Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 »Тарих
Viewing all 132 articles
Browse latest View live

ҚҰНАНБАЙ МЕШІТІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

$
0
0

ҚҰНАНБАЙ МЕШІТІНІҢ ҚҰПИЯСЫ
Қаңтар 24, 2014 105 рет оқылды Өкпек жолаушының жазбалары 1 пікір

Қасиетті Қарқаралы мекенін талай ғұламалар мен ғалымдардың ізі қалған киелі орда деп жатамыз. Осы киелі мекеннің тарихын айтсақ, қаланың қақ төрінен ойып тұрып орын алған мешітті, әлбетте, айтпай кетуге болмайды. Ал, Қарқаралы мешітін айтпас бұрын, ең бірінші ауызға Құнанбай қажы Өскенбайұлының есімі түсетіні сөзсіз.

1849 жылы Қарқаралы уезіне аға сұлтан болып сайланғаннан кейін ел басқарушысына кесек қадамдар жасау керек болады. Ол қазақ халқының даму жолы неде жатқандығын жақсы түсінді. Жаңадан сайланған аға сұлтан қазақ ең алдымен неге мұқтаж деген сұрақтың жауабын білді. Осылайша Құнанбай Өскенбайұлы өзінің бұрыннан келе жатқан арманын іске асыруға кіріседі. Ең әуелі қазақ балаларының сауатын ашу мәселесін қолға алады.

Аға сұлтан болмай тұрып-ақ, нақтырақ айтсақ, 1845 жылы шекара басқармасына қазақ балаларына арнап училище ашу туралы хат жазады. Нәтижесінде құрылыс салуға рұқсат алғанымен, қос тілді қатар меңгерген білгір мұғалім табылмай, игі іс кейінге шегеріледі.

Кейінірек Қарқаралыға аға сұлтандыққа келгеннен соң, 1851 жылы медресе құрылысын қайта қолға алып, көшпелі қазақ үшін ыңғайлы болсын деген ниетпен ол Тобықты руының орталығына салынып, Ескітам аталып кетеді. Бірақ, кейінірек оқу орындарының көбеюі мен халықтың жаппай сауаттылыққа бет бұруы себепті Ескітамдағы медресе қажетсіз болып қалады. Соған қарамастан, қайраткер тұлғаның осы бір әрекетінен өз халқының болашағына деген шексіз қамқорлықты айқын аңғаруға болады. Бұл қамқорлық кейін Қарқаралыдағы қасиетті мекен – Құнанбай қажы мешітін салу ісіне ұласады.

1924 жылы тәркілеудің алғашқы кездерінде Қарқаралыға келген белсенділер: «Мұның мұнарасын құлату керек, кеңсе қыламыз!» – деп, мешітті кеңсеге лайықтауға тырысады. Әлгі белсенділер қасиетті орынның мұнарасын кім құлатады деп тұрғанда, араларынан Имаш деген кісі: «Мен құлатамын, онда тұрған не бар?» – деп, ағаш мешіттің үстіне жүгіріп шыққан кезде, қолынан балтасы ұшып кетіп, аяғы тайып құлап, сол жерде мерт болыпты. Бұл құдіретке түсіне алмаған белсенділер: «Мынау жансыз үй қараптан қарап біздің бір кісімізді өлтірді» деп, мешітті өртеп жібермекші де болған. Қасиетті үйдің есігінің алды түгелдей қоршалған тал шарбақ болған екен, соның бәрін үйіп, кіл ағаштан салынған мешіттің шығыс жақ шетінен өрт қойыпты. Сол уақытта талдың өзі ғана жанып, ал мешіттің іргесіне от дарымапты. Жай ғана сыртын қара күйе шалып, сырлап қойғандай болып қалған екен. Ызаланған белсенділер отты енді батыс жақ шетінен қойып, өртемекші болғанда, сол жерде жүрген адамдардың біреуінің көзіне жағымсыз елестер көрінсе, енді біреуінің жанарына шоқ түсіп әбден титықтатыпты деп айтып отыратын үлкендер. Сонымен қатар дінге қарсы болған Кеңес үкіметі кезінде Құнанбай қажы мешітінің айшығын атып түсіріңдер деген бұйрық та болады. Біраз кісілер айшықты нысанаға алып атқанымен, оқтары бармайды. Содан бір кісінің оғы мешіт мұнарасына дөп тиіп, айшық жерге құлап түседі. Ал, атқан кісі сол жерде доп секілді домалап, жан тапсырыпты. Естері шыққан белсенділер бастапқы ойларынан бас тартып, мешітті жауып қойып, өздері кетіп қалыпты. Ешкімді жолатпай, есік-терезесінің барлығын жаптырып тастапты. Содан 1941 жылға дейін жабық тұрған. Кейін Ұлы Отан соғысы басталған кезде соғыс зардабын тартқан бауырларымыз Украина, Белорусия, Закавказье сияқты шет мемлекеттерден келіп, осы жерді жатақхана ретінде тұрақ етіпті. Бірақ, олар бұл жерде көп тұрақтай алмаған. Бірінші күні шаршап келеді. Екінші күні аса ештеңені байқамайды. Бас-аяғы екі қонып, үшінші күні мазалары қаша бастайды. Қолдарына сөмкелерін ұстап алып, есіктің алдында үрпиісіп отырғандарын көріп: «Неге ішіне кірмейсіңдер, жатпайсыңдар? – деп сұраса: «Бұл бір мазасыз нашар үй екен, ішіне кіріп жатуға болмайды, маза бермейді, тыныштық жоқ!» – деп реніштерін білдіріпті. 1991 жылға дейін бұл жер әр түрлі қоймалар қызметін де атқарыпты. Одан соң кітапхана, кейін Пионерлер үйі болады. Үлкендердің айтуынша, мешіт қойма болып тұрған кездің өзінде тұрғындар талай тылсымның куәсі болған екен. Кешкілік күллі қойманың ішін тап-тұйнақтай етіп жинап, таңертеңгісін келсе, реттеп кеткен күріш, қарақұмық сияқты көптеген дәнді-дақылдар бір-біріне араласып, қаптардың орындары қозғалып, бейберекет шашылып жататын да жайттар жиі қайталанады. Басында бұл бейберекетсіздікті күзетшілерден көрген. Содан қаншама сенімді адамдар келіп, түнімен күзетеді. Алайда, ешкім ештеңені ұрламайды, тек таңертең барлығы бір-бірімен араласып, қойманың іші ыбырсып шашылып жатады. Кейіннен мұндай жағдай мешіт кітапхана болып тұрған уақытта да қайталанады. Іргедегі сөрелерге реттестіріп жинап кеткен кітаптар таңертең келсе, ортада үйіліп жататын көрінеді. Сондай-ақ, қасиетті орын Пионерлер үйіне айналғанда да, кешкісін қалдырып кеткен барабан, горн сияқты саз аспаптары түнімен сырнай тартып, күзетшілердің зәрелерін алыпты. Ақырында билік басындағылар мешітті жауып тынады…

Назерке ЖҰМАБАЙ,

Астана – Қарағанды – Қарқаралы – Астана.


Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтар

$
0
0

Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтар

VI ғасырда Еділ, Дон, Днепр, Қаратеңіз, Азов теңізінің жағалауында қазіргі Орыс даласында кімдер мекендеген деген сұраққа Л.Гумилев: «Неправильно считать «славянской рекой» Дон IX в. на верхнем Дону в это время обитали «чики» (авт. шектілер) - этнос отнюдь не славянский, познее слившийся с хоперскими казаками, а между Донцом и славянским Днепром жили савиры* до XVII в.» (Л. Гумилев, «Древняя Русь и Великая степь», Москва -2004 г., стр.13 8) .
Савиры* (Сабиры, Субары, Сувары) көшпелі тайпа, Шығыстан Хундармен бірге батыс Сибирге келген, Чуваштар мен Қазан татарларының арғы аталары. VI ғасырдан белгілі.
Ю.Г.Мизун: «Тюркский каганат был создан в VI веке. Он простирался от Алтая до Крыма. Он одержал военную победу над Ираном и Византией. В состав Тюркского каганата входили и татары. В исторических источниках упоминаются племенные объединения « Девять татар» (Тугыз татар) и «Тридцать татар» (Утыз татар). У тюрков был руническая письменность еще до начала нашей эры. В период Тюркских каганатов она была распространена от Поволжья до Средней Азии и Кавказа, от Алтая до Днепра и Дуная. Тюрки верили в единое божество Небо (Тангре)» деп жазады. («Ханы и Князья», Москва-2005 г., стр.65,66).
Әлкей Марғұлан: «Қыпшақтардың ертеде Дон, Қара теңіз бойларын қоныс қылғаны халық әдебиетінде де кездеседі. Бұл туралы «Қыз Жібек» жырында былай деген:
Кіші жүздің ішінде
Жағалбайлы* елі бар.
Жағалбайлы мекені –
Ақ теңіздей көлі бар.
Жаз жайлауын сұрасаң,
Қара теңіз жағасы,
Ұлан, Шамбал белі бар...
Ал, Ақ теңізді қазіргі Азов теңізі... Олай болса, «Қыз Жібек*» жырының өзі де сол ескі қыпшақ (XII ғ.) дәуірінде шыққан жыр болуға тиіс» деп жазады. (Шығармалары, III том, Алматы 2007 ж., 295, 296)
Жағалбайлы* - Кіші жүз, жетіру, «Қыз Жібек*» - Кіші жүз, шекті руынан, яғни кіші жүз тайпалары Дон, Қаратеңіз жағалауларында тұрғанын білеміз.
Біздің жыл санаумызға дейін жазу, сызуы бар, Тәңірге (құдайға) сенген, жүздеген қалалар салған, өркенниеттің, мәдениеттің көшбасшысы болған, көшпелілерді «жабайы» деп атауға бола ма?
Дүние жүзіне белгілі саясаткер Генри Киссенжер: «Казахстан является колыбелью цивлизации» деп бекерден-бекерге айтпаған болу керек.
Л.Гумилев, Г.Мизунның жазғанын, ары қарай дәлелдей түскендей, француз тарихшысы К. д‘ Оссон былай деп жазады: «Кипчаки были кочевые турки и около двух столетий занимали местности, принадлежавшие ренее хазарам. Их страна, состоявшая из безграничных степей, лежала к северу от Черного моря, Кавказских гор и Каспийского моря и простиралась от устья Дуная да устья Яика. С запада на восток их соседями были Византийская империя, венгры, русские, булгары, канглы*. Русским они были известны под именем половцев, что означает жителей полей; венграми, румынам – под именем куманов, оно сохранилось в названии Кубан, которым обозначают часть прежней страны кипчаков, расположенную к северу от Черного моря и к востоку от Азовского.
Россия тогда простиралась на восток лишь до реки Оки и была разделена на несколько государств, государи которых вели свое происхождение от Рюрика Варяги, или Росса, в девятом веке (IX) объединившим под своей державой различные славянских народы, жившие к северу и востоку от Днепра и известные впоследствии под общим именем русских. Преемники Рюрика делили свои владения между своими сыновьями; эти небольшие княжества однако же зависели от общего сюзерена, носившего титул великого князя. Киев в течение нескольких веков был столицей этого великого княжества. С 1169 г. (XII) последний имел резиденцию во Владимире; но его вассалы едва признавали его власть. Эти князья были заняты беспрестанными междуусобными войнами с целью захвата земель друг друга, и пользуясь этими усобицами, венгры, поляки, литовцы, финны нападали на русские границы с запада и севера, между тем как более еще страшные враги – кипчаки, делали частые набеги в пределы южной Руси, грабили, опустошали ее и уводили тысячи плеников в свои степи» (К. д‘Оссон, «От Чингисхана до Тамерлана», Алматы-1996г., стр.165,166)
Канглы* - С.А.Толстов: «это этноним как переоформление этнонима кангар (кенгерес) в результате ассимиляции части печенежских племен кыпчакской конфедерацией» - деп жазады. Канглы = Кангар = Кенгерес = Печенек = Баджанак = Чики = Чеклы= Чигирин қазіргі кіші жүз құрамындағы, алты ата Әлімнің ішіндегі, шекті тайпасының әр ғасырларда түрліше аталуы. М.Тынышбаев: «один подродов алима – чекты (или чеклы) деп жазады.
М.Аханжанов: «Половецким полем называлась территория безлесных равнин к северу от Предкавказья (от Волги до Днепра) и далее к западу в XI – середине XIII в.в. русских источниках начале II тыс. н.э. Кыпчаки у мусульманских авторов, команы в западноевропейских хрониках, половцы у русских летописцев - все эти разноименные этнические обозначения имели отношение к одному и тому же народу.
Наиболее полные сведения дает византийский император и историк Константин Багрянородный. В своем сочинении «Об управлении государством» он писал: «печенеги первоначально имели место жительство на реке Атила, а также на реке Гейхе (Урал), имея соседями хазар и так называемых узов (гузов). Пятьдесят лет тому назад узы, войдя в сношение с хазарами и вступив в войну с печенегами, одержали верх, изгнали их из собственной страны и ее заняли до сего дня так называемые узы» Трактат был написан около 948 г., поэтому события, когда печенеги передвинулись на запад и распространились вплоть до северо-восточной части Балканского полуострова, произошло до 898 г. О том, что в этой борьбе на стороне печенегов находились башкиры, сообщает ал – Масуди. Баджанак – это вариант имени печенегов»-,деп жазады. («Кыпчаки в историй средневекового Казахстана», Алматы-1999 г., стр.14,157,15 8)
Әбілғазы «Түрік шежіресінде» түрік ұрпақтарының мекендеген жері жайында: «Оғыз ханға жау болған орыс, олақ, мажар, башқыр елдеріне жіберді. Қыпшақ үш жүз жыл Дон мен Еділ атты екі үлкен өзеннің жағасында патшалық етті. Барша қыпшақ елі соның нәсілінен шықты. Оғыз ханның заманынан Шыңғыс ханың заманына дейін Дон, Еділ Жайық аталатын бұл үш судың жағасында қыпшақтан өзге ел жоқ еді. Ол жерде қыпшақтар төрт мың жылдай отырды, сондықтан ол жер Дешті қыпшақ (қыпшақ даласы) деп аталды» деп жазады. (Алматы 2006 ж., 24 бет).
М. Тынышпаев: « Что восточнее г. Орла на р. Неруч одна гора в XIII веке называлась «Казакской» (о русских казаках тогда не было и помину). Вблизи этих гор, в ямах по русским преданиям, обитал легендарный Кудеяр*, который как показывает само слова, во всяком случае не было русским. Что до прихода монголов из тюркских народностей ближе других к древней Руси жили (в нынешних Полтавской, Харьковской, Екатеринославской и других губерниях) западные печенеги, торки, берендеи; значит, местности с названиями подродов киргизского (авт. қазақты 1936 жылға дейін қырғыз –қайсақ деп атаған) рода алчын, Кавказская гора, Касогова, Казаклия были жилищами западных печенегов, торков, берендеев и других мелких тюркских родов, известных у русских под общим именем половцев» деп, Н. Карамзиның жазғанына сүйеніп жазады. («История Казахского народа», Алматы, 2002 г., стр. 112).
Кудеяр* - Кіші жүз бірлестігіндегі Алшын шежіресіндегі «Қыдуар тентектен» → Алқожа → Кәдірқожа → Қаракесек → Байсары, Әлім, Шөмен тарайды. (Т. Үсенбаев «Алшын шежіресі», Қызылорда 2003 ж., 24,25 бет) Осындағы Кудеяр = Қыдуар тентек болуы да мүмкін. Себебі шектілер X ғасырда Дон, Днепр өзендерінің бойында тұрған.
Тағы бір дерек, Қыдуар жайында Әнес Сарай «Ноғайлы» атты кітабында: «1508 жылы Сейдектен (Сейідахметтен) Мәскеуге Кудоар есімді елшінің келгеніне куә боламыз. Ал оның шежірелік Құдиар, алшын Әлім желісінде Алау батырдан кейін екінші әйгілі тұлға болу мүмкіндігі өте жоғары. Құдиар Ноғайлы биі Сейдектің жанында болып, 1508 – 1538 жылдар аралығында 30 жыл үзбей елшілік қызмет атқарған» деп жазады. ( Алматы, 2009 ж., 222 бет) Ә.Сарайдың жазған Құдиары XVI ғасырдың басында өмір сүрген. М.Тынышбаевтың жазуы бойынша, Кудеяр (Қыдуар) XIII ғасырда өмір сүрсе, Алшындар оның ішінде шектілер Дон, Днепр өзендерінің бойында тұрғанын ескерсек, Алшын шежіресіндегі Қыдуар тентек осы болуы мүмкін.
Қайрат Закирьянов: «Ресей Федерациясындағы Дон, Кубань, Берш, Кеть өзендері мен Қазақстандағы Тобыл, Есіл өзендерінің атауынан пайда болуы еш күмән туғызбайды. Қазіргі таңда қазақтың Кіші жүздегі Әлімұлы, Байұлы және Жетіру тайпаларының ішінде Тана, Құба-Қыпшақ, Беріш, Кете, Тобыл, Есіл рулары бар. Тама руының атымен Тамань түбегі аталса, арғын ішіндегі Алтай руының аты Алтай тауына беріліп, кавказдық Албания деп аталған Азербайжан, қазақтың Тана руының атымен аталған Азов теңізі мен Азов қаласы, қазақтың шеркеш руындағы атауға ұқсас Черкасск және Новочеркасск атты орыс қалаларын атауға болады» деп жазады. («Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы», 161 бет).
«В XV – XVI вв., в нижнем течении реки начинает зарождать Донское казачество. В 1570 г. оно получила перевенство среди других казачьих образовании – по старшинству» деп интернетте жазады. Бұл уақыттар Иван III, баласы Иван IV (Грозный) заманы, яғный XV ғасырға дейін түркі тайпалары өмір сүрген, кейін олардың бірігуіне байлансты Дон казактары деп атаған.
Шоқан Уәлиханов «Қазақ шежіресінде»: «Константин Багрянародный түрік елін пацинактар (печенегтер) – Атиль (Еділ), Гейк (Жайық) және (Танайс) Дон өзендері бойындағы ежелгі тұрғындар тіпті сол пацинактар, қыпшақтар, уздар (оғыздар) туыстас, бір тектес, византиялықтарға VII ғасырдан-ақ мәлім, ал көптеген оқымыстыларға куман атауымен белгілі қыпшақтар болса, 1078 жылдан бергі жазба деректерде кездеседі» - деп жазады. (Ш. Уалиханов, «Таңдамалы», Алматы -1985 ж., 109 бет)
XIII – XIV ғасырда Бату хан (государство Батуидов) және балалары Алтын Орданы басқарып отырғанда, Қыпшақ даласы (Дашт – и Кипчак) Еділ /Волга/ өзенінен бастап Дон, Днепр, Ақ су (оңтүстік Буг), Днестр өзендерінің аралығында, Азов, Қаратеңіздің солтүстік жағалауында болған. ( Р.Ю.Почекав «Цари ордынские» Карта 3, стр. 80,81).
«То есть кыпчаки, народ тюркского происхождения, населявший южнорусские Степи в XI –XV вв. Византийские авторы, а также авторы, писавшие на латынском языке, называют кыпчаков команами. В русских летописях он называются половцами» (Плано Карпини, комментарии к главе 3, стр. 21).
Венгрия түркологі Ю.Немет: «Название моего родного города Карцаг оно куманского происхождения. Куманы, убегая от монголов, пришли в 1239 году в Венгрию и поселились главным образом на территории Большой Венгерской низменности: одно часть – между Тиссой и Дунаем (Малая Кумания), другая – на противоположной стороне Тиссы (Большая Кумания). Что название местности Карцаг исходит от имени лица, которое мы фактически находим в наших древних письменных памятниках» деп жазады. (АН Каз. ССР. Инст. Языкознания, «Исследования по тюркологии», «Два кипчакских географических названия в Венгрии», Алма –Ата 1969 г., стр.26,27).
Әлкей Марғұлан: ««Көндігер – Құбан жұрты» дейді. Құбан – европа әдебиетінде айтылатын күнбатыс қыпшақ тайпаларының бір аты (Құбан, Құман) Құбан орысша айтылатын «Половцы» сөзіне дәл келеді (Сұрғылт, құба).
Қазақтың шежіресі бойынша «Көндігер» - Сырдариядан күнбатысқа не оңтүстікке ауып кеткен тайпаларға берілген ат» деп жазады. («Ежелгі жыр, аңыздар», Алматы 1985 ж., 201 бет).
Ю.Немет Құба қыпшақтардың XII ғасырда батысқа Венгрияға қоныс аударғанын жазып отыр. Ал IV ғасырда Еділ (Атила) патшамен барған түркілерді «Көндігер» елі, Араб халифатының қол астында қарағандарды, Халифа оларды «Көндігердің ауыр қолы» деп атаған.
Ә.Қоңыратбаев: «Кавказ жеріндегі алан, балқар, абхаз, черкес, қарашай, Кавказ татарлары, шешен, адыгей, құмық (қимақ) елдерінің түркі тектес екенін айтпай кету қиын. Бұлар Алтынордаға қараған еді» деп жазады. (Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев, «Көне мәдениет жазбалары», Алматы 1991 ж., 143 бет)
Л.Гумилев: «Евразийский континент объединялся три раза. Сначала его объеднил древние тюрки, создавшие каганат, который охватывал земли от Желтого моря до Черного. На смену тюркам пришли из Сибири монголы. Затем, после периода полного распада и дезинтеграции, инициативу взяла на себя Россия. Она выступила, таким образом, «наследницей» Тюркского каганата и Монгольского улуса..» деп жазады.
Өзге де көптеген тарихшылардың кітаптарынан мысалдар келтіруге болар еді, осы авторлардың еңбектерін сараласақ, сак, скиф заманнан бері (авт. мүмкін, одан да арғы ғасырларда), кейін моңғол шапқыншылығы кезінде Волга, Дон, Днепр, Днестр өзендерінің бойын, Азов, Қаратеңіз жағалауын, Кавказ жері XII ғасырға дейін Дешт – и - Қыпшақ (Кыпчакская степь) даласы деп аталған. Осы жерлерде түркі тайпаларының қонысы болған. Жоғарғыдағы авторлар кітаптарын, орта ғасырдағы араб, парсы, батыс тарихшыларының еңбегіне сүйеніп жазған.

BAQ.KZ ақпараттық порталы

Әлібек САБЫРБАЕВ http://baq.kz/kk/material/424

Дубек Шалғынбаев туралы не білеміз?

$
0
0

Шәуешекте өткен Дубек Шалғынбаев туралы не білеміз?

Биыл, яғни, 2012 жылы белгілі қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Дубек Шалғынбаевтің өмірден озғанына 65 жыл толды. Халқының ардақты ұлы тек 27 жас жасап өмірден озды. Осы за ғана ғұмырында қазақ руханияты үшін елеулі еңбектер атқарған Д.Шалғынбаев 1920 жылы қазіргі ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Шынжаң иниституты қытай тілі факультетіне түскен тұңғыш қазақ студенті болған. Дубек Шалғынбаев өмірі Шығыс Түркістан сынды саяси-географиялық маңызы өте зор аумақтың аумалы-төкпелі кезеңіне тура келеді. Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына баруы тегін емес десек, ал, Шәуешек қаласы – Тарбағатай аймағының орталығы болып есептеледі.

«Дубек Шалғынбаев не жұмыстарды атқарған?» деген заңды сұрақ туындаса керек. Шынжаң өлкесінің төрағасы Ахметжан Қасыми «Жас саяси қайраткер» деп бағалаған жас талап Шалғынбаев аз ғана ғұмырында мерзімді басылымдар ашып, қазақтың аңыз-ертегілерін қытай тіліне аударып арнайы кітап етіп баспадан шығарған. Қазақ өнері мен мәдениетін жалпыға нәсихаттау мен зерттеу жолында екі рет түрмеге түсіп, ауыр қинауларды басынан өткізген. Үш бірдей қоғамдық режимның тай-таласып тұрған тарихи кезеңінде туған халқының басына төнген ауыр халды көтеріп, өзі бас болып театр қойып, әр түрлі басылымдар ашып, лекциялар ұйымдастырып, халық арасына білім шуағын төккен. Д.Шалғынбаев қытайдағы қазақ тілінің өлшемге түсуі мен жазба әдебиет теориясының негізгі жүйесін жасаушылардың бірі ретінде аталады. «Ертарғын», «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр» сияқты халық арасында кеңінен таралған батырлық-ғашықтық жырларды сахнаға бейімдеп, театр мәдениетінің қалыптасуына да үлкен үлес қосқан.

Шалғынбаев өмірі мен атқарған қоғамдық жұмыстары Алаш идеясының Шығыс Түркістанда заңды жалғасын тапқан ұлт жолындағы күрестер екенін де айта кету керек. Бүгінгі күнде Дукең мұраларының көзіндей боп Шәуешек қаласында Дубек ансамбльі құрылып, Дубек Шалғынбаев атына көше беріліп, әлеуметтік іс-басқармасы жұмыс жүргізіп отырса, Дубек шағын ауданы құрылған. Д.Шалғынбаевтың рухани мұрасы әлі күнге толық зерттеліп, ашылған жоқ. Бәтіш Ақынқызы «Дубек» атты тарихи деректемесі «Қытай Ұлттары» баспасынан жарық көрсе, Оразбек Әбділұлының «Дубек» атты романы 2004 жылы «Шынжаң халық» баспасынан қалың оқырманға жол тартты. Ал, қазақ еліндегі оқырманға Дубек Шалғынбаев есімі тек Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың қатарында аталып қана БАҚ беттерінде жарияланып жүр. Шалғынбаев есімі тек қытайдағы қандас бауырлар арасында ғана емес, қазақ елдігі мен егемендігі жолында өмірін арнаған арыстармен тең аталуға тиіс.

Мейіржан Әуелханұлы

ақпарат minber.kz сайтынан алынған

ҚАЗАҚ — КИІЗ ҮЙЛІ АРБАЛЫЛАР ДЕГЕН СӨЗ

$
0
0

ҚАЗАҚ — КИІЗ ҮЙЛІ АРБАЛЫЛАР ДЕГЕН СӨЗ

24-Ақпан, 2014 |

Тарихи зерттеулерде этнонимдердің этимологиясы яғни этностар мен ұлыстардың атауларының шығу тегінің түп төркіні күрделі зерттеулердің бірі. Алайда, шешілмейтін де мәселелер жоқ емес. Әрбір зерттеуші өз уәждерін айтса да, ортақ пікір әлі де жоқ. Оған үзілді-кесілді жауап бере алатындай тарихи деректердің аздығы кедергі болып тұр. Қазақ сөзінің төркіні жайында көптеген болжамдар, пікірлер бар. Қазірге дейін белгілі болған VI-IX ғасырлардың көне түрік тілді ескерткіштерінде «қыпшақ», «алаш», «қазақ» деген сөздер кездеспейді. Демек бұл атаулар одан кейінгі заманда пайда болды деген сөз.

Осы орайда көне түрік этностар атауларының этимологиялық зерттеулері де кенжелеп қалғанын айту керек. Мысалы, zGU> oquz //oγuz oq «оқ» + uz «+ұз» сөзі «оқ, тайпалар». Көне түрік тайпалардың көпшілігі санмен аталды: тоғыз (zGUzxUT), сегіз (zGUzKs), үш (zGUCu) оғыз, қырықұ > қырқыз (zQRik), он-оқ (xNU), он ұйғұр (RGJU NU), отыз татар (RTTzTU) және т.б. Политоним Türük Eli> түрүк Елі «törü +к>төрү +к «төре заңды ел, төрелік билікті ел» деген мағыналы сөз қытайша «туцзю», «дулуга», көне моңғолша — türük> түрэг деп хатталынды. Осы тақырып кең әрі күрделі болғандықтан қысқаша ғана атап отырмыз.

Қытай деректерінде жалпы көшпелі түріктерді «гаочэ, гаогюй, гаоцзюй» — «биік арбалылар», теле, тили, дили — «арбалылар» делінген. Көне түірк тілінде tegrek> тегрек, tegre> тегре — айналу, дөңгелену, tegire> тегіре — дөңгелек, tegirmen> тегірмен — дөңгелекті диірмен. Бұл атау көне моңоғл тілінде terge// tergen > тэргэн //тэрэг «арба, дөңгелекті күйме арба» тұлғасында сақталынған [i] , ал қазақ тілінде «терек», «терте //тәрте» және т.б. сөздерді ерекше атауға болады (Сурет-1).

Көне түрік дәуірінде (b>eb еб) биік дөңгелекті арба tergeк кеңінен қолданылды. Бұл дәстүр тіпті XV ғасырға дейін жалғасып сабақтасты деп айтуға болады. Ортағасырларды көшпелілерде арба, биік арба, күйме арба секілді екі, төрт дөңгелекті өгід, жылқы, түйеге жеккен алуан түрлі арбалардың болғандығы жайында (Плано Карпини, Г.Рубрук және т.б. [ii]) саяхатшылардың еңбектерінде мол деректер жазылған.

Осыған мәселелерге байланысты біз «қазақ» атауының түп-төркінін qas+aq> // (qaz+γaq?>) каз+ах деген құрамында түсіндірмекшіміз. Оның семантикасы «арбалы көшпелілер» дегенге саяды. Қазақ сөзінің төркіні жайында көптеген болжамдар, пікірлер бар. Қазірге дейін белгілі болған VII-IX ғасырлардың көне түрік тілді ескерткіштерінде «қазақ», «алаш» деген сөздер кездеспейді. Демек бұл атаулар одан кейінгі заманда пайда болды деген сөз. Ескі моңғол жазба деректерінде, мысалы XIII ғасырдың туындысы «Моңғолдың құпия шежіресінде» «qasaq //qasgaq tergen>қасақ//қасғақ терген» - темір құрсаулы үлкен арба («қазақ күймесі»?) деген мағыналы атау кездеседі. Біздің пікірімізше «қаз+ақ» сөзінің түп-төркіні осында болуы әбден ықтимал. Көшпелілерде киіз тиеген үлкен арбалар болды. Көне түрік дәуірінде «теле» деген этноним де осы атаудың « киіз үйлі арба» дегеннің байырғы нұсқасы. Басқаша айтқанда «терген, терме, терим, терме алаша, терте» деген қазіргі түрік тілдеріндегі сөздер төркіндес, мағынасы желілес деген сөз. Сонымен қоса «қаңлы», «қыпшақ» деген атаулар да «киіз үйлі арбалы» деген сөздердің баламалары.

Қазіргі қазақ тілінде «дөңгелек, домалақ, шеңбер, арба, дөңгелекті арба, шығыршықты арба » деген ортақ семантикалы qas- // qaz- түбір морфемадан «қасаға, қасаба, қазан, қазық, қосақ, құдық, қасық» [iii] және т,б, сөздер сақталынған. Қазақ сөзінің ілкі нұсқасы «қас» деген сөз. Ол ағаштан жасалынған дөңгелекті байланыстырып тұратын төрт ағаштың атауы. «Қас таңба» деп те соны атайды. Бұған ұқсас ортақ мағыналы қасаға - «арба доңғалығының темірі, ошақтың қазан тұратын шеңбері» (ҚТС-Алматы, 1999. -385 б.), «қас» ( ердің алдыңғы және артық басы, арба дөңгелегінің темір құрсаулары), «қаз+ан» (киіз үйдің темір қазаны) (qasγaq // qazγan > // qazaq> казах [iv] ), «қос+ақ» (өгізді қосақтап жегіген «күрке» үйлі арба), «қаз+ық» (ат және т.б. байлайтын қазық) деген сөздер де байланысты болмақ. Демек қазақ деп біз киіз үй артқан арбаларымызды атағанбыз. Сондықтан болар өзге көрші жұрттың барлығы бізді «қазақтар» яғни «киіз үйлі арбалықтар» деп атады. Біз де өзімізді солай атадық. Ал «Алаш» сөзі «қазақ» сөзімен бірге айтылады-да, оның мағынасы да бірдей. Сонымен «Алаш» дегеніміз киіз үйлі арбаның бір түрінің атауы. Сол себептен киіз үйлі арбалы «көшпелі» түрік тектес этностар бір шаңырақтың астына бірігіп «қыпшақ, қаңлы, қазақ, алаш» болды.

Напил БАЗЫЛХАН

Қырым татарлары кімдер?

$
0
0

Қырым татарлары кімдер?

Қырым татарлары — түркі тілдес ұлттар қатарына кіреді. Қырым хандығы кезінде Қырым түбегін (қазіргі Украина құрамына кіреді) мекендеген байырғы халық. Қазіргі уақытта, қырым татарлары Украинадан бөлек Болгария, Румыния, Түркия мен қазақ елінде тұрады. Ол халық Сталин режимі кезінде Қырымнан Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстан мен Оралға күштеп жер аударылған-тын. Ал 1957 жылға дейін оларды тіптен жеке халық ретінде атауға тыйым салынған еді. Тек өткен ғасырдың 1990-шы жылдары ғана 200 мыңдай Қырым татарлары атамекеніне қайтып оралған екен. Қырым татарлары өнер, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетіне өте бай халық. Қырым татарларының ұлттық музыкасы мен тұрмыс-тіршілігі қыпшаққа ұқсас болып келеді.

Осы орайда, бүгінгі Украинаның оңтүстігінде орналасқан Қырымның бізге қандай ұқсастығы бар деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. Ең алдымен Қырым деген сөздің өзі түркі тілінде «таулы қырат» деген мағынаны білдіретіндігі. Одан бөлек Қырымда түркі тілінде айтылатын жер-су атауларының жиі кездесетіндігі. Нақтырақ айтқанда, Аюдаг, Карадаг, Чатырдаг, Коктебел, Узунлар, Джанкой, Салгир, Карасубазар, Биюк Карасу, Ески Крым, Саки мен Бақшасарайдың мағынасы біз үшін түсінікті. Қырымдықтар айтып жүрген “яйла” деген сөз қазақ тілінде “жайлау” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі Қырымда негізінен қырым татарлары, қырымшақ, қарайым, украиндар, орыстар мен ноғайлар тұрады. Солардың ішінде ноғайлар қазаққа тілі мен менталитеті жағынан өте ұқсас болып келетіні белгілі. Қазақ пен ноғай тілдерінде өзіндік диалектілері болмаса, айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ноғайлар түркі тобының қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа қазақ, қарақалпақ, балқар, қарашай кірсе, ал қырым татарлары мен қарайымдар түркі тобының оғыз тармағына кіреді. Ноғайлар негізінен Қырымның солтүстік далалы аймақтарын мекен етсе, ал қырым татарлары орталық және оңтүстік жағалауларын жайлаған. Украинаның статистикалық мәліметтерінде ноғайларды қырым татарлары халқының этникалық тобына жатқызады. Себебі, ноғайлар аз халық болмағандықтан туысқан қырым татарларына сіңіп кеткен. Қырым татарлары үш этникалық топқа бөлінеді: далалы қырымда – ноғайлар, орталық таулы қырымда – таттар, ал оңтүстік жағалауда – ялыбойлылар. Міне сол халықтар кезінде Қырым хандығы күшейіп тұрған шағында Киевке бақылау жүргізіп, кей мәселелер бойынша Мәскеуді де өзіне тәуелді еткен.

Берекет БАҚЫТЖАНҰЛЫ, тарих ғылымының докторы, профессор:

–Бүгінгі Мәскеудің Мәскеу болып қалыптасуына басқа басқа байырғы қырымдықтардың еңбегі көбірек сіңді деп айтсақ артық айтқандық емес. Олай дейтінім, Қырым хандығын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Қажыгерей басқарған тұста өзінің дербес әскері жасақталып, билік құрылымы толықтай қалыптасып үлгерген болатын. Қырым хандығы Алтын Орда мемлекеті құрамында болған уақытта төңірегіндегі халықтарға саяси, әскері, әлеуметтік-экономикалық жағынан ықпалы өте күшті болған. Ол кезде іргедегі Киевті айтпағанда, Мәскеудің өзі Қырым хандығына Сібір, Литва және Шығыс Еуропаның кейбір мемлекеттерімен дипломатиялық, һәм сауда-саттық жасауда тәуелді де болды. Кейін Алтын Орда мемлекетін басқарып тұрғандар арасында билікке таласу басталғанда Қырым хандығы біртіндеп әлсірей бастайды. Жылдар бойы Қырымның оңтүстік-шығысындағы Севастополь секілді ірі сауда-саттық порттарын пайдаланған орыстар экономикалық жағынан күшейіп алады да, Қырым жеріне еніп, 1782-1783-ші жылдары түріктер мен арада болған соғыста жеңіске жетеді. Орыстар сол жеңістен кейін Қырымды бақылауға алған. Қырымдықтарға ең ауыр соққы болып тигені - Сталиннің 1944 жылы оларды туған жерлерінен жер аударып жіберуі болды.

Кезінде айбарлы мемлекет болған Ноғай ордасы Қазақстанның батысы, Еділ мен Жайық өзендері және Азов теңізі аралығын жайлағанын біреу білсе біреу білмейді. Қазақ пен ноғайдың туысқан халық екені туралы Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде талай мәрте жазған. Қазақтың ортағасырлық әдебиетінде ноғайлы дәуірінің жырлары да бар. Мәселен, Едіге, Қырымның қырық батыры, Ер Тарғын мен Қобыланды жырлары екі халыққа да ортақ болып есептеледі. Сондықтан бұл екі халықты бөле-жарып қарауға негіз де жоқ. Себебі, қазақпен қатар ноғайда да арғын, қыпшақ, қоңырат, алшын, тама, табын, керей мен жалайыр руы бар. Доспамбет, Асан қайғы, Қазтуған, Сыпыра мен Мұрын жыраулар да екі халыққа ортақ тұлға екені белгілі. Бірақ кейіннен қазақ пен ноғайдың бөлінгендігін айғақтайтын сөздер “Ел айырылған” атты эпостық жырда шумақ-шумақ болып келтірілген. “Қазақтың қызын қырымға, ұлын ұрымға” деген нақыл сөз осыдан қалса керек.

Өз заманында Қазтуған жырау "қайран менің Еділім" – деп еңіреп өтсе, ал Доспанбет жырау "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп жырлаған. Тарихшы-ғалымдар сол Доспанбеттің де, Қазтуғанның да жырында кездесетін «Еділ» сөзі бүгінгі Қырымды меңзегенін айтуда. Олай деуге себеп те жоқ емес. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы бола жүріп, Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқаны тарихтан белгілі. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Доспамбет жыраудың осы өлең жолдары ертеректе М.Османовтың “Ноғай уа құмық шығырлары” жинағында, кейін В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” шығармасына арқау болған.

Географ-ғалым Ементай Аманжоловтың айтуынша, Қырымның топонимикасында да түркі тіліндегі атаулар жиі кездеседі екен. Соның ішінде түркітілдес халықтардың этнонимдері, ру-тайпалар атаулары жиі ұшырасады. Қырым даласында улу аргын – ұлы арғын, Джага кыпчак – Жаға Қыпшақ, конграт – қоңырат, джалаир – жалайыр, Ени Найман – Жаңа Найман, Бешуйли – Бесүйлі, Алач – Алаш, Дулат – Дулат, үйшун – үйсін, кошай – қосай, орманчи – орманшы, табун – табын, кирей – керей, алчин – алшын, қамбар – қамбар, абаклы – абақ, ачамайлы – ашамайлы, джанай – жанай, мин – мың, кушчи – көші дегенді білдірсе керек. Бұл этнонимдер елді-мекен, көл, жер-су атауларында да кездеседі. Бұл аталған ру атаулары Қырым татарлары, ноғай тілдерінің ыңғайына орай өзгеріске ұшыраған. Моңғол шапқыншылығы кезінде Қырымға ноғайлардың құрамында қыпшақ, арғын, тағы басқа тайпаларының топтары қоныстанған. Сол атаулар бұрмаланып, өзгеріске ұшыраса да, осы күнге дейін жеткені айдан анық. Сонымен қатар түркі тіліндегі Балклава – Балықлаба, Дениз – Теңіз, Эчкидаг – Ешкітау, Чатырдаг – Шатыртау, Карадаг – Қаратау, Ұзунлар – Ұзындар, Бешуй – Бесүй, Биюккарасу – Биік қарасу, Демирджи – Темірші, Кучук карасу – Күшік Қарасу, Кырк – Қырық, Коктебел – Көктебел, Караулоба – Қарауыл оба, Карасу базар – Қарасубазар. Салгир – Салғыр, Дегирмен – Диірмен, Мойнак – Мойнак, Бахчи элибақша елі, Джанкой – Жан қой, Булганак – Бұлғанақ, Казантип – Қазантүп, Чокурча-Шұқырша шұқыр, Уйшунь – Үйсін, Акташ – Ақтас, Акяр – Ақжар, Атбаш – Атбас, Тобечик – Төбешік, Ачи – Ащы, Терекли – Теректі сынды атаулар жиі ұшырасады. Қырым тарихындағы халқымызға байланысты деректер топонимикалық атаулар әлі толық зерттелмеген екен.

Шоқан Уәлиханов қазақ тарихында екі туысқан орда – қазақ пен ноғай бір халық болып күн кешкен кез қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман еді деп те баға берген екен. Қырымдағы қазақтар саны шамамен екі мыңдай. Одан бөлек Қырымдаға жалпы халықтың 52 пайызын орыстар құраса, 25 пайызын украиндар, ал 12 пайыз қырым татарларының үлесінде.

«Алаш айнасы»

Автор: Дәурен Құдайберген

Мақалаға қатысты пікірлер:
ҚАНАТ ТӨРЕБАЕВ (03.03.2014 23:40)
Ноғай т!л!н!ң қазақ т!л!нен айырмашылығы тым аз!Ноғай т!л!-қазақ т!л!н)ң диалект!с! десе де, болады! Сосын ,музыкалық аспап-домбыра әлемдег! ұлттар !ш!нде, тек қазақ пен ноғайда ғана бар!Ноғай сазгер! Сұлтанбек *Домыра* ән!н шығарып , бүк!л түрк! әлем!н тамсандырып тастады! Т!пт!, түр!ктерд!ң б!р партиясы ол әнд! өздер!н!ң ән-ұраны ет!п алғанын б!лем!з! Б!здер-қазақтар қандас ноғай халқына рухани қолдау жасауымыз қажет! Олардың т"лдер!нен, салт-дәстүр!нен айырылып қалмауы үш!н- тығыз қарым-қатынас орнатқанымыз абзал!

Әлен хан мен Хадиша ханша - Көкадай тұқымы

$
0
0

Ерлі-зайыпты екеу

5.03.2014 Басты мақалалар0 пікір

Әлен Жеңісханұлы – Шыңжаң қазақтарының, соның ішінде Алтай қазақтарының тарихындағы айтулы тұлға. Оның кім екенін білу үшін сөзді арғы ата-бабасынан бастаған жөн. Арғы атасы – атақты Әбілпейіз хан. Әбілпейіздің 8 ұлы болған дейді. Соның бірі Көгедайдан Әленге дейінгі ұрпақ және билік жалғастырғандар: Көгедай Әбілпейізұлы (1785-1823), Ажы (Әділғазы) Көгедайұлы (1823-186 8) , Қасымхан Ажыұлы (1868-1890), Жеңісхан Қасымханұлы (1890-1912), Әлен Жеңісханұлы (1889-1961). Әлен Алтай қазақтарының ағарту тарихындағы бірегей тұлға саналатын Шәріпхан Көгедаевтың бір әке, бөлек шешеден туған ағасы.

Жеңісханның ұсынысымен 1913 жылы бас князьдік орын­ға Әлен отырды. Ол сол жы­лы 23 жаста еді. Цинхай төң­ке­рісінен соң Қытай респуб­лика болып жарияланып, жаңа үкімет құрылды. Жаңа үкіметтің тұңғыш құрылтайына Алтай қазақтарына жаңа үкімет сыйлаған шен мен оның күміс таңбасы, мансап киімі Әленге тиіп, қазақтарға қайта берілген бірден-бір уаңдық (князьдік) ол жақтағы жұртты ерекше серпілтеді. Бұған алақайлап қуанған Алтай қазақтары 1915 жылы Саршоқы жайлауында он екі қанат ақ орданы ат үстінде жүріп тігіп, ұлан-асыр той жасайды. Содан бастап Саршоқы «Әлен уаң шоқысы» деп аталып кетеді.

Жеңісханның бес ұлы жас­тайынан медреседен білім алып, діни тәліммен қоса есеп, тарих пәндерін де оқи­ды. Медреседе ұлты татар Ақшорин молда мен Біләл хазірет сабақ береді. Біләл қазақ тіліне қоса орыс, араб тілдеріне жетік болған адам деседі. Жастайынан өте талапты болып өскен Әлен әкесі Жеңісханның хатшысы Әбетайдың қасында көмекші бола жүріп, көп нәрсе үйренеді. Ұлының осы қасиетін ұнатқан Жеңісхан кейін келе жоғарыда айтқанымыздай, оны өз орнына ұсынады.

Әлен билік басына отыр­ған кез Алтай тарихының алма­ғайып кезеңі еді. 1912 жылы Моңғолия Жыпсын Данба Ман-Цин империясынан қол үзіп, тәуелсіздік жариялаған соң, 1913 жылы біраз әскерімен Алтайға басып кіреді. Бірақ Іле генерал-губернаторы 10 батальон әскер шығарып, олардың бетін қай­тарады. Кейін Пекин үкіметі Алтай аймағын Цин империясы тұсындағы мәртебесін қайтарып Шыңжаң өлкесінің құрамына біріктірді.

Арада көп өтпей, 1921 жыл­дың көкте­мінде Алтайды Ре­сей­ден келген генерал-лейтенант А.С.Бакич бастаған ақтар қолы басып алды. Алтай аймағының Үрім­жіден тағайындалған өкілі Чжоу Усуэ өз-өзін мерт етеді. Осын­дай қысылтаяң уақытта Әлен мен Қанапия секілді ел ағалары А.С.Бакичпен бетпе-бет отырып сөйлесіп, олар талап еткен ат-көлік, азық-түлікті мүмкіндігінше тауып беріп, тезірек кетіп қалуға көндіреді. Әлен мен Қанапияның ақыл, парасаты Бакичтің асу бекімей тұрып Алтай тауынан асып Моңғолияға өтуіне жол ашады. Осыдан соң Шыңжаң өлкесінің басшысы Ян Цзэнсин Әлен мен Қанапияны шақырып, шекаралы аймақты қорғаудағы ерлігі үшін мәртебесі биік атақ беріп, айлық жалақысын жоғары дәрежелілер қатарына жеткізеді. Сондай-ақ Әленге Тарбағатай аймағының Мұзтаудан Ал­тай жайлауындағы Ақтауға дейінгі аралықтағы Кеңес Одағымен шектесетін желісін күзетуді міндеттейді. Ол үшін 300 әскердің қару-жа­рағы мен ат-азығын берді. Әлен Жеңісханұлы Алтайға қайтып келген соң, Назарбек Дәмежанұлын командирлікке ұсынып, бекіттіріп алады. 1933 жылы Ма деген дүнген қосындары Цинхай, Гансу және Шыңжаңды біріктіріп, Қытайда мұсылман мемлекетін құрамыз деген желеумен Алтай аймағын басып алды. Осы кезде Әлен інісі Шәріпхан Көгедаевпен бірігіп, дүнген қолына батыл қарсы тұрып, оларды сол жылдың күзінде Алтайдан қуып шығады. Сөйтіп, елін де, жерін де қорғап қалады.

1933 жылы Шыңжаңдағы билік басына келген Шэн Шицай Әленнің інісі Шәріпханды Алтай аймағының басшысы әрі шекара гарнизонының қолбасшысы етіп белгіледі. Шәріпхан билік басына шығы­сымен, Кеңес Ода­ғындағы қуғын-сүргіннен бой тасалап барған Әбдікерім Ережепұлы секілді алашшыл азаматтардың көмегімен Алтайдың оқу-ағарту және мәдени істерін дамытуға бел шеше кіріседі. Жаңаша мектептер ашып, Кеңес Одағынан баспа машинасын кіргізіп, қазақ тілінде газет-журнал шығарады. Жаңа үкімет жағдайында Әлен інісі Шәріпханның қызметін батыл қолдап, өз қаражатына Жеме­ней ауданының Тосты деген жерінде алты бөлмелі мектеп салдырып, қазақ балаларының жаңаша білім алуына жағдай жасайды. Осы тұста Алаштың оқыған азаматтарының Қытай қазақтарының арасына барып паналауы Шэн Шицай мен Кеңес Одағының ондағы қазақтарға деген күдігін күшейтеді. Тұтас ұлт өкілдерін «Жапон импе­риализміне берілген», ал Шә­ріпханды «Алтай аймағын Шыңжаңнан бөліп әкетпекші» деп кінәлайды. Қазақтар арасында жаппай қару жинау науқанын бастады. Осы кезде Әлен де сенімсіздер қатарына ілініп, 1939 жылы қыркүйек айында Үрімжіде өткен «үш ұлт құрылтайына» өкіл ретінде шақырылып, бірден түрмеге тоғытылады. Содан 1944 жылы Шэн Шицай ішкеріге кетіп, Шыңжаңда Гоминьдан билігі орнағаннан кейін түрмеден босап шығады. Бұл кезде оның отбасы да Үрімжі түрмесінде қамауда болатын. Ал інісі Шәріпхан 1940 жылы Шэн Шицай жен­деттері тарапынан азаптап өлтірілген еді.

Гоминьданшылдар 1945 жылы нау­рыз айында Әленді Алтайдың орынбасар бас­шылығына және Оспан батыр бастаған көтерілісшілерге үгіт-насихат айтушылар қатарында Сарсүмбеге жіберді. Бұл кезде жағдай шынымен қиын еді. Құлжада Шығыс Түркістан үкіметі құрылып, Гоминьданға қарсы 30 мың ұлттық әскер жасақ­талып қойған болатын. Оның үстіне Оспан батыр, Дәлелхан Сүгірбаев бастаған қару­лы күштер Алтайдың Көктоғай, Шіңгіл аудан­дарын басып алып, енді аймақ ор­та­лығы Сарсүмбені алуға дайындалып жатқан.

Әлен Алтайға орынбасар басшы болып келгенімен, мандытып еш қызмет істей алмады. Өйткені, Гоминьданшылдар аудан орталықтарында ғана қалып, тұрғылықты қазақтар тұтастай көтерісшілер жағына өтіп кеткен еді. Құлжадан келе жатқан ұлттық әскер бөлімдері мен Өр Алтайдағы Оспан қолы Сарсүмбеге жақындап қалған кезде Гоминьдан үкіметі Әлен мен орынбасар басшының бірі Жанымханды ұшақпен Үрімжіге қайтарып алып, Әленді өлкелік құрылыс де­пар­таменті бастығының орынбасары етіп тағайындайды. Бірақ Әлен ден­саулық жағдайын сылтауратып бұл қызметтен бас тартады. Бұдан кейін Әленнің саяси қызметін оның әйелі Қадиша ханым жалғастыра­­ды. Кеңес Одағының көмегімен Қытай әскері Шыңжаңға кірер қарсаңында, Әлен Гоминь­­­­­­­дан­шылдардың Бұрхан Шаһиди бастаған бейбіт берілушілер тобында Үрімжіде қалып қояды.

Коммунистік Қытай үкіметі орнағаннан кейін, Әлен Шыңжаң-ұйғыр автономия­лы өлкелік саяси мәслихат кеңесінің тұрақты мүшесі, халық үкіметінің кеңесшісі деген лауазым беріліп, аймақ басшысы дәрежесінде мәміле жасалды. Ай сайын 280 юань еңбекақы беріліп тұрды. Бұл оған көрсетілген үлкен құрмет еді. 1961 жылы Әлен өмірден озған соң, оның еңбекақысы тоқтатылмай, әйелі Қадиша ханымға беріліп отырды.

Әдетте Әлен туралы сөз бол­ғанда, оның құдай қосқан қо­сағы Қадиша Мамырбек­қызы туралы айтпай ке­­­ту мүмкін емес. Әлен екеуі 1910 жылы некеге тұрған.

Алда айтқанымыздай, Гоминьдан үкіметі Әленді Алтай­ға орынбасар басшы етіп жі­бергенде Қадишаны да Үрімжі аймағына қарасты қазақтарға үгіт-насихат айтуға аттандырады. Сол сапарында ол азып-тозған қазақтарға пана болып, талай адамға қолдан келген көмегін жасайды. Қытай ұлықтары мен байлары түрлі жолдармен, ішкі есебімен жиып-теріп келген қазақ балаларын ақыл, айласын тең ұстап отбасына қайтарып отырады. 1945 жылы Гоминьдан «Вэйсин» ас өнімдер компаниясын қайта құрғанда, Қадиша ханым директорлар кеңесінің мүшелігіне белгіленіп, артынан директорлар кеңесінің орынбасары, бас алқалығына тағайындалады. 1946 жылы Гоминьданның Шыңжаң өлкелік партия комитетінің бюро мүшелігіне сайланады. 1946 жылы 8 мау­сымда Гоминьдан үкіметі Үрім­жі аймағының басшысы, қосымша бас штабқа қолбасшы болып тағайындалады. 1946 жылы шілдеде Шыңжаң өлкелік коалициялық үкі­мет құрылғаннан кейін, қа­раша айында Нанкинде өткен Гоминьдан үкіметінің ұлы құрылтайына шақырту алып, Шыңжаң өкілі ретінде елдің жаңа конституциясын талқылауға қатысады. Бас-аяғы 40 күнге созылған құрылтайда ел президенті Чан Кайши мен әйелі Сун Мэйлин қазақ қызы Қадишаны (Қадуанды) екі рет қабылдайды. Сонымен қатар, Қадиша Сун Мэйлин басқаратын әйелдер мәселесі жөніндегі конференцияда Шыңжаң әйелдері атынан баян­дама жасайды.

1947 жылы ақпанда Шы­ғыс Түркістан үкіметін қол­­даушылар Үрімжіде мә­жіліс ашып, Қадишаны бас­шы­лықтан алып тастауды талап етеді. Бірақ 1948 жылы Үрім­жіде өткен халықтық сайлауда Қадиша аймақ басшысы және генерал-майор шенімен ай­мақты қорғау гарнизонының бас қолбасшысы болып та­ғай­ындалады. Ол жаңа үкімет құрылғаннан кейін де, 1951 жылдың соңына дейін Үрімжі аймағының басшысы қызметін жалғастырады. Бірақ бір кездері Қытайда орын алған маоистік асыра сілтеушілік кезінде Гоминьданға қызмет еткені оған үлкен айып болып тағылады. Саяси қу­ғын-сүргінге және елдегі бас­сыз­дыққа шыдамаған Қадиша 1963 жылы жүрек талмасынан қайтыс болады. Олардың кіндігінен Дәлелхан, Закихан, Меллатхан және Ба­тухан деген ұлдары өсіп, өнді.

Қорытып айтқанда, Әлен Цинхай төңкерісінен кейін қытай қазақтары арасында аса үлкен қайраткер деп танылып, халқына адал қызмет етсе, әйелі Қадиша Гоминьдан үкіметінің жаңа конституциясын жасауға қазақ халқы атынан қатысқан жалғыз бір өкіл және қазақ әйелдерінен шыққан бірінші басшы, бірінші генерал-майор ретінде тарихта қалды. Екеуі де бастарына қандай күн туса да, қиын-қыстау кездерде де қазағына қолдан келген қайырын аямады. Бүгінгі ұрпақ еске алуға татитын шетелдегі қазақ диаспорасынан шыққан бірегей тұлғалар еді деуге әбден болады.

Тұрсынхан ЗӘКЕНҰЛЫ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

* Ортада тұрған Қадиша Мамырбекқызы.

* Әлен Жеңісханұлы.

Алпамыс батыр

$
0
0

Алпамыс батыр

11 Наурыз 2014, 19:59 318 3

Алпамыс эпосы кімдікі?

АСТАНА. 11 наурыз. BAQ.KZ – Біздің заманымыздан бұрынғы 110-50 жылдары шүршіттермен соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен Алпамыс батырдың өмірде болған адам екенін ғалымдардың бәрі мойындайды. Зерттеушілердің жазуынша, Алпамыс батыр туралы эпостың сюжеті түркі халықтары арасында кең тараған. Онда Түрік қағандығы дәуірінен (5-7 ғасырлар) бастап, қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына дейінгі күресі көрініс тапқан. Татар, башқұрт халықтарында бұл тақырып ертегі түрінде айтылса, қазақ, қарақалпақ, өзбек халықтарында оның көркем поэзиялық нұсқалары өте көп кездеседі. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы М. Әуезов, С. Сейфуллин, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Т. Смирнова, Т. Сыдықов сияқты зерттеушілер арнайы еңбектер жазды.

Түп негіздерінің пайда болғанына 1200-1300 жыл болатын «Алпамыс батыр» жыры ел арасында ертеден айтылып келе жатқанымен, алғаш рет баспадан 1899 жылы басылып шыққан көрінеді. Одан кейін қазан төңкерісіне дейін 7 рет қайта басылған бұл эпоста Алпамыстың қазақ халқының құрамындағы Қоңырат тайпасының өкілі екендігі айқын жазылған. Осыған қарамастан Алпамыс батыр эпосын әлі күнге дейін кейбір түркі халықтары өз туындысы деп санайды. Мәселен Өзбекстан мен Қарақалпақ қаламгерлері жырдың негізінде пьесса, қазақ композиторы Е. Рахмадиев опера (либреттосын К. Кенжетаев) жазды. Ал мектеп оқулықтары мен түрлі деңгейдегі хрестоматиялық кітаптарда құрастырушылар оны өз елінің ұлттық әдеби мұрасы ретінде таныстыруда. Сондықтан бұл бағытта зерттеушілердің өзара бас қосып, пікір алмасатын ортақ алаңын құруға жасалған талпыныстар нәтижесіз аяқталуда. Бұл энциклопедиялық жинақтарда да өз көрінісін табуда. Соның бірі 10 000 cұрақ пен жауаптан тұратын Мәскеудегі «Рипол Классик» баспасынан 2002 жылы толықтырылып екінші рет қайта жарық көрген «Что, где и когда?» блиц-энциклопедиясы. Ирина Комарова мен Елена Борадычеваның бұл еңбегінде «Қарақалпақ халықтық эпосы қалай аталады?» деп аталатын 250-сұрақтың жауабы «Алпамыш» деп көрсетілген. Оның алдындағы «Қырғыз ұлттық эпосы қалай аталады?» деп аталатын 249-сауалға «Манас» деген жуап көрсетілген.

Жалпы бұл энциклопедияда әдебиетке қатысты 1000 мың сұрақтың ішінде қазақ халқының қандай да қайраткері мен олардың әдеби туындылары және олардың кейіпкерлеріне қатысты бірде-бір сөз жоқ. Фольклорының байлығымен мақтанатын қазақ халқының әдеби мұрасын жинақтауға соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қомақты қаржы жұмсалып, түпнұсқалар жинақталып 100 томдық «Бабалар сөзі» жарық көрген болатын. Алайда оны өзге тілдерге аудару және әлемдік ғылыми айналымға енгізу мәселесі әлі өз шешімін таба алмай келе жатқан сияқты. Алпамыс батырға енді Қызылордада еңселі ескерткіш те қойылмақ. Әйтсе де Алпамыстың өзге ұлт пен ұлыстарға қарағанда қазаққа көбірек жақындығын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп, оған барлық жұртшылықтың көзін жеткізуге әлі де жеткілікті деңгейде мән берілмей келе жатыр. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты сияқты құзырлы мекемелердің әлеуеті мен мүмкіндігі әлі де толық пайдаланылмай отыр. Ұлттық әдебиеттің байлығын паш ете алатын мұндай бірегей туындыларды елдің абыройын асқақтатып, әлемге әйгілі етуге пайдалана алмай келе жатқанымыз Мәдениет министрлігі басшыларының қызметіне сын болуы тиіс. Бірқатар зерттеушілер, «Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі деп санайды. Алайда бұл пайымдауды дәлелдеп, ғылыми тұрғыдан бүкіл ғалымдарды мойындату да болашақтың еншісінде қалып отыр.

Автор: Ерлік Ержанұлы, журналист.
Алаш айнасы

Пікірді қалдыру

Әмір
11 Наурыз 2014, 20:51
Жиделі Байсын деген Алпамыс жырындағы жер атауы қазіргі Өзбекстанның Қашқадария облысында бар, және ол жердің жергілікті халқы өзбектеніп кеткен қарақалпақтар. Олардың сөйлеу тілінен(Диалектінен), халық фольклорынан анық білініп тұрады. Соған қарап қазіргі қарақалпақтар Алпамысты өздерінікі санайды. Эпостың сюжеті, кейіпкерлері, мазмұны өзбек халқының әдет-ғұрыпына, салт дәстүріне сәйкес келмесе де, Өзбектер иеленіп отыр. Алпамыстың қазіргі қазақ пен қарақалпақ халқының этникалық құрамына кіретін Қоңырат руынан екенін ескерсек әлі қазақ, қарақалпақ болып бөлініп қалыптаспастан бұрынғы ортақ батырымыз сияқты. Бүкіл түркі жұртына ортақ тұлға. Менікі, сенікі дейтін емес, бәріміздікі. Бірігудің орнына, бөлінгеніміз дұрыс емес.

Жауап жазу

Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
11 Наурыз 2014, 21:26
Алпамыс батыр қазақтікі. Оны көп болып қолға алуымыз керек. Өзбек менікі десе, оған құп дей алмаймыз. Жиделібайсын деген жер Сурхандарияда бар. Ол Байсун деп аталады. Ол жақтағы адамдар түйе мініп, киіз үйде тұрады. Қазақ болуы да мүмкін. Сөздері де юіхге келеді, өзбекке көп ұқсамайды.

Жауап жазу

Темір
11 Наурыз 2014, 22:14
жалпы орыстар қазаққа қатысты мәліметтерді не көрсетпейді, не бұрып көрсетеді!

Меркі – орта ғасыр өркениеті

$
0
0

Меркі – орта ғасыр өркениеті

13-Наурыз, 2014 Сахара шаһарлары 38 рет оқылды 0 пікір

Қазақ сахарасы.
Не көрмеген бұл ұлы дала… Талай оқиғаға, талай тарихқа куә. Кешегі дәуірлерде осы далада сән-салтанаты келіскен шырайлы шаһарлар көз тартып тұрған дегенге кім сенер…
Бүгін сол қалалардың орнын кұм басқан. Уақыт желі ескі шаһарларды жермен-жексен еткен.
Археологтар шаһарлар орнын қазғанда, таңғажайып мәдениет қазыналарына тап болып жүр. Байырғы шеберлердің ісмерлігін көрсететін өнер түрі – сәулет өнері. Шеберлер алтын, күмістен неше алуан бұйымдар шығара білген.
Сахара шаһарлары дана бабаларымыз соңдарына қалдырған айшықты белгі. Тарих сыры. Олай болса өткенге үңілу, ежелгі дәуір сырына қанығу – өсетін елдің ұрпағына парыз.

Газетіміздің осы санынан бастап «Сахара шаһарлары» атты жаңа айдар ашуды жөн көрдік. Бұл айдар бойынша оқырман қауымға ұсынылатын мақалаларда қазақ даласында көне замандарда бой көтерген шаһарлар туралы мағлұматтар мен қызықты деректер ұсынылады.

Тянь-Шанның (Тәңір таудың) батыс жағындағы бір жотасы – Қырғыз Алатауы баурайында сан ғасырдан бері Ұлы Жібек жолының күретамырында Меркі қаласы тұр. Қала Меркі шатқалының құзар биігіндегі мұзарт таудан бастау алатын өзен жағасына салынған. VI-VIII ғасырларда қазіргі Меркі орнында көпестер мен қолөнершілер тұрған қала қалыптасып, ал оның айналасында шаруалар арпа-бидай егіп, бау-бақша, жүзімдіктер өсірген. Қала айналасында мал бағушы көшпелілердің көктемде жылқы мен қой табындарын таулы жайлауға айдап, ал күзде Балқаштың құмдақ даласына, Мойынқұмдағы қыстауға түсетін жолдары өткен. Олардың өмірі осылай жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға ұласып, жалғаса берген. Әуеліде олар сақтар, үйсіндер, ғұндар, ал кейін түркілер, түргештер, қарлұқтар, қыпшақтар, қазақтар аталған.

Оңтүстік-батыс Жетісу аймағында жетісулық деп аталатын андрондық мәдениеттің ерекше түрі өмір сүрді. Елді мекендердің көпшілігі өзен жағасында немесе биік тау мен оның баурайындағы бастаулар мен бұлақтар жанында орналасты және олардың маңында ғибадатханалар, жартас суреттері мен мазарлар болды. Қола дәуірінде кен қазу, оны балқыту маңызды рөл атқарды. Мыс қоры бар жерлерде кен қазылып, қасында қола балқытылып, одан балта, орақ, түрлі әшекейлер, сүңгі мен садақ ұштары жасалды. Қыш шеберханаларында құмыралар жасалды. Меркі маңынан қола балталар, садақ ұштары мен қыш құмыралар табылды.
Ортағасырлық Меркі қаласының негізгі бекінісі Қарасу өзенінің оң жағасында қазіргі Меркі ауылының ортасында орналасқан. Қалашық тік жағалауды бойлай жатыр. Әсіресе, оның мұнаралы қамалы бар орталық бөлігі алыстан көрініп тұр. Қарасу өзені ені 1,5 м., тереңдігі 0,8 м. кішкене ғана ағын су. Қалашық қирандысында сыртқы дуалмен қатар шахристан және қамал мұнараларының іздері анық байқалады. Қаланың дуалы оны ертеде төрт жағынан қоршап, дүниенің төрт бұрышына бағышталып тұрды. Оңтүстік жағындағы дуал толық сырылып тасталған және оны бойлай кешегі күнге дейін қалалық құрылыстар салынған. Қарасу өзені өтетін батыс жақ та сондай күйде болған. Шикі кірпіш (саман) дайындауға топырақ алған жерлер ізі жағаны бойлай кездеседі. Себебі өзен суының шаюы және қалашықтың батыс жағының жарқабатты болуы топырақ алуға ынғайлы болды. Дуалы шығыс жағында салыстырмалы түрде айтқанда жақсырақ сақталған, ал ең жақсы сақталғаны – солтүстік жағы. Дуалдың сыртынан ор іздері байқалады.
Меркі қаласының орталығы мен оның рабадын жан-жағынан «ұзын» қабырғалар қоршап жатыр. Қазір олардың орны сақталмаған. Тек шахристанның оңтүстік жағында 2,5 шақырым жерден 0,5 шақырымдық сыртқы қабырға іздері сақталған. Оның биіктігі – 1,5 м, іргесінің қалыңдығы – 8 м. «Ұзын» сыртқы қабырғаның ішкі аумағында қазіргі заманғы құрылыстар, бау-бақшалар және басқа да ауыл шаруашылық егіндіктер орналасқан. Топографиялық зерттеу жұмыстарының барысында ұзын сыртқы қабырғаның 36 шақырымға жететіні белгілі болды.
2006 жылғы археологиялық қазба кезінде солтүстік қабырғаға таяу жерден аумағы 50х50 м алаңқайдан ХІХ ғ. бірінші ширегінде салынған үлкен аулалы екі тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары аршылды. Аумағы 31х31,5 м қазбаның ішінен алты бөлменің орны және т.б. құнды қазбалар анықталды.
Меркі қалашығы орта­лығының батыс бөлігіне, шах­ристан аумағына стра­ти­графиялық кесік салынып, онда қала­шықтың VI-ХІІІ ғасырларда өмір сүр­гендігін көрсететін 18 қабат анық­талды. Стратиграфиялық кесіктегі 1-5-қа­бат­тардан кездескен қыш заттар ХІ-ХІІІ ғасыр­ларға жататындығын көрсетеді. Қыш заттар негізінен жұқа қабырғалы, ша­рықта дайындалған құмыра, табақ, кесе түріндегі және суқұйғыш ыдыстар да кездеседі.
6-9-қабаттардан шыққан қыштар ІХ-Х ғасырларға сәйкес келеді. Олар шарықта дайындалған құмыра, кесе, құм, құмша, тегене сияқты қолмен жасалған тұрмыстық-шаруашылық қыштар, сондай-ақ дастарқан сынықтары, қазан, қазан тәрізді ыдыстардан тұратын қолмен жасалған ас үйлік қыштар кездеседі.
10-18-қабаттардан шыққан қыштар негізінен суқұйғыш және асханалық құмыра, табақ, кесе, құм, құмша, тегене, қазан, келі тәрізді ыдыстар, әдемі оюлы ыдыс қақпақтары, ошақ тұғырлары, дастарқандар. Мұндай ыдыстар Шу, Талас аңғарлары қазбаларында кездеседі және олар VІІ-VІІІ ғасырларға сәйкес келеді.
2007 жылы 2006 жылғы қазбадан 50-70 м солтүстікке қарай орналасқан төбешік қазылды. Қазба барысында пахсадан тұрғызылған қабырғасы бар ғимараттың бұрышы табылды. Жоғарғы мәдени қабатқа жататын болғандықтан, ғимарат құрылыстары қирап кеткен. Қазбаның оңтүстік-батыс бөлігінен екі қабырғаның қалдығы бары байқалды.
Қабырғаның оңтүстік жағынан­ ­2,5 ­м. тереңдіктен ошақ қалдығы табылды. Сақталған қалдығы 0,5 м. деңгейінде екені анықталды. Ошақтың аумағы – 0,5 м. Қалыңдығы 2–3 см сылақ күйген және түсі де кірпішке ұқсас. Ошақ сырты лай балшықпен сыланған. Көп уақыт бойы ашық аспан астында жатқандықтан қатты қираған, сондықтан оның толық аумағын анықтау қиынға түсті.
№1-шаршыдан тандыр аршылды, сақталған бөлігінің аумағы – 0,51 м. Тандырдың жиектері сақталмаған және ең биік жері 0,33 м. Сақталған бөлігінің ортасында кішкене дөңгелек тесігі бар, оның биіктігі 13 см, түп жағында ені 10,5 см. Ішкі қабырғасының бетінде үшкір құралмен сызылған қиғаш тор тәрізді өрнектері бар.
Ұлы Жібек жолының бойын­дағы маңызды орталықтардың бірі саналатын ортағасырлық Меркі қаласын алғашқы зерттеу мен қазудың өзі оның тарихы мен орналасқан жерін және тарихи даму кезеңдері туралы қызықты мәліметтерге қол жеткізді. Қыш бұйымдар жиынтығы қыш қолөнерінің жоғары деңгейде дамығанын, оның көркемдік бағыттарын, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалары, Шығыс Түркістан, Шаш, Соғды, Хорезммен мәдени, экономикалық, саудалық қарым-қатынастары болғандығын көрсетеді.
Меркі атауы кездесетін жазба деректер көп емес. Қаланың ежелгі тарихы саяхат­шы­лардан қалған жол жазба деректерде, си­паттамаларда кездеседі.­ ­­629­ ж. будда діндары Сюань-Цзян Суябтан Таразға бара жатқан жолда: «Цянь-цюань (Мыңбұлақ) 200 ли (қытайлық ұзындық өлшемі) жерді алып жатыр: оңтүстік жағы қарлы тауларға, қалған үш жағы жазық далаларға ұласады. Жері ылғалды, орман-тоғайы нулы, қызыл-жасыл желектері көктем айында масаты жібектей құлпырады. Мұнда мыңдаған өзендер мен көлдер бар, сол себепті осылай аталады» деп жазды.
Меркі қаласы туралы мәлімет парсы тіліндегі деректерде Худуд-ал-Алемнің 982-983 жж. жазған тарихи-географиялық зерттеулерге арналған («Әлем шегарасы») еңбегінде кездеседі. Қарлұқтардың (халұқтар) елі мен қалалары туралы айта отырып, бұл аймақ мұсылмандармен, яғни Мәуреннахрмен шектеседі, «Меркі – ауыл, онда халұқтар тұрады және онда көпестер келеді. Бұл ауылдар (Құлан мен Меркі) арасында үш халұқ тайпалары тұрады, олар бистан, хаим, бириш» деп аталады дейді.
ХІХ ғасырдың 50-жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан жері Орыс империясының геосаясаттық аймағына кірді. Орыс әскерлерінің шығысқа қарай жылжуы 1864 ж. Әулиеата (Тараз) қаласын алуға әкеп соқты. Бұл оқиғаға дейін жаңадан құрылған Сырдария облысы Әулиеата уезіне кіретін аттас болыстың орталығына айналған Меркі бекінісін 1864 жылы көктемінде орыс әскері соғыссыз алған. Ортағасырлық Меркі қалашығын алғаш рет Орта Азияға ғылыми сапармен келген және Шымкент, Тараз, Тарты (Құлан), Меркі, Ыстықкөл жағасы, Іле аңғары арқылы өткен В.В.Бартольд 1893-1894 жылдары зерттеді. Ол Тарты мен Құланды және Меркі мен Меркі ауылындағы қалашықты бір деп жазған.
1964 жылы К.Байпақовтың жетек­ші­лігімен Жетісу археологиялық экспедициясының Луговой бөлімі барлау қазбаларын жүргізді. Онда жасалған кесік қаланың жоғарғы қабаты ХІ-ХІІІ ғасырларға жататындығын көрсетті. Жиналған археологиялық заттар (қыш) қаланың VІІ-ХІІІ ғасырларда болғандығын дәлелдейді.

Арнабай НҰРЖАНОВ,
Ә.Марғұлан атындағы Археология
институтының жетекші ғылыми
қызметкері, тарих ғылымдарының
кандидаты
Ералы АҚЫМБЕК,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
универсиетінің PhD докторанты


Меркі – орта ғасыр өркениеті

$
0
0

Меркі – орта ғасыр өркениеті

13-Наурыз, 2014 Сахара шаһарлары 87 рет оқылды 0 пікір

http://anatili.kz/wp-content/uploads/Merke-300x191.png
Қазақ сахарасы.
Не көрмеген бұл ұлы дала… Талай оқиғаға, талай тарихқа куә. Кешегі дәуірлерде осы далада сән-салтанаты келіскен шырайлы шаһарлар көз тартып тұрған дегенге кім сенер…
Бүгін сол қалалардың орнын кұм басқан. Уақыт желі ескі шаһарларды жермен-жексен еткен.
Археологтар шаһарлар орнын қазғанда, таңғажайып мәдениет қазыналарына тап болып жүр. Байырғы шеберлердің ісмерлігін көрсететін өнер түрі – сәулет өнері. Шеберлер алтын, күмістен неше алуан бұйымдар шығара білген.
Сахара шаһарлары дана бабаларымыз соңдарына қалдырған айшықты белгі. Тарих сыры. Олай болса өткенге үңілу, ежелгі дәуір сырына қанығу – өсетін елдің ұрпағына парыз.

Газетіміздің осы санынан бастап «Сахара шаһарлары» атты жаңа айдар ашуды жөн көрдік. Бұл айдар бойынша оқырман қауымға ұсынылатын мақалаларда қазақ даласында көне замандарда бой көтерген шаһарлар туралы мағлұматтар мен қызықты деректер ұсынылады.

Тянь-Шанның (Тәңір таудың) батыс жағындағы бір жотасы – Қырғыз Алатауы баурайында сан ғасырдан бері Ұлы Жібек жолының күретамырында Меркі қаласы тұр. Қала Меркі шатқалының құзар биігіндегі мұзарт таудан бастау алатын өзен жағасына салынған. VI-VIII ғасырларда қазіргі Меркі орнында көпестер мен қолөнершілер тұрған қала қалыптасып, ал оның айналасында шаруалар арпа-бидай егіп, бау-бақша, жүзімдіктер өсірген. Қала айналасында мал бағушы көшпелілердің көктемде жылқы мен қой табындарын таулы жайлауға айдап, ал күзде Балқаштың құмдақ даласына, Мойынқұмдағы қыстауға түсетін жолдары өткен. Олардың өмірі осылай жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға ұласып, жалғаса берген. Әуеліде олар сақтар, үйсіндер, ғұндар, ал кейін түркілер, түргештер, қарлұқтар, қыпшақтар, қазақтар аталған.

Оңтүстік-батыс Жетісу аймағында жетісулық деп аталатын андрондық мәдениеттің ерекше түрі өмір сүрді. Елді мекендердің көпшілігі өзен жағасында немесе биік тау мен оның баурайындағы бастаулар мен бұлақтар жанында орналасты және олардың маңында ғибадатханалар, жартас суреттері мен мазарлар болды. Қола дәуірінде кен қазу, оны балқыту маңызды рөл атқарды. Мыс қоры бар жерлерде кен қазылып, қасында қола балқытылып, одан балта, орақ, түрлі әшекейлер, сүңгі мен садақ ұштары жасалды. Қыш шеберханаларында құмыралар жасалды. Меркі маңынан қола балталар, садақ ұштары мен қыш құмыралар табылды.
Ортағасырлық Меркі қаласының негізгі бекінісі Қарасу өзенінің оң жағасында қазіргі Меркі ауылының ортасында орналасқан. Қалашық тік жағалауды бойлай жатыр. Әсіресе, оның мұнаралы қамалы бар орталық бөлігі алыстан көрініп тұр. Қарасу өзені ені 1,5 м., тереңдігі 0,8 м. кішкене ғана ағын су. Қалашық қирандысында сыртқы дуалмен қатар шахристан және қамал мұнараларының іздері анық байқалады. Қаланың дуалы оны ертеде төрт жағынан қоршап, дүниенің төрт бұрышына бағышталып тұрды. Оңтүстік жағындағы дуал толық сырылып тасталған және оны бойлай кешегі күнге дейін қалалық құрылыстар салынған. Қарасу өзені өтетін батыс жақ та сондай күйде болған. Шикі кірпіш (саман) дайындауға топырақ алған жерлер ізі жағаны бойлай кездеседі. Себебі өзен суының шаюы және қалашықтың батыс жағының жарқабатты болуы топырақ алуға ынғайлы болды. Дуалы шығыс жағында салыстырмалы түрде айтқанда жақсырақ сақталған, ал ең жақсы сақталғаны – солтүстік жағы. Дуалдың сыртынан ор іздері байқалады.
Меркі қаласының орталығы мен оның рабадын жан-жағынан «ұзын» қабырғалар қоршап жатыр. Қазір олардың орны сақталмаған. Тек шахристанның оңтүстік жағында 2,5 шақырым жерден 0,5 шақырымдық сыртқы қабырға іздері сақталған. Оның биіктігі – 1,5 м, іргесінің қалыңдығы – 8 м. «Ұзын» сыртқы қабырғаның ішкі аумағында қазіргі заманғы құрылыстар, бау-бақшалар және басқа да ауыл шаруашылық егіндіктер орналасқан. Топографиялық зерттеу жұмыстарының барысында ұзын сыртқы қабырғаның 36 шақырымға жететіні белгілі болды.
2006 жылғы археологиялық қазба кезінде солтүстік қабырғаға таяу жерден аумағы 50х50 м алаңқайдан ХІХ ғ. бірінші ширегінде салынған үлкен аулалы екі тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары аршылды. Аумағы 31х31,5 м қазбаның ішінен алты бөлменің орны және т.б. құнды қазбалар анықталды.
Меркі қалашығы орта­лығының батыс бөлігіне, шах­ристан аумағына стра­ти­графиялық кесік салынып, онда қала­шықтың VI-ХІІІ ғасырларда өмір сүр­гендігін көрсететін 18 қабат анық­талды. Стратиграфиялық кесіктегі 1-5-қа­бат­тардан кездескен қыш заттар ХІ-ХІІІ ғасыр­ларға жататындығын көрсетеді. Қыш заттар негізінен жұқа қабырғалы, ша­рықта дайындалған құмыра, табақ, кесе түріндегі және суқұйғыш ыдыстар да кездеседі.
6-9-қабаттардан шыққан қыштар ІХ-Х ғасырларға сәйкес келеді. Олар шарықта дайындалған құмыра, кесе, құм, құмша, тегене сияқты қолмен жасалған тұрмыстық-шаруашылық қыштар, сондай-ақ дастарқан сынықтары, қазан, қазан тәрізді ыдыстардан тұратын қолмен жасалған ас үйлік қыштар кездеседі.
10-18-қабаттардан шыққан қыштар негізінен суқұйғыш және асханалық құмыра, табақ, кесе, құм, құмша, тегене, қазан, келі тәрізді ыдыстар, әдемі оюлы ыдыс қақпақтары, ошақ тұғырлары, дастарқандар. Мұндай ыдыстар Шу, Талас аңғарлары қазбаларында кездеседі және олар VІІ-VІІІ ғасырларға сәйкес келеді.
2007 жылы 2006 жылғы қазбадан 50-70 м солтүстікке қарай орналасқан төбешік қазылды. Қазба барысында пахсадан тұрғызылған қабырғасы бар ғимараттың бұрышы табылды. Жоғарғы мәдени қабатқа жататын болғандықтан, ғимарат құрылыстары қирап кеткен. Қазбаның оңтүстік-батыс бөлігінен екі қабырғаның қалдығы бары байқалды.
Қабырғаның оңтүстік жағынан­ ­2,5 ­м. тереңдіктен ошақ қалдығы табылды. Сақталған қалдығы 0,5 м. деңгейінде екені анықталды. Ошақтың аумағы – 0,5 м. Қалыңдығы 2–3 см сылақ күйген және түсі де кірпішке ұқсас. Ошақ сырты лай балшықпен сыланған. Көп уақыт бойы ашық аспан астында жатқандықтан қатты қираған, сондықтан оның толық аумағын анықтау қиынға түсті.
№1-шаршыдан тандыр аршылды, сақталған бөлігінің аумағы – 0,51 м. Тандырдың жиектері сақталмаған және ең биік жері 0,33 м. Сақталған бөлігінің ортасында кішкене дөңгелек тесігі бар, оның биіктігі 13 см, түп жағында ені 10,5 см. Ішкі қабырғасының бетінде үшкір құралмен сызылған қиғаш тор тәрізді өрнектері бар.
Ұлы Жібек жолының бойын­дағы маңызды орталықтардың бірі саналатын ортағасырлық Меркі қаласын алғашқы зерттеу мен қазудың өзі оның тарихы мен орналасқан жерін және тарихи даму кезеңдері туралы қызықты мәліметтерге қол жеткізді. Қыш бұйымдар жиынтығы қыш қолөнерінің жоғары деңгейде дамығанын, оның көркемдік бағыттарын, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалары, Шығыс Түркістан, Шаш, Соғды, Хорезммен мәдени, экономикалық, саудалық қарым-қатынастары болғандығын көрсетеді.
Меркі атауы кездесетін жазба деректер көп емес. Қаланың ежелгі тарихы саяхат­шы­лардан қалған жол жазба деректерде, си­паттамаларда кездеседі.­ ­­629­ ж. будда діндары Сюань-Цзян Суябтан Таразға бара жатқан жолда: «Цянь-цюань (Мыңбұлақ) 200 ли (қытайлық ұзындық өлшемі) жерді алып жатыр: оңтүстік жағы қарлы тауларға, қалған үш жағы жазық далаларға ұласады. Жері ылғалды, орман-тоғайы нулы, қызыл-жасыл желектері көктем айында масаты жібектей құлпырады. Мұнда мыңдаған өзендер мен көлдер бар, сол себепті осылай аталады» деп жазды.
Меркі қаласы туралы мәлімет парсы тіліндегі деректерде Худуд-ал-Алемнің 982-983 жж. жазған тарихи-географиялық зерттеулерге арналған («Әлем шегарасы») еңбегінде кездеседі. Қарлұқтардың (халұқтар) елі мен қалалары туралы айта отырып, бұл аймақ мұсылмандармен, яғни Мәуреннахрмен шектеседі, «Меркі – ауыл, онда халұқтар тұрады және онда көпестер келеді. Бұл ауылдар (Құлан мен Меркі) арасында үш халұқ тайпалары тұрады, олар бистан, хаим, бириш» деп аталады дейді.
ХІХ ғасырдың 50-жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан жері Орыс империясының геосаясаттық аймағына кірді. Орыс әскерлерінің шығысқа қарай жылжуы 1864 ж. Әулиеата (Тараз) қаласын алуға әкеп соқты. Бұл оқиғаға дейін жаңадан құрылған Сырдария облысы Әулиеата уезіне кіретін аттас болыстың орталығына айналған Меркі бекінісін 1864 жылы көктемінде орыс әскері соғыссыз алған. Ортағасырлық Меркі қалашығын алғаш рет Орта Азияға ғылыми сапармен келген және Шымкент, Тараз, Тарты (Құлан), Меркі, Ыстықкөл жағасы, Іле аңғары арқылы өткен В.В.Бартольд 1893-1894 жылдары зерттеді. Ол Тарты мен Құланды және Меркі мен Меркі ауылындағы қалашықты бір деп жазған.
1964 жылы К.Байпақовтың жетек­ші­лігімен Жетісу археологиялық экспедициясының Луговой бөлімі барлау қазбаларын жүргізді. Онда жасалған кесік қаланың жоғарғы қабаты ХІ-ХІІІ ғасырларға жататындығын көрсетті. Жиналған археологиялық заттар (қыш) қаланың VІІ-ХІІІ ғасырларда болғандығын дәлелдейді.

Арнабай НҰРЖАНОВ,
Ә.Марғұлан атындағы Археология
институтының жетекші ғылыми
қызметкері, тарих ғылымдарының
кандидаты
Ералы АҚЫМБЕК,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
универсиетінің PhD докторанты

Майя деген қандай тайпа?

$
0
0

Майя деген қандай тайпа, оның күнтізбесінде не айтылған?

http://zamana.kz/cache/5729_0_0_images_material_2012_50_maiu.jpg

18.12.2012 10:12

Бүгінде әлем жұртшылығын әбігерге салып отырған ақырзаман туралы әңгіменің кезінде Солтүстік және Орталық Американы мекендеген майя тайпасының күнтізбе­сінде айтылған жайлардан бастау алғаны­ белгілі. Яғни ежелгі майялықтар әлемдегі ең тура күнтізбені жасаған. Сол күнтізбеде көрсетілген күндер 2012 жылдың 21-желтоқсанына келіп шектеліпті. Осыны базбі­реулер тіршіліктің жойылатын күніне балап, адамзатты алаңдатып қойды. Ал енді осы майя тайпасы қайдан шыққан, олар немен айналысқан, бүгінде ұрпақтары бар ма, әлде тұқым-тұяғымен жойылып кетті ме? Олардың күнтізбесіндегі 2012 жылдың 21-желтоқсаны нені білдіреді? Жұрт­тың көкейінде бүгінде осындай сұрақтардың да жүргені анық.

Әйгілі түркітанушы ғалым Лев Гумилев өзінің бір еңбегінде майяның түпкі Отаны деп Азияны көрсетіпті. Ол мұндай тұжырымға майя үндістері тілінің түркі тілімен үндестігін аңғарған соң келген көрінеді. Ғалым майя тайпасы Мұз басу дәуірінде Солтүстік Америкаға Чукотка және Аляска түбектерін жалғайтын мойнақ арқылы өт­кен болуы мүмкін деген пікір айтыпты.

Бір ғажабы, осы майя тайпасы металл, ат-арба, соқа, күш көлігі дегендерді біл­меген көрінеді. Олар егінмен де, мал асыраумен де айналыспаған. Джунглиден же­містер терген, өздері жеміс ағаштарын өсі­ріпті, жабайы жануарларды аулаумен айналысқан екен. Тасты өте көп қолданған, тастан үлкен қалалар тұрғызған. Ал осы тас қалаларды, ондағы алып пирамидаларды олар ненің күшін пайдаланып салғанына ғалымдардың әлі күнге дейін ақылдары жетер емес.

Майя өркениетінің жұмбақтары көп. Бұл тайпа адамдары біздің дәуіріміздің шамамен 830-шы жылдары барлық тас қалаларын­ тастап, түп көтеріліп әлдебір жаққа көшіп кетіпті. Бір ғалымдардың пікі­рінше, олар ормандарға кеткен, сосын бөлініп–бөлшектеніп, бір кездердегі дамыған өркениетінен бірте-бірте із де қалмап­ты. Ал тайпаның өзі түбе­гейлі жойылмаған,­ майя ұрпақтары бүгінде бар. Олар Солтүс­тік және Орталық Американың Мексика, Гватемала, Гондурас, Сальвадор, Панама сияқты елдерін мекендейді. Бірақ бойларында ежелгі мықты кезіндегі қасиеттерден із де қалмаған.

Ал майя тайпасының тұрған қалаларын тастап кеткен себебін бір ғалымдар алапат жер сілкінісінің салдарынан болуы мүмкін десе, енді бірі климаттың бірден өзгеруінен болуы ықтимал дейді. Тағы бір ғалымдар мұхит пен атмосфера құбылыстары алапат құрғақшылық әкелген, сондықтан олар тұрған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болған деген ой айтады.

Ежелгі майя дінбасылары аса данышпан математиктер болған көрінеді. Оның нақты бір дәлелі – олардың сол кездің өзін­де-ақ өте дәл астрономиялық күнтізбе жасауы. Майялықтар күнтізбесінде бір жылда 365,2421 тәулік бар. Олар Шолпанның Күнді айналу уақытын да аса дәл­дікпен анықтаған. Күннің, Айдың тұтылатын кезеңдерін де тура есептеп біліп отырыпты. Араларында адамның, тіпті халықтардың алдағы өмірін болжай алатын сәуегейлері де көп болған.

Майя күнтізбесі бойынша біз қазір біздің жыл санауымызға дейінгі 3113 жылы басталған уақыт циклында ғұмыр кешіп жатырмыз. Ол, жоғарыда атап өткеніміздей, майя күнтізбесінде 2012 жылдың 21-желтоқсанына келіп тұйықталыпты. Бұл уақыт циклының аяқталғанын білдіре ме, әлде күнтізбені жалғастыру қандай да бір себеппен тоқтап қалды ма екен? Ғалымдардың басын қатырып жүрген – осы сұрақ. Ал майя күнтізбесі бойынша, бір уақыт циклынан екіншісіне өткенде әлемде «Ға­ламшарлар шеруі» орын алады, онымен қоса галактикадағы басқа да жүйелердің орын алмасуы болады, бұл құбылыс ғаламдық апаттарды туындатады.

Кейбір ғалымдардың жұртты үрейге ба­тырып айтып жүргені – осы құбылыс. Бірақ ақырзаманның қашан боларын бір Құдай ғана біледі. Сондықтан мұндай апаттан тір­шілікті Құдайдың өзі сақтасын деп тілейік.

Ақиқатқа қиянат

$
0
0

Ақиқатқа қиянат

Алаш арыстарына қатысты болғаны себепті кеңестік тарихнамада бұрмаланған тарихымыздың кейбір беттері, өкінішке орай, әлі күнге түзетілмей келеді. Соның бірі қазақтың айтулы оқу орындарының бірі, ең алғашқы ЖОО, бүгінгі Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің (бір кездегі ҚазПИ, одан АлМУ) туған жылын әлі күнге дұрыс көрсете алмауы болып отыр.

Патшалық Ресейдің отарлауынан арылып, большевиктер өкімет басына келген тұстағы қазақ қоғамының саяси аренадағы белсенді іс-әрекеті негізінен Тәшкент пен Омбы қалаларында, артынан Орынборда өткені мәлім. Қазір бұл қалалардың бәрі де біздің еліміздің шекарасынан тыс, көрші елдерде қалды. Өкініштісі сол, олардың архивтеріндегі бай мұрағаттар толығымен зерттелген жоқ. Еліміз біртұтас одақтың қоластында болғанда там-тұмдап жазылғанымен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ өмірінен сыр шертетін мұралар көбінесе шаң басқан күйінде қалып жатыр. Оның басты себебі – халқымызды іргелі ел қыламыз деп шу дегеннен атқа мінген Алаш арыстарының бәрін де Кеңес өкіметінің жау көріп, көп ұзатпай құбыжық қылып, халықтан аластап шығарғандығы. Ал ол кездегі тарихтың бәрі солардың есімдерімен тығыз байланысты еді. Сөйтіп, олардың басын жойып, істеген әрекеттерінің бәрін де халыққа жеткізбей, жасырып тастаған. Сондықтан Алаш арыстарының есімдері араласқан тарихты қозғауға ешкім де бата алмайтын. Ал горбачевтік жылымық болып, Алаш арыстары ақталған тұста балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен алмағайып заман болды, артынан олардың бәрі шет елдің архивтерінде қалды. Сайып келгенде арыстардың еңбектерін көрші елдердің архивтерінен іздеген адамдар көп бола қойған жоқ.

Біздің ғалымдарымыздың сол олқылықтарын жақын шет елдерде тұратын кейбір ізденгіш ағайындарымыз толтырып жатқанға ұқсайды. Соның ішінде қазақы қаймағы бұзылмай отырған тәшкенттік қазақ ғалымдарының еңбегі зор. Осыдан біраз жыл бұрын Өзбекстан Республикасына барған сапарымызда бізге солардың бірі, қазақ тарихы үшін жанкешті еңбек етіп жүрген ағамыз, тарих ғылымының докторы, 30 жыл бойы Тәшкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің деканы болған, профессор Сейдуәлі Тілеуқұлов ақсақалмен ұзақ әңгімелесудің сәті түсті. Менің Қазақстанға қоныс аударуыма «кедергі» болып жүрген осы қаланың бай архиві деді ол екеуара әңгімеміз шу деп басталған сәттен. Жасым 80-ге таяп қалса да мұрағат материалдарына батып кеткенде жас жігіттей сергіп қаламын. Менің тарихқа деген құштарлығым сондай, шырағым, деді қарт тарихшы.

Міне, осы кісі бас болып құрастырған орыс тіліндегі «Первый казахский институт в Ташкенте» деген жинақта Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны 1918 жылы Тәшкентте ашылып, 1928 – ші жылы ол Алматыға көшірілгендігі архивтік құжаттармен тайға таңба басқандай етіп дәлелденген. Бұл қазіргі айтулы оқу орнымыз – Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті. Оны ашып, жоғары білімді алғашқы қазақ педагог кадрларын дайындаған алашордашы ағаларымыз еді.

Бірақ, жоғарыда айтылғандай, алашордашылардың өздерінен де, істерінен де қашып, оқу орыны өзінің құрылған жылын әлі де 1928 жыл деп көрсетуде. ҚазҰПУ-дің Тәшкент педагогикалық институтының негізінде құрылғаны Қазақ энциклопедиясында да аталып өткен. (ҚСЭ., 6 том., 247 б, А-ты, 1975 ж.). Бірақ кейінгі, «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясында белгісіз себеппен оқу орнының алғаш рет Тәшкентте құрылғаны айтылмаған. («Қазақстан» ҰЭ, 1 том, 286 б., А-ты, 1998 ж).

Бұл оқу орыны өзінің 75 жылдық, одан 2008 жылы 80 жылдық мерейтойларын да 1928 жылы туғандығымен санап, өткізді. Осының өзі тарихқа қиянат. Біреулер қазақтың ЖОО өзбек астанасы Тәшкентте құрылғанына намыстанатын да шығар. Бірақ ол кезде Тәшкент шаһары өзбектен гөрі қазаққа жақын болғандығын, ал оқу орынын қазақтың алашшыл аймаңдай азаматтары ашқанын ұмытуға қақымыз жоқ.

* * *

1917 жылғы төңкерісшілер (ағы да қызылы да) қарапайым халықты қайтсе де өз жағына шығару мақсатымен шу дегеннен олардың ең зәру деген мәселелерін шешіп беруді қолға алды. Мәселен, орыс шаруаларына жер, жұмысшыларына фабрик-зауытты тегін береміз деп жар салды. Ал қазақтың ең бірінші кезектегі зәру мәселесі – оқу еді. Сондықтан да төңкерістен кейін қазақ даласының жер-жерлерінде оқу орындары ашылды. Мәселен, Омбыда 1918 жылы Колчак өкіметі Алашорданың өтінішімен мұғалімдік курс ашты. Оның алғашқы директоры ақын Мағжан Жұмабаев болды. Жазушы Сәбит Мұқановтың сол курста оқығаны белгілі. Артынан бұл оқу орыны Қызылжарға көшірілді. Қазіргі М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің сүйегі сол оқу орнынан.

Сол секілді Тәшкентте де қызылдар 1918 жылдың 5 желтоқсанында қазақ балалары үшін өлкелік педагогикалық курстар ашыпты. Оның меңгерушісі И.Тоқтыбаев, мұғалімдері Х.Болғанбаев, С.Қожанов, Қ.Ходжиков, Ф.Құлтасов және Е.Табынбаев болған. Осы ағаларымыздың бәрі де артынан «алашордашылар» аталып, Қызыл империяның қанды қасаптарына ұшырады. Қазіргі оқырмандар біле бермейтін кейбіреулерін ғана атап кетер болсақ, курстың меңгерушісі қызылордалық Иса Тоқтыбаев 1933 жылы Мәскеудегі әскери академияда мұғалімдік қызмет атқарып жүрген жерінде ұсталған. Алаш зиялыларын зерттеп жүрген Мәмбет Қойгелдінің айтуына қарағанда көп жыл қуғын көрсе де осы кісі әйтеуір ажалдан аман қалыпты. (М.Қойгелді, «Айқын» газ, 31.05.2013 ж).

Ақмолалық Хайретдин Болғанбаев та екі рет репрессияға ұшырап, соның 1937-ші жылы болған екіншісінде атылған. («Бақ,кз», «Болғанбаев кім болған?», 26.09.2012 ж., авт. Д.Асауов).

Ал басқа ағаларымыз туралы көп жазылғандықтан олардың жарқын есімдерін оқырмандар жақсы біледі ғой деп ойлаймыз. Жоғарыда аталған, тәшкенттік қазақ зиялылары құрастырған жинақтың 15 бетінде келтірілген құжатқа қарағанда осы курс алдымен училищеге, артынан институтқа айналған екен. Құжатты толығырақ келтірсек:

«1. Постановлением Мусульманского комитета от 7-15 октября 1918 года, утвержденным Советом Народного Образования 20 октября 1918 года № 34, п.1-й, при русском Педагогическом училище открыто Киргизское педагогическое отделение.

2. С 1-го июля 1919 года педагогическое отделение выделено в самостоятельное педагогическое училище, которое с 1-го октября 1920 года реорганизовано в Краевой Киргизский (казахский Ж.С.) Институт Просвещения с 4-мя основными, 3-мя подготовительными классами и Образцовой школой при нем. (ЦГА РУз, ф.372, оп.1, д.60, л.5)».

Тағы бір құжатта онда кімдердің сабақ бергеніне дейін көрсетілген. Құжаттың атауы: «Краткие сведения о возникновении Казинпроса в Ташкенте». «В нем преподавали: М.Тынышпаев, Х.Досмухамедов, С.Ходжанов, И.Тохтыбаев, М.Жумабаев, К.Жаленов, Х.Болганбаев, К.Ходжиков, Ф.Култасов, Е.Табынбаев, С.Утегенов, А.Байтурсынов, Ж.Аймауытов, Д.Адилов, Д.Сарсенов и др». (Аталмыш кітаптың 18 беті).

Көріп отырғанымыздай Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатовтан басқа Алаштың арыстары төрт көзі түгел осы институтқа сабақ берген екен. Әрине, бір кезде «алашордашы» ағаларымыздың аттарын атаудың өзі айыпқа бұйырылып тұрған замандарда ҚазПИ-дің өз тарихын олардың ашып, сабақ берген институтынан бастауы мүмкін де емес еді. Сондықтан, бұл үшін, ҚазПИ-дің тарихын 1928-ші жылдан бастаған ағаларымызға кінә да таға алмаймыз.

Бірақ қазір заман басқа, заң басқа ғой. Құдайға шүкір, өз қолымыз өз аузымызға жеткен тәуелсіз елміз. Сондықтан тарихи әділеттікті орнатып, оқу орнының 1918 жылдан ашылғанын айтатын болсақ, оның қандай айыбы бар? Әзірге, ҚазҰПУ-дің жасаған «әділеттігі», оқу орнының тарихы туралы анықтамаға алғашқы ұстаздардың қатарына А.Байтұрсыновтың есімін қосыпты. Ал қалған арыстар қайда сонда? Олардың қандай жазығы бар?

* * *

Біз үшін соны деректер тұнып тұрған жоғарыда аталған «Первый казахский институт в Ташкенте» жинаққа орала бергің келеді. Оның 25 бетінде келтірілген құжатта сол кездегі студенттер мен оқытушылардың санына дейін көрсетіліпті: «Занятия начались с 1 октября 1920 г. (Бұл институт болған уақыты Ж.С.) Количество учащихся к началу 1920 учебного года –224, к концу 1920 учебного года –202. К началу 1921 учебного года –221, К концу учебного 1921 года –178. Общее количество преподавательского состава 1920 г –33, 1921г.–33».

Жинақтың 48 бетінде институт мұғалімдерінің қазақ тілінде жазған ғылыми еңбектері мен авторларының тізімі берілген. Соның ішінде А.Байтұрсыновтың қазақ әліппесін, екі бөлімнен тұратын қазақ тілінің грамматикасын, М.Дулатовтың қазақ хрестоматиясын (Жақаң да осында жеткен екен), М.Жұмабаевтың қазақ тілі сөздігі теориясын және т.б. жазғаны туралы құжат келтірілген. Мағжанның «Педагогика» атты оқушылар мен мұғалімдерге арналған атақты еңбегі де осында қызмет еткен жылдары жарық көрген. Алаш ардақтылардың соцреализмнің құрсауынсыз, ұлттық болмысты ескере отырып, кең тыныспен жазылған сол еңбектеріне күні бүгінге дейін баға жетпейді. Сол еңбектерді тереңдетіп оқыған, зерттеген адамның әлі күнге көзқарасы да кеңейіп, тынысы да ашылып қалады емес пе?

Жинақтың 53 бетінде оқытушылар мен қызметшілердің толық тізімі және алған еңбекақылары да көрсетілген. Ал 55 бетте 1923 жылғы 1 қазандағы нөмір бірінші бұйрықпен Мағжан Жұмабаевтың Мәскеуге оқуға кетуіне байланысты қызметтен босатылғаны туралы да дерек тұр.

1925 жылғы 20 мамырдағы бұйрықпен КазИнПрос-тың сол кездегі директоры Сегізбай Айұзынов қызметінен босатылады да оның орнына Дәлел Сәрсенов тағайындалады. 1925 жылдан Қазақ үкіметі жаңадан қазақ ЖОО ашу мәселесін қолға алады. Оны әуелде политтехникалық институт қыламыз деп білікті адамдарға хаттар жазылған екен (оның мәтіні де осында жүр), бірақ артынан педагогикалық институт қылуға тоқтаған секілді. 79 бетте осы педагогикалық институт туралы уақытша, ал 83 бетте түпкілікті ереже жарияланған. 1926 жылғы 2 мамырда ҚАКСР Халық комиссарлар кеңесінің отырысында Тәшкентттегі Казинпросты Педагогикалық жоғарғы оқу орнына айналдыру туралы мәселе қаралады: «Бывший Казинпрос в г.Ташкенте считать преобразованным в ПедВУЗ под названием «Казахский Педагогический Институт» деген қаулы алынады. Және осы қаулыда оның барлық мүлкі жаңа институтқа көшетіні айтылған. 1926 жылғы 13 шілдеде бұрынғы ректор Дәлел Сәрсенов қызметінен босатылып, оның орнына Темірбек Жүргенов тағайындалады.

Сөйтіп, қазақ жастары арасынан алты жыл бойы мұғалімдер дайындап келген алғашқы ағартушы институт енді педагогикалық оқу орнына айналады. 1926 жылғы 29 қазанда, институттың ашылу салтанатында Қазақстанның Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасов ұзақ сөз сөйлеген екен. Бұл құжатты алғаш рет «Смағұл Сәдуақасов» атты қос томдық жинақ құрастырған профессор Дихан Қамзабеков жариялаған еді. Смағұл Сәдуақасов сондағы сөзінің бір жерінде: «Я убежден, что будущий историк Казахстана, безусловно посвятит особую главу в своей книге –открытию первого казахского ВУЗ-а» депті. Өкінішке қарай олай болмай шықты. Сол ЖОО Қазақстанның жаңа астанасы болған Алматыға 1928 жылы көшірілгенде Тәшкенттегі барлық кезеңі ұмытылып, дәлірек айтсақ ұмыттырылып, «будущий историктердің» бәрі оны ауызға да алмайтын болды. Туған жылын да 1928 деп көрсетіп, Алаш арыстары қызмет еткен 10 жыл жадымыздан өшірілді. Өкінішті-ақ…

Міне, ҚазПИ-дің, қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің туу тарихы осындай. Оны Тәшкент архивін ақтарып жүрген өзбекстандық қазақ ғалымдары жарыққа шығарып отыр. Енді, тәуелсіз елде, Алаш арыстары ақталған заманда өмір сүріп отырған Абай атындағы ҚазҰПУ өзінің шын туған күнін көрсететін уақыт жетті.

Әрине, бұл деректі жалғыз біз ғана біліп отырған жоқпыз. Талай тарихшылардың да хабары барына кәмілміз. Тәшкенттік ғалымдардың жоғарыда аталған жинағын да талайлар білетін болуы керек. Тіпті, өзіміз де дәл осы деректі алғаш рет «Егеменге» 2007 жылы жариялаған едік. («Қазақтың тұңғыш ЖОО» «ЕҚ»., 29.08.2007 ж.). Бірақ қымс етіп қолдаған, дұрыс екен деп белсеніп шыққан бір адам болған жоқ. Бәрі де сол салғырт, жабулы қазан жабулы күйінде қалғанын қалайтын сияқты. Тіпті, «онда тұрған не бар, 5-10 жылдың әрісі не, берісі не» дейтін баяғы қазақы енжарлық пен бойкүйездікке салатындар да бар екені сезіліп тұр. Ау, сонда ардақты ағаларымыздың рухын сыйлағанымыз кәне? Олардың еңбегіне обал жасап отыр емеспіз бе? Барынша қиын кезеңде олар басқа жұртпен таласып жүріп, өздерінің күнкөрісі үшін ЖОО ашқан жоқ, қазақтың баласы оқысыншы, көзі ашылсыншы деп жатпай-тұрмай еңбек етті емес пе? Тіпті сол үшін бастарын да бәйгеге тігіп, табандарынан тозып, қайтсем қазақты көзі ашық ел қыламын деді емес пе? Ендеше, олардың еңбегін қалай ұмытамыз? Тек бүгінгіні мақтап, бүгінгіге мәз болып отыра берсек, біз Мәңгілік ел бола алмаймыз.

Осы, ЖОО-ның жасын 10 жылға ұзарту тіпті қиын да шаруа емес, оған қазіргі ректор Серік Пірәлиевтің-ақ құзыреті жетеді. Негіз болатын құжаттар да жеткілікті. Сонда, бес жылдан кейін қазақ халқы өзінің алғашқы жоғары оқу орнының 100 жылдық мерейтойын да тойлап тастар еді. Ең бастысы бұл ЖОО біздің ардақты ағаларымыздың, ұлттық рухты бойларына сіңіріп өскен және оның озық үлгілерін жастардың жанына егуге тырысқан асыл Арыстарымыздың бастаған ісі екенін бүгінгі ұрпақ білер еді. Алла соған жеткізсін.

Жақсыбай САМРАТ

АСТАНА

Хорасан Ата

$
0
0

Хорасан Ата

28-Наурыз, 2014

http://anatili.kz/wp-content/uploads/Horasan.png
Бисмиллаһир-рахманир- рахим.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірден өткен жасын жасап, зейнеткерлікке шығып, өз қатарлары сирей бастаған мен сияқты қариялардың киелі аруақтар кесенелеріне зиярат етіп, өткен тарихқа ден қойып, сол арқылы бойы мен ойын сергітіп-байытуы имани қажеттілік деп білемін. Осы мойынсынуыма соңғы уақытта – өзімнің де дәнекерлігім бар, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысында бүкіл Түркі әлемінің баһадүр батыры, қоңырат тайпасынан шыққан Алпамыс батырға елдігімізді танытар ескерткіш тұрғызу маған кәдімгідей дем беріп сапаршыл болып кеттім. Мұндай сапар – бір жоқтың түгелденуімен қуандырса, екіншіден, тағы бір кемшілікпен ұшырастырып жататын көрінеді. Кейбір әттеген-ай жайттар көңіл көзіне ілігіп қалады екен.

Исі мұсылманда «Бергеніңді – айтпа, көргеніңді – айт» деген тағы сөз бар. Бергеніңді айтпау – тақуалық, имандылық. Айтсаң – мақтан құмарлық, пендешілікке өтесің. Демек, бергенің мақтаныш үшін болса, мұсылманшылыққа келмейді. Барлық мақтау мен мадақ бір Жаратушыға ғана жарасқаны Кәләм Шәріптің 114-сүресінің әрбірінің басында қайталанады. Көргенді қоспасыз сол қалпында айту – парыз, болмағанда – сүндет. Көргенің жақсылық болса, ол қуанышты өз қуанышыңдай қуана жеткізе білу – сауаптың зоры. Көпшілікке, елге қажетті кемшілік болса мұқату үшін емес, сол кемшілікті дер кезінде жою үшін жұрт назарын аударту, орын алған «дерттен» сауықтыруға ем-дауа… Ізденген адамға нағыз қажетті сауап та осы…
Осындай көңілдегі ізгі ниетпен таяуда Қызылордадағы Қорқыт Ата мен Хорасан Атаға тағы да зиярат жасаудың ыңғайы келді. Қармақшыдағы Қорқыт Атаға қобыздан қойылған ескерткіш жанына облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бас-көз болуымен салынып жатқан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» үлкен трассасы бойындағы жаңа кешен ансамблін көргенде ризалығымда шек болмады. Келешек бұл кешен – Қорқыт тану ғана емес, өз бабамызға өзіміз иелік етуде бүкіл түркі әлеміне тоқтау айтар және осы бағытта мемлекет аралық деңгейде жұмыс жасайтын тереңнен ойластырылып салынып жатқан қасиетті шаңырақ болғалы тұр екен. Бұл кешен туралы көсіле кеңінен айтуды келесі жолға қалдыра тұралық…
Ал Хорсан Ата – Әбдіжалил баб туралы әңгімені әулиенің өзім білетін өмір тарихымен кеңірек таныстырудан бастағанды мақұл көріп отырмын. Бұл бір жағынан «Хорасан баб кім еді?» деген сұраққа аз-кем жауап болса, екіншіден, Хорасан Атаны айта отырып қазақ тарихына, оның ішінде еліміздің дін тарихына байланысты біраз жайттарға көпшілік назарын аудара кетудің еш артықтығы болмас деген ойдамын. Менің білетінім – Хорасан әулиені тарихта болған кемеңгер тұлға, ел тарихының орта ғасырдағы жаңылдырмас бір беті, темірқазығы ретінде ден қойып, арнайы зерттеп жүрген белгілі жанашыр ғалымдар сирек, тіпті байқалмайды. Бүгінге дейін арамызда сөз болып жүрген аз-кем табылған деректер атүсті ұшырасқан жанама шежіре деректер мен аңыздар ғана.
Қолдағы соңғы жалғыз нақтылы және орынды дерек мынау – Жаңақорған ауданында Хорасан Атаның (… – 895) 1995 жылы өмірден өткеніне 1100 жыл толуы аталып өтті. Демек, ұйымдастырушыларда әулие хижраның 150 жылы өмірден өтті деген патуа болған. Бұлай патуа жасауға меніңше, мына төмендегі бес дерек негіз болса керек, бірінші:
Бабам Хорасан, келдім Арасан,
Зиярат етейін деп ісімді сұрасаң.
Мүшкіл ішімні қылғайсың, әнсам
Рахмет ете көр, бабам Хорасан
Атың дүр мәшһүр арзи самада,
Тауап етей деп келдім пияда.
Үміт етіп мен қаушы рыжада
Рахмет ете көр, бабам Хорасан.
Аршының үстінде суффат құрарсың,
Әзіреті Хызыр да ұлпат болырсан.
Сексен шайхыны жақында көрдім
Тоқсан шайхыны артыңда көрдім.
Қағба маһаллаңны алдыңда көрдім.
Рахмет ете көр, бабам Хорасан.
Сұлтан Хұсайынның ұлы боларман
Астанасының құлы боларман.
Шашым – сақалымның шыпта қыларман,
Рахым ете көр, бабам Хорасан.
Әлінің әулеті шери құдасан
Келген бәлеге дәпі қыларсан.
Таңа Қожа Ахметке жары берарсан
Рахмет ете көр, бабам Хорасан – деп әулиеден жалбарынып дәремет сұраған Қожа Ахмет Йассауйидің жыры (Қазіргідей Ясауи деп жазу қате. Исламда діни есімдер мен атаулар кітап ашып қойылған. Құран араб тілінде түсіп, араб қарпімен жазылған. Құранның әрбір қарібі – нұр. Нақтылы дәлелі – Құранда «Ұғымын Алла біледі» деген жеке қаріптер, яғни әр қаріптің өз салмағы, қуаты, ізденген жанға айтары бар. Арабта я қарібі жоқ. Құранның әр аят, әр сөзінде ғана емес, әр қарпінде дуалық қасиет пен тылсым құдірет барын білетін ақыл иелері ойлануы керек. Негізі, Й қарпінің қасиетін әбжат ілімі мен ладуни ілімін игерген адамдар ғана аз-кем ұғынар, болмаса олар да жете біле бермейді. Құран Кәрімнің әрбір қарпі – жұмбақ әлем).
Қожа Ахмет Йассауий – Ысқақ бабтың он үшінші ұрпағы, ал Ысқақ баб кезінде Хорасанның патшасы болған Абу Мүсілімнің ұлы. Әбу Мүсілім Маруазидің құлағына азан шақырып қойған өз аты Абд ар-Рахман. Қолданыстағы шежіреде Абд әл-Қақһардың екі ұлы болған. Бірінің аты Абд ар-Рахман, екіншісінің аты Абд ар-Рахим. Өз кезегінде Абд ар-Рахманның да екі ұлы болды. Бірінің аты Ысқақ баб, екіншісінің аты Абд ұл-Жалил. Абд ар-Рахман өмірден өткен соң оның інісі Абд ар-Рахим, екі інісі Ысқақ баб және Абд ұл-Жалил баб үшеуі VIII-ІХ ғасырда түркі тектес тайпаларға ислам дінін сіңістіруге күш салды. Абд ар-Рахим Қашқарияда 30 жыл патшалық етіп Сатуқ Бұхрахан атанып, сол кездегі иманды Қарлұқ-Қарахан Ислам мемлекетін басқарды. Бұхраханнан тараған ұрпақтар күні бүгінге дейін өздерін Имам Мұхаммед Ханафиядан тараған «Қарахан қожаларымыз» дейді. Тарих – Садыр Ата, Баба Туклас осы қарахандық қожалар әулетінен екендігін көрсетуде. Осы Бұхраханды кейінгі кезде Бурахан ата, Қара Бура атаушылар табылуда. Мұның да жөні бар. Қара бура әулиенің Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің орнығуына елеулі ықпал еткеніне ешкім де күмән келтірмейді. Оның үстіне бүкіл Түркі әлемі өзіне пір тұтқан Қажы Ахмет Йассауйидің өзі өмірден қайтқанда жаназасын шығаруды осы кісіге ғана аманаттауы және оның үлкен қызы Әмбар бибіні ( Енібар бибі, құлағында қалы болған. Б.А.) өзінің ең сүйікті мүриді (шәкірті) Хакім Ата Сүлеймен Бақырғаниге құда түсіп, некелеп қосуы қос әулиенің өз заманында бірімен-бірінің тығыз байланыста тіршілік кешкенін дәлелдейді. Қарахан Ата мүрдесі өз аманатымен қазіргі ескі Сауран қаласы маңындағы сахабалар қорымының ортасына қойылған.

Екінші, Ысқақ бабтың інісі Хорасан Ата VIII ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның төменгі ағысында құрылған Оғыз мемлекетінің негізін қалаған патшалығы тарихтан тағы мәлім.
Үшінші, Өзбек хан заманынан бері Аққорғандық қожа Саййид Ата Ұлы Жүздің, Қарахан қожалары Орта Жүздің пірі болса, Хорасан баб 25 таңбалы Кіші жүз Алшынға, Қарақалпақ және Түркмен руларына пір болған. Діни ұғымда пайғамбардың көзін көргендер сахаба, ал олардың көзін көргендерді – таумин, тауминдерді көріп жүздескендерді – баб деп атаған. Ал әулиелік атақ – тіршілігінде қаншама ғұлама, елден асқан данышпан, не әлем мойындаған патша болсын, өзі өмірден озған соң ғана қасиетіне орай берілетін имани дәреже. Ислам дінін таратушы Хорасан Ата өз заманында Хорасан дертіне шипа тапқан тәбәб болумен қатар келешекті көріп, болжай білген қасиет қонған тылсым ілім иесі, ғұлама-хазірет. Қазіргі Кіші жүз рулары ішіндегі қожа ұрпақтары өздерін Хорасандық Кедей қожа мен Назар қожа атты атадан тарағандығы шежіреге енген.
Төртінші, Қазақ жеріне Ислам­ның келуін ғахлия ғалымда­рының бір тобы, Мүсілім бастаған араб әскерлері Күлтегін мен Соғдалықтардың біріккен күштерін Түркістан жерінде 712-713 жылдары жеңіп, аз уақыт болсын Сайрам мен Тараз қалаларын өз қол астарында ұстаған кезден бастаса, екінші тобы 766 жылы Хорасаннан шегінген Ысқақ Түрік бастаған қарсы күштермен бірге исламның қасанийа-мүбаийдиана бағытын қабылдаған түрік билеушілері құрған Түркістан жеріндегі алғашқы Ислам мемлекетінен бастауда. Мен өз жеке басым осы екі тарихи датадан ертерек басталатын; «Түркілер исламды пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тіршілікте өмір сүрген кезінен бастады»- деген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тұжырмын мақұл көремін. Оған нақтылы дәлел Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың Ахмет Йассауийге жолдаған аманаты құрманы алып келген пірмұған Арыстан бабпен оның нөкерлері Қарға баб, Лашын баб, Қышқыш баб. Бұған қосымша осы Жаңақорған ауданына қарасты Қаратау етегінде, Домбы Атада жатқан – дерегі бұдан 100 жыл бұрын хатқа түскен Құттықожа сахаба мүрделері. «Қазақ шежіресі» кітабында кіші жүздік біраз рулар қазақты Аныс сахабадан таратады. Анысты айтқанда, Нәзірұлы Ақкөсе мен Мәлік ауызға алынады. Мәліктен Аныс туылады. Құттықожа кезінде бұл маңға осы сахабалар тобын бастап басшы болып келген…
Бесінші, бұл ауданның жергілікті тұрғындары
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда.
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңыраттардың елінде
Байбөрі деген бай бопты… деп бас­талатын «Алпамыс батыр» эпостық жырындағы баһадүр батырдың ұрпақтары. Жыр Байбөрі бабамыз бен Аналық анамыздың:
Әулиеге ат айтып,
Хорасанға қой айтып.
Қабыл болған тілегі,
Жарылғандай жүрегі, – деген жыр жолдарымен жалғаспаушы ма еді.
Бұлай тәптіштеп көбірек айтып отырғаным, ел болып жоғымызға иелік ету үшін алдағы уақытта да Хорасан әулие мен Алпамыс батыр арасын осылай біріктіре сөз еткеніміз мақұл. Бұл дерек алдымен Алпамысты кейінгі кезде: «Жиделі Байсын біздің жеріміз, Алпамыс біздің батырымыз» деп түбі бір түркілік идея мен туысқандықты ұмытып, өз еліне бұра тартып, алдымен астанасы Тәшкенде, соңынан Байсын қаласында батырдың 1000 жылдығын жеке иемденіп атап өтіп, өзеуреп жүрген өзбек ағайынға тоқтау салу үшін керек болса, екіншіден, Хорасан әулие есімі, ең алдымен осы жыр арқылы ел есінде ғана емес, тарихында да сақталып келгенін ұмытпауымыз керек. Болса болмаса өзбек ағайындарда ру жоқ қой…

Жаңақорған – тарихта алдымен Алпамыстың әкесі Байбөрі, соңынан өзі басқарған кешегі қоңырат рулары мекен еткен Жиделі Байсын жерінің бір пұшпағы болса, екінші еске алар тағы бір дерек – Гүлбаршын. Гүлбаршын Алпамыстың жастай атастырған қалыңдығы. Мұны айтып отырғаным, осы Жаңақорған маңында, кезінде республикалық дәрежедегі тарихи ескерткіштің бірі ретінде тіркеуге алынған Көккесене шаһары тұр. Орны Төменарық стансасының солтүстік күншығысында 5 шақырым жерде, қазіргі Қожамберді ауылында. Бұл шаһар туралы кезінде академик Әлкей Марғұлан: «Оғыз елінің атақты бір қаласы – Баршынкент. Баршынкенттің тағы бір қызық тарихы ол қаланы оғыз елін басқарған жеті данышпан қыздың бірі – Баршын сұлуға арналып салынғандығы. Қазақтар ол қаланы бергі кезге дейін «Қыз қала» деп келді, демек қызға арнап салды дегенді мегзейді» («Ежелгі жыр, аңыздар», 196-197 беттер. «Жазушы» баспасы, 1985 жыл) деп жазды. Ғұлама осы қаладағы Көккесене күмбезіне Гүлбаршынның жерленгенін де ескертеді. Кезінде Алпамыс батыр қалыңдығын осы жерден тапқан. Жоғарыда осы Оғыз мемлекетінің негізін Хорасан патша қалағанын айтып өттік қой. Бұған қосарымыз осы ауданда тұрып жатқан белгілі жазушы Адырбек Сопыбеков 2008 жылы жарық көрген «Жаңақорған» атты тарихнама еңбегінде Гүлбаршынның әкесі Қармыс байдың қазіргі Жаңақорған қыстағының түбіндегі Өзгент қаласында тіршілік еткенін жазса, таяуда Баршынкенттің Өзгент қаласының маңына орналасқан ескі тарихи картасын тауып, баспасөз бетінде сүйіншіледі.
Міне, өзім білетін осы бес дерек – Хорасан Атаның орта ғасырдағы тарихи белгілі тұлға болуымен бірге өмірден өткен уақытын айқындауға да негіз болған сияқты. Әулиенің өмірден шейт болып өтуі туралы да әрқилы аңыз деректер болғанымен қанша жасағандығы туралы нақтылы дерек жоқ.
Бұларға өз тарапымнан тағы қосарым, осыдан 18 жыл бұрын, өзінің «Ақбаян» әнімен халықтың ыстық ықыласына бөленген аяулы досым, марқұм Бексұлтан Байкенжеевты ертіп, осы Хорасан әулие жайлы арнайы телехабар дайындаған кезімде, бүгінде осы жерден алыстан мен мұндалап көрініп тұрған қасиетті Меккедегі Қағбаның көшірмесі орнында сыңсыған қалың сексеуілдің құшағында төрт бұрышты дуалдың тозып құлаған үйіндісі жатқан еді. Бексұлтан екеуміз бұрынғы ата-бабалар жасаған қажылық дәстүрімен, үйіндіге айналған төбешікті жеті рет айналып «Ләббайканы» айтқанымыз күні бүгінгідей есімде. Сол хабардың көшірмесі әлі күнге мұрағатымда сақтаулы тұр. Қазір «қағба-кесене» маңы жап-жақсы қоршалған. Соңғы жылдары әулиенің рухын көтеруде иманы кәміл өз ұрпақтары мен жергілікті тұрғындар біраз игілікті тірліктер ұйымдастырған. 1995 жылы әулие маңына 100 қаралы үй тігіліп, Хорасан Атаның өмірден өткеніне 1100 жыл толуына орай арнайы ас беріліп, оған Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстандағы ұрпақтары келіп қатынасты. Осы жиында он үш ғасыр бойы сақталып келген Әзірет Әліден Хорасан Атаға мирас болған Ту сабының ұшар басы лауха сатылап келіп, Қожакент ауылының тұрғыны Төлегенұлы Берден ақсақалға салтанатты түрде тапсырылды. Бұған дейін бұл лауха Ташкент облысының «Янги юль» ауылында тұратын Патша қожаның қолында болған. Лауханың жоғары жағында Аллаху Ахад, одан төменірек Әли деген арабша жазуды оқуға болады. Бұл лауханы Берден қажы өмірден өтер алдында перзенті Әбілғазыға аманаттаса, ұлы осы Хорасан мешітіне тапсырғанды мақұл көріпті. 2006 жылы Өзбекстанда тұратын Изатулла ­Шарапов бастаған әулие ұрпақтары биіктігі 14, ұзындығы 16, ені 8 метр әулие мүрдесі үстіне көтерілген қос күмбезді кесенені қайта жаңғыртты. Астанада тұратын осы жердің тумасы Алпамыс ба­тырдың ұрпағы Омар Жусанбаев пен ұлы Ғалымжан екеуі кесенеге Хиуадан 10 000 дана қаптама кірпіш жеткізіп, бұған қосымша 6 миллион қолма-қол теңгедей қаржы, шырақшыға «Джип» автокөлігін сыйға тартты. «Хорасан Ата. Бәйтерек» және «Хорасан Ата» тарихи поэма кітаптарын шығаруға да демеушілік жасап зор сауапқа иелік етті. Ақтөбелік Төрехан Жәдігеров әулие бейітін қара мрамормен қаптатты. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы ­Ибадулла ­Байхожин «Әбдіжалил баб» деген атпен Хорасандық қожалардың шежіресін кітап етіп бастырыпты. Осы шежіреде әулиеге байланысты мынадай аңыз жазылған: «Хорасан ата – Әбдіжалил баб өзі тіршілік еткен «Тотықұс» аралынан астындағы Желмаясымен желдей ұшып шығып, әр жұма күні памдат намазының екі бас парызын Меккеге барып оқып қайтатын көрінеді. Бұның бәрі іліммен болатын құдірет. Оның осы қасиетін ғұламаның ұлы имам ­Хусайын да сезіп жүреді екен. Ол бірде әкесіне: «Рұқсат етсеңіз, Меккедегі Кағбәтілләні осында көшіріп әкелейін» депті. Сонда Хорасан баб баласын сынау үшін кеңшілік етіпті. Бірде таңертең баласы үйге кіріп келіп: «Әке, Қағбатілләні көшіріп әкелдім, қай жерге қондырайын» дейді. Қасиетті баб сыртқа шықса, үш-төрт үй бойындай биікте ұшқан кілем үстінде қасиетті Қағбәтіллә тұр екен. Ит үріп, тауық шақырып, түйе боздап, ауыл у шу боп кетеді. Мезгіл күн найза бойы көтеріліп қалған екен. Сонда қасиетті баб тұрып: «Балам, сені сынайын деп едім, білім құдіретіңе сендім, бұл Жерге түсірме, мен Қағбаның көлеңкесін сызып алайын, өзін қасиетті орнына қайта апарып қой. Бұл жерде ол аяқасты болмасын, бұл – бір. Екіншіден, пайғамбарлар мекеніндегі қасиетті шаңырақ өзінің алғашқы мекенінде тұрғаны ләзім» деген екен. Қағбатілләнің сол сызылып алынған көлеңкесі орнына топырақ үйіліп, ұзамай оның көшірме серігі тұрғызылады. Меккеге бара алмағандар кезінде Құрбан айт намазында осында келіп, Меккеде жасар зияраттарын осында кіші қажылық ретінде өткізген көрінеді» (И.Байхожин. “Әбдіжәлил баб”. (83 – бет.) Алматы, 1997 жыл). Кітап авторының әкесі Бабқожа өткен ғасырдың 40-50 жылдары осы ­Хорасан Атаның шырақшысы болған. Ал кейінгі жылдары бұл жұмысты Әбітай, оның баласы Нұрқожа жалғастырса, қазіргі шырақшысы әрі Хорасан мешітінің бас имамы Нұрқожа ұлы Мейрамхан деген ініміз.
Соңғы дерек бойынша 2007 жылы қараша айында жаңартылып, қалпына келген Хорасан Ата кесенесінің қайта ашылу рәсімі өтіп, тағы да үлкен ас берілді. Аудандық мәдениет үйінде «Орта Азия мен Қазақстанға Исламның келуі және ондағы Хорасанның рөлі» деген тақырыпта аймақтық ғылыми теориялық конференция өтті.
Мақала соңында Хорасан Ата кесенесіне келгенде көңілімді құлазытқан мына төмендегі мәселелерді айтпауға болмайды. 2007 жылдан бастап осы әулиенің аты мен қойнындағы байлығын өз білгендерінше пайдаланып жатқан «Қызылқұм», «Солтүстік Хорасан», «Хорасан 2» уран кен орындарында түпкі өнім саналатын «сары кек» алып, оны уран тотығы –шала тотығына айналдыру жобасын жүзеге асыруда. Құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Energy Asia (B.V. I.) Limited (жапон энергетикалық компанияларының консорциумы), Ur Asia London Limited (канадалық Uranium one кәсіпорнының еншілес компаниясы). Уран өндірісінің пайдасы мен зиянын бізден гөрі жақсы білетін ғалымдарымыз кезінде өнім өндіруі өте қауіпті, бұл саланы қолға алған жағдайда мемлекет қатаң бақылауда жұмыс жасауы керектігін ескерткен болатын. Аттарынан ат үркетін құрылтайшыларға қарап-ақ, бұл кен орындары қазір кімнің еншісінде кеткенін ұғынуға болар. Аталынған кеніш орындары биылғы жылы 3000 тонна уран алатын жобаға шығып отыр. Қазір құны жиі ауытқып тұрғанмен, бағасы келешекте артпаса, кемімейтін 1 келі уранның әлемдік нарықтағы құны 170 АҚШ долларына теңеліп отыр. Білгісі келгендер елдегі барлық уран орындары қанша пайда келтіруге мүмкіндігі барын қарапайым есеппен шығарып алуына болады. Бірақ осыншалықты қазынаны қалтасына басып отырған компаниялар – абайласаң пайда, абайламасаң апат келтірер, жұрт үрейін тудырып отырған бұл кеніштерден – ел қазынасы түгілі жәбір көріп отырған жергілікті тұрғындарға экологиялық зардаптан басқа не пайда түсіріп отырғанын ешкім толық білмейді…
Менің айтпағым, аталынған атынан ат үркетін мекемелер орталығы мен Хорасан әулие кесенесі орналасқан жердің аралығы небәрі 7-8 шақырым. Қазір уран өндіру үшін жердің қалың қыртысына енетін бұрғы осы әулие шекарасына да түсіп кетіпті. Соның салдарынан уран тасымалдайтын ауыр салмақты есепсіз автомашиналар қимылымен әу баста әулиеге оп-оңай жетіп баратын қара жол бұл күнде жеңіл машиналар аттап қадам баса алмас «тозақы жолға» айналған. Сапар барысында сол жолдың азабын біз де бір адамдай тарттық. Болмаған соң мініп барған машинамызды бауыры кептелген жерінде қалдырып, әулиеге жаяу жетуге тура келді. Кезінде уранды игеруге байланысты осы Хорасан кеніші жанындағы «Байкенже» елді мекенін тұтастай көшіру мәслесі көтеріліп, қаншама қаржы қажеттігі талқыға салынған. Сол мәселе сөз күйінде қалды. Жергілікті тұрғындардың момындығын пайдаланып, ел де көшірілмеді, бөлінетін қаржы да сол күйі ізім-қайым жоғалды.
2004 жылдан бастап елімізде осындай уран өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік мәселесімен айналысатын «Демеу» қоры құрылған. Осы қормен жергілікті билік дұрыс жұмыс жасай білсе, күні бүгінге дейін кеніш жанындағы елді мекен түгілі аудан көлеміндегі біраз әлеуметтік мәселені шешіп алған болар еді. Жергілікті басшылардың дәрменсіздігінен ондай қимылды көріп отырғанымыз жоқ. Сондықтан жолды бұзған мекеме алдымен әулиеге зияраттап барушылар жолын қалпына келтіріп берулері керек. Екінші, әулиенің аты мен қойнындағы қазынасын пайдаланып отырған мекеме есебінен Хорасан Ата кесенесі басына ел ықыласы ауар Қармақшыдағы Қорқыт Атаға «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» үлкен трассасы бойында салынған жаңа кешендей әдемі ғимарат салуды міндеттеу керек. Бұл кешенде еліміз үшін осы күнге дейін қолға алынбаған мешіттер мен әулиелер тарихын зерттейтін Дін тарихы орталығы мұражайын ашу өзінен-өзі сұранып тұр. Мақала басында айтып өткеніміздей, осы Хорасанмен бір түзудің бойында Қаратаудың етегінде Дамбы Атада Құттықожа сахабаның мүрдесі жатыр. Сахаба басына алматылық бизнесмен Майра Мәжитқызы деген қарындасымыз қара, ақ ­мәрмәрдан үйлестіріп кесене-белгі көтеріп жатқанын көрдік. Иманды қыз аруақтың рахымына бөленсін деп тілейік. Сахаба Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан кейінгі діни тұлғаға берілетін атақ. Екі аралыққа бас аяғы 10 шақырым жерге қосымша асфальт төселсе, бұл жол аудан орталығын кесіп өтер даңғылмен ұштасып Құттықожа сахаба – Хорасан баб, жолай ­Алпамыс батыр ескерткіші үстімен өтетін тарихи кешеннің басын біріктіретін имани жол болғалы тұр. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылары біздің осы ұсынысымызға өз тараптарынан жанды да жедел қолдау көрсетеді деп ойлаймыз.
Иә, қазір Хорасан Ата әулиенің жаны кішігірім өндірістік қалаға айнала бастады. Алла абырой беріп, әруақтар рухы қолдап жатса, кешегі қазақ даласындағы тотықұстай таранып «Тотықұс» қаласы атанған ­Хорасан Ата – Әбдіжалил бабтың сүйегі жатқан аралдың қайта дәуірлеу заманы басталғалы отыр. Киелі жердің бұрынғы имани абыройына бөленер сәт қашық емес. Сол қаланың рухани орталығы бүгіннен бастап қолға алынып жатса еш артықтығы болмас..

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар

$
0
0

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар

(Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар және Сарматтар және олардың тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті туралы)

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон "Географиясында" жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустамдағы /Персопольға жақын/ тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендевшілер).

Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты

Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы

Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.

Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.

Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.

Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады

Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты - адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.

Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

ҮЙСІННАМА (1)

$
0
0

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА

ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ

КІРІССӨЗ
Ежелгі үйсіндер туралы жазылған деректер өте маңызды. Ал, оларды толық көру, дұрыс оқу, дәл түсіну, әділ пайдалану одан да маңызды.
Бүгінге шейін, бұлардың ішінде бір-біріне қайшы көзқарастар мен қалам ізі түспеген тұстардың аз еместігі де шындық. Сондықтан да, ежелгі Үйсін мемлекетінің, дұрыс ниетті және жауапкершілігі күшті нағыз ғалымдардың бүгінге дейінгі зерттеулерінің дұрыс табыстарына таянған, неғұрлым толық та айқын, жүйелі де сенімді арнайы тарихы қатты қажет болып отыр.
Бұл туралы ғалымдар :“Ежелгі үйсіндер туралы біздің дәуірімізге жеткен бірден-бір дерек көзі көне Жұңгоның тарихи жазба деректемелерінде ғана сақталған. Оның үстіне ол мағлұматтар аз да болса да саз дегендей, айқындығымен, жан-жақтылығымен және хроникалық даталарының дәлдігімен де аса құнды. Бұл деректерге Орталық Азия халықтарының ежелгі заман тарихын зерттеуші әлем ғалымдарының назар аударғанына да бір-екі ғасырдың жүзі болды... Жалпы, ежелгі Үйсін туралы зерттеулер соңғы бір жарым ғасырдан бері Жұңго тарихшыларының назарынан түскен емес. ⅩⅨ ғасырда өмір сүрген Хы Чютау, ХХ ғасырдың орта шенінде Жаң Шиман, Цын Жұңмян, онан кейінгі кездерде Су Бейхай, Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, Мың Фанрын, Яң Жяншиң, Лю Гуаңхуа, Ма Манли, Юй Тайшан, Жаң Юйжұң, Чын Шыляң, Жұңгодағы қазақ тарихшыларынан Нығмет Мыңжанұлы, Жақып Жүнісұлы, Жақып Мырзаханов, Әбілез Қамзайұлы т.б. тарихшы-археологтар ежелгі Үйсін тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысты және айналысып келеді. ЖХР-да ежелгі Үйсіндерге қатысты Жұңго деректері мен ғылыми зерттеу еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі де ХХ ғасырдың 80 жылдарда басталған болатын. 1987 жылы Байдәулет Аблаханұлы мен Го Уынчиң мырзалар ежелгі Жұңгоның «Хәннама» атты жылнамасының «Батыс өңір баяны» деген бөлігіндегі үйсіндерге қатысты деректерді қазақ тіліне аударып, «Батыс өңір және Үйсін мемлекеті» деген аттпен жариялады. ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясы Археология институтының археологтары Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы бірігіп жазған «Үйсін туралы зерттеу» атты монография 1989 жылы қазақ тіліне аударылып басылды (аударған проф. доктор Нәбижан Мұқаметханұлы). 1995 жылы ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясының жанынан Жақып Мырзахановтың жетекшілігінде ғылыми жұмыс тобы құрылып, ежелгі Жұңгоның «26 тарих» деп аталып кеткен тарихи жылнамаларындағы қазақ тарихына қатысты деректерді сұрыптап, қазақ тіліне аудару ісі қолға алынды. Ол деректер «Жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» деген атпен 1998 жылы І томы (жетекші бас редакторы Жақып Мырзаханов, бас редакторы әрі аудармашы Қаһарман Мұқанұлы, аудармашылар Әбділдәбек Ақыштайұлы, Кәкеш Қайыржанұлы, Самудин Әлғазыұлы), 2002 жылы Ⅱ томы (бас редакторы Кәкеш Қайыржанұлы, жұмыс тобына Шадыман Ахметұлының қатысуымен) Бейжинде Ұлттар баспасынан жарық көрді... Негізінде ежелгі Үйсін тарихымен, Жұңгоның ғана емес, бүкіл дүниежүзінің көптеген шығыстанушы ғалымдары айналысып келсе де, үйсінтануда түбегейлі шешімін таппаған ғылыми мәселелер баршылық” [ ] деп шындықты сан рет айтқан.
Жин Чұңжидің (Бейжиң және Фудан университеттерінің докторлар ұстазы, профессор) [ ]: “Бұрын, дүние тарихын зерттеу тарапында, Жұңго оқымыстыларының бірінші қол материалдарға сүйеніп жазған іліми шығармалары өте аз болды. Бұл толып жатқан жағдайлардың (мысалы, мұндағы шет тілді туындылардың аздығы, шетелге шығудың қиындығы, т.б.) шектемелеріне ұшырады. Қазір, зерттеушілердің шет тіл деңгейі жаппай өрледі, шетелдерге шығып оқу мен іліми ауыс-түйіс орайы керемет көбейді, шетелдің төлтума материалдары мен зерттеу жетістіктері оңайырақ қолға түсетін болды, олардың талайы ханзушаға аударылды, дүние тарихын зерттеушілер тобы да зорайды, соған орай бұл саладағы зерттеу жұмыстары айтарлықтай ілгеріледі... Тарих зерттеу - төл жасампаздық зерттеуге баса мән береді. Сенімді түпнұсқалық материалдарды мүмкіндігінше молырақ игеруді, мұқият сараптау мен салыстырудан өткізуді, оқиғалардың даму желісін айқын реттеуді, шешуші мәселелерді анық айтуды, оларды дәуірдің кең декорациясы мен тарихи даму процесіне қоя толғануды, сол заманның тарихи түп келбетін жаңғыртуды, осыдан барып терең ойға батарлық заңдылыққа ие білімді алып шығуды талап етеді. Бұл әрі жапалы ізденіс сипатты, әрі күшті тартымы бар, кісіні тәнті қыларлық жұмыс” деп дұрыс айтқан. Ұлы Даладағы этностар тарихы - дүние тарихының маңызды бөлігі. Оның ішіндегі Үйсін тарихы да - мына жағы Жұңгоның, ана жағы Батыстың тарихымен араласып жатқан тарих. Ежелгі Үйсін мемлекеті туралы аса құнды деректердің 90 пайызы Жұңгода бола тұра, жұңголықтардың әлем ғалымдарының Үйсін туралы дұрыс пікірін қуаттайтын, бұрыстарын түзейтін құнды зерттеулерінің жай жариялана басталуы өкінішті-ақ.
Қазір мына үш жағдай Батыс Өңір (соның ішінде Үйсін) тарихын зерттеу мен жазуға байланысты күйді шыт жаңа сатыға көтеруге алғышарт жасады:
А. Заман дамыды, ғылым өркендеді, демократия тың белеске көтерілді, ауызға қағу азайды, әр ұлт ғалымдары өз тізгінін өз қолына алды, еуроцентризм сықылдылардың беті қайтты.
Ә. Әр алуан себеппен бүгінге дейін қол жетпеген әлем түкпірлеріндегі (әсіресе Жұңго жылнамаларындағы) ғұндарға, үйсіндерге, қазақ сықылды бүгінгі ұлттарды құраған тайпаларға қатысты тың деректер көптеген ғалымдардың қолымен (мысалға тек мен білетін қазақ ғалымдары мен қаламгерлерін ғана атасақ, Нығмет Мыңжанұлы, Қойшығара Салғара, Мәмбет Қойгелдиев, М. Қ. Әбусейітова, Жақып Мырзаханов, Нәбижан Мұхаметханұлы, Бақыт Еженханұлы, Әлімғазы Дәулетхан, Кәкеш Қайыржанұлы, Қаһарман Мұханұлы, Жақып Жүнісұлы, Әбділдабек Ақыштайұлы, Самұдин Әлғазыұлы, Шадыман Ахметұлы, Сағынтай Сұңғатай, Әбілез Қамзайұлы, Байдәулет Аблаханұлы, Байдәулет Нұралин, Айтқазы Қалиұлы, Асқар Молдашұлы, Уәлихан Кәденұлы, Гүлжаз Асылханқызы, т.б. арқылы) толық та дұрыс аударылды, жарияланды.
Б. Соңғы жарым ғасырдан бері, бұрын “көкпар” болып жұлмаланып келген Орта Азия ұлттары (соның ішінде қазақ) тарихының арғы сатыларына қатысты бірқыдыру мәселелер қызу да байсалды талқы тақырыбына айналып, бірталай тарихи шындықтың басы ашылды. Бұған ТМД елдері мен Жұңгодағы қазақ тарихшылары ғана емес, өзге ұлт ғалымдары да қызу атсалысты. Әсіресе жұңголық ғалымдардың (мысалы, тек бергілерін ғана айтсақ, Су Бейхай, Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа, Хоң Тау және т. б.) бұл салаға келуі Үйсін зерттеуді тіпті тереңдете түсті. Бұл осыған шейінгі хань тіліне шорқақтардың шала не жаңсақ тұжырымдарын түзету мен толықтау арқылы ғылымға тың үлес қоса бастады.
Айрықша айта кетерлігі, 1998 жылдың 20-қаңтарындағы «Гуаңмиң Рыбауда» («Шұғыла газетінде»), Жұңго халық университетінің прфессоры Дай И айтқандай: “ХХ ғасыр Жұңго тарих ғылымы Жұңгоны дүние центрі санайтын дәстүри, тар, томаға тұйық тарихи көзқарасты өзгертіп, Жұңго тарихын дүние тарихының тұтас тұлғасының ішіне қоя зерделейтін, Жұңго мен шеттің тарихы мен мәдениетін салыстыратын, талдайтын, недәуір кемелді де ашық тарихи көзқарас қалыптастырды”. Расында да, осы газеттің көрсетілген санында Ма Кышы айтқандай Жұңгода “1949 жылдан бұрын, әр алуан себептер салдарынан дүние тарихын зерттеу негізінен жоқ болатын”. Ұлы Дала тарихына неше мың жылдық жазба тарихы бар Жұңгодағы хән тілді тарихшылардың келіп кірісуі - бұл өңір тарихы үшін зор маңызға ие іс.
Осы процесте тек Жұңгоның өзінде, «Үйсін туралы зерттеулер» (Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылардың монографиялық еңбектерінің жинағы), «Ежелгі үйсін елі» (Шадыман Ахметұлы құрастырған ғылыми мақалалар, археологиялық қысқаша есептер, тарихи деректер мен оның ханзуша мәтінінің топтамасы), «Қазақ халқы және оның салт-санасы» (Жақып Мырзахановтың қазақтың тегіне недәуір орын берген шығармасы), «Қазақ мәдениетінің тарихы» (Су Бейхайдың Үйсін мәдениетіне көрім аялдаған шығармасы) сықылды толып жатқан тың ойлы, соны деректі туындылар жарық көрді.
Ал, енді мына «Үйсіннама» ежелгі үйсіндерге байланысты мәселелерден мына тұстарға баса аялдамақ :
А. Үйсіндердің этногенезі. Ежелгі үйсіндердің арғы тегін іздестіру және олардың бергі дүниеге ұласымын талдау.
Ә. Үйсін ұлысының Ғұн қағанатынан тәуелсіздік алу тарихына қатысты таласқа лебіз білдіре келіп, оның б.з.б. Ⅱ - Ⅰ ғасырда заманына сай ірі де күшті мемлекет болғанын гоографиясы, демографиясы, экономикасы, қорғанысы, мәдениеті, дипломатиясы арқылы дәлелдей түсу.
Б. Үйсін ұлысының ыдырауына талдау жасап, басты себебін ашу.
В. Үйсіндердің Түрік қағанатына қарағанға шейінгі тіршілігінен қысқаша мағлұмат беріп, оның ұшты-күйді жоғалып кетпегенін дәлелдеп, өзге тайпалармен байланысын (соның ішінде басым бөлігінің қазақты құрағанын) айқындау.

Тілеуке Құлекеұлы - Шал ақын

$
0
0

Көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның туғанына биыл 250 жыл толып отыр. Кейбiр газеттерде анда-санда шын жанашырлықпен жарқ еткен қызғылықты мақалалар, арнаулар болмаса бабаның тойы деп, бауыр тартып, дананың тойы деп дабыл салушылық бұл жолы бұйырмай тұр. Неге екенiн бiлмеймiн, шiлде айында өткен "Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих” жылына арналған Қазақстан Республикасы Ғылым Министiрлiгi - Ғылым Академиясының жалпы жиналысында елiмiздiң Мемлекеттiк Хатшысы, атақты жазушы Әбiш Кекiлбаев мырза ұлттық тарихымызға дәнекер болған ұлы бабаларымыздың қатарында атаса да мерей тойлы жылына қазақтың ақындық әлемiнде ешкiмге ұқсамас кесек тұлға, үздiк дарын иесi - Шал ақын Құлекеұлы туралы той қызуының дүбiрi мен от шарпуы бiлiнбейдi. Өкiнiшке малтықпай әлi де уақыт бар ғой, жыл аяғы ардақты бабамызға салмақты естелiк жасатар деген үмiттен де құралақан емеспiн.

Шал ақын жайлы сөз көтерсек, отаршылдықтың орынан шошып, құрығынан құтылуға кiрiсiп, арыстандай айқасқан, жолбарыстай шайқасқан, ХУШ- ғасырдың басында алты Алашқа аты шығып, Абылай ханның ең жақын серiгi болған Құлеке батырды еске алмай өте алмаймыз. Оның себебi: шын аты Тiлеуке - Шал ақын сол Құлекенiң бел баласы. Осы жағдайдың өзi Шал ақынның ұлт тiлегiн ұран еткен ұлы әулеттен абзалдығы, күшiне адуындылығы, талабына тапқырлығы сай өнер иесi екенiн көрсетедi.

Әкесi Құлеке өлгенде:

"Құлеке жиырмада арқар едi,

Отызда би, қырқында-дарқан едi,

Кешегi дулап өткен Құлекенiң,

Алдынан орыс, қазақ тарқап едi”, -деп тегiн айтылмаған.

Құлеке жаудан жаны шайлықпас батыр да, дауда орыс, қазақты таңдантқан орақ тiлдi шешен, байыпты туған саясаткер де болып өткен дарабоз. Ол Абылай ханның жалаңтөс батыры ғана емес, ең сенiмдi елшiсi болып қызмет еткен, өз заманының сауатты да, салауатты озық туған шын мәнiндегi зор қайрат-керi.

Атаға тартып туған ұл - Шал ақынның қолда бар шығарма-ларына үңiлсек, арқа сүйер негiзi берiк, топқа түссе тайсалмас, айтысқа кiрсе жан салмас, ән шырқаса ерен, сөз сөйлесе әрi терең, әрi шалқар шабытымен "мен мұнда” -лап тұр. Арқалы ақынды оқығанда, әрине, ең алдымен оның өмiр сырына жаны қанық, даналық салауаты көз тартады.

" Жақсының жүрген жерi той болады,

Ақыл жоқ кей адамда бой болады.

Көрмеге қандай жаман болсадағы,

Парасат кей шаһбазда ой болады”-

- дегенiн оқығанда мал баласының пiрi Құлагердi көрген аталарымыздың айтқаны еске түседi. Үкiлi Ыбырай ауылының бiлiктi ақсақалы, менiң екiншi шешемнiң әкесi атақты аңшы, құсбегi, әйгiлi балуан Қожағали Бекiбайұлы: "Құлагер жәй тұрғанда ерекше тұрпатымен көрмеге көз тартпайтын, тек қос құлағы мен төрт тұяғына таңданушы едiм, ал бәйге өрiнде шаба жөнелгенде iле алға түсiп, өзге мал баласын iлестiрмей кететiн. Әне, сонда есiң шығып таң қаласың”, - деушi едi. Шал ақын-ның қай өлеңiн алсаң да адамға үлкен ой салады, салыстырмалықтың шеберi адамға заман әлпетiн таныстыра бiлiп, қыр-сырын айдай айқын ашады. Өлеңiн, не айтысын, не әзiлiн оқысаңыз екi жүз елу жыл уақыт өткендей емес, екi елi қалыспай қасыңда жүргендей сезiнесiң. Шал ақынның ұрпаққа дарығыш жыр қуатының шын құдiретi де осында - деп бiлемiн.

Әйгiлi жазушымыз, Шалақынтанудың ерен майталманы, үздiк бiлгiрi Мұхтар Мағауиннiң деректерiнде Шал ақынның айтыс өнерiнiң де үздiгi болғандығы айтылады. Оған"Өске мен Шал ақын”, "Шал мен кемпiрi”, "Бәйбiше мен Шал ақын”, "Шал ақын мен қыз” атты айтыстары куә болмақ. Ал, қақтықпалы, соқтықпалы шағын қақпақылдар, қамшы қағыстар өрiс алған Шалдай жүйрiк ақындар кем де кем. Айтыстарының бәрi де өмiрдiң шын көрiнiсiн ашық айтып, адамның құмарын қандыра бiлетiн озық ойлы, алмас кездiктей өткiр тiлдi әзiлге бай келедi. Өлеңдерi де көтерем ұйқас емес, буыны берiк төрткүл дүниенiң тұтқасындай төрт буынды ұйқаспен шұбыртпалы әрi құтыртпалы сомдалады. Шал ақын ғылым, бiлiмдi уағыздап, өзi ұстанған фәлсә-фасын алға тарта бiлдi. "Кедейлiк ер жiгiтке намыс емес”, "Жоқ болсаң қызыл бүйi үйiң болар”, "Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса”, "Ашу - дұшпан болғанда, нәпсi - жауың” десе ұлағатты ұлылыққа бой ұрған дана дер едiк.

" Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,

Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.

Құ р жасы елулерге келсе-дағы,

Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-

- десе, ақынның үлкен парасат иесi болғанын айқындай түседi.

Шал ақынды тек қана ауыз әдебиетiнiң өкiлi деушiлер бар. Менiңше, сегiз қырлы, бiр сырлы ақында бәрi бар, ол - айтыскер, суырып салма импровизатор, қолы тиген жердi жұлып алар, көзi түскен жердi үзiп алар өткiр экспромт иесi, тапқыр сөздiң үздiк шеберi, ауыз әдебиетiнен жазба әдебиетке көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кемеңгер.

" Мен өзiм талай сөздi хатпен жазғам,

Әзiлден мерт болады артық қазған,

Өткен iске өкiнсем өмiрiм зая,

Тұяққа iлiнгендi қайта жазбан”-

десе "хатпен жазғандығын”әдейiлеп кейiнгi ұрпаққа паш етiп отыр. Ол өлең сөздiң сан саласын, талай түрiн игерген өз заманындағы нағыз реформатор ақын.

" Келiн жақсы болса

Үйiңе көп кiсi келедi.

Келiн жаман болса

Келген кiсi кеткiсi келедi.

Ас құй десең төккiсi келедi,

Төкпей құй десең сөккiсi келедi”- десе бұл нағыз экспромт.

"Кәрiлiк - күлге аунаған қотыр бура” , "Кемшiлiк бердiң алла, бiр қуатқа” - деген сияқты өлеңдер жазба әдебиетiнiң өкiлi екенiн көрсетiп тұр.

"Тау толағай көрiнер тасы кетсе,

Әр ел жесiр қалады басы кетсе,

Кәрi күш не болады, уа дариға,

Асырайтын қолынан жасы кетсе”-

дегенi шыншылдыққа сайыған тамаша өлең үлгiсi. Абылай хан өлгеннен кейiн жазылуға ықтимал, "Әр ел жесiр қалады басы кетсе”, - деп тұр ғой.

Ақынның жарық көрмеген дүниесi әлi көп. Мен Шал ақын-ға ешқашан терең зерттеу жүргiзген емеспiн, бiрақ, бала жасымнан Ақан Серi, Бiржан Сал, Балуан Шолақпен пара-пар көрiнiп ерте естiген өлеңдерi есiмде қалды. Ол кезде Шал ақынды арамызда қос ғасыр жатқан бабамыз деген ой келмейтiн, аталарымызбен шамалас ақын деп ойлаушы едiк. Көкшедегi Жалғызтаудың етегiндегi бiздiң ауылда Шал ақынның өлеңдерiн естiмеген, бiлмеген қарттар түгiл жастар болмайтын. Негiзiнде хатқа түспей, ел ауызына жатқа түскен өлеңдерi арқылы Шал ақынның талай шығармалары берiк сақ-талды. Сондағы естiп, бiлгенiмдi қорытқандай ойлансам, әзiл сөз алымды да, қарымды ойнақылығымен ел iшiн ерекше сүйсiн-дiретiн...

Жамбыл атамызды айтыс өлеңiнiң ақиығы десек, оның пiрi Сүйiнбайды сықақ пен мысқылдың атасы дер едiм. Абай, Мағ-жан, Мұхтарлардың орындары ерекше, ал "Жұмбақ жалауымен” Сәбит Мұқанов өлеңшiл қазаққа роман оқытты. Бұл кiтапты бала кезiмiзде кемпiр, шалдарға оқи, оқи жаттап алғандай дәрежеге жетiп едiм. Әбден көз майы таусылғанда оқыған болып, өзiмiзше зуылдата беретiнмiн. Ал, Шал ақынға келсек, әзiл сөзi ел арасында кең тарады, әнiмен айтылып жүрдi. Ақан серi бабамыздың орысша, қазақшасы аралас күлдiргi өлеңдерi секiлдi Шал ақын атамыздың әзiлқой әндерi жиi айтылатын. Алдымыздағы өнерлi ағаларымыз жұрт көзiнше айтса да, оңашада шырқаса да тап осы тектес өлеңдерге бала күнде құмар едiк, жаттап кеттiк, жиын-тойда орындап жүрдiк. Шал ақының кiм десе, ол - әзiл сөздiң атасы дер едiм.

Шал ақынның өлеңдерiн тапжылмай iздеп, тырнақтап тауып, түбегейлi талдау мен зерттеуден өткiзген атақты жазушымыз, бiлiктi ғалым, зиялы азаматымыз Мұхтар Мағауин-ның атқарған еңбегi орасан зор. 1998 жылғы "Жүлдыз” журналының сегiзiншi санында, ол жайлы әдемi айтылыпты. Мұхтар мырзаның кездесiп, көптеген iлтифатпен ардақтап, жерiне жеткiзе жетi атасын да, өз тұлға-тұрпатын да тамаша сипаттаған ақсақалымыз Шал ақынға төрт атадан қосылатын Жантiлеудiң Қошаны. Әрине, тiкелей осы ұрпақтың өкiлiне дәл түскен соң зерттеушiлер дөп басқан, көптеген мағлұматтар жинап уақытында шыққан "Алдаспанға” Шал ақынның өлеңдерiн кiргiзген, одан соң жарық көрген көне сөздiң асыл жинақтарында Шал атамыз лайықты орын алған.

Қошан ата мен әкемiз Айтақмет те, оның ақын ағасы, халық ақыны Молдақмет Тырбиев те ерекше сыйлас, құрметтес болып өттi. Қощекең Молдекеңнен кiшi, Айтекеңнен жасы үлкен кiсi едi. Тұлғасында Құлеке батыр бабасының тұрпаты, миығында Шал ақын атасының байқампаз күлкiсiнiң үзiгi, тұрғысында өз әкесi Жантiлеудiң кербездiгi, бет әлпетiнде тек қана өзiне бiткен ерекше паң-сырбаз сымбаттылығы адам жанын баурап алатын. Оның ес бiлгелi араласа жүрiп Қожағали атаммен аңшылығы, Молдақмет атаммен сөз сарасын сүйгiштiгi, Айтақмет әкеммен саясаттан қалмас сарапшы болғандығы ерекше таңдантатын. Қошан ақсақалдың баласы академик Қошанов Аманжол Ғылымдар академиясының вице-президентi болса, оның түбiнде де осы берiк тұғыр, асыл негiз жатыр. Қорытып айтсам, зерттеушiлердiң Қошекеңе тап болуы үлкен олжа, айшықты сәт.

Кейде ойға оралар бiр нүкте секем салады. Зерттеушiлер қайсыбiр жанашыр ақсақалдарға, ақындарға жолықса да елде бар Қошан ақсақалға пара-пар адамдарға, толығынан кездесе алмады. Қошан-атамен ұшырасу зор ғанибет, мол табыс, ол да құдайдың төге салып бергенi. Ал, сол төңiректi ән мен күйге орап дүркiретiп өткен, өзiнен бұрынғы сал, серi ақын ағаларының, аталарының өнерiн жалғастырып өткен ғажайып ақын Молдақмет Тырбиев сияқты дүлдүлдерге кездеспеулерi өкiнтедi. Бұл кiсi халық ақыны атанып қана қоймай кезiнде болыс болып, ел басқарған, һәм мұсылман дiнiнiң бiлгiрi болған жанжақты оқу, тоқуы бар асқақ әншi, майталмен ақын, сұңғыла жыршы, ақтангер шежiрешi, айтыстар мен дастандардың телегей теңiзi, Ақан Серi, Үкiлi Ыбырайлардың төл шәкiртi едi. Мұса Асайыновты алсақ, ол Үкiлi Ыбырайдың шөбересi, оған қоса, Молдакеңнiң ең жақын шәкiртi болып өттi. Көкшетауда Бiржан сал - Ақан серi - Үкiлi Ыбырай - Молдақмет - Мұса деген сал, серiлiк жалғастыққа ешкiмнiң таласы жоқ. Оған қоса Ырысбайдың Тоқымына, Досмағамбеттiң Қапарына, Сәрсенбайдың Қожахметiне, Бимырзаның Қасымына, Үкiлi Ыбырайдың Есебiне, Жауардың Уәлиханына, Жақыптың Рақымбегiне кездессе ғой. Онда қоржындары лықсып толар едi. Бұл кiсiлер ақындық өнердiң Сарыарқадағы сұңғыла бiлгiрлерi ғой.

Мұса Асайынов асқақ әншiлiгi Үкiлi Ыбырай бабасына тартып туған жүйрiк болса, Молдекеңнен үйренгенi көп ауыз әдебиетiнiң де сыр сандығындай көкiрегi алтын қазына-тын. Мен Шал ақынның өлеңдерiн бала кезiмде сол Мұсаның жақын ағалары, Ұлы Отан соғысынан оралмаған тамаша әншi Сақайдың Өмiржаны деген ағамыздан естiдiм. Жұрт ол кiсiнi де Ыбырайдың аруағы дарыған әншi дейтұғын, сұлу, сымбатты, тайпалма жүрiсi де Ыбырайдың көшiрмесi саналатын. Сол өлеңдердi бертiн өзiмнен төрт, бес жас қана үлкен бөлем Мұсаның айтқанынан жазып алып, есiме сақтадым. Жас кезiмде өзiм де айтып жүрушi едiм. Сол "Шал ақынның әнi” - деп аталатын өлең былайша басталатын:

"Мен өзiм Шал да болсам қатқан шалмын,

Сақалға меруерт, маржан таққан шалмын.

Бозбала iшiң күйсе тұз жалашы,

Қойнына талай қыздың жатқан шалмын”.

Кiм шырқаса да тыңдаған жұрт дүркiреген жылқыдай дабырлы дүбiрмен қол соғатын. Кiм шырқаса да қайталатпай қоймайтын. Бiздерге бұл өлең, өлең сөздiң шыңы мен сыры көрiнетiн, құпиясыз жалауы саналатын. Балалық шақтың сындай ән бесiгiнде өткенi де бақыт екен. Осы күндерде пайғамбар жасынан асып кетсем де Шал ақын бабамыздың әнiн жиi орындаймын, жасара түсем, қасара түсемiн. Осы өлеңнiң әнi де Шал ақыннан аман-есен жеттi деп, белгiлi ақын Сұлтанмұратұлы Әмiре мен Молдекең кеңесiп отырғанда құлағым шалғаны бар. Әнi де әйгiлi әндер қатарын-дағы дүние, "Қыз-Жiбек” операсындағы Бекежанның ариясына ұқсас-тын. Ал, негiзiнде ән сарыны Шал ақыннан жетуi мүмкiн. Не де болса бұл өлең қос ғасырды араға салып, бiздерге жеттi. Бұл да сирек кездесетiн дарын иесiнiң өлместiкке жол салған өнерiнiң шын белгiсi деп ұғынамын. Дарқан дарынның сарқылмас шапағаты да осы шығар.

Молдақмет атамыз "Халық жауы” атанған Үкiлi Ыбырайдың өлеңдерiн есiк, терезенi жауып тастап, авторын атамай үйретсе, Шал ақынның күлдiргi өлеңдерiн өзi айтпай жас шәкiрттерi Мұса Асайынов, Тұрсынбай Кәкiмовке үйрететiн. Ал, өзi Шал ақынның:

"Сөйлеп қал, сөйле тiлiм, арыс келдi,

Алдыңа сөйлетұғын намыс келдi,

Сөйлеп қал, қызыл тiлiм осындайда,

Қысқарып ұзын дүние қарыс келдi”-

деп басталатын өлеңiн нақышына келтiрiп, өз сарынымен бүлкiлдете жөнелетiн. Содан кейiн осыған ұқсас Үкiлi Ыбырайдың "Заулап қал, тiлiм мүдiрмей” атты өлеңiн асқақтата шырқайтын, содан соң өзiнiң "Дүние” атты өлеңiмен бiр топшылайтын. Бұл көрiнiс ендi ойлап тұрсам ғасырлар жалғасы, асыл өнер өркенi, ұрпақтардың сабақтастығы iспеттес көрiнедi. Кейбiр ағаларымыз Шал ақын Кеңес үкiметi кезiнде "қағажу көрiп келдi” десе, тап осы тұжырымға мен жапа-тармағай қосыла қоймаймын. Қазiр де Кеңес үкiметiнiң салдары ма, 250 жылдық мерейтойы туралы не бiлемiз? Олай емес, "сабақты жiп сәтiмен” дегендей әр iстiң сәтi бар, таратудың кемдiгiнде болды, Шал ақынның бар мүлкi әлi тегiс жиналған жоқ, ұлы дарынның асыл қазынасын байыпты көрсетердей үлкен топтама ғана жасалды. Ал iзденiс әлi бола бермек. Өзiм өскен Есiл, Көкше өңiрiнде Шал ақынның өлеңдерiне тиым, һәм кедергi бар деп естiмедiм. Мәселе зерттеудiң аздығында. "Әр елдiң Абайы бар ғой Мұхтары болса” - деп Жамбыл атамызға жоритын қанатты сөз бар. Мен бұл сөздi Жәкеңнiң өлеңдерiн өте көп бiлетiн, жатқа айтып қызықтыратын ардақты ағамыз марқұм Евней Арыстанұлы Бөкетовтен естiп едiм. Сол ұғымға жүгiнсек, Шал ақынның да Мұхтары туды, тек ол Әуезов емес, одан кейiнгi буынның ең көрнектi ұлдарының бiрi Мұхтар Мағауин. Кiшi Мұхтарға үлкен алғыс айту зор мiндет, Шал ақынның аруағы қолдап жүрсiн демекпiн.

Осы орайда бiр айтылатын әңгiме 1955 жылы Мәскеудегi Түстi металл және Алтын институтын бiтiрiп, Жезқазғанға барар жолда елге - Солтүстiк Қазақстан облысы бұрынғы Октәбiр ауданы, Мәриевке кентiне келiп, бiраз күн ағайынды араладым. Сол жолы Молдекең бар, өмiрден ерте өткен тамаша жазушы Ермек Қонарбаевтың әкесi Ләмәлидiң үйiнде өте-мөте қызғылықты кеш болды. Ләмәли ақсақал менiң жеңгем Зейнидiң әкесi - құдамыз едi, әрi Молдакеңдi зор сыйлайтын кiсi, әрi менiң оқу бiтiргенiм бар салтанат тәуiр-ақ өттi. Бiздi басқарып келген Есiл өлкесiне белгiлi жiгiт Қыстаубай Борақаев ағамыз және сол кездегi Ленин атындағы совхоздың азаматы, мұғалiм Жылгелдi Мұқанов деген жiгiт бар-тын. Сол кеште он жылға сотталып, жетi жылды өтеп үйiне келе жатқан бiр тамаша кiсi ұшырасты, аты-жөнi есiме түспедi. Кеште Шал ақын туралы көп сөз болды.

Молдекең: "Атығай әулетiне айтар бiр назым бар, Шал ақынның өлеңдерiн айтпайсыздар, ал бiздiң ауылда ол аруақты бабамызды бiлмейтiн бала да жоқ” - деп қатты кеттi. Ләмәли ақсақал көне салды. Дәлел болсын дедi ме, Молдекең маған "Шал ақынның әнiн” айтқызды. Жамиғат әжептәуiр дуылдасып қалды, Молдекең өзi де Шал ақынның данагөй өлеңдерiнiң бiр-екеуiн бүлкiлдетiп бәрiмiздi дүр сiлкiндiрдi. Осы кезде әлгi сотталып, ақталып келе жатқан, орта жастағы сымбатты қонақ: "Молдеке, рахмет, ата бiздiкi, бiрақ өлең шiркiн Ақан Серiсi, Үкiлi Ыбырайы бар Қарауыл атаңызға қонған ғой, сiзден Шал ақын жайлы ұлы сабақ алып қалдық. Жасымда өзiмнiң де бiр қағарым бар едi” - деп, дайын домбырамды көп түземей шырқап салды. Қанша қажып келе жатсадағы думанның қызығы дүние-дүрмектiң бар әрекеттерiн ұмыттырғандай, айтқан әнi өте әдемi шықты. Әннiң аты "Тық, тық басқан”. "Осы өлеңдi жасымыздан Шал ақындiкi - деп өстiк. Молдеке қалай қарайсыз?” - дедi. Молдекең күлкiсiн жия алмай отырған күйi, әндi қайта орындатты. Содан кейiн ән құмар, өзi де әншi Ермек өтiнiп үшiншi рет айтқызды. Жаттап алғыш құдайдың бергенi бар, мен әндi жаттап алған сияқтымын. Әсiресе, қайырмасындағы

"Гекку-гекку, Гекку-гәй,

Геккугәйдiң етiгi-ай.

Тық, тық басып кетуi-ай!

Қыз қалқаның ауылының

Жетер ме едiм шетiне-ай!”-

- деген сөздердi бiр айтқанда өмiр-бақи ұмытылмастай әсер қалдырды. "Тық-тық” басып кетiп бара жатқан сұлу қыз елестейдi, ал дыбыс "құлақтан кiрiп бойды алады”.

Молдекең көп ойланып отырды да: "бұл әннiң кiмдiкi екенiн бiлмеймiн, бiрақ, Керей жаққа барғанымда үйренiп келдiм” - деп, Ыбекеңнiң баяғыда бiр айтқанын естiп едiм. Кейiн бұл өлеңдi үшты-күйлi жоғалтып алдым, өз әуестiгiм болмады, Жантiлеудiң Қошаны анық-қанығын бiлетiн шығар”, - деп сөзiн аяқтады.

Таң сәрiде ерте тұрып Молдекеңнiң домбырасын алып, "сенек” - деп аталатын ауыз үйге шығып кетiп, әндi екi iшекке төгiлтiп, сөзiн қағазға түсiрiп өзiме өзiм айтып берiп отырғанымда дәрет алуға Молдекең шықты да, айтқанымды құптап, бiр-екi жерiн түзеттiрiп кетiп қалды. Дәрет алып келгеннен кейiн: "Жаттыға бер, жөнiң дұрыс, шәй үстiнде айтасың” - дедi, шефтiң айтқаны заң, шәй үстiнде орындап бердiм.

Сонда отырып жұрт таңданғанда Молдекең "тұқым қуалаушылық қой өнер - деген. Кәкiжанның ұлы атасы Ерторы ағамыздың Ақан Серiнiң жаңа өлеңдерiн жаттампаздықпен аты шықты. - Ереке, кешегi әндi ұмытып қалдым, еске түсiршi” - деген Ақан-ағаңның сұрағын бұлжытпай орындайтын грамафоны дерсiң, сол қасиет немересiне дарыған да” - деп жақын шақырып, бетiмнен сүйдi. Тау-кен инженерлiк дипломы бар жас ақынға бұл мақтау зор қуаныш бiлдiрдi, атамның өнерiн де естiп, көкiрегiм жылынып қалды. Бұл өлеңдi Жезқазғанға келген жылдары айтып жүрдiм. Өлеңнiң сөздерi де, әнi де әлi есiмде, күлдiргi өлеңнiң ғаламаты - деуге болады. Жезқазғанда Ордабай Исаев деген көршi ағамыз жаттап алып айтып жүретiн, ол кiсi "Кәкiмбектiң әнi” дейтiн. Шындығы Шал ақындiкi болуы көп күмән келтiрмейдi.

Әлгi ақсақал алғашқыдай емес күнгiрт күйiн үштi-күйлi жойып, ашыла бастады да, Шал ақын жайлы жақсы әңгiме айтты. "Бiр байдың баласы, атын атамаймын, осында ұрпақтары отыр, алған жарының қыз белгiсiн дау етiп пәленi Шал ақынға жауыпты. Сонда ерке ақын осынау әндi шығарыпты” - деп желдiрте жөнелдi.

"Тәубаға кел, тәубаға,

Құнсыз iстi даулама.

Сақинасын бермей ме

Кететiн қыз сауғаға”-

- деп шырқап манағыдан бетер күлдiрдi. Бұл әннiң әуенiн жаттамадым, "Тық, тық басқан” басқа әнге жуытар емес. Жаңа әндi бiрнеше рет айтылғаннан кейiн сөзiн жазып алып, Ермек марқұм тамаша орындап бердi. Бұл әндi көбiне үлкендер жоқ, әйелдер жоқ жерде Ермекке айтқыза берушi едiк, сөзi қойын дәптерiмде сақталыпты. Ол кезде қойын дәптерге түсiрiп алып әлектенушi едiм. Осы дәстүрiм үлкен пайда бердi. Шал атамыздың тағы бiр өлеңi Мұса-ағайдың айтуынан жазылып қалыпты. Шал ақынның "Бұхарда көрдiм бұлама” - деп басталатын өлеңiн жас кезiмде бiр естiгенiм болатын. Онда ерекше назар аудармап едiм, "бұламасы” мен "сұламасын”ұқпаған шығармын.

1997 жылдың қысында Жезқазғаннан поезбен келе жатып, Мұстафа Шоқай ағамыздың немере iнiлерiнiң бiреуiне тап болдым. КГБ-ның запастағы полковнигi екен, бiз сияқты Мәскеу жақтан Кеңес Одағы ыдыраған соң елге келiптi. Таныса келе туған жерiм Солтүстiк Қазақстанда дегенге елең етiп, Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандас досы болған, туған жерi Есiл бойындағы қазiргi Сергеев ауданының бiр ауылындағы Мәнжүр деген досын есiне түсiрдi. Досы әскерден оралмапты. Мәнжүр ағайдың фамилисы есiмде жоқ, бiрақ, бiр сыныпта орта мектепте оқыған Әгiр қыздың соғыстан оралмаған ақын ағасы екенi есiмде. Жас ақынның өлеңдерiн бала кезiмде оқығаным да бар едi. Сол Мәнжүр-ағайдан қан майданда жүргенде естiдiм деп "Бұхарда көрдiм бұлама” - деген Шал ақынның өлеңiн жатқа айтты. Таң қалуымда шек жоқ, дереу жазып алдым да, Шал ақынға шөбере саналатын академик Қошанов Аманжолды сөз еттiм. Бұл кiсi шет жерде көп жүрiп, барлаушылық қызметте болғандықтан, қазақ зиялыларын бiле қоймайды екен. Жеңгемiз "Жезкиiктi” айтуға шебер болып шықты. Сол ән арқылы тезiрек танысып кеттiк. Өлеңдi жазып алып, Алматыға келген соң Аманжолға оқыдым.

"Бұхарда көрдiм бұлама,

Ташкентте көрдiм сұлама.

Саған да есен жетермiн

Есiлдiң қызы жылама”-

- деген өлең жолдары ерiксiз тыңдатты, әрi қарай өлеңнiң қызғылықты әзiлдiң, махаббат ләззәтiнiң ғажайып мезеттерiнен туатын, қыл сезiмнiң құштарлы шағын паш ететiн жерлерiне келгенде Шал ақынның құдiрет күшiн тағы да бiр жаңа қырынан байқайсың. Ол - эротикалық өлеңдер. Бұл саладағы ақын бабамыздың алар орны ерекше, әзiлдiң атасы десем, эротикалық өлеңнiң нағыз бабасы да осы Шал ақын.
Эротика дегенiмiз - махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан әрекеттердi сыйпаттау. Һау Ана мен һау Ата тиым салған жемiстi жеп қойып, жәннаттан қуылса да, жер бетiнiң жаңа жұмағы махаббат сырын ашты. Үрiм-бұтақ тарады, бұл да болса алланың рахматы деп махаббат пен ғадауаттың бал ләззатына бөлендi. Эротика - айқаласқан тайталас сәттегi сезiм селiнiң сыпайы толғағы, ол порнография, яғни былапыт, дөрекi тiлмен көсiлтетiн күнәһар емес, нағыз пiрадар тiлмен ашық айтылатын сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң суретi. Осы заңдылықтарды өзгеден артық бiлгендей Шал ақын атамыз қазақ поэзиясында эротикалық өлеңдердi тудырды. Ақындықтың бұл саласында оның алатын орыны ерекше. "Өлшеуiнен асырса боғы шығады” - деп Абай атамыз айтқандай, әзiлшiл ақын өлшем мен мөлшерден аспайды, дөп басады. Негiзiнде Шал ақын орта бойлының ерекше сындарлысы, аққұба жiгiттiң асқан сұлу сырбазы болса керек. Құдайым оған қоса үздiк әншi, суырып салма - импровизатор ақын еттi, байырғы өлең сөздiң-қисса, дастандардың телегей теңiзi еттi. Бұл сегiз қырлы, бiр


Тiлеуке Құлекеұлы

$
0
0

Тiлеуке Құлекеұлы

(Уикипедиядан)

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819 ж.), төкпе ақын. Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жолы бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың ақыны. Шын аты-жөні Тілеуке Құлекеұлы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[1] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. [2]

Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[3]Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.

Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды:
"Бір жаратқан пенденмің,
Перзент үшін жылаттың.
Балалы арқар маңырайды,
Баласыз арқар зарлайды,
Балалыны көргенде
Екі көзім жайнайды,
Ішім оттай қайнайды!"

Тағы бір өленінде айтқаны: босағасын алтыннан соқсаң-дағы перзент сүймей адамның мейірі қанбас. (128б.). Ел болудың басты шарты – отбасында перзент болуы. Ел болу үшін қазақ дәстүрі бойынша отбасында баланың көптігі керек. Халық санын (қазақ санын) көбейту бүгінгі Қазақстанның демографиялық мәселесі. Ата-ана – қазақ халқының дәстүрлі құндылығы, ол түркі халықтарының қасиетті құнды жері – Мекке және Мединеге теңестіріледі:
Ата менен ананды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші (128б).
Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды.

Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақынның бір сөзінде осы құндылықтың мазмұны былай ашылған:
Жетесіз туған жігіттер
Жиырма бесте жас болар. (130б)
Жетесі жаман бозбала
Тоқсандағы шалмен тең (138б)

Бала - әкеге тірек болу керек деген дәстүрлі құндылық «Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар» деген сөздермен көрсетілген.

Толығырақ[өңдеу]

Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.
«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенiң?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,
Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.
Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күшi?»

-дейдi. Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң ақындық атын шығарған екен. Осыдан былай Шал ақындық жолға көшедi, дарынды суырып салма ақын болады. Оның суырып салмалық өнері осы жанрдың бейнесі болып табылады. Ол поэзиялық сөз жарыстардың шебері, көптеген айтыстарға қатысқан. («Шал ақынның қызбен айтысы», «Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т. б.). Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi ХVШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты. Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана. Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi. Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген. Шал ақынның шығармалары жоғарыда аталған басылымдардан басқа «Алдаспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989) жинақтарына енген. 1999 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан «Шал Құлекеұлы» (Шығармалары. Зерттеулер) атты 364 беттiк көлемдi кiтап басылып шыққан болатын. Кiтаптың алғы сөзiн жазған филология ғылымдарының докторы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми жетекшiсi Жұмат Тiлеповтың айтуынша: «Шығармаларын үлкеннен кiшi, ұрпақтан ұрпақ жаттап, есiмi ғасырдан ғасырға өлмей жетiп отырған Шал Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Шоқан Уәлиханов еңбегiнде кездескенімен, ақынның бүкiл шығармашылық болмысын танытарлық туындыларының негiзiнен хатқа түсiп, зерттелiп қалың оқырманмен кеңiнен жүздесуi - соңғы 40-50 жылдың жүзi». Туғанына 250 жыл толған арқалы ақынның өз атымен тұңғыш рет жоғарыда аталған жинақ шықты. Жинақ негiзiнен үш бөлiмнен құралған. Соңғы шыққан «Шал ақын» («Арыс», 2003) басылымына Шал ақынның қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары енгізілген. 1998 жылғы қазанның 25 күні Петропавл қаласында Шал ақынның 250-жыл толуы құрметіне Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, қарашада Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250-жылдық мерейтойына арналған әртүрлi өнер сайыстары, айтыс, тағы басқа шаралар өткiзiлдi. 1999 жылғы желтоқсанның 14-де Елбасының Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы» деп аталды.

ҮЙСІННАМА (2)

$
0
0

ҮЙСІННАМА (2)

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА

ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ

ҮЙСІН ҰЛЫСЫ ШАҢЫРАҚ
КӨТЕРГЕН ҰЛЫ ДАЛА

1. Дүние тарихының өте маңызды бөлігі

Ұлы Даланың дүние тарихындағы орны ерекше маңызды. Нағыз ғалымдар дұрыс айтады. Олар Ұлы Жібек Жолының белортасында жатқан, біз сөз қозғағалы отырған Ұлы Дала туралы былай дейді:
А. Шынында да, “Дүние тарихы бүкіл дүниенің тарихы болуға тиісті... Көшпелі әлем шамамен б.з.д. 1000 жылдан соң, болмағанда ішінара тұстарда, алғашқы қауымдық сатыдан өтіп, алғашқы таптық жіктелуге кіріп, мемлекеттік бейнеге ене бастады. ... Түпкілікті принциптік мәселелерден сырт, бүкіл қарт құрлықтың барша маңызды бөліктерін бір тұлғаға байланыстырып тұрған бір реал медия бар. Ол - көшпелі тайпалар, өте-мөте б.з.д. 1000 жылдықтан бері ерекше жандана бастаған көшпелі тайпалар. ... Әдетте, отырықты (аграрлық) мемлекет тұрғындары ұзап шықпайды, олардың өзара шайқастары да дүниенің сол бір бұрышымен ғана шектеледі. Тек көшпелі тайпалар ғана батыс пен шығыс арасын емін-еркін шарлай алады. Олардың бір тайпасының өзі де қысқа мерзім ішінде Жұңгомен де, Еуропамен де тіке байланысқа өте алады. Батыс пен шығыстың қатынас желісі де көбінесе осы көшпелілер дүниесінен өткен. Сондықтан, егер бүкіл дүниеге осы көшпелі әлемді негіз ете отырып назар тастасақ, отырықтылар алаңында тұрғанда мәңгі көре алмайтын толып жатқан тарихи көріністер мен тарихи байланыстарды байқай аламыз. Міне мұның тарихты толық игеруге жәрдемі тиеді” [ ].
Ә. “Батыс Өңір Жұңго мен Батыс мәдениеттерінің жиектік регионында тұр. Батыс мәдениеті Батыс Өңірдің сүзгісінен өткеннен кейін ғана Шығысқа тарады, Шығыстың мәдениеті де Батыс өңірдің сұрыптауынан соң ғана Батысқа жетті. Сонымен, Жұңго мен Батыстың әр алуан мәдениеттері осы өңірде тоғысып, сіңісіп, Батыс өңірдің жайнаған өркениетін қалыптастырды. Ал, Шығыс пен Батыс мәдениеттері қиылысқан Батыс Өңір басқа саяси, әскери жақтардағы толқуларға да көп ұшырады. Батыс пен Шығыстағы империялардың әлсіреуі мен көтерілуіне ілесе, оларға буфферлік зона болған Батыс өңір шешуші ықпалдарға да тап болды” [ ].
Б.з.д. Ⅱғасырдан ( Хань жылнамаларында Үйсін мен Ғұн қызу сөз бола бастаған кезден) б.з. ⅩⅣ ғасырына дейін, Еуразия құрлығын ендей өткен қатынас даңғылында, ежелгі Жұңго мен Батыстағы елдер ара экономикалық, мәдени ауыс-түйіс жүріп тұрды. Бұл желіде тасымалданған басты затЖұңгоның байырғы жібектері болғандықтан, ол “Жібек жолы” атанды. “Жібек жолы” деген ұғымды ең алғаш 1877 жылы, неміс география ғалымы Ричтофен (Ferdinand von Richthofen, 1833-1905) көтерген болатын. Жұңгоның әйгілі археологы Шюй Пиңфаң: Жібек жолы төрт тарау, “бірі Чаң-ан мен Лояңнан шығып Хыши дәлізі (қазіргі Гансу өлкесі. - С.Ж.) арқылы Батыс Өңірге тартатын жол; енді бірі Жұңгоның Солтүстігі арқылы кететін жайлау (草原) жібек жолы; Сосынғы бірі Жұңгоның Сычуан, Юннан, Шизаң өлкелерімен жүретін жібек жолы; төртіншісі Жұңгоның Шығыс-оңтүстігіндегі теңіз жағасынан шығатын теңіз жібек жолы. ... Ғалымдардың көрсетуінше, Жібек Жолының басты даңғылы ашылардан бұрын, әлдеқайда ертеде, талайға беймәлім, Батыс пен Шығысты тұтастырған табиғи күре жол - Еуразия даласымен өткен Жайлау Жібек Жолы болған” дейді [ ].
Бұған қоса ескерте кетерлік бір шындық тағы бар. Ол - жұрт мойындаған бір ақиқат - Ұлы Жібек Жолының ең алғашқы даңғылы осы Жайлау жібек жолының - Ұлы Даланың солтүстік өлкелерінің маңыздылығы, құрлық жібек жолы қолданудан қалғанша бұл өлкелердің өзінің жаз күндерінде (Такламакан жақ “тандырға” айналғанда) ең жайлы жол рөлін жоймағандығын ескерсек, жоғарыдағы екі ғалым сөзінің маңызын тіпті де терең түсінеміз.
Ұлы Дала өңірінде талай қала да болды. Үнді елінде туылған неміс ғалымы, әйгілі шығыстанушы Һанс - Жоахим Климкейт өзінің «Die Seidenstrasse» (аудармадағы аты бойынша, «Ежелгі жібек жолындағы мәдениет») деген кітабында: Ұлы Даланың “Бұл жасыл алқаптарындағы қалалардың ең маңызды жағы - олар жоғарылау заттық және рухани өркениеттердің әйгілеушісі болды, жаңа техникалар мен идеяларды қабылдап қана қоймай, бұл соны техника мен тың идеяларды іргелестеріне таратып та жатты. Сөз боп отырған жоғарылау мәдениеттің бір белгісі - жазба форма. Мұндағы ерекшелік - толып жатқан (жиыны 24 түрлі) әр алуан жазуларды қабылдауы. Бұл Орта Азия жасыл шұраттарының сыртқа қарата есігін айқара ашқандығын білдіреді. Қазір бұл жасыл алқаптардан 16 түрлі тілмен жазылған дүниелер табылып отыр... Жібек Жолындағы регионның ерекшелігі Иран, Үнді және Жұңго өркениеттерін ұштастырып бір тұтастыққа айналдырғандығында... Жібек Жолының маршруты, негізінен түгел дерлік, құмды шөлдер мен Ұлы Дала ауданын ендей өтіп, ұлы тау сілемдерін жиектей шашыраған жасыл алқаптарды бойлаған... Жиірек қолданылған маршрут - соғдылар дәуірлеген Сырдариядан шығып, құрлықпен - Қазақ даласы мен Каспий ойпатын басып өтіп, Каспийді орай доға жасап, Қара теңіз жағасындағы Қырымнан кемеге отырып Грекия мен Римге бару. Жұңгоның жібек бұйымдары Римге осы маршрутпен барған” дейді. Бұл үшеудің лебізінде негізінен шындық айтылып тұр. Бұл бізді Ұлы Даланың тоғыз жолға торап болғанына, сондықтан алуан ауыс-түйіске көпірлік рөл атқарғанына, соғыстардың күйретуі мен теңіз жібек жолының бәсекеде жеңуі салдарынан «базары қайтқанға» шейін маңызды өркениет ошақтарының бірі болғанына әбден сендіреді.
Енді кейбір ғалымдар Ұлы Дала көшпенділерінің өзге мәдениеттерге өте маңызды көпірлік рөлін айтса да, Ұлы Даланы мекендеген Сақ тайпаларының, олардың кейінгі бұтарларының өзіндік тамаша төл мәдениеті мен төл өркениеті де болғанын айқын айта алмай жүр. Ал, тағы бір ішінаралары оларды, еш отырықтылығы жоқ, сыпыра көшпенді, тіпті із де қалмаған “қаңбақ ел” (тіпті жабайылар) деп те қарайды. Олар бұл өңірдің төл тума мәдениеті тұрмақ, өзге тұстағы байырғы өркениет көздерін тұтастырған тоғыз жолға (шығыстағы Хань, шығыс - оңтүстіктегі Үнді, оңтүстіктегі Мысыр, Қосөзен, батыстағы Рим мен Грекия, т.б.) торап болуы мен ерте “қанат біткенінің” (адамзаттың ең алғаш атқа мінген тобы болуының!) басты қасиеті мен жемісін ескере бермейді. Сонымен олардың қолынан шыққан «Дүние тарихы» бүкіл дүниенің тарихы бола алмай жүр.
Міне осы себептен бүгінде, “Әлемдік адамзат мәдениетінің бір ірі шеңбері болған көшпенділер мәдениетіне әсте немқұрайды қарауға болмайды. Өйткені ол - адмазат тарихындағы, пайда болған уақыты ең ерте, әлемдік ықпалы ең көлемді, өміршеңдік қуаты ең күшті мәдениет шеңбері” [ ] дейтін өрелі ғалымдар көбеюде. Біз сөз қылғалы отырған Үйсін мемлекеті - осы Ұлы Дала кіндігінде шаңырақ көтерген, жартылай отырықты, жартылай көшпенді ұлыстың бірі.
Үйсін туралы арғы деректер тым жай басталған. Матсуда Хисао: “Ұлы Тәңіртау мен оның төңірегіндегі ахуал б.з.д. Ⅱғасырдың соңына дейін неге қара сарапаймен мүлде бүркеулі жатты? Бұл негізінен тарихи деректердің кемдігінен болды. Әзірше Геродоттың шығармасын ауызға алмасақ, негізінен алғанда, маңындағы қимылды тәптішті хаттау жөнінен әлемде біріншілікті ұстайтын ханьдар назарының бұл тұсқа түспеуі - мұның ең зор себебі” [ ] дейді. Бұдан сіз бұл өңірдің не не келелі оқиғаларға толы екенін және әлем тарихы үшін хань жылнамаларының өте маңызды екенін түйсінесіз.
“Дүниежүзіндегі ең ірі дала Еуразия құрлығында - Хинган таулары мен Карпат тауларының арасында керіліп жатыр. Ұзындығы 7500 шықырым, ені 150—600 шақырым болатын байтақ әлем. Адамзат өркениетінде өзіндік лайықты орны бар бүгінгі түрік тілдес халықтардың тербеліп өскен тал бесігі - осынау Ұлы Дала” дейді тарихшы професср Хайруш Абдрахман .
Я,...бүгінгі Моңғолия Республикасы аумағы мен Хуаңхының (Сарыөзеннің) орай аққан Ордосынан (Өртөсінен) батыстағы Қара теңіздің солтүстігіне шейін созылған ұлан-байтақ сахараны қазақ тайпалары Ұлы Дала десе, оңтүстіктегілер (парсы, т.б.) Дешті Сақия, батыстағылар Поле саки (скифи) деп хаттаған. Бүгінгілер оны Еуразия құрлығы деп жүр. Ал Хань әулеті жақтағылар (Сыма Чян мен Бан Гу сықылды тарихшылар) бұл даланың шығыс жақ шетін ғана Батыс Өңір деген екен.
Мұндағы “Батыс Өңір” дегеннің мағынасы кейін келе көп құбылды. Мысалы:
А. Дәстүри және тар мағынадағы Батыс өңір - “Ғұндардың батысы, үйсіндердің оңтүстігі. Оңтүстігі мен солтүстігінде ұлы таулы, ортасында дария бар. Шығысы мен батысының қашықтығы алты мыңнан астам ли, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы мың лиден артық. Шығысы Хань әулетімен іргелес” [ ]. Демек бұл - “Батыс Өңір” дегеннің ең алғашқы және айқйн анықтамасы - бүгінгі Оңтүстік Шыңжаң (Такламакан айналасы. – С.Ж.). “Бірақ «Ханьнама. Батыс Өңір баянында» оны бұл аумақтан әлдеқайда асырып жіберген... Үйсін мен Памирдің батысындағы талай елді қамтытқан. Осыдан былайғы ресми тарихтардың Батыс өңір баяндарында хаттаған көлемі заманына қарай өзгеріп отырған” [ ].
Ә. Ішінара ғалымдар қолданып жүрген, кең мағынадағы Батыс Өңір - Орталық Азия, яғни Азияның орта бөлігі, Шинжияң, Шизаң, Ішкі Моңғолия, Моңғолия, оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан аумақтары. Кей ғалымдар, мысалы Жапонияның тарихшысы Ханеда Тоуру өзінің «Батыс өңірдің мәдениет тарихы» деген еңбегінде, тек соңғы бес республиканы ғана Батыс Өңір санайды.
Б. Сирек қолданылатын, анағұрлым кең мағынадағы Батыс Өңір - Жұңгоның Ганьсу өлкесіндегі Юймынгуан, Яңгуандардан сонау Каспий аралығындағы, Азияның батысы мен ортасын, Үнді түбегін, тіпті Еуропаның шығысы мен Африканың солтүстігін қамтып жатқан ұлан-қайыр аумақ [ ].
Біз сөзімізді осы Ұлы Даладан (Жұңго ұғымындағы кең мағынадағы Батыс Өңірге таяу өрістен) бастап, қусыра (тек Үйсін іргелестерін сөз ете) келе, негізінен Үйсін Ұлысының өз аумағымен жалғастырмақпыз.
Орта Азия тарихын зерттеуші Уаң Жылай : “Б.з.д. Ⅶ ғасырдан бұрын, дүниенің ең ерте өркениет орталықтарының бәрі де шығыста болған. Мысалы, Жұңгодағы Хуаңхы бойында, Үндінің Ганг дариясы мен Орта Азиядағы Амудария өзендері бойында, Батыс Азиядағы Қосөзен жағасында, Мысырдағы Ніл атырбы, т.б. ларда” [ ]. Біз қарастырып отрған Үйсін ұлысы - осы өркениет өңірлерінің ортасында өмір сүрген ел!
Мен «Үйсін хикаясы» атты трилогиямның бірінші бөлігінде, Үйсін елінің б.з.д. Ⅱ ғасыр басына дейінгі астанасы Өрмекшікентте туылған бір трагедияны сөз еткемін. Сол сөздегі Өрмекшікенттің орны қазіргі Үрімші оңтүстігі еді. Бұл осы қаланың кешегісі жайлы аңызға ғана сүйенбеген. Үрімшінің Ұлы Даланы қоныстанған ата-бабаларымыздың арыдан бері шоғырлы отырған елді мекені, тіпті алғашқы кенттерінің бірі екеніне сенімге сүйенген. Сол сенім жуықтан бері тіпті дәлелдене түсуде.
2009 жылдың 18 маусым күнгі «tianshannet» сайытының және 2010 жылдың 18 наурызындағы «Чынбаудың» (Таң газетінің) хабарлауынша (тілші Жин Шаубиң, т.б.), Үрімші мұражайы Үрімшінің оңтүстігіндегі Тәңіртау (Тяньшань) етегінен (Сағынсай [ ] полигонынан) 180 обаға археологиялық қазу жұмысын жүргізгенде табылған 300 дей мәдени мұраны көрермендерге ұсыныпты. Ғалымдар бұлардың ең бері болғанда 2700 жылдың алдындағы дүниелер екенін анықтады. Бұл арадан білезік, бояуқұты, мыс айна, сүйек және мыс масақтар мен ауыздық, пышақ, ежір (кула) шөлмекше (құты) мен мыс қару, ағаштан жасалған адамның бет мүсіні шығыпты Бет мүсін бұдан 3800-4000 жыл бұрынғы нәрсе екен. Оның ұзын тұмсығы былайда баяндалатын ата тегіміздің әу баста қандай бетәлпетті екеніне тіпті де дәлел болғалы тұр. Ал бұл мұражайда ШҰАР дың өзге тұстарынан табылған, осылармен замандас 120 дай мұралар тағы бар.
Енді автордың туылған жері ЖХР Тарбағатай аймағындағы Шағантоғай ауданынан да көп дүниелер шықты. Жуықта Жұңго Ғылым Академиясының Археология институтының ғалымы Чын Ляңуей бастаған топ сондағы Алтынеміл ауылындағы Бәйбіше суқоймасының екі (шығыс, батыс) жағынан, ШҰАР тарихында сирек кезігетін, 200 ден астам тас қоршаулы, тас үюлі зираттарды тапты. Қоршаулы 6 зираттың тас шеңберінің диаметрі ең үлкенінде 28 метр, ең кішісінде 12 метр екен. Ғалымдар бұл зираттарды б.з.д. Ⅹ-Ⅶ ғасырлардікі деп отыр.
Ал, қазақстандық З. Самашев, С. Сұңғатай, Г. Жұмабековалар 1996-1997 жылдары, Шығыс Қазақстан облысының Қотанқарағай ауданындағы Берел қорымына жүргізген қазу жұмыстары арқылы б.з.д. Ⅴ-Ⅳ ғасырларға тән “ағаштан жасалған, терімен қапталып, алтынмен апталған таутекенің мүйізінің көшірмесі” сықылды дүниелерді (“темір ауыздықтың, ою-өрнегі бар құмыралардың сынығы, жұқа алтын жапырақшалар, өте жақсы жаслаған сүйек масақ, т.б.”) тапты. «Шынжаң қоғамдық ғылымының» (1999. 2. 19-26 беттерде) хабарлауынша, мұндай олжалар Пазырық мәдениетінің өзге обаларынан да шыққан екен.
Сөз кезегі келгесін айта түссек, бұларға замандас мәдени мұралар ШҰАР-дың өзге тұстарынан да шығып жатыр. Мысалы, Күнес даласынан жер қазушылар кездейсоқ тауып алған жоғарғы суреттегі 6 бұйым (қашау, пышақ, күрек және айналар) б.з.д. 2000 жылдарға тән қола дүниелер екен. Ал, бұл сықылды арғы заман дүниелері Қазақстан өңірінен тіпті де көп табылуда.
Демек, бұл Ұлы Даланың өркениеті десек, оны жаратушы сол аймақта өмір сүрген көшпенділердің, соның ішінде үйсіндердің бұған үлесі зор екендігі тарихи қисынға келеді.

2.Ежелгі үйсін ұлысы - мемлекеттік құрылым

Тарих ғылымының тұжырымдарына сүйенер болсақ, бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі өркениет қалыптаса бастады. Б.з.д. 4000 жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3000 жылдардың орта кезінде - Үндістанда, 2000 жылдарда - Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Жұңгода, 1000 жылдарда және б.з. дағы 1- мың жылдықта - Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы еді.
“Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды және ерекше беделді, тәжірибелі адамдар иелік етті. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты. Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды” [ ]. Сөйтіп, қоғамның дамуы мен заманның өзгеруіне байланысты алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптасты. Демек, Ұлы Дала төскейіндегі сақтардың мемлекеттілігі де қалыптасты. “Мемлекет (respublica) дегеніміз – құқықтық қатынастар және мүдде бірлігі арқылы бір-бірімен тығыз байланысқан көп адамдардың бірлестігі” деген екен Цицерон өзінің « О государстве» деген еңбегінде. Ал, В.Бартольд, В.Я. Владимирцов және Л.Н. Гумилев бастаған әйгілі ғалымдар : “ Көшпенділер мемлекеттілікті ешкімнен тартып алған жоқ. Көшпенділер үшін мемлекеттілік қоғам дамуының ішкі сұраныстарынан туды. Көшпенділердің отырықшы көршілерімен терезесі тең қатынаста болып, өзін сақтап қалу жолындағы күресі мен қоғамның ішкі қатынастарын реттеу қажеттілігі олардың мемлекетін тудырды” деп қортындылаған болатын. Тарихшы профессор Хайруш Абдрахман [ «Тарихыңды таны (Отан тарихының очерктері)» атты еңбегінің 12-бетінде] : “Сақ дәулеті б.з.д.Ⅶ ғасырда еңсе көтеріп, б.з.Ⅱғасырына дейін дәурен сүрді. Дәулеттің іргесін қалаушы - Алып Ер Тұңға (Афрасияб). Діні - Тәңірлік дін. Яғни, Көк тәңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды өмір сүрудің кепілі, табиғилықты өмір сүрудің мұраты деп білген. Жазуы - қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген рун жазуы немесе түрік жазуы болған. Сол тұсты (В.В.Бартолдтің айтуынша) түрік тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады. Қазіргі Алматы тұрған жерді сақтар мекендеген. Оларды грек шажіресінде ( Ш.Ахметұлының зерттеуінше “бас сақтар” мағыналы атпен. - С.Ж.) массагеттер деп атайды. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді: массагеттер, дайлар (дахилар), каспилер, исседондар, аримаспалар, аландар, кейініректе сапроматтар мен сарматтар” деген екен.
“Б.з.д. Ⅲ-Ⅱғасырларда аталмыш өлкеде тарих төріне үйсіндер шыққанда, тайпалық одақ ретінде сақ аталымы қалыс қалғанымен, сақ атанған жұрт тай-тұяғы қалмай басқа жаққа ауып кеткені жоқ, басқадай атауға ие болып, ежелгі мекенінде қала берген”
Cақтар мемлекеттілігінің мұрагерлерінің бірі үйсіндер Ұлы Жібек жолының торабында өмір сүрді. Бұл Ұлы Жібек жолы әлемдегі ұлы өркениеттерді, осы Ұлы Дала арқылы, бір-біріне жалғады. Содан барып тораптық-өңірлік өркениет дамыды. Үйсіндік мемлекет қалыптасты. Бұл процестің қарқыны мен сапасы Ұлы Жібек жолы мұхиттарға аунағанша сол қалпында жалғасты.
Хань жылнамаларында Үйсін ұлысын батыс өңірдегі ең күшті де ірі мемлекет дей келіп, оған: “Адамдары қатаң, ожар, тойымсыз, сенімсіз келеді, ұры-қарысы көп” [ ] деген сөз қосқан екен. Егер тарихқа таныс ұлыстар ара жатсыну мен жамандауларды қайыра тұрып үңілсек, бұл Үйсін ұлысында қоғам дамып, адамдар ара байланыс пен таптық қайшылық, таптық күрес күрделілесіп, елді мықтап билеудің қажеттілігі мейлінше артып, мемлекеттілік орнауына барлық жағдайды одан көп бұрын-ақ әзірленіп болғанын айғақтайды.
Сондықтан Әйгілі тарих ғалымы Манаш Қозыбаев: “Тағылық, тұрпайылық кезден өркениетке өту адам баласының тарихында б.з. дан 4000 жыл бұрын пайда болды. Өркениет бізге көрші Қытай, Үнділерде б.з. дан 2 мың жыл, 2 мың 500 жыл бұрын, біздің Ұлы Далада 1500-2000 жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дәлелдер баршылық... Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз жолдың торабы еді... Сайын дала Аму мен Сыр бойы арқылы Қытай, Парсы, Үнді, Араб өркениетімен тоғысты. Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зәрдеш (зороастр), бұтқа табыну, християн, манихейлік, ислам - пәнделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті... Қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. ... Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шенінде 300 ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ даласы таза көшпелілер емес. Олар атқа мініп жер жаулап алуға болатынын білген. Ал, ел билеу үшін тұрақты астана, мемлекеттік тірек боларлық қалалар болуын түсініп қана қоймай, іске асырған. Ендеше біздің өркениетіміз ерте дамыған өркениет болған. Ол қала мен даланың синтезі. Ол қала мен дала қосылмасы. Ендеше біздің жерімізде мемлекеттің жабайы түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған. ... Қорытып айтсақ, Үйсін мемлекеті пайда болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде, көне түрік өркениеті - дала өркениеті бой көтерді. Түрік қағанатының өркениеті өзін әлемге танытты” дейді.
Мемлекет - таптық қоғамдағы үкімет билігінің құралы. Былайша айтқанда, мемлекет дегеніміз ел іші-сыртына танылған үкімет пен оның іс-қимылы, елін үйымдастырарлық форма мен басқарарлық жүйе. Алғашқы мемлекеттер өзіне мыналарды басты белгі етті: 1. аламан, шер, ұланның (армия мен полицияның) болуы; 2. жарғы, тәртіп, салт, түзүттерінің (құқықтың) болуы; 3. өз билігі өтетін аумақ (территория) болуы. Бұл шарттар Үйсін сықылды Ұлы Дала елдерінде толық болды. Доктор Нәбижан Мұхаметханұлы айтқандай, “Мемлекеттің аумағы, онда тұратын халқы, ол халықты басқаратын патша мен оның аппараты, елін қорғайтын әскері мен еліне қызмет ететін заңдары болуы тиіс. Осының бәрі Үйсін мемлекетінде көрініс берген. Қаңлы елі де солай. Олардың мемлекет болып қалыптасу кезеңі - б.з.д. Ⅱ ғасырдың ортасы”. Демек, бұл тұстағы Ұлы Дала елдері (соның ішінде Үйсін ұлысы) - Ұлы Дештінің ежелгі тұрғындары, эволюциялық даму сатысынан алғанда, өз заманына лайық мемлекеттілікке ие өреге шыққан болатын. Мұндағы өз заманына лайық дегеніміз - тайпалық одақ сипатындағы мемлекет дегендік. Одан кейін де ұзаққа созылған даму сатысын бастан кешіру арқылы ұлттық мемлекет қалыптасқан.

Сақ дәуіріне саяхат

$
0
0

Сақ дәуіріне саяхат

http://anatili.kz/wp-content/uploads/Altyn-Adam.png

Тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мұражайлардың ел руханиятында алар орны ерекше. Олар заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.
«Ана тілі» бүгінгі нөмірінде « Мұражай: жадының жаңғыруы» деген жаңа айдардың тұсауын кесіп отыр. Мақсат – алдағы уақытта еліміздегі мұражайлардың тыныс-тіршілігін таныстыру. Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл мақала «Есік» қорық-мұражайы жөнінде сыр шертеді.

Тарих – өткеннен қалған мұра. Хатқа түскен тарих адам ақылын толықтай иландыра алмайды. Ақ қағазға ғана жазылған тарихи деректі оқумен, өткен дәуір құпиясын тану қиынырақ. Көненің көзі, ескінің жұрнағы болып табыл­ған заттай деректер хатқа түскен тауарихты нақтылай түспек. Осы тұрғыда мұражай жасақтау ісінің алар орны ерекше, атқарар қызметі де мол.
Қойнауына көп жұмбақ бүккен «Есік қорғаны» немесе «Есік обалары» жайлы бүгінгі айтылар әңгіменің де қызығы мол.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы туралы сөз болғанда, алдымен ойымызға бірден «Алтын адам» бейнесі келеді. Осы «Алтын адам» немесе сақ ханзадасы мүрдесінің табылуымен, «Есік обалары» бүгіп жатқан сыр толықтай ашылған жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның терең тарихын, еліміздің ірі өркениет мұрагері екендігін айғақтап тұрған «Алтын адам» – Есіктен табылған маңызды тарих айғақтарының бірі ғана. Мұнда әлі зерттеуді қажет ететін, аса маңызды тарихи дерек көзі саналатын жәдігерлер өте көп-ақ. Солардың бірі толық құпия сыры ашылмай жатқан – «Есік жазуы».
«Есік жазуы» – Памир мен Тянь-Шань тауларынан табылған, әлі де сыры ашылмай жатқан жазулардың ортақ атауы. 26 таңбадан тұратын «Есік жазуы» – Қазақстан жерінен табылған ең көне жазу. Осы күнге дейінгі ғылыми-зерттеу нәтижесінде жазудың бірнеше тұспалдап оқылған нұсқалары ұсынылды.
Б.з.б.V-ІV ғғ. жататын бұл жазу­лардың бірі – Есік қорғанынан та­былған күміс тостағандағы жазу. Аталмыш жазба пішіні жағынан Орхон-Енисей жазбаларына ұқсайды. Шығыстанушы ғалымдар И.М.Дьяконов, В.А.Лившин, С.Г.Кляшторный жазу тостағаннан бұрын пайда болған дегенді айтады. Ғалымдар сақ жазуы ­харошоти жазуына ұқсас әрі оңнан солға қарай оқылады дейді. Ал ғалым Алтай Аманжолов тостағандағы жазуды: «Аға, саған (бұл) ошақ! Жат адам тізеңді бүк! Ұрпағымызда ас-су мол болғай!» деп оқыған. Бұл нұсқаның мағынасына үңілер болсақ, қазақ шаңырағына бөтен адам келгенде есіктен еңкейіп кіріп, сәлем беріп, асығыс болған жағдайдың өзінде тізе бүккен. Ол – шаңыраққа деген құрмет болып табылады. Ой талқысына салып қарасақ, осы үрдіс сақ кезеңінен бастап қалыптасқан сияқты.
Ғылыми-зерттеу өз кезеңінде жалғасын тапса да, күміс тостаған­дағы жазу әлі толық зерттеліп бол­ған жоқ. Ғалымдардың айтуынша, жазуы бар жәдігердің табылуы осы жерде ірі өркениеттің болғанын дәлелдейді.
Ғалым Кемал Ақышевтің айтуын­ша, әліпбилік жазудың болуы – мемлекеттің болғанына негізгі дәлел әрі сол мемлекеттің мәдени деңгейін, әлеуметтік-экономикалық даму сатысын көрсетіп, табылған жәдігерлердің біркелкілігі олардың этникалық туыстығын дәлелдейді. Тостағандағы жазуға ұқсас кескіндемелер 1963 жылы Алматы облысына қарасты Райымбек ауданындағы Ақтастыдан, ал 1968 жылы Шелек маңындағы Каратұмадан да табылған.
Бүгінде Есік қорық-мұражайын­дағы басты нысан саналатын «Есік» – І, ІІ қорымдары, «Рахат», «Киікбай», «Өрікті» сынды ежелгі қала жұрттары ұзақ мерзімді зерт­теуді талап етеді. Өйткені дәл осы қорымдар мен қала орындары тарих­қа әлемдік деңгейде жаңалық әкелуі мүмкін.
Солардың бірі – мұражай ғылыми қызметкері Б.Нұрмұханбетов бас­шылық еткен археологиялық экс­пе­диция нәтижесінде анық­талған «Өрікті» қала жұрты. Бұл мекен Еңбекшіқазақ ауданының Өрікті (бұрынғы «Красный Восток») ауы­лының оңтүстік-батысында орналасқан. Ол шығыс, солтүстік және батыс жағынан топырақ дуалдармен қоршалып, оңтүстік қабырғасы жағынан қазылған үш ордан тұрады. Жалпы аумағы– 1,5 гектарды құрайды.
Осы күні қала-жұрттың шығыс бөлігі толықтай, солтүстік бөлігі ішінара зират орнына айналған. Ал шығыс жағында жерлеу орындары кездеспейді. Бұл қала жұрты әлі зерттелген жоқ. Жергілікті тұрғындар­дың зират қазғанда тапқан қыш сы­нықтары мен сүйектен және тастан жасалған бұйымдарға қарағанда, бұл ес­керткіштің іргетасы б.д.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ. тиесілі деген болжам ғана айтуға болады.
Тарихи археологиялық зерт­теудің келесі нысандарының бірі – «Рахат» қала жұрты. Ол Есік қо­рымдарының оңтүстіктігіне қарай 3 шақырым қашықтықта, Есік-Талғар тас жолының бойын­да орналасқан. Қала жұрты тау бөк­терінде шығыстан батысқа бойлай созылып жатқан үш бірдей қамал кешенінен тұрады. Қамалдардың өлшемдері әртүрлі болғанымен, жасалу құрылымдары бірдей. Цитаделі ақ орда ортасында орналасып, оны айнала қамал қабырғалары тұрғызылған. Аумағы– 88,7 гектар.
2004 жылы Ә.Марғұлан атын­дағы археология институтының қызметкерлері «Рахат» қала жұртына алғашқы қазба жұмыстарын жүргізіп, Есік қорғанының жасалу уақытымен сәйкес келетін мәдени қабатты тапты. Табылған қабатқа қарай отырып, бұл сақ көсемдерінің қаласы болған деген болжам айтуға болады. Бұл дегеніміз, Алатаудың баурайында бір ғана қалашық емес, үлкен қаланың болғандығын дәлелдей түсетіндей. Әйгілі «Алтын адамның» өзі осы қала тұрғыны деп болжауға негіз бар. Бірақ болашақтағы кешенді зерттеулер бұл болжамды нақтылай түсер деген үміт те жоқ емес.
Көпшілік түсінігінде, «Есік» қорық-мұражайында тек осы қорымынан табылған жәдігерлер ғана сақталған деген пікір бар. Әрине, бұл – жаңсақ пікір. Шындығында, мұражайды Қазақстан мен Орталық Азия тарихының Сақ кезеңіне қатысты тарихи маңызы бар археологиялық орталық деуге болады. Мұнда біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-ІV ғасырларға тән Шұбарат, Молалы, Қаратұма қорымдары мен Берел, Шілікті, Бесшатыр қорғандарынан және басқа жерлерден табылған тұрмыстық заттар мен әшекейлердің түпнұсқалары, көшірмелері сақтаулы. «Археологиялық сараптама» ғылыми-зерттеу мекемесінің Алматы облысы аумағындағы жойылып кетудің алдында тұрған сақ қорғандарынан және Қаратұмадағы үйсіндер дәуіріне тән қорымынан табылған жәдігерлері де осында. Мұражайға сыйға тартылған жәдігерліктердің ішіндегі ана­ғұр­лым бағалысы– «Алатау» қоры­мынан табылған «аң стилінде» өрнектелген алтын бұйымдар.
Сан ғасыр тезінен өтсе де, бүгінге жұрнағы жеткен бұл жәдігерлердің халқымыздың мәдени қазынасын айшықтаудағы орны ерекше. Негізі, мұндай тарихи қазынаны аялап ұстап, елге танытып, әлемге насихаттаудың Елбасымыз бастаған бұл үлгісін қазірде әлемнің әр шалғайынан кезіктіруге болады. Алысқа бармай-ақ қарасақ, Татарстанда ежелгі Бұлғар қаласын зерттеп, аспан астындағы мұражайға айналдырудың аса ірі жобасы жүзеге асырылуда. 922 жылы Еділ бұлғарлары ислам дінін қабылдағандықтан, Бұлғар қаласы татар халқы үшін қасиетті мекен саналады. Қазір Татарстанда осы Бұлғар шаһарын зерттеудің «янарру» яғни «Жаңғыру» атты арнайы бағдарламасы қабылданып, оның басы-қасында республиканың бұрынғы президенті Мінтемір Шәймиев жүр. Бұлғар қаласын ЮНЕСКО-ның «Адамзат қазынасы» бағдарламасы тізіміне кіргізу үшін атқарылып жатқан шараларға бүкіл татар жұрты жұмылып отыр десе болады.
«Есік қорғаны» тарихи хронологиясы жағынан Бұлғардан да арғы кезеңнің жәдігері. Уақыт жағынан біздің Есік қорғанымен «құрдас» мекен деп Ресейдің Краснодар өлкесіне қарасты Таман түбегіндегі Гермонасса-Тмутаракань қала­шы­ғын айтуға болады. 2009 жылы осы Керч бұғазындағы Фанагория мекенінде б.д.д. V ғасырға жататын гректік қала қонысының маңызды ескерткіштері табылғаны мәлім болды. Американдық археология институты Фанагория экспедициясының жаңалығын осы жылдағы әлемдік археология жаңалықтарының ондығына кіргізді. Антикалық грек өркениетінің Қара теңіз жағалауын отарлауы барысында пайда болған бұл қоныстарды орыс ғалымдары аса ыждаһаттылықпен зерттеуде. 2004 жылдан бастап, Фанагорияны зерттеу жұмыстарына ірі бизнес өкілдері де атсалыса бастады. Осы мақсатта арнайы «Вольное дело» қоры құрылған екен. Бұл қордың жәрдемімен Фанагория экспедициясы осы заманға сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жер қойнауында ғана емес, су астындағы қазба жұмыстарын да аса сәтті жүргізуде. Экспедиция құрамы тек археолог, тарихшылармен шектелмей, оған антропологтар, топырақтанушылар, микробиологтар, химиктер, реставраторлар да тартылған.
Кісі қызығатын осы мәліметтерді жіпке тізу себебіміз, өз жеріндегі тарих қазынасына лайықты құрмет қылуды, халқының игілігіне жаратуды дамыған Еуропа түгіл, сол бүйірдегі көршіміз Ресейдің де меңгергенін байқаймыз. Экономикалық әлеуеті мен даму екпіні көршісінен қалыспайтын Қазақстанда да Есік қорғаны мен басқа да сақ дәуіріне жататын теңдесі жоқ тарихи ескерткіштерді тыңғылықты зерттеу ерекше маңызға ие. Осы мақсатты іске асыру үшін мемлекет қана емес, ірі бизнес өкілдері де атсалысатын жалпыұлттық арнайы бағдарлама керек. Бұл арман – ертеңгі күніміздің еншісінде. Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Стратегиялық бағдарламасын іске асыру арқылы жалғаса береді.
Ал бүгін Есікте – ержүрек сақтың ежелгі ордасында қызметін бастаған қорық-мұражай өз елінің, өз жерінің туған тарихына тереңнен көз жіберуді көксейтін келушілерін күтеді.

Жазира ҚҰРБАНӘЛІ,
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері

ТӨЛЕГЕТАЙ БАБА

$
0
0

ТӨЛЕГЕТАЙ БАБА

Аңыз бен аңғарым

Оқырманға

Қолдарыңызға тиіп отырған кітапша 2003 жылы Астана қаласында басылған еді. Бір мың данамен шыққан еңбегіміз тез таралып кетті. Ең соңғы үш данасын «Раритет» Кітап Үйінен өзім сатып алдым.

Одан бері ұрпақтарының күшімен шежіре дерегіндегі Сүгіршіұлы Төлегетай баба мен қайын атасы Қылышты қожаға зәулім кесене салынды. Жыл сайын бабалар аруағына арналып ас беру әдетке енді. Ұрпағының бұл құрметі Атамызды бір аунатқан шығар.

Осы кітапшадан соң бірнеше мақала жарық көрді. Негізі бір ізді, бірақ тек аңыз айтқан жерлерімізге ілеседі. Біршамасы қателесіп, Төлегетай бабаның ар жағын Найман деген адамнан, нақтылы пендеден таратады. Мысалы, Талдықорғандық бір шежіреші найманның ұзын бойын, тұлғалы денесін сөз етіпті. Мұндай дерек тек қана Қ. Халидидің «Тауарих хамса» (Бес елдің тарихы) атты кітабінде кездесетін. Алайда мақалашы оған сілтеме жасамапты. Бұл тарихи тұрғыдан мүлдем қате. Себебі, найман тарихы Төлегетайдың ХІҮ- ХҮ ғасырда өмір сүрген арғы атасы Өкіреш Шалмен шектелмейді (мақалашының айтып отырғаны осы тұлға секілді). Найманның жеке- дара хандық құруының өзі одан ең кемі 700 жыл ілгері- « ҮІІ ғасырда құрамына найман, татар, қатаған, дүрбен, меркіт, салжуйт, тайжуйт, ыбырат тайпалары енген найман конфедерациясында ». (Ермек Сәлімбай. Ата- баба тарихынан. Алматы 2007 жыл. 34 бет) Одан ары ұмсынсақ, «юебань» деп қағазға түсірген қытай деректеріне жүгінсек, біздің дәуірімізге дейінгі 20- ыншы жылдарда. (Тұрсын Жұртбай. Дулыға. 1 кітап, 398 бет) Жаңағы мақаладағы Найман Шалмен екі орта 1000 жылдан асады. Өкініштісі- дерексіз жазылған мұндай мағынасыз дүниелер жұртты адастырады. Найманды кенжелетіп, кейін туғызу- қазақ тарихын кежелету екенін ұғу қажет.

Сондықтан да он жыл бұрынғы еңбегімізге қайта оралған жөн деп таптық. Алдыңғы кітапшамыздағы кейбір эмоцияға ұрынып қалған тұстарын жеңілдетіп, кемшін жерлерін соңғы деректермен толықтыруға ұмтылдық. Алып- қосарларыңыз болса мың рахмет. Тек дерек көзін, қосарыңызды қайдан, кімнен алғаныңызды көрсеткен абзал. Әйтпесе оның еш құны жоқ.

І

Тәуба, Ата Бастауға бет бұрдық. Шаң басқан, тұмшаланып, орыс пен Еуропа тарихының тасасында қалған Тарихымызды ала- құладан арылтып жатырмыз.

Ықылымға көз тіксек қасат қарлы терістігімізден- Хан Тәңірлі түстігімізге, Қара Ертістен- Еділ мен Жайыққа дейінгі маң даланы мекендеген бар қазақ баласының емгені бір ғана Ана екен. Ол- Алаш даласының төсі.

Рас, тағдыр тәлкегімен даламызда тұрып қалған жұрт та аз емес. Жыланға ақ құйып шығаратын халқымыз «елдесеміз» десе оларды кеудеден қаққан жоқ. Солардың бейтұрым кезеңдерде тентіреп, телімделіп келіп, кең қолтық қазақтың арқасында өсіп- өніп кеткенін ұмыттырмай, ауық- ауық естеріне салып қою қажет.

Бұрындар мән бермеген екенбіз. Қазақтың қамын қазақтан өзге ешкім, ешқашан ойламапты. Есте жүр, талай келімсек билік қазаққа тиген Егемендіктің алғашқы жылдары бізді тастай қашты ғой. Ол аздай бүгіндері қазақты іштен бөліп, өздерін «ақсүйек» атайтын бірен- саран топ байқалады. Соларға таңым бар. Қазақ «сүйек» деп не өлікті, не итке тасталатын мүжіндіні айтады. Аталарымыз ар жағында Елтұтқалары болса керісінше «қаракөктің» ұрпағымыз деп мақтанған. Жалпы, «қара» сөзіне тоқтала кетсек артықтық етпес. Қазақ ұғымы мынадай: қара шаңырақ- осы әулеттегі ең қадірлі, барлығы сәлем сала кіретін үй; Қара Ертіс- Ертістің негізі; қарақұрым- өте көп; Кешудің Қараөткелі- ат- арба өте алатын үлкен өткел; қараша үй- ханға, игі жақсыларға арнайы тігілетін үй. Сонда «қара халық» деген осы елдің көпшілігі, үлкені, осы елдің иесі, осы елдің түп- тамыры деген мағынада. Демек «Қара халқымыз»- мемлекет ұйыстырушы, титулды ұлт болып шығады. Ал әлгілер қазаққа келіп сіңгенін, түбі шикілігін өздері дабыратып айтып жүр. Кірмелік мақтан ба?

Жуырда көп- көрім жігіттің аузынан «қожамыз- пайғамбардың ұрпағымыз» деген сөз шықты. Шайнап- ақ тастайтын сәт еді, араласып жүрген соң жеңіл айттық. Құран Кәрімнің әр сөзі ақиқат, 33- інші Ахзап сүресінің 40- ыншы аятында «Мұхаммет сендерден ешбір еркектің әкесі емес» деген Алла сөзі бар. Демек, пайғамбардан ұрпақ тарататын еркек қалмаған. Азиялықтар, оның ішінде арабтар жиенді ұрпаққа қоспайды. Әулетін ұрғашыдан, анадан тарататын еврейлер ғана. Ендеше, «пайғамбардың ұрпағымыз» дегендер ар жағынан хабары жоқ, немесе арғы аталарын жасыру үшін кеуделейтін болғаны. Сонда, жаңағы ініме анадай сөзді үйреткен кім? Әрине, дүмше қожаның бірі. Ол қожа өзі ғана өтірікші болмай ат- тонды азаматты сүйрей кетті.

Шүкір, қазақта тегін білмейтін жан сирек. Ең құрыса жеті ата жатталады. Арабтар пайғамбарымызға дейін өздерінің қандай болғанын жасырмайды. Атақты ислам танушы, ислам дүниесіндегі ең жоғарғы марапат- Фатх сыйлығының иегері Амет Дидаттың былай дегені бар: «Бұл ел (саудидегі арабтар) пайғамбарымызды Алла жібергенше бір ортаға бағынбаған, дай- дұй, ішкендері шарап, жасағандары ылық, мейірімнен жұрдай, бірін- бірі тыңдамаған, өз қыздарын өздері тірідей жерге көмген, қанқұмар, адам бейнесіндегі аюандар еді... Бұларға не фараондар, не парсылар, тіпті, Ескендір де шабуыл жасаған емес. Себебі, олардан алатын, үйренетін ештеңе жоқ еді. Керісінше, ол елге жуып кетсе жамандық қана жұғатын. Сондықтан олармен ешкім араласпады, бұлар мешеу қалды. Тек Пайғамбарымыз ғана осындай елді аз уақытта түзу жолға түсірді. Бұл Алланың құдіреті...»

Пайғамбарымыз бүгінгі жыл санаумен 571 жылы туады. Дәл осы кезде біз қандай едік? Бұл жөнінде Геродоттың жазғаны: «Скифтердің алғашқы патшасы Тарғытайдан Дарий олардың жеріне енгенше тұп- тура мың жыл өткен...Вавилонды жаулап алған соң Дарий скифтерге қарсы жорыққа аттанады».(Геродот. «Мельпомена. Алматы 2003 жыл. 4 бет.) Бұл қай заман? Вавилонның жаулануы біздің эрамызға дейінгі 514 жыл. Демек осыдан 2500 жыл бұрын әлем таныған, дүрілдеген мемлекетпіз. Ал Мемлекеттік құрылымдар түзілуі, байлығына қызыққан Дарий шабуылдағанда мың- сан халық болуы үшін тағы да ең кемі 4- 5 ғасыр керек. Сонда, бүгінгі қазақтың тура жасы ең азы 3000 жыл. Ахмет Дидат айтып отырған араб елі мемлекеттілігі, бір орталыққа бағынған әлеуметтік, қоғамдық құрылымдары жағынан бізбен салыстыруға да келмейді. Оның үстіне бір де бір қожа өзінің түп атасы араб екенін дәлелдей алмайды. Саудидегі елшілікте қызмет ететін жігіттер былай дегені бар:

-Қазір ел көзінде жүрген бір азамат Саудиде өзінің ар жағы араб екенін дәлелдемек болып, әлдеқандай шежіре көрсетті. Араб ғалымдары оның қызметін сыйлап қана, «Кешіріңіз, бізден- Саудидегі арабтардан тараған «қожа» дегендер жоқ»-, деп шығарып салды. Ал келесі кездесуімізде әңгімені әрі жалғады- Біз «ғожа- ғожам» деп арабтардан өзгелерді айтамыз. Бұл сөз Құран Кәрімде төрт рет кездеседі. Ана кісі сол өзгелерден болар» деді. Ал қожалардың негізі парсылар. Дәлел керек пе? Мысалы, бүкіл түркі әулеті парсылар секілді Имам Ағзам Ханафидің мәзһабында. Ал араб дүниесінің мәзһабы бөлек. Арабтар дін таратқан болса неге біз Ханафилерміз? Екінші, Арабтар ғұламаларын- шейх атайды. Парсылар- бап, пір дейді, біз осы сөздерді қолданамыз. Баб- тікелей аударса «есік, қақпа» деген мағына береді. Сонда «баптарымыз» дін есігін, қақпасын ашушылар, бізді исламға кіргізушілер болып шығады. Ал пірдің тікелей парсыдан аудармасы- еге, қамқор. Егер, дін бізге арабтар арқылы келсе онда Ханафи мәзһабы қабылданбауы тиісті, әрі шейх деген сөз тілдік қорымызға әбден сіңісіп кетуі керек- тін. Бірақ шындығы бұлай емес. Тіпті, «құдай» сөзі де парсылардан енген. «Тәңір» дегендері. Әрине, қожалардың ішінде бірен- саран ілесе келген арабтар болуы әбден мүмкін. Десе де олар үлесті емес. Қазір, әсіресе, салфиттік топтар, келсін келмесін өздерінің тегін арабтарға апарып тіреуге құштар. Олардың барлық мұсылман мемлекеттеріннің басын құрап, араб халифатын құрғысы келетіні осы себептен.

Мынадай ақпар бере кеткен де артықтық етпес: «Сәләф» сөзі қасиетті Құранның бірнеше жерінде кездеседі: «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағына береді. Қазіргі сәләфилер өздерін сол бұрынғылардың жолындамыз дегенімен, шын мәнінде атына амалдары мен іс- әрекеттері сәйкес келмейді. Бұл ағымның негізін қалаған Мұхаммет ибн әл- Уақаб. ХІХ ғасырдың басында өте күшейген уахабилік қозғалыс бірінші жауыздығын жасап, сахаба Зайд ибн әл- Хаттабтың Жұбайдағы сағанасын құлатып, топырағын шашып тастады. Мекке, Медина қаласындағы барлық қабірстанды, тіпті, Айша (р.а) мен Фатима (р.а) аналарымыздың, көптеген саңлақ сахабаларымыздың да кесенелерін талқандады. 1810 жылы Мұхаммет (с. ғ. с.) пайғамбарымыздың мешітін талан- таражға салып, дүние- мүлкін кім көрінгенге сатып жіберді. Ханафи мәзһабын «кәпірлердің мәзһабы» деп жариялады». («Иман» діни- танымдылық журналы. 2011 жыл, №3, (80) Мына сұмдық неден хабар береді? Егер, исламды қазаққа араб миссионерлері таратса, арабтар ханафи мәзһабындағы біздерді «кәпірлер мәзһабы» дер ме еді? Әрине, жоқ! Өздері таратқандарын өздері қалай «кәпірлер мәзһабы» десін. Осыдан- ақ арабтардың ханафилерді- Осман империясымен бірдей мәзһаб ұстанған түркілерді ту бастан жау санағаны көрінеді. Бірақ олар солай деген екен деп қазақ көші ошарылмайды.

Қазіргі уақапшылар өлген адамға кесене салғанға басы бүтін қарсы. Бұл не айтады? Олар Айша (р. а ) мен Фатима (р. а. ) аналарымыздың, сахабалардың сағанасын бұзғаны анық. Ендеше, уақапшылар бел алмай тұрғанға дейін:

1. Мұхаммет Мұстафа (с.ғ. с. ) пайғамбарымыздың тұсында мұсылмандар өлген адамның басына кесене, сағана салған. Пайғамбардың келіншегіне, қызына, сахабаларға кесене салынуы бұған нақты айғақ. Демек, мола тұрғызу мұсылмандарда пайғамбарымыздың құдай қосқан қосағы мен қызы өлген жылдардан арыда қалыптасқан дәстүр. Дін алашұбарланбай, уақапшыланбай тұрғанда мұсылмандар, қазақтар биік қоршалған молалар салып отырған.

2. Бұған қарсылар- уақабтар. Қазіргі кезде уақапшылар мола тұрсын, марқұмды еске алып, құдайы ас берген исламға жат дейді. Алайда, бұл да өтірік.

Пайғамбарымыздың алдында жарты әлемді жаулап алған Еділ патшаны туғызған ел едік. Тәңірім онан соң да қазақтың маңдайына Күлтегін мен Білгені, Төныкөктей абызды берді.

Әр дәуірде, әдетте, сол дәуірдің саяси, қоғамдық, экономикалық құрылымдарын жетілдіріп, мемлекетті асқақтататын, өзгелерден оқ бойы озық тұратын Тұлғалар туады. Замандастарынан өзгешелігі, артықшылығы- ертеңін болжай білетінінде. Ол өз тұсындағы ғаламдық эволюцияның алдына түсіп, дамудың, тарихи оқиғалардың ортасында жүреді. Сөйтіп, ол Тұлғаны тек қана өз Уақытымен бірге зерттейсің. Тұлға мен Уақытты ажыратсаң, ісіңнен мән шықпайды. Тұтас зерделесең көп құпия ашылады.

Өкінішке орай Ұлы Бабалар жайлы аңыз, шежірелер осы бір аса маңызды факторлар тоғысын ескере бермейді. Кім бұрын сөйлесе сонікі жөн болып кете береді. Кейде аңыз әлдекімнің ішкі есебіне де құрылады.

Осы айтылған жағдайлар- аңыздың кемшіндігі, шежіренің жетімсіздігі Сүгіршіұлы (Сүйініш) Төлегетай Бабаға да ортақ. Жарықтықты кіндік төлдері осылай есімдейді. Сыр бойы «Төлек атай» десе, үйсін мен дулат арасында «Төлеқытай» деп көзделеді. Баба туралы әңгімені атамыздың осы үш түрлі есімдерінен бастағанымыз жөн секілді. Қазақ арасында өз аты ұмытылып, лақабы сақталып қалу дәстүге енген, таңданарлық жайт емес. Мысалы: Абылай ханның шын аты- Әбілмансұр, Қаракерей Қабанбай батырдың шын аты- Ерасыл. Ендеше, Төлегетай, Төлек атай, Төлеқытай баба туралы бала жастан құлаққа сіңген, жадыда жатталған, ел арасындағы, ұрпақтары сақтап келген қара халықтың сөзіне ден қояйық.

ІІ

Ауылда небір шежіре қарттар өтті.Солардан сіңген мағұлұматтарды бір ізге түсірсек мынадай тәлім қалыпты:

-Өкіреш Шалдан Белгібай туады. «Атадан қалған белгі» деп анамыз Ақсұлу қойған екен. Белгібайдан өрген төлді «Сүйініп жүрейік» деп Сүйініш атапты. Кейінірек, Сыр бойына қотарылып, кемел байып, елін шылқа тойындырған соң атаны жұрт Сүгірші деп кетіпті. Белгібайдың жалқы ұлын бірде Сүйініш, келесіде Сүгірші дейтіні содан. Сүгіршіден Төле туады. Төледен Қытай жалғыз. «Көбейсін, қытайдай мол болсын» деп есімін атасы Белгібай қойыпты. Кейде Қытайды- Кітай дейтіні де бар. Дұрысы- Қытай. Қытайдан төртеу- Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл. Бұларды «Төлегетайдың төрт ұлы» дейді. Төлегетай атамыз өз тұсында Сыр бойында қазы, һакім болып, Елназары аталыпты. Елназар- елдің басы, көсемі дегені екен. Қытай жиырма алты жасында аңда жүргенде өз бүркіті өзіне түсіп, мерт болады. Содан төрт ұл мен үш келін Төле атаның қолында қалды.

Жалпы Төлегетай Баба туралы барлық шежірелерден ақпар алынады. Дені бірін- бірі қайталайды. Тек Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы Қытайдан Төлегетайды туғызып, әке мен баланы шатыстырып алады. Басқа шежірелерде бөтендей ала-құлалық жоқ. Түгендеп, ата таратсақ шежіре мынадай : Өкіреш Шалдан- Белгібай, одан- Сүйініш (Сүгірші), одан- Төлегетай (Төлек ата, Төлеқытай). Қытайдан бүгінгі он ата найманның төртеуі- Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл.

Төлегетайды Өкіреш Шалдан әрі тарататын шежіреші немесе шежіре кездестіре қойған жоқпын. Шежіреге сәйкес Өкіреш Шал менің жиырма бірінші атам. Жиырма үшінші деген адамды кездестірдім. Сонда Өкіреш Шал демографиялық өсімен есптесек, менен мөлшері 500- 525 жыл бұрын дүниеге келген. Бірақ бұл кісіге жалпыға ортақ 25 жас берілмейді, Белгібайдың Өкіреш Шал 93- 94 жасқа келгенде туғанын ұмытпау керек. Мен 1949 жылғымын, осыдан 525- ті алсақ мөлшері ХҮ ғасырдың басы 1425- 1435 жылдар шығады. Бұдан ата жасы 93-ті алсақ 1325- 1335 жылдар шығады. Сонда Ұлы Бабамыз Өкіреш Шал ыңғайы 1410- 1420 жылдары өмірден өтеді. Осындай есептен соң менің шежіремде Өкіреш Шал ХҮ ғасырдың алғашқы ширегін ала о дүниелік болды деген жөн сияқты. Сіз де өз шежіреңіз бойынша Баба жасын шығарып көріңіз, салыстырыңыз.

Ұзақ жасаған атамыз тоқсан үш жасында өскен ұлдары түгел мерт болып, кіші келіні, үйсін қызы Ақсұлудың қолына қарап қалыпты. Ақсұлу атасын алақанға салып әлпештеп күтіпті. Осыдан кейде бұл анамызды Әлпеш деп те атайды. Анамыз бірде атасының бір балалық белі бар екенін аңғарып қалады. Төркініне сәлем айтып, сіңілісі Тоқсұлуды Өкіреш Шалға қосыпты.

Оның алдында тарақты- арғындар келген екен. Ақсұлу жесірге құда түспек. Алайда анамыз:

-Атамның көзі тұрғанда отын өшірмеймін-, деп қайтарыпты.

Арғындар ойлайды. «Шал енді қанша жасайды, тосайық». Осы екі ортада Ата көз жұмады. Үш айдан кейін Тоқсұлу ұл туады. Белгібайымыз осы бала. Ол емшектен шығысымен Ақсұлу Белгібайды өз бағымына алып, жап- жас Тоқсұлудың обалына қалмай, орны жақсы жерге мол жасау, мал- мүлкімен ұзатады. Осыдан Ақсұлуды найман іші- «Найманның әулие келіні» атайды. Әпкесіне ене болған Тоқсұлуды- «Қыз еней» дейді қастерлеп.

Ақсұлу Өкіреш Шалға келесі жылы ұлан- асыр ас береді. Осы жерде арғын- тарақтылар өткен әңгімеге оралып, анамыздың өздеріне қашан күйеуге шығатынын сұрайды. Сонда ақылы астам анамыз мынадай уәж айтыпты:

-Енді болмайды. Менің нақты әмеңгерім, Атамның қара шаңырақ иесі Белгібай туды.

Сөзге тоқтаған заман ғой, арғындар Ақсұлу анамыздың ақылды сөзіне риза болып аттаныпты. Найманның әулие келіні Өкіреш Шалдың шаңырағын жықпау үшін Белгібайды ауызға алғаны бәріне де түсінікті еді. Уақыт тоқтай ма? Белгібай он алтыға толғанда Ақсұлумен некелеседі. Анамыз мұнан кейін Белгібайға кішілікке екі келіншек әперіпті. Олардан қанша қыз бар екені беймәлім, ұлы- Сүйініш. Сүйініш Сыр бойындағы найманның ортасын толтырып, ұлды болғанда Ақсұлу- найманның Әулие келіні дүние жалғаннан өтеді. Бір қуаныш, бір қайғы қатар келген соң ел ырымдап, «Ақсұлу анамыздың орнын толтырар , қайғысын төлер осы ұл болар» деп атын Төле қойыпты.

Қандай ғажап Ақсұлу Анамыздың ісі, өнегесі! Тоқсан үштегі ата келіншек аламын деп ойлады ма? Жоқ, әрине. Құдай қолдаған Ақсұлу анамыздың өзі түскен шаңыраққа адалдығы, Өкіреш Шалдай әулиенің тамырын үзбеу, ұрпағын жалғастыруға деген қам- қарекеті.

Сізге ұсынып отырған еңбегіміз «Өкіреш Шал» деген есімді талдамай кетсек толық болмайтын сияқты. Сөз арасында бұған да аз- кем тоқтала кетейік. «Найман хандығының мемлекеттік құрылымы» атты еңбегінде тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженхан былай жазады: «Найманның әкімшілік атауы «шал»... «Жамиғат тауарихтың «Шыңғыс хан» шежіресінде Найман Күшіліктің аға- қарындастары мен руы туралы әңгімеде осы сөз бар: «Әлин- Шал», «Тару- Шал», «Баян- Шал» және «Түңге- Шал» төртеуі ағайынды. «Шал»- ханзада деген мағына береді.» (Қазақ Ордасы. Алматы. 2003 жыл, №3. 13 бет)

Өкіреш Шал моласына Самарқанның түбіндегі Өзбек наймандары 1988 жылы белгі қойыпты. Темірден жасалған осы белгіні өзбек Өкірач наймандардың рұхсатымен 2010 жылы қазақ Өкіреш наймандары барып ауыстырдық. Биіктігі 3 метр, ені 1,5 метр еңселі құлпытас қойып, найманның тоғыз таңбасын тасқа бастық. Екі күн ас бердік. Осындағы Қара, Өкірач, Қызыл, Дүрбен наймандар «өкірач» деп кішкене бұқаны атайды екен. Күшілік ханға дейін тұтас Найман қазақ, өзбек, татар, ноғай, қырғыз, түркімен, әзірбайжан, мыңғұл, башқұрт, қарақалпақ, алтайлықтар ішіне тарап, бөлініп кетпей тұрғанында найман хандарына үнемі «бұқа»сөзі қосылып отырған. Мысалы: Арық Бұқа, Семіз Бұқа, Инанығ Білге Бұқа, Байбұқа, Тайбұқа, Кетбұқа, Келбұқа. Енді түсіндіңіз: Өкіреш дегеніміз ханнан кіші- Ханзада. Ертеректегі «Шал» атауы наймандардың бөлшектенуіне байланысты алғашқы мағнасы ұмытылып, «Өкіреш» атауы қолданыла бастаған. Екі сөздің мағнасы бір. Осылай қосақталып аталу қазақ тілінде жиі кездеседі. Мысалы: Баян- сұлу, Шолақ- Мұқыры, Ақ- шаған, Тоқты- барлық. Осындағы баян, мұқыры, шаған, барлық сөздерінің қазақша аудармасы- сұлу, шолақ, ақ, бір жылдық төл немесе тоқты. Сонда «Өкіреш Шал» дегеніміз- ханзада екеніне дау жоқ. Мұны да біле жүрген жөн.

Енді басты әңгімемізге қайта оралайық. Сырдарияда, найманның берекесі тасыған кезде Төле Сүгіршұлы дүниеге келді. Анықтап көрсетеріміз- мұның барлығы аңыздар, шежірелер арқылы жетті. Тарихи мәліметтерді алдыларыңызға тартпас бұрын даланың ауыздан- ауызға беріп келген мұрасын келтіре кеткенді жөн санадық.

Алдыда айттық, Ата есімі үш түрлі аталады: Төлегетай, Төлек атай, Төлеқытай. Шежіреде Қаракерей, Матай ,Садыр, Төртуыл Қытайдан туса да «Төлегетайдың төрт ұлы» делінетінін жаздық. Себебі мынадай секілді. Біз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай дейміз. Бірақ екі сөзді де қысқартып тастағанымызға мән бермейміз. Дұрысы- «Қаракерейдің Қабанбайы», «Қанжығалының Бөгенбайы» ғой. Бірінші сөздегі ілік септігінің, екінші сөздегі тура толықтауыштың жалғаулары түсіп қалды. Осы тұрғыдан келсек балалар «Төленің Қытайының төрт ұлы» болуы тиіс. Қысқарта, «Қаракерей Қабанбай» дегендей етіп атасақ, «Төле- Қытайдың төрт ұлы». Енді қараңыз, Төлегетай мен Төле Қытай аса жақын естіледі. Оның үстіне қазақ тілінің нормаларына сәйкес ұяң «е» әрпінен кейінгі «қ» әрпі де ұяңданып «ғ», «г»- ге айналады. Сөйтіп, «Төленің Қытайының» деген сөз алдымен қысқарып, «Төлеқытай», онан соң «қ» әрпі «г» деп естіліп, «Төлегетайдың төрт ұлы» деген тіркес пайда болғаны көрінеді. Бұл менің жорамалым. Дау туғызытын мәселе емес. Сіз дәлелді пікір ұсынсаңыз құба- құп. Адал ниетімізбен қатеге ұрынсақ аруақ кешірсін. Осы тұста кідіріс жасап манадан бергі ақпарларды , оймызды, болжамдарымызды бір қорытындылап алайық:

1.Көне найманның ХІҮ- ХҮ ғасырда өмір сүрген ханзадасы Өкіреш Шалдан- Белгібай. Белгібайдан- Сүйініш (Сүгірші). Сүйініштен- Төле. Төледен- Қытай. Қытайдан- он ата, тоғыз таңбалы найманның төртеуі Қаракерей, Матай Садыр, Төртуыл тарайды. Жалпы ұраны- «Қаптағай», таңбасы «Ү»- бақан.

2.Шежіре мен шежірелердің ауызекі бізге жеткізген бұл бұтақ бойынша тізбесі осындай. Толығырағы, дәлірегі де осы секілді. Тағы айтамыз, бұл нақтылы тарихи факті болмауы әбден мүмкін.

3.Көздеп отырған бабамыздың дұрыс аталуы- Төле, оның ұлы Қытай.

Үш мәселені шешкендей болған соң Төле атамыздың жеке өзіне, ғұмыр кешкен заманына, Атамыз кім болып еді деген түйінді мәселелерге көшсек.

ІІІ

1917 жылғы қарашада өткен Түркістан мұсылмандарының түселінде (сьезінде) Түркістан Автономиясы құрылды. Қазақ халқының неше мың жылдық тарихында тұңғыш рет мемлекеттік құрылымға Премьер- Министр лауазымы енгізіліп, Автономияның Премьер- Министрі болып алғашқы қазақ теміржолшысы, тарихшы, этнограф Мұхаметжан Тынышбаев сайланды. (М. Тынышбаев. Қазақ халқының тарихы. Алматы «Санат 1998» жыл, 9 бет) Мұхаң патшалы Ресейдің ІІ Думасына депутат кезіндегі өмірбаянында «1879 жылғы 12 мамырда Жетісу облысы, Лесі уезі, Мақаншы- Садыр болысындағы Жыланды тауында тудым» деп жазады.

Ал Төлегетай бабасы жөнінде « Менің әкемнің айтуынша 16- ыншы атам» дейді. (М. Тынышбаев. Материалы к истории киргиз- кайсакского народа. Ташкент, 1925 год, 16 стр.) Сонда, әр атаға 25 жылдан берсек, 16 атамыз тұп- тура 400 жыл. Тынышбаев туған 1879 жылдан 400 жылды алсақ, Төлегетай баба мөлшері 1470 жылдары өмірге келген деп топшыланады. Бұл М. Тынышбаевтың әулеті бойынша. Мана менің әулеттік шежіремде Өкіреш Шал 1410- 1420 жылдары өлген дегенбіз. Төле- Шалдың үшінші ұрпағы, демек 75 жыл кейін туады. Мұны қоссақ Төле мөлшері 1485- 1495 жылдары ана құрсағынан шыққан. М. Тынышбаев пен менің ата таратудағы айырмашылық бар- жоғы 15- 20 жыл. Сондықтан осы кезеңді межеге алған дұрыс сияқты. Тынышбаев аңғарсаңыз шежірені тарихи факт ретінде қарамай «әкемнің айтуынша» дейді. Мұны әмісе назарда ұстау қажет.

Бұл қай кезең? Осы тұста Шайбаниден тарайтын Әбілхайыр ұрпағы тізесін батыра берген соң, Жошы ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек арғын, найман, керей, қыпшақ қатарлы рулардың басын қосып, қазақ хандығын құра бастаған қазақ халқының тарихындағы ең маңызды мезет- ті. Бұл іске атамыз бәлендей араласа алды ма? Белгісіз. Бірақ Төленің сақайған шағы 1511 жылы таққа отырған атақты Қасым ханмен тұспа- тұс. Атамыздың жауға да, дауға да төте түсетін, кесіп билік айтатын, ел көзінде жүретін дер шағы. Тарихи, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардың Қасым хан бастауымен өрге жүзген кезі. Қазақ шығыста Жетісудан әріге, батысында Еділ- Жайыққа аяқ артып, терістігі Арқаға, түстігі Алатаудан Сырға дейінгі кең далада көшіп жүретін халге жетті. Қасым хан қазағына тыным, береке әкелді. Ел тойынды, қазақ ешкімнен ықпайды. 200 мың әскер атқа қонатын қуатты мемлекет.

Айтулы осындай сәттерде найман қандай еді? Жауапты қазақ тарихшылары бүтін мойындайтын Мұхаметжан Тынышбаевтан аламыз. Ғалым: « 100 жыл, 1500- ден 1600 жылға, тіпті, 1625 жылға дейін...наймандар аса ірі саяси роль атқарды. Олар басқа руларға қарағанда жан санының артықшылығына сүйенді.» деп жазады. (Материалы...17 стр.) Ендеше, қазақ хандығының төрдегі бір орны, шаңырағының бір керегесі- Наймандікі. Найман бар саяси шешімдердің бір тұтқасын ұстаған. Демек, Төленің мемлекеттік істерге араласуының алғы шарттары түгел. Оның үстіне Төле ата жағынан қандай өрлі болса, нағашы жұрты да сондай әлді. Арғы Анасы Ақсұлу да бергі апасы Тоқсұлу да қабырғалы қалың үйсін. Ата жұрты- алға аттаса аяғы, нағашы жұрты сүйенсе- таяғы. Бұған әкесі Сүгіршінің асып- төгіліп жатқан байлығын қос. Мұндай жұртпен, дәурені жүріп тұрған найманмен ынтымақты, ағайын- ажын болуға әркім мүдделі еді. Осылайша қалыптасқан тарихи жағдай, наймандардың қазақ қоғамындағы саяси- әлеуметтік орны Төлені сөз жоқ халықтың алдына шығарады. Тыңғылықты білім алған, мұсылманша сауатты бала аса зерек болып өсіп келе жатты.

Сонау замандардан бала Төле туралы аңыз көп жетіпті. Төле жалғыз ұл десек те Сүгірші байдың қыздары баршылық екен. Қолы жомарт, бай нағашы атасының үйіне жиендері топырлап келе беретін көрінеді. Бірде Төле осының себебін сұрапты. Сонда әкесі Сүгірші бай:

-Әй, балам-ай! Жиен серкелерінің санын алып жүреді де!- деп жауап береді.

-Онысы қанша еді?

-Жиендерің серке орнына түйе алса- үлең азаймайды, ат сұраса- үйірің ортаймайды. Мөңіре мен маңырамадан қолдарын қақпа. Сенің сиыр мен қой- ешкің көп пе, әлде Сырдың салпаң құлақ қояны мен жортқан сәйгегі көп пе, біліп болған ешкім жоқ. Жиендер нәсібін қалап ала берсін. Ырзықты бөліп жеңдер.

Сөз түйінін түсінген Төле бала нақ осы кезде артында қалған аталы сөздерінің алғашқысын айтыпты. Арада 4-5 ғасыр өткемен елбастар, жалын атқан жастың сөзі бізге тұтастай жетіпті:

-Ұқтым әке! Қарты ортақтың- қазаны да ортақ екен!

Әңгімеге куә жұрт мынадай тапқырлыққа таңдай қағып, бата берісіпті. Қазаққа ғана тән, алатыны да, қосатыны да жоқ, бас- аяғы бүтін ғажайып нақылдарын атамыз осылай бастапты. Төле ұстаз алдына қаршадайынан барыпты. Шәкірт кезіндегі мына аңызды тыңдаңызшы.

Сүгірші ақсақал- қарасақалдарды жиі жинап, дастарханға шақырады екен. Әңгіме мол. Сондай сәтте үйретуші- қожа:

-Өткенде Төле менің малымнан он марқаны бөліп әкетіпті. Себебін білгеніңіз бар ма?- дейді.

Әке хабарсыз екен. Қанша жерден байдың, бардың баласы десе де Төле қатар- құрбылары секілді қозы бағып жүрген. Шақыртады.

-Алдым! Алдым. Әне кезде дарияны жағалай жұтаң ауыл келіп қонды. Талғажулары жоқ, көш үстінде екен. Содан шәкірттер ақылдасып, қожалардың қозысынан таңдап- таңдап, ерулікке онын бердік. Қожаға «Қозыларыңыз қой болып, өсіп жатыр» дегенмін. Бұл – он. Ал рұхсатсыз алған айыбымды әкем өтесе, он үш-, дейді өзіне- өзі билік айтып, келіспей істеген айыбын үш қойға бағалап.

Мұхаммед Салихтың «Шайбани намесі» мен Әбілғазының «Хандар шежіресін» оқыған адам мынадай деректерге қанығады. 1508 жылы Қобыз Найман Марының және оның маңының датқасы. Бұл сол тұстағы аса ерекше жағдай. Хан, төре емес, қарадан- көптен шығып, халық басқарған аздың бірі осы Қобыз баба екен. Алла сәтін салса бұл жарықтықты да зерттеу қажет.

Қобыз датқа салған жол кейін әбден дәстүрге айналады. Сол Марыны 1530-1550 жылдары Найман Жолым би басқарады. Айырмашылығы “датқа” енді қазақыланып “би” деп аталыпты.

1570-1580 жылдары Түркіменнің ханы Санжарды мырза қамауға Найман Құлмұхаммет би ұстап отыр. Бар билік қолында. Санжар хан елдің әбден зықысын шығарған соң мынадай төтенше шара қолданған.

Осы тұста Балхта да наймандар мәртебелі. Датқалары- Найман Назар би.

Есіл- Ұлытау арасындағы бар билік Балталы- Бағаналы наймандарға тиесілі.

Одан әрі қарасақ Жалмұхамбет бидің желбіреген туын көреміз. Самархан өзбектерінің, қырғыз, ноғайдың біріккен қолын шабуға Бабахан хан жасақ жинап жатыр. Маңдай алғы негізгі қол, әскери билік найман Жалмұхамбетке берілген.

Бұл деректерді мақтанға теріп отырған жоқпыз. Әр нәрсенің айтатыны бар. Кез- келген тарихи Тұлғаны өскен ортасынан, сол заманғы барлық оқиғалардың жиынтығынан, солардан шығатын қорытындылардан бөліп қарауға болмайтынын жоғарыда айтқанбыз. Мысалдардан Белгібайұлы Сүгірші, Сүгіршіұлы Төле ғұмыр кешкен кезеңдерде олардың аталастары- Наймандардың мемлекет ісінде алатын орны, қуатты саяси күші, малды, шелді ру екені анық көрінеді. Саяси биліктегі топ жекеменшік формасы бар қоғамдық құрылымда байлыққа ие болады. Тек кеңес дәуірі бұған қарсы нышандарын байқатқан. Сол нышандар ақыры түбіне жетті де.

Аңыздың азды- көпті қосатыны, уақыт бірлігін сақтамай ерте мен кештің арасын жалғай беретіні бар. Солай десек те Сүгірші әке малды болғаны дау тудырмайды. Сүйініштен- Сүгіршіге, ел- жұртын тойындырып, киіндірушіге айналғаны бір болса, жаңағы әңгіме байлығы асып жатқан адамға тән. Оқиға Сыр бойында өрбігеніне дау жоқ. Наймандардың алды бұл тұсқа XIII ғасырдың басында жеткені белгілі. Осы өңірде өсіп- өрбіген.

Бір аңызда ғана Белгібай 35 жасында өліп, Сүйініш (Сүгірші) ІЗ-інде жетім қалады. Барлық басқа деректерде Белгібай қашан өлгені көзделмейді. Біз, Төле 20- ларға келгенше атасы Белгібай тірі деген ойдамыз. Себебі, Белгібай 16- сында үйленіп, Ақсұлудан Сүйінішті көргенін сөз алдында айтқанбыз. Бұл Белгібайдың ең ары дегенде жиырма бестен аспаған кезі. Белгібайдың ұлы Сүйініш те ерте отау құрғаны анық. Олай десек жиырма бестерінде Сүйініш те Төлеге әке болмақ. Бұл есеп Төле жиырмаларға жеткенде әкесі Сүгірші 40- 45- те, атасы Белгібай 70- терде екенін көрсетеді.

Қалай десек те ел арасындағы аңыз Төле үйлі- баранды болған шағында әкесі тірі екенін жазбай айтады. Бүған жеке тоқталып отырған себебіміз бар. Сыр бойында, Төленің сүйегі жатқан Жаңақорған, Қызылордада екі дерек айтылады. Бірінде, тұттай жетім қалған Төлені қожалар асырайды, өсе келе әлде өгей, әлде жетім қыздарын береді- міс. Екіншісінде, Төле мұнда егделене, жігіт ағасы болғанда Қылышты қожаның атын естіп, алыстан келеді, қойшылықты сұрап алады, кейін Қылышты ата Төленің қасиетті екенін біліп, оң жағынан орын, қыз береді- міс. Ұзын- ырғасы осы.

Рас дер едік. Егер жоғарыдағы Сүгірші мен Төленің арасындағы аңыз бізге жетпесе, әкенің аса қорлы, беделді адам болғанын уақыт ұмыттырса. Мүмкін дер едік- қазақы, рулық жол- жораны білмесек. Сондықтан да екі аңыз шикі, ішкі есепке қүрылғаны көрінеді. Төленің ұрпақтары Арқаға көшіп кеткен соң баба ғұмырын әлдекімдер бұрмалап, қажетіне ыңғайлаған сыңайлы.

Себебі: Бізге- Төленің тікелей ұрпақтарына аталарымыздан жеткен аңыздар Төленің жастай жетім қалмағанын анық айтады. Үйлі- баранды шағында әкесі Сүгірші тірі. Атасы Белгібай да жетпіс бестердің үстінде. Ол тұста адамдардың ұзақ жасайтынын, денсаулықты болып келетінін назарға алсақ, ата да немересінің қызығына ортақ.

Төле Сырдарияға егде шағында келді немесе жетім бала еді десе сан тарау сұрақ жамырайды:

1.Төле Сыр бойына егде кезінде келсе, қай кезде қырық жыл ел басқарады?

2. Салт басты- сабау қамшылы жат адамды сол маңдағы рулар қалай ғана қазы, онан соң датқа, онан соң елназары сияқты аса елеулі қызметтерге қояды? Екі шылбыр, бір тізгінді бөтен, соңында қабырғалы тірек руы жоқ адамға неғып ұстатады?

3.Өз азаматтары жоқ па?

Бұл орынды сұрақтардың жауабы: Төле Сыр бойында туып- өскен. Дария жағалауындағы сол кезде жан саны ең мол найман болған соң бар билікті ұстап отыр. Осындай, ап- анық, өзі сұранып тұрған, қарапайым әрі өте дәлелді себептерді шындық іздеген адамның көрмеуі мүмкін емес. Ал жалған сөз жүгірткісі келгендерге ем жоқ. Ондайларға, тек , аруақ кешірмеуі мүмкін екенін ескертіп кетпекпіз.

Ауыз әдебиетінің, аңыздың оқиғалар тізбегінен жаңылып отыратыны бар. Онымен де қоймай, оқиғаларды, адамдарды, жер атауларын ауыстырып алатыны жиі кездеседі. Мұның бір мысалы садыр Асау батырдың басынан өткен. Батыр егделене келе:

-Төлегетай атамның жанына барып өлемін. Әйтпесе, Сыр бойы Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл найманның бір мекені екенін ұрпақ ұмытып барады. Мен жаңғыртайын-, деп егделенген шағында Төлегетай атасының моласына шырақшы болып, елінен кетіп қалыпты.

Қалған өмірін бабасының басында өткізіпті. Моласы- Төлегетай атаның аяқ жағында, сол жақ босағадан сәл ішкері. Өзі- Садыр руынан. Бүгіндері «Садыр- Асау» аталатын үлкен тайпаның түп бастауы. Бұлар Асау аталарының Сыр бойындағы Төлегетай моласына жерленгенін естерінде ұстап отыр. Мұны М. Тышышбаев та жазып қалдырған. Міне, осы Асау батырдың егде шағында атасына шырақшы болып келгенін бәз біреулер Төлегетай бабаның ғұмырнамасына жамай салған. Сыр дарияда туған Төлегетайды егделенгенде келген деп шатыстырып отыр. Өздері лағы кеткенімен қоймай бас пайдалары үшін жұртты да адастырмақ. Олар бір нәрсені: Төлегетай атаның артында іздеушісі- сұраушысы бар екенін, ұрпағының ақ- қараны ашып отыратынын ескермеген.

Қазақ, қазақ болғалы жетімін, жесірін қаңғытып жіберген халық емес. Даламызда бұл берік орныққан қағида. « Аға өлсе- іні мұра» осыдан шыққан. Бұл біреуге әйел әперейік немесе күйеу тауып берейік дегендікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Әңгіме ұрпақ мәселесінде. Осы рудың баласы, осы руда қалуы керек. Жатқа жіберу, жалға беруге дала салтымен тиым салынған. Ата дәстүр мұндайды кешірмейді. Мүтілім ру атына сын. Ел ағасының бетіне түскен таңба. Сүйекпен ғана кетер қорлық. Бүгін ғой жетім балар үйі ашылғаны. Жесірмен бірге ұлдың кетіп жатқаны. Ол заманда тентіреп қалған жесір, телімдеп кеткен жетім болмаған.

Сыр бойында, 1500 жылдары наймандардың іргелі қауым, ықпалы күш, Қазақ хандығының негізгі бір тірегі ретінде көрінгенін айттық. Дәлел асып-төгіледі. Ендеше, Сүгірші сияқты текті атаның ұлы, жетім қалса да кісі есігінде жүрмейді. Елі, жұрты халқын асыраған Сүгіршінің жақсылығын үмытпайды, шаңырағын жықпайды. Бұл да Даланың жазылмаған, бірақ бұлжымайтын Заңы. Алайда асып- төгілген Сүгірші, шүкір, тірі.

Жаңағыдай- Төле жетім немесе сақа жігіт шағында Сырға келді деу қазақтың жаратылысын, ырым- салтын, Далада ғасырлар бойы орныққан, хан да, қара да бұза алмайтын, бүгінгі тілмен айтсақ, Ар Кодексін белінен басу, осылардан хабары жоқ адамның білместігі. «Қасақана айтты» дегенге ауыз бармай отыр. Қалай десең де аққа қара жаққандай тігісі де, жыртығы да бадырайып тұр. Кесауат қана. Осы тұста бір ой келеді. Бұл менің ойым. Ұнаса қабылдарсыз. Төле сақа жігіт шағында келді дегенді екінші сөзбен айтсақ, қожалар атамызбен сақа жігіт кезінде танысты деген сөз ғой. Ендеше, тереңірек үңілсек, керісінше, қожалар Төленің сақа жігіт шағында Сыр бойына орналасып, Сүгірші байдың еліне, дарияның жағасындағы қазақтарға сіңген. Бұлай деуге дәлел бар. Егер қожалар ол жерде ежелден отырса Қылышты қожа жарықтықтың ата- анасының, арғы аталарының молалары ол жерде неге жоқ? Жазу- сызуы бар қожалар сол маңда Қылышты қожадан арғы сүйектері болса ұмытпаса керек. Олар Орхын- Оныннан бері құлаған, Таулы Бадахшанға дейін аяғын созған, Самарқанның түбіне Төленің үшінші атасы Өкіреш Шал ханзаданы жерлеген, өз даласында еркін көшіп жүрген найман емес. Қазақтан тиген жерінде отырған- жатақ.

Қазақ «Жігіттің жақсы болмағы- нағашыдан», «Жігіттің үш жұрты бар, жанашыры- нағашы жұрт» дейді. Өскелең жиенді мақтан көрген. Намысқой Үйсін жиені Төле мен қызын бір үзім нанға не қылса да зар қылғызып, көрінгеннің есігіне телміртіп қоймайды. «Жиен- ел болмас» десе де қызының көз жасын арқалаған қазақ жоқ. Ақыны мен шешені күнде сөз таластырып, қақтығысып жатар қазекем «жиенің қаңғып жүр» дегенді естіген күні-өлгені. Немересінен жиенін алабөтен көрген қай қазақты атай аласыз. Өзіміз де жиенбіз, жиеніміз де бар. Бөлеріміз қане оны немеремізден.

Өзім нағашымның қолында өскенмін. Маған, менің нағашым Сұлтанайдай нағашы ешкімде болмағандай көрінеді. Нағашымды “Папа”, әкемді “аға” деп, екеуін де бақиға жөнелттім.

Оны айтамыз, жиенін өсіріп, отау етіп шығарған, әкесінің атын ұмытқызбаған, ата жұртына шығарып салған мысал аз ба? Талдықорған өңірінің Кербұлақ ауданында Жалайырдың Андастары тұрады. Осы атадан Арғынбай ұрпақтары өрбиді. Солардың бірі Сейіткерей Нұрланбаев ақсақал мынадай әңгіме айтады: «Арғынбай бабамыздың анасы найманның Қаракерейінен екен. Ата-анасы ерте өліп, нағашылары «Осы баланы бізге беріңдер. Қызымыздың көзіндей көріп жүрейік» деп алып кетіпті. Кейінірек әйел әперіп, еншісін бөліп, мал- жанымен Жалайырға жеткізіп, табыстапты. Құрдастарымыз бізді қажағанда «наймандар», «шеттібай» деп қылжақтайды. Біз намыстанбаймыз. «Сондай нағашың бар ма!» деп жеңістік бермейміз.

Міне қазақы нағашылық деген. Демек, жоғарыдағы Төленің жетім қалып, қожаға сіңуі тіпті қисынсыз, түбірімен жалған. Қазаққа келіп сіңген қожалар ғой.

Мұндай келеңсіздіктің белең алуы Төле ұрпақтарының Сырдан көшіп кетуі, қоныс ауыстыруына байланысты. Ата тарихқа абай қарайтын, шындықпен жалғанның ара жігін ажыратып отыратын шежіре иелері Сыр бойында қалмаған соң, «әй» дейтін ажа, «қой» дейтін қожа болмаған соң әлдекімдер сыңар езулеп, әу бастағы оқтай түзу шежірені еркінше шимайлаған.

Жанға бататыны, Найман тарихы- қазақ халқы тарихының бір керегесі екенін білмеуде. Қазіргі кез- келген қазақ руларының өткенін бұра тарту барлық қазақ халқының тарихын өзгертуге талпыну болып табылады. Себебі, қазақ тарихы- Қазақ хандығы Туының астына біріккен ру- тайпалардың тарихы. Солардың ерлік істерімен, қаһармандығымен ғана бүгінгі дәуренге жеткеніміз анық. Ал, жекелей найманға келсек, Н. А. Аристов ХІІІ ғасырдың басында Жошы әскерінің бір бөлігінің Шайбандардың қолбасшылығымен бүгінгі Сырды бойлай, одан әрі Хорезм, Бұхараға жазыла қоныстанғаны тұрғысында былай дейді « Шейбандармен келіп қоныстанған негізгі рулар- ұяс, дүрмен, қият, қоңырыт, уйсін, найман» (Н. А. Аристов. Усуни и киргизы или кара- кигизы. Бишкек, 2001 г. 370 стр.) Ары қарай бүкіл әлем мойындайтын ғалым осы рулардың ішінде ең жан саны көбі де, өте ықпалдысы да наймандар екеніне баса назар аударады. Ендеше , Төле жігіт болғанда қожалар ел ішінде ауыса жүріп, аса жомарт Сүгірші байға қоңсы қонды деген орынды.

IV

Әдетте, халықтың рухани қазыналарын білмеу, түркі тегінің жаратылысы мен тыныс- тіршілігін түсінбеу осындай қиыспайтын, әлдекімнің сойылын соғатын еш негізі жоқ аңызға әкеліп соқтырады. Аннан бір, мыннан бір жұлып алған, ұлттың мінез- құлқынан, характерінен тыс жатқан, жүйелі зерттелмеген мұндай қияли аңыз ешкімге аброй әпермейді.

Басын ашып алдық- ау деймін. Төле ат жалын тартып мінгенде әкесі әлі тірі. Атасы да қаусаған қарт емес. Ендеше жетім Төле жайлы кесауат бейпіл ауыздан, белгілі мақсат қуып шыққан. Түйсікті жанға ол не мақсат екенін тауып алу түкке тұрмайды. Бұра тартушы өзін зорайту үшін қиыс тартқан.

Сыр бойындағы Төле баба жайлы басталуы дұрыс болса да, аяғына жетпей кегежесі кейін тартып тұрған аңыздар өздерімен- өздері іштей шатақтасып жатады. Мәселен, бір жылы Төле қыстың ауыр болатынын біліп, малдың өрісін іздеп, қойды айдап, ту алысқа кетеді. Жырақтығы сонша, ешкім Төленің қайда жүргенін білмейді. Содан көктемнің аяғында малын төлдетіп, бірақ келеді.

Осы әңгімені тыңдаушылардың ішінде көне сөздердің, аңыздардың білгірі, ғылым докторы Тұрсын Жұртпай бар- тын. Бірден маған бұрылып:

-«Тоқтарқожаның амалы»-, деп салды.

Біз түсініп тұрғанбыз. Бұл оқиға Төле бабаның оныншы ұрпағы Қаракерей Қабанбай Батырдың төртінші атасы Тоқтарқожа аңызының нақпа- нақ көшірмесі. Бір- ақ айырмашылық бар. Төле Сыр бойында- қой, Тоқтарқожа Арқада- жылқы айдап кетеді.

Мүндай аңыз Төлеге байланыстырылып тек Сыр бойында сақталған. Ал бабаның төрт немересінен тарайтын қалың жұрт мұны естімеген. Білетіндері Тоқтарқожаға байланыстысы. Байыс бидің жылқысын, жұт боларын алдын- ала болжап, Омбының етегінен Қорғалжын көлінің қалың құрағына құлатыпты. Екі орта алты жүз шақырымдай. Ол барлық шежірелерде, барлық шежірешілерде бар. Ара- тұра шежіренің де, шежірешілердің де дай- дүй, қиюласпайтыны болады. Бірақ Тоқтарқожа туралы ондай әлі кездескен емес.

Бұған да амалдап сенуге болар еді. Алайда, төрт түліктің қыр- сырына жетік қазақты қайтіп алдайсың? Ауылда өскен кез- келген қазақ Төле сонша алысқа қой айдап кетті дегенге құлағын кессең де сенбейді. Жыраққа жылқы айдалады. Жүрсе жер өндіреді, төзімі тастемір, тебіндей береді. Ал қой- ешкі ешкім білмес өңірге айдалмайды. Қорасыз, түнемелсіз жолай өзі- ақ қырылып қалады. Ендеше, мал жайына жетік Төле қойды жапан түзге қумайды. Бұл аңыз да негізсіз. Бірақ осы оқиға керекті адамына керемет қызмет қылады. Екі бірдей әжетке жарайды:

1.Төле баба өмір бойы қожалардың қойшысы ғана екенін дәлелдеуге;

2. Осындай қойшы өгей қызды алды деп шатастыруға;

Біз, бұл аңыз кейінірек, Тоқтарқожаның Байыс жылқысын аман алып қалғанын естіген біреудің өзінше түзбесі деген ойдамыз. Бірақ «Өтірік- өрге баспайды». Бұған көздеріңіз жетті.

Тарих деген қызық! Кейде көздегеніңе жете алмай діңкелей бастағанда қарапайым арифметика жағдайды алдыңа жайып салады. Келесіде қой өрісіндегі шиыр әлгіндей қатені «міне» деп көрсетіп береді.

Дария бойынан Төленің су тапшы кезде аса таяғын жерге ұрып, сол сәтте бұлақ пайда болғанын құлаққа құйып қайттық. Бұл да өте таныс. Аңыз шіркін бір елден екіншіге көшіп жүре береді. Айырмашылығы- сәл өзгертіліп, жергілікті жерге, оқиғаға байланысты ыңғайластырылады. Мысалы, Албан Райымбек, Садыр Жомарт батырлар, Қақал әулие де бірі найза, екіншісі аса таяғымен, тұп-тура осылайша су шығарады. Бұлар ауыз әдебиетінде сақталған. Белгілі жайттар. Десек те, солардың барлығының шындығы да бар. Ұлы Батырларымыз,Төледей білімді, тоқығаны, дана әке Сүгіршіден көргені бар аталарымыз жер жадысына аса жетік, айта берсең көріпкелдігі болған. Өскен өлкенің суы мен нуын жіті айырған. Сөйтіп, бастау шығар, мал жұтамас өңірлерді дәл көздетіп отырған.

-Мына жерді қазыңдар-, деп нұсқаған.

Бабасын дәріптеуге жалықпайтын қазекем найзамен, аса таяқпен су шығарудың негізінде осындай болжамшылдық жатқанын қиялға бұрып жіберген. Аңыз- жырлар әсерлеуге, динамикаға, мифологиялық сарынға қарай ауыса береді. Бұл артық туған бабаларды биіктете түсу үшін қолданылатын ауыз әдебиетіндегі тиімді тәсіл.

Жұртымыз оларды «әулие» атайды. Шынына келсек мұндай қасиет әулиеге ғана тән. Тегінде, «әулие» сөзінің арабшадан аудармасы- Алланың досы. Жаратқан иеміз жолын түсіріп, Мекке, Мединеде Раббыма құлшылық еткен кездерімізде шариғатқа, ислам ілімдеріне азды- көпті сусындадық. Сонда білгеніміз, қазақы түсініктегі әулие мағынасы тарылып кеткен. Біз әулие деп дін жолына әсіре берілген, сәуегейлігімен танылған бабаларымызды қастерлейміз. Әрине, олар әулие. Ал шейхтардың айтуынша, мысалы, бір елге егін себуді үйреткен адам- әулие. Халқына қорған болып, жауына дес бермеген, ел- жерін қорғауға бас болған Хан, Батыр- ол да әулие. Себебі, олар мұсылман үмбеті үшін қан төккендер. Және де жадыға түйгеніміз- әулиелік Алла Тағаланың рахымымен ғана қонады. Алла Тағала өз құлдарының қамын жесін деп әулиелерді, көп ішінен таңдап алады екен.

Сыр бойында аңғарғанымыз кез- келген нәрсеге діни астар берілетіні. Барлық оқиға, әсіресе, ата тарату басын діни өзектен алады да, қожаларға соқпай кетпейді. Мәселен, Төле бабаның шығу тегі қожалар түзген шежіре бойынша мынадай: Бөкей қожа (?), одан Өкіреш (яғни Найман шал), одан Құрманай (?), одан Төлек атай туылады. Төлек атадан- Қаракерей, Төртуыл, Садыр, Матай.

Бұл төрт атадан бері қарай ештеңе түсініп болмастай әбден былығып, шатыстырылған. Қанша талпынсақ та ретке түсіре алмадық. Сөйтіп, Өкіреш ата қожадан- Бөкей қожадан өскіндейді дейді. Осы маңдағы қожалардың арғы аталары мұнда XI- ғасырда келіпті. Бұл солардың айтуы. Бірақ шежіре ізімен ата түгендесең 300- 400 жыл жетпей жатады. Бұл қалай? Сонда Наймандар одан бергі уақыттарда пайда болғаны ма? Егер қазақ халқының, кешегі түркі жұртының белдісі- Наймандардың арғы тарихын білмесек сенер ме едік. Алдыда айтқанбыз найман біздің дәуірімізге дейін бар. Демек, найманды Бөкей қожадан таратудың табанында бүр жоқ, өтірік. Төленің ата- бабасы арабтардан әлде қайда ежелгі ел. Ал «қожа» дегенді, мысалы түріктер, ирандықтар, тәжіктер әлі күнге дейін «үйретуші» деген мағынада ғана түсінеді. Мысалы, Түрік елінен келіп, қазір діни білім беріп жатқандар өздерін «қожамыз» дейді де, оны «үйретушіміз» деп аударады. Бар, жоғы осы ғана. Тіпті, «ұстаз» да емес. Ешқандай ұлтқа да, руға да, ақсүйек, қарасүйек, кастаға қатысы жоқ.

Көне түркі батырлары туралы екі томдық «Дулыға» тарихи- эфсаналардың авторы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай Тоныкөк (кітапта осылай жазылған, Тоныұқық, Тонықұқ, Тоныкюк деп те әртүрлі аталады) Найман руынан екені жөнінде алғашқы пікір айтып еді. Тарихшы Н. Мыңжанұлы мұны қытай деректерінен тауыпты: «Тарихшы Ма- Шаңшудың айтуынша, осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлақ елінің Сабек тайпасынан шыққан адам». Ал Қара Ертіс қай заманда да, тіпті, бүгін де найманның қалың ортасы. Нақ қазіргі күнге дейін Түркі әулетінің маңдайына Тоныкөктей дана жазылмағаны рас. Салыстырар, қатар қояр Бұхар жырау бабамыз шығар.

Осы Тоныкөк бабамыз 646 жылы туған екен. Бұл Алла Елшісі Мұхаммед Мүстафа (с.ғ. с.) бақиға жөнелгеніне екі жыл толған мерзім.Пайғамбарымыздың 571 жылы 20 сәуірде туғаны анық. Ендеше сол кезде Мұхаммед Мұстафа (с.ғ. с) пайғамбарымыздың болашақ үмбеті қазақ халқының бір бұтағы- наймандар Қара Ертістен Орхын, Онынға дейін көсіліп жатқан еді. Бұл да найманның Бөкей қожадан тумағанын көрсетеді.

Қадірлі оқырман «Мұны өзіміз де білеміз. Несіне сағыздай созып отыр» деуі мүмкін. Өте орынды. Дауымыз жоқ. Тек кеудесінде зәредей күмәні бар жан болса әбден арылсын дегеніміз де.

Қазақтың бар тарихын қазақтың өзі ғана жасағанын еш уақытта ұмытпау керек. Ешкімге телінбеу, телігенге көнбеу- парыз. Себебі, Алла Тағала бізді әр түрлі, әр тілді, әр тарихты етіп жаратқан. Сондықтан да бәрімізді бір қалыпқа салып, ойдан шығарылған мистикалық ортаға апару, ең алдымен, Алланың раһымымен бөлініп берілген ата текті қорлау болып табылады. Ал Алланың бөлісін түзеу адам баласының қолынан әсте келмейді. Алланың шаруасына араласу абырой әпермейді. Себебі, ол Алланың қалауы емес. Осыдан қорқу керек.

Төле ата жөніндегі мөселелердің келесі түйіні сол тұста дін және дін үйретушілер қандай жағдайда еді деген сауалға тіреледі. Енді осы жайлы ой бөлісейік.

1314-1342 жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек ханнан бастап Шыңғысхан ұрпақтары исламға біржола бет бұра бастады. Өзбек өзіне- Гиасаддин Мұмаммет деген есім алды. Бірақ Тәңіршілдікке шек қойған жоқ. Содан шығар ислам өзге отырықшы халықтардай емес Тәңіршілдікпен қатар жүре берді, мың жылдық құлшылық бойдан оңайлықпен арылмайды.

Ақсақ Темір отыз бес жыл құрсанған қалың жауларымен талмай күресіп қана қойған жоқ, қобыз ұстаған көне діннің көздерімен де толассыз күрес жүргізді. Дұшпандарын табанына салды- ақ. Бірақ Тәңіршілдікті жеңе алмай кетті. Сөйтіп, Тоқтамысты шауып, орыстың маталған қол- аяғын шешіп, Баязитті талқандап, Европа христиандарын мұсылмандықтан сақтап қалған Әмір Темір де дәрменсіздікпен о дүниеге аттанды.

Бұрынғы- соңғы қазақ даласындағы хандардың қаңғып өлгені сирек. Бірақ бар. Ол- Тәңіршілдікке аш бөрідей шапқан, елге де қадірсіз атанған- Бұрындық. Ақыры осы қылығына халық қарсы шығып, Самарқанда елеусіз, ескерусіз өлді ғой. Сол ханға бақсы- құшнаштар бір пәле жасауы да, бағын тайдырып, байлап тастауы да мүмкін- ау. Тәңір дініндегілердің кеуде кере дем алғаны рас. Бұл тұста қазіргі қазақ рулары бір тудың астына ұйыспаған- ды. Төле баба туған кезең Керей мен Жәнібек хаңдар құрған Қазақ Ордасы атты халық пен Мемлекеттің дүниеге келуінен сәл кейін. Ал бұл екі хан ата дініне де, жаңа өркендеп жатқан исламға да бөле жара қараған жоқ. Мұнан кейінірек Төле баба Өзкентке датқа болған жылдарында Қасқа жол салған Қасым хан жас Мемлекеттің Байрағын көкке көтерді. Ол, бақсы- балгерлерге дұрыс қарап, еркіндік берді.

Сол, сол- ақ екен Тәңіршілдік хандықты қайта жайлап жөнелді. Адам баласының бірнеше ғасырлық ата тегі (гені) қашан да бір көрінбей қоймайды. Ол тұсты айтасыз, дәл бүгін де қазақ батыр Алланы, Қүдайды, Тәңірді араластырып жалбарына бермей ме! Біздің- қазақтың түсінігінде үшеуі бір ұғым, бір Абсалют- Ең Жоғарғы Иеміз. Жаратушымыз.

Қасымхан тұсында ислам таратушылар діни кризисті- дағдарысты бастан кешірді. Қазақ Тәңірге бет бұрып кетпесіне кім кепіл? Шоқан Уалихановтың «Мұсылмандық біздің тәніміз бен қанымызға әлі сіңген жоқ» дегені бар. Бұл күні кеше- 19 ғасырда жазылған. Ендеше одан 300 жыл бұрын қандай болдық?

Десек те, ақиқатын айтуды, ең алдымен, ислам жүктейді. Осы тұрғыдан алсақ, Төле баба заманында қайта етек алып, «дүр» ете қалған Тәңіршілдік үйретушілерге (қожалар) екі жақты қауіп төндірді, қос бүйірден қыса бастады.

Біріншісі, үйретуші- қожалардан ел ішіндегі көнеден келген бақсы- балгер, құшынаштар, диуаналар сан жағынан әлдеқайда мол. Дін алашұбарланып, бұрмаланды. Әсіресе, бақсылар жағдайға өте тез бейімделді. “Аллалап”, құран сөзімен бастап, аяғында жынын шақырып, зікір салар олар сырт қарағанда ислам жолында жүргендей көрінеді. Халық оларды жатсынбады. Себебі, олар қазақтың ішкі дүниесі, сөнбей жатқан қозы еді. Оның үстіне бақсылар, тәңіршілердің барлығы да қазақтар- Дулат, Үйсін, Қаңлы, Арғын, Найман, Жетіру, Байұлы, Керей т.б. еді. «Өз- өлтірмейді, жат- жарылқамайды» деген қазақ бұларға «туысым, бауырым» деп қарады, қорықты да. Үйретушілердің «қожамыз» деуі, олардың қазақтан бөлінуі, жатсындырды. Ат төбеліндей топты қазақ қорашсынды. «Бар бәле тілден» деген осы да. Өр кеуде, жауынгер қазақ ол кезеңдерде ат үстінде еді. Найза сілтеп, жебе тартып елін, жерін қорғап жатқан. Жұрт дін үйретушіге емес, топ бастаған батырға, тілден, көзден, оқтан сақта деп қобыз шалған бақсыларға үйірсек. Кімге де болса жан тәтті.

Осындай әлеуметтік ахуал негізінде тәңіршілдік фанатизм ислам дінін үйретушілердің- қожалардың жеке бастарына залал түсіруі әбден мүмкін- тін. От басы, ошақ қасы, жиған мал, қатын- бала және бар. Алайда кең қолтық қазақ дүрбелең туғызбады. Дін үйретушілердің қазаны бүтін түрды. Ал, Көшімхан елден кетісімен Ібір- Сібір хандығындағы үйретушілер, ишан- молдалар жаппай қырғынға түскені баршаға аян. Ислам таратушылардан тігерге- тұяқ, із қалмады, қан судай ақты. Хахас, жақұттар шамандығына күрт бұрылып, ислам таратушыларды қанға бояды. Осы хабар қазақ даласына да жетуі тиіс. Шекараласпыз ғой. Айта берсең, орыс жылнамаларында Ібір- Сібір ханы Көшім бүгінгі Ақмоланың оңтүстік- батысындағы Қорғалжын көлі маңында өлді деген хатқа түскен дерек бар. Сол маңда «Хан бейіт» деген аты үлкен, затын ешкім білмейтін мола тұрғанын естиміз. Көшімдікі емес пе екен? Сексеннен асқан Көшім хан қысылғанда құдаларынан жәрдем алу үшін ноғайлыға ат басын тіресе керек. Бір деректер Көшім кісі қолынан кеткен дейді. Себебі, күш алған орыс Көшімнің көзін құртпай тынбасы анық. Ал ноғай орыстан елші шақырып, елші жіберіп, араласа бастаған. Ендеше, Көшімнің келуі, екі ел арасындағы қарым-қатынас үшін аса тиімсіз еді. Бұл, саясат деген бәлекет әкесін де өлтіргізген ғой. Көшімнің арманда кетуі де мүмкін. Не десек те осы Көшімнің тегі қаракөк, шыққан ортасы қазақ. Олай дейтініміз, орыс жылнамаларында “Салтан Кучум из казахской орды” деген жолдар бар.

Құдай оның бетін ары қылсын. Төле баба тұсында Тәңіршілдік пен Ислам теке- тіреске түскенімен қан төгілген жоқ. Мал ұрлауға, барымтаға барып өзге жерде өлген адамына құн даулайтын қазақ үйретушілерге доң көрсетпеді. Дегенмен қауіп жоқ емес- ті.

Екінші, Төле датқа болған Өзкент көне Сауран мен Түркістанға тиіп тұр. Сауран кешегі Алтын орданың астанасы болса, Түркістан қазақтың кіндігі. Ақсақ Темір Қожа Ахмет Иассауидің кссенесін түрғызған. Демек, екі астананың нақ жанында ислам сәл әлсіресе, ол маңайға әп- сәтте жайылады. Ары қарай жаңғырық екі- үш еселеніп кетеді. Сондықтан, қожа- үйретушілер одақтастарға, беделді, белді жандарға жақындасуға мүдделі. Арқа сүйер күш керек.

Міне, нақ осындай сәтте Сүгіршінің, Сыр бойынан аты асқан бедел иесі, аса бай ру ағасының жалғыз ұлы Төле ер жетті. Енді ұлды үйлендіру міндет.

Сол тұста қалыптасқан саяси- әлеуметтік жағдайларға тез бейімделген қожалар да жан саны аса мол (Алла тіл, көзден сақтасын!) найман ішіндегі Сүгіршінің ұлы Төлені күнде көріп жүр. Әкесімен аралас- құралас. Төле дін жолын оқығанмен, беталысы, сөз саптауы ел басқаратын адамға қарай ауып барады. Сүгірші де жалғыз ұлын бетінен қақпайды. Тізгіннің бір үшін беріп те қойған. «Бөстегі жинамалмас, төрі бүтін» құда болатын- ақ орын. Сүгірші баба да Күнімқызды (анамызды аталарымыз осылай атайтын) бала жасынан біледі. Қожалардың алақанға салып аялап, мәпелеп отырған нәрестесі. Төледен екі жас кішілігі бар. Ибалы, инабатты. Мұны көргенде жүзін жасырып, қымсынады. Әке көңіл алдасын ба, Төле де Күнімқызға бөле- жара қарай ма, қалай өзі? Алла сәтін салған күні әке баланы оңаша шақырды. Ұзақ кеңесті. Түпкі ниеттері егіз тамшыдай екен. Күнімқызға құда түсу шешілді.

Ортаға дәнекер болатын, ұстасөзді ағайын аталды, бұрын- соңғы дәстүрде бар құдалық жайы түп- түгел екшелді. Қожалар да шалқасынан түспеді. Кергитін ниет танытпады. «Ұзынқұлақ» Сүгіршінің шаңырағындағы пәтуаны жеткізгелі қашан. Созыла түскен сайын, мазасызданып жүр еді. Рас екен. Әне, бір балақтары етіктерінің қонышынан шығып кеткен екі- үш адам аттан түсіп жатыр...Бұл қыз айттырудың алдындағы елшілікке келудің белгісі.

Өстіп, Сүгірші тәлімді, өнегелі шаңырақтың қызын ұлына әперді. Қожаларға білекке білек қосылды. Көкейдегі бір шаруаны Алла оңынан келтірді. Қазақ —жер иесі. Кірме, сіңбе, құл- құтан емес. Енді құлашыңды жазып, адымыңды ашудың реті келді.

Жоғарыда Ш.Уалихановтың пікірін келтіргенбіз. 1917 жылы Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханов былай депті: «Өзбектердің қазіргі әлеуметтік жағдайы бізден көп бөлек. Оларда ишан, молдалар, дін басылары мемлекетке ықпал етеді. Бұл қазаққа келмейді». Сөз, Сүгірші той жабдығына кіріскен уақыттан табаны жалпақ 500 жыл кейін айтылып отыр. Бұдан ұғарымыз, қазақ арасында дін- рухани азығымыз дәрежесінде ғана. Хандық, жалпы халықтық істерге дін, дін басылары араласа алмаған.

Мемлекет әр түрлі халықтардан, ұлыстардан, түрлі діни ұстанымдардан құрыла береді. Бірақ ол негізі бір этностың, мемлекет құрушы халықтың ізгі ниетімен, күшімен, сол халық мекен еткен территорияда дүниеге келеді. Кейбір ұлттар мен ұлыстардың бұған ынта танытпауы, тіпті, қарсылық көрсетуі де тарихта кездеседі. Себебі, негізгі этностың мүддесімен өзгелердің көкейіндегілер қарама- қайшы шығып та жатады. Мысалы, Қазақстанды алайық. Негізгі ұлт- қазақ. Біз қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, елімізде бір ғана азаматтық болуын, басшыларымыздың қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауын, ұлттық өнер мен әдебиеттің басымды дамуын, қазақ мектептерінің деңгейін көтеріп, жоғарылай түсуін қалаймыз. Бірақ қос тілді тықпалайтындар, қос азаматтықты итермелейтіндер, шекараның ашықтығын қалайтындар аз ба?

Бұлардан шығатын қорытынды: жалпы халықтық мүдде мен ұлттық мүдделер әр дайым сай келе бермейді. Халық- жалпы ұғым, ұлт- жалқы үғым.

Кез- келген ұлт өзгелермен қосанжарласқан одақта «ілдаллалап» күн кешкенді қалай бермейді. Ондай жағдайда бірің аға (СССР- дағы орыстар), бірің іні (СССР- дағы қазақ, өзбек, қырғыз). Бұл бізге таныс. 1731 жылдан- орыс жерімізге ептеп кірген кезеңнен, 1991 жылға дейін 260 жыл бойы кешкен күйіміз. Мәскеудің аузына қарамадық па? Осы кезде ғой «Мәскеуде жаңбыр жауса- Алматы қол шатыр ұстайды» деген мазақтың шыққаны. Осы кезде ғой «Алматы- орыстың баспанасы, ұйғырдың- асханасы, қазақтың- астанасы» деген түрпі сөздің жүрек тырнағаны, қаныңды қайнатқаны.

1986 жылғы желтоқсан ше?

Ендеше, Керей мен Жәнібек хандар, Төле баба тұсындағы Қасым хан қазақ руларының шекарасын белгілеуге, қазақ жерін қазақ үшін меншіктеуге міндетті еді. Олар солай істеуге ұмтылды, солай істеді. Қалай десек те, Мемлекетіміз 1465- 66 жылдары тарихқа енді, шекара белгіленді. Күш қазақта, жер қазақтікі, жердегі- төр қазақтікі. Алла Тағала көп көрмегей!

Дін- мемлекеттік шекараға тәуелді емес. Дінде ұлт, шекара болмайды. Сондықтан дін Адамзат баласының ортақ рухани қазынасы, ой- сана, жүрек нәр алатын ортақ Тайқазан. Игіліктің, Пәктіктің, Адалдықтың, жақсылық атаулының қайнар көзі.

Дін неғұрлым халық көбірек шоғырланған жерге орнығуға құштар. Себебі түсінікті. Қожалардың Өзкентте, күре жолдың бойында, байлығы шалқыған қаладағы Сүгірші баймен құда болуға ынтасы да- баба арқылы қолын ұзартудың қамы еді.

Қылышты қожаның Күнімқызы осындай тартыс көп, ислам мен тәңіршілдік тайталасып, арбасып тұрған шақта Сүгірші бабаның келіні болып, табалдырық аттады.

Сол тұстарда қалыптасқан жағдайлар, саяси, әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық ахуалды сараптау, қазақ руларының ара салмағын зерделеу, әр қайсысының өз орнын табу, кімнің неге зәру, кіріптарлығы бар екенін жан- жақты талдау арқылы Төле баба замандастарының лайықты орнын, кім кім болғанын анықтай аламыз. Өрістегі малдың, ата- тектің, туыс- туғанның өрге ұмтылған ұланға жасар септігі де аз емес. Барлығы да қозғаушы күш.Нақ осы айтылғандардың басы қосылғанда ғана тарихи тұлға бүтінделмек. Онсыз әңгіме жасау, бір қортындыға келемін деу бекершілік.

Сонымен тағы да бірдеше байламның реті келген сияқты. Олар:

1.Төле бабамыз үйлі- баранды болғанда бала- шағасын, ата- мекенін тастап, қожаларға келмеген. Себебі, Төленің барлық ғұмырында софылықтың нышаны да жоқ. Сейіттерден дін үйреніп, қалың найманға қожалар келіп, сіңді десе- сенімдісі осы. Қылышты Қожаның атын естіп, оны іздеп келсе, ілімін “үйрет” дер еді. Әрі оған білім берер қожалар да көрінбейді. Баққызбағы қой ғана. Сөйте тұра оң жақта отырған қыздарын береді. Бұған сене қою ақылсыздық па, аңғалдық па оны өзіңіз біліңіз.

Нақ осы қожалардың Самарқаның билеушісі, атағы жер жарған, исі мұсылманға пана болған, самсаған әскері, саны белгісіз малы мен қазынасы бар Жалаңтөс баһадүрге қыз бермей қойғаны жайлы аңыз жиі айтылады. Барлығы М. Тынышбаевқа иек қағады. Тарихшының «айтуларға қарағанда» дегеніне мән бермейді. Алайда, М. Тынышбаевтың әулеттік шежіресінде Төле, мөлшері 1475 жылдары туады. Бұл бұлтартпас факт.

Енді қараңыз: Жалаңтөс баһадүр 1576 жылы туып, 1656 жылы дүниеден озады. Екі бабамыздың туу мерзімінде аттай 100 жыл алшақтық бар. Төленің тірі кезінде Алшын ішіндегі Төртқара руының Жалаңтөс баһадүрі туған да жоқ. Ендеше, Сүгіршіұлы Төленің қожадан қыз алғаныны ести сала Жалаңтөс баһадүр қожаларға құдалық аттандырды, айбатынан жарты әлем бас бұғып отырған Жалаңтөс баһадүрге қожалар қыз бермеді деу шылғи өтірік. Баһадүр ол шақта қожа тұрмақ одан зорғысы болса да берсе қолынан, бермесе жолынан тартып алар еді. Ол заманда бұл қолбасшының қылышынан қорықпаған адам да, ел де жоқ еді. Баһадүр ым тастаса қожаң да, өзге де зыр қағып, өзі- ақ апарып тапсырарына талас қайсы.

Қарапайым есеп қожалардың Жалаңтөс баһадүрге қыз бермей қоюы жөніндегі аңызы түбірімен жалған екенін көрсетеді. Ту баста осы қиялға біз де сенген едік. Салыстыра келе қателескенімізді ұқтық. Төленің қожа қызын алғанын ести сала төртқара Жалаңтөс Баһадүрдің қожаларға құда жібергені тарихи тұрғыдан жалған. Аңыз ойдан шығарылып, қожаларды дәріптеу мақсатына құрылған.

Алшын жігіттері кешірер, бір сәйкестікті айту керек. Найман ішіндегі матайларда төртқара руы бар. Бұлар «Алшындағы төртқаралар бізден бөлініп қалған» дейді. Расында да, наймандар Баһадүрдің тікелей ұрпағы Әйтеке биге бүгін кесене салынған Нұратада тұрғанын, Алшын Жалаңтөс баһадүр жерленген Самарқанның түбінде найманның Ұлы атасы Өкіреш Шалдың жерленгенін алдыда жазғанбыз. Оны оқыдыңыздар. Әлде найман төртқаралар бөлініп кеткен бе? Түбі осы екі ру бір ата болуы әбден мүмкін.

2. Қазақ тұрмысы, тыныс- тіршілігі, даланың жазылмаған заңдары, көшпелілердің бар қарекеті намыстан қаланады, намысқа құрылады. «Ерді-намыс өлтіреді», «Жаным үшін- малым садақа, арым үшін- жаным садақа» деген аталы сөз осыдан қалған. Қазақтың бір Туы- Намыс. Бұлай десек, кеудесін көтеріп хандық құрған ну қазақтың бір бұтағы найман Сүгірші байдың жетім қызға құда түсуі, тіпті жалған. Қазақ жеті атасын білмеген жерден қыз алмаған. Бұл таза шындық. «Атасын көріп- ұлын ал, анасын көріп- қызын ал» дегенді бүтін ұстанған. Тең деп санағанымен ғана құда болған. Сүгірші бай көптің бірі емес. Бірегейі. Ендеше өгей ме, жетім бе, әйтеуір, есікте жүрген кызды жалғыз ұлына алатындай басына не күн туыпты? Бұл Сүгірші емес, бүкіл руға түсер таңба. Осыны да ұғыну қиын ба? Қазақтың ішін білетін адам бұған күліп қана қояр еді. «Өтірігіңе береке берсін» деп. Біз өйте алмадық. Ақты- қарадан, дұрысты- бұрыстан айыруды көздедік.

Сүгірші кімге құда түссе де маңдайын шертіп жүріп айттырары анық. Оған дәулеті де, сәулеті де, атақ- абройы да жетеді. Демек, ол алса, таңдаған қызын ғана келін етеді. Жетімекті теңі көрмейді, алмайды. Расы осы.

З. Төлені алдымен «жетім» деу, іле- шала «қатын- баласын тастап келген адам еді» деу не білместік, не күндестіктен туған. Білмесе- түзедік. Ал мемлекетіміздің негізі- қазақпен күндес таласу- бос далбаса. «Асын ішкен аяғыңа түкірме» дейді халық. Жомарт қазақ, қитұрқысы, қатпары аз қазақ өзгемен тең сөйлессе, өзгенің кірмелігін көрсетпей, іш тартқаны. Ал аса бастасаң, мойныңды бұрап, тезге де сала алады. Сөйтіп, күндестіктің дауасын оп- оңай табады.

Азды- көпті өрекпіп, эмоциямызды шығарып жатқанымызға жамағайын ренжімес. Қазақты төмендету арқылы өзгені көтеремін дегенге көне кетер қазақ жоқ қазір. Осыны еске салайық дегеніміз. Арынан жанын аямаған қазақ, ұлт туралы әңгіме көтергенде барын да аямайды.

Өз басым Сүгірші бай мен Қылышты қожалар тірі тұрған кездерінде мұндай келеңсіздіктер, бірін мақтау, екіншісін даттау болмағанына, құдалардың арасында жорға жүргеніне зәредей күмән кілтірмеймін. Ірі бабаларымыздың арасын ілгерінді, кейінгі етпектер ұсақтар, майда- шүйделер.

Жұрт аузында екі атамыздың өмірінен көптеген аңыздар сақталған. Мысалы, бір жиенін еркелетіп отырған Қылышты ата «Кел жиен асық атысайық» дейді. Сонда жанында отырған күйеу бала Төле жұлып алғандай:

-Ұстаз, онан да менімен ақыл атыссаңызшы! Үйретеріңіз түгесілмесе түпкіріңізді ақтарсаңызшы!- депті.

Осы сәт Қылышты Қожа:

-Е, төңіректегіні де, түптегіні де түгендеп, теріп алғансың. Енді соның нәсібін түгел жемей, бөлісе жүр,- деп Төлені сөзден жығып кетіпті.

Қандай жарасым! «Ұстаз» дейді! «Ата» деп ағайын қылғаннан гөрі «Ұстаз» деп төбесіне көтереді күйеу бала. Ата айтады «Білгенімді үйреттім. Алла берген олжаң болса аумағыңды ұмытпа» деп.

Мөлшерлеп, Қылышты атамыздың да жасын шығаруға болатын сияқты. Кім екені де шамалап ажыратылады. Кейде «Төле баба Қылышты атадан діни білім алды» дегенге ойланып қалам. Ұстазға қылыш ұстау жараса бермейді. Сол жарықтық қолбасшы, батыр емес пе екен? Төлеге ел басқарудың жолын үйретпеді ме? Төленің ұстазы Қылышты ата ұстаған медресенің молдасы шығар? Адассам Алла кешірер. Осы сұрақтар жиі мазалайды.

Қызылордалық, қазақ еліне танымал азамат, мұсылман тарихынан жинаған нақтылы деректері бар ағамыз қарт Каспийдің арғы жағындағы әзірбайжандардың бұлғағын басып, Алла жолын орнықтырып қайтқан бір қожаның Сыр бойында, Өзкент маңайында ғұмыр кешкенін жуырда айтып кетті. Осы жарықтық пен Қылышты атамыздың арасында ұқсастық бар сияқты. Зерттеуші ағамыз, бұйыртса, жазып та қалар. Сонда білерміз талай жайтты. Қылышты бабамыз Төледен көп үлкен болуы тиіс. Төле оның қызымен құралпас. Онда Қылышты қожа баба мөлшері 1450 жылға дейін туған. Одан тым әрі немесе тым бері тууы неғайбылдау. Қылышты ата Қазақ хандығы құрылуының көз көрген куәгері. Еңбек те сіңірген шығар. Әдетте, белсенді өмір сүрген ондай адамдар халықтық қозғалыстан тыс қалмайды, бел ортасында жүреді.

Бұл бабамыз да ұзақ жасаған сияқты. Ұрпақтары аталарының өмірден озар кездегі өсиетін ұмытпаған. Жарықтық «Менің басыма келмес бұрын, Төлеге барып сәлемдесіңдер. Сонан соң ғана маған келіп, құран оқыңдар» депті.

Төле бабаның сексеннен асқанына сенсек, немерелері Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуылдың алды отыз бес, арты жиырмаларда. Жеке шаңырақ иелері. Ата дәулеті түгесілмесе керек. Ұрпақ сабақтастығын, Төле бабаның туған жыл мөлшерін назарға алсақ, атамыз XVI ғасырдың елу- жетпісінші жылдары бақиға аттанған.

Төле бабаның төрт немересінен өрген тұяқтар Арқаға қарай ойысқан соң талай- талай дерек ұмытылып, тіпті, мана айтқанымыздай өрескел бұрмаланып кеткен. Төрт немеренің қотарыла көшуінің себебі де белгісіз.

Төле бабадан көш жөнінде жалғыз дерек қалыпты. Көз жұмарында төрт немересін жинап алып, «Төрт көзің түгел болсын. Көштерің қатар түзілсін. Түтіндерің қосылып, бір- біріңнен от сұрай жүріңдер» деген екен. Мұны немерелерінің Сырдан көшуіне берілген рұхсаты деп те, ажырамауды тапсырған өсиеті деп те қабылдауға болады. Аражігі ажырамайды.

Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл, Алла тілден сақтасын, тез өскен аталар. Олар Сыр бойында ел болып, ұйысқанымен, тәрізі, атаның асын берген соң ұзамай терістікке қозғалғандай. Бұлай десек Төле баба тағы бір көрегендік жасаған. Сыр бойында ел сығылыса отыр. Төрт немересін сол кезде- ақ етек- жеңді кеңге салатын Арқаға аттандырған екен. Ғажап! Бәрін өлшеп, бәрін пішіп отыр. Ғұмыр аяғына тақаған қарияның ұрпақтарын жаңа қоныс іздеуге аттандыруы, өзі туып- өскен жерінде қалуы қазақта кездесіп отыратын жайт. Сонау 1204 жылы 136 жасқа келген Құбатегін жырау далый- бақсы етіп орнына жап- жас Кетбұқаны көтеріп, өзі көне найманның мекені күн шығыста қалды емес пе. Бұл оқиға Төле атаның құлағында жүрді ме екен?

Барлық шежірелерде Төленің төрт немересінің түстерін аталарына жорытқандары айтылады. Ара- тұра аздаған өзгешеліктері кездескенімен негізінен бәрі бір ойды мегзейді. Мысалы, Н. Оспанның шежіресінде ол жағдай өлеңмен былайша беріледі (Тұрсынхан Зәкенұлы. Сыр бойындағы Төлек ата, Қылышты ата кесенесі. Астана 2003 ж. 15- 16 беттер):

Айтады Қаракерей көрген түсін:

-Жүк артып қара нарға түнде көштім,

Алдымнан қалың тоғай кездесті де,

Жол тауып жүре алмадым, соған түстім.

Төлегетай:

-Тоғайға жол таба алмай қонып қалсаң,

Шырағым, көп болады мал мен басың.

Ұрпағың талша қаулап өседі екен,

Ұйтқысы төрт баламның сен боларсың.

Матай айтты: «Ту ұстап, тұлпар міндім,

Түсімде қалың көшті бастап жүрдім.

Мінеки, ата, менің көрген түсім,

Өреңге қалың жайлап, ел қондырдым.»

Төлегетай:

-Шырағым, мен кәрімін, сен баласың .

Сен дағы толып жатқан ел боларсың.

Табанынан ел тайған заман болса,

Қонысты барлығына сен табарсың.

Садыр айтты: «Түсімде боз ат мініп,

Бес қару, жарағымды қолыма іліп,

Мінеки, ата, менің көрген түсім,

Жеңілдеп жүр екенмін топтан шығып».

Төлегетай:

-Түсіңде балам жүрсең боз ат мініп,

Бес қару, жарағыңды қарыңа іліп,

Бірталай өсіп- өніп, ел боларсың,

Басыңнан кетпейді екен жаугершілік.

Төртуыл «Бақтым,- дейді- бір қысырақ,

Жануар кете берді тым бытырап.

Атеке, осы менің көрген түсім,

Қайрып ала алмадым, басын құрап.»

Төлегетай:

-Түсіңде бақсаң балам қысырақты,

Мекенің болмайды екен бір тұрақты.

Өсімің өзгелерден кем болады,

Арт жағың болады екен бытыраңқы.

Түс көру, оны жорыту қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Мысалы, Абылай ханның түс көруі, оны Бұхар жыраудың жоруы. Сондай-ақ, Шыңғыс ханның төрт ұлының түс көруі.

Төрт немереге Төле бабаның көзі тірісінде айтқан өсиеті күні бүгінге дейін бәз- баяғы қалпында орындалып келеді. Қаракерей, Матай, Садыр Төртуыл әлі қатар қонады. Жұбы жазылған жоқ.

Төленің немерелері Сырдан қай өңірге бет алғанына көнені көп зерттеген, Қаракерей Қабанбай батырдың ғұмырына жетік, тарих ғылымдарының докторы Мұхтарбек Кәрімов мынадай дерек келтіреді: «Қабанбай батырдың елі- Қаракерейлерде ата- бабаларының Есіл- Нұрадан, Арқадан келгенін әлі күнге білетіндер баршылық. Аягөзде тұрған, шежіреші, сүйегі мұрын Зейнолла Сығаевтың айтуынша Қабанбайдың ұлы бабасы Байыстың қыстауы Ордың Қараағашының алдындағы Қазаншұңқыр деген жерде болған (Омбы маңы деп түсіндірді). Одан шығысқа тік жүргенде бір күндік Жалтыркөл деген жерде күзеуі болған. Сол сияқты Байыстың ұлы Сарымырзадан туатын Жолымбеттің зираты да Есіл- Нұрада» деп жазған еді.

Ден қоятын мағлұмат. Төледен Байысқа дейін төрт ата- Қытай- Қаракерей-Айрам- Ерторы бар екенін ескерсек, Төле көз жұмған соң алды 100, арты 75 жыл мөлшерінде қаракерейлер Арқадан көрінеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының территорияларында Қарағаш, Қазаншұңқыр, Жалтыр көл ауылдары әлі бар. Жолымбет Астанадан жетпіс шақырымдай. Жергілікті жұрт та «сүйегі найман» дейді.

Кейбірі, тіпті, Омбыдан да асып кетіпті. Тюмень мен Омбының арасындағы наймандардың дастарханынан дәм татқанбыз. Жақында Ноғай- Сібірден (Новосибирск) «Қабанбайдың ұрпақтарымыз. Найман- Байжігітпіз» деген екі азамат келіп кетті. Байжігіттен бері түсе алмады. Таңданарлығы, олар Қаракерей Қабанбайдың зираты Есіл- Нұра арасында екенін аталарынан, үлкендерден бала кездерінен біледі екен. Орда ауданынан. Өзге емес, аудан аты- Орда. Екеуі де қазақша еркін сөйлейді. Ноғайсібірге қашан, қалай орналасқандарын білетін адамдар болса, анықтап, қайта оралмақ болып аттанды. Мүмкін солар дерек әкелер.

Аталастарымыздың бүгінгі қоныстары айран- асыр етеді. Хорезмде жүрміз, Алтай тауда тұрамыз, Хиуада сан ауыл, Самарқанда тұтас жұрт. Тюменьдегілер тегін ұмытпаған. Найман өмір бойы көшіп жүргендей әсер аласың. Осының шындығы- ХІІІ ғасырда жеткен орындарына орныққандары да, жайлы жер іздеп көшкендері де бар.

V

Осыншалықты өрісті болатынымызды Төле баба көзі тірісінде болжапты. Немерелерінің қандай болатынын айтып кетіпті. Кімге қандай нәсіп, олжа берерін Алла ғана біледі ғой. Жаратушы иеміз атамыздың аузына салды ма екен, баба сынының шындығы мол. Шау тартқан мезетінде төрт немересін жинапты:

-Не біліп, не сұрағыларың келеді?

Олар ойланып, ертесіне жиналыпты.

-Қазылығың қиын болды ма, датқалығың ба? Ұлдың жаманы қандай, қыздың жаманы қандай?

Баба былай жауап қатыпты:

-Қазының алдына дау қуған екеу жүгінеді. Ары кетсе екі топ. Бірі, көзі айтып түрады, «Тәуекел» деп отырады. Ол- арамза. Екіншісі, «Алла» деп келеді. Ол- ақ. Екеуінің арасын ажыратсаң жетіп жатыр. Өзің де адалсың. Қазылық түк емес, жүрегің тазада.

Қиыны- датқалық. Қазы елдің арқасында күн көреді. Ел датқаның пысықтығымен көжесі қатықты болады. Қазыны ел асыраса, датқа елді асырайды. Қазы айтқан билігіне, төрелігіне ғана жауапкер. Датқа елінің тоқтығына, жерінің бүтіндігіне жауапкер. Қиыны да осы.

Бірақ бұл сауалдарыңа қарағанда екіншілерің салмақты. Ең қиыны- төліңе төрелік айтқан. Дегенмен де, қыз жаманы қиын- ау. Ұл жаманы үй- ішінде, ары асса ауыл арасында. Бүлдірсе өз қотанында бүлдірер. Дабыра барар жер шамалы. Тезге салып түзерсің. Төске салып шыңдарсың. Шіріген жұмыртқа сұңқардан да шығады. Қыз жаманы екі елді бірдей бүлдіреді. Жақсы атаны жат елде жаман атқа қалдырады. Жұртыңды өсекке, өзіңді есекке мінгізеді. Құда жұртпен іргең айырылады. Өрісің тарылады.

Қарақтарым, ұлды ұяға, қызыңды қияға қондырарда жеті рет өлшеп, бір рет піш. Үлкеннен ақыл, данадан кеңес сұраңдар-, депті- Ақсұлу аналарыңдай кеңесті, Тоқсұлу аналарыңдай келісті келін шаңырақтың бағы ғой.

Төле бабадан қалған нақыл көп.

Барлығын жиып- тере бергенді мақсат тұтпадық. Ойымыз ұрпағына, шама- шарқымызша таныстыру- тын. Үдеден шықсаң- олжалымыз. Қосарыңыз болса қуанамыз.

Сөз басында ескерткенбіз, Төле бабаның өз тұсына, алды- артына талдау жасау арқылы ғана бабаның кім болғанын зерделедік. Көне көз кариялардан естігенімізді, құлаққа жеткендерді қылдай қиянат жасамай жазуға ұмтылдық. Барды- бар, жақты- жоқ қалпында көрсетуді ниет еттік. Ендігісі өзіңізге, дүниетанымыңызға, халқының тарихына, қазақтың Ұлыларына деген ниетіңізге байланысты. Отаншыл болсаң орта жерімізді толтырарсыз. Даукеске- шара қайсы?

VI

Сонымен бар сөзіміздің ұзын- ырғасын жинастырайық.

1. Шежіре бойынша Найманның бір атасы- Өкіреш. Өкірештен- Белгібай, одан- Сүйініш (Сүгірші). Сүгіршіден (Сүйініш)- Төле туады. Төледен- Қытай жалғыз. Қытайдан төртеу- Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл. Төле де, оның аталары да Сыр бойында туып- өскен. Төле шаңырақ құрған шағында әкесі, атақты Сүгірші бай тірі. Атасы Белгібай немере қызығын көріп, шөбере сүюі мүмкін. Төленің екі жасында жетім қалғаны жөніндегі аңыз түбірімен жалған. Атамыз жетім қалмаған. Текті ата, Сыр бойында үлкен күшке айналған наймандар жетім қызды келіндікке алды деу біреулерді көтермелеу үшін ойдан шығарылған.

2. 1480 жылдан 1511 жьілға дейін қазақ тағында отырған Бұрындықтың тұсында Тәңіршілдік қуғын- сүргінге ұшырады да, ақыры осы қылығынан Бұрындық елден қуылды. Тәңіршілдік қайта өрледі.
1.Саяси- діни ахуал Бұрындықтан соңғы 1511- 1518 жылдарғы тақ иесі Қасым хан тұсында бірқалыпты. Тәңіршілдікке шек қойылмады. Сөйтіп, исламға қосымша қолдау қажет- тін. Оны тек қазақ руларымен бірлесу арқылы жүргізуге болады. Осындай сәтте Сүгірші бай Қылышты Қожа әулетіне құда түсті.
2.Сайдтар мен қожалар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ұрпақтары емес.
3.Қазақ тілінде, түркі тілдерінде «қара» сөзі көп мағыналы. Кейде түсті білдіреді. Ал адамға, халыққа қаратылып, «қара» сөзі қолданылса ол көп, көпшілік, негізі, қалың, мол деген ұғымда. Демек, «қара халық» деген сөз көпшілік, негізі дегені. Расында да, қазақ даласының көпшілігі, негізі иесі қазақтар.
4.Осының жалғасы. Қазаққа «ақсүйек» сөзі кейінде келген. Ойлаймын, орыстардан жұққан. Қазақ игі- жақсыларын «қаракөк» деген. Мысалы, Абылай арғы атасы Шыңғыстан бері тартып, желісі үзілмеген қаракөктің ұрқы. Ал , «сүйек» сөзі қазақта өлікке немесе итке тасталатын мүжіндіге қарата айтылады.
5.Сондықтан да, Қазақстандағы негізгі халық, қара халық- қазақ, өздерін бөлек атаушылар- сіңбелер, тегі белгісіздер.

8.Ислам қазақ даласында Төледен кейін, Салхам Жәңгірдің тұсында (1628- 1652 ж.ж.) біршама өрлеген сыңайлы. Бұған Салхам Жәңгірдің өзбектермен, әсіресе, Самарқан билеушісі Алшын- Төртқара Жалаңтөс баһадұрмен тығыз ынтымақ орнатып, алыс- берістің жиілеуі әсер еткендей.

9. Ара- тұра, қазақты әсіре діншіл емес, исламға бетбұрысы бәсең дегендей кінәға жығуға талпыныс бар. Осы айыпты көтерушілер Ливия, Ливан, Сирия, Мысыр арабтарының 10 пайызына дейіні өзге дінде екенінен хабарсыз-ау. Буддаға табынатыны, еврейлердің синагогасында жүретіндер де аз емес. Нанбасаңыз, діни әдебиеттерді оқыңыз. Тіпті, Саудтықтардың ішінде де өзге діндер біржола өшпеген. Бұларға қарағанда, тәубә, қазағым көш ілгері. 10 пайыз не істесең де шықпайды. Байсалды қазаққа ондай жала жаппас бұрын өзгеге үңіліп, салыстыр.

Төле атаның алды, арты жайлы ғалымдар, шежірешілер, жазушылар әлі талай қалам тартарына сенімдіміз. Біз мол мұраның шетін ғана аштық. Шамамыз келгенше құлақта, қағазда жүргендерді, «осыны алдымен ұсынайық» дегендерді жеткізуге талпындық. Ойымыз Төле бабаны кейінгі ұрпағына таныстыру еді. Үдеден шыға алсақ- олжалымыз. Сөз басында ескерткеніміздей- сол заманындағы барлық оқиғалар топтамасын саралай отырып, пікір түйдік. Сізге де ой салдық.

Дау- шарға емес, берекеге арнап жаздық.

Алла аманшылығын бергей!

Соны деректер

І

2003 жылы кітап баспаханада теріліп, дайын болып қалғанда Төле баба туралы таң- тамаша бір деректі Астрахан қаласының тұрғыны Найманбаев Алдияр қария алып келді. Жасы сексен екідегі зейнеткер. Тарих пәнінің маманы екен. Немересі Қарағандыдан қыз алып, құдалықта отырғанда Қаракерей Кабанбай батырдың кесенесін естіп, арнайы соғыпты.

-Жөн! Ал, енді Төле, Қытай бабаларың тұрғысында не білесіңдер? - деді.

Қарт ширақ. Сақал- мұрты аздап қана бозаңқы тартқан. Тіп- тік. Көзәйнек те кимейді. Манадан бергі, дастархан басындағы бір сағаттан астам әңгіме үстінде коңыр үнімен жайлап қана сөз тастайды. Малдасын жазбады. Біз «Төле», «Қытай» деген сөздерді бөліп айтқанына елең еттік:

-Төлегетай бабаны айтасыз ба?

-Дұрысы, әкесі - Төле, баласы - Қытай дейтін атам. Сөзіңді сабақтай бер

Білгенімізді ширатып айтып шықтық. Қағазға түсіріп, тасқа басқызбақ ойымыз барлығын жеткіздік.

Ақсақал әлденені есіне түргісі келді ме, яки көмейге келіп қалғанын айтар, айтпасын білмеді ме, сәл бөгелді. Сонан соң барып, былай деді:

-Онда бір нәрсені қосып жаз. Өзің өлшеп- пішерсің. Менікі атамнан естігенімді түйе жүрсең дегендік. Байқадың ғой, Өкірештен Белгібай жалқы, одан Сүгірші жалқы, Сүгіршіден Төле жалқы. Содан екен Белгібай бабамыз «Шөбере көріп өлемін. Біз, нәрестенің иісі таңсық әулет болдық- ау! Төледен төл өрсе, бір иіскеп көз жұмсам арманым жоқ» деп, Төлеге он бес жасында қатын әперіпті. Дәулет асып жатыр, бедел тасып жатыр. Керегі ұрпақ қана.

Амал қанша, келіні бес жыл бала көтермепті. Сонда Белгібай мал шалып, қүдайға атап, жалбарыныпты.

-О, Тәңірім! Кешіре гөр! Қартайғанда қай сайтан айналдырды екен мені? Беретін де, алатын да өзіңсің. Бермесіңді сенен кім тартып алады? Менікі қате болыпты. Шөбере бересің бе, бермейсің бе, о, Құдай, ол сенің рақымыңнан. Шөберемді көретін ғүмыр бересің бе, бермейсің бе, ол да сенің қолыңда! Құлыңды аяи көр! Кешір, Алла, кеше гөр!

Сөйтіп, жазғы шілдеде отыз күн ораза ұстапты. Сонан соң келініне кісі салып, Төлеге тоқал әперуге пейілденгенін хабарлапты. Міне, осы кішілікке алынған- қожаның қызы екен. Етегіне төл біткен осы анамыз. Қытай- қожаның жиені дейтіні содан.

Біз аң- таңбыз. Алдияр ата мұны да қалт кібермеді.

- Менің түп отаным- Аягөз деген жер екенін атам жиі еске алатын. Бұйыртса екі- үш күнде солай жүремін- ау. Атам Найманбай патша тұсында Омбыға, одан Орынборға оқу іздеп кетіпті. Әкем сонда туады. Мен де Орынборда тудым. Кейінірек қуғын басталғанда Астрахан астық. Содан сонда тұрып жатырмыз.

Атам марқұм керемет шежіре еді. Жиып- тергендерін апам марқұм жоғалтып алыпты. Төле, Қытай аталарым ес біле- ақ құлағымақұйылған. Ол заманда мал- жаны мол, ауқатты әулеттен шыққан азаматтардың үш- төрт қатын алмағаны сирек. Сирек деймін, әй, жоқ- ау. Айта берсек, Төле атамыздың жиырмасында тоқал алуы заңды да. Әуелгі кезекке ұрпақты қоятын казақтың қай- қайсы да шамасы келсе солай етер еді ғой. Оның үстіне бұл үлкендердің қалауы. Ол Төле бабалар тұсында екі етілмейтін. Әкем марқұм өздерің сілтеген Жаңақорған жағындағы Төле ата бейітіне барсам деп жүруші еді. Онысына жете алмады. Бұйыртса, мен көрермін осы жолы. Сен былай етсең қайтеді, балам. Қайда, қалай баратынымызды, кіммен жолығарымызды жазып бер. Үш адамбыз. Мейманханадан орын табылар. Ешкімге салмақ салмаймыз.

Алдияр ата Қаракерей Қабанбай кесенесін қиып кете алмай қиналғанын аңғардық. Үш қайтара құран оқыды. Батасын берді бізге. «Ата, елге қайтпайсыздар ма ?» дегенді айтуға батпадық. Қарттың онсыз да жүрегі сыздап барады.

Осы әңгіме жайлы не айтуға болады? Сенеріміз қайсы, сенбесіміз қайсы? Алдияр ата, сонау, Астраханнан өтірік айту үшін келмегені анық. Өзі де, сөзі де аса байыпты екен. Төленің екі қатын алуы сол замандардағы қалыпты жағдай.

Төле бабамыздың қожа қызын кішілікке- тоқалдыққа алғаны жөніндегі дерек аса маңызды. Солай болуы әбден мүмкін. Төле атаның кейінгі, оныншы ұрпағы Қожақұл баласы Ерасыл- Қаракерей Қабанбай атамызды екі әйелі болды деп келгенімізді, бірақ көптеген шежіре қарттардың Хан Батыр үш әйел алғанын бүгіндері бірауыздан айтатынын естеріңізге сала кетпекпін. Алдияр ата дерегінде шындық жатыр.

ІІ

Арада бес- алты жыл өте шықты. Баба кесенесі ашылғанда Өзбекстанда тұратын, Төлегетайдан тараймыз дейтін біраз садыр, матай, балталы , бағаналы найман келді. Олар да шежірелерін ұмыта қоймапты. Ұрпақтан- ұрпаққа өткізіп келе жатыр екен. Солар Алдияр атаның дерегін айна- қатесіз қайталап, Күнімбике анамыз кіші шешеміз екенін айтып отырды. Бабамыз бәйбішесінен бала сүймепті. Сонан соң қожаның қызына құда түскен екен. Бұл наймандардан естіген шежірелік аңыздар тіпті айран- асыр етті.

ІІІ

Өзбекстандағы қазақ наймандарда мынадай аңыз сақталыпты. Жалғыз ұл Қытайдың ерте дүние салуы Төле атаға өте ауыр соғыпты. Бірақ, бабамыз езіліп, ұнжырғасын түсірмепті. Қытай сол жиырма алты (отыз үш) жасына дейін екі келіншек алса керек. Әкесі Төле кіші анамызды өз қайын жұрты қожалардан әперіпті. Қытайдың бәйбішесі ұл бала көтермепті. Бірақ кіші келіншектің төрт ұлы сол кісіге үйірсек екен. Қытайдың жылдығын берісімен Ата келінін шақырып алып:

-Құдайдың амалына шара қайсы? Балам, басың жас. Обалыңа қалмайын. Осы елден- найман ішінен таңдаған адамыңа тұрмысқа шық. Көз алдымда жүр.- депті.

Жұрт арасында жасы қырыққа таяса да үйленбеген, серілеу, Садақ деген жігіт бар- тын. Тәрізі, балталы, бағаналыдан. Құрдастары жасы мен атын қалжыңға қосып Қырықсадақ атап кетіпті. Келін сол азаматты қалапты. Төле ата жасауы мен малын мол беріп, келінді ұзатып, ауылда қалдырыпты. Бірақ бәйбішеге бауыр басып кеткен төрт ұл шешелеріне ермесе керек. Ата да соны қалапты.

Арада қанша өткенін шежірешілер есіне сақтамаған екен. Әйтеуір, сәтін салған жылы Қырықсадақтың шаңырағында шекесі торсықтай ұл туыпты. Атын Жүсіп қойыпты. Бала сонша сабырлы, салмақты болып өсіпті. Артық сөзге жөқ, шаруасына керемет пысық, тұйық екен. Осынысына қарап жеңгелері:

-Майдан қыл шықса да, мұның аузынан сөз шықпас,- деп Жүсіпті әзілге сүйеп Қылауыз атап кетіпті.

Қырықсадақ одан өзге ұл көрмепті. Өзі де бір атадан жалғыз екен. Содан егделене келе:

-Мен де жалғыз, сен де жалғыз болмайық. Екеуіміз екі ата болайық. Ел ағайынды Қырық садақ, Қылауыз атап жүрсін,- деп баласын жеке ата санап кетіпті.

Уақыт өте Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл Сырдан қоныс аударуға ниеттеніпті. Қырықсадақ бұл шақта бақилық екен. Төрт ұл көш қамдағанда шешелері:

-Әбден қоныс тепкен соң келіп, көшіріп әкетерсіңдер. Әзір төркін жұртымда қала тұрайын,- деп Сыр дарияның жағасындағы қожалармен қоныстас қала беріпті.

Кейін ұлдары іздеп келгенде жасы ұлғайғанын, құдай қосқан қосағының осы топырақта жатқанын, бөтен жерге енді үйренісе алмайтынын сылтау етіп, көшпей төркінінде қала беріпті. Содан нағашыларында қалған Қырықсадақ пен Қылауыз жүре келе қожаға сіңіп, қожаның ішіндегі екі ата болып кетіпті.

Кейін сұрастырсам, Сыр бойындағы қожалардың ішінде Қырықсадақ және Қылауыз деген аталар бар екен. Төлегетай бабаның кейінгі астарына барғанымда бір- жарымен әңгімелестім. Рас, қожаларға қосып отыр өздерін.

ІҮ

Өзбекстандағы наймандардың шежіресіне ұқсас жағдайға тағы да кездеспесем осы әңгімені қозғамас едім. Шежіренің бір дерегіне сүйеніп, «Шыны осы» дегенге өз басым қарсымын. Бірақ, мынаны қараңыз: «Төлек атайға нәзірге берген қырғыздың қызын қосады. Онан туған балалар Қырғыз, Қырсадақ, Қылауыз. Қырғыздан бала жоқ. Қырсадақтың жарымы найман, жарымы қожа болып жүр» ( Найман, Алматы, 2008 жыл, үшінші кітап, 322 бет). Бұған не деуге болады? Талдап көрейік. Егер осы шежірелік дерек өзбек наймандарының айтқанын дөп басса жан- жақты қарастырудың қажеті жоқ еді. Қазақ шежіресінің нормасы- оқиғаны құбылтып отыруы. Ауызша таратылатын себепті де кей тұстар ұмытылып, қайсібір оқиғалар қосылып отырады. Мына жағдай нақ осылай. Төле атай келінін Қырсадаққа қосқанын, одан Қылауыз туғанын өзгертіп жеткізеді. Бұлай деуге себеп бар. Төле атаның бар ұрпағы ұстанып отырған шежіреде Төледен жалғыз ұл- Қытай туады. Әдетте әр қиырға тарта беретін шежіредей емес Төлегетай шежіресінің қайсысын алсаңыз да бірауызды. Төленің жалғыз ұлы- Қытай. Шәкәрім қажы ғана әке мен баланың орнын ауыстырып, Қытайды әке дейді. Соның өзінде де Қырғыз, Қырсадақ, Қылауыз аталмайды. Төлегетай шежіресінде мұндай адамдар еш жерде кезікпейді. Ойландыратыны осы. Алайда балталы, бағаналы найман ішінде бұл аталар бар. Есіңізде шығар, өзбек наймандарының шежіресінде Төленің келінін балталы, бағаналының Қырықсадақ деген жігітіне ұзатқаны. Міне, оқиға біртіндеп айқындала бастады. Қырықсадақтың ұрпақтары түгелдей қожаға сіңіп кетпеген. Бір бөлігі аталастарына барып қосылған. Өз жұртында өсіп- өніп жатыр. Мұнда Қылауыздың аталмауы дәстүрлі жағдай. Найман Қырықсадақты жеке, Қылауызды жеке ата деп қабылдамаған. Қылауыз- Қырықсадақтың баласы қалпында жүр. Дұрысы да осы секілді. Ал жан саны жағынан найманның кез- келген тармағынан әлдеқайда аз қожалар ата санын көбейтуге мүдделі. Сол себепті де Қылауызды дербес бұтақ ретінде атап жүрген сияқты. Мұндай жағдай шежірелерде көп кездеседі. Және өзін- өзі ақтап, кейігі ұрпақтар кіндік атасын мойындамай кететіні де бар. Бірақ ата таратудан тиянақты хабары бар азаматтар барлығын біледі, ішіне сақтайды. Тап басып дәлелдеп бермесең келіспейді. Осынысы шежіремен алғаш айналыса бастаған жылдарымда ашуымды шақыратын. Кейін келе парығына бардым. Осылай деп тапсырып кеткен атадан қалған аманатқа адалдық екен. Табан тірер себебі де бар шығар. Бір қазақ болған соң, қазақ екеніне мақтанған соң мұндай жағдайлар аса шағымды- принцпті де емес тәрізді.

Соңғы деректер қайсібір туыстарымызға ұнамай жатса ғафу өтінемін. Кез- келген дерек екі- үш қайталанған соң, ол міндетті түрде көпшілікке жеткізілуі тиіс. Әркім аталасын танып, ағайынымен араласып жүргеніне не жетсін!

***

Енді, Құрметті оқырман, Сізге өтінішіміз бар. Төле, Төлегетай, Төлеқытай, Төлекатай жөнінде көне жазбалар көзіңізге түссе, кез- келген дерек құлағыңызға тисе жинай жүріңіз. Бізбен хабарлассаңыз нұр үстіне, нұр!

Камал қажы Әбдірахман

Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы

Пирамидаларды тұрғызған египеттік құлдар емес

$
0
0

Пирамидаларды тұрғызған египеттік құлдар емес

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1397540406.jpg

Әлемнің жеті кереметінің қатарындағы Египет пирамидалары айналасындағы қауесет осыдан 1-2 жыл бұрын-ақ айтыла бастаған болатын. Десе де, ғалымдар бұл ақпаратты әлі күнге дейін таратпай келеді. Себебі, зерттеу нәтижесі осыған дейін бізге тарих кітаптарында айтылған тұжырымдармен мүлде сәйкес келмейді.

Біршама уақыттан бері ғаламшарымыздан алып адамдардың қалдығы табылып жатыр. Осыған дейін адам сүйектері теңіз бен мұхит астынан да, тау мен тастан да қазылды. Тәуелсіз зерттеушілер тобы осы олжаны мұхият сараптай келе ақиқатты жариялады. Осыдан 12-20000 жыл бұрын біздің ғаламшарымызды бойларының ұзындығы 4-12 метр аралығындағы алып адамдар мекен еткен екен. Бұл тым көп уақыт емес қой? Ол адамдардың күш-қуаты ғана емес, ойлау қабілеті де жақсы дамыған көрінеді.

Сонымен, бұдан шығатын қорытынды: әлем мойындаған осы бір ежелгі құрылысты біз білетін құлдар емес, тәуелсіз адамдар тұрғызған. Тіпті, кейбір деректерде олардың ауқатты, лауазымы жоғары адам болғандықтары айтылады. Және құрылыс жұмыстарына грек тарихшысы Герадот айтқандай 100 мың адам емес, 10 мың адам қатысқан екен.

Египеттің ежелгі мұралары жөніндегі Жоғарғы кеңестің директоры Захи Хавастың айтуынша, жоғарыда аталған адамдардың алғашқы сүйектері 1990 жылы табылған екен. Алайда, Хеопс пирамидалары маңындағы адам денелері ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында ғана табылған. Олардың жасы перғауындардың заманымен сәйкес келіп отыр. Тәуелсіз ғалымдар тобы олар соққан пирамидалардың саны 600-ге жеткендігін де айтады.

Бүгінде осы тақырып төңірегіндегі тартыс-таластар қызу жүруде. Ақиқаттың беті де таяуда ашылып қалар.

Сіз қалай ойлайсыз? Расымен де, египеттік құлдардың пирамидаларға қатысы бар ма? Әлде, алып адамдарға сенгеніміз дұрыс па?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Viewing all 132 articles
Browse latest View live