанақ қаласы басқа Сырдария бойындағы қалалар секілді суармалы егіншілікпен айналысады. Ол туралы Ибн Рузбихан өзінің еңбегінде “Егістік жерлерді суғаруға пайдаланылған арықтар Сейхуннан шығарылады”, - деп көрсетеді [5, 21 б.] Сығанақ қаласының Дешті қыпшақпен етене тығыз байланыста болуы және оның түркістан аймағымен түйіскен жерде орналасуы екі жақты этникалық байланыстардың дамуына әсер етті [5, 22 б.].
Сығанақ қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендер аймақ пен Дешті Қыпшақ арасындағы этникалық байланыстарда үлкен маңыз атқарды. Бұл қаланың қолайлы жерде орналасуы, саяси-әкімшілік, экономикалық маңызына орай билеушілер қуатты бекініске айналдырды. Оны мына оқиғалардан байқауға болады.
XV ғ. 70-90 жылдары оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін шайбани әулетімен арадағы соғыстар Керей ханнан кейін Қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511жж. билік құрған) тұсында да толастамады. Сығанақ қаласы 3 ай бойы қоршауда болады [3, 72 б.]. 1457ж. Әбілхайыр ханды қалмақтардан толық талқандаудан құтқарады.
Сығанақ қаласы Қазақ хандығы үшін үлкен әскери-стратегиялық мәнге ие болды. Дешті қыпшақ тайпалары үшін Сығанақтан айырылу жартылай тәуелсіздіктерінен айырылумен бірдей болды.
Біріншіден, Сыр бойындағы жақсы қыстаулардан айырылар еді. Шапқыншылық қаупі төніп отырады.
Үшіншіден, бүкіл аймақтағы сауда айырбас Мауеренахр билеушілерінің қолына көшкен болар еді.
Қорыта келе Сығанақ қаласы өзінің пайда болуынан бастап ірі саяси оқиғалары бастан өткізеді. Ол өзінің тарихында қаңлылардың, Қыпшақ хандығының (XI-XII ғ.) Ақ Орданың (XV) Қазақ Ордасының (XVI) астанасы болған. XV-XVI ғ. Қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси-әкімшілік орталық, әскери-тірек пункті ретінде ерекше маңызды болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеті

1. Ә.Дербісалы “Қазақ даласының жұлдыздары” Алматы 1995.
2. Қазақ тарихы //
3. “Ұлы Дала тарихы” Ч.Мусин, Х. Маданов, 1994.
4. “Қазақ хандығының тарихы” Т.Сұлтанов. 2003.
5. “Түркістан және қазақ хандығы” Б.Кәрібай А, 1999.
6. “Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан” К.Байпақов, А.Нұржанов, - А, 1992.

«АЛТЫН АДАМ» не айтады?

$
0
0

«АЛТЫН АДАМ» не айтады?

 АСТАНА. 29 қаңтар. BAQ.KZ – Есік қорғанынан табылған Алтын адамды өз қолымен аршып алғандардың бірі, белгілі археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұхамбетұлынан сол мезетті қайта бір сұрау, сосын рет-ретімен боямасыз хатқа түсіру бақыты бұйырған еді. Бұл туралы mangilikel.kz сайтында жарияланды.
 – Сіз археолог болуды бала жастан армандадыңыз ба, әлде кездейсоқ келдіңіз бе бұған?
 
– Әскерден келген соң, 1957 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетіне оқуға түстім. Бірінші маусым ойдағыдай өтті. «Этнография мен археологияның негіздері» деген пәннен менімен түйдей құрдас досым, марқұм Кеңес Нұрпейісов сабақ берді. Өзі аспирантурада оқиды екен. Емтиханнан төрт алдым. Сосын одан: «Кеңес-ау, сен төрт ай бойы Мысырды, Грек-Римді, Қос Өзенді, Парсыларды айттың, олардың ұңғыл-шұңғылына дейін баян еттің. Бірақ Қазақстан жайлы тіс жармағаның қалай? Бізде осы археология бар ма?», – дедім. «Бекен, бары бар. Бірақ менің бағдарламамда жоқ. Жүр, сені бір кісіге таныстырайын», – деп Ғылым акедемиясына ертіп келді. Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, этнография және археология институтына әкеліп, Кемал Ақышев ағамызбен таныстырды. Ол кісі менімен аз шүйіркелескен соң, мамыр айының ортасында археологиялық қазба жұмысын жүргізуге экспедицияға шығуға тиіс екенін жеткізіп, «Бізбен еріп жүргің келсе осы бастан дайындал. Емтихандарыңды ерте тапсыр» деп келте қайырды. Археология ғылымы кабинетте, кітапханада, мұрағатта емес, далада зерттеледі. Ал біз онсыз да даланың қазағымыз. Кеңестің төрт айлық лекциясынан ұққаным сол. Қызығушылығым артты. Ең бірініш экспедициям – Қапшағай су қоймасының жобасына қатысты болды. Құрылыс жүрмес бұрын сол уақыттағы заң бойынша осы жердегі ата-баба мұрасын зерттеп алу керек. Онсыз ол жерде жаңа нысан бой көтермейді. Қапшағай арнасына су толтырмас бұрын, 1958-61 жылдары сол маңда археологиялық зерттеу жүргіздік. Ол Іле археологиялық экспедициясы деп аталды. Студенттік жылдардың жаз айлары осы су қоймасының астын қопарумен өтті. Мен осылай археолог болдым. Кейбір кісілер жайында ол бала кезінен осы салаға бейім еді деп жатады ғой. Менде ондай ештеңе болған жоқ. Оқи жүріп, қызығушылығым оянды…
 
– Есік қорғанына қалай тап болдыңыз?
 
– Есік қорғанын зерттеуді ойламаған жерден бастадық. Жоғарыда айтқанымдай, Кеңес одағы кезінде кез келген құрылыс нысанын жүргізбес бұрын, ол жерге археологиялық барлау жасап, көне жәдігер-мұра бар-жоқтығы анықталатын. Біздің келісімімізсіз қандай мекеме болса да жұмыс бастай алмайды. 1963 жылдың шілде айында Есік көлі тасып, өзеннің бойындағы ауылды жайпап өте шыққан. Қанша халықтың қырылғаны белгісіз. Есік қаласының Батыс бөлігіндегі автобекет те сол тасқынның астында қалыпты. 1969 жылы жаңа автобекет салуды жоспарлап, келісілген соң, автобекеттің бас инженері А. И. Дубкарт біздің келісімді алуға келіпті. Мен ол кезде Ғылым академиясында жұмыс істеймін. Кемал аға мені шақырып алды да әлгі кісімен еріп барып, жаңа автобекеттің орнына барлау жасап келуімді тапсырды. Құрылыс түсетін жерде төрт-бес оба бар екен. Соның ең үлкеніне ертіп келді де: «Осы жерге саламыз», – деді. Мен бір аралап шықтым да, бас инженерге кіріп, ғылыми зерттеулермен қамтамасыз етуге келісім алдым. Қазбаға қажетті құрал-жабдықтар, техника мен жұмысшылар, ақшалай қаржыны олар көтеретін болды. Көп кешікпей зерттеу жұмыстарын қолға алдық. Айтбек Амандықов деген лаборант екеуміз 1969 жылдың наурыз айының аяқ шенінен зерттеуді бастап кеттік. Қосымша екі бульдозер, екі жұмысшы, басымызға шатыр, ішпек-жемекпен қамтамасыз етті. Біз алдымен қорғанның тұтас аумағын алып, соның тең жартысын қаздық. Одан түк таба алмадық. Қорған – тас пен топырақтың жай үйіндісі емес, сол кездегі архитектуралық ғимарат. Әр қорғанның өзіндік салыну әдісі, нышан-белгісі бар. Оны жіті қадағалап, ойланып қазбасаң, барлық жұмысың селге кетуі мүмкін. Екі-үш ай сонда қазба жұмыстарымен айналыстық. Бізге берген бульдозерлері қайта-қайта бұзылып, жұмысымыз өндімеді. Менің Оңтүстік Қазақстанға баратын арнайы мемлекеттік экспедициям бар. Отырарды ашу жұмыстары басталған уақыт. Соған кетуім керек. Автобекеттің директорымен келер жылға дейін осы қазба жүргізілген орынды қорғау туралы келісімін алып, өз жұмысыма кеттім. Бір жыл бойы Алтын адам бізді күтіп жатты.
 
– Бірінші жылы қазу кезінде мұнда бір ерен байлықтың барлығын білдіңіздер ме?
 
– Шамалап байқадық. Бірақ нақты бір шешімге келу қиын еді. Обалардың тектен тек тұрғызылмағаны мәлім болатын. Келер жылы наурыз айында қайта келдік. Үлкен обаның биіктігі 6 метр, табанының диаметрі 60 метр, соның дәл ортасында екі құдық болған. Орталық құдықты таптық әуелі. Түгі қалмай тоналған екен. Жылан жалағандай деп осындайды айтса керек…
 
– Сіздіңше, Обалар қай кезде тоналған болуы мүмкін?
 
– Моланы тонау, біздің болжам бойынша, І Петр кезінде өріс алса керек. Ол басқа елдерге барады, Батыс мемлекеттерінің хандары өздерінің мұражайларын көрсетеді. Таңырқап, өз елінде ондай ештеңе жоқ екеніне күйініп, келе салып: «Алтын бұйымдар мен ескі жәдігерлерді маған жіберіңдер» деп жарлық шашыпты. «Шаш ал десе, бас алатын» жандайшаптар патшаға жағу үшін ауыл-аймақты тонап, молалар мен ескерткіштерді үптеп, бәрін сәлем-сауқытпен қоса жіберіп тұрған. Мына молалар да сол кезде қазылса керек. Ірі алтын бұйымдарын патшаға, қалған мыңдаған ұсақ-түйек жәдігерлерді өздері тасыған…
– Алғашқы обадан не таптыңыздар?
– Бір ер адамның сүйегі әр жерде шашылып жатыр. Қыш ыдыстардың сынығы кезігеді аздап. Еңбегіміздің еш кеткеніне иландық, айлар бойы ештеңе таппағанымызға қапалымыз. Қайталық деп шештік. Көңілде әлдебір алаң бар. Аз ойланып тұрдым да, бульдозерге мына маңды бірер түртіп берші деп өтініш айттым. Бес-алты рет топырағын қопарып еді, бульдозер тұмсығы бір бөренеге тірелді. Біздің көзіміз жарқ ете түсті. Бөренемен бекітілген жаңа оба екенін, бұған әлі ешкімнің қолы тие қоймағанын бірден аңғардық. Бұл оба екі құдықтан сәл қиыс шетте, үлкен қорғанның бір жақ жанында жатқан екен. Сол жерде бульдозерді тоқтаттық та, екеуміз қолымызға күрегімізді алып, ақырын арши бастадық. Алдымен ағашпен қапталған обаның сыртын түгел тазалап алдық. Сонан кейін бөренелердің төбесін аштық. Іші топыраққа толып кетіпті. 2500 жыл бойы осы ағаш табыттың ішіне төбеден саулап топырақтар құйыла берген ғой. Уақыттың құдіреті деңіз, ішінде хан жатыр ма, қаған жатыр ма, оған қарамайды, бәріміздің бетімізді топырақ жабады… Обаны бөренелерді жымдастырып, ажырамастай қиюластырып бекіткен екен. Биіктігі 1,5 метр. Ең алдымен сол ағашпен қапталған табытты асықпай тазалап шықтық. Сосын мен екі күн ойландым…
 
– …?!
 
– Енді өзіңіз ойлап көріңіз, алдыңызда ешкімнің қолы тимеген, жерленген күйі қозғалмаған табыт тұр. Жай табыт емес, әлеуметтік дәрежесіне, қорғанның архитектурасына қарасаңыз, хан, қағандық мәртебеге ие адамның моласы. Бұл – белгілі. Оны ашасың ба, әлде ашпайсың ба – ерік өзіңде… Бірақ… Көңілім құлазып кетті. Өзім ашсам, жаңалық тапсам, елді аузыма қаратсам болады ғой. Бірақ оған менің әлім жете ме? Мүмкіндігім, тәжірибем, білімім қауқарлы ма? Екі күн ойланғаным сол. Жетісу археологиялық экспедициясының басшысы ұстазым Кемал Ақышев еді. Ал мен Есіктегі кіші отрядтың ғана басшысымын. Табыттың ішінде біз көрмеген кереметтің барлығын білемін. Не хабарламаймын, не өзім бастап ашпаймын. Жүрегім дауаламады. Күні кеше ғана лаборанттықтан кіші ғылыми қызметкерге көтерілген тәжірибесі аз маманмын. Кемекеңді шақырғаныммен, ол маған осы ерекше байлықты ашты деген атақты бере ме? Көңілімді түрлі ой мазалады. Ақыры, Алла маған нұрлы сәуле құйды. Жақсы ниет жеңді. Сол ісім үшін өзімді сыйлаймын. Үшінші күні барып, нақты жағдайды жеткіздім. Кемал аға бастап, арнайы топ келді. Археолог Александр Степанович, ең алғашқы көшірмесін жасаған 6 реставратор Владимир Садамсков, фотограф Олег Медведов, суретші Тамара Воробьева мен ҚазМУ студенті Әлішер Ақышев бастаған алты-жеті адамды ертіп келді. Содан кейінгі жұмысты Кемал Ақышев қолына алды. Мысалы, мен айтпадым делік. Өзім аршыдым. Оның қорытындысы былай болар еді, 25-30 беттік бір мақала жариялаймын, одан арғы іс қолымнан келмейтіні анық. Ал Кемекең болса экспедиция жетекшісі – бір, архология бөлімінің меңгерушісі – екі, одаққа белгілі сақ дәуірінің маманы – үш. Көп өтпей Шығыс Германиядан Есік қорғаны жайлы альбом шығарып, тұтас дүниені Алтын адам ғажайыбына тамсантқызды. Үш жыл еңбектеніп, қайтадан бірінші макетін жасатты. Ол менің қолымнан келер ме еді?! Үкімет пен партия ұстазым Кемекеңе атақ-құрмет көрсетті. Мен де құралақан қалғам жоқ. Алтын адамның рухы бар. Мен қазір осы қорғанның шырақшысымын.
 
– Сонымен табытты ашуды бастадыңыздар?
 
– Тақтайларды алу оңайға түскен жоқ. Табыттың ішін аса сақтықпен тазалай бастадық. Күніне он-он бес сантиметр жерді тазалаймыз. Біз шошақ тәжісінен башпайына дейін 180 сантиметр жерді 25 тәулік бойы аршыдық. Алдымен біз тәжін, бас жағын толықтай тазалап аламыз, оның археологтың күнделігіне тәптіштеп жазамыз. Тәжінің биіктігі мен жалпы пошымы қандай, ұзындығы, ені неше, түгін қалдырмай күнделікке тіземіз. Бізден соң фотограф түсіп, оны суретке түсіреді. Жалпылама нұсқада және жеке-жеке көріністерді таспалайды. Одан кейін суретші ішке кіріп, ол сызбасын сызады. Міне, дәл осылай алтын киімді адамның әрбір әшекейін, сыртқы сауытын, бас киімінен бақайшығына дейінгі бұйымдарды рет-ретімен біз тазаладық, фотограф пен суретші оны таңбалап отырды. Табанына да тақтай төсеп, ішіне киіз-мата салып, соның ішіне адамды жатқызыпты. Анықтап айта кетейін, Алтын адам десе әлдебіреулер ол ескерткіш-мүсін деп түсінетін көрінеді. Жоқ, олай емес, бұл алтын киімді адам. Қайтыс болған сақ сарбазы (обаның салыну нобайына қарасақ, бұл жай адам емес, халықтың қол бастары – патша, хан, қаған деңгейіндегі адам) алтын киімімен жерлеген. Еті ағып, тек сүйегі сол күйі ішінде қалған. Сіздердің көріп жүрген Алтын адамдарыңыз ешқандай қайта пошымдалып жасалған нұсқасы емес, біз өз қолымызбен аршып алған адамның таза көшірмесі. Біз әуелі сүйектің кеудесіндегі киімін бір-бірлеп алған соң, ішіндегі сүйегін еппенен тазалап, арқасындағы алтын киімін тағы да солай топырақтан ажыраттық. 4000-нан аса ұсақ әшекейлер Алтын адамның киіміне кетіпті. Көзбен көріп, қолмен ұстап, суретке түсірілген соң, оның жеке-жеке көшірме нұсқасын жасау қиын шаруа емес. Бүгінгі Алтын адам біз аршып алған сақ жауынгерінің нақты көшірмесі. Қазір әлдебіреулер Алтын адам тоналыпты деген қауесет тарататын көрінеді. Оның бәрі бос сөз. Алғаш бульдозердің күрегі тиген күннен бастап, Алтын адамды қазып алған күнге дейін басы-қасында жүрген менмін. Мына он саусағым әрбір алтын бұйымға тиді.
Мен осы уақытқа шейін 3000-ға жуық адамның сүйегін аршыдым. Табыттың ішіне түскен кезде күрек істетпейсің, пышақ, қалақ істетесің. Ең алдымен жамбас сүйектің үсті сезіледі. Сонан кейін бас жағының қай жақта екенін мөлшерлеп, сол жақтан бастап тазалай бастайсың. Менің қалағым алдымен Алтын адамның тәжісінің ең ұшындағы алтын арқарға тақ ете түсті. Оны жұлып алып қарамайсың. Айналасын біркелкі, баппен шұқылайсың. Ана жері, мына жерінің әр жері жылт етеді. 180 сантиметрдің тұла бойында тұнған қазына барына жүрегіміз иланды. Бір ай бойы обаға ақ таңертеңнен кіреміз. Түс әлетінде ауқаттануға шығамыз да, апыл-ғұпыл түстеніп, қайта обаға асығамыз. Бүгін қандай жаңалыққа тап келер екенбіз деп, жүрегің құрғыр дүрсіл қағады. Мойныңда зіл батпан жауапкершілік бар. Тек перғауындардың зираты тұтас күйінде аршылғаны болмаса, әлемдік деңгейде патшалардың қабірінің толықтай ашылғаны жоқ, көбі тоналған, яки ұрланған, бір жері бар болса, екінші бөлігі жоқ, яки нақты қай уақытқа, қашан, кім қазып алғаны белгісіз болып келеді. Ондай заттардың өнер заты ретінде бағасы болғанымен, ғылыми құны жоқ. Қырымда, Эрмитажда, басқа да мұражайларда тұрған заттардың тұтасқа жуығы сондай дүниелер. Бірінің тәжі, бірінің кеудесі сақталған. Ал мынаның әрбір бөлшегі өз орнында. Бұрын неге қолданылғаны белгісіз алтын әшекейлердің қайда пайдаланғаны осы Алтын адамнан кейін анықталды.
 
– Осы қазір еліміздің әр түкпірінен Алтын адам табатындар көбейіп кетті ғой?..
 
– Соның бәрін айтып жүрген – журналистер. Әйтпесе, бірде бір археолог мен екінші, үшінші Алтын адамды таптым деп айтқан емес. Алтын адам деп айту үшін мынандай шарты болуы керек, ең алдымен тоналмаған, қалай көмілді, солай табылуы абзал. Екінші, оның әлеуметтік дәрежесі хан, қаған, патша дәрежесінде болуы шарт. Ең алғаш жерленген күннен бастап, археолог қазғанға дейін ешкім тиіспеген болуы міндет. Біздің кейінгі алтын табылған обаларымыз, үшінші, төртінші деп жүрген адамдарымыз ол шартқа сәйкес келе бермейді. Оны қадірлі мекен, әйгілі зираттықтар деуге болар, бірақ дәл Алтын адам деп айту орынсыз. Мұны ұмытпаған жөн. Содан кейін ескеретін нәрсе, мәселе оба көрсе қопара беру емес, оның ғылыми-тарихи мәніне баса назар аудару керек. Атақ пен даңқ үшін жасалған істің берекесі болмайды.
 
Әңгімелескен, Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ.

Viewing all 132 articles
Browse latest View live