Көрші елдердегі қаңлылар
22-Мамыр, 2014 Сайт қосымшасы 528 рет оқылды
Қазақтың тарихының тамыры тереңде жатыр.Сол тарихымызды түгендеуіміз керек. Көрші елдерде жасап жатқан қазақтың ең байырғы тайпаларының бірі қаңлының тармақтарынан мәліметтер берейік. Қаңлының қандай мемлекеттерде, қандай тармақтары тұратыны туралы толық мәлімет жоқ.Әсіресе, қазіргі аталуы Иран, ал б.з.д. аталуы Парсы мемлекетінің үш аймағында үш түрлі атаулы қаңлылардың көп жасайтыны туралы мәліметтер ғана бар.
1. Башқұртстан қаңлылары
“Қаңлы тұрғанда хан сөйлемейді”
(Башкорт мақалы)
Көпшілігіміздің Башқортстанның жергілікті ұлты – башқұрттар туралы көп білмейміз. Башқұрттар біздің жыл санауымыздың ІІІ ғасырында Орта Азия, Сырдариия бойынан қоныс аударған юрматы, усерган және онгон тайпаларының ұрпақтары. Ол кезде бұл аймақтарда қаңлылар үстемдік етіп тұрған болатын. Сондықтан оларды қаңлылардың бір бұтағы деп санауымызға да болады.
Оқырман қауымды бұл елдің тарихы мен бүгінгі ахуалынан аздап хабардар еткенді жөн көрдік.
Башқұрт ұлтын құрайтын тайпалар жөнінде ежелгі грек тарихшысы Геродоттан қалған жазбаларда айтылған деседі. Түрік, Хазар қағанаттарының, Дешті-Қыпшақ мемлекетінің, Бұлғар хандығының, Алтын Орданың құрамында, Алтын Орда ыдырағаннан кейін Ноғай ордасының, Қазан, Сібір, Астрахань хандықтарының құрамында болған. XІV ғасырда башқұрттар ислам дінін қабылдаған. Ал XVІ ғасырда, Қазан хандығы жойылғаннан кейін Ресей патшалығының бодандығына өткен.
Жалпы, башқұрттардың тұтас ұлт болып қалыптасу жолы да өз алдына қызық бір тарих. Зерттеуші ғалымдардың жариялаған деректеріне қарағанда, бұл ұлттың құрамында түбі түркітектестері басым, фин-угор тобына жататындары, тіпті Шығыс Еуропадағы мажарлармен (венгр) туыстастары да бар. Ал тілдері түркі тілінің бір тармағы, татаршаға, қазақшаға ұқсас. Осы ұлтты құрайтын тайпалар арасында қаңлы аталатындары да бар.
Қаңлыға қатысты болған соң толығырық айтып өтейін. Қаңлылар ХІІ–ХІV ғасырларда Ұлытаудағы қазіргі атауымен Сары-кенгір, Қара-кеңгір өзендері бойынан Оңтүстік Оралға барғандар (Ұлытаудың жерасты суы ішуге жарамдылығы жағынан әлемдегі өте таза су екен. Бұны ғалымдар жақында зертханалық зерттеу жұмысы арқылы анықтаған. Біздің ата-бабаларымыз судың тазалығын білгенге таңғалмасқа болмайды). Ол кездерде бұл өзендерді Қара қаңлы, Сары қаңлы деп атайтын. Сары арқа дегеніміз – сары қаңлының жері. Қара кесек, алшын рулары қара қаңлыға жатады. Күні бүгінге дейін бізге жеткен қаңлылардың мақалы бар. “Арқада малың бар ма? Дүниеңді шаша бересін” деген.
Қазақ жері үш жүзге бөліске түскенде ұлы жүздің биі – Төле би соған қаңлының батыры Қойгелдіні жібереді. Оның себебі ертеде қаңлылар Ұлытауды мекендеген. Сары қаңлы Сары кемер өзені бойында, ал қара қаңлы Қара кеңгір өзені маңына жайлаған. Ол жер ежелден қаңлының жері болғандықтан, Төле би өзінің елді басқару орталығы Ташкентке жақын Келес өзені маңында, Ташкенттен 20 шақырымдай жерде туып-өскен қаңлының батыры Қойгелдіні жібереді. Бірақ Қойгелді батыр Ұлытауды Орта жүзге беріп қояды. Соған Төле бидің ренжігені тарихтан белгілі.
Ертедегі шумерлерді – суер су-елі (кенгірлер-қаңлылар) деп атаған. Ал Ресей зерттеуші ғалымы Б.Грозный былай дейді: «Шумер (кенгірлер-қаңлылар) халқы қазіргі Киргиз (қазақ) даласынан, ұзын басты үнді-еуропалық пен қысқа басты Турандықтардың шекарасынан шыққан деп түсіндіреді. Яғни кенгір дегеніміз – қаңлы деген мағынаны береді.
Қаңлылар ХІІ-ХІІІ ғасырларда Орал тауының оңтүстік-батысына қоныс аударады (миграция). Сонда тұратын башқұрттардың усерган, бурзян, юрмат және басқаларымен некеге тұрып, араласып кетеді. Дін басы Идеша-Мухаммедтің басшылығымен 1186 жылы мұнда келген мұсылман бауырларын Бирь өзенінің төменгі жағына, ал қалғандарын Қарамасан, Сармасан өзендерінің (біздің Сары-кенгір, Қара-кеңгір өзендеріне ұқсас) орта ағысына орналастырады. Ол кезде башқұрттарда мұсылман дінін қабылдау үрдісі жүріп жатқан болатын. Бұл үрдісті жылдамдатуға, бұдан үш ғасыр бұрын мұсылман дінін қабылдаған қаңлылардың пайдасы зор болды. Қаңлының ханы Айдар хан 819 жылы мұсылман дінін қабылдаған (787–855 жж.) өмір сүрген. Одан кейінгі қаңлының ханы Габдулла оны әрі қарай жалғастырған болатын. Ол (865–882 жж.) жылдары әкесі Айдардың орнына қаңлының ханы болған еді.
Ол жер өте шұрайлы, малға жайлы, Балықтау, Ташлытау, Асытау және Чишматау бөктерінде үи салуға қажетті қарағайлар қалың өсіп тұратын. Сөйтіп, сол кездің өзінде Қазіргі Буздяк ауданына қарасты Сабай (Идеш) кентінің негізін қалады. Сол Бирский ауданында қаңлылар көп тұрады. Қаңлы – ауруханасы, қаңлы – емханасы, қаңлы – дәріханасы, қаңлы – банкы, госпиталь, медициналық компания, медициналық орталық, стоматология, т.б. бар.
Башқұртстанда 4 миллионнан аса тұрғын бар, оның 1 миллион 300 мыңнан астамы башқұрттар. Республикада башқұрттар мен орыстардан бөлек татарлар, қазақтар, украиндер, удмурттар, чуваштар, марийлер, мордвалар, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады.
Башқұртстанда тұратын қаңлылар негізінен бес тармаққа бөлінеді. Олар: Ақ-тау; Идель; Кыр сындаш; Юрек-тау; Шамшады. Бұлардан бірнеше бұтақтар тарайды.
1. АҚ-ТАУ (туысқандық бөлінуі: бурангул, бахтияр, яркей, мулэкэш, мэлэкэс, султан, хамит).
• ИДЕЛЬ (туысқандық бөлінуі: башқұрт тюбэге, гумер, иске-гумер башқұрты, ишмай, карача-елга-башқұрты, кулбай, курман, мышар, типтяр башкорты, эрсэкэй).
• КЫР СЫНДАШ (туысқандық бөлінуі: башмак, киже, кудей, кузян, кувакан, кукар, сирмеш, сагызак, хайыскан).
• ЮРЭК-ТАУ (туысқандық бөлінуі: иштекэй, карим).
• ШАМШАДЫ.
Қазіргі Башқұртстандағы қаңлылардың орналасуы. Карамасан, Нугуш, Усен, Сарсаз, Баз, Еланк, Куваш, Бир және Асылыкөл маңында орналасқан.
Қаңлылар мынадай елді мекендерде орналасқан.
1. Буздяк ауданы бойынша: Ескі Богады, Букай, Кубяк, Сабай, Новотавларово, Устюба, Шланлыкулево, Буздяк, Кузеево, Старотавларово, Урзайбаш, Шигайкулбаш, Якупово, Канлы-Туркеево, Сабанай, Староактау, Новоактау, Ураново, Жаңа Сабай-Идяшбаш, Хазиман,Тугай, Урняк.
2. Туймазин ауданы бойынша: Ильчимбетово, Тюпкильды, Ермухаметово, Бикметово, Туктагулово, Нугуш, Кандрыкуль, Кандры-Кутуй, Урмекеево, Чукадытамак.
3. Кушнаренков ауданы бойынша: Ахметово, Старые Тукмаклы, Новые Тукмаклы, Якупово, Гургуреево, Саитово, Мавлютово, Бакаево, Карача-Елга, Канлы.
4. Благовар ауданы бойынша: Сынташ (Новый Сынташ, Старый Сынташ, Сынташтамак), Агарды, Улы-Аряма, Староабзаново, Дусметово, Ескі Санны.
5. Давлеканауданы бойынша: Бурангулово, Кидрячево, Чапаево.
6. Бирауданы бойынша: Верхнелачентау, Нижнелачентау.
7. Мишкин ауданы бойынша: Кигазытамаково, Большие Шады, Кіші Шады.
Моңғол шапқыншылығына дейін Башқұртстанда Қаңлының 18 руы болса, ал XVIII ғасырдың аяғында, арада 200 жыл өткен соң бар болғаны 4 төрт-ақ ру қалды деп жазылған Башқұрт тарихында Боик, Куюк деген қаңлы рулары жойылып кеткен.
2. Солтүстік Кавказдағы қаңлылар
Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген қаңлылардың б.з.б. мыңжылдықта шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік өңірінде қазіргі Солтүстік Кавказдағы Ставропольский край Минераловодский район с.Канглы аумағында қаңлы бірлестігі пайда болды. Қазіргі жағрафиялық (географиялық) атауы Кавказ тауы деп жүргеніміз – ол соңғы кездерде пайда болған атау. Б.з. 2 мынжылдығында ол тауды қазақтар Қап тауы деп атаған. Жоғарыда айтқандай б.з.б. мыңжылдықтың басында ол тауды Қан тауы – Қаңлы тауы (-лы – көпше жұрнақ, түркіше) деп атаған. Осы Қаңлы тауында қаңлылардың мемлекеттік құрылымы пайда болды.
Қара теңіз жағалауы қаңлылары өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Соның бірі Қаңлы мемлекеттік құрылымының тумасы Анарыс (Анахарсис, көне грекше: Ἀνάχαρσις, Б.з.д. VI ғасыр, 605 – 545 жж.) болды. Ол Патша тұқымынан шыққан ханзада, анасы – эллиндік.
Анарыс өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектерін қалдырды. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқы би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ақылды адам – ел билеуден аулақ адам» депті. Екінші ғұлама адам – Тоқсары Әулие. Тоқсары шамамен б.з.д.VІІ ғасырдың басында дүниеден өткен. Тоқсары Грек еліне келгенде, жасы отыздар шамасында болатын. Лукиян, «Скиф және қонақ» деген кітабында: «Тоқсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинада қайтыс болды, кейіннен ұлттық қаһарман ретінде танылды. Элладалықтар оған жат елден келген Балгер-әулие ретінде жыл сайын құрбандық шалады»- деп жазады. Лукиянның «Тоқсары мен достық» атты еңбегінде «Біз жақсы адамдарға арнап құрбандық шаламыз. Солардың құрметіне орай ас беріп, той жасаймыз. Себебі өлі разы болмай, тірі жарымайды. Әрине, мәселе тек оларда ғана емес, біз өлген адамдарға құрмет ете отырып, тірілерге олардың жақсылықтарын уағыздаймыз. Сондықтан да тірі жүргендердің көпшілігі соларға ұқсап, артына жақсы сөз, өшпейтін із қалдырғысы келеді» дейді Тоқсары Әулие.
Қазіргі кезде сол Солтүстік Кавказда 260 000 қаңлы тұрады. Орталығы Қаңлы селосы (Ставропольский край Минераловодский район с.Канглы). Пятигорскіге жақын маңда Қаңлы ауылы бар. Онда Қаңлы-Ноғайлар тұрады.
Солтүстік Кавказда тұратын қаңлы руларының аталу тармақтары ХІХ ғасырларға дейін төмендегіше аталды. Олар: Йурдчу, Джумшудлу, Караханбейли, Агабейли, Джагатайлы, Караджаллы, Билиджи, Карабулаг, Кеджалар, Парванлар, Илабанлы, Алиханлы, Арафсалы, Селейка, Кызыллы-Пиргасан, Кызылкишлак, Калфир, Карабаглар. Шопен.
Ал ХІХ ғасырдың ортасында қаңлылардың аталу тармақтары азғана өзгешелеу болып аталады. Олар: Кангарли: Юрдчу, Кызыллы, Сарбанлар, Халхаллы, Пиргасанлы, Салагы, Агабейли, Карабаклар, Джагатай, Карахан, Гаджылар, Джемшидли, Билиджи, Кызылкишлак, Гуртлар, Карадолагли, Шабанлы, Кялфир, Арафсалы, Караджаллы, Караковсарлы, Панахлы, Софулу, Бекдили, Алиакперли, Дидиварли, Болгарлы, Зиядли. ХІХ ғасырға дейін 19 тармақ қаңлы болса, ХІХ ғасырдың ортасында ол 9 тармаққа көбейген.
Әрбір тармақтың өзі содан бергі уақытта және де біршама аталарға көбейген.МысалыКараханбейли тармағына 6 ата қосылған. Олар мынадай блып аталады: Каджарлы, Мамедли, Ейнеддинли, Мешади-Ахмедли, Карадаглы, Эвоглу.
Ал Софулутармағына 5 ата қосылған. Олар мынадай болып аталады: Атакишилер, Буйнаклар, Бирказ-Дозулар, Биркез-Баллыгая, Бирказ-Кечаллар
Осы қаңлылар әрқилы замандардан, күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Елді мекен атаулары төмендегіше: Салдаш, Гейял, Санджарли, Кирс, Пурасад, Агбиз, Алышар, Даратук, Баллыгая, Мырыг, Муруз, Сарыджык, Хачаты, Хортикуз, Чарали, Явсулу, т.б. ауылдарда өмір сүріп жатыр.
3. Ноғай қаңлылары
Батыс Қазақстан аумағында XIV-XVI ғасырларда Ноғай ордасы пайда болды. Ол Алтын Орда ыдыраған соң пайда болған мемлекеттердің бірі Ақ Орда әлсіз құрылым ретінде XIV ғасырдың басында бірқатар иеліктерге тарап кетті, оның ішіндегі аса ірілері – Ноғай Ордасы мемлекеттік құрылымы пайда болды. Ноғай сөзі халық атауын білдірмейді. Ноғай адам аты, ол Бату ханның қол басшысы болған. Ноғай Ордасының негізін Едіге қалаған. Едіге Алтын Орданы 15 жыл билеген (1396-1411ж.). Едіге 1419 жылы қайтыс болған. Ноғай ордасы Едігенің ұлы – Нұраддин тұсында күшейді, жері Сібірге дейін жеткен (қазіргі Түмен). Ол Ноғай даласы деп аталды. Ордадағы әкімшілік дипломатиялық билікті князь шешті. Ноғай ордасында ұлыстық билеу сақталды. Ұлыс билеушісі – Мырза болды. Ноғай ордасында 300 мыңдай әскер шығаратын мүмкіндік болды. Кейін олар Кіші жүздің құрамына енді.
Осы қаңлылар әрқилы замандардан, күні бүгінге дейін төмендегі елді мекендерде өмір сүріп келеді. Ол елді мекендердің аталуы: Салдаш, Гейял, Санджарли, Кирс, Пурасад, Агбиз, Алышар, Даратук, Баллыгая, Мырыг, Муруз, Сарыджык, Хачаты, Хортикуз, Чарали, Явсулу, т.б. ауылдарда өмір сүріп жатыр.
Қаңлы ауылында 3500 адам шамасында тұрады, негізгі халық – ноғайлар мен орыстар. Ежелден бұрын қаңлылар мен ноғайлар тұратын елді мекен ретінде әйгілі. Бұрыңғы атауы – Қырық ауыл, мұның себебі бірнеше ұсақ ауылдардың бір ірі ауылына біріктіруі. Қазір бұл ұсақ ауылдар Қаңлы ауылының бөліктері ретінде сақталған. Олар: Каншау-авыл; Крымгерей-авыл; Кез-авыл; Баьпий-авыл; Янакпат; Эски-авыл; Шом-авыл; Эрки-авыл; Найман-авыл. Осы ауылдарда қаңлының 13 тармағы тұрады. Олар: Ашлыкшы, Ыргаклы, Акылкоджа, Кашудар, Аксеит, Бискекли, Каясты, Абагым, Бугысай, Орманшы, Догысай, Урминчи, Айтамгалы.
Қаңлы ауылы Сұркөл өзені Құма өзеніне құйылатын жерінде, Қылыш (Кинжал) тауының аясында орналасқан. Ауылда ортатәлім мектеп, жұма мешіт, ағайынды Шалтумаевтар салынған мешіт бар. Ноғай әншісі, сазгері Расул Сейітов Қаңлы ауылына бір әнді бағыштаған.
4. Қырғызстандағы қаңлылар
Қаңлылар ежелгі заманнан бері Қырғызстан жерін мекендеп келеді. Әсіресе, олар Қырғызстанның оңтүстік аумағында тызырақ тұрады.Қырғыздардың ішінде қаңлыны – канды деп атайды.Орта Азияның Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумағында бұдан 2500 жыл бұрын Қаңлы мемлекеті болған. Ал қырғыздар бұл жерге Енисей маңынан келген. Оған дейін қаңлылардың жері болған. Қазіргі кезде мұнда жасап жатқан қаңлылардан руың кім? – десе, Қаңлымыз дейді. Ұлтың кім? – десе, қырғыз деп жауап береді. Қаңлылар Қырғызстанның Ош облысына қарайтын Лейлек ауданының Баул кишлакында ават және кесек тармақтары жасайды, Сонымен қатар Фрунзе және Ноокат аудандарында тұрады. Джалал-Абад облысының Базар-Курган ауданының Жарке кишлакында және Сузак ауданының Ченге кишлакында, Араван ауданының Тепекурган ауылдық кеңес аумағында тұрады.Қырғызстанмен шекаралас Өзбекстанның Аим ауданына қарасты Мукур, Қанды және Чирак-тамга кишлактарында тұрады. Сонымен қатар Ферғана ауданының Кокелен кишлакында, Кувин ауданының Қанды кишлакында, Вуадил аумағының Каратиянак, Каптархан және Каранай кишлактарында тұрады (Опубликована в сборнике известия Томского политехнического университета тематический выпуск “Сибирь в Евразийском пространстве” под. ред. Л.И.Шерстовой-Томск: из-д ТПУ, 2002-вып. 7. – С.3-19).
Қырғызстанның оңтүстік аумағын қаңлының 11 тармағы мекендейді. Олар: Кара-канды, Сары-канды, Каранай, Алашан, Чокака, Орок тамга, Учок тамга, Уман-канды, Туркмон, Уйгурбулга, Шаран.
5. Өзбекстандағы қаңлылар
Б.з.б. II ғасыр мен б.з. басындағы V ғасырларға дейін, қазіргі Өзбекстан Республикасының аумағында Қаңлы мемлекетінің бес басқару орталығы болған. Олар: Сусе, Фуму, Юни, Ги, Юегянь. Әрбір басқару орталығы сол орталықтың атымен аталатын қалаларда тұрды. С.П.Толстовтың айтуы бойынша Сусе қаласы қазіргі Өзбекстанның Қашқадариясында, Фуму қаласы Зарафшанда, Юни қаласы Чач (қазіргі Ташкент оазисінде), Ги қаласы Бұхарада, Юегянь қаласы Хоразмде (қазіргі Қарақалпақтың орталығы Үргеніште) орналасқан болатын. Жоғарыдағы академик С.П.Толстовтың зерттеулері бойынша ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі «Канха-Хорезм мемлекеті» б.з. VІІІ ғасырдан бұрын да, кейін де көне Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құзырында болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды. Нақтырақ айтқанда б.з. VI ғасырынан – XII ғасырға дейін Қаңлы Қаңха – Хорезм мемлекеті деп аталды. Сол заманнан бері осы күнге дейін қаңлылар Өзбекстанда жасап келеді. Бүкіл Өзбекстаның жерінде жасап датыр деуге болады.
Шыршық өзенінің жағалауын ертеден қазақтың қаңлы және шанышқылы рулары қоныстанған. Ташкент қаласының Сибзар бөлігінде де қаңлылар мекендеп, олар ескі Ташкенттің алаңына дейінгі жерлерде өмір сүруде. Қаңлылар өз ішінен бірнеше аталарға: Сары қаңлы, Қара қаңлы, Қызыл қаңлы, Қара манас, Құмырсқа, Тоғанай және т.б. қаңлылар болып бөлінеді. Бұлардың өз жаз жайлауы, қыс қыстауы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін жалғасты. Мәселен, 1000-ға жуық Сары қаңлылардың биі Айдарбек, Қара қаңлылардікі Есенбай би болып, жаз жайлауы Келес бойында, қыстауы Шыршық жағалауы болған.
Қаңлылар Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым көпшілігі Бостандық, Жоғары Шыршық, Орта Шыршық, Төменгі Шыршық, Жаңа Жол, Қыбырай, Шыназ, Бөкеаудандарында және Шыршыққаласында, Қарақалпақстан Республикасында, Науаи облысының (Тамдыбұлақ, Кенимех аудандарында, Үшқұдық, Зеравшан қалаларында) тұрады. Жызақ облысында, Сырдария облысында, Бухара облысының (Қарауыл базар, Газли елді мекен) тұрады.
Өзбекстандағы қаңлылар: Кора-кангли, Сари-кангли, Кизил-Кангли,
Кора-тунгли, Кук-тунгли, Бобо-кангли, Жилкаш-кангли, Олтмиш-кангли,
Тортувли-кангли, Бодрокли-кангли,Туташ-кангли болып жіктеледі.
6. Қарақалпақстандағы Қаңлылар
Қарақалпақстандағы Қаңлылар 11 тармақтан тұрады. Олар: Катканлы,
Ыргаклы, Ашамайлы, Тараклы, Жууансан, Шомишалы, Кашулар, Орманшы,
Акылкожа, Тазаканлы, Алтыортак болып тармақталады.
7. Саха-қаңлылар елі
12 ұлының ең үлкенi – Қаңғалас (Қаңлы) аталады екен. Атақты Л.Г.Гумилев та саха-қаңғаластарды көне замандардан берi Сыр бойынан Саха жерiне («Молодеж Якутий», №137; 1989) қоныс аударып, араласып, сiңiсiп кеткен көне қаңлылар дегендi жақтайды. Ол – ол ма, В.В.Бартольд зерттеулерiнде де қаңлы/қаңғаласқа байланысты Константин Богрянародныйдың пiкiрiне сүйенiп: «VIII ғасырдағы печенектердiң ордасы қаңғар/қаңлы деп аталған, ол атау кейде кенгерес/кеңгiрiс деп те айтылып келген» (В.В.Бартольд. Соч., т.V. М., 196
десе, С.Е.Малов кенгерес этнонимiнiң Кiшi Күлтегiн ескерткiшiнде (Памятники древнетюркской письменности. М-Л.,1951), Дж.Маркварт бұл атаудың VII ғасырдағы Орхон ескерткiштерiнде (j. Marguart. Die Cronolodie oter altturkischen Zuschriften. Leipzig, 189
кездесетiнiн ескерте келiп, «кенгерес-печенектiң баламасы» деген пiкiрге тоқталады. Көрiп отырғанымыздай, арғы шумер мен арғы түрктің тектiк байланысына қатысты ғалымдар арасында талайдан талас тудырып келе жатқан болжамның жай айтыла салған сөз емес. Жоғарыда көрсетiлген көптеген ұқсастықтар мен мифтiк таным, кейбiр тiлдiк сәйкестiк пен сөз жасау заңдылықтарының сабақтасып жатқандығы да иланымды дәйектерге жетелейді.
Айтпақшы, шумер/қаңлы байланысының ықтималдығы жөнiнде сөз еткенде, «арба» туралы идеяны айналып өте алмаймыз. Өйткенi еуропалықтар үшiн жер бетiндегi жаңа өркениеттiң негiзгi қозғаушы күшi ретiнде бағаланатын – «арба идеясын» ойлап тапқан халық – шумер болса, азиялықтар үшiн бұл ғажайып құбылысты ойлап тапқан қауым – қаңлы/кенгерес. Бiздiң түсiнiгiмiз бойынша – қаңлы арба. Ол кейiннен «қазақ арба» болып өзгерiске түстi.
Тарихымызды түгендейік ағайын! Тек нақты деректермен!
Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ,
профессор, ҚР Жаратылыстану
ғылымдары академиясының
корреспондент-мүшесі